Өзекті мәселелер

  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Облыстың оңтүстігінде, қарт Қаратаудың іргесінде,  Сырдария өзенін жағалай қоныстанған, халқы – жайсаң, жері – жомарт Жаңақорған дейтін аудан бар. Батпағының өзі – бренд. Шөбі – шүйгін. Табиғи қазба байлығы талайды тамсандырған өңір. Жайылмалық жұрт жерсіндірген қарбызын алыс-жақын шетеліңіз таласып әкететіні тағы бар. Қысқасы, қазір Қаратаудың етегінде орныққан елдің бірлі...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Байқоңырлық бұқараның әлеуметтік мәселелері оң шешімін тауы­п келеді­. Бұрын «Ресейдің иелігінде» деп онша иек артпайтын аумақ еді, соңғы жылдары­ екі елдің Үкіметаралық келісімдерінің арқасында «жұлдызды қалашықта» да біраз істің беті бері қарап қалды.  Түсінікті болу үшін тақырыпты тарқатайық.

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 12 Наурыз 2019

"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АУДАН КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.03.2019 11:30

Қазақ дәстүрінде демеушілік, қайырымдылық, қамқорлық жасау ежелден қалыптасқан.

2019 жылдың 12 наурызы күні аталмыш орталықтың "Атамекен" бөлімінің басшысы Бекарыс Нұриманов пен "Рухани қазына" бөлімінің маманы, танымал айтыскер ақын, жерлесіміз Мұхтар Ниязов Жалағаш ауданының мәдениет және өнерді дамыту орталығында аудан кәсіпкерлерімен кездесті.

Кездесуде "Атамекен" бөлімінің басшысы Бекарыс Нуриманов:

- Кез келген мемлекеттің дамуына серпін беретін күш - сол елдің кәсіпкер азаматтары. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының басым бағыттарының бірі - кәсіпкерлерді қолдау, олардың игі істерін елге жеткізу. Ендеше мемлекеттің тірегі мен мықты әскеріне айналған кәсіпкер азаматтардың ұлттың дамуына қосып жатқан еңбектеріне табыс тілейміз, - дей келе, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Сондай-ақ, кездесу барысында елдегі әлеуметтік мәселелер, оларды шешу тетіктері талқыланып, қоғамды позитивті бағытта дамыту жайлы рухани әңгімелер айтылды.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА СҰРАНЫСҚА ИЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЙЫНША ОНЛАЙН-ОҚЫТУ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.03.2019 11:10

Жарты жыл бойы 200 қызылордалық жас frontend-әзірлемесі мен технологиялық кәсіпкерлік бойынша білім алады.

Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы жанындағы "Ақпараттық технологиялар орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен IT-echelon жобасы іске қосылды.

IT-echelon жобасына қатысатын 200 адам іріктеліп алынды. Жоба аясында стартаптар мен технологиялық кәсіпкерлік бойынша семинарлар мен воркшоптар, кездесулер мен бизнес-ойындар ұйымдастырылады. Бүгін, 13 наурызда алғашқы онлайн-сабақ өтеді.

Жоба сандық дағдыларды қолдануды жандандыруға, өңірдің IT-инфрақұрылымын дамытуға және халықтың іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған.

"Бұл жобаның басым бағыты ретінде "frontend" (қосымша - сервистің бағдарламалық-аппараттық бөлігіндегі тұтынушы интерфейсінің клиенттік жағы)  пайдаланушы интерфейсін құру болып таңдалды Мамандардың бұл санаты - жұмысқа орналасу мәселесінде сұранысқа ие. Курстың бағдарламасы Қазақстанның IT-жұмыс берушілері ұсынатын нақты жобалармен жұмыс істеуге толық дайын болатындай етіп жасалған",-деді Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Индира Ақжігітова.

Сондай-ақ, жоба шеңберінде технологиялық кәсіпкерлікке, стартаптарды ұйымдастыруға және бизнес-құралдарға ерекше көңіл бөлінеді.

Кездесулерге Mail.ru, Tinkoff, BugartGames, Яндекс Chocofamily, Doctor.kz, Kazdream.kz, Kompra, Com, CTgram сияқты танымал компаниялардың өкілдері қатысады.

Осы жобаны іске асыру барысында әрбір сарапшы, баяндамашы, инвестор мен бизнес иесі ментор рөліндегі тыңдаушыны анықтайды, сондай-ақ, ұйымда практикадан өткізу және одан әрі жұмысқа орналастыру мүмкіндігін өзіне қалдырады.

Аталмыш жоба бойынша жұмыс 6 айды қамтиды. Оның ішінде 72 сағат онлайн оқыту, сауалнама жүргізу және қатысушыларды іріктеу, 6 семинар, 8 воркшоп, 4 кездесу мен 2 бизнес-модель ойындары өткізіледі. Жобаға 14-35 жас аралығындағы 200 қатысушы қатысады, оқыту ақысыз негізде жүргізіледі.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары