Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Наурыз 2019

МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ТҰРҒАНБАЙ МАХАНОВ 80 ЖАСҚА ТОЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2019 14:10

Денсаулық сақтау саласының ардагері, Қызылорда облысының және Жалағаш ауданының құрметті азаматы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрғанбай Маханов 80 жасқа толды.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ардагерді мерейтойымен құттықтап, аймақ медицинасын дамытудағы ерекше үлесін атап өтті.

«Облыстың денсаулық сақтау саласы дегенде, біздің мақтанар дүниеміз көп. Өйткені, қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер Әли Көтібаровтан бастап, балалар хирургиясының атасы, дүниежүзілік деңгейдегі үлкен ғалым, академик, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, профессор Ормантаев Камал Сәруарұлы, Қазақстанның Еңбек Ері, 5 мыңнан астам жүрекке ашық ота жасаған Пя Юрий Владимирович, Қазақстанның «100 жаңа есіміне» кірген, медицина ғылымдарының докторы, профессор Баймаханов Болатбек Бимендіұлын және басқа да жерлес дәрігер профессорларымызды мақтана айтамыз. Сыр өңірі медицинасы тарихында Тұрғанбай Маханұлының есімі ерекше аталады. Аймақтың денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз, Сыр медицинасының көптеген жас дәрігерлеріне үлгі болды. Тұрғанбай Маханұлы 1994 жылдың тамызынан 1996 жыл аралығында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы лауазымын қоса атқарды. Қазіргі таңда облыстық медицина орталығының «Құрметті директоры», осы ұйым басшысының кеңесшісі, Қазақстан дәрігерлері мен провизорлары ассоциациясының Қызылорда облыстық филиалының Президенті»,-деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі мерейтой иесіне саяси-әлеуметтік, экономикалық және денсаулық сақтау саласының дамуына сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Алғыс хатын» және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрайымы Дариға Нұрсұлтанқызының құттықтауын, сондай-ақ, «Ұлттық Медицина ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің ең жоғарғы наградасы «AVE-VITAE» орденін табыстады.

Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Төрегелді Шарманұлы мен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Қорғанбек Қайруллаев және замандастары мен әріптестері ардагерді құттықтады.

Жиналған көпшілікке мерейтой иесі көрсетілген құрметтері үшін риясыз алғысын жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ШАҒЫН және ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ 85 ПАЙЫЗЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2019 12:05

2019 жылдың 1 наурызы бойынша аймақта 43 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Оның 85 пайызы тиісті деңгейде жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жылдың өзінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 13,8 пайызға өсті.

Айта кетейік, аймақта жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауқымды және жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.

Ағымдағы жылы кәсіпкерлікті шағын несиелеуге 4 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Олар жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту "Еңбек" бағдарламасын іске асыруға бағытталатын болады. Оның ішінде облыстық бюджеттен өңірлік инвестициялық орталық үшін стартап-жобаларды қаржыландыруға 500 млн теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, "Бизнес-Кеңесші" бағдарламасы аясында 2019 жылы 737 адамды оқыту жоспарлануда. Ал "Бастау-Бизнес" бағдарламасымен 800 адам біліктілігін арттыратын болады.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша жыл басынан бері екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 658 млн теңгені құрайтын 27 жобаны мақұлдаған.

2018-2020 жылдары аймақта Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы болып жарияланып, «Жол картасы» әзірленді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаған ең үздік облыс деп танылып, Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаев Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевқа "Алтын сапа" сыйлығын табыстады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап облыста Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы базасында кәсіпкерлік мақсаттар үшін жер учаскелерін беру бойынша ашық аукциондар өткізілуде. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы аймақ басшысының бастамасымен "бір өтінім" қағидаты бойынша 70-тен астам қызмет түрі тегін көрсетілетін "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" құрылды. Мысалы, жер қатынастары саласында 21 қызмет түрі көрсетілсе, оның 7-еуі мемлекеттік қызмет болып табылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Ауыл театрының тарландары PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2019 11:40

Ұзақ жылдар бойы Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарған еңбек ардагері Жанділда Баймұратовты Халықаралық театр күнімен құттықтап, қоңырау шалғанмын. Қашан көрсең де ағеден қалпынан танбайтын ағам қуанып қалды. Менен басқа өзі көп жыл еңбек еткен ұжымы, ауылдағы мәдениет үйінің директоры Марат Жақсылықовтың да жылы лебіз білдіргенін айтып, жас балаша масаттанды. Сәл нәрсеге көңілі көк аспанға шарықтап, болмашыға жасып қалатын шынайы өнер адамына не дерсіз?

Мен болсам «Сізге сала басшылары ілтипат білдірсе де артық болмас еді-ау. Ауылдың, ауданның мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегіңіз ондай құрметке әбден лайықты. «Қаз тойғанына емес, қиғанына семіреді». Аға буынды үлгі қылғаннан ұтылмас едік» дегенді іштей қайталадым.

Көз алдыма өткен ғасырдың сексенінші жылдары елестеді. «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы кеңшар аталатын ауылымызға жаңадан еңселі мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілген болатын. Бұған дейін шағын да жатаған клубқа көзі үйренген тұрғындарға ақ кірпіштен қаланған, биік сахнасы, атшаптырым көрермендер залы, кең кабинеттері бар мәдениет үйі ертегідегі хан сарайындай көрінгені де рас. Ауылдың киномеханигі, марқұм Жаңабай Төлешов өз ісінің нағыз шебері саналатын. Ауданға келген тартымды кинофильмдерді шаруасына мығым, пісентті ағамыздың арқасында өзге ауылдардан бұрын біздің қырықжылдықтың тұрғындары тамашалап жүрді. Алайда сол кезеңдегі ауыл бозбалалары, менің құрдастарымның сотқарлығын мойындауға тура келеді. Бір-біріне туыс, ағайын саналатын елді мекеннің көше тентектерінің топқа бөлініп, жанжалдасуы етек алып тұрған еді. Сондай күндердің бірінде мәдениет үйіне қаладан Жанділда Баймұратов директорлыққа келді. Орташа бойлы, жұқалтаң жүзді жігіт ағасы іскер адам екен. Ауыл халқына ақжарқын қалпымен тез сіңісіп кетті. Жастармен де тіл табысып, мәдениет үйінде өзі ұйымдастырған үйірмелерге тартты. Менің де қыр соңымнан қалмай жүріп, драма үйірмесіне қатысуға көндірді. Алғашқыда жүрдім-бардым қарағанмен кейін қызығушылығымыз арта бастады. Бір қызығы, қандай тентек болса да дайындық кезінде Жанділданың айтқанын екі етпей орындайтын. Осылайша көзін ашқан бұлақтай ауыл мәдениеті соны серпін, өзгеше күшпен алға қарыштады. Ауыл өнерпаздары аудан көлеміндегі мекемеаралық сайыстарда алдыңғы лектен табылып жүрді.

Жанділда Баймұратов басқаратын мәдениет үйінің жанындағы драма үйірмесі өздері дайындаған спектакльдерді алғашқыда ауыл ішіне, үйренісе келе өзге елді мекендерге, пісіп-жетілген соң аудан орталығына, көрші ауданға сахналап жүрді.

1989 жыл. Баймұратов Арал ауданының орталығында өтетін халық театрлары байқауына қатысуға тәуекел қылып, бақ сынауға бекінді. Өңшең сен тұр, мен атайын бұрыннан атақ-дәрежесі бар ұжымдар қатысатын байқау оңайға түспейтіні айдан анық. Бұл сынға Оразбек Бодықовтың «Қарақұм трагедиясы» атты спектаклі таңдап алынды. «Тойдың болғанынан боладысы қызық». Межелі күн жетіп, байқауға барған ауылдың өнерпаздары қазылар алқасының төрағасы, қазақтың тұңғыш режиссері, даңқты Асқар Тоқпанов, мүшелері танымал биші Шара Жиенқұлова, халық әртісі, белгілі әнші Бикен Римова сынды есімдері баршаға мәлім өнер майталмандары екенін білгенде қатты жасқанған. Өзіңіз ойлап көріңізші? Кеңшардың түрлі саласында жұмыс істейтін, ешқандай өнерге қатысты арнаулы білімі жоқ, ауылдың қарапайым балалары өздерінің өнерлерін тұлғалар сараптайтын болса, шошымай қайтсін? Мұны түсінген есімі елге мәлім өнер иесі, марқұм Жәдігер Тұрсынов ауыл өнерпаздарына арнайы келіп, сәттілік тілеп, қайраттандырып қойды. Спектакль сәтті шықты. Қазылар алқасының төрағасы Асқар Тоқпановтың «ауыл жастарының сахна мәдениетін меңгеруі, ойыны өте жоғары деңгейде» деген бағасын естігенде қуаныштарында шек болмады. Қазылар алқасының шешімімен сол кездегі «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы ауылдың драма ұжымы халық театры атағына ұсынылды. Алайда қаулы арада біршама уақыт өткен соң ғана күшіне енген еді.

Мәдениет үйіне Жәкеңнен кейін дарынды әнші Ғани Дармағанбет басшылық жасағанда драма үйірмесі өзінің халық театры атағын қорғап қалды. Қазіргі таңда Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйінің директоры қызметін Марат Жақсылықов атқарады. Атап кетерлігі, Әлжан Арнұр есімді өнерлі жас жігіт режиссерлық ететін ауылдық мәдениет үйінің жанындағы халық театры – Қазалы ауданындағы елді мекендер арасында осындай жоғары атағы бар бірден-бір ұжым. Күні кеше аудандық байқауда Арнұр Әлжан жеңімпаздар қатарынан табылды. Нақты кезеңде Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйіндегі драма, ән, би, терме үйірмесінде көптеген өрендер өнер жолына тағылым алуда. Талаптарың оң болсын!

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 


ЖАС ПЕДАГОГТАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.03.2019 17:30

Секция жұмыстарынан кейін аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде форумның ІІ отырысы өткізілді.

Форумға аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов, облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Райкүл Байназарова, облыс қонақтары, Қызылорда қаласы, Қармақшы, Сырдария аудандарының жас педагогтары, ауданымыздың үздік түлектері, аудан жастары, БАҚ өкілдері қатысуда.

Форумның алғы сөзін аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов алып:

- Өздеріңізге белгілі, бүгінгі білім саласында аса қарқынды жылдамдықпен өзгерістер орын алуда. Мұндай жағдайда білім беруді болашақтың даму тенденцияларына бағыттау, жаңа экономика талаптарына лайықтау міндеті бәрінен басым түсетін, баршаға ортақ аса маңызды миссияға айналуда. Шындығына келгенде, біз балаларды қазіргі экономика үшін емес, келбеті енді ғана айқындалып келе жатқан мүлде жаңа, қатаң бәсекеге негізделген, жасампаз экономикалық ортадағы өмірге әзірлеуіміз керек. Сондықтан, уақыттан да оза жүруге жұмыс істеу қажет, - деді.

Сондай-ақ, форум аясында ауданымыздың рухани дамуына үлес қосып, жастардың бойына отансүйгіштік, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағыт-бағдар беріп, әрқашан демеушілік жасаған ауданымыздың түлегі Гүлзат Көбек ауданның мерекелік медалімен және аудан әкімінің алғысымен, жастар форумының секция жұмысында ой бөлісіп, форумның жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосқан Сымбат Абдрахманова, ауданымыздың түлегі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің І курс студенті Бекболат Жаннұр, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда елеулі еңбек етіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген жастар аудан әкімінің Алғысымен марапатталды.

Форум отырысында жас ұстаздар №123 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Құралай Мамзадаева, №38 мектептің орыс тілі пәні мұғалімі Садық Жарқынай, №123 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Ермұрат Каналхан, Аққұм ауылынан түлеп ұшқан, бүгінгі таңда Тұран университетінің оқытушысы, кинотанушы, профессор Гүлзат Көбек, аудармашы, психолог, Рухани жаңғыру бағытындағы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Абдрахманова, ауданымыздың түлегі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің І курс студенті, республикалық «Жас патриоттар» академиясының мүшесі Жаннұр Бекболат сөз сөйледі.

Сондай-ақ, облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Байназарова Райкүл жастарды құттықтап, жас ұстаздар отбасын марапаттады. Және жас отбасыларға Елордамыз «Нұр-Сұлтан» қаласына жолдама ұсынылды.

Форум соңында аудандық кәсіподақ комитетінің жанынан құрылған «Жалын» жастар кеңесінің төрағасы Жасұлан Серік облыс бойынша білім саласындағы Жастар жылының кезекті эстафетасын Арал ауданына тапсырды.

Айта кету керек, қазіргі таңда аудандағы жалпы жастар саны 8865 болса, бұл аудан халқының 24 пайызын құрайды. Оның ішінде білім саласындағы жастар саны - 280..

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жыл басынан ауылдық елді мекендерге жұмысқа және тұруға келген 207 жас маманға әлеуметтік қолдау көрсетілді.

"Жасыл ел" жасағы бойынша биылғы жылы 114 студент және жұмыссыз жастар маусымдық жұмысқа тартылды.«Серпін-2050»жобасы бойынша 82 жас колледждер мен университеттерде білім алуда.

Ресейде білім алып жатқан жастардың 6-ауы – жалағаштық түлектер.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


Қызылшамен егілмегендер ауырады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.03.2019 16:10

«Қызылша ауруына шалдыққан науқастардың 79 пайызы – осы ауруға қарсы егілмегендер». Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне берген брифинг барысында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұлбосын Аханаева осылай деді.

Қызылша ауруы – 100 пайыз контагиозды жұқпалы ауру. Жедел респираторлы вирусты инфекцияға тән белгілерімен, яғни дене қызуының көтерілуі, жөтел, көздің жасаурауы, мұрынның бітуі сияқты себептермен сипатталады. Бұл жағдай 2-3 күнге созылып, одан соң денеде бөртпелер пайда болады. Алғашында бетке, құлақ артына шыққан бөртпелер уақыт өте келе дененің басқа жағына да таралады. Осы сырқатқа шалдыққандығы белгілі және ауруы жасырын түрде өтетін науқастар – ауру көзі. Тағы бір айта кетерлік жайт, қызылша ауруында науқас адам бөртпе шыққанға дейін 4 күн және шыққаннан кейін 4 күн қауіпті болып есептеледі.

- Облыс бойынша жыл басынан бері қызылша ауруының зертханалық жолмен нақтыланған 104 жағдайы есепке алынды. Ауруға шалдыққандардың басым көпшілігі – 1 жасқа дейінгі балалар (44 пайыз) мен 20-29 жас аралығындағы ересектер (12 пайыз). Қызылша ауруына шалдыққан науқастардың 79 пайызы осы ауруға қарсы егілмегендер, оның ішінде 50 пайызы ҚР Ұлттық алдын ала егу кестесіне сәйкес егу мерзімі жетпей, 38,5 пайызы медициналық шегіністерге байланысты егілмеген, 11,5 пайыз азаматта қызылша ауруына қарсы жүргізілген екпелерді растайтын құжаттардың жоқтығы салдарынан егу статустары белгісіз болып табылады, - деді Ұлбосын Өмірбайқызы.

Департамент басшысының сөзіне сенсек, бүгінгі күні қызылша ауруы Қызылорда облысының барлық аудандары мен облыс орталығында тіркеліп отыр.

Қызылша ауруы ортаңғы құлақтың, өкпенің, кеңірдектің, бронхтың және ми қабаттарының қабынуы сияқты асқынуларымен қауіпті. Сондықтан ауырмаудың жолын іздеп, кеселдің алдын алу қажет. Бұл ретте ОДСБ, ОББ бірлесіп іс-шаралар жоспары бекітіліп, Қызылорда облысы бас санитарлық дәрігерінің №1 қаулысы шығарылған. Нәтижесінде ауруға қарсы егілмеген, толық егілмеген және егу статусы белгісіз 30 жасқа дейінгі 1012 азамат қызылшаға қарсы егіліпті. Ал науқастармен байланыста болған 10 000-ға жуық азамат күнделікті медициналық бақылауға алынып, оның ішінде 763 азамат екпемен қамтылған. Сондай-ақ, ата-аналарға түсіндірме жұмыстары да белсенді жүзеге асуда.

Енді сәуір айының 1-інен бастап қызылша ауруының ахуалын тұрақтандыру үшін қатерлі топтағы адамдарға ҚҚП-ге қарсы қосымша вакцинация жүргізу науқаны басталмақ. Қазіргі таңда облысқа 9 және 10 айлық балалар мен қызылша ауруымен ауырмаған, қарсы егілмеген 40 жасқа дейінгі МСАК стационарлар мен ұйымдардағы медицина қызметкерлерін қамтуға 18500 доза «ҚҚП» вакцинасы жеткізілген.

Ж.Қойшыбекова

 


Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың аты-жөні анықталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.03.2019 14:05

Қызылорда облысындағы әскери тікұшақ апатынан қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды.

Қорғаныс министрлігі қаза тапқандардың тізімін өзінің Facebook-тегі ресми парақшасына жариялады.

Олар:

Майор Роман Костыгов, 1985 жылы 26 сәуірде туған

Майор Тимур Кұдайбердиев, 1985 жылы 17 қыркүйекте туған

Лейтенант Аслан Айтбаев, 1994 жылы 10 қарашада туған

Майор Данияр Қоңырбай, 1985 жылы 10 қарашада туған

Майор Сабыр Токбаев, 1977 жылы 15 желтоқсанда туған

Капитан Сырым Мәселім, 1989 жылы 11 желтоқсанда туған

3 дәрежелі сержант Кайрат Нурсапанов, 1973 жылы 8 қазанда туған

Аға сержант Мурат Шарипов, 1979 жылы 4 қаңтарда туған

Кіші сержант Асхат Абдулманат, 1982 жылы 21 қыркүйекте туған

Ефрейтор Айдын Абдильдинов, 1978  жылы 11 желтоқсанда туған

Ефрейтор Куаныш Саркытбаев, 1986 жылы 8 қыркүйекте туған

Ефрейтор Омирхан Каукаев, 1990 жылы 21 тамызда туған

Ефрейтор Мирас Жуматаев, 1991 жылы 10 ақпанда туған.

 

«Халық» газеті марқұмдардың отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл қосын білдіреді.

 


ҚАРМАҚШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР САПАЛЫ ЖӘНЕ ТИІМДІ КӨРСЕТІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.03.2019 12:15

Қармақшы ауылдық округінің тұрғындарына мемлекеттік органмен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету процесін ықшамдау және тездету мақсатында жәрмеңке өткізілді.

Шараның ашылуында ауылдық округ әкімі Әлімбай Білжанов сөз алып, тұрғындар арасында мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандырудың тиімді жолдары туралы айтып өтті. Қазіргі таңда ауылдық округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтің уақытында көрсетілуіне қажетті барлық шаралар қабылданған.

Аудан әкімі аппараты электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі мен «Азаматтар арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету» бойынша Қармақшы аудандық бөлімі ұйымдастырған шараның негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету саласында әкімшілік процедураларды қысқарту және оңтайландыру, қызметті уақытында және сапалы көрсету, азаматтардың қанағаттанрлық деңгейлерін көтеру болып табылады.

Бүгінгі шарада мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 15-ке жуық түрі қамтылып, 40-қа жуық тұрғынға мемлекеттік қызметтер сапалы және тиімді көрсетілді.

Атап өту қажет, мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мемлекеттік қызметті алушыға оңтайлы жағдай жасау болып табылады.

Еліміздегі цифрлық қолтаңба және қызметті электронды түрде алу тәртібі бойынша жаңа форматы қызмет көрсетуді жақсарта түспек.

Сонымен қатар шарада мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маман ақпарат алушылармен түсіндіру жұмысын жүргізді.

Тұрғындарға «Азаматтар арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету» бойынша Қармақшы аудандық бөлімі электронды форматта мемлекеттік қызмет алудың тәртіптері туралы ақпараттандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


«Соғым» іс-шарасы өткізілуде PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.03.2019 12:14

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламаның талаптарын орындау мақсатында наурыз айының 26-28-і аралығында мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, ашу, мал ұрлығы қылмыстарымен айналысатын тұлғаларды анықтау үшін Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері «Соғым» жедел-профилактикалық іс шарасын өткізуде.

Полиция қызметкерлері ветеринарлармен бірлесіп, құжаттарсыз жануарларды әкелу фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың жоқтығын анықтау үшін нарықтарда рейдтік іс-шараларды өткізіп отырады.

«Сұлтан», «Айтбек», «Отырар» сауда орталықтары және басқа да ет павильондары мен қалалық мал сою бекеті тексерілді. Бұл жағдайда 4 мобильді патрульдік автокөліктер және 12 полиция қызметкері тартылды.

Рейд қорытындысы бойынша 26 автокөлік тексерілді. Қызылорда облыстық полиция басқармасының бастамасымен барлық мал сою мен ет бөлуге арналған жерлерде бейнебақылау камералары орнатылды. Мал ұрлықтарының алдын алу үшін құжатсыз мал басын тасымалдайтын барлық көлік құралдарын тексеру ұйымдастырылды.

Құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда Қызылорда облысы ветеринария бөліміне тексеру жүргізу үшін тиісті шешімдер қабылданады.

Полиция қызметкерлері мал ұрлау фактілері туралы полицияға уақытылы хабарласу қажеттігін ескертеді.Осы бағытта жұмыс жалғасуда.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ТҰРҒЫН ҮЙГЕ МҰҚТАЖ 150 ОТБАСЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.03.2019 12:12

Аз қамтылған көпбалалы 150 отбасы облыстық бюджет қаражаты мен "Болат Өтемұратов қорының" қайырымдылық көмегі есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, аймақта өте нашар тұрғын үй жағдайындағы аз қамтылған мұқтаж көпбалалы отбасыларды анықтау мақсатында жұмыс комиссиясы құрылған болатын. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша комиссия 150 отбасыны анықтады.

"Көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамту үшін Болат Өтемұратовтың қорының қайырымдылық көмегі есебінен тұрғын үйдің бір бөлігін салу туралы мәселені талқыладық. Нәтижесінде, жергілікті бюджет есебінен 50 отбасы және қалған 100 отбасы қор есебінен баспанамен қамтамасыз етіледі", - деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, баспананың 1 ш.м. құны 70 мың теңгені құрайды. Күзгі салқын түскенше отбасылар жаңа үйлеріне қоныстанып үлгерулері үшін тұрғын үй құрылысы 1 қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарлануда. Болат Өтемұратов қоры тарапынан тұрғын үйлерді салу бойынша «Баламекен» жобасының жүзеге асырылуына 450 миллион теңге бөлінеді.

"Өз тарапынан әкімдік осы уақытқа дейін барлық инженерлік инфрақұрылымдар - электр, газ, су, телефон байланысы мен автожолдар құрылысын аяқтауға, сондай-ақ, әрбір үйге 6 сотық жер телімін бөлуге кепілдік береді", - деп атап өтті облыс әкімі.

Бүгінгі күні облыс бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны 27 906 адамды құрайды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санаты бойынша 14 074 адам кезекте тұр, олардың 2038 көпбалалы отбасы болып табылады.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында облыста тұрғын үй құрылысы қарқынының тұрақты даму үрдісі байқалып отыр. Соңғы 6 жылда облыс бойынша тұрғын үйді іске қосу көлемі 2,5 есеге артты. 2013 жылы 270 мың шаршы метр болса, 2018 жылы 700 мың шаршы метрге дейін өсті. Осы жылдар ішінде Қызылорда қаласында 15 жаңа шағын аудан салынды, 361 тұрғын үй пайдалануға берілді, 7709 қызылордалық жаңа баспаналы болды, олардың қатарында апатты жағдайдағы үйлер мен жатақхана тұрғындары да қамтылды.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінің бастамасы бойынша 2017 жылы аймақта "ОРДА" аймақтық Жол картасы қабылданды. «ОРДА» бағдарламасы арнайы халықтың аз қамтылған және әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын 500 мың теңге кепілдік жарна арқылы бастапқы 20% жарнасыз тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

2018 жылы Қызылорда қаласының сол жағалауында жеке құрылыс салушылардың қаражаты есебінен 14 көпқабатты тұрғын үй немесе 604 пәтер республика бойынша ең төмен бағамен - 1 шаршы метріне 120 мың теңгеден пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, 2019 жылы "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда облысы бойынша жалпы саны 568 пәтерлік 14 көппәтерлі тұрғынүйдің құрылысы жүріп жатыр, ағымдағы жылдың сәуір айында 928 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Айта кетейік, аталмыш тұрғын үйлер инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде ыңғайлы болу үшін сол жағалаудың бір бөлігінде орналасатын болады.

"Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясының XVIII съезіндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында көпбалалы аз қамтылған отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан бізге қосымша 3,6 млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде 470 пәтерлік тағы 10 үйді алу мүмкіндігі туды. Ағымдағы жылы өңірімізде 1966 пәтерлік 45 көп қабатты тұрғын үй салынады. Олардың басым бөлігі халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына беріледі", - деп атап өтті аймақ басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


«Алпамыстағы» алыптар PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.03.2019 12:00

Жағымды  жаңалық

Әйтеке би кентіндегі №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасы ұжымының жас тәрбиеленушілерге тағылымды тәрбие берудегі озық іс-тәжірибесі көпшілікке жақсы мәлім. Білікті педагог Эльмира Нұрмағанбетова басшылық жасайтын аталмыш балабақша қызметкерлері мен мамандары баулыған кішкентай өнерпаздар түрлі деңгейдегі өнер сайыстарында да алдыңғы лектен табылуда. Осындай жағымды жаңалық күні кеше тағы да көрініс тапты. Бұл жолы «Алпамыс» балабақшасының тәрбиеленушілері ауқымды байқаудан алты бірдей бас жүлдені иеленіп, көпшілікті тәнті қылды.

«Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Бірлестігінің 10 жылдығы құрметіне арналған «Мәңгі ел – Қазақстаным» атты Қызылордада өткізілген оқушылар мен жасөспірімдер фестиваліне қатысқан Н.Сатыбай, А.Олжабек, Ж.Көптілеу, І.Темірбек, А.Жанұзақ, М.Жанәбіл «вокал», «көркем сөз», «би» жанры бойынша жоғарыда атап өткендей бас жүлдені иеленсе, №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасынан тәрбиешісі Р.Алғазиева, педагог ұйымдастырушы М.Тәңірбергенова, би жетекшісі А.Өтеген, ағылшын, орыс тілі маманы А.Рысмамбетова, музыка жетекшісі М.Шапихова фестивальге белсене атсалысқаны, педагогика саласында заманауи білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін «Бейбітшілік әлемі» президенті, «Халықаралық Адам құқығын қорғау коммитетінің» генерал-майоры, Қазақстан және Евразия Жазушылар Одақтарының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Әбен Нұрмановтың «Алғыс хатымен» марапатталды.

Жеңімпаз бүлдіршіндер Біріккен Араб Әмірлігі Дубай қаласында өткізілетін ұстаздар, оқушылар мен ата-аналардың «DUBAI World of Peace 2019» Халықаралық өнер фестивальіне, ғылыми конференциясына, «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясындағы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Бірлестігінің мерейтойына арналып Нұр-сұлтан, Алматы қаласында өтетін оқушылар мен жасөспірімдердің «Мәңгі ел – Қазақстаным!» өнер фестивалі мен ғылыми конференциясына шақыру құрметін иеленді.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары