Өзекті мәселелер

  • 23.05.19

    Ерсіннің жұмыссыз жүргеніне  біраз уақыт болды. Қырықтың қыр­қасына шыққан жігіттің  қызметінен кеткеніне үш жыл. Сонан бері үш балан­ың тамағы, киім-кешегі, жұмыссыз күйеудің бабын табу Алуаға оңай емес. Мектепте жұмыс ауыр. Күні бойы тыным көрмейді. Ерінің үйде бос жатысы мұғалім келіншектің жүйкесіне  тиеді.

    - Тым болмаса есік алдынағы бау-бақшаға қара. Малға жем-шөп беріп, өріске шы...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Ағылшын әдебиеті тарихында роман жанрының негізін қалаушылардың бірі, тұңғыш романист жазушы, публицист, көрнекті прозаик Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» атты атақты шығармасын бес жастағы баладан бастап, белі бүгілген қартқа дейін білетіні анық. Тіпті, автордың атынан гөрі Робинзон Крузоның есімі әлемге әйгілі болған көркем образ екендігі де даусыз. Бұл – әрине, автордың ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Қазақ елі діни татулықт­ың үлгісі екені жаһанға мәлім. Бірлігінің бекемдігі де көп ұлттың басын біріктіріп тұрған шаңыр­ағының тыныштығынан көрі­ніп тұр. Елбасының сарабдал саясаты мен мемлекет үшін құндылығы  жоғары, саяси маңызы зор стратегияларының нәтижесінде біз осындай мәртебеге иеміз.

    ...
    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Несібелі   МУСЛИМОВА:

    Тағдыр – жазмыш. Жазмышты жолынан жаңылдырып, пешенесін­  өзі  жазған пенде жоқ. Бір сәт күліп отырып көңіл босату,­ жылап отырып  жігерлі  кейіпке ену, шарасыздықтан  шаршап  немесе­ амалдың   жоқтығынан  жанар­ын  солдыру – бір  тағдыр иесіне­  ауырлық­. Сынақ  өзінің жеңім­пазын  таңдайды. Және сол жолда­ күресу үшін  кейіпкеріне  күш-жігер ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    (Соңы. Басы газеттің 14 наурыздағы  №10, 18 сәуірдегі №15 сандарында)

    Менде тек ғана жұмыс тауып, жан бағатын тіршілік жасаудан басқа жол қалмады. Ал бала ше? Уақытша балалар үйіне өткізсем бе деген ой келді. Бірақ мен қайтып аламын дегенше, біреу асырап алса қайтемін деген күдік тағы бар. Осындай ой шырмауында жүргенімде ұялы телефон...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 07 Тамыз 2018

Кәсіпкерлікке кедергі келтірген мемлекеттік қызметкерлерге айыппұл салынды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.08.2018 09:19

Естеріңізде болса, сәуір айында өткен Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес отырысында қаралған мәселелердің бірі жерге орналастыру қызметі болатын. Бүгін аталмыш мәселенің шешілу барысын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Жалпы, Палатаға кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштерге жасалған талдау нәтижесі өтініштердің басым бөлігі жер қатынастары салаларындағы жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне келетіндігін (27%), маңыздылығы бойынша екінші кезекте тұрған мемлекеттік сатып алу (23%) екендігін көрсетті.

Соның бірі - Палатаға бір топ кәсіпкерлерден келіп түскен жерге орналастыру қызметін бәсекелестік ортада жүзеге асырудағы проблемалық мәселелер туралы ұжымдық арыз. Арызда ашық бәсекелестік ортада белгіленген жерге орналастыру қызметтерін бірқатар тапсырыс беруші мемлекеттік мекемелердің Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментімен бір көзден шарттар жасасу арқылы алып, осы салада қызмет көрсететін өзге кәсіпкерлердің құқығы шектеліп отырғаны айтылған.

Кеңес мүшелері мәселені қарау барысында осындай бірнеше фактімен танысты.

Атап айтқанда, Арал ауданы Ақирек ауылдық округі өткен жылдың қазан айында 16 млн. 413 мың теңгеге жерге орналастыру қызметі бойынша жариялаған лотын алғашында электронды конкурспен өткізіп, кейін облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұсынысымен деп тоқтатып, бір көзден алу тәсілімен Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментіне берген.

Мұндай жағдай жалпы құны 65 млн. 317 мың теңгені құрайтын қызметті ұсынған Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, сондай-ақ 52 млн. 232 мың теңгеге қызмет ұсынған Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан да орын алған.

Негізі жерге орналастыру қызметін тиісті рұқсаты бар кәсіпкерлік субъектілері көрсете алады. Алайда мемлекеттік органдар қызметті ұсыну барысында тек монополиялық компаниялар ғана көрсете алады деген желеумен 1 ғана мекемеге беруді шешіп, тиісті құжаттарын тапсырған 20-ға жуық кәсіпкердің құқығы шектелген. Атап айтқанда, бәсекелестік нарықтық жұмысты, яғни кәсіпкер көрсете алатын қызметті мемлекеттік органға берген.

Кеңес мүшелерінің бұл мәселе бойынша қабылданған резолюциясына сәйкес Сырдария және Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің жерге орналастыру жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алуларының заңдылығына тексеру жүргізу, нәтижесі бойынша аталған мемлекеттік сатып алу қорытындысының күшін жою шараларын ұйымдастыру ұсынылды.

Бұл мәселеге қатысты Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Ғалым Едігеев: «Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ішкі аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Сырдария, Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу заңсыз деп тану туралы сотқа талап арыз беріліп, ақшаға тыйым салу түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 207-бабымен Қармақшы ауданының ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Сабытбек Жолмаханов пен Сырдария ауданының ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Нұрбек Әзірбекке жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (240 500 теңге) әкімшілік айыппұл салынды», - деп пікір білдірді.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ҚР «МЕДИАЦИЯ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНЫҢ ҚАБЫЛДАНҒАНЫНА 7 ЖЫЛ ТОЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.08.2018 17:57

Соған орай медиация институтын дамыту, оның қолдану аясын кеңейту мақсатында қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Бітім» медиация орталығы қоғамдық бірлестігімен бірге «Қызылорда қаласында медиация қызметін дамыту» әлеуметтік жобасы аясында мерекелік шара ұйымдастырылды.

Жалпы, ҚР «Медиация туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында Қызылорда қаласы әкімінің 2013 жылғы 14 қарашада «Қалалық жұмысшы тобын құру туралы» №383 өкімі қабылданған.

Қазіргі таңда біздің өңірімізде медиация саласының абыройы мен сұранысы жыл санап артып келеді. Оған қаламызда тіркелген медиаторлар саны мен медиацияға жүгінушілер қатарының артуы дәлел болуда. Мысалы, былтырғы жылы Қызылорда қаласы бойынша 37 кәсіби емес медиаторлар тіркелсе, биылғы жылы қаламыздағы медиаторлардың саны 105-ке жетіп отыр.

2013-2017 жылдары аралығында, қаламыздағы кәсіпқой емес медиаторлардың араласуымен 50-ден астам даулы мәселелер оң шешімін тауып, мәмілеге келген.

Бүгінгі мерекелік шара аясында облыс әкімінің, қала әкімінің және «Бітім» медиация орталығы қоғамдық бірлестігінің атынан барлығы 21 медиатор «АЛҒЫС» хаттармен марапатталды.

Аталған шараға қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов қатысып, медиаторларға облыс және қала әкімдерінің марапаттарын табыстады.

Қалалық ішкі саясат бөлімі

 


Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары