Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 10 Желтоқсан 2018

Ауылда саябақ ашылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.12.2018 11:49

Қашақбай Пірімов ауылы – аудандағы іргелі елді мекендердің бірі. Аудан орталығына жақын орналасқан ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі бөтен емес. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елді мекен халқы үлкен қуанышқа кенелді. Бұл күні ауылдан орталық саябақ ашылып, ел игілігіне берілді.

Рәсімге қатысқан Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаев ауыл тұрғындарын жаңа саябақтың ашылуымен құттықтап, алдағы уақытта елді мекенге көрсетілер көмектің жалғасатындығын, ауылдың дамуы елдің өркендеуі екендігін атап өтті. Шара барысында ауыл ақсақалы, Қазалы ауданының құрметті азаматы Б.Нұршабаев ел ағаларына тұрғындар атынан ризашылық білдірді. Саябақ жұмысын мердігер мекеме «ҚазалыСтройСервис» ЖШС-нің сапалы түрде атқарғанын айта кету ләзім.

Аудан әкімі бастаған ел ағалары, жиналған жұртшылық саябақтағы «Тағзым» алаңы, спорт және балалар ойын алаңдарымен танысты.Сахна орнатылып, түрлі мүсіндер (арыстан, бүркіт, барыс) қойылып, брусчатка төселген саябақ ауыл ажарын ерекше ашып тұр.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 


Қызылорда қаласында антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.12.2018 09:50

Құрметті облыс тұрғындары және қала қонақтары !
2018 жылдың 11 желтоқсанында Қызылорда қаласында антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шараның мақсаты –террорлық қауіп төнген жағдайда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуының дағдыларын қалыптастыру.
9.00-14.00 уақыт аралығында облыс орталығының белгіленген аудандарда шектеу енгізілді.
Осы орайда, түсіністік танытып, алаңдатушылыққа бой алдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтап, оқу-жаттығу жұмыстарына қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.

 


«Қарлығаш» қолөнер орталығы кәсіпкерлікке де бейімдейді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.12.2018 17:15

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында Кәсіпкерлер палатасымен қысқа мерзімді жұмысшы мамандықтарға оқыту жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Оқытуды «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқыту орталықтары тізіліміне енген орталықтар жүргізуде.

Аталмыш тізілімге Қызылорда облысынан 20 орталық енген. Бұл жерде Палата кәсіпкерлердің сұранысын ескере келе оқытылатын мамандықтардың оқу бағдарламаларын қадағалайды. 2017 жылы «Еңбек» бағдарламасы аясында 954 жұмыссыз азамат жұмысшы мамандығына оқып, оның 60 пайызы жұмысқа орналасты. Ал биыл бағдарлама аясында 975 азамат оқытылды.

Облыс азаматтарын оқытқан оқу орталықтарының бірі «Қарлығаш» қолөнер орталығы. Бүгін біз осы орталықтың негізін қалаған қолөнерші, кәсіпкер Қарлығаш Ілиясова туралы айтпақпыз.

Қарлығаш Ілиясова осыдан 10 жыл бұрын Қырғыз елінен өз туған жеріне көшіп келеді. Алғаш келген кезде тек күнкөріс қамы үшін ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын тігіп, тұтынушыға ұсынады. Уақыт өте келе кәсібін кеңейтуді ойластырып, Кәсіпкерлер палатасынан бизнес кеңес алады. Осы мекемеден инновациялық жобаларға арналған грант туралы да естиді. Оған өзінің бизнес-жоспарын ұсынып, грантқа, яғни қайтарымсыз қаржыға қол жеткізеді. Осылайша шағын шеберханасын ашып, қосымша тігін машиналарын алуға мүмкіндік туады.

Одан бөлек үйінде жұмыссыз отырған қыз-келіншектерге өзінің білгенін үйретіп, кәсібін одан әрі ұлғайтуды көздейді.

«Қазақстанның үздік тауары», «Шебер» фестивалі сынды шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрмін. 2017 жылы «ЭКСПО» көрмесіне қатысып, Мемлекет басшысының да жоғары бағасын алдым. Ол жерде ұлттық киімдерді де көрсеткен болатынбыз. Ұлттық киімдер синтетика емес, кезінде әже-апаларымыз киген бархаттан тігіледі. Сапасына қарай бағасы қымбаттау. Дегенмен азаматтардың қалтасы көтеретіндей», - дейді кәсіпкер Қарлығаш Ілиясова.

Бүгінде Қарлығаш Қазақстан шеберлер Одағының мүшесі және оның облысымыздағы өкілі, әрі қолөнер шебері. Оның қолынан шыққан эксклюзивті бұйымдар Халықаралық мәдени-этнографиялық фестивальдерде, көрме-жәрмеңкелерде ондаған алғыс хаттармен, дипломдармен, сыйлықтармен марапатталған.

Бүгінде кәсіпкердің ұлы мен қызы да ана жолын қуып, ұлттық бұйымдарды тігумен, зергерлік бұйымдарды дайындаумен айналысады.

Қазір шебердің үлкен шеберханасы бар. Облыс әкімдігі мен Қолөнер шеберлер Одағының басшылығы Қарлығашқа шеберлер орталығын ашуға көмектесті. Осы жерде өңірдегі қолөнер шеберлері жиналып, өз тәжірибелерімен бөліседі, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген жандар оны халыққа жеткізу жолдарын, оны заманауи үлгіде ұсыну түрлерін қарастырады.

Қарлығаш биыл Сыр елінде өткен «Сән мен сахна» халықаралық дизайнерлер фестивалінің жеңімпазы. Одан бөлек облыстағы кәсіпкерлер субъектілерінің тізіліміне енген. Шебер алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, жұмыссыз отырған қыз-келіншектерді жұмыспен қамтамасыз еткісі келеді. Ең бастысы, ұлттық өнерімізді жаңа қырынан дамытып, жаңғыртқысы келеді.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары