Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 05 Наурыз 2018

Қала әкімі ұстаздар қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.03.2018 09:14

Кеше Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ұстаздар қауымын құттықтады.

Мерекелік шараға қала мектептерінен 300-ге жуық ұстаздар және білім саласының ардагерлері қатыстырылды.

Ұстаздарды құттықтау барысында қала әкімі Н.Нәлібаев: «Бүгінгі қоғамда нәзік жандылар сан түрлі саланың қыр-сырын меңгерген.

Әсіресе, білім саласында ұлағаттылықтың ұлы жолын таңдаған ұстаздар қауымында – нәзік жандылардың алар орны ерекше.

Бұл сөзімнің бір ғана дәлелі, қазіргі таңда қала мектептерінде 6 мыңнан астам ұстаздар қызмет етсе, солардың 90 пайызын нәзік жандылар құрайды.

Бұл дегеніміз - әйел-ұстаздардың еліміздің ең басты байлығы адами капиталын дамыту жолында, яғни өскелең ұрпаққа білім беру жолындағы белсенділігі, беделі мен мәртебесінің көрінісі.

Расында, болашақ ұрпақтың бойына саналы білім нұрын құйып жүретін, жауапты да ұлағатты еңбек иелері - ұстаздар қауымының қашанда орны бөлек, тұғыры биік.

Тәуелсіз еліміздегі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да Өздеріңіз, аяулы арулар!» - дей келе, нәзік жандылардың қоғамдағы мәртебесі мен маңызына тереңірек тоқталды.

Шара барысында қала әкімі 20 ардагер ұстазға арнайы әзірленген сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстап, білім саласында еңбегімен еленген 10 мұғалімді түрлі номинациялармен марапаттаса, 101 мұғалім қалалық білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды.

Сонымен қатар, Сыр елінің бірқатар атпал азаматтары ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Ақпараттық-комунникациялық технологиялар, білім беру және инновация комитетінің Төрағасы Әбенов Мұрат Абдуламитұлы, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Шиповских Геннадий Геннадиевич, ауыр Атлетикадан Әлем және Олимпиада Чемпионы Илья Ильин сахнада орнатылған арнайы экран арқылы, ұстаздар қауымына деген жүрекжарды тілектерін жолдады.

Салтанатты жиын барысында жергілікті өнерпаздар барша қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлап, аяулы жандарға әсем әндерін арнады.

Қатысушылардың барлығына қала әкімінің атынан гүл шоқтары табысталды.

Қала әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.03.2018 14:27

Аталмыш стратегия 2013 жылы бекітілген болатын. Ресей ғылым академиясының академигі Абел Аганбегян мен Ресей президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы ғылыми кеңесінің мүшесі Сергей Календжян Стратегияны әзірлеген Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобының отырысына қатысты. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Облыс әкімдігінде Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Онда қатысушылар жоспарды іске асыру мәселелерін және жүзеге асырудың одан арғы қадамдары туралы ойларын ортаға салды.Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың желтоқсанында Ресей ғылым академиясының академигі Абел Аганбегян жетекшілік жасаған қазақстандық және ресейлік ғалымдар мен мамандардың қатысуымен әзірленген Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы қабылданған болатын.

Стратегияны жүзеге асырудың аралық нәтижелері екі жыл сайын қорытындыланып отырады. 2016 жылы Абел Аганбегян өңірге келіп, «Қызылорда айтарлықтай өзгерді, дегенмен әлі де көп жұмыс істелуі керек және болашаққа деген үміт бар», - деп  өңірдің дамуына оң баға берген болатын.

Кездесуді ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың даму қарқынын көрсететін барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізгенін атап өтті. Соңғы 5 жылда мұнай өндірісінің 2 есеге төмендеуіне байланысты облыс 2017 жылы тек бір ғана көрсеткіш - өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша оң векторға қол жеткізе алмады.

«2013 жылы Даму стратегиясын қабылдаған кезде біздің алдымызға қойған  басты міндет экономиканы индустрияландыру арқылы әртараптандыру болатын. Соңғы бес жыл ішінде облысымызда 50-ден астам өнеркәсіп нысан іске қосылса, оның 16-сы - ірі және орта кәсіпорын. Нәтижесінде, өңдеуші секторда осы кезең ішінде өндірілген өнім көлемі 65 пайызға артса, шикізаттық емес сектордың экспорт көлемі тек соңғы жылдың өзінде 60 пайызға өсті»,- деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы өңірдегі кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Экономиканың әлемдік турбуленттілігінің сабақтарын ескере отырып, біз болашақтың шағын және орта бизнесте екеніне әрдайым көз жеткізудеміз. Оның үстіне, біздің алдымызда 90 мыңға дерлік өзін өнімсіз жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу міндеті тұр. Осыған байланысты біз 2018 жылды «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» етіп жариялау туралы шешім қабылдадық »,- деді Қырымбек Көшербаев.

Облыс әкімінің орынбасалары мен мемлекеттік органдардың басшылары өңір экономикасының негізгі жетістіктері мен проблемалары туралы айтып берді.

Өз кезегінде, академик Аганбегян аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын жоғары бағалады.

«Соңғы 5 жыл ішінде өте ауқымды жұмыс жүргізілді. Біз бірнеше стратегия жасақтауға қатыстық. Олардың ешқайсысы сіздердікіндей табысты жүзеге асырылған жоқ»,-деді Абел Аганбегян.

Абел Аганбегян аймақ басшылығы экономиканы әртараптандыруда дұрыс шешім қабылдағанын атап өтті.

«Ең маңыздысы, осы орайда өндеу өнеркәсібіне басымдық берілді»,- деді Аганбегян.

«Қызылорда күнде өзгеріп жатыр. Мұны біз әр келген сайын байқап отырмыз. Ең бастысы, осымен тоқтап қалмай, басты салаларды дамыту бойынша жұмыс істеді»,- деді академик.

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Абел Аганбегян мен Сергей Календжян Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданындағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, Сырдарияның сол жағалауында бой көтеріп жатқан жаңа қаланың құрылысы мен кәсіпкерлікті қолдау орталығының жұмысымен танысты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

 


Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары