Өзекті мәселелер

  • 15.08.19

    Қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Бұған дейін мәжіліс залында ине шаншар орын болмайтын. Бұл жолы орын бос болды. Шамасы, ақжағалылар тамылжыған тамызда тынығуды жөн санаса керек. Жә, бастысы, ол емес.
    Аппарат мәжілісінде екі мәселе таразыға тартылды.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Өткен аптада Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округінде қарбыз шырынын шығаратын цех алғашқы өнімін сынақтан өткізді. «Енді Жайылмада қарбыз кластері дамиды» дейді білетіндер. Лайым солай болғай! Естеріңізге салайық, осыдан тура 6 ай бұрын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сүйінші жаңалықты Жаңақорған ауданының әкімі  Ғалым Әміреев бірінші болып жеткізген-ді. Сол кезд...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Жасыратыны жоқ, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың көп нәрсеге мүмкіндігі жоқ деген қате пікір әлі де бар. Алайда әр пенденің бұйыратын өз несібесі бар. Біреудің қолынан келмеген іс екінші адамның қолынан тууы мүмкін. Сол секілді айналадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбекпен жетіп жатқан жұмыстарына қолдау көрсетіп, шынайы баға беруді міндет санағанымыз жөн. Сондай өмірге құштар, ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Кәсіпкерлік дамыса, еліміз де өркениетке өрлейді. Жұмыссыздық азаяды. Нарық халыққа қажеттіні қамтиды. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қолдауды арттырды. Іскерлік мүмкіндігін молайтты. Солардың қатарында сырдариялық тұрғындар да мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде. Мұны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы  мен ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Сәрсенбінің сәтті күнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімовтың қатысуымен брифинг өтті. Бір ерекшелігі, Олжас Азатұлы қашанда өзімен бірге спорттың әр түрінде жеңімпаз атанып, ел намысын қорғап жүрген қызылордалық өрендерді баспасөз мәслихатына  ертіп әкеліп, БАҚ өкілдерімен бетпе-бет жүздестіреді, кері байланыс орна...

    Толығырақ...
Сәуір 2019

ЖАЛАҒАШТА «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.04.2019 09:20

Кеше аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қатысуымен Жастар ресурстық орталығы жанынан «Coworking» орталығының ашылу рәсімі және жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

«Coworking» орталығына жергілікті бюджеттен 5 млн теңге қаржы қаралды. Орталықта жастар тұлғалық қалыптасуға арналған арнайы семинар-тренингтерге, түрлі бағыттағы спорттық шараларға қатысып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған.

Шараға Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Абылайхан Сабанбаев, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес, облыс аудандарындағы жастар ресурстық орталықтарының директорлары, кеңес мүшелері, аудандық бөлім, мекеме басшылары, Жалағаш кенті және ауылдық округ әкімдері мен жастар істері жөніндегі мамандар, жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

-  Ел тәуелсіздігінің одан әрі қарыштап дамуының бірден-бір кепілі – жастар саясатын тиімді жүзеге асыру. Бүгін «Жастар жылы» аясында Жастар ресурстық орталығы жанынан «Coworking» орталығын ашып отырмыз. Бұл жерде жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. «Coworking» орталығының жұмысын облыстық жобалық кеңсе аясында жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жастарға көрсетілетін қолдау мен қамқорлық алдағы уақытта да үздіксіз жалғаса беретін болады, - деді аудан басшысы.

Қазіргі таңда аудандағы жалпы жастар саны 8865 болса, бұл аудан халқының 24 пайызын құрайды. Ағымдағы жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 14 млн. 77 мың теңге бөлінді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 22  пайызға артып отыр.

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданға жұмысқа тұруға келген жас маманға әлеуметтік қолдау шараларына сәйкес 118 жасқа тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру мақсатында республикалық бюджеттен қаржы қаралып отыр.

"Жасыл ел" жасағы бойынша былтырғы жылы 114 студент және жұмыссыз жастар маусымдық жұмысқа тартылған болса, биылғы жылы 100 жас маусымдық жұмыстармен қамтылатын болады.

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша 82 жас колледждер мен жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Ресейде білім алып жатқан жергілікті жастардың саны - 14. (Ресей – 10, Корея – 1, Белоруссия – 1, Қытай - 2).

Былтырғы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жастарға арналған 4 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, қаржы көлемі екі есеге ұлғайды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда өзіндік үлесін қосып, өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен 10 жасқа арнайы құрылған комиссия арқылы Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығы табысталды. Бұл игі шара биылғы жылы да дәстүрлі жалғасын табатын болады.

Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданда 7 мәдениет үйі мен 8 ауылдық клуб, 21 кітапхана, 1 мәдениет және өнерді дамыту орталығы, барлығы 37 мәдениет және өнер мекемелері, 143 спорт нысандары жұмыс істейді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


АРДАГЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАРЫС PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.04.2019 12:12

Қызылордада облысымыздағы дойбы спортының дамуына және қалыптасуына ерекше үлес қосқан ардагер дойбышы, спорт шебері Сағат Жүсіптің мерейжасына арналған Қызылорда қаласының дойбыдан ашық біріншілігі өтті. Жарысқа бірнеше аудандардан және Түркістан қаласынан 18 дойбышы қатысты. Швейцариялық жүйемен 9 турға созылған жарыста бірінші орынды Түркістаннан келген спорт шеберлігіне кандидат Қәдірхан Әйтілеуов жеңіп алды. Ол 18 мүмкіндік ұпайдан 17 ұпай жинап, алдына жан салмады. Одан бір ұпай кем жинаған қызылордалық спорт шеберлігіне кандидат Руслан Рахманбердиев екінші, 14 ұпаймен аралдық спорт шеберлігіне кандидат Дәулет Дүйсенбаев үшінші орынға шықты. Жылдам ойын номинациясы бойынша бірінші орынға Д.Дүйсенбаев, екінші Р.Рахманбердиев, үшінші орынға тағы бір аралдық Қанжарбек Кеулімжаев ие болды.

Рыскелді  Жахман

 


Кәсіпкердің кінәсі не? PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.04.2019 12:08

Қызылордада Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің отырысында Қызылорда қалалық әкімдігінің сәулет және қалақұрылысы және жер қатынастары бөлімдерінің лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты жеке кәсіпкер Нұржан Бакеевтің өтініші қаралды.

Отырыста мәселенің мән-жайын Нұржанның зайыбы Айнұр Қожагелдиева айтып берді.

Ерлі-зайыпты Нұржан мен Айнұр сауда-саттықпен айналысады. Кәсіптерін кеңейту мақсатында өткен жылы жеке адамнан Абай даңғылы бойынан жер сатып алып, құрылыс жұмыстарын жүргізбек болады. Құжаттарға сай құрылыс жұмыстарын жүргізуге кедергі жоқ.

Алайда осы жылдың 14 наурызында аталмыш жер теліміне қоршау жұмыстарын жүргізе бастағаннан кәсіпкер оттбасының проблемасы басталады.

«Түнгі сағат 11-лер шамасында өзін қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысымын деп таныстырған азамат жер телімінің басына келуді сұрады. Түннің ішінде жердің басына бардым. Маған әкімдіктің адамдары бұл жерден құрылыс сала алмайтындығымды жеткізді. Сосын қоршауды бүгін алып тастауды тапсырды. Алмаған жағдайда 1 млн. теңгеден астам айыппұл салынатынын айтты. Бірақ мен қоршауды алған жоқпын. Алайда таңертең барғанымда қоршауды бұзып тастапты. Мен бұл жерді алып, оған құрылыс салу үшін несие алдым. Рұқсат құжаттарын алғаннан кейін құрылыс жұмыстарын жүргізуде кедергі болады деп ойламадым. Сондықтан да құрылыс компаниясымен келісімшартқа қол қойып қойғанмын. Қазір екі ай болып қалды жұмыстың тоқтап қалғанына. Осы проблеманы ойлаймын деп ауырып та қалдым. Шешілуіне көмек көрсетсеңіздер», - дейді Айнұр Қожагелдиева.

Кеңес мүшелері кәсіпкерден қалалық әкімдік тарапынан берілген ресми хаттың бар-жоғын сұратып еді. Осы уақытқа дейін ешқандай құжат берілмеген болып шықты. Кәсіпкерге қалалық әкімдік тарапынан ауызша ескертулермен бірге өзге жерлерден (сол жағалаудан, Ескі базар маңынан) жер телімдері ұсынылған.

Отырысқа қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Жандарбеков қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жақсылық Ержановтан кәсіпкерге не үшін түн мезгілінде хабарласқанын, қоршауды алып тастау үшін кәсіпкерге алдын ала қандай құжат берілгенін және аталмыш жер теліміне не үшін құрылыс жүргізуге рұқсат берілмей отырғандығын сұрады.

Бөлім басшысы: «Біз бұл жер телімінің астынан газ трубаларының жүріп жатқандығын анықтадық. Сол үшін құрылыс салуға болмайды деп отырмыз. Қоршауды алып тастау үшін алдын ала құжат берілген жоқ», - дегеннен өзге тұщымды жауап бере алмады.

Кеңес мүшесі, кәсіпкер, қоғам белсендісі Наталья Мишукова: «Облысымызда жарияланған кәсіпкерлікті қолдаудың үш жылдығында кәсіпкерге қолдау көрсетудің орнына, әкімдік қызметкерлерімен осындай кедергілердің келтірілуін қалай түсінеміз? Қысымға алып, негізсіз қаржылық шығынға ұшыратудағы мақсаттарыңыз не? Және осындай жайттар соңғы уақытта неліктік сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан орын алуда. Мұндай қадамдармен бізде қалай кәсіпкерлік дамымақ?», - деп наразылығын білдірді. Наталья Мишукованың бұл пікірін өзге де әріптестері – кеңес мүшелері қолдап, пікірлерін айтты.

Кәсіпкер отбасының проблемасы кеңесте ұзақ талқыланып, қорытындысымен төмендегідей шешім қабылданды:

1. Кәсіпкерлер палатасының мамандары кәсіпкер Нұржан Бакеевтің құрылыс салу жобасын толықтай сүйемелдейді;

2. Жер телімінің астында жатқан газ құбырына қатысты жақын күндері жұмысшы тобы құрылып, кәсіпкер үшін оңтайлы жолдарын ұсынады;

3. Кәсіпкерге беймезгіл уақытта хабарласқан қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жақсылық Ержановтың әрекетіне баға беру үшін Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне хат жолданады.

Осы қабылданған шаралардың нәтижесі Кеңестің келесі отырысында қайта қаралатын болды.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде учаскелік полицейдің мәселесі қаралды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.04.2019 12:00

Қызылордада Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті отырысында Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылының учаскелік полицейі Қайрат Байменовтің әрекетіне қатысты ұжымдық арыз қаралды.

ІІІ Интернационал ауылының тұрғындары мен «Достық-Жер МК» ЖШС басшысының арызы Кәсіпкерлер палатасына 22 сәуірде түскен болатын.

Кеңес отырысында кәсіпкер Миляр Арифов учаскелік полицей Қайрат Байменовтің ауыл тұрғындарының, оның ішінде кәсіпкерлердің қызметін жеке мақсатта пайдаланатындығын жеткізді.

Кәсіпкердің айтуынша, учаскелік полицей Қармақшы ауданы, Шошқакөл ауылында тұратын анасының үйіне шөп апарып беруді, апармаған жағдайда серіктестіктің техникаларының жүруіне тыйым салынатын айтқан. Кәсіпкер 8 рейс престелген шөп түсіріп берген.

Қайрат Байменов кәсіпкерден одан бөлек сабан шөп жеткізіп беруді талап еткен. Кәсіпкер аталған қызмет көрсетуден бас тартқанда учаскелік полицей кәсіпкердің қызметіне заңсыз араласып, техникаларын тоқтатып, жұмысына кедергі келтірген. Мұны кеңес отырысына қатысқан ІІІ Интернационал ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлау Мұхтаров та айтты.

«Науқанның кезінде техникаларды тоқтатып қойғандығын айтып Миляр Арифов хабарласты. Мен сол жерге барып, өтініш айтқаннан кейін учаскелік полицей техникаларды әрең дегенде жүргізді. Бұлай болмайды ғой», - дейді ақсақал Сайлау Мұхтаров.

Кеңес мүшелері отырыста: «Құқық қорғау қызметінің басты міндеті адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Қолдау көрсетудің орнына мұндай қадам жасауын қалай түсінуге болады?», - десті.

Отырыста қозғалған мәселеге қатысты облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Алтынбек Ахметов: «ІІІ Интернационал ауылы тұрғындары мен кәсіпкерлерден түскен ұжымдық арызға сәйкес учаскелік полицей Қайрат Байменовтің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір Департаменттегі Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен тексеру амалдары жүргізілуде. Нәтижесі бойынша тиісті шара қабылданатын болады», - деді.

Кеңес отырысының қорытындысымен аталмыш мәселені облыстық полиция департаментіне учаскелік полицей Қайрат Байменовке қатысты жүргізіліп жатқан тергеу амалдары мен нәтижесі бойынша қабылданған процессуалдық шешімді Кәсіпкерлер палатасына жолдау ұсынылды. Отырысқа қатысқан облыстық прокуратура өкілі де прокуратура тарапынан бұл мәселе бақылауға алынатындығын жеткізді.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНЫҢ ЗАРДАБЫН ЖОЮҒА ҚАТЫСҚАН АЗАМАТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.04.2019 09:50

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында кездесу болып өтті.

Бұл шараға Чернобыль апатының зардабын жоюшылармен қатар колледж студенттері, ұстаздар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Шарада Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан Серікбай Ибраев сөз сөйлеп, сол бір сұрапыл жылдардағы естеліктермен бөлісті.

- Осыдан 33 жыл бұрын, дәлiрек айтқанда, 1986 жылдың 26 сәуiрiнде дүниежүзiн дүр сiлкiндiрiп, адам айтқысыз алапат апат болды. Ол Украинадағы Чернобыль атом-электр стансасының жарылысы едi. Бұл апаттан 2 миллионға жуық адам зардап шектi. Ауданымыздың бірқатар азаматтары да бұл жарылыстың зардабын шекті, - деді С.Ибраев.

Жастарды патриотизмге тәрбиелеуде маңызы зор бұл шарада қатысушылар сұрақтарын қойып, ризашылықтарын білдірді.

Айта кету керек, Чернобыль АЭС-індегі апатын жоюға 800 қызылордалық қатысса, оның ішінде 10-ы - Жалағаш ауданынан.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


АЛМА БАҒЫН АРАЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.04.2019 09:40

Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Құрманбай ата» шаруа қожалығының алма бағын аралап, жұмысымен танысты.

5 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен алма бағын өсіруді қолға алған шаруа қожалығы былтырғы жылы «Гала М-6», «Гала М-9», «Голден», «Грени смит», «Фуджи» сорттарынан 12650 түп алма егіп, биылғы жылы өзінің алғашқы жемістерін береді деп күтілуде.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ЖАЛАҒАШТА АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.04.2019 09:35

Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Ер-Әлі» шаруа қожалығында алғашқы дән себу рәсімі өтті.

Шаруа қожалығы өткен жылы 603 гектарға күріш егіп, әр гектарынан 60 центнерден өнім алса, биылғы жылы 858 гектарға күріш егіп, әр гектардан 65-70 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр.

Шаруашылық тек күріш егіп қана қоймай, жаздық бидай, малазықтық дақыл - жоңышқа да өндіріп келеді. Атап айтқанда, 60 гектар жаздық бидай, 80 гектар жаңа жоңышқа, 191 гектар ескі жоңышқа күтімге алынған.

- Жалағаш ауданы ауыл шаруашылығы саласы бойынша жыл сайын толайым табыстарға қол жеткізіп, өңір қазынасының ұлғаюына айтарлықтай үлес қосуда. «Ақ күріштің Қостанайы» атанған Жалағаштың диқандары былтырғы жылы үлкен сенімнен шықты. Күміс дәнін күнге сүйдіріп, ырзығын ысырапсыз жинап алған бейнеткер қауым ел ризығын молайту жолында аянып қалмады. Былтыр аудандағы шаруашылық құрылымдары 36 391 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырды. Оның 22 382 гектары – Сырдың бағалы дақылы күріш болса, биылғы жылы 36 465 гектар жерге егiс егу межеленіп отыр, - деді аудан басшысы дән себу рәсімінде.

Айта кету керек, аудан бойынша 2019 жылдың егісі үшін 5 500 тонна күріш тұқымы дайындалды. Дайындалған күріш тұқымының 550 тоннасы - Янтарь, 4745 тоннасы - Лидер, 205 тоннасы - Фаворит сорттары.

Бұдан басқа 2019 жылдың егісіне ауыл шаруашылығы құрылымдарының өз күшімен 51 тонна жаздық бидай, 8 тонна арпа, 55 тонна мақсары, 53 тонна жоңышқа тұқымы дайындалды.

Сонымен қатар, көктем егісіне аудан бойынша 402 трактор, 91 соқа, 33 тұқым сепкіш, 100 жүк автомашинасы, 155 трактор тіркемелері қатысады.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.04.2019 09:20

"Дала күні" дәстүрлі семинар-кеңесі аясында сырбойылық шаруалар "Ақмая" инновациялық шаруа қожалығының жұмысымен танысып, агросекторды дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барды. Аймақ басшысы "Аkmaya Smart Farm" ақылды ферма" жобасының жүзеге асу барысымен танысты.

Күріш егісіне алғашқы дән себу рәсімі өткізіліп, семинар-кеңесте «Ақмая» шаруа қожалығының егіс алқабында ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру, агродрондарды егіншілікте пайдалану ерекшеліктері, ауыл шаруашылығының жаңа техникалары мен технологияларын өндіріске енгізу, әртараптандыру бағытында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында жаңа сорттарды пайдалану мен ауыл шаруашылығы дақылдарын суландыруда су үнемдеу технологияларын қолдану мәселелері қарастырылды. Шараға аудан, қала әкімдері мен орынбасарлары, облыстық басқармалар мен тиісті салалық мекемелер, қоғамдық ұйымдар, шаруашылық басшылары қатысты.

«Биылғы дән себу рәсімін өткізуде Шиелі ауданындағы Ақмая ауылын бекер таңдаған жоқпыз. Себебі, күріш өсіру тарихына үңілсек, осы ауылдың топырағы – кезінде 16 Еңбек ерін шығарған қасиетті мекен. Биыл да күріш тұқымын сауықтыру, әртараптандыру бағытында майлы, малазықтық, картоп, бақша дақылдарының өнімділігін жоғарылату және суармалы жерлерді қалпына келтіру бағытында бірқатар жобаларды қаржыландыруды қолға алдық. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша елімізде аграрлық салада маңызды жобалар іске асырылуда. Осы орайда, Сыр өңірінде де ауыз толтырып айтатын жұмыстар жүзеге асырылуда. Бір ғана мысал, мемлекеттік қолдауларды ұтымды пайдаланған облыс егіншілері соңғы жылдары ақ күріштің молшылығын жасауда табысты еңбек етіп, жыл сайын ел қамбасына жарты миллион тонна астық құйып келеді. Сонымен бірге, өткен жылы орын алған су тапшылығын болдырмау үшін артық егілетін күрішке суармалы су жеткізіп беруді әкімдік өз мойнына алмайтындығын шаруашылық басшыларына тағы да ескерткім келеді», - деді аймақ басшысы.

2019 жылға бекітілген ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру сызбасына сәйкес тұрақты суаруға 4,2 млрд текше метр су қажет. 2019 жылғы 18 сәуірдегі жағдай бойынша «Шардара» су қоймасында 5,1 млрд. текше метр,» Көксарай» суреттегішінде 2,1 млрд. текшеметр су жиналуда.

Сондай-ақ, облыс әкімі су үнемдейтін суару технологияларын белсенді енгізуді және басқа елді мекендерде "ақылды фермаларды" құру тәжірибесін қабылдауды тапсырды.

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы және әртараптандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының және жауапты мекемелер мен ұйымдардың басшылары, аудан әкімдері баяндады.

Естеріңізге сала кетейік, "Ақмая" шаруа қожалығы FMIS – "ақылды ферма" зияткерлік геоақпараттық форманы қолданатын пилоттық шаруашылық болып табылады. Ол жедел навигацияны, өріс деректерін толық талдауды және өндірістік процестердің мониторингін қамтиды. Болашақта жер бедерінің карталарын, егістіктердің әртүрлілігін, аурулардың, арамшөптердің және зиянкестердің таралуын, топырақ карталарын және шаруашылық қызметін цифрландыру саласындағы басқа да іс-шараларды қамтитын кеңістіктік деректерді цифрлау бойынша жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру жоспарлануда. "Ақылды ферманың" технологиялары бойынша арнайы көрме ұйымдастырылды.

Биыл облыста 178,6 мың га ауыл шаруашылығы дақылы, оның ішінде 93,5 мың га дәнді дақыл, 7,2 мың га майлы дақыл, 60,7 мың га азықтық дақыл, 17,2 мың га картоп, көкөніс, бақша дақылдары егіледі. Сонымен қатар, 83 мың гектардан астам күріш егу жоспарланған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыста мал азығының мол қорын жинау мақсатында ылғал сақтайтын жаңа технологияларды (аквасорбент, агрогель) пайдалана отырып, құнарлы жерлерде малазықтық дақылдар өсіру жобасы іске асырылуда. "Бесарық" шаруашылық базасында аквасорбенттерді қолдану арқылы 3 га бидай және 2 га сафлор егілді. Жоба Ы.Жақаев атындағы "Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының " ЖШС ғалымдарымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта олардың тәжірибесі облыстың басқа шаруашылықтарына да таратылатын болады. Атап өтейік, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін қажетті техника, тыңайтқыштар мен жанар-жағармай қоры дайындалған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Фототілші Болат Омарәлиевтің бұрын еш жерде жарияланбаған суреті байқауда топ жарды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.04.2019 14:25

Сырдың сырлы фотошежіресін жасаған  белгілі фототілші Болат Омарәлиевтен сүйінші хабар жетті.

Табан аудармай жарты ғасыр бір жерде еңбек еткен, дамылсыз іссапарларда жүріп, аймақтың тарихи сәттерін таспаға түсірген ағамызды әріптесім Ғазиза ақын "жұмбақ жан" дейді.

Сол ағамыз тағы бір мәрте байқау жүлдегері атаныпты. Қуанып қалдық. Бөкеңе мұндай байқаулар әсте таңсық емес! Өйткені, ол бұған дейін де талай-талай республикалық байқауларда өзгелерден озды. Тіпті кешегі кеңес дәуірінде одақтық байқаудың жүлдегері атанғаны бар.

Бұл жолы «Сыр бойы» басылымының ардагері осыдан 44 жыл бұрын түсірген, еш жерде жарияланбаған суреті «Ауыл» ХДП ұйымдастырған республикалық «Ауыл нақыштары» фотоконкурсының жүлдесін қанжығасына байлапты. Елордада аталған партияның төрағасы Ә.Бекетаев жүлдені ардагер ағамыздың қызына табыс еткен. Қуанышты бөліссең, көбейеді. Енді, міне қалың оқырманнан сүйінші сұрамақпыз.

Айтпақшы, Бөкеңе қусырып қарап отыру мүлде жат. "Зейнеттемін" демейді. Бай архивін ақтарып, сирек суреттерін әлеуметтік желіде жарқырата жариялап отырады. Көненің көзіндей суреттерге қарап отырып, аңыз адамның «өй, түріңнен сол» дегенін сағынғанымды бағамдаймын.

Д.АЙБОЛАТҰЛЫ.

Фото Болат Омарәлиевтің жеке мұрағатынан алынды

syrboyi.kz

 


Тұрғындар мәселесі – басты назарда PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.04.2019 10:00

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы қоғамдық қабылдау өткізді. Тұрғындардың мәселесі тыңдалып, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Қабылдауға 20-ға жуық тұрғын келді. Бірі несиесін төлей алмай жатқандығын айтса, енді бірі мемлекеттік бағдарлама арқылы қалай үй алуға болатынын сұрады. Жер телімдерін рәсімдеу, алимент өндіру, жұмыссыздық, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге қоғамдық көлікте жол жүруге жеңілдік секілді сұрақтар қойылды. Қабылдауға түрлі сала мамандары қатысып, атаулы әлеуметтік көмек, мемлекеттік бағдарламаларға  қатысты қандай жеңілдіктер барын түсіндіріп берді.

«Қабылдауға келген тұрғындардың мәселесі біздің назарда болады. Олардың шешу жолдарын қарастырамыз. Мәселен, бүгін қала тұрғыны өзінің тұрғылықты баспанасы өртенуіне байланысты материалдық көмек көрсетуді сұрайды. Өтініш иесінің мәселесіне ықпал жасау үшін «Торғай Петролеум» АҚ бас директорына жазбаша негізде өтініш жолдап жатырмыз. Осы секілді барлық көтерілген мәселені оңтайлы шешілу үшін жұмыс істейтін боламыз», - деді «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Нұрлан Әбдукаримов.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Сәуір 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары