Өзекті мәселелер

  • 20.09.18

    Биыл облыс экономикасының бәсі жоғарылайтын, негізгі көрсет­кіштердің көбеюіне қолайлы жыл. Өндіріс ошағына айналмағанымызбен, өнім өндіру мен экспорттауда алдыңғы қатарда тұрғанымыз рас. Өңірімізде соңғы жылдары көптеген зауыттар мен өндіріс ошақтары салынуда. Солардың қатарында молибден өндіру, балық өңдеу, цемент және шыны зауыттары да бар. Әрине, бұл төртеуі де – аймақтық индустрия­ландыру ...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    КӨНЕ  ҚАЛА  мен  ЖАҢА  ҚАЛА

    Біздің дәуірімізден әрі асатын шежіре-тарихы бар Сақтар мәдениеті көм­бесінің бір бөлігі Сыр бойында жатыр. Ашық аспан астында ата-баба аманатын арқалап, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-VІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Шірік-Рабат, Бәбіш молда, Бұланды, Сығанақ тарихи-мәдени ескерткіштері бүгінде көздің қарашығындай мемле...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Ұшы-қиыры жоқ ну орман жым-жырт тыныштық құшағында мүлгіп тұр. Желмен тербелген зәулім талдар­дың жапырағынан күн көзі зорға көрінеді. Айнала өзгеше, рақат күйге бөленгендей. Табиғаттың дәл осы сәттегі ана уызына тойып маужыраған нәресте тектес кейпіне қарап маңай­да қанды қырғын соғыс жүріп жатыр десе, сенбес едіңіз. Алайда амал қан­ша?! Бірін-бірі жыртқыштан бетер жұлмалап, қыршын боздақтарды...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Тағдыр тауқыметі болар, Аяулым анасынан ерте айы­рылды. Бар-жоғы 7 жасында ең ардақтысынан көз жазып қалды. Әкесі мен әжесі шешесін жоқтатпаса да, періште көңіл ананы аңсап тұрады емес пе? Күніге кешкілік жатар алдында ақ сүтін беріп аялаған аяулысының қойнында ұйықтайтын сәттерін еске алғанда, көзіне еріксіз жас келе­тін. Бала ғой. Енді ғана мектепке­ барды өзі. Сыныптастарын аналары әкелгенде...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Леннокс Льюис, аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы:

    - Жекпе-жек тең болды деген ойда едім, бірақ Головкин мықтырақ көрінді және екі раундта басым болғандай. Екі боксшы да барлық күшін рингте сарп етті! Жеңісті екеуіне де беруге болатын раундтар болды. Тамаша жекпе-жек! Ең мықты екі боксшыны да көрдік. Екеуін де сыйл...

    Толығырақ...
МҰРТЫ БҰЗЫЛМАҒАН МИЛЛИАРДТАР
20.09.2018 11:18

Апта сайын Үкімет үйінде «тазалы­қ» жұмыстарының есебі өтеді. 16 министрлік, 14 облыс пен 3 қала және 1 агенттіктің шаңын­  қағып-сілкіп  алатын   «бас тазалықшы» – Үкіметбасы Сағын­таев. Жыл басынан бері сегіз ай түгесіліп, тоғызыншы айдың тап желкесіне келдік. Жылдағы әдет бойынша «сауынды сиырд­ың» (бюджет – ред.) сүт мөлшері есептеліп, кім қанша шығы­нға батты, кім қаншасын артылды­рғаны немесе «сүт ішпеген» шенеуніктер туралы сөз қозғала­тыны  естеріңізде  болар?! Бұл жолы да қайталанған сол жағдай.

 
ҚАРЖЫНЫҢ «ҚҰЛАҒЫ» һәм САРАҢДЫҚ
20.09.2018 11:16

Өткендегі Ақорданың «асханасынан», яғни Президент әкімшілігінен басталған тосын тағайындау талайдың таңға­лысын тудырғаны анық. Жасыратыны жоқ, елдің ішкі және сыртқы саясатын белгілейтін аталмыш құзырлы орынның жетекшілігінде әдетте мемлекет басшысына жақын жүретін, сенімді әрі салмақты тұлғалар отыратын. Ал, Астананың бұрынғы әкімі Әсет Исекешовтың осы күнге дейін тек саяси салмақты ойыншылар қызмет етіп келген лауазымға жайғасуын кейбір саясат­танушылар ескі гвардияның күні бітіп, жас буын­ның  бел алуымен байланыстырады. Алайда бұл ауыс-түйістің  астарында  біртіндеп  өкілеті  күш алып келе жатқан қауіпсіздік кеңесінің құдіреті бары да айтылады.

 
ҚАЗАҚТЫҢ ТІЛГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БӨЛІНУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ КЕРЕК
20.09.2018 11:10

 

Қанат ТАСЫБЕКОВ,

қоғам белсендісі:

 

Әрине, қазақ қоғамында орыстілді қазақтардың бар екенін біз жақсы білеміз. Тіпті, олардың қатары бір емес, жүз емес, мыңдаған адамға дейін барады. Ал, біздің кейіпкеріміздің өмір жолы “Адасқанның айыбы жоқ, үйірін қайта тапса егер” деген қазақ мақалымен біте қайнасып жатыр. Ол 50 жыл бойы қазақ тілін білмеді.

 
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАЖЕТТІЛІК ТУДЫРУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
20.09.2018 11:04

Қазақ тілі туралы айтқан-жазғандарымыз көлемі жағынан «Гинесс рекордтар кітабынан» орын алатын деңгейге жеткен сияқты. Әлі де айтамыз... Дегенмен осы әңгімелердің ішінде зарлау, жоқтау, өкініш пен ыңырсу жағы басым да, мәселені нақты шешу жолдары, оның тәсіл­дері тым аз. Бұл – сол жолдарды білмеу ме, әлде сол тәсілдердің іске асуына сенбеу ме, ол жағын білмеймін, бірақ қазақ тілін қоғамдық өмірдің барлық саласында жұмыс істейтін дәрежеге жеткізудің тағы бір жолын – халықаралық тәжірибе­де өзінің тиімділігін дәлелдеген жолын көрсету артық болмас деп ойлаймын.

 
АТА-АНАЛАРДАН АҚША ЖИНАУ – ЗАҢСЫЗ
20.09.2018 11:02

Жақында құрбымды кездестіріп қалдым. Әңгіме ай­тып­ тұрғанда, ол өзінің күйеуі­нің жүргізуші куәлігін бар-жоғы екі сағатта алғанын айтып, мақтанды. «Қазір электронды үкімет жақсы дамы­ған екен» деп қалды бір сөзінде. Расында да, қоғамдық көлікпен қатынайтындар біле бермеуі мүмкін. Бірақ көлік тізгіндейтіндер бұл жаңал­ыққа қатты қуануда. Себеб­і, «жол қадірін жүрген білер» демекші, бұрындары кезек күтіп, қаншама күнін шығындайтын жүргізушілер куәлік  алудың қадірін жақсы біледі. Бұл – көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері­нің электронды форматқа ауысуының нәтижесі. Әрі осыдан кейін адами фактордың болуы да азаяды.

 

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары