Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Желтоқсан 2018

БҰРЫНҒЫДАЙ «БАП» ҚАЙДА? PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
20.12.2018 14:31

Жаңа  жылдық  қарбалас

Бүгінде Григориан күнтіз­бесіндегі «Жаңа жыл мереке­сіне» деп бөлінген қаржыны әдеттегідей жергілікті әкімдік буып-түйіп дайындап отыр. Бюджет тапшылығы бүйірден қысқасын ба, әлде президент­тің пәрменінен кейін бе, биыл жаңа жылдық әлем-жәлем безен­дірулерге бұрынғыдай ақшаны оңды-солды шашу тыйылғандай.

Әзірге Алматы әкімдігі былтырғы жомарттығына басып, биыл жаңа жылды жақсы көңіл күймен қарсы алуға қазынадан 75 млн теңге бөлуді ұйғарыпты. Естеріңізде болса, Бауыр­жан Байбек бастаған қала билігі өткен жылы жел­тоқсандағы барлық мерекеге бақандай 630 млн теңге жұм­сап, елді естен тандырған. Биыл қаржының аз бөлінуіне қарағанда, шамасы, Алматы әкімі былтыр сатып алынған түрлі-түсті жарық шамдары осы жылы да кәдеге жарайды деп шешкен  секілді.

Мәлімдемелері ылғи «хит»-қа айнала­тын Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шырайл­ы шаһар тұрғындары жаңа жылды «вау» дейтіндей көңіл күймен қарсы алу үшін барын салып жатқан көрінеді. Бюджеттен 70 млн теңге жұмсауды жөн санаған екен. Шымкент әкімі өз сөзінде:

– Мен ойлаймын, үлкен қала үшін 70 млн теңге көп ақша емес. Кез келген адам өмірді «вау» деп сүргісі келеді. Әйелдер неге боянады? Біз неге әдемі киім сатып аламыз? Неге сыйлық  жасаймыз?  Себебі  «вау» болу  үшін. Егер тұрғындар жаңа жылдық­ безендіру қажет емес деп шешсе, оны  жасамай  түнерген қала­да­  өмір  сүрейік  онда, - дейді.

Есесіне Қызылорда қаласының тұрғындары оңтүстік әкімі айтпақшы, биыл «вау» демейтін тәрізді. Былтыр қазынадан бөлінген 12 млн теңгеге облыс орталығындағы бір­қатар көшелерге жаңа жылдық жарық шамдары жүргізіліп, әжептәуір әр беріп, тұрғындарға тамаша тарту жасалғ­ан-ды. Биыл  ше?

– Жаңа жыл мерекесінде Қызыл­орда қаласында жылдағы дәстүрге сай шырша тігу, безендіру жұмыстары жүргізіледі. Мерекелік шырша қаланың бес жерінде орнатылады. Олар: Орталық алаң, Жібек жолы көшесі, Теміржол вокзалы, Ғ.Мұратбаев атындағы стадион және Ы.Жақаев көшесі бойында. Бұдан бөлек Жібек жолы, Абай, Желтоқсан, Тоқмағанбетов көшелері және қаланың шет аймақтары жаңа жылдық мерекеге сай безендіріледі. Осы жұмыстардың барлығына қалалық бюджеттен 6 млн теңге қарастырылған. Жаңа жылдық безендіру жұмыстарының барлығы Тәуелсіздік мерекесінен кейін басталады, - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Ғабит Ұзақбай.

Айтпақшы, Тәуелсіздік мерекесі аталып өткеннен кейін келесі күні-ақ орталық алаңда жергілікті қала басшылығы іле-шала шырша орнатуға кірісті. Ал, жаңа жылдық безендірулерге өзге өңірлердің қанша қаржы бөлгені әзірге белгісіз.

Мұндайда «Наурыз мейрамына неге осылай жан­таласа дайындалмаймыз?» деге­н сауал жауапсыз қала бермек.

Қозы  Көрпеш  Жасаралұлы,

Сурет  Д.Эшатованың  фейсбуктегі парақшасынан  алынды. (17.12.2018ж)

 


МАҚТАНА АЛАСЫЗ БА? PDF Print Email
Жаңалықтар - Бүгінгінің болмысы
20.12.2018 14:27

- Қазақ болғаныңызға мақтанасыз ба?

- Әрине! Мақтанамын! Не айтып тұрсың?!

Бұл сұраққа әдеттегі жауап осы. Ал енді мы­сал­ға  көшейік...

Бірінші көрініс: Құ­рылыс басы. Қайнаған тіршілік. Қыс. Бетті аяз қариды. Оған қарап жатқан құрылысшылар жоқ. Биік ғимараттың қабырғасын өріп жатыр, кір­пішті кезегімен қалап жатыр. Күңк еткен біреу екіншісіне қарап: «Ас ішерде деген, қазақ ғана қыста құрылыс салады. Әйтпесе, көктем болғанда мынаның қабырғасы сөгіледі ғой», - дейді. Екіншісі оның ізімен: «Қазақты Құдай бейнетке жазған, орыс болса, қап-қап цементті бесін­ші қабатқа қолдап тасымас еді», - деп жауап қатты.

Екінші көрініс: Базар. Ығы-жығы халық. Бұрымдысын сабаққа бару­ға  даярлаған  ана. Ана тілін алмаған қыз. Анасы: «Бәрі – қырғыз­дікі. Бәрі – қытайдікі. Бәрі – өзбектікі. Қазақ тек шашылуды біледі. Әу баста қой баққан, сол күйі күйбің тірлікті ғана қалайды. Асылы, қазақ – жалқау. Әйтпесе осыны өзімізде тігуге болады ғой!».

Үшінші көрініс: Банк. Мұнда да сапырылысқан жұрт. Бірі несие төлеп, бірі бала­бақшаға ақша салып жатыр­. Енді бірі несие алуда. Ұзын сонар кезектен жанжал шықты. Кезек­ бұзылған. Біреу кезексіз банк қызмет­керіне кіріп кеткен. Сонда бірі: «Айтсаң, өзімізге тиеді. Осы сорлылығымызбен ел бо­луы­мыз қиын шығар. Қазақ ғана бір-бірін алдай­ды. Қазақ ғана бір-біріне қысастық қы­лады». «Баранами были, так ими и остались», - дейді екінші қазақ. Жай қазақ емес, өзінше «интеллигент қазақ».

Денеміз дір етпейді. Шімірікпейміз де. «Қа­зақта не әкеңнің ақысы бар?!» дейтін ешкім жоқ. Күнделікті күйбің тір­лікте қазақты осылай қазақ жер етуде. Ал содан кейін мақтана аласыз ба?

Тағы бір қызық мысал, қазақты қарекетіне орай «неміс», «татар», «еврей», «өзбек», «қытай» ету басым. Одан бөлек, шыққан дарынымызды да баз біреудікіне ұқсата саламыз. Мәселен, «Қазақтың Гомері», «Қазақтың Есенині», «Қазақтың Модельианиі», «Қазақтың Вашингтоны», тағысын тағылар. Шыққан «ұлымызды» «Қазақтың Мағжаны», «Қазақтың Нұрсұлтаны», «Қазақтың Жамбылы» десек, аузымыз қисайып қала ма? Әлде біздің мәдениет пен өнер, дәстүр мен салт кейін дамып па? Болмаса өзгеден көшіріп басатын, аударып алатын «ұрлықшы» халықпыз ба? Жоқ! Күллі Еуропа бұтына жапырақ байлап жүргенде, қазекем шалбар киіп, атқа қонып, жұрт аңсайтын әрі қорқатын, көргенін үлгі ететін ұлт болған. Мәдениеті мен дәстүріне, ойы мен дағдысына тәнті еткен. Кентаврлар  елі  атанған.

Бойыңызды мақтаныш кернеді ме? Кеттік арыға. Аңыз дейміз бе, тарих дейміз бе, Гомер ақсақал жазып қалды­рған «Илиада» дастаны бар (Жұрт поэма десін, ал біз дастан және қисса жазғанбыз). Сол туынды Троя со­ғысы туралы өрнектейді. Соғыс­ қызған шағында әйгілі Ахилдің інісі Гектордың қолынан өліп, Ахил трояндық ханзаданы жекпе-жекке шақырады. Приамның ұлы сол жекпе-жекте мертігіп, Ахил жауын қосынға дейін атпен сүйреп барады. Шөп-шалам, бұта-тасқа соқтыққан Гектордың денесі адам көргісіз күйге түседі. Беріге келейі­к, Тигр мен Евфрат өзені аралығында Ассирия деген мемлекет болған. Алғашқ­ы мемлекеттің та­рихы да қанқұйлы. Жеңілген елдің патшасын арбаға жегіп, ел астанасына дейін Асси­рияның патшасын сүйреп келуі керек екен. Нақ тарих солай. Сәл жылжиық, Лидия мемлекеті. Крез сол елдің соңғы билеушісі еді. Кир Лидияны жаулап, патшасы Крезді торға салып, торды айналдыра от қояды. Мермрад әулетінің соңғы тұяғы осылай мерт болады. Одан беріректе, Рим деген империя болған. Сол алып державаны  құлату үшін қанша тұлға мерт болды? Карфагендік Ганнибал Барка, алғашқ­ы көтерілісші Спартак, тағысын тағылар. Олар Римге барар жолдың бойында ит-құсқа жем болып, крестк­е ілініп жан тапсырды. Солай қор болды. Дәл солай тарих жауды азаптап өлтір­ген, мүрдесін қор еткен билеу­шілердің қанқұйлы саясат­ымен жазыла берді. Кешегі­ Гитлер де, Сталин де жауын аяған жоқ. Өлтірді. Өлтірген соң мүрдесін қор­лады. Қанша қазақ батырының басы Ресейде Эрмитаж бен Кунсткамерада жатыр. Денесі бөлек, басы бөлек.

Ал қазақ ешқашан жауына қорлық көрсетпеген.

Сол қазақ ешкімге қиянат қылмаған.

Сенбейсіз бе? Тағы бір мысал, Кекірелі деген елді мекен бар. Атаулы жерден оңтүстік-батысқа қарай 12,5 шақырым жерде Тықы батырдың мүрдесі жатыр. Қазақ батыры емес, қарақалпақтың қолбасшысының бейіті. Қазақ жерінде өзге батыр неге жерленген дейсіз ғой. Мән мынада, ел аузындағы әңгімеге сенсек, күн­дер­дің күнінде шау тартып, қартайған шағында Жақайымның Жылқайдар батырының қамсыз жатқан ауылына қарақалп­ақ Тықы үш жүз сарба­зымен  шабады. Қызын күң, ұлын құл етіп, малын айдап әкетеді. Қарт батырды қапыда өлтіріп, сауытын қанжығаға байлап кетеді. Мұны естіген Есет, Толыбай, Ақтан, Жанқожа батырлар қазақ жеріне етене енген қарақалпақтарды Хиуа жеріне апарып тығады-мыс. Он жеті-он сегіздер шамасындағы Жанқожа Тықы батырды жекпе-жекте мерт еткенде, батырын тастап қарақалпақтар жан сауғалайды. Мұны аңғарған қазақтар жау болса да батырлығын еске­ріп, арулап жерлеп, мұнара көтереді. Мұнымен қалайша мақтанбасқа?! Қалай кеуде кермеске?! Жауының аруа­ғына құрмет көрсеткен баба жұрттың қасиеті бойға леп, денеге қуат береді.

Әр ұлттың өзіне тән қасие­ті бар. Ұлт – уақытындағы адам. Оның бойындағы бар қасиет ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Әкеден балаға­, атадан немереге. Қазақта жатқан жері жақсы, қаны текті деген әңгіме содан шықса керек. Ал ұлтты жа­манд­ау, қазақты даттау – әр адамның өзін сөгумен тең.

Рас, қазақ кеш қимылдайды. Бірақ қимылдайды. Өйт­кені біз кеш қарекет етеміз. Мәселен, сандық технологияға қазақ енді келді. Сымсыз байланыс дегенді кеше игердік. Себебі, сіздің де, біздің де сандық әлемге қызығушылығымыз болған жоқ. Енді үйреніп жатырмыз. Айтпақшы, қазақтың арысы Мұстафа Шоқай «Жаман ұлт жоқ, жаман адам бар» дегені бар  емес  пе?

Африкада арыстан деген жануар бар. Біздің танымда ол аң патшасы. Айбаттылықтың, қаһарлылықтың ныша­ны.­ Есесіне гиена деген тағы бір жыртқыш бар. Жыртқыш деуге келмейді. Қарақшылық қылып, өзге әлсіз етқорек­ті­лердің азығын тартып жейді, мықтысынан ұрлап жейді. Әйтеуір шәуілдеп күнін көруде. Екі жыртқыш бір-біріне жау. Гиенаның жақ күші арыстандікінен мықты. Оның жағының күші 71 атмосфералық қысымға тең. Сүйекті жұғым көрмейді, шайнай салады. Ал арыстан­дікі 40 атмосферлік қысымға тең. Бірақ жалғыз арыстан мен жалғыз гиена кездессе, міндетті түрде арыстан жеңед­і. Бірақ, гиеналар арыс­тандардың жемтігіне айналуы қиындау. Өйткені олар топ болып өмір сүріп, ирархиялық заңдылықты сақтайды. Солай аман қалады. Солай­ көбейген. Ал арыстандардың гиена жемтігіне ай­нал­ғаны жиілеп кеткен. Өйт­кені арыстан прайдпен өмір сүргенмен, олардың табиға­т­ында қалыптасқан заң бар. Еркек арыстандар прайд қожасы болу үшін жан алысып, жан берісіп төбелеседі. Кім әлсіз, сол прайдтан кете­ді. Әлсіздік – кемшілік. Одан бөлек жеңген арыстан жеңілгенінің ұрпағын шайнап өлтіреді. Өзгеден тұқым қалмасын деген де заңдылық. Тағы бір қызығы, арыстандар да өз ұрпағына (ұрғашы арыс­танға) шаппайды. Уақыты келгенде оны да үйірден қуып жібереді. Жеңілген арыстан да, үйірден қуылған арыстан да жаңа прайдқа қосылғанша жалғыздан-жалғыз күн кешеді. Оларға жал­ғыз жүріп жем табу қиын. Әрі бөлек-салақ жүрген арыстан гиенаға таптырмас азық. Гие­на­ның ұтымды саясаты – бір­лігінде. Сол үшін әлсізін де, мықтысын да жауға бермейді.

Мысалдан ойға, кемші­лікті тайға таңба басқандай көрсетіп, бетке баса бер­ген­нен ұтқандар жоқ. Бізге ке­ре­гі – бірлікпен тірлік ету. Кемшілік кез келгенде бар. Ал ұлт кемшілігі – біздің кемшілігіміз. Біз оң жүрсек, ұлт та оң қадам жасайды. Сол жүрсек, ұлт та теріс қимылдайды. Қорыта айтқанда, ұлтты кеміткенше, өз басымыздағы мінді түзейік. Қа­зақтығымызбен мақтанайық!

 

Дастанбек  САДЫҚ,

журналист

 


Жел тұрмаса PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
20.12.2018 14:24

Қазалы ауданында біршама жыл бұрын басы дауға қалып, ісі тәртіптік кеңесте қаралып, қызметінен босаған бір ауыл әкімі осы лауазымға қайта кірісіпті. Ескі де, жаңа әкім жоғарыдағы ықпалды бір кісінің інісі көрінеді.

***

Жақында облыстағы бір аудандық ауруханаға басшылық етуге келген бас дәрігер қарамағындағы қызметкерлерге дөрекі сөйлеп, мәдениет­сіздік танытады екен. Сырттан келген су жаңа басшының бұл әдеті сонда жұмыс істейтін қызмет­керлердің қытығына тиіп жатыр деседі.

***

Бір аудан әкімі бір бөлімге білікті кадр таппаған­ соң, сол салаға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, мамандығы өзге адамды басшылыққа  әкеліпті.

***

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақала­сы жарық көргеннен кейін облыстық басқарм­алардағы мемлекеттік қызметкерлер журналистерге «Елбасының мақаласына орай ақысына материал жазып беріңізші» деп жиі өтініш  айта  бастапты.

 


ШАҺИДТЕР РУХЫНАН СҰРАУ БАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
20.12.2018 14:17

Аймақ  басшылығы  назарына

Қарымды  қаламгер, белгілі жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Молдахмет Қаназдың «Қазалы» аудандық газетінің биыл көктемгі екі бірдей санында (17-21 сәуір) және халықаралық «Түркістан» газетінде (23 тамыз) жарияланған «Арықбалық ахиреті» атты еңбегі біраздан көңіл көзінде жүр. Даңқты Жанқожа батыр, әулие ғұмырнамасына өмірінің ұзақ жылдары мен шығармашылық әлеуетін арнаған жазушының бұл еңбегі де сол сабақты тақырыптың жаңа бір тармақ өрбіткен бұтағы іспетті. Айтпағы терең, дерек-мағлұматы тамырлы осы еңбек көңілге көп ой салды.

Батыр, әулие Жанқожа баба­мыз­дың біз  білетін  ғұмыр-тағдырындағы ең бір ереуіл де қасіретті кезең – 1856 жылдың соңынан 1860 жыл – өмі­рі­нің ақыр сәтіне шейінгі уақыт. Бұл кезең ХІХ ғасырдың орта шенінде орыс жаугершілері іш өлкелерімізге сыналап кіріп, сол жылансырғақ жылжуда белді-белді бекеттер – «Райым­», «Қазалы», Перовск бекі­ністерін көтере қорғандап, табан тірей орнығып алған тұс еді. Сол қатардан «Қазалы» форпосты маңында 1856-57 жылдары болған батырдың ел азаттығы жолындағы ақтық шайқасы, сонан кейінгі «аруақ қайтқан, талап мұқалған» шарасыз халдің үш жылы – әулиенің жан қинаған жалғы­здықта, ой-толғақта өткізген аса қиын ғұмыр-алабы болды. «Қы­зылдың құмаршығын ғана жанға тал­ғажау еткен», анығы, батыр-әулиенің мына жалғандағы өз жан-қылуетіне кеткен бір басалқалы сәті еді ол. Тіміскі ниеттер өз пиғылдарында жандары жай тапқан ба – сұмдық қасірет­тің салқын лебі тым тақау қалған...­

Біз тарихтардағы талай ереуіл жайттар мен қанды-қасап оқиғаларға әбден қаныққан жұртпыз. Тіпті, мыңжылдықтар оқиғаларын көзбен көргендей сенімде жүреміз. Ал осыдан бір жарым ғасыр шамасы ғана бұрын, өз төрімізде бұрқап өткен, шын мәнінде төл тағдырымызда ауқымы зор, мәні терең жайттардан шала-пұла екенімізді осы өзіміз көп­аса парықтай бермейміз. Кешірімсіз кемшіндігіміз деуге болар еді.

Қазақ жерінің ауқымды аумағында тағдыр таланына жазған ерлік істің неше үлгісін сонау жас шағынан бастан кешіп келген Жанқожа бабамыздың хас батырлық һәм әулиелік дәргейге жеткен рухани толымды кезеңі – сонау жылдар еді. Шын мәнінде, қуаты Сырым Датұлының, Кенесары хан күресінің қатарында тұрған, ал терең қасіреті мен жан тебір­еністері қатпарында, демек, адам жанының сезімдік құбылыс­тарында бәлкім, солардың бәрінен тереңірек кеткен жағдай бұл. Зерт­теуші үшін, әсіресе, жан сейісі – қаламгер  үшін  терең  тақырып...

Мен, оқырман ретінде біраз уақыт, батыр ғұмырының соңына халық қасіре­тінің үлкен қанды нүктесі боп қойылған сонау оқиғаны (батырдың Қазалы маңындағы соңғы шайқасын) ғалым Т.Шойынбаевтың нақты, қысқа мәліметтері арқылы жаным ауыра қабылдап, сол деректерге біраз байырқалап келген адам едім. Ал М.Қаназ сөзі бұл танымды бұзған жоқ, өз шындық-дерегімен әрірек, биігірек бір білік пен таным тұғырына­ апарып орнықтырды. Және жағдайдың адамдық болмысы мен адами сырын қазбалай айтып жеткізді. Батыр­дың адамдық болмысы, адами сыры – әулие өмірбаянына тәубелі-ықыласты ұрпақ үшін аса құнды тарап­. Бұл сезім жазушының алғашқы «Ел қорғаны – Ер Жәкем» (2008 ж.), 2014 жылы жарық көрген «Жанқожа Нұрмұхаммедұлы – 240» кітаптарының ресми-қатқыл, тарихи-келте, батыр­лық баяндаулары арасынан көркем сөз, пәлсапалық өрнектеу­лерде шаң бере бастаған бір адами нәзік тін еді.

Дәстүріне берік автор мына аталмыш  мақаласында да барлық тарихи уәж, дерек-дәйек, тіпті, дақпыртты дейдісөз жорамалдарды бір дестеде жаймалап, тағы да байыпты зерде, сараптау мехнатын жүргізеді. Архив­тер мен дереккөздерде бірде айқын, бірде бұлыңғыр ишаралар артына бұқтырылған мәліметтерді бері тарта,­ реттілік пен қисын таразысына сала, тек ақиқат тұғырлы шындыққа жүгінеді, әділігіне адал сөз саптауға тырыс­ады. Мойындатар деректілік сенімі және батыр-әулиенің адами жан қасіретін ұғыну сезімін әкелетін рухани тұшыну да осы жайттардан туындап  жатыр.

«...Оқпанынан от шашып тұрған зеңбіректер мен анталаған картечке қарсы ел намысы, туған жер азаттығы үшін көрінеу-көзге жалаң кеуделерін тосып, құрбандыққа кеткен қайран боздақтар-ай!..» деп басталатын еңбектің ой-сарыны әлі де Қазақ шежір­есі бедерінде анық, толық орны мен бағасын ала алмаған, тарихи-мораль­дық түйінді тұжырымы жасалмаған тарихи ұлы оқиға, елеусіз-ескер­усіз кеткен есіл ерлер аруағы хақын­дағы күйзелісті көңілде жатыр. Мәселе қордалы да сабақты. «...Содан бері талай заман төңкерілді, қоғам қырық құбылды, балапан – басы­на, тұрымтай – тұсына, байтал түгіл бас қайғы алмағайып кезеңдер өтті. Патшалы Ресейдің қас жауы, одан кейінгі Кеңес өктемдігі кезінде талай тәлкекке түскен көтеріліс қалай ғана егжей-тегжейлі зерттеле қойсын.

Елдігімізге сын болып табылатын осы бір әлдеқашаннан көкейде жүр­ген түйткілді оқиға туралы сол жазық-жапасыз боздақтардың негізгі іздеушілері, жерлестерім – Қазалы жұртының үлкен-кішілерінің қаперіне салу сіздің бұл пақырыңызға парыз етілді. Уақыт озған, бірде-бір куәгердің көзі жоқ, ауызша деректер болса да келмеске кеткен, сол кездегі дұшпандардың қолынан өткен құжаттардың көбісінде шейіттер туралы мағлұматтар баспа-бас түгенделіп, қағазға түспеген. Біз сол бұлыңғыр соқпақты шыжымдап көрдік. Сол күйі сұраусыз жоғалып бара жатқан аруақтардың рухтары үшін, бейкүнә төгілген қан­ның өтеуі үшін, жетіліп келе жатқан жас ұрпақ санасының сергектігі үшін... Ақыры, еліміздің абыройы үшін». Қамтыңқырап алынған осы кесек сөзде мақаланың недәуір рухани­ салмағы тұр. Бір жарияланым төңірегінде біраз ой қозғай, бізге де қолға қалам алғызған осы салмақ.

«Өлі аруақ риза болмай, тірі байы­майды» деген тәжірибелік уәж де бұл жерде өңсіз тартып қалар еді. Мәселе­ Жаратқанның жалпақ жалғанында жер басып жүрген тірілердің мойнындағы парыз деген салмақта жатыр. Мақала бұл хақында ә дегеннен өткір мәлімдейді: «Өткен, 2017 жылдың  9 қаңтарында өзіміздің Қазалы маңында, басым бөлігі Арықбалықта, ел азаттығы үшін кеуделерін оққа тосқа­н жанкешті боздақтарымыздың қызыл қырғын бықпыртқа ұшырағанына 160 жыл болды. Әріні әрі делік, беріні қызыл құрсаудың қыспағында болып едік деп бұқпантайлалық, еліміз егемендік алғалы 30 жылға таяп қалса да, ұлығы – ел абыройы, берісі – бүгінгі ұрпаққа, әр азаматтың арына қатысты бұл мәселе жөнінде мәу деген бір пенде болса кәне? Жабулы­ қазан сол жабулы күйінде жатыр. Ештеңе болмағандай, ешкім ештеңе білмейтіндей.

Халықтың сол ызалы толқуының шырқау шегі қан судай аққан Арықбалық ахиреті болатын...». Автордың осы атап көрсеткен мерзім межесінен бері де жыл өтіпті. Жабулы қазан – әлі жабулы қалпы... Өз тарихымызда біз үшін, ұрпақ үшін алақол саясатқа салатын жайттар болмаса керек. Ал Жанқожа батыр, әулие өмірінің ең қасіретті кезеңі, төменгі Сыр елінің азаттық жолында жан беріскен аса елеулі күрес оқиғасы – бедері жермен жексен болған мәлімсіз бейіттей көзден де, көңілден де тым алыста, елеусіздеу өшіп бара жатқаны қалай? Бұл – өкінішті жайт! Мақаланың өз сөзімен айтсақ: «...Ел аман, жұрт тыныш­та біздің мұншалық бой­күйез­дігімізді ата-бабаларымыздың адал қандары, ахирети аруақтар кешіре алар ма екен?». Соңғы екі ғасыр шамас­ы оябын алсақ, елім деп еңіре­ген­ Сырым Датұлы күресі, Кене­сары хан жорықтары, 1916 жылғы ұлт-азаттық­ қозғалыс,  Желтоқсан  көте­рілі­сіндей – қазақ тарихындағы шоқтығ­ы  биік оқиға ғой бұл.

Автор тарихи дерек-дәйектер арқыл­ы  бекемделген  сол  күнді – 1857 жылдың  9 қаңтарын – қазақ азаттығ­ы жолындағы халық күресінің бір Күні, боздақтарды еске алып, аза тұтып, рухтарына құран бағыштайтын күн етіп белгілеуді айтады. Сонау­ аруақты жерде ерлер рухына ескерт­кіш көтеру мәселесін ұсынады. Осы тұс аталмыш еңбектен тағы бір үлкен ой сұранып тұр: «Қазалы – әр үй, әр көшесі заманалардан сыр тартқан, тұтасымен тарихи қала... Халық көтері­лісінде қоршауға алынған осы қала – тарихи оқиға ошағында – елеулі­ бір белгі тұрар болса, көне шаһар­дың мән-мазмұны байи түсер еді... Дұшпандарының әлдеқайда үстем екендігін көре-тұра, елдік намыс­, туған жер тазалығы үшін оққа өңеш-жалаңаш ұмтылып, нағыз қан-қасапта адал қандарын төгіп, шейіт кеткен сол боздақтарға құран бағыштарлық бір белгі қажет-ақ... Байыпта­п қараған адамға өлкеміздегі осы бір қасіретті оқиғаның орны үңірейіп-ақ тұр... Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Біз жаңғыру жолында бабалары­мыздан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүл­кіл­деп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түгендеуіміз керек». «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың рухы алдында парыз­дармыз» деген болса, бұл сөздерге алып, қосар не бар?» дей келіп, автор өз идеясындағы рухи ескерт­кіш-белгінің өзі көңілде айшық­тап-бәдіздеген нақты таңба, сипаттарына шейін байыптай тоқ­талы­п  өтеді.

«Сайын даланың ең соңғы ұлы батыры­, әулие Жанқожа өмірі осымен тамамдалды» деген, ұлы бабамыз ғұмырнамасына тәнті орыс зерттеу­шісі И.В.Аничковтың соңғы сөзі бар еді. Саналы ұрпақ ықыласы сол тұжы­рым­ды жоққа шығара, батыр-әулие­нің ел жады мен жүрегіндегі рухи өмірін жалғастырып әкеткеніне азат еліміз, жаңа тарихымыз, жалпақ жұр­тымыз куә. Ел сеніміне салып айтсақ, бұған аруақ разы! Ал енді, сонау­, батыр өміріне қатысты, халықтық  сипат­тағы сұрапыл қанды оқиға­ның  рухани­ таңбасы әлі қойылмағаны  қалай?!.

Атой үнді мақала алғаш «Қазалыда» шыққанына 8 ай. Ел ауқымында сөзі уәлі «Түркістан» газеті бетінде мәселе қойылғалы 4 ай. Аз уақыт емес. Сабақты сөз айтылғасын, ең болмағанда, сол салмақты оқиғаның 161 жылдығына қарата біраз жұмыс тындыруға болатын еді ғой. Алматыдан ел тынысына көңілі жіті жазушы сөзімен айтсақ, Қазалыда әлі күнге «мәу» деген бір пенде жоқ. Бұл не сал­ғы­рттық? Көп ақтаңдақты тарихымыз мүддесін күн тәртібіне қойған «Бола­шаққа бағдар: Рухани жаңғыру» талабын, Елбасымыздың өзі айтқандай («Хабар». 2.12.2018ж.), құрғақ протоколды сөз, науқан үшін ғана дабыралатып, қалғанын беталды қоя беретін немқұрайдылықтың бір мысалы ма бұл? Айт­қыз­бай-ақ қолға алатын аруақ алдындағы тірілер парызы деген­ қайда?

Орбұлақтағы шағын ғана Жәңгір шайқасын саналы ұрпағы ел ауқы­мындағы ерлікке көтерді. Ұлытау, Түлкібас, Созақ жерлерінде әр тарих сүрдегінің кезеңдері «қиқымына» шейін құрмет тәртібіне қойылып жатыр­. Ал өлкесінде талай шежіре тұнған Қазалы ауданының басшылы­ғы бұл ретте де «сен тимесең, мен тимен­ бадырақкөз» саясатта, әлдене-әлдекімнің ауанын бағып, тым-тырыс отырған сыңайлы ғой?

Аруақ рухын жерге баспаған иманды дәстүрімізде, қазақ азаттығы жолын­дағы халық күресі – «Арықбалық қанды қырғыны» шаһид құрбандары естелігін Қазалы жерінде жадылы­ ел, саналы ұрпақ еске ала тәу етер бір қастерлі орын мен күн белгілену­і қажет. Осы жайт айтылудай айтылып келеді. Бұл тілекті ел көзіне, басшылық назарына осы үн қосумен  тағы  ұсындық.

 

Сайлаубай   ЖҰБАТЫРҰЛЫ,

жазушы, қоғам  қайраткері,

«Парасат»  орденінің  иегері

 


Қысқартылған полицейлер қайда барады? PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
20.12.2018 14:15

Естеріңізде болса, ІІМ Қ.Қасымов осыған дейін министрлік аппаратындағы және жергілікті департаменттегі лауазымды тұлғалардың 400-ден астамының қысқартылатыны туралы айтқан болатын. Осыған орай аймағымызда қанша полицияның қысқартылатыны және олардың қайда баратыны туралы Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Қ.Мұхитовқа сауал жолдаған болатынбыз. Сауалымызға бастықты­ң орынбасары Ж.Оспанов 10 пайыз қыс­қарту болатыны жөнінде жауап беріпті.

– Қызылорда облысы Полиция департаментінің штаттық саны 2120 бірлікті құрайды, алдағы уақытта аталған штаттық бірліктің 10 пайызын қысқарту жұмыстары ҚР Ішкі істер министрлігімен жүзеге асырыла­тын болады. Сондай-ақ, штаттық лауазым­дары қысқартылған қызметкерлерді бос лауазымдарға тағайындау жұмыстары жүргізілетін болады,- делінген­  Ж.Оспановтың  бізге  жолдаған  хатында.

 


ЖАНАЗАНЫ МЕШІТТЕН ШЫҒАРҒАН ДҰРЫС ПА? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
20.12.2018 13:19

*Әр адам қа­лай өлетіндігін өзі шамалап біледі;

*Аурудың болмауы да тірі жүруге кепілдік бере  алмайды;

*Діни немесе рухани тәжірибенің еліктіруі;

*Жақсы эмоциональды жағдай;

*Өмірдің аяқ­талуын, өзіңнен кейін артыңа не қалдыратыныңды сезіну;

*Емделу тәсі­лін  таңдау;

*Соңғы дем кезінде өз мәртебеңді  сақтау;

*Отбасымен қоштасу мүмкіндігі;

*Өмір сүрген кездеріңді еске алу;

*Өтініш айту, мұрагерлік мәселесі…

Бұл – «Америкалық гериатриялық психиатрия журналының» өлім халінде жатқан науқа­стардың сауалына қатысты жа­ри­ялаған  пікірлері.


 

БІРЕУДІҢ   КІСІСІ   ӨЛСЕ...

Редакциямызға қала тұр­ғыны келіп, өзінің ойында жүр­ген мәселесімен бөлісіп, осы тұрғыдағы халықтың көзқарасын білуді жөн санапты.

- Бәріміз де пенде болған соң мәңгі өмір сүрмейміз. Қазір көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын халық үшін жаназа шығару  өте қиынға соғуда. 4-5-қабаттардан  түсіп, дала­ға тамақ істеу де оңай емес. Іргелес жатқан Кентау қаласында мәйітті үйіне бір күн қондырып (оны өздері біледі), мешіт­ке апарады. Мешіт қызмет­кер­лері сол жерден өздері жуын­дырып, киіндіріп, таңертең өздері жаназасын оқып береді, мәйіт жанашырлары оны бейіт­ке алып кетеді. Мешітке шығы­нын  төлейтін  шығар, ол жағын білмедім. Бізде қалай? Қазір біз­де орамал таратқанды қойып, шапан жабуға көшті. Біреу қайғырып отырса, біреуге шапан тарату деген – меніңше, болмайтын дүние. Хадисте де ысырап жасамау туралы ай­тыл­ған. Қайтыс болған адамды бір бөлмеге қояды да, бір жағында жылап, бір жағында әңгіме айтып жатады. Осыны да ретке­ келтіру  керек сияқты.

Осыдан 2-3 жыл  бұрын ҚМДБ тарапынан жаназа тура­лы кітапша жарыққа шыққан. Ішінде біраз нәрсе айтыл­ған. Үйден мәйіт шығар алдында  оны  жуындыруды намаз оқитын, жөн-жоралғысын білетін адам жасау керек. Ал бізде нағашысынан бір адам, жақынынан бір адам деп кіргізіп жібере салады. Ол адам біле ме, білмей ме, ешкімнің шаруасы жоқ. Киімге таласып жатады. Тағы бір айта кетерлігі, біздегі орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде адам сақтайтын, мүрдені қоятын, жуындыратын жері де бар-тұғын, - деді қала тұрғыны  Жеңіс Ерниязов.

Жердің беті мәңгілік мекен емес. Өмір сағатының тілі кері жылжымайды. Сол сағаттың қай тұсқа келгенде өмірдің шылбыры үзілетінін ешкім де білмейді. Жүректің дүрсілі, ал сағаттың тықылы тоқтаған сәттен бастап, ажалдың «апанына» барар жолдың жолау­шысы боларымыз анық. Ұлы Абайдың:

«Біреудің  кісісі  өлсе, қаралы  ол,

Қаза  көрген  жүрегі жаралы ол,

Көзінің  жасын  тыймай жылап  жүріп,

Зарланып, неге әнге салады ол?» деген өлең шумақтары да бір-ақ нәрсеге көз жеткізіп тұрғандай. Мақсат – өмір мен өлімнің арасын жалғау емес, соңғы уақыттары таласқа түсіп жүрген жаназа рәсімі туралы сауалға жауап іздеу.

 

Тұрар   ӘБУОВ,

дінтану  магистрі:

Ол  жердің  қызметіне жүгінген

ешкім  болмады

Жалпы, «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес діни рәсімді тек діни бірлестіктер ғана жүзеге асырады. Оған діни ғимарат орындары жатады. Ал жаназа рәсімін діни ғимарат орындарынан тыс үйлерде де атқаруға болады. Қызылорда облысының барлық жерінде болмаса да, көпшіліктің сауабы тисін деп кейбір қалалық мешіттерде жұма намазынан кейін жаназа рәсімі оқылып жүр. Әрине, бұл әр жұмада емес. Мәселен, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жұма күнге сәйкес келген жаназа намаздарын жұма намазынан кейін оқу қалыпты дәстүрге айналған десем де қателеспеймін. Бұл – көпшіліктің батасын алу ниетімен жүзеге асырыл­ып жатқан дүниелер. Ал мүрдені сақтау мәселесіне келсек­, өзге облыстың мешіттерінде мүрде сақтайтын орын бар деп айта алмаймын. Еліміздің барлық аймақтарында Әділет органдарына қарасты мәйітхана бар. Егер мешіттер жанынан мәйітхана ашылса, санитарлық-медициналық талаптарының сақталуы және оны бақылау мәселесі қаншалықты жүзеге асырылады? Ертеңгі күні ол орын ауру тарататын ошаққа айналып кетпеуіне кім кепіл береді? Тағы бір айта кетерлігі, кей өңірлерде халық мәйітті үш күнге дейін ұстап тұрады. Ислам шариғаты бұл мәселені құп көрмейді. Үш күн бойы мешіт мәйітханасында қайтыс болған кісіні қалай ұстап отырады, күніне қанша адам өмірден өтіп жатыр. Ол үшін халық мүрдені көп уақыт ұстамауды, яғни азанда жан тапсырған кісіні түстен кейін жерлеуді қалыпты дәстүрге айналдырған жөн секілді. Қанша дегенмен, мәйіттің аты – мәйіт. Бүгінгі қоғамда мешіт жанынан мәйітхана ашуға ешқандай сұраныс жоқ секілді. Мәселен,­ Қызылорда облысындағы орталық «Ақмешіт-Сырдар­ия» мешітінің жанынан 6-7 жыл бұрын «Мәйіт жуатын­  орын» ашып, жамағатқа таныстырды. Бірақ, ол жердің қызметін­е  жүгінген ешкім болмады. Демек, бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі емес.

 

Болатбек  ҰЛАСҚАНҰЛЫ,

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталы­қ мешітінің бас имамы:

Халық  мәйітке  жасалатын  рәсімдерді

үйінде  орындайтын  болды

«Тумақ бар жерде өлмек бар» деген қағиданы өмір шындығы көрсетіп келеді. Қайтыс бол­ған мәйітті арулап, жаназасын оқып, ақтық сапарға шығарып салу – күллі мұсылманның қастерлі міндеті. Марқұм алдындағы атқарылуы тиіс міндеттерімізді шариғатымыз тайға таңба басқандай етіп нақты көрсетіп берген. Дегенмен де, жерлеу рәсімі жалпылама бірдей орындалғанымен, жағдайға қарай кейбір аймақт­ық ерекшеліктер де кездесіп тұрады.

Мәселен, тұрғыны көп үлкен қалаларда үйдің тарлығы, ауланың аздығы сынды мәселе­лер мәйітті жуып, мұсылман шарттарына сай арулауға мүмкіндік туғыза бермейді. Оның үстіне алып шаһар тұрғындарының кейбірі мәйіт алдындағы мұсылманшылық міндеттерді дұрыс білмеуі салдарынан арнайы дін маман­дарына және мәйіт жуатын орынға баруы­на тура келуде. Осындай мәжбүрлік жағдай­лар мешіт жанынан мәйітхана жұмысын жандандыруға әкеп соғуда. Бір сөзбен айтқан­да, мешіт жанынан салынған мәйітхана – жерлеу рәсімдерінің толық орындалуына және мәйітті жууға, қалыпты температурада сақтап тұруға үлкен мүмкіншілік. Мұндай мәйітханалар өзге аймақтарда қарастырыл­ғанымен, біздің өңірде қазір жоқ. Осыдан бір­неше жыл бұрын қаламыздағы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде осындай нысан жұмыс жасаған-ды. Кейінгі уақытта мәйіт жанашырлары мүрдені алып келуді тоқтатты. Себеп, халық мәйітке жасалатын рәсімдерді үйінде орындайтын болды. Өйткені, өңіріміз қазақы орта болғандықтан халқы да діни рәсімдерден хабардар. Онымен қоса, мәйітті өз отбасынан арулап шығару дәстүрі әу бастан сіңісіп кеткен. Аудан-ауыл төңіректерін айтпағанның өзінде орталық мешіт жанындағы мәйітханаға халық аса зәру болмағандықтан аталмыш нысан өз жұмысын тоқтатты. Ал мәйітке оқылатын жаназа намазын мешіт ауласын­да оқудың еш әбестігі жоқ. Бұл іске шариғатымыз рұқсат береді. Мешітке әке­лінген жаназаға дәретті һәм бес уақыт намазы бар мұсылман бауырлар қатысып, мәйіт үшін дұға жасайды. Бұл – мәйіт үшін үлкен сауап. Мәйітті мешітте сақтау мәселесіне қатысты ҚМДБ-ның Пәтуа бөлімі шариғи шешімін қарастыруда. Әрбір діни үкім халық игілігі үшін шығарылады. Алдағы уақытта барлық ай­мақта бұл өзекті мәселенің шешімі табылады.

Қазалы үйде мәйіттің артынан дастарқан жайып, ас береді. Дастарқанға қарасаңыз, тойға келгендей сезінесіз. Әртүрлі тағамдар, көкөніс, жеміс-жидектер көптеп қойылады. Бір-бірімен бәсекелестік. Бай шашылады, кедей­ қарыздан-қарызға батып, тарылады. ҚМДБ-ның ас-құдайы өткізу барысындағы жайылатын дастарқан мәзіріне байланысты шешімі шыққан жоқ. Тек кейбір өңірлер де аста-төк ысырапшылдықты тоқтату мақса­тында зиялы қауым, ардагерлер кеңесі және түсіндіру жұмыстары арқылы бұл іс қолға алынуда­. Дастарқанға қойылатын қажетті ас мәзірін реттеп, кейбір артық өнімдерге шектеу­ қойылған. Ал өзіміздің өңірге келетін болсақ, бұл мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары тоқтау­сыз жүргізілуде. Ардагерлер кеңесі, зиял­ы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел өткізіліп, ас-құдайыдағы есебі жоқ ысырапты тоқтату мәселесі талқыланып келеді. Нәтижесі жоқ емес. Өңірімізге қарасты кейбір аудан-ауылдарымызда бір ауыздан ас-құдайыдағы ысырапшылдықты тоқтату қолға алынып келеді.­ Ысырап екенін бәрі білсе де, іс жүзінде тоқтату қиынға түсіп отыр.

 

 

Талғат  МАХАНОВ,

Қызылорда облыстық  ішкі  саясат  басқармасының  басшысы:

 

Діни  негіздегі  тәртіптер  ҚМДБ-ның шешімі  арқылы  жүзеге  асады

Аймақтағы мешіттер Қазақстан мұсылмандары діни бас­қармасы республикалық қоғамдық діни бірлестігінің филиалдары бол­ғандықтан мешіттегі діни рәсімдер ҚМДБ-ның жарғы­сына сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар, мешіттердің жанынан­ мүрде сақтайтын арнайы орындарды ашу, ақтық киімін әзірлеу және жаназасын шығару секілді діни негіздегі тәртіптер ҚМДБ-ның шешімі арқылы­ жүзеге асады. Сондай-ақ, басқарма тарапы­нан мешітте мүрдені қалыпты температурада сақтайтын арнайы бөлме ашу мәселесі ҚМДБ-ға ұсыныс ретінде жолдануда. Егер бұл қызмет ҚМДБ тарапы­нан жүзеге асырылған жағдайда ішкі саясат басқармасы өз құзыреті шегінде қолдау көрсететінін хабарлай­ды.

 

Соңғы кездері деп айтып келе жатқанымыздың өзіне он жылдан асты, жаназа мен той дастарқанының еш айырмашылығы жоқ. Аста-төк ысырап. Тіпті кей жерлерде сүйекке кірген кісілерден бөлек, көңіл айта келген адамдарға шапан жауып, жаулық, ақша тарататындарды көріп жүрміз. Төс түйістіру мен ән айтудан басқа амалдың барлығы қазір қазалы жерде де орындалатынына налитындар жетерлік. «Өлім байдың барын шашады, кедейдің артын ашады» деген осы.

Нұрбике ҚАЗИҚЫЗЫ

 


ТАРИХҚА ҰҚЫПТЫЛЫҚ – ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
20.12.2018 12:52

«Кеңістік – барлық нәрсе­нің, ал уақыт – бүкіл оқиға­ның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғыс­қан кезде ұлт тарихы баста­лады».

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы бұл тұжырым – қай кезең болмасын, барша ұлт тарихына ортақ  құндылық.

Ортақ құндылықты жасау­да адамзат қасиеттерінің ең биігі де, бірегейі – адамдарды бөле-жармай тең көру, төзімділік, сабырлық десек, ата-баба қанымен дарыған бұл қасиеттерді қадірлей білген Ұлы дала перзенттері өз болмысында тамаша тарих жасай  алды.

Осы тарихты жасауда «теңіздің тамшысындай» үлесін қосып, бабалар аманатына адалдық таныта білген туған ауылым – Қамыстыбас елді мекенінің тарихына да еріксіз сүйсінесіз!

ХІХ ғасырдың басында Жанқожа батырдың сарбаздарына қару-жарақ дайын­даған ұсталардың мекені бол­ған ауылымыз бір ғасыр өткен соң, ХХ ғасырдың 20-жылдарында ашаршылыққа ұшыраған Еділ бойы халықтарына көмек қолын созған Арал балық­шыларының 14 вагон балығын тиеген жер ретінде қазақ халқының даңқын көте­ріп, тарихының бетіне алтын әріптермен жазылып қалды.

Кейін 14 вагон балық тиелг­ен пакгауз (халық ау­зында «бекауыз» атанған – Н.Ж.) талай тарихтың куәсі боп, түрлі себептермен қазақ жеріне табан тіреген көптеген этнос өкілдерінің нәпақа айыра­тын қасиетті мекеніне айналды. Сөйтіп, ауылымыздың тарихын байытып, қазақ тарихына өзіндік үлес қосты.

Бұл пакгаузды – тарихи орынды сақтауд­ың маңызын кезінде облысымыздың басшысы болған Е.Әуелбеков жергілікті халықпен кездесуде де, осы мақаланың авторымен Алматыда жеке кездескенде де қадап айтқан-ды.

«Бұл пакгауз – жай пакгауз емес, болашақта Ресей мен Қазақ елінің халық­тар достығының символы болады», - деген.

Өкінішке қарай, Е.Әуелбековтей дара тұлғаның бұл аманатын орындай алмадық. Бүгінде тарихи жайттар мен небір марқасқалардың, Кеңестер Одағын­ың әр түкпірінен келіп, еңбек еткендердің аты-жөні жазылған қабыр­ға тақтайлары жұлынып, әбден тонал­ған пакгауздың құр сүлдері ғана қалған. Осылайша, небір тарихи деректер көз алдымызда жойылып кетті.

Осыдан-ақ біздің рухымызды көтеретін тарихымызды қадірлеу, елдігіміз­дің еңсесін биіктететін идеяларды дәріптеу үрдісінен әлі де алшақ жатқанымыз  көрініс тауып тұр.

Осы орайда, елдіктің жоғары үлгісін іргедегі көршілес орыстардан үйренген жөн-ау деген ой келеді. Олардың іргелі ел, тіпті әлем санасатын империя құруд­ағы басты жетістігі – ең алдымен, өз тарихын қатты құрметтеуінде жат­қанд­ығы  дер  едім.

2005 жылдың жазында «Азаматтық» партия құрамында V съездге делегат боп Өскемен қаласына барғанмын. Деле­гаттарға арналған үлкен автобуспен қаланың көрікті жерлерін, тарихи орындарын араладық. Менің қатты таңғал­ғаным­, қаланың орыстар соққан көне қамалының сақталғаны былай тұрсын, жылда жөндеуден өткізілетін бұл тарихи орындарды бейне жақын арада са­лынғандай етіп, жарқыратып қойғаны!

Тап осы ғажап көрініске келгенде, бізді бастап, қаланы таныстырып жүр­ген қазақ келіншегі намысыма қатты тиді.

- Мына орыс қамалдарының, әскери­ қалашықтың салынғанына төрт жүз жыл болды. Орыс әскерлері келгенше, бұл жер ешкімнің де меншігі болмаған. Қазақтар да, жоңғарлар да тек малын жайып, келіп-кетіп жүрген, - дегені жаным­ды  жаралап кетті.

- Сонда, бұл жерді алғаш игерген орыстар болғандықтан, бұл жер орыс­тікі деп тұрсыз ба? - дедім жаман орысшаммен  қатулана.

- Иә, - деді қазақ келіншегі менің ашуланғаныма риза кейіпте жымия.

Ызадан түтіге, шала орысшаммен бұлай деуге болмайтынын әрі-бері түсіндіріп көріп ем, мұнымды күлкіге айналдырды. «Өзің білме, білгеннің тілін алма!» күйдегі келіншекке тарихын таптамауды ұғындырғаныммен, бәрібір ештеңені түсінгісі келмеді. Шарасыз күйде жұртпен бірге мұражайға айнал­ған қамал алаңын аралап келемін.

Ағаштан аю бейнесін ойып, үстіне орыс зеңбіректерін орналастырған мұнтаздай тарихи соғыс құралдарын көргенде, еңсем езіле түсті.

-Бұл зеңбіректерден бірде-бір рет оқ атылған жоқ. Бұлар – бейбітшіліктің нышаны! - деді әлгі келіншек сөзін пысықтай­ түсіп.

Алайда... Иә, алайда... «Жыртық үйдің де Құдайы бар» дегендей, мені қолдайтын, ата-бабалардан қалған балбал­ тас көзіме оттай басылды! Ертедегі­ қыпшақ дәуірінен қалған кемпір бейнесіндегі балбал тас!.. Ортасынан­ қақ бөлініп, қайта құрас­тырып қойыпты. Бүкіл орыс қаруының мысын жал­ғыз өзі басып тұрғандай маңқияды!­

Қуанғаннан балбал тасты сүйіп алғым­ кеп  кетті. Дереу әлгі заржақ қазақ келіншегіне қарап:

- Ескерткішке, шамасы, жүз жыл болғаны-ау?! - дедім, табан асты аңқау­лана қап.

Менің «надандығыма» мәз болған әлгі келіншек жан-жағынан қолдау іздегенд­ей маңайын бір шолып өтіп:

- Жоқ, бұл ескерткішке жүз жыл емес, тура мың жарым жыл! - дегені.

Бұл жауап мені жігерлендіріп жіберді.

- Ау, жаңа ғана бұл жер ешкімнің жері емес. Бұдан төрт жүз жыл бұрын орыстар келіп игерген – орыстың жері демеп пе едіңіз?! Енді келіп, бұл ескерт­кішке мың жарым жыл деуіңіз қалай?! Мына ескерткіш, біле білсеңіз, қазақтың ата-бабаларынан қалған ескерткіш! Демек, бұдан бір жарым мың жыл бұрын бұл жерді қазақтар игерген, яғни қазақтың ата-бабаларынан қалған қасиетті жер – бұл!

Менің шала орысшаммен айтылған бұл жалынды сөздерім жұрттың – түрлі ұлт өкілдерінің бәрін сілтідей тын­дырды. Әлгі келіншек сасқанынан менің білегімнен ұстай алды. Маған жалбарына:

- Саясат ғой!.. Саясат ғой!.. - дей берді.

Мұндай бейшаралықты, екіжүзді­лікті, сатқындықты көргенде, тіпті күйіп кеттім. Еріксіз ашына айғайлай бердім. Бар орысшаммен өзімнің кезін­де «Азат» азаматтық қозғалысы құрамында қазаққа ақырып теңдік сұрағанымды, Ермак қаласын Ақсу деп атауға ауыстыруға, Ермак ескерткішін алып тастауға өзіндік үлес қосқанымды айта келіп, Өскеменді «орыстың жері» деп жатқандарың үшін жігіттерді жинап әкеліп, сазайларыңды тартқызатынымды  айтып  үлгердім.

Менің айғайымнан шошынған жұртта ес қалмады. Ешқайсысы «сіздікі дұрыс емес» деп айта алмады. Бәрі келіск­ендей үнсіз. Тек әлгі бізді бастап, қаланы аралатып жүрген келіншектің ғана жалынышты үні естіледі. Ақыры бейшараны аяп кеттім де:

- Енді мұндай сорақылықты қайталамаңыз! - дедім. Ол басын изеп келісті.

Осы оқиғадан соң, өз тарихын бағалай алмаған, жауларын жайпаған сұлтан Бейбарыстай қолбасшыларын, батырларын, асылдарын аялай алмаған арабтардың бүгінгі аянышты халін, тарихына өте мұқият орыс халқының елдігін, биік рухын енді түсінгендей болдым.

Сондықтан, Елбасы Н.Назарбаевтың рухымызды биіктететін «Болашақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мен тарихымызды әспеттеуге бастайтын «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының маңызын оқып біліп ғана қоймай, қазақ жерінің әрбір тасына дейін тарихтан сыр шертетін қасиетті екенін жүрегімізбен сезініп, қызғыштай қорғауымыз қажет. Бұл аталмыш мақалалар құндылығы әр қазақтың, әрбір қазақстандықтың жүрегінде мәңгілік жазылуы тиіс! Сонда ғана еліміздің Тәуелсіздігі баянды болып, Қазақ елі бақыт құсын қолына мәңгілік қондырады.

Қорыта айтқанда, тарихқа ұқып­тылық – елдіктің белгісі. Ендеше, елді­гіміз мәңгілік болғай!

 

Нұрбай  ЖҮСІП,

Арал  ауданы

 


ЖАСТАР ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕСІЗ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
20.12.2018 12:25

 

Сағатбек  ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ,

«Жылы  жүрек  жастар»  еріктілер тобының  жетекшісі, мүгедек жандар арасындағы би  байқаулары­ның  жеңімпазы:

– Әр жолдауда мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөлетін Елбасы биыл да Қазақстанды кедергісіз ортаға айналдыру керек деген болатын. Келер жылдан мол үміт күтеміз. Мүмкіндігі шектеулі жастарға да жағдай жасалса дейміз. Олар үшін қолайлы орта қалыптастырса. Ең алдымен мүмкіндігі шектеулі жастардың білім алуына қолайлы орта қалыптасса екен. Қазір бой жарыс­тыратын заман емес, ой жарыстыратын уақытта барлық жастар білімді болу керек. Және өмірге құштар жастардың жұмысқа орналасуы оң шешімін тапса. Үйде отырып­ бос уақыттарын текке өткізбейтін жастардың қол­да­рынан шыққан бұйымдарын қолдап, бұйымға керек заттарын алуға арнайы жер ашылса деймін.

Өз кәсібін ашқысы келетіндерге қайтарымсыз гранттар көптеп берілсе, мүмкіндігі шектеулі жандар басқаларға қарап отырмай өз кәсіптерін ашып, жұмыс істер еді.

Қазір елімізде параспорт түрлері жақсы дамып келеді. Неге мүмкіндігі шектеулі жастарды спортқа тартпасқа? Неге жаңа спорт түрлерін ашпасқа? Ол үшін елімізде барлық жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қолайлы орта қалыптастыру дегеніміз – осы. Әсіресе, арбаға танылған жандарға барлық жерде жүріп тұруына мүмкіндік жасалс­а,  өйткені қазір үйде отыратын заман емес.

 

 

Абай  ТАҒЫБЕРГЕН,

журналист:

– «Жастар жылы» деп жар сал­ған екенбіз, билік­тің де көп жастың үміт етіп отырған мәселесіне ден қоятын уақыты келді. Бір жылда­ көп мәселе шешіле қоймас. Деген­мен, Президент пәрменімен іске асатын жыл жастарды бір алаңға жинап, ақыл айтып, арқадан қағып, мақтау-марапатқа кенел­тетіндей болмауы керек. Таптаурын кездесулер, мәнсіз басқ­осулар уақыт өткізудің ама­лына айналмауы қажет. Нақты мәселелерді санамалап, бюджеттің де салмағын саралап, жастардың ойындағысын іске асырудың механизмін тапқан дұрыс. Журналистика саласында да жаңалықтың болғанын қалаймын. Қалам ұстаған қауым қоғамның мәселесіне келгенде қарап қалмайды, әйткенмен біздің де іште қайнап жатқан ділгір мәселелер аз емес.

Аймақта тіркелген тоқсаннан аса БАҚ құралы бар. Оның тең жартысынан көбінде жастар қызмет етеді. Сол тілшілік тірші­лі­гінде жүргендерді баспана қинайды. Әсіресе, отбасылы жас журна­листер екі есе қиналады. Мемлекеттік жеңілдікпен үй ала алмайды, оның тетігі қаралмаған. Себебі статусымыз нақтыланбаған. Әрине, баспанамен қамту жеке адамның шаруасы деп мәселені ысырып қоюға болады, дегенмен тек журналистер емес, барша шығармашылық жастарға арналған отбасылық жатақхана салынса­ деген ұсыныс бар. Себебі театрда, мәдениет үйлерінде қызмет етіп, өнерге үлес қосып жүрген жастардың ішінде қайнап жатқаны­ да осы проблема.

Шынайы бәсеке есік қағып тұр. Бұл – жас журналистерге үлкен сын. Алайда ақпараттық саясатқа салмақ салып жүрген журналис­терге кәсіби қолдау қашан да керек. Билік тарапы ынталы жастарды ағылшын тілінде тегін оқыту ісін бастаса және бұл тек ақылы курстағыдай келдім-кеттім емес, нақты ақпарат таратудың жолын үйрететін оқыту алаңы болуы керек. Мұны неге айтып отырмын. Білсеңіз, жер-жаһанда тарап жатқан 90 пайыз ақпарат – ағылшын­ тілінде. Бізге оның ауылы алыс деу қисынға келмейді. Ақпаратты аймақ көлемімен шектеу дұрыс емес. Бір ғана мысал, өңірде жылын­а екі рет «Байқоңыр» инвестициялық форумы өтеді. Сырт елден келетін спикерлермен сұхбаттасу түгілі, инвесторлардың түпкі ойын білуге қиналамыз. Себебі аймақта тіл білетін журналист жоқтың қасы. Содан барып ресми мәтіндегі баспасөз баяны­нан әрі аса алмай келеміз. Бұл жеке журналистің шаруасы деу – қасаң пікір. Сондықтан, биліктің аз ғана бюджетін ағылшын тілінде ақпарат тарата алатын журналистер пулын жасақтауға жұмсау керек.

Бүгінгі журналистикада жанрлар жоғалып барады. Соның ішінде журналистік зерттеу бағыты әлі де жандана қоймады. Қаржы олигархтары, банктердің пайыздық саясаты, жемқорлардың жымқырған қаржылары журналистік ізденісті қажет етеді. Сондықтан жастар арасында жылына бір рет «Үздік журналистік зерттеу» байқауы өткізілсе. Тақырыпқа терең барған журналиске қаржылай қолдау көрсетілсе, аймақтағы өткір мәселелер тасада қалып қоймай, жанр жанданады. Бұл төртінші биліктің тағы бір тынысын аша түсер еді.

 

 

Әзиз  ДҮКЕНБАЙ, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің оқытушысы:

– Ең алдымен, барша замандастарымды Елбасының бастамасымен 2019 жыл «Жастар жылы» болып жария­лануымен құттықтаймын. Еліміз егемендікке қол жеткізген сәттен бастап жастарға жасалып жатқ­ан қолдаулар, қамқорлықтар баршылық. Жас­тар үшін қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар сөзіміздің айғағы. Енді тақырыпқа тоқталатын болсақ. Жастар жылында бір реттік шаралар немесе даңғаза­ дүниелер емес, кешенді жұмыстар жоспарын құру қажет. Бұл ретте ең әуелі жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуді қолға алған жөн. Баспанасыз жүрген жастарға арналған жатақхана­ үлгісіндегі көпқабатты тұрғын үйлер салынса, екіншіден, жастар кәсіп­керлігін одан әрі дамыту­ бағытында биыл ғана өңірі­мізде жүзеге асырылып жатқан «Zhas Project» жастар корпусын дамыту үлгісіндегі бизнеске арналған  грант­тар ұйым­дас­тырылса. Бұл да жастар үшін үлкен мүмкіндік болар еді. Сонда ғана бір бизнес жоспар ая­сында бірнеше жасты жұмыспен қамтамасыз ету мүмкін­дігі пайда болады. Үшіншіден, жас ғалым­дарға қолдаулар жасалса деп ойлаймын. Бізде жас ғалымдарға, ғылыми әлеует­і жоғары жастарға кең қол­даулар жасалмайды. Жастардың ғылыми кеңесін құрып, оған мүше­лі­кке ерікті жас ғалымдарды тарта отырып, өзіндік жұмыс жоспар­ын, қаржылық мәселелерін шешу керек. Ол қоғамдық қор немесе­ бірлестік ретінде жұмыс атқару­ы қажет. Сондай­-ақ, жастар ғылыми кеңе­сінің негізгі функ­ционалдық мін­деті – ғылыммен айналыса­тын жастар­ шығар­машылығын қолдау. Олардың  жаңалық­тары  мен мақа­лала­рын бәсі биік шетелдік басы­лым­дарға  шығарылуына  жағдай жасау. Бізде жастардың  ғылыми­-ағартушылық  бағыты  ақсап  тұр.  Сондықтан  жас  ғалымдарды ақпараттық насихаттау арқылы­ жасөскіндерді ғылымға баулу көзделеді. Төртіншіден, алдағы жастар­  жылында  облыс әкімінің жастарға арналға­н «Сыр үміті» сыйлығын қайта таға­йынд­ауды ұсынамын. Сонымен қатар жастар шығар­машылығын дамытуға арналғ­ан «Жастар жырлайды», «Жас қанат» секілді байқаул­ар ұйымдастырылса. Елбасы­ Н.Назарбаев: «Жастары­ мықты елдің жасары да, асары да мол» деп айтқан  болатын. Олай  болса, мәңгілік  елдің жас­тарын­а жасалар қолдаулар да жақсы болады деген сенімдеміз­.

Пікір  жинаған

Қозы  Көрпеш  Жасаралұлы

 


Жастар жырлайды PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
20.12.2018 12:11

Мұнан тура 3 жыл бұрын болатын. Ол кезде «Болашақ» университетінің 2-курс студентімін. Университет басшылығы 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне орай іс-шараны ұйымдастыруды группаласым­ Бекжан Ержігіт екеумізге тапсырды. Сценарий жазып, оқылатын өлеңдер мен шырқалатын әндерді біршама ыңғайлап қойдық. Бишілер де сақадай сай тұр. Жалпы алғанда бәрі-бәрі бір ізге түсіп-ақ қалған. Бір күні факультет деканы әрі кураторымыз Аякөз Байдаулетова шақырды.

Бұл күні ақындығы менен басым Бекжан сабаққа келмей қойды ма білмеймін, әйтеуір жалғыз бардым. Сол-ақ екен ол кісі сценарийдың кем-кетігі мен ондағы артықшылықтарды айта келе: «Рыскелдіжан, Дарханды танитын шығарсың. Сол да жап-жақсы өлең шығараты­н болуы керек. Міне, екі өлеңі. Өлеңді бір қарап, дұрыс­тай­тын жерлерін дұрыстап, ертеңгі  шарада бір  орын  берсеңдер» деп қойып қалды. Бұйрық емес, ақылға да сыйымды. Сондықта­н   міндетті   түрде  орындалады.

Кабинетке алып барып, екі өлеңді өңдермін деп ойлағанмын. Бірақ...

Осылайша, мен жанымда жүрген жалынды жастың өлеңдерімен таныстым, өңдей алмадым. Дұрысы, өрем жетпеді.  Уақыт өте келе әлеуметтік желілер арқылы Дарханның шығармашылығымен етене таныстым. Өлең өлкесінде де өзіндік орны бар. Әсіресе, прозадағы аяқалысы тым бөлек. Бүгінде ұстаздық қызметте жүрген замандасымыздың аудармамен айналысып жүргенін естідім. Оқып көрдім. «Аралға қалай сыйып жүрсің, бауырым?­» деймін оған. Оның қуана беруіне әбден болады. Аманжолұлының енді  мен  сияқты  оқырманы  бар.

Рыскелді   ЖАХМАН

ТҰРЛАУ

(Дж. Байроннан)

 

Өгейсіп бәрі талақ еткенде,

Тек сен ғана төктің шапағатыңды...

Селкеу сезімдер күйреп кеткенде,

Тік ұстап қалдың махаббатыңды...

Өмірдің мынау сан тарау ісінде,

Жылуын төккен сен екен — күн...

Сен барда мен тобырлар ішінде,

Тіпті де жалғыз емес екенмін...

 

* * *

Джордж Байрон

Когда я всеми брошен был,

Лишь ты мне верность сохранила,

Твой кроткий дух не отступил,

Твоя любовь не изменила.

На перепутьях бытия

Ты мне прибежище доныне,

И верь, с тобою даже я

Не одинок в людской пустыне.

 

САЯҚ

(А.Блоктан)

Жалғызілік жолдасым! Жолың шиыр,

опа таппай бәрінен кеттің қиыр.

Күйік соққан қанжарды қайрап келіп,

Сайқал қызық тамырын кеттің қиып.

 

«Қайран жолдас! Саған бақ қонар ма еді...!» –

«Неме керек?» - дейсің сен – «Сол ма емім?!

Біз  – көкпарға түскен қу көк серкеміз,

Кетеміз тақымда, қай қолда тегі?!»

 

Александр  Блок

Ты жил один! Друзей ты не искал

И не искал единоверцев.

Ты острый нож безжалостно вонзал

В открытое для счастья сердце.

«Безумный друг! Ты мог бы счастлив быть!..» –

«Зачем? Средь бурного ненастья

Мы, всё равно, не можем сохранить

Неумирающего счастья!»

 

 

СЫР

(Н.Рубцовтан)

 

Жалған сөзбен қайтемін,

Жаныңды сенің жаралап?!

Жүзің – күн, көзің – ай, керім,

Көңілім, білсең, саған ақ.

 

О, неге сенен сыр  бүгем,

Өзіңді сүйе алмадым.

Сүйгенім менің – ол біреу,

Көптен бергі арманым:

 

Түскендей  көктен  пәк хор қыз!

Сезімнің қайда тұрағы?

Ерніңнен сүйсем, тек сол қыз,

Есіме түсіп тұрады...

 

* * *

Николай  Рубцов

Ты  хорошая  очень — знаю.

Я тебе никогда не лгу.

Почему-то только скрываю,

Что любить тебя не могу.

Слишком сильно любил другую,

Слишком верил ей много дней.

И когда я тебя целую,

Вспоминаю всегда о ней...

 

Дархан  АМАНЖОЛҰЛЫ

 


ҚҰДАЛАСУДЫҢ ТИІМДІ ТҰСЫ БАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
20.12.2018 12:07

Жазылған  жайттың жаңғырығы

Газетіміздің №45 (15.XI.2018ж.) санында «Отбасы» бетіне «Атастыру» салтын  жаңғырту  керек  пе?» тақырыбында мақала жариялаған болатынбыз. Көненің  көздерін куәгер етіп, салт-дәстүрімізді бүгінгі заман­ шеңберінде  қайтадан  жаңғырту  тұрғысынан  ой тастап, оқырман пікірін білгіміз келген. Осы ретте қала тұрғыны өзінің ойын, кеңесін айтып, редакциямызға  хат  жолдапты.

Менің ойымша, жастардың шаңырақ көтеріп, өнегелі отбасы болуына үлкендердің көмегі қажет сияқты. Біздің студент кезі­мізде ұстазымыз Алма Қырау­баева «қазақтардың бесік құда деген салты дұрыс» деп айтуш­ы еді. Сол ата-бабамыздың ескі ғұрып-салтын қайта жандандырса, артық етпейді. Өйткені жас кезінде адамдар бірін-бірі жете білмеуі де мүмкін. «Қыз кезінд­е бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?» дегендей, бүгінде өзара келіспеушілік салдарынан құрған шаңырақтарының керегесін екіге бұзып жат­қандар баршылық. «Атасы жақсы қандай-ды, Перзент қамын ойлайды» деген де сөз бар. Бір-бірін жетік танитын отбасылар көбіне  ұлы мен қызын үйлен­дір­генді  жөн санайды.

Мен де ауылда тұрдым. Ол кезде қазіргі жолдасымды танымаймын. Оның нағашысы мен менің үлкен әкем бөле туысқан еді. Сол бөле кісінің қызы, апамыз менің анаммен құдаласу ойы барын айтып, алдынан өтіпті. Мен «мына балаларыңды танымаймын» деп бұлқан-тал­қан ашуланып кетіп қалдым. Содан­ әлгі кісі маған «үй ішінен үй тіккен жылы болады, сенің таба­ныңа кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деді. Мұнысын  «саған бір жағдай болса, өзім жауап беремін» дегендей сезілді. Атамыз жетпіс жастағы ширақ кісі еді, түрікпен елінде мияның тамырын жинайтын бөлім басшысы болған. Өмір жолындағы өнегесі де аз емес, тоғыз баланы тәрбиелеп өсірген өнегелі әке. Байқағаным, бұл әулеттегі келіндердің де артық әңгімесі жоқ, бір-бірін  өте  қат­ты сыйлайды. «Бар болса көре алмай­ды, жоқ  болса  бере  алмай­ды»  деген  қасиет жоқ.

Көрші өзбек елінде апалы-сіңлілердің балалары бір-біріне үйлене береді екен. Бірақ тамыры жақын туысқанға үйленуге дәрігер-ғалымдар ғылыми тұр­ғыдан қарсы. Оған себеп, гендік өзгерістің болмауына байланыс­ты түрлі ауруларға ұшырайтын көрiнедi. Қазақтың жеті атаға дейін қыз алысып, қыз беріспей­тін дәстүріне көптеген ел қызыға қарайды екен. Бабаларымыз басы­на түскен іске салмақты қараған. Қит еткен нәрсеге ажырасып, отбасын тастап кетпеген. Тек құрсақ көтермеген жағдайда ізінде ұрпақ қалдыру үшін екін­ші әйел алған. Зинақорлық жасап, ішімдікке салынып жүр­ген кісілерді  бала кезімізде байқаған емеспіз. Осы ретте ескі салт-дәстүрлеріміздің бір тармағы сана­латын атастыру, бесік құда, бел құдалықтың тиімді тұсы сол, қыздар жастықпен қателікке ұрынбайды, жігіттер желігіп жүрмейді. Ердің абы­ройын асқақтат­атын да – әйел, құрдым­ға кетіретін де – әйел. Ал қазіргі уақыттың басты проблемасына айналып отырған жұмыссыздық, кедейлік – уақытша қиындықтар. Денсаулық – зор байлық. «Ұл таппас әйел болмайды, тұрарын айт, мал таппас ер болмайды, құрарын айт» деп көнекөз кісілер неге айтқан? Болашақ бір-бір үйдің егелері жаңа қадам жасарда  ойланса  екен.

Нағима  МҰЗАРАПҚЫЗЫ,

Қызылорда  қаласы

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары