Өзекті мәселелер

  • 07.11.19

    Бақытжан  НИЯЗОВ,

    ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

    – Бақытжан Мақсұтұлы,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысы ауқымды және ең маңызд­ы  саланың бірі екені даусыз. Білуімізше, агенттік тарапына...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    - Райкүл Мәнсүрқызы, депутатты­қ қызмет Сізге таңсық­ емес. Бұл жолы қандай мақсат  қойдыңыз?

    - Депутат – халық пен билік арасындағы көпір. Шыны керек, қазіргі күні шешіл­мей жатқан мәселелердің дені – биліктің құлағына жетпегендер. Жылына төрт сессия өтеді, сол кезде әр округтен сайланған депутаттар өздерінің ұсыныс, пікірлерін айтып, мәселесін көтеру керек. Аймақта же...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Дидарынан шуақ шашып тұрған күннің райы демде өзгеріп салды. Әдетте қыстың ызғары қарашаның соңында сезілуші еді, бұл жолы айдың басында-ақ суық леп шөптің басына қырау қондырып, қар ұшқындатты. Бұл – қыстың қарбалас тіршілігі басталды деген сөз. Күн райының күрт өзгеруі, жауын-шашынның түсуі салдарынан түрлі төтенше жағдайлар болатыны белгілі. Онсыз да жылу беру маусымында қала іші...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі  қыркүйек  айын­да­ «Көше Fest» сайысын өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – көше тұрғындарының ауызбіршілігін арттыру, өскелең ұрпаққа ақса­қалдарды қадірлеуге шақыру, жастардың бойында иба-ізет, намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптас­тыру  және де  қаланың бір бөлшегі саналатын  көшенің тазалығын  сақтауға  ша...

    Толығырақ...
  • 07.11.19

    Сырдың бас қаласында сонадайдан мен­мұндалап тұратын көпқабатты тұрғын үйлер жетерлік­. Қайбір жылы Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай солардың бірсыпырасы күрделі жөндеуден өтті. Сыртын сырлаған соң кәдімгідей түрленіп, қалаға өзгеше рең беріп, шаһардың шырайы кіріп қалды. Бұл жұмыс­тарды жүргізуге Сырдың меценат жігіттері атсалысы­пты. Енді сол шаралар легі жалғасын тапса дейміз. Өйткені ...

    Толығырақ...
Желтоқсан 2018

Мен әлi қызбын PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
27.12.2018 10:33

Бір күні табиғи шырша мен жасанды шырша кездесіп қалды.

– Привет, таудың жабайы Шыршагүлі! Есінеп отырсың ба, ентігіп отырсың ба, қаба­ғың түсіп кетіпті ғой? - деп сұрады жасанды шырша мың бұралып.

– Сәлеметсіз бе? Сізді та­ны­мадым?

– Жасанды шыршамын ғой. Қолдан ұрықтандырыл­ған, ой, кешіріңіз, қолдан жа­сал­ған. Атым – Елкабике. Өзің неғып жатырсың, түбіңнен шабылып?

– Өлетін шығармын... Біз­дің қорықтың бастығы бір мектеп­ке мені сыйға тартыпты. Қазір әкетеді.

– Е, сендердің күндерің әлдеқашан біткен. «Модыдан» қалғансыңдар. Қазір Қазақстан бізге қарайды. Жаңа жылдары бізсіз өтпейді... Бір жағы сендерді кесіп, мерекелік шырша етпегендері де жақсы. Ертеңіне-ақ қайтыс болып кетесің­дер. «Просто», обал сендерге, жаным ашиды... Ал, біз деген... Біз, ойхой шіркін, мәңгі өлмейміз! Өйткені, жасан­дымыз! Біз мықтымыз! - деген жасанды шырша ойыншықтарын сылдырлатып, диотт­ы шамдарын жағып, табиға­ттағы  құрбысына  қасын кере  қарады.

– Сендер мақтаншақсыңдар! Адамдар да мақтаншақ! Мақтаншақ шенеуніктер жыл сайын ысырапшылдыққа жол береді.

– Сен абайлап сөйле! Адамдардың  қызығын  көре алмайсың  ба? Ал, онда тұрған не бар? Шенеуніктер өз қалтасынан төлеп жатқан жоқ, қазынаның қаражатына шырша сатып алады. Соны да сөз етіп... Көре алмай  тұрсың  ғой, ә?

– Кешір, Елкабике... Биыл Алматы әкімдігі елден ерекшеленеміз, бәрі бізге тамсанып, сілекейлері ағатын болады деп, жалпы  құны  жетпіс миллионнан  асатын шырша сатып алды. Шымкент қаласы әкімдігі айдалаға асыққандай, дәл тәуелсіздік күні шырша орнатып жатты. Сонда деймін-ау, тәуелсіздікті сыйламағаны, шашылып жатқан арсыздықты, пысықайлықты өздеріне жинамағаны ма? Ал, қайран қазақ контейнерлерде тұрып жатыр, балалары күрк-күрк жөтеліп... Құдай оларды «ұрып» жатыр! Халық шыршалардың тым жасанды болып кеткенін  айтып  отыр. Әңгімелеріне  құлақ  салсам, ескі болса­ да, бұрынғы  шыршамыз «табиғи әрі әсерлі көрінетін еді» дейді...

– О, албасты! Қара мұны! Сен өзің бәлеқор қатын екен­сің  ғой?

– Кешіріңіз, мен әлі қызбын... Күйеуге енді шыққалы тұрғанымда, қырқып әкетті...

Мұхтар   ШЕРІМ

Сәдуақасованың Сырдағы сеансы PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
27.12.2018 10:20

Шахматтан әлемнің  үз­дік 15 әйелдің қатарына енген  4 дүркін әлем чемпионы Динара Сәдуақасова Қызыл­ордада алғаш рет бір мезгілде ойын сеансын өткізді. Сеанс­қа 1-3-разрядтағы 25 жасөс­пірім қатысты. Спорттық шарада облыс әкімінің орын­басары Руслан Рүстемов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқарамасы басшысы­ның орынбасары Жақсылық Оспановтар төбе көрсетті.

Шарада алғаш болып сөз алған Р.Рүстемов шахмат спортының шығу тарихына, Динара Сәдуақасованың өмір жолына тоқталды. Одан соң шахматшының өзі сөз сөйле­ді. “Қазақстан аймақтарында бір мезгілде өтілетін ойындардың мақсаты – шахмат ойынын әйгілеу” деп бастаған Динара Сәдуақасова бір мезгілдегі ойындар, шеберлік сабақтары мен турнирлердің жас жеткіншектерге ықпалы зор екенін айта кетті. Сондай-ақ, қызылордалық жас шахматшыларға осындай жағдай жасаған облыс әкімі­не, спорт басқармасы басшысына өз алғысын жеткізді.

- Мен үшін жастарға шахмат ойын ғана емес, өзін-өзі дамытудағы ең күшті құрал екенін жеткізу өте маңызды. Бүгінгі күні шахмат – бизнес күрес үлгісінің бір түрі. Шахмат логиканы дамытады, миды жаттықтырады, есте сақтауды арттырады, тиім­ділікті жоғарылатады. Биыл мен Елбасы қорының қолдауымен Атырау, Шымкент қалаларында болдым. Өткен жылы Ақтауда түрлі сеанстар өткізгенмін. Келесі жылы біз географиямызды кеңейтеміз. Менің сеансымда болашақ әлем чемпиондары, гроссмейс­терлер мен шын шеберлер бар деп сеземін. Біздің балаларымыз  интеллектуалды әлеует­ке­ ие, оны ашуға және дамытуға біз өз үлесімізді қосуымыз керек­, - деді ол.

Динара биылғы жылы республиканың көптеген қалаларында және облыс орталықтарында бір мезгілде ойындар, шеберлік сабақтар, турнирлер өткізді. Келесі жылы Астана қаласында республикалық студенттік турнирді өткізуді жоспарлап отыр. Ал, 22 желтоқсан күні Астана қаласында Динара Сәдуа­қасова атындағы шахмат академ­иясының тұсаукесері өтті. Мектепте аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, ерекше қажеттілігі бар балалар мен жетім балалар үшін тегін сабақ берілетін болады­.

“Алдағы уақытта мықты шахматшы әйелдердің TOP-10-на кіретініме сенімдімін. Сонымен қатар, әлем чем­пионатында жеңіске жетіп, алтын тәжді Қазақстанға алып келсем деймін. Осы биікті бағындырып, Аста­наның, қазақ қыздарының деңгей­ін әлемге әйгілі ететін күн де алыс емес екенін ішкі түйсігім сезеді” дейді шахматшы.

- Мінеки, бүгін Динара Сәдуақасова Сыр еліне келіп, тақта үстінде бір мезеттік сеансын өткізіп жатыр. Меніңш­е, мұндай  ойындар  жас шахматшылардың жіге­рін жанып, қызығушылығын одан ары  оята  түседі. Сондықтан, мұндай ойындардың көптеп ұйымдастырылғаны жақсы, - дейді шахматтан облы­с тарихындағы тұңғыш ФИДЕ шебері, мақтанышымыз, чемпионымыз Әсел Серікб­ай.

“Адам өзін үздіксіз жетіл­діріп отыруы керек” деген ұстанымдағы Динараның алты тіл білетінін бірі білсе, бірі білмесе керек-ті. Жатпай-тұрмай ізденсе  ғана  адам шыңға оңай шыға алады. Жан-жақтылық та спорт­шының бойынан табылуы тиіс.

Сеанстың қорытындысы бойынша Сәдуақасова ең қызықты ойын көрсеткен №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырыл­ған балалар-жасөспірімдер мектебінің шахматшылары Сұлтан Аманжол мен 6 жастағы Айжұлдыз Қанатқызына жақында ғана жарық көрген “Шахмат оқып үйренейік” атты кітабын  сыйға  тартты.

ҚАРАҚШЫЛАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
27.12.2018 10:12

Ықылым заманнан бері ұрылар мен қарақшылардың мекені, қандары қарайған басмашылар жай­лаған Құрама тауларынан Сүлеймен қарақшы қасына Қараман мен Парманқұлды ертіп, Шыршыққа қарай аттанды. Басмашылар жайлаған бұл Құрама тауына Сүлеймендер бір ай бұрын достары Елсапа­ мен Нұрсапаны көру үшін келген  болатын.

Шыршыққа бет алған алғашқы күні олар түн ауғанша жүріп, бір тастың түбіне қонып шықты. Ертесі­не жан-жағы қына-түксіз жалаңаш жартас қоршаған сайлы жолмен ұзақ жүрді. Күн сәскеден ауғанда алдарынан созылып жат­қан асу шықты. Қарақшылардың бірі Қараман айтты:

- Мына асу онша биік емес екен. Не болса да осыдан асып бір-ақ тоқтайық.

Қарақшылар асу басына қиналмай көтерілді. Біраз жүрген соң асудың арғы жиегіне жетті. Асудың етегі қалың тоғай. Тоғайдың ортасы  ашық  алаңқай. Алаңқайда­ бірнеше күрке тұр. Күркелердің маңайында ары-бері жүрген адам көп. Барлығы мылтық асынған. Оларды көрген Сүлеймен тобы дереу кейін шегініп, тоғайда жүр­ген адамдар көрмейтіндей жерге келіп  тоқтады.

- Бұлар кімдер болды екен?

- Бұлар да тау ықтаған басмашылар  шығар, Парманқұл.

- Бұлай тұра берсек, көзге түсіп қалуымыз мүмкін. Әнебір қара­йып көрініп тұрған үңгірдің аузы болар, сонда барып паналай тұра­йық. Не істерімізді сонда кесіп-пішерміз.

Үңгір деп келгендері жаппа тастардың қуысы екен. Оншақты адам сиятындай кең қуыста қарақшыл­ар кешке дейін күтуді жөн көріп демалды. Кеш батып, айналаны қараңғылық басқан кезде үшеуі ойласып, өздері күн­діз көрген күркедегі адамдарға шабуыл  жасамаққа  бекінді.

- Сүлеймен, шабуыл жасаймыз дейміз, мүмкін олар бейбіт жүрген адамдар  болсашы, біреу-міреуін  нақақтан-нақақ өлтіріп, обалына  қалып  жүрмейік.

- Парманқұл, елден жырақ түз тағысы ғана жүретін мұндай тау ішінде тегін адамдар күрке тігіп, мылтық асынып жүре ме? Құдай біледі бұлар да басмашылар. Басмашылар біздің достарымызды өлтірді, енді оларды аямаймыз, көздерін құртамыз. Бұлардың да басмашы екені анық. Оларды қаннен-қаперсіз отыр­ған жерлерінде бас саламыз. Жауды­  аяған  жаралы.

Сүлеймен осылай қызулана сөйледі.

Қарақшылар аз-кем тұрды да, қолдарына мылтықтарын алып, оқ-дәрі салынған белдемшелерін белдеріне байлап, тас қуысынан шығып, асу шетіне келгенде, сонау төменде, бағана өздері көрген тоғай ішінен әлі сөне қоймай, жылтырап жанған шоқтарды көрді. Барлығы бірден сол жақты бетке ала ылдилады. Тоғай шетіне де ілікті. Күндіз жоғарыдан тұтасып көрінген тоғай іші анау айтарлықтай қалың емес екен. Үш қарақшы күркелерге жақындады. Күркелер маңы тып-тыныш. Түн кезіп, алар жемтігін оңай қарпып кететін, нысанаға жақындағанда бірін-бірі тілсіз ұғатын бөрілердей әбден сұмдықтың небір түрлерін бастарынан өткізіп, шетінен тісқаққан қарақшылар атанған Сүлеймендер аз-кем уақыт тың тыңдап тұрды да, шеткі күркені қоршады. Барлығынан  жылдам Қараман  мысық  жүріс­пен күрке ішіне кіріп, артынша қайта  шықты.

- Мына күркенің ішінде  бірде-бір адам жоқ, тек бес-алты қап ұн ғана  бар  екен.

- Бұл жерде басқа үш күрке тұр. Үшеуміз үшеуіне барып, бір мезгілде­ күркені жығып жіберейік. Егер іштен біреу шықса ұрып не атып құлата  берейік, - деді Сүлеймен.

Осыған келіскен үшеуі аяқтарын еппен басып, жапа-тармағай тарасты­ да, бір-бір күркенің қасына барып тұрды. Парманқұл ең шеткі күрке­нің  жанына жете бергенде, «Ал бастаңдар!»  деген Сүлейменнің айғайы тоғай  ішін  жаңғырықтырып жібер­ді. Айғайдың артынша, кебу ағаштардың сықырлай құлаған дыбыс­тары  шықты.

Сүлеймен бар күшпен қос қолдап итеріп жіберіп күркені құлатты. Шатыр-шұтыр сынған шыбықтардың астынан адамдардың шошынып өкірген дауыстары шықты. Әлден соң шыбық астындағы дауыс­тар тына қалып, сынған бұтақтар қозғалақтап, астындағылар сыртқа шығуға талпына бастады. Сүлеймен ескі әдеті бойынша осындай шабуылд­арға шыққан уақытта үзеңгісін де ала жүретін, сол үзеңгімен шыбықтары қозғалған тұсты аямай соқты. Алғашқы қозғалған жері соққыдан соң бірден тына қалды. Екінші жерден бұтақтарды сындыра шыққан біреудің басынан тағы да үзеңгімен ұрды. Оның қасынан шыққан үшінші біреу: «үйбәй, өлтірмә, өлтірмә» деп айқайлап тұрып келе жатқанда Сүлеймен оны да бір перді. Бұл күркеден басқа адам шыққан жоқ. Сүлеймен ойраны шығып жатқан ана жақтағы күркелерге бұрыла бергенде, қара түнді дірілдетіп жіберген мылтық дауысы естілді. Осыдан кейін мылтық дауы­сы­ жиілеп, атыс басталды да кетті. Сүлеймен еңкейе салып, серіктеріне­ қарай жүгірді. Жүгіріп келе жатып, құлаған бір күрке ағаштарына сүрі­ніп кетіп, етпетінен түсті.

Сол құлаған жерде біреу бар екен. «Ә, әнәңниң... мә сеңгә» деп Сүлейменге пышақ сілтей бергенде Сүлеймен оның қолын шап беріп ұстап алып, әлгі пышақ сұқпаққа ниет­тенген адамның тамағын сол пышақпен орып-орып жіберді. Тамағынан сойылған адам Сүлейменнің үстіне құлады. Сүлеймен оны бір шетке лақтырып жіберіп, орнынан тұрып серіктеріне көмекке ұмтылды.

Қараман мен Парманқұл екеуі Сүлеймендей емес, олар күркедегі адамдарды алдымен мылтықпен атып, содан  барып  тірі қалғандарын­ ұрып-соғып  жайратып  салды.

Көп уақыт өтпей мылтық дауысы­ да, адамдардың айғайы да сап ты­йылды.

Айғай-шу тоқтаған соң Сүлеймен: «Қараман, Парманқұл» деп айқай­лады. Артынша:

- Сүлеймен, Парманқұл, амансыңдар ма? - деген Қараманның дауыс­ы  шықты.

- Болды, айқайламаңдар енді, аман сияқтымыз. Қашып кетіп тірі қалған басмашылар сыртымыздан дауысты бағыттап мылтық атпасын. Одан да таңға дейін паналайтын жер табайық, - деді Парманқұл.

Ай жарығында асуға шығып бағанағ­ы қуысқа жетуге болмайтынын барлығы сезіп, тоғайдың екінші шетіне қарай жылжып, ну ағаштың жанына келіп отыра-отыра кетісті. Қазақ қарақшылары сол түнді нудың тасасына отырып, ұйқысыз өткерді. Таң сызаттанып атқанда түндегі ойран­ салған жерлеріне бет алды. Көп кешікпей тоғай ортасындағы күркелер қасына маңдай тіреді. Мұнда келгенде бұл үшеуі өз көздеріне өздері сенбей қалды. Күркелердің қирағаны түк емес-ау, күрке маңын­дағы, шыбықтар астындағы серейіп-серейіп жатқан өліктердің ахуалы адам қарай алмайтындай жиіркенішті еді. Әне біреуінің басы мылжа-мылжа болып кеткен. Ал шеткі жақта етпеттей сілейген біреу­дің басы анадай жерде төңкеріліп жатыр. Осы сияқты күйдегі өліктер шашылып жатыр. Бірақ қан кешуді бұрын талай бастарынан өткізген бұл үш қарақшы өлі денелердің мұндай күйін көріп шошынып не жиіркенген жоқ, іштерінен «өздеріңе сол керек қаныпезер басма­шылар»  деді.

- Кешеден бері нәр татпадық, жеуге жарайтын бірер азық болса тойынып алайық.

- Қазір ол жайын қоя тұршы, Қараман. Одан да тоғайды бір аралап шолып шығайық, мүмкін тірі қалған  басмашылар  болса, тығылып жатқан шығар, - деді  Сүлеймен.

Барлығы бірдей тоғай ішіне енді. Біраз жүргенде тоғай ағаштары жиілеп­, қалыңдай бастады. Тоғай ішін сүт пісірімдей аралап, сиректеу­ шетіне шыға бергенде, бір долана ағашының тасасынан шапан киген біреу шыға келіп, мылтығын бұларға қарата бір атты. Қараман етпетінен жата қалды. Ал әлгі адам мылтық ұңғысын Сүлеймен мен Парман­құлға қарата тағы атты. Құдай сақтап, мылтық атылмады. Оғы таусыл­ған екен. Басмашы мылтығын тастай сала артына қарай қаша жөнелді. Ашуға булыққан Сүлеймен лезде әлгіге жетіп барды да, бала құрлы көрмей, жоғары көтеріп тұрып жерге­ бірақ  ұрды. Артынша Парманқұл да жетіп  келді.

- Тоқта, өлтіріп қойма, - деді осы кезде Қараман жерден тұра беріп.

- Өй, сен тірі екенсің ғой. Сені мылтық оғы тиіп өлді деп ойлағам. Құдайға шүкір,  аман екенсің.

Жерге сылқ етіп оңбай түскен басмашы осы кезде ыңырсып басын көтерді. Қараман шап етіп оның сақалы­нан  ұстап алып:

- Сұмырай, шыныңды айт, айтпа­саң, осы жерде бауыздап кетеміз. Алдымен кімсің һәм бұл жерде не істеп жүрген адамсыңдар? - деді.

Басмашының айтуынша, бұлар Ташкент маңындағы бір қышлақтан қызылдардан қашып, осында тығылып жүргендер екен. Басшылары Сайфулла деген сарт екен, ол қызылдарға қарсы осы тауларда күресіп жүрген басмашылардың бірі болып шықты.

- Мұнда орныққандарыңа қанша уақыт болды?

- Алты айдан асты.

- Сол алты айдан бері тамақты, оқ-дәріні қайдан алып жүрсіңдер?

- Алғашқыда өзімізбен алып келген малдарды азық еттік. Одан соң жақын маңдағы ауылдарға барып­ ұрлық жасап қайтамыз. Бұдан бөлек мына таудың арғы жағында Боштай паруанашының, Шураб үңгірінде Әрипхон хоқим­нің жасақтары бар, қатты қиналсақ, солардан азықты да, оқ-дәріні де аламыз. Бір-бірі­мізге қарасып тұрамыз.

- Әрқайсысың әр топқа бөлін­генше неге бірігіп алмайсыңдар сол  басмашылармен?

- Басшыларымыз олай етуге болмайды дейді. Бірігетін болсақ, қызылдар бізді тез тауып алады.

- Сендерден басқа да топтар қай жерлерде орналасқан?

- Менің білуімше Тарам, Шым­ған осы Құрама мен Қоқан тауларында басмашы топтары көп, оларға төрт құрбашы басшылық жасайды.

- Атың кім өзіңнің? - деді Парманқұл.

- Тохиржон.

Сүлеймендер Тохиржонды тағы сұрақтың астына алып, біраз жайтқа қанық болды. Содан басмашыны желкелеген күйі қираған күркелер маңына келді.

- Тохиржон, -деді бір кезде Сүлеймен. – Жасақтарыңда қанша адам бар еді?

- Жиырма екі адам едік. Оның тоғызы өліпті, менімен қосқанда, он үші қашып кеткен екен.

- Олар қашса қайда барады деп ойлайсың?

- Боштайға, не Әрипхонға ба­рады да.

- Олай болса, - деді Сүлеймен мылтығын сығымдай ұстап. – Бұлар өздерін басмашы атап бейбіт жат­қан ауылдарды қан қақсатады екен, сол басмашыларға қарсы күресейік. Қане, Қараман, Парманқұл аттанайық әлгі басмашыларға. Сен, Тохир­жон, бізді Боштай мен Әрипхонға баста. Ендігі кезек – Боштай мен Әрипхондікі.

Күллі Сыр бойы мен Ташкент маңына, Қазығұрт, Алай, Қамшық, Тәжік таулары мен бүкіл оңтүстік атырабына «қарақшы» деген аты жайылған, осы өлкелердегі әмбе ұрылар мен қарақшы-баукеспелер­дің көсеміне айналған бұл үш қарақшының жауға, әділетсіздікке қарсы алғашқы әрі соңғы аттануы емес еді.

Абдулла  БЕКӘДІЛҰЛЫ,

Қорқыт  ата  атындағы

ҚМУ-дың   магистранты

ЖАРАСҚАН АҚЫННЫҢ ӘЖЕСІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
27.12.2018 10:00

Қазақтың қай азаматы да, қай ақын-жазушысы да ата-әже тәрбиесімен ауызданып өскенін білеміз. Сонан да шығар, әсіресе ата шапанының етегіне оралып өскен, әжесінің аялы алақанының жылуын­  сезінген Алаш  қаламгерлері ала-бөле ұлттық салт-дәстүрге бейім. Сол қалпында есейіп, ержеткен кездері сарабдал салтымызды, дара дәстүрімізді ақ қағазға айнытпай түсіретінін қайтерсің.

Сол айтылғандай әже әлдиімен құлағына әдемі жыр әуені құйылған, әже көйлегінің етегінде ес жиған, ержеткен қазақтың тамаша ақындарының бірі Қазақстан Жазушылар Одағының мүше­сі, Мағжан Жұмабаев атындағы әдеби сыйлықтың иегері, марқұм Жарасқан Әбдірашев болатын. Енді Жарасқан сияқты­ жырлары жалынды, шабыты арынды,­ жастайынан дарынды ақынның әжесі кім, ел есінде қандай қасиет-қадірі­мен қалды екен деген сауалға жауап іздеп көрейік.

Бұған жауапты Арал ауданы, Жақсықылыш кентіндегі ардагер ұстаз, ұзақ жылдар ауыл балаларына салауатты өмір салтын үйреткен, осындағы №19 орта мектептің бұрынғы дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Орынбай Әбдікеров есімді азамат­  берген  болатын.

Орынбайдың әкесі Иса – Ұлы Отан соғы­сының ардагері, бертініректе қайтыс болған, ауыл-үйге қадірлі кісі ретінде есте қалған қарт. Сол кісі айтып отырады екен:

...1968 жылдың күз айы. Жарасқан ақынның әжесі, әкесі Әбдіраштың анасы Аңсаған (кейбір деректерде Аңсат) 94 жасында қайтыс болған жерде үлкендер жағы өткен-кеткенді еске алып, әңгіме көрігін қыздырып отырады. Бұл Жарасқан ақынның жиырма жастағы студент кезі еді. Сол кезде әңгімеге Әбдікердің Исасы араласып, қазаға жиналған жұрт біле бермейтін бір әңгіменің шетін шығарады.

– Жарықтық, Аңсаған ана нағыз жүрек жұтқан батыл әйел еді-ау. Ау, оның ұлы Әбдіраш та осал емес қой. Үмбет көкеміз бен Аңсаған әжеміздің Назым, Шиуа, Рахмет, Қоңыр, Мұса сияқты алты перзентінің ішіндегі бетке ұстары сол ғой. Әйтпесе атақты шайыр Нұртуған  Кенжеғұлұлы:

Сухан, Әбдіраш, құлақ сал,

Бір кедейдің мұңы еді.

Маған келіп шағынған,

Жүрмісіңдер белсеніп,

Ел таниды сыртыңнан.

Кедейге түссе мейірімің,

Дұшпан үркер бұлтыңнан, - деп өткен отызыншы жылдары осылай жырына тектен-текке қосар ма еді. Сол Әбдірашпен бірге туған ағайынды Рахмет пен Мұса менімен бірге соғыстың алғашқы жылдары әскери әзір­лікте болғанын қазір біреу біліп, біреу білмес, - деп қалың ойға шомып кетті...

Сұрапыл соғыстың екін­ші  жылы. 1942 жылдың жадыраған  жаз  айларының бір күні Аманөткел ауылдық кеңесінен 36 жас жігіт келіп, Арал теңізі теміржол стансасынан Батысқа қарай қызыл вагонға отырады. Бағыт­тары – от-жалын лаулап, оқ ысқырып жатқан қанды қырғын майдан даласы. Ішінде осы әңгіменің көрігін қыздырып отырған Әбдікердің Исасы, Үмбет­тің Рахметі мен Мұсасы бар әлгі жігіттер әуелі Ресейдің Троицк қаласына барып түседі. Бұл жерде оларды соғыс алдындағы дайындықтан өткізіп, күзге дейін химиялық қарудан қорғану оқу-жаттығу әдіс­теріне үйретіп жатады.

...Қараша айының соңғы күндері болса­ керек. Бір күні бөлімше командирінің «Ағайынды Үмбетовтер штаб бастығына кел» деген бұйрықты айғайы құлаққа ша­лын­ады. Оқу-жаттығу шараларына қатысып, шаршап-шалдығып жүрген жас сарбаздар әуелгіде «Не болып қалды екен?» деп бір-біріне сұраулы жүзбен қарайды. Кешікпей мұның сыры анық бола­ды.

Кешкілік әскери оқу-жаттығу аяқталып, казармаға келген бұлар әуелі өз көздеріне өздері сенбей қайта қарайды. Себебі әскери формадағы Рахметі мен Мұсасын екі жағына алған Аңсаған ана кенет көктен түскендей болады. Содан ауылда қалған өз аналары келіп қалғандай бәйек болып жамыраса сәлемдеседі. Кейбірінің көздеріне сағыныштан моншақтай-моншақтай жас үйіріледі. Мұнда қалай жеткен, қалай іздеп тапқан деген сауал да жоқ емес еді жерлес жауынгерлердің іштерінде. Сөйтсе байғұс ана тау асып, жер асып қос құлынын сағынып, олардың елге жазған үшбұрышты хаттарындағы мекенжайы, әскери орыны арқылы­  анықтап алып-ұшып жеткен беті екен. Қазақтың «Сұрай-сұрай Меккеге де барарсың» деген сөзі осындайда айтылса керек.

Көп кешікпей атшаптырым казарманың бір бұрышына көлдей дастарқан жайылып, Ақшатаудың дәм-тұзы жауынгерлердің алдарына тартылады. Оның ішінде қақталған, қуырылған сазан, жайын­ балықтары, ауылдың құрт-майына­ дейін болады. Сөйтіп Рахмет пен Мұса Үмбетовтердің анасы жандарында екі күн бірге болып, үшінші күні аналық ақ батасын­ бағыштап елге аттанып, бұлар майданға тартып кетіпті.

Міне, сол бір ананың, Жарасқан ақынның­ әжесінің қос перзентін іздеп қаншама бейнетпен жол шеккенін сол бір қария  осылайша  ойға  алған  екен.

– Аңсаған ананың ақ батасы дарыған шығар, оның ұлы Мұса екеуміз соғыс­тан елге аман-есен оралдық. Ал, екінші ұлы Рахмет Украина жерінде, менің тағы бір жерлес жауынг­ер досым, шөміш­көлдік Ардана жігіт Нағашыбай  оққа ұшып, майдан даласында мәңгі қа­лып қойды, - деген екен сонда  осыдан  жарты ғасыр бұрынғы әңгіме­сінде соғыс ардагері Иса Әбді­керов.

Аңсаған әженің қайраткерлігі, кісілігі Жа­расқан ақынның «Тоқпақ жілік»  атты  жырында  анасы  Даражаның сөзімен бейнеленеді. Аңсаған әже бол­мыс­-бітімі  былайша  суреттеледі:

Салт бойынша келе жатқан ежелден,

неге болсын түк үндемей төзем мен.

Атанғанмен «Басқарманың әйелі»,

барлық билік ауыспайды, әжеңнен.

Ал, әжеңнің шығып кеткен атағы,

уысында Үмбет шалдың отаны...

Алыс-жақын ағайынға, туысқа,

ат мінгізіп, шапан жауып жатады.

Азанменен оянбасақ әл құрып,

асасымен кейде тіпті алды ұрып.

Құтылмастай көруші едік, дүние-ай,

ол да кетті орнын бізге қалдырып.

Артық айтсам,

өзің кешір, жаратқан,

Тағдырыма тәубе деймін әр атқан!..

Сол енеміз еншілеген ақ отау

ертелі-кеш арылмайтын қонақтан...

Кейін Алашқа алдаспан жырымен танылға­н Жарасқан сияқты ақын немересіні­ң «Тоқпақ жілік» жырында суреттелетін әжесі Аңсаған ер жігіттер сындыра алмаған құнан қойдың тоқпақ жілігін қайратты қолымен сонда қақ бөліп, отырғандарды айран-асыр қал­дыр­ған  екен.

Міне, Жарасқан ақынның сол әжесі Аңсаған (Аңсат) Ұлманбет қызының шыққан­ тегі Кіші жүз Әлім тайпасы, Айдарбе­ктің Ардана руынан екен. 1882 жылы туып, сөзіміздің басында айтыл­ғандай, 1968 жылы 94 жасында Жарасқан ақынның атасы, өмірлік серігі Үмбеттен (1874-1926ж.ж) қырық екі жылдан кейін бұл дүниеден өтіпті.

Толыбай  АБЫЛАЕВ,

Қазақстан  Жазушылар

Одағының  мүшесі,

Ж.Әбдірашев  атындағы  әдеби

сыйлықтың  лауреаты.

АРАЛ және ҚАЗАЛЫ АУДАНДАРЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.12.2018 17:34

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қазалы ауданында Әйтеке би ескерткіші мен Мемлекеттік рәміздер алаңы, ал Арал ауданында сот ғимараты ашылды.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев әлеуметтік нысандардың ашылуына қатысып, аудан тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Қазалы қаласында биіктігі 20 метр болатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы орнатылған  Мемлекеттік Рәміздер аллеясы ашылды. Естеріңізге сала кетейік, Конституция күні қарсаңында Мемлекеттік Рәміздер аллеясы  Арал ауданында да ашылған еді. Мұндай аллеялар облыстың басқа да аудандарында салынатын болады.

Аллеяның ашылу рәсімінде аймақ басшысы «Елтаңба мен Көк Туға, Гимнге тағзым - тарихқа  тағзым, оларға құрмет – елге құрмет. Өйткені, мемлекеттік белгілеріміз – елдің құты, ырыс-қасиеті» деп атап өтті.

Қазалы ауданының орталығы, Әйтеке би кентінде Кіші жүздің биі – Әйтеке би ескерткіші ашылды. Монумент авторы - Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Қазбек Сатыбалдин. Ескерткіштің биіктігі - 12 метр. Ескерткіштің ашылуына арнайы Өзбекстан Республикасының Науаи облысындағы Әйтеке би кесенесінен топырақ әкелінді.

«Республика көлемінде Әйтеке биді есте қалдыру бағытында біраз жұмыстар атқарылды. Оның атында аудан, көшелер, ауыл бар. Осы ауданның орталығы да – Әйтеке бидің есімімен аталады. Өткен жылы бабамыздың еңселі ескерткішін орнату туралы шешім қабылдаған едік. Бүгін міне, Әйтеке бидің ескерткіші де өз тұғырына қонды. Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Патриотизм ең алдымен туған жерге, өз ауылына, қаласына, өңіріне және кіші отанына деген сүйіспеншіліктен бастау алады» деген болатын. Ал, қазақстандық патриотизмді қалыптастырып, ілгері дамыту ұлтымыздың ұлы адамдарының үлгі-өнегесін ұрпаққа дәріптеу арқылы жүзеге аспақ. Олай болса, Әйтеке бидей ұлыларды ұлықтау - бүгінгі ұрпақтың азаматтық парызы», - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын тарих ғылымдарының докторы, этнолог Ахмет Тоқтабай және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов құттықтады.

Іссапар барысында облыс әкімі Қазалы ауданындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Аудан орталығын ұлғайту және абаттандыру мақсатында  Әйтеке би кентін  көрші елдімекен – Қазалы қаласына біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Екі елдімекен арасын 11 гектар аумақ бөліп жатыр. Онда 24 кәсіпкерлік нысан салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Қазалы қаласының автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. Бұдан басқа, 600 орындық мәдениет үйі мен мекемелер құрылысы жүргізілуде, 250 орындық 12 екі қабатты тұрғынүй құрылысы жобасы дайындалды және жабық базар салуға жер учаскесі бөлінді.

Сондай-ақ бүгін Арал қаласында аудандық сот ғимаратының ашылу рәсімі өтті. Аудандық сот бұрын 1940 жылы салынған ескі ғимаратта орналасқан болатын. Бүгінде сот қызметкерлеріне ыңғайлы кабинеттермен, күту залдары және мұрағатқа арналған арнайы орынмен қамтылған  екі қабатты ғимарат салынып отыр.

«Елімізде сот жүйесіндегі жаңғыртулардың табысты жүргізілуі оның материалдық-техникалық базасына байланысты болмақ. Осы ретте, өңірімізде сот қызметкерлеріне және сала мамандары үшін еш кедергісіз  жұмыс істеуге көптеген мүмкіндіктер жасалып отыр. Бұл дегеніңіз - мемлекет тарапынан көрсетілген зор қолдау.  Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін дер кезінде және толыққанды қорғау - басты міндет. Енді жаңа ғимарат сот жүйесінің жұмысын жетілдіріп, азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғайтын орын болады және қызметкерлердің адал еңбек етуіне тың серпін береді деген ойдамын», - деді аймақ басшысы.

Естеріңізге салайық, қараша айында Арал ауданында 150 орындық орталық аурухана мен 300 орындық мектеп ашылған болатын.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША СЫР СПОРТШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.12.2018 17:29

«Мұз айдыны» СК мәжіліс залында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жылды қорытындылаған алқа мәжілісі өтті.

Мәжіліс аясында басқарма басшысы Олжас Акимов 21 спортшыға спорттық атақтар беру туралы куәліктерді табыстады. Оның ішінде грек-рим күресінен «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы» атағымен Ғабиден Райымбек, тоғызқұмалақтан Біржан Елеусінов, «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» - панкратионнан Саламат Қалжанов марапатталды.

Қалған спортшыларға спорт түрлерінен ҚР спорт шебері атағының куәліктері берілді.

ҚР Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалі еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбутәліп Амановқа табысталса, он бір спорт маманына Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекелік медалі берілді.
Сондай-ақ, Сыр спортын насихаттап жүрген журналисттер спорт басқармасының алғыс хаттарына ие болды.

Жыл қорытындысы бойынша үздік спорт¬шылар, үздік жаттықтырушылар, спорттық-бұқаралық жұмыстарды жолға қоюда жақсы жұмысымен тବныл¬ған қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен спорт мектептері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен марапатталды.

ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР
Парадзюдодан республика бойынша түңғыш Әлем чемпионы Олжас Оразалыұлы, 
байдарка және каноэде есуден III жасөспірімдер Олимпиада ойындарының чемпионы Диас Бахраддин, байдарка және каноэде есуден жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Мерей Медетов «Жылдың үздік спортшылары» атанды.

ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР
«Жылдың үздік жаттықтырушысы» деген атаққа байдарка және каноэде есуден облыстың аға жаттықтырушысы Мұхитдин Миербеков, 
әмбебап жекпе-жектен облыстың аға жаттықтырушысы Нұрбек Жармаханов, 
облыстық Паралимпиялық комитетінің парадзюдо бөлімшесінің жаттықтырушысы Руслан Беркімбай лайық деп танылды.

ҮЗДІК СПОРТ БӨЛІМДЕР 
Сондай-ақ, қалалық, аудандық спорт бөлімдері арасында Қызылорда қаласы бірінші орынды жеңіп алса, Жаңақорған екінші, Шиелі үшінші орындарды иеленді. Айта кетейік, Қызылорда қаласы осымен алтыншы мәрте жеңімпаз атанды.

ҮЗДІК СПОРТ МЕКТЕПТЕР
Спорт мектептері арасында 1-орынды №1, 2-орынды №2 және 3-орынды №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептері еншіледі. Айта кетейік, №1 спорт мектебі осымен сегізінші мәрте жеңімпаз атанды.

16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай спорт саласы қызметкерлер арасында волейболдан Қызылорда облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының кубогы өткізілген болатын. Жеңімпаз және жүлдегер командалар алқа мәжілісінде кубок, диплом, қаржылай сыйақымен марапатталды.

Басқарманың атқарылған жұмысына келетін болсақ, 2018 жылы облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 28,3 пайызға көтеріліп, 224 382 адамға жетті. 
Биыл облыстық бюджеттен 7 елді мекенде, Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендерінің құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. 
Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісін ұлғайту және шұғылданушылар санын арттыру барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 9 жоба іске қосылды. 
Орталық стадионның жеңіл атлетикалық манежге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Спорт мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында қала, аудан мектептеріне 8 автокөлік берілсе, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. 
Жыл басынан бері облыс спортшылары Қазақстан, Азия, Әлем чемпионаттарына қатысып, 1500 медальдарды иеленді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 700 медальға артты. 
2 – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 8 - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 62 - спорт шебері, 1073 - спорт шеберіне үміткер, 307 - І разрядты спортшылар дайындалды. 
Спорт түрлері бойынша 470 облыс спортшылары Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапына енді.

Л.Шоңғалова

ҚЫЗМЕТ АЛУ ҚОЛЖЕТІМДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.12.2018 16:03

Бұрынғы кездегі құжат жинақтаудың машақаты көптің есінен кете қойған жоқ. Қолдағы қағазда тізім, әр мекемеден әртүрлі анықтама мен түбіртек алу үшін кабинеттің алдында ұзын-сонар кезек күту... Бертін келе «Бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетті. Бүгінде сол қызметтің сапасы күн санап артып, сандық технологияға жетіп отыр. Соның айғағы ретінде апта басында Қызылордада сандық технологиялармен жабдықталған цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офисі. Мұнда азаматтар арнайы стенд-павильондарда орналасқан қоғамдық қолжетімді пункттер, «ConnectionPoint» өзіне-өзі қызмет көрсету секторының және планшеттердің көмегімен электрондық өтінімдерді өз бетінше тапсыра алады. Сондай-ақ, келушілер электронды цифрлық қолтаңба көмегімен өздеріне қажет кез келген құжатты рәсімдеп, цифрлық сауаттылық дағдыларын шыңдай алады.

- Бүгінгі таңда мұндай орталықтар Астана, Алматы, Шымкент және Қостанай қалаларында нәтижелі жұмыс істеп жатыр. Бұл – операторлардың қатысуынсыз мемлекеттік қызметтерді  ұсынудың жаңа  форматы.  Жалпы, облыс бойынша 13 фронт-офис,  41 бэк-офис, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Корпорация бизнес-процестерді автоматтандыру, қызметтер мен ақпараттық базаларды электрондық форматқа ауыстыру жұмыстарын сәтті жалғастырып келеді. Қазіргі таңда 741 мемлекеттік қызметтің 80 пайыздан астамы мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылуда. 2018 жылдың 11 айы ішінде филиал өңір тұрғындарына 1 млн 200 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсеткен. Қызметтердің 500 мыңнан астамы электрондық форматта ұсынылған, – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев.

Орталықта аптасына алты күн бойы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында оқыту сыныптары жұмыс істеп тұр. Ол жерде кез келген азамат электрондық үкімет порталын пайдалануды, электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен қажетті анықтамаларды алуды үйрене алады. Және оны игергендігі туралы сертификатқа қол жеткізеді.

Айта кетейік, жыл басынан бері көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алушылар саны көбейген. Сала мамандары мобильді азаматтар базасына тіркелушілер мен «Connection point» секторында өздігінен қызмет алушылардың саны өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым артқанын айтады. Мысалы, есепті мерзімде  300 мыңнан аса қызылордалық электронды цифрлық қолтаңба алса, өзіне-өзі қызмет көрсету алаңында 745 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы филиалының көшпелі баспасөз мәслихатында мәлім болды.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстық әкімдікпен бірлескен іс-қимыл жоспары негізінде филиал арқылы 2018 жылдың 11 айында 50 мыңға жуық адам цифрлық сауаттылық курстарынан өтіп, тиісті сертификаттарын алды. Одан бөлек, Қызылорда қаласындағы үш ЖОО-да студенттерге қызмет көрсету орталықтары ашылды. Филиал мамандары ондағы қызметкерлер үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырып, оқыту жұмыстарын жүргізген.

2018 жылы «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсеткіші 72 пайызға артқан. «Connection point» арқылы 2017 жылы 208 562 қызмет алынса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 745 мыңға жақындаған. Яғни 70 пайызға артып отыр. Бұл жергілікті халықтың цифрлық құрылғылар мен қондырғыларды еркін игеріп, сандық сауаттылығының артқандығын білдіреді. Айта кетейік, мемлекеттік корпорация ТМД елдері арасында алғашқы болып мемлекеттік қызметтердің проактивті қағидатын енгізді. Оңтайландыру аясында іске қосылған жоба арқылы проактивті форматта туу туралы куәлік рәсімдеуге болады. Жоба іске қосылғалы бері облыс бойынша сәбилі болған 6300-ден аса анаға проактивті қызметтерді алуға SMS ұсынылып, 4000 бала балабақша кезегіне қойылған. Сондай-ақ, 2500-ден астам жәрдемақы тағайындалған.

Брифинг барысында филиалдың мамандандырылған ХҚКО арқылы көрсетілген қызметтер де сөз етілді. Жыл басынан бері 65 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Қызылордалықтар барлығы 92 млн теңгеге жоғары сұранысқа ие 400-ге тарта  көлік нөмерін сатып  алған. Электрондық үкімет порталы арқылы 133 автокөлік тіркеліп, өңірдің 2 мыңнан аса тұрғыны жүргізуші куәлігін рәсімдеген. Бүгінде мамандандырылған ХҚКО-ға автокөлігін тіркеуге келген азаматтар, сонымен қатар бос тұрған  нөмірді, нақтырақ айтқанда саудаға түспейтін нөмірді және әріптік таңбаларды таңдай алатын еркіндігі бар.

Халықтың ең көп сұранысқа ие жер және жылжымайтын мүлікті тіркеу секілді мемлекеттік қызметтері «бір терезе» қағидасы бойынша ХҚКО арқылы жүзеге асады. Қызметтерді бір жерден алу мүмкіндігі өкілетті органдар мен азаматтар арасындағы тікелей байланысты болдырмай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, әкімшілік кедергілерді азайту үшін ұсынылып отыр. Сонымен қатар бүгінде мемлекеттік корпорация жүктілікке, мүгедектік алуға, асыраушысынан айырылуына байланысты және зейнетақы тағайындау сияқты 43 түрлі әлеуметтік төлем бойынша мемлекеттік қызмет түрлеріне де жауапты.

- І және ІІ топ мүгедектігі бар адамдар электрондық үкімет порталының 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, мемлекеттік қызметтерді үйлерінде алуға болады. Қоңырау арқылы тапсырыс берілгеннен кейін мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері бұл азаматқа  72 сағат ішінде барады. Жыл басынан бері филиалдың мобильді жұмыс тобы 1800-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтың өтініші бойынша үйіне барып, 2200-ден артық қызмет көрсетті, - дейді мемлекеттік корпорация филиалының директоры А.Бөкенбайұлы.

Алдағы уақытта облыс бойынша миграциялық қызмет көрсету орталығын ашу көзделуде. Шетелден келген азаматтар бұған дейін салық мәселесі, ЖСН және медициналық анықтама алу үшін бірнеше жерге барып, 5-6 күнін жоғалтатын. Енді еңбек мигранттары қажетті қызмет түрлерін «бір терезе» қағидасы  бойынша  ала  алады.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

Жұмыла көтерген жүк жеңіл PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.12.2018 10:29

Биылғы жылдың 23 желтоқсаны күні сағат 14:30 шамасында Сырдария өзенінің бойындағы қорғаныс бөгеті жырылып, дарияның ескі арнасына су ақты. Осыған орай, аудан әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы шұғыл түрде өткізіліп, атқарылатын жұмыстардың көлемі нақтыланып, тиісті сала басшыларына міндеттер жүктелді.

Нәтижесінде азаматтық қорғау құрылымдарының жеке құрамы мен техникалары оқиға орнына тартылып, қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда қорғаныс бөгеттеріне қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген, бұл мақсатта 150 адам, 31 арнайы техника жұмылдырылған.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Шырша шамы жағылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.12.2018 10:27

Әне-міне дегенше Жаңа жыл да есік қақты. Жұртшылықтың жүзінен мерекелік көтеріңкі көңіл күйді аңғаруға болады. Орталық алаңда жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Рәсім барысында аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов барша аудан тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Қазалы ауданы жаңа жылға жаңа табыстармен келіп отыр. Жуырда Тәуелсіздік күні мерекесін жоғары деңгейде атап өттік. Ширек ғасырлық жемісті жұмыстарға аудан халқының да қосып отырған үлесі орасан», - деген Әлімжан Мұратбайұлының лебізіне жиналғандар қызу қошемет білдірді.

Мұнан соң мерекелік шара басталды. Аяз ата, Ақшақармен суретке түскен көпшілік мәре-сәре. Шара соңы отшашуға ұласты.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 
Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары