Өзекті мәселелер

  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Облыстың оңтүстігінде, қарт Қаратаудың іргесінде,  Сырдария өзенін жағалай қоныстанған, халқы – жайсаң, жері – жомарт Жаңақорған дейтін аудан бар. Батпағының өзі – бренд. Шөбі – шүйгін. Табиғи қазба байлығы талайды тамсандырған өңір. Жайылмалық жұрт жерсіндірген қарбызын алыс-жақын шетеліңіз таласып әкететіні тағы бар. Қысқасы, қазір Қаратаудың етегінде орныққан елдің бірлі...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Байқоңырлық бұқараның әлеуметтік мәселелері оң шешімін тауы­п келеді­. Бұрын «Ресейдің иелігінде» деп онша иек артпайтын аумақ еді, соңғы жылдары­ екі елдің Үкіметаралық келісімдерінің арқасында «жұлдызды қалашықта» да біраз істің беті бері қарап қалды.  Түсінікті болу үшін тақырыпты тарқатайық.

    ...
    Толығырақ...
Қараша 2018

ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ҰЛЫҚТАУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
29.11.2018 11:53

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси портреті жайлы біраз еңбектер жазылды­. Көптеген әлемге танымал қоғам қайрат­керлері мен ғалымдары жоғары бағасын берді. Елбасының саяси ұстанымдары мен тарихи­ шешімдері мемлекеттің дамуына, оның әлемдегі өркениетті елдер қатарына қосылуымызға негіз болды десем қателеспеймін. Жуырда ғана жарық көріп, елдің ықыласына бөленген «Ұлы даланың жеті қыры» 9 тілге аударылып, кітап болып таралуының өзі Елбасының руханият жанашы­ры ретіндегі танымал­дығын  аңғартса  керек.

Осыдан бір жарым жыл бұрын Тұңғыш Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының шыққаны белгілі. Екі мақала да бірін-бірі толықтыратын шығармашылық кемел ойдың жемісі. Автор бүгінгі ой-орамдарында дала өркениетінің ғаламдық маңызға ие 7 қырын ашып көрсете отырып, ұсынылған жобаларды «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарасты­ратынын атап өткен.

Менің ойымша, мақаланың тарихи-философиялық мәні «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі» делінген терең тұжырымда жатыр. Бұл ретте автор «уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы­ның басталатынын» дөп айтқан. Осы байлам негізінде елдің тарихы дегеніміз әр кезең­де өмір сүрген кез келген адамның санасында уақыт пен кеңістіктің бейнеленуі болып шығады. Егер, «Тарихты тұлғалар жасайды» деген­ қағидаға қол қойсақ, адами капиталдың маңыздылығы сүт бетіне шыққан қаймақтай айқын­ көрінеді. Қорыта айтқанда, ұлт тарихы автор пайымдағандай кеңістік, уақыт және адам факторларына иек арта отырып қалыптасады, тұтас сипатқа ие болады.

Мақаланың бірінші бөлігінде автор әлемдік өркениетке қомақты үлес қосқан қасиетті «Жеті қазынамыздай» ұлт өркениетінің 7 қырына тоқта­лады. Осылар арқылы тарихымыз бен мәдениетіміздің тамырларының тым тереңде жатқанын қолмен қойған­дай көз алдымызға әкеледі. Бұған қоса, әлемдегі түркі тектес халықтардың түп Отаны – Қазақстан екенін байыппен баяндай­ды. Әсілінде, мұрагерліктің бізге зор жауапкершілік жүк­тейтінін ұдайы сезініп жүруге міндеттіміз.

Автор мақаланың екінші бөлімінде тарихи сананы жаңғ­ыруға қатысты тың жо­балар ұсынған. Олар «Архив-2025», «Ұлы даланың ұлы есімде­рі», «Түркі әлемнің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музейінің мың жылы», «Тарихт­ың кино өмірі мен телевизиядағы көрі­нісі» деген атаулармен берілген. Осы атауларға қарап-ақ, Елбасының ұлт руханиятына деген шексіз қамқорлығын сезінуге болады. Аталған жобалар үздіксіз рухани дамуымыз арқылы жаңа мәдени сатыға көтерілуімізге баға жетпес тарихи мүмкіндіктер тудырып отыр. Осы басым бағыттар­ мен дала өркениетінің қасиетті қырларын нақты жобалар арқылы іске асыру – алдағы ортақ міндетіміз. Ұлт руханиятын кемелдендіретін, әркім­нің өр рухын оятатын  осындай міндеттердің негізін­де хакім Абайдың «Толық адам», Шәкәрім қажының «Ар ілімі», Ж.Баласағұндай дана­мыздың «Жомарттық», Қ.А.Яссауи бабамыздың «Хал ілімі» жатса, құба-құп.

Мақалада көрсетілген бағыттар мен жобаларды іске асырудағы басты мақсат – бірнеше том кітаптар шығару ғана емес, алдымен ізденіс жұ­мыстарын кешенді жоспарлау, нақты қаражат көзін анықтау, алынған тарихи-ғылыми және көркем  туындыларды заманауи  сандық  формат­та­ халықтың рухани қажетіне  ұсыну. Киноның көрермені, кітаптың оқырманы көп болғаны абзал. Осы мақсатта облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы бірқатар жобаларды жүзеге асыру­ды жоспарлап отыр. Олардың қатарында көрші мемлекеттер мұрағатынан материалдар, құжаттар қарастыру бар. Сондай-ақ, шет елдердегі қазақ диаспораларымен байланыс жасап, фольк­лорлық шығармалары мен музыкалық туынды­ларды жинақтау да үлкен жұмыс. Әрине, істелген жұмыстардың кәсіби деңгейі мен мазмұны – бірінші назарда тұрған мәселе. Бұл орайда орталық қызметкерлерінің ғылыми әлеуетін пайдалана отырып, жергілікті және шетелдік ғалымдармен бірлескен жобаларды орындайтын  боламыз.

Елбасы өз мақаласында фольклорлық дәс­түрдің тарихи негіздерін өңірлерге экспедиция жасау арқылы жүзеге асыруды тапсырды. Осы орайда «Сыр өңірінің фольклорының антологиясы» жинағын шығару мақсатында танымал ғалымдармен келісімдер жасалуда. «Ұлы дала­ны­ң жеті қыры» тарихи сананы жаңғыр­туды мақсат етіп отыр. Тарихқа деген көзқарасты түзетпейінше, ұлттық сананы жаңғырту мүмкін емес. Бұл мәселені шешу үшін білікті тарихшы­лар пулын жасақтауымыз керек. Бізде архео­лог­тар қазба жұмыстарын жүргізіп, ғылыми­ тұжырымдарын жасағанымен, көне жазбаларды,­ деректерді оқитын, тәржімалайтын мамандар аз. Сондықтан алдағы уақытта шығыс тілдерін білетін мамандар даярлау аса маңызды.

Егер кез келген туынды әрқайсысымыздың рухани қажетімізге жарап жатса, танымымыз өсіп, тұғырымыз нығая түсер еді. Бірлігіміз күшейіп, тірлігіміздің ажары кірер еді деген сенімдемін.

 

Нұрлыбек  МЫҢЖАС,

облыстық «Рухани жаңғыру»

орталығының  директоры

 


ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАҒАТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
29.11.2018 11:40

Мемлекет  басшысы  Нұрсұл­тан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – көптің көкейіндегі түйткілді дөп басып тани білген әрі дер кезінде жарияланған құнды дүние. Елбасы «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы бас­талады. Бұл – афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді  халықтарының  жылнамасына көз жүгіртсек, олардың­ мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетіс­тіктерінің дені осы елдер қазір мекен­ етіп жатқан аумақтарға қатысты­лығы жөнінде сұрақ туындай­тыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздері­нің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш» дейді.

Гректердің, италиялықтардың, немістердің өз өркениеті бар. Сол секілді түркі жұртының да өз мәдени­еті  бар. «Қазақта өркениет­  болмаған» деп айтуымызға болмайды. Қазақ мәдение­тінің көші ықылым замандардан бастау алатын­ын ғылым баяғыда мойындап қойған. Ежелгі грек жазбаларында жазылып қалған не бол­маса тасқа қашалып жазылған жазулардың өзі – ұлт мәдение­ті­нің  бастауы  қайда  жатқандығы­ның­  дәлелі.

Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарих­шы Геродот көшпелі скиф тайпаларының  тұрмысын  мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы  өмірін басқа да антикалық тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты­ көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтар, отырықшы-қалалық­ өркениеттің жаман қасиет­тері­нен  ада  болып көрінді. Бұл қазақ  тари­хы  емес  деп  айта аламыз ба?

Елбасы мақаласын «Атқа міну мәдениетінен» бастауы тегін емес. Ботай мәдениетінен табылған қазбалар ең алғаш болып жылқыны қолға үйреткен қазақтар екенін дәлелдеп тұр. 1981-1983 жылдар аралы­ғында Солтүстік Қазақстан универ­ситетінің археологиялық экспе­дициясы, профессор Виктор Зайбергтің жетекшілігімен Ботай ескер­ткішіне зерттеу жұмыстарын жүргізген екен. Ауданы 15 гектар жерді алып жатқан қоныстан 158 үй­дің орны қазылып аршылған. Кей­біреулерінде 30-ға тарта үйлер болған.­ Археологтарды ойпаттар қызықтырса  керек. Ғалымдар  ежелгі тұрғын-жайлар құрылысын қайта тұрғызу мүмкіндігіне ие бол­ды.­ Ең әуелі дөңгелек және үш­бұрышты қазан шұңқырды аршып алады. Сөйтіп, ғалымдар  қазба жұмыстары арқылы табылған жыл­қылардың қаңқасы арқылы жыл­қының алғаш қолға үйретілгені турал­ы деректерді анықтайды. Атқа міну мәдениеті арқылы қазақта өркениет­тің  болғандығын  дәлелдеп­ берді.

- Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астың­ғы деп екіге бөлді. Осылайша, кәдімгі  шалбардың алғашқы нұс­қасы­ пайда болды. Бұл салт атты адамдардың  ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғын­дары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шал­барлардың қазіргі шалбардан еш айырм­асы жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі етіктердің барлық түрі көш­пенділер атқа мінгенде киген жұм­сақ өкшелі саптама етіктің «мұра­герлері» екені белгілі, - дейді мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында.

Шын мәнінде ғалымдарды Ботай­ қонысынан табылған жылқы сүйектерінің қаңқасының көптігі таңғалдырған екен. Ғалымдар Ботай мәдениетін 27 жыл зерттеген. Оған әлем ғалымдарының көз тігуі де бекер­ емес. Қазақ өркениетінің бастауы­ саналатын бұл қазбалар әлі де нақты зерттеулерді қажет ететіні белгілі. Сондай-ақ, мақалада орынды айтылған тақырыптардың бірі – Ұлы даланың ұлы есімдері. Көп елдер­ өз елінің ұлы бабаларының есімде­рін мақтан тұтады. «Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүниежүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр. Ұлы дала әл-Фараби, Күлтегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді. Сондықтан біз біріншіден, атақты тарихи тұлға­ларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астын­да ескерткіш-мүсіндер қойыла­тын «Ұлы даланың ұлы есімдер­і» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек» дегенді Елбасы текке айтып отырған жоқ.

Көрші Қытай елінің Сиань қаласында сақталған терракот жауынгерлері­нің бейнесі – әлем туристерін  қызықтырған ғажа­йыптардың  бірі. Жыл сайын мың­даға­н адам тарихи мұражайды көруге асығады. Елбасы айтқан оқу-ағарту энциклопедиялық саяба­ғы әлемнің жеті кереметінен кем болмауы тиіс. Ұлт мұраты жолынд­а атқарылар шаралар өте көп. Тарихи  сабақтастық   дегені­міз – осы.

Келешек ұрпақ тарихты тани білуі тиіс. Ұлт тарихын білмесек, ұғындыра алмасақ, аға ұрпаққа сын. Қоғам қай кезде де дами бере­ді­. Даму үдерісімен бірге тарих­ та санаға сіңіп, рухани құндылық­тарымыз байи түскені абзал.

«Төл тарихын білетін, баға­лайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемі­н. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы». Елбасы осылай­ ой түйіндейді. «Ұлы дала­мыз­дың жеті қыры» – «рухани жаңғыр­удың» заңды жалғасы. Тарихт­ы түгендеуді бүгіннен бастайық.

Елбасы мақаласының мәні зор. «Ұлы даланың жеті қырында» айтыл­ған рухани дүниелерді жеткілікті дәрежеде пайымдай алсақ, нақты жұмыстарды атқара алсақ, ұтқанымыз. Ендігі мақсат жоғары деңгейде орындауда. Ғалымдар мен зиялы қауым өкіл­деріне жүктелген міндет зор. Алда орындалар нақты шаралар, атқарылар іс көп.

Мұрат  БАҚТИЯРҰЛЫ,

сенатор,

саяси  ғылымдар  докторы, профессор

 


«ЖАЙБАРАҚАТ ЖҮРДІҢІЗДЕР, ЕНДІ ҚИМЫЛДАҢЫЗДАР!» PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
29.11.2018 11:32

Н.НӘЛІБАЕВ,

қала әкімі:

Жылдың соңы есеп-қисаптың қорытындысымен өлшенеді. Қала экономикасының дамуы үшін мемлекет тарапынан бөлініп отырған қаражат та желтоқсанның аяғына дейін толығымен игерілуі керек. Сырт көзге шаһарымыздың сәні кіріп, ажары­ айшықталғаны анық аңғарылады. Тиянақты істің басы – тазалықтан. Қала көшелерінің жинақ­ы қалыпта тұруы тұрғындар үшін де жазылмаған заңдылыққа айналды. Қала – ортақ үйіміз. Сондықтан оның тек ғана тазалығына емес, әлеуметтік-экономикалық дамуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосу – баршамыздың перзенттік парызымыз.

Ал қала ахуалын осындай деңгейге жеткізіп отырған әкімдер мен сала мамандарының жұмыстары да қауырт, таяқтың екі ұшымен жұмыс істеу – қиынның қиыны. Өйткені барлығы бірдей жақсы бола бермейді. Бір саланың жұлдызы жанып тұрса, екінші саланың аяғы ақсап қалуы әбден мүмкін. Міне, осындай мәселелерді шешу үшін қала әкімі Н.Нәлібаев арагідік аппарат мәжілісін өткізеді. Өткірдің жүзі де, сынның тезі де – осы жиынның басты құралы. Сонымен, жыл басынан бергі 10 ай­дағы қаржыны игеру көлемі қандай? Облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуы қай деңгейде? Аппарат мәжілісінде қалалық бөлім басшыларынан осы сұрақтарға жауап алынды.

Қалада шағын және орта кәсіпкерлік даму тұрғысынан жақсы жолға қойылған. Кәсіпкерлерге де жағдай жасалып, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Бұл сала – экономика дамуының тиімді тетігі және жаңа жұмыс орындарын ашудың­ бірден-бір көзі. Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлік кәсіп­кер­лікті  қолдау  картасына  енгізілген  жалпы  құны 51 млрд теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылуда. Десек те, көштің басына ілесе алмай жатқан салалар да бар. Мәселен, республикалық бюд­жеттен бөлінген 6210,4 млн теңгенің 1613,3 млн теңгесі қалалық құрылыс бөлімінің тарапынан өз арнасын таппай отыр. Бұған кім кінәлі?

- Облыстық бюджеттен бөлінген 7 млрд  860 млн теңгенің 98,5 пайызы игерілді. Игерілмей­ қалған қаржы 114,9 млн теңгені құрап отыр. Қалалық құрылыс бөлімі тарапынан 109 млн теңге, тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан 3,5 млн теңге жоба-сметалық құжаттардың дұрыс болмауы салдарынан игерілмей қалды. Қалалық  бюджет  қаржысының  жұмсалуы – 99,9 пайыз. Ал 18,8 млн теңге – бюджеттік бағдар­ламалардың, бағдарлама әкімшілерінің, 3,5 млн теңге – ауылдық округтердің үнемделген қаржылары, - деп мәлімдеді қалалық қаржы бөлімінің басшысы  С.Айменов.

- Сіздерге шамалы жылы қараса, көрсеткіш осындай болады. Міндетті түрде қатаң айту керек.­ Сосын барып қимылдайсыздар! Өздеріңіз жауапкершілікпен қараңыздар. Сол үшін жалақы алып отырсыздар. Келесі жылы тағы да артады. Орындарыңызға да жұмыс істегісі келетін адамдар көбейеді. Жылдың аяғы жақындады. Әлі игерілмеген қаржы көздері бар. Бюджет қаражаты толығым­ен, саналы, заңды және уақытылы иге­рілуі  керек, - деп  ескерту  жасады  қала басшысы.

Жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындарымен 656 млрд 906 млн теңгенің өнімі өндірілген. Оның 85,9 пайызы Қызылорда қаласының үлесіне­ тиесілі. Халықтың әлеуметтік ахуалын арттыру мақсатында мемлекет тарапынан түрлі бағдар­ламалар  жүзеге  асып  жатыр.

Мәселен, кен өндіру өнеркәсібінде өнім көлемі 598 млрд 837 млн теңгені құраған. Есепті мерзімде 5358,4 мың тонна мұнай өңделсе, өңдеу­ші өнеркәсіп саласында 30 млрд 488 млн теңгенің, 862,5 млн текше метр табиғи газ және өңдеуші өнеркәсіп саласында 30488 млн теңгенің өнімі өндірілген. Ал мемлекет тарапынан 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына сәйкес 169 адам әлеуметтік жұмыс орын­да­рына жолданса, «Жастар тәжірибесімен» 548 жас маман тұрақты жұмысқа орналасқан.

- Барлық қолдағы мүмкіндіктерді пайдаланып, жоспарды артығымен орындау керек. Әрқайсысыларыңыз жеке жауап бересіздер! Жыл аяқталуға жақын. Жайбарақат жүрдіңіздер! Енді қимыл­даңыздар! Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 24 сағат жұмыс істеңіздер! Жоспарға жеткізе алмасаңыздар, қызметтеріңізбен жауап бересіздер! Мен сіздерге ескерттім. Барлық көрсеткіштер­ 100 емес, 110 пайызға артығымен орындалсын! - деген қала әкімі ашулы кейіппен бөлім басшылары­ мен ауыл әкімдерін орындарынан отырғызып, тұрғызды.

Сондай-ақ, шаһар басшысы алда қаһарлы қыстың келе жатқанын, қолайсыз күн райының болуын­ ескерт­іп, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен су, жарық мекемелерінің басшылары мен өзінің орынбасарларына да тапсырма жүктеді.

- Барлық мемлекеттік коммуналдық кәсіп­орындардың жұмысын қатаң бақылауға алу керек. Әсіресе, апаттық жағдайда халыққа қызмет көрсететін диспетчерлік пункттер үзіліссіз жұмыс істеп, халыққа жауап беру керек. Апатты жағдайлар орын алып жатса, дер кезінде қалыпқа келтіру – солардың жұмысы. Барлық әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлердің жылуын, ауызсу, кәрізсу, электр жарығын тексеріп шығыңыздар! Осы мәселелер қатаң бақылауда болсын! – деді.

Екі жүз жылдық тарихы бар қалада тек осы екі мәселе ғана емес, алда қыруар тірлік бар. Әлеумет­тік-экономикалық даму сатысынан жыл сайын жоғарылау үшін қойылар міндет те көп, артылар жүктің де салмағы жеңіл емес.

Н.ҚАЗИ

 


ЖЕҢІМПАЗ – «БАТЫР-ПАВЛОДАР» PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
29.11.2018 11:21

Сауда  үздігі – 2018

Қызылордалық кәсіп­керлердің жарқын жемісі. Биыл «Сауда үздігі – 2018» республикалық конкурсы Сыр өңірінде жалауын жел­біретті.­

Естеріңізде болар, өткен жылы «Абзал и К» серіктестігі байқаудың бас жүлдесін қанжығ­асына байлаған бо­латын­. Конкурс ережесіне сүйенсек, бас жүлдені ұтып алған  облыста  келесі  конкурс  ұйымдастырылады.  2002 жылдан бері жал­ға­сып келе  жат­қан­ үздік кәсіпкерлер конкурсы «Бөл­шек  сауда  саласындағы үздік кәсіп­орын», «Көтерме сауда бо­йынша үздік кәсіпорын», «Үздік демал­ыс орны» және тағы басқа­ номинациялар бойынша өткізіліп жүр. Осы жылы байқауға біздің об­лыстан 26 кәсіпорын қатысты.

Айтулы шара аясында былтырғы жеңімпаз келген қонақтардың жергілікті кәсіпкерлердің жұмысымен танысуына ұйытқы болды. Баспасөз туры барысында өзге өңірден келген бизнес өкілдері «Батыс Еуропа-Баты­с  Қытай»  автожолының бойында орын тепкен «Қы­зыл­орда» кешенінде болды. Мұнда  қонақүй,  мейрам­хана, дүкен, монша, шаштараз, көлік жөндеу орталығы бар. Жобаның жандануына 400 миллион теңгеден астам қаржы құйылыпты. Нәти­жесінде  тұрақты  тұтыну­шылары бар, сапалы қызмет көр­сететін  сауда нысанына айналы­п үлгерген. Көптің көңі­лінен шыққан кешенге қо­нақтар да оң көзқарас танытты.­

- Қызылорда облысында кәсіп­керлік нысандары жақсы дамып келе жат­қанына куә болып отырмыз. Бүгін­гі конкурста бұл қызмет көрсету орны жоғары­  бағаға ие болады деп ойлаймын. Аймақтағы бизнес саласының азаматтарына әрдайым қолдау білді­рілетіні көрініп тұр. Кәсіпкерлер де еңбекқор, өз ісін жақсы біледі, - деп пікір білдірді алматылық кәсіпкер Юлия  Барсукова.

Келесі аялдаған нысан – «Жан Арай» ЖШС. Кәсіпорын негізінен күріш өңдеумен айналысады. Күріш жармасын, түйіршіктелген құрама жем өндіріп, халықаралық стандарттарға сай күрішті ақтайды. Сондай-ақ, макарон, дайын өнімді қалталау цехы да өз қызметін атқарып келеді. Қонақтар зауыттың жұмыс барысымен танысып, ақпарат­  алмасқан  соң  ары  қарай «Арай» демалыс орнына барды. Нысанд­ы «Мелиорат­ор» ЖШС «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдар­ламасы негізінде салған. Сауықтыру орнын­да 1000 адамға арналған аквапарк­, 400  адамға  арналған мейрам­хана, 1500 адамға арналған ойын павильо­ны және басқа да қызмет түрлері қарастырылған. Зәулім кел­бетіме­н көз сүріндіретін ғимарат бүгінде  қызылордалықтар жиі баратын демалыс  орнына  айналған.

«Сауда үздігі – 2018» конкурсы Кәсіпкерлер  үйінде  қорытындыланды. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким қатысушы­ларға сәттілік тіледі. Марапат бары­сында қызылордалық кәсіпкерлер мерей­ биігінен көрінді. Айталық, «Көтерме сауда бойынша үздік кәсіп­орын» номинациясын «AB Invest  Group» ЖШС және «DALATEX» ЖШС иеленіп, үздік деп танылды. Ал «Бөл­шек сауда саласындағы үздік кәсіп­орын» мен «Кіші форматтағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша Жалағаш ауданындағы «Әлихан» мен «Алдияр» кәсіпкерлік нысандары 2-орынды еншіледі. «Үздік жол бойы кешені» номинациясымен 1-орынды Қызылорда қаласынан «Гейдарова Г.» ЖК  иеленді. Ал конкурстың бас жүлдесі – Гран приді Павлодар қаласынан қатысқан «Батыр-Павлодар» ЖШС алып, жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл кәсіпорынның озық жұмыс істей­тініне ерекше дәлел.

«Көтерме сауда бойынша үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алған «AB Invest Group» ЖШС – табыс жолында аянбай тер төгіп келе жатқан кәсіпорын. Қазіргі таңда он адамды жұмыспен қамтып­, өңірдегі жұмыссыздықтың азаюын­а септігін тигізіп отыр. Ерекшелігі сол, өндіретін өнімінің ден­саулыққа зияны жоқ, табиғи, эколо­гиялық  таза.

- Бүгінгі республикалық байқаудан бірінші орын алдық. Біздің кәсіпорында мақсары майы өндіріледі. Осыдан үш жыл бұрын құрылған. Осы жылы алғаш рет Қызылорда облысы мақсары майының 50 тоннасын Қытайға экспорттады. Алдағы уақытта бұл көлемді көбейту­ ­көзделуде. Біздің мақсары май экологиялық таза өнім, ешқандай қоспа, хими­ялық заттарды қолданбаймыз. Тек суық сығынын сығып, бөтелкелерді тазал­ап, оған мақсары майын құйып, нарыққа шығарамыз. Қазіргі таңда Қытайға ғана сатып жатырмыз. Ал Қазақстанда экологиялық дүкендерден таба аласыз. Еңбегіміз еленіп, осындай марапат алып жатқанымызға өте қуаныштымын. Алдағы уақытта мақ­сары майын 200 тоннаға дейін өндіруді межеге қойдық, - деді «AB Invest Group» ЖШС-нің  қаржы  директоры Г.Дүй­сенбаева.

«Сауда үйі 2015 жылы ашылған. Барлық талаптарға сай. Алматы қаласымен салыстырғанда тепе-тең деуге болады». Байқауға қатысқан жеке кәсіпкер турасындағы бұл пікірді Алматы облысы, Ұйғыр аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Бинара Сыдықбекова айтты.

- Бүгінгі байқауға біздің өңірден 7 кәсіпкер келді. Әр жыл сайын халыққа қызмет көрсетіп жатқан кәсіпкерлері­мізді қатыстыруға атсалысамыз. Себебі кәсіпкерлерге бұл байқау жаңа технологиялармен жұмыс істеуге және сапалы­ өнім өндіруге, оны экспортқа шығаруға көп көмегін тигізеді. Мұндай байқаулар  бізге өте жақсы мүмкіндіктер сыйлайды. Конкурсқа қатысқан Алматы облысы, Ұйғыр ауданынан жеке кәсіп­кер Жамиев туралы айталық. Оның ашқан сауда үйі – 64 500 халқы бар Ұйғыр ауданында үшінші сауда орын. Жаңадан ашылған, жаңа технологиялармен жабдықталған. Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болып отырмыз. Бұл біз үшін өте жоғары нәтиже деп білеміз. Елбасының Жолдауында айтылғандай, кәсіпкерлерді қызмет көрсетуге дайындауға, өнімдерін экспортқа шығаруға әрдайым көмектесеміз, насихаттаймыз. Кәсіпкерлерге өз міндеттерін түсіндіруге ықпал жасаймыз. Осындай байқаулар бола берсін деп тілеймін. Үздіктерді құттықтаймын, - деп жүрекжарды лебізін жеткізді Б.Сыдықбекова.

Салтанатты шара барысында марапаттаудан бөлек ресми келіссөздер де жүргізілді. Өзара ынтымақтастық туралы бірнеше меморандумдарға қол қойы­лып, жаңа бастама, жетістікке жетелер жоспар құрылды. Қызылорда облысының әкімдігі және «Қазақстанның сауда­ кәсіпорындары ассоциациясы» ара­сындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Сонымен бірге «Атамекен»  облыстық  кәсіпкерлер  палатасы мен  Қырғызстан Республикасының «Дордой» ассоциациясы арасындағы меморандумға да қол қойылды. Қос тарап­  арасындағы келісім – келешекке зор сенім. Бизнес әлемінде үздіктер қатарынан  үнемі  көрінуге  ұмтылыс.

«Сауда үздігі» байқауы – кәсіпкерлердің мамандануының жоғары бағалануының белгісі. Басты мақсат – Қазақстанның сауда кәсіпорындарының ең білікті басшыларын анықтау, сервис пен қызмет көрсету деңгейін көтеру, Қазақстанның сауда саласына жаңашыл форматтарды енгізу.

Кеш соңында «Сауда үздігі-2018» байқауына белсене қатысқан және ұйымдастыруға атсалысқан бірқатар азаматтар  марапатталды.

Осылайша көптен күткен ауқымды шара аяқталып, үздік аталымдар иелерін тапты. Кәсібінің нәсібін көріп, беделі биіктегендер айрықша қуанышты. Мұндай конкурстар кәсіпкерлер үшін табысқа бастар жаңа баспалдақ іспетті. Шабыттана түседі. Шаршамай-талмай өнімді жұмыс істеудің де тетігі осы, еңбекті елеу, қолдау емес пе?

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 


СЫР БОЙЫНДА СУ ПЕРІЛЕРІ БАР МА? PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
29.11.2018 11:08

«Су перілері өмірде бар ма?» деген сауал көпшілік үшін әлі де тартысқа толы. Бір тарап мұны сылдыр сөздің бірі деп сенбестік танытса, енді бірі су перілерінің бізбен  қатар өмір сүретініне күдік  келтірмейді. Қазақ дала­сындағы, оның ішінде Сыр өңірін­дегі осы құбылысқа қатыс­ты дерек­тер ХІХ ғасырдың аяғы­нан бастап жинақтала бастаған деседі­. Оған дәлел ретінде орыс географиялық қоғамының мүшесі, этнограф Михаил Миропиевтің еңбегін тілге тиек етуге болады. Ол 1888 жылы жарыққа шыққан «Демонологические расска­зы киргизов­» атты кітабында тылсым­ы терең жайт жөнінде біршама ақпарат беріпті. Автор сол кездегі Сырдария облысы, Перовс­к уезі қазақтарының  аузынан   27 тылсым оқи­ғаны  жазы­п  алған. Соның бірнешеуіне тоқтала кетейік.

ХАСАНДЫ   СУҒА  ШАҚЫРҒАН   КІМ?

Бір кісі дария жағалап келе жат­қанда  құлағына  әлдебір дыбыс­ есті­ліпті. Судың ішінен шығып жат­қ­ан дауыс бір кісінің атын атағандай екен. «Хасан» деп қайталапты сонда  әлгі  дауыс.  Жағалаудағы кісі «Хасан келе қалса, жіберемін» дейді. Осылайша үш күн өтіпті. Бір күш оны сол жерге байлап қойғандай кете алмай қалады. Үшінші күні сол жерге бір қазақ жігіт атпен келеді. Есімі Хасан екен. Ол жалма-жан суға түсуге  қамданады. Жаңағы адам оны тоқтатқысы келгенімен, «мен суға кетіп өлмеймін» деген жігіт дарияда арлы-берлі, арғы беттен бергіге жүзе береді. Тағы да суға түсіп, арғы беттен жақын­даған кезде су астынан біреу ұстап алып, батыра бастайды. Оны көріп шыдамаған манағы адам ар­қан лақтырып, ол арқанның ұшынан ұстаған кезде тарта кетеді. Бір кезде арқан өзінен-өзі босап қалады, ал оны құтқарамын дегенше суға батып үлгеріп, аз уақытта дене­сі су бетіне қалқып шығады. Жағаға шығарған кезде қолы мен аяғы қып-қызыл болып, денесінің әр жерінде із­дер қалып қойған екен. Сондағы жұрттан сұ­расты­рып ата-анасын тапқан соң, баланың мәйі­тін тапсырып, болған оқиғаны бастан-аяқ баяндап берген. Ал ата-анасы болса жаңағы кісі­ге  баласының үйде тыншып отыра алмағанын, «Мені шақырып жатыр, баруым керек» деп қоярда-қоймай атына мініп шауып кеткенін айтқан.­ Осы оқиғадағы кісінің аты жөні Есмұ­хаммед  Букин  екен. Ол – Сырдария  облысы, Перовск уезінің  қазағы.

 

ШАЙТАННЫҢ  ШЕШЕСІ КӨЙЛЕГІН  КИІП  КЕТІПТІ

Торғай даласында болған оқиға екен. Төке деген кісі әйелімен ұйықтап жатқанда бетіне су шашырап оянып кетіпті. Әйеліне «Сен менің бетіме неге түкіресің?» деп дүрсе қоя береді. Оны түсінбеген келіншегі «сенің бетіңе түкірген жоқпын» деп азарда-безер болыпты. Төке ашуланып, орнынан тұрып от жағып жан-жағына қараса, бір­түрлі  жағдай. Етігінің іші сиырдың тезегіне толған, үйдегі барлық заттар шашылып жатыр екен. Кінәнің әйелінде емес екенін жақсы түсін­ген Төке молда шақыртып, дұға оқытқызған. Сол сәтте мысығы ары-бері жүгіріп, байыз таппапты. Мысық­қа не болғанын сұрағанда молда «Бұл мысықтың соңына шайтандар түсіп қуалап жүр» деген екен. Содан соң Төкенің әйелі заттарының ішінен бір көйлегін таппай қалыпты. Молдадан мұның мәнін сұрағанда шайтандардың қатысы барын біледі. Шайтан «Ол көйлекті менің шешем тойға киіп кетті. Ертең бір түйенің жабының астын қарасын, табылар» депті. Таң атып, түйелеріне барған әйелі расында, бір түйенің астында тұр­ған өз киімін көреді. Оның етегі су-су, балшық екен. Адам киген­ сияқты­. Мұнан шошынған үй иесі адамдарды жинап, құдайы жасап, құран оқытып жіберген екен. Бұл оқиғаны кітап авторына Ысмайыл­ Қасымұлы айтып беріпті.

 

КАСПИЙДІҢ  ҚҰПИЯСЫ

Әзербайжандық ғалым Самед Джафаров су перісінің балықтармен бірге жүзіп жүргенін өз көзімен көргенін мәлімдеген. Оның сөзін­ше, Каспийдегі су перілер­інің түсі – жылтыр көк, шашы – қою жасыл әрі ұзын. Әзербайжандық ғалымдар су періл­ерінің сыртқа шығып, адам көзіне түсіп қалып жатқанын Каспийдің экологиялық ахуалымен байланыстырып отыр. Тіпті браконьерлердің де жоғалуына осы су перілерінің белгілі бір деңгейде қатысы бар деп жорамал жасаған екен.

Осылайша ғалымдар түсініксіз әрі ғылыми дәлелденбеген жайт туралы өзіндік пікір білдіруде. Халық арасында су перілеріне қатысты аңыз әңгімелер жетер­лік. Құй сеніңіз, құй сенбеңіз. Бір анығы, жер мен көктің ортасында­ адамға түсініксіз тіршілік иелері, олардың өмірі «жоқ» деп кесіп айта алмайтынымыз...

Дайындаған

Ж.БАҒЛАНҚЫЗЫ

 


БОЯМАСЫЗ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
29.11.2018 11:01

Сезім

- Анашым, бүгін біз қыздарды қадап ойнадық қой! - деді екі беті қып-қызыл болып кір­ген «Алтын асығым».

- Бісміллә! Қадап ойнағаны несі?! Ол қандай ойын? - деп таңғалып қалдым.

- Қыздарды қарға құлатып ойнататын ойын ғой. Міне, битемі­з. Қараңыз. Күрестегідей, бір аяғыңды битесің, екінші аяғыңды былай ұстайсың да, шалып кеп жібереміз, сосын ол құлап түседі қарға, - деп мәз.

- Жақсы көретін қызыңды да «қададың» (өздерінің жар­гоны екен ғой) ба?

- Жооқ, ол ойынымызға қосылға­н жоқ, тек бізге қарап тұрды.

- Тек қыздарды ғана ма?

- Ұлдар да бір-бірімізді қададық. Бірақ мені ешкім қадай алға­н жоқ.

Бозбаланың ауылына қадам жасай бастады бұлар. Әне, қыздарға қырындау басталды деген сөз бұл.

Ал кезінде бізді ұлдардың қалай «қадағаны» мүлдем есімде жоқ. Соған қарағанда әлгі, ұлым сырттай ұнатып жүрген қыз сияқты көбіне ойындарын сырттай бақылап тұрған шы­ғармын.

Сырттан енді кіріп келген әкесі:

- Екі бетің қып-қызыл ғой, кім сүйіп алған, қыздар ма? - деп еді, ұлының жауабы да дап-дайын екен:

- Жоқ, аяз сүйіп алған, - деді мәз болып.

Біздің күлген сәтімізді пайдалана қойып:

- Анашым, ертең  сабаққа ерте шыға берейінші. Бүгін со­лай­ келістік, қоңырау соғыл­ған­ша тағы да қадап ойнаймыз деп,- деді бізге арсалаңдай еркелеп.

Біз езуімізді жиып ала қой­дық та, рұқсат етпедік.

Ерте ғой әлі...

 

Керемет

«Күміс қасығым» алдымнан жүгіріп  шығып:

- Бүгін бір «керемет», бір «жарайсы­ң»  алдым, - деді.

Күнде «жарайсың» әкеліп жүрген баланың «кереметіне» елең ете қалдым.

- Бұл қандай баға?

- Бес қой.

- Ал «жарайсың» ше?

- Ол да бес.

Апайы кешегі шығармасына қатты ризашылығын «кереме­тіне»­  сыйғызған болды-ау.

Қазіргі бағалау қызық өзі: біз баяғыда бес алдым, төрт алдым деп келуші едік.

Заманына қарай адамы.

Айтпақшы, «Алтын асығым» екі «жарайсың» әкелді.

 

Сіз  балаңызды қалай еркелетесіз?

- Анашым, бүгін сабақта апай бізден «Сендерді мамаларың қалай деп еркелетеді?» деп сұрады.

- Иә, кімді қалай еркелетеді екен?

- Көбісін аналары «жаным» деп еркелетеді екен. Ал Әдиханды «Әдөн» деп еркелетеді екен, біз оған бәріміз күліп жібердік.

- Оның несі күлкілі?! Ұят емес пе, күлгенде­рің. Анасына солай айтқан ұнайтын шығар. Сонымен, ең ерекше еркелететін сөз қандай болды?

- Іңкәрөк. Ің­кәрді осылай еркелетеді екен.

- Ал өзің апа­йыңа қалай жауап бердің?

- Мені анам «айналайын» дейді дедім.

Айна-а-ла­йын!

 

Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

журналист,

Алматы  қаласы

 


БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІН ҚОЛДАЙТЫН ЖАНАШЫР ЕЛ АҒАЛАРЫ ТАБЫЛСА ҒОЙ... PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
29.11.2018 10:57

Армансыз адам – мақсатсыз адам. Бала  күнімнен   арманым – журналист болу. Журналист бола жүріп балаларға арнап тартымды ертегілер жазу. Бір өлеңі бір елдің мұрасындай болған ақын-жазушыларымыздың жолын­ жалғастыру. Ал балалар­ға арнап шығарма жазатын жазушылар­ымыз  жоқтың қасы. Көз майыңды тауысып жазған еңбектерің еленбей жатса, өкінішті. Бірақ, менің айтарым  бар, жазарым көп...

Балалар әдебиетіне келгенде туындайтын мәселе жетер­лік. Әсіресе балалар әдебиеті тартымды, безендіріліп шығуы үшін қомақты қаржы керек. Және де осы кітапты сатып алу үшін ата-ананың, баланың қалтасы көтермей жатады. Өйткені кітаптың бағасы шарықтап тұр. Балаларға арналған туындыларды мемлекет өз қамқорлығына алу керек. Әдебиетті, мәдениетті түсінбейтін, тіл жанашыры бола алмайтын жекеменшік мекемедегі ағаларымыздың есігін қағып барудың не қажеті бар? Мемлекеттік тапсырыспен балалар кітабын­ шығарса... Тіпті ақын-жазушыларға қаламақысын жақсы­ төлеп, жағдай жасалып жатса, балалар әдебиеті де өркендер еді. Шет тілінен аударылған ертегілерді пайдаланып келеміз. Балаларға арнап бала тілімен жазылған қазақ ертегілерін неге пайдаланбасқа? Мысалы,­ қалтасы қалың адам ақша төлеп, өз кітабын лезде шығарып алады. Оны сатып, пайдасын көреді. Балаларға арналғ­ан  шығармаларға  байқау жариялайтын болса, ол  тамыр-таныссыз өтпейді. Біз сияқты балал­ар, қалтасы таяз, тіреуіші жоқтар қалтарыста­ еленбей қала береміз. «Жассың, болашағың алдыңда!» деп шығары­п  салады. Әрине келісемін, кімде болса өз әліне қарай  шабады.

Қазақ балалар әдебиетін қолға алып, әр жерде шаң басып қалмайтын, балалар қызығып оқитын кітаптар шыға­рылса, өскелең ұрпаққа көптік етпейді. Жастарға қолдау көр­сетіп, жаңа ғасырда рухани жаңғ­ыру керек. Біздер, балалар жаңа туындыларды жазудан шаршамаймыз.  «Бар жақсымыз – балаларға, балалар – біз­дің болашағымыз» дегенді жай бір сөз ретінде айта салмай, балал­ардың да өз айтар мұңы, тілегі барын ескерсе екен. Сол кезде ғана жас жазушылар қатары­  көбейер  еді.

Түйін. Менің «Ертегілер елін­де» атты екінші кітабымды жарыққа шығару үшін қаржылай көмек толық табылмай жатыр­. Балалар әдебиетін қолдайтын жанашыр ел ағалары табыл­са ғой, шіркін!

Алтынай  БЕРІК

 


МЕН ӨМІРДІ ҚАЛАЙМЫН! PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
29.11.2018 10:54

Қызылорда  ОІІД  ЕБҚКБ  тарапынан  жарияланған  сайысқа

Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, сол мүмкіндікті біз дұрыс пайда­лануымыз керек. Ал қазіргі заманда өз өміріне көңіл бөлмейтін, өз болашағына балта шабатын адамдар жеткілікті. Уайым-қайғысын ұмыту үшін есірткіге әуестеніп, ішімдікке салынып, темекі шегіп, денесін улап, денсаулығын құртатындар да аз емес. Олардың көбісі жастар десек те болады, тіпті ересек адамдар да кездеседі. Сол ересек адамдар болашақ жастарымызға үлгі болудың орнына өздері кім боларын білмей дал.

Менің ойымша есірткі деген адам бойына тез таралады және де адамның ағзасы оны күніне қажет етіп тұрады екен. Есірткінің дәмін бір татып көрген адам онсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан адамдар өз өмірлерін ойлап, болашағына балта шаппай, ұрпағын ластамай, бұл жат әдеттен аулақ болса екен. Сонда ғана бұзақылық қылмыстар азайып, еліміз гүлденіп көркейеді.

Әр адам ең бірінші өзін жақсы көріп, басына түскен қиыншылықтарды жеңе білуі керек. М.Мақатаевтың өмір туралы «Шыда» атты өлеңін­де кереметтей ой тастаған.

Шыда, шыда,

Шыдай түс, шыда тағы!

Шыдамдыны мына өмір ұнатады.

Үміттің құлан иек құла таңы

Әйтеуір бір атады, бір атады.

Өкінбе, өкпелеме

Бүгініңе

өмір, өмір!

Болмайды түңілуге.

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып қақың бар жүгіруге.

Түсінемін жаныңның ауырғанын,

Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.

Иогтардың тәсілін қабылдағын,

Басқасына бас ұрып табынбағын.

Сондықтан тек шыдау керек. Асығыстан жаман іске барып, кейін сол тығырықтан шыға алмай өкінуің мүм­кін. Болашақты  бүгінен  бастап ойлану­ керек. Сенің өмірдегі байлы­ғың, қуанышың, тағдырың – денсаулығың, денің  сау  азамат  болсаң, өмір­де басыңа түскен қиыншылықтан оңай құтыласың. Мүмкін сіз де өміріңізде талай қиындықтарды баста­н өткерген шығарсыз. Болашақта өмір сізге жаңа қиыншы­лықтарды жіберуі мүмкін. Әр уақытта сізге кезекті ауыртпалық түссе, сіз оны сілкіп тастап, соның арқасында одан да биікке көтерілуіңіз мүмкін емес пе? Әрбір шешімін таппай тұрған мәселе – бұл сізге өмірдің лақтырған қатты тасы десек, сіз осы тастың үстінен аттап, күтіп тұрған қатты  дауылдан  құтыла аласыз.

Достар, болашағымызды дәл қазір­ден  бастап  ойланайық!

Бақытты жансың – сөнбесе күнің көгіңде,

Бақытты жансың – тіршілік еткен кезіңде,

Бақытты жансың – өмірді сүйе білгенде,

Бақытты жансың – бағалай білсең өмірде!

Аружан  Алмас,

№11  мектеп-лицейінің

9 «Г»  сынып  оқушысы

 


ҚОС АЛЫПТЫҢ ЖОЛЫҒУЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
29.11.2018 10:53

Бір апта бұрын ғана жазушы Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» атты кітабы қолыма тиген болатын. Балуанның өмір жолынан сыр шертетін кітапта оның елді аузына қаратқан өнері, ісі, болмысы шебер жазылған. Бұла күші бұлқынған қазақтың кісілік келбетін ашу мақсатында газеттегі «Сергек» спорт бетінен балуанның өмірі мен өнеріне қатысты естеліктерді мейлінше жариялап жүрміз. Тау тұлғаларымыздың өнегелі өмірін саналы ұрпаққа, ең болмағанда санаулы оқырманға үлгі етсек, мақтан етсек деген ой ғана. Ендеше, назарларыңызға «Қос алыптың жолығуы» деген шағын еңбекті ұсынамыз.

Рыскелді   ЖАХМАН

Қажымұқанның жастығын биік қойып, басын жоғары көтеріп ұйықтайтын әдеті бар еді. Көзі тез ілініп, тез оянатын. Алабырт­тан­ып ештеңені аңғармайтындай болып отырып не ұйықтаған боп жатып, айтылған әңгімені түгел еститін. Бірақ «Пәленше соны айтты» деп тіс жармайтын. Біреудің сыртынан сөз айтуға жаны қас адам еді. Ас пісіріп, түсіп жатқанда бір күшті қол қақ­паны соғып-соғып жіберді. Оның дүмпуі ағаш  үйдің  іргесін  солқылдатқандай  болды.­

 

– Ойпыр-ай, мұнысы кім еді, тағы? - деп алғашқы кесек етті тегенеге сала берген әйел, аяқ ұстап отырған ерінің бетіне қарады.­

- Дәу де болса, балуан шығар осы... Алдыңғ­ы күні ауылға келді деп еді. Мен шығайы­н, - деп шараны жерге қойып, Рысбек­ тұра жөнелді. Қақпаға жете бере:

- Бұл кім?! - деп дыбыс шығарды, тонын иығына  жамылған  бекетші.

- Қақпаңды аш, Нұрмағанбет!

- Ой, айналайын-ау, аңсаған кезде дидарыңды бір көрсеткелі Құдай айдап келді-ау сізді... - деп есікті тез ашып, атының шылауына орала түсті.

- Атты ықтасынға байла. Жедел жүріп терлеңкіреп қалды.

- Балуан, ат жайын өзім білемін. Тоңазымай үйге кіре беріңіз, - деді ол.

Төр алдында, үстіне іркіп жапқан жүндес ішікпен төбедей болып жатқан мырзаға тұр дей алмай, соған таяу төрт қабаттап көрпеше төседі. Балуан сырт киімін шешіп отырды да, үй ішіне түгел амандасты.

- Балуан-ай, сізді көрмегелі де көп болды-ау... Ауылға келгеніңді естіп едік. Барып сәлемдесуге ақпанның  қары  үстемелеп, мойын  бұрғызбай  жатыр­, - деп Рысбек есіктен кіре сөйледі. Оған жауап­ қайтармай, қамшысын  бүктей  нұсқап:

- Есік алдында үйілген көңдей күмпиіп жатқан мынауың кім өзі? - деп балуан жатқан мырзаға көз қиығын  салды.

- Ол Сарыөзек жақтағы мырза көрінеді. Петербор­ға барып, қой сатып қайтқан ба, қалай... Күймемен қайтқан екен, жол қағып шаршап қалған көрінеді. Күн батқан соң келіп еді, демалып жатыр.

- Кім екен?

- Білмедім, балуан, елдес деді ме, жанбілмес деді ме, бір рудың атын айтып еді, есіме түсіре алмадым...- деп сыбырлай сөйледі.

Балуан Шолақ көтеріңкі дауыспен:

- Онда үйілген көң екені анық болды ғой, жатсын.

Мырза ыңыранып барып басын көтерді де, балуан­ға көз қиығын салды да:

- Қайдан келесің?

- Петербордан.

- Иә, ол жақтағы ел аман ба?

- Аман.

- Патшаның балуаны Қажымұқан деген біреуі бар еді, оны көрдің бе?

- Жоқ.

- Сандалып талай жерге барсаң да, ауылда мен көрген Қажымұқанды көре алмаған екенсің.

- Сіз оны қайдан көрдіңіз?

- Көргенде  әкесін  таныттым, қар  басқан бір бекетте­ отыр екен. «Мен патшаның балуанымын» деп былшылдады. Отырған жерінде бүріп ұстадым да, жан-жағыма алма-кезек қарап алып, атып ұрып, далаға лақтыры­п  жібердім.

- Өтірік айтасың, оны көргенің жоқ. Қажымұқанды атып жіберу үшін алдымен менімен бел ұстасып көруің керек!

- Е, ондай да өнерің бар ма?

- Бар.

- Ендеше орныңнан тұра ғой!

Мырза бешпетіне таққан медальдары сылдырап ұшып тұрды. Нұрмағанбет те тұрып, Қажымұқанды бауырына құшақтай басып:

- Атағың шығып, елдің абыройы болған, бауырым! Сағынып жүргенде сені де көрдім ғой! Әкел бетіңді...

Қазақтың екі балуаны бекетшінің үйінде осылай кездесті.

 


«АШИНА ТҮРІКТЕРІНІҢ» ТАРИХЫНА ҚАЙТА ОРАЛУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
29.11.2018 10:39

Әкім Таразидің түсініктемесі: «Менің­ше, Іле хан деген Іле өзенімен байланыстыру дұрыс болмас деп ойлаймын. Бұл – дегенмен, «Ұлы хан» деген сөз. «Барлық тұрұқтардың ханы» деген мағынада айтыл­са керек», - деп тұжырымдапты (Астана, 2011, 336-339-бб).

И.Бичурин: «После сего Тумынь приня­л наименование Или-Хана*; а Хан значит то же, что в древности Шаньюй; супругу свою назвал Хатунь;...», - деп жазылған (Собрание..., 1-том, Алматы, 1998, стр.232).

И.Бичуриннің ескертпесі: «По Ганму. Тубин-хан (авт. - Тумынь-хан). Или-хан значить/ хан с реки Или», - деп  жазғаны­на Әкім Таразидің сенімсіздік танытқан пікірі дұрыс деп санаймыз. (Сонда. 232-б). Осындай тұжырымды Л.Гумилев та жазад­ы.

Л.Гумилев: «иль-хан» - владыка наро­дов», - деп И.Бичуриннің жазғанына түсініктеме береді («арабски» Истории. Книга I. Русский взгляд. Москва, 1993, стр.240).

Жоғарыда жазылған зерттеушілердің пікірлерін И.Бичуриннің жазғанымен салыстырып, оқырманға түсінікті болсын деп кесте түрінде берілді.

Кесте №1

И.Бичурин

«Орта Азия...»

Ә.Таразидің аудармасы

Л.Гумилев «Көне түріктер»

Ә.Сарай «Көк түріктері»

Эргэне-кун

Еркін қонған

Еркене күн

?

Дом Тукю*

Көктұрұқ Дулығатымыз

Көне түріктер (Түркіттер)

Көк түріктері

Сяньбий

Сәмбеттер

Сәмбилер

Сэнби (сяньби)

Жужань

Жүзжандар

Жужандар

Жужандар

Или-хан Тумынь (Ильхан)

Түмен хан

Бумын Ильхан (Елхан)

Бұмын қаған, (Ел қаған)

Анахуань

Қара қабан хан

Анахуан хан

Анахуань хан

Яньлочен

Жаңбыршы

Янълочан

Аньлочэнь

?

Арыстан би

Істеми қаған

Істеми қаған

Автордың ескертпесі: И.Бичурин еңбегін қазақ тіліне аударған Әкім Тарази­дің қолданған сөздерін Л.Гумилевтің «Көне түріктер» зерттеуімен салысты­рамыз.

Еркін қонған* - Еркене  күн (Ергенекүн) – Аңыз бойынша: он жастағы ғұн баласымен қаншық қасқырдың жақындасқанынан кейін, қасқырдың қашып барып паналайтын тауы. Сол таудың ішінде қаншық қасқыр 10 ұл туады. «Ерген­е күн – Құлама беткей деген белгі атқа ие болады» (Көне түріктер. 78-б).

Көктұрұқ Дулығатымыз* - Көне түріктер (Түркіттер). Л.Гумилевтің жазуы бойынша: «Қытайлар Ашин ханның боданд­арын Ту-кю деп атаған. Бұл сөзді П.Пельо «түрік ют», яғни түріктер деп сәтті аударған. ...«Түрік» сөзінің өзі «күшті», «мықты» дегенді білдіреді» (Сонда.­ 22-б).

Дулығаты /мыз/, дулығалы - бастарына темірден, шындалған темірден соққан­ дулыға киіп шыққаннан, Дулат тайпасы аталған депті Ә.Тарази.

Ә.Тарази Н.Бичуриннің: «Алтай, при подошве коего поколение Ашина кочевало, составляет высочайшую точку хребта, известного под названием Алтайс­кого. Он состоит из кругообразного сцепления утесистых гольцов с глубок­ою  и пространною долиною внутри­ их, и представляет собою вид шлема, обра­щенного углублением к верху­. Шлем по-монгольски называется дулга, от чего Ашина и название своему поколению принял. Сия-то часть Алтая азиятскими историками названа Эргэне-кун. Естественное положение Алтая и обязанность дулгаского поколения добывать железо для хана подали им повод к баснословным сказаниям о выходе из гор», - деп жазған сөйлемді қазақшаға аударғаннан шыққан тұжырым (Собрание... том 1. Алматы, 1998, стр.230,231).

«Предки Дулги (Тукюе) из рода в род жили на южной стороне Алтая и добыва­ли железо для жужаньского хана: и посе­му хан: ты мой плавильный невольник. Ганму», - деп И.Бичуриннің түсінік­темесіндегі «Дулги (Тукюе)» этнонимін негізге алғандықтан Дулат руы деп па­йымдаған дейміз (Собрание... том 1. Алмат­ы, 1998, стр.232).

Сәмбеттер* - Сәмбилер; Тобалар тайпасы­ның қытайланған тобын сән­билер деп атаған (Л.Гумилев. Көне түріктер. 8,9,51-бб).

Н.Бичурин: «Сянбийцы а том же году овладели землями и народом их в северной Монголии. Сянбийцы-потом­ки Татар­-хана», - деп жазады (Собрание... Том 1, стр.230).

Жүзжандар* - Жужандар 200 жыл өмір сүрген. Қожаларынан қашып кеткен­ құлдар, әскерден қашқан қашақтар, қайыр­шы кедейлер, т.б., яғни әртүрлі тайпалард­ан жиналған тобыр­.  Кейін IV ғ. 50-жылдары көшпелі осы тобырды әскерден қашқан құл Өгілей басын біріктіріп, хандық  құрады (Гумилев Л. 10-21-бб).

Қ.Салғараұлы: «Жужан хандығы жойылғанымен, оның халқы жойылған жоқ. Олар «он оқ» халқының құрамына енді. ...Тарихшылар осы жужандықтарды аварлар деп атап жүр», - деп жазады (Хандар кестесі. Алматы, 1992, 21-б).

Бекжан Әденұлы Л.Гумилев пен Қ.Салғараұлының Жужандар туралы жазған пікірлеріне қарама-қайшы өз болжамын білдіреді. Ол: «Ендеше Жанды­ (авт. - Жужанды) халқы мен ежелгі Хан (Қытай) халқы замандас. Сол Чиди немесе­ Ішті тайпасы мен қазақтың Шекті тайпасы бір тәріздес. Кіші жүз тобының Шекті тайпасы мен Ошақты (Юэчжи) тайпасы туыс деп білеміз. Шекті тайпасы Жужан қағанаты Үйсун (Үйжан) империясын бағындырған заман­да оқшауланып қалған тәрізді, яғни Жужан қағанатын орнатқан Сыйбөріс тайпасымен сыйыспаған. Олардың кейіннен Еуропаға ығысқан руларынан қазіргі ЧЕХ ұлты қалыптасқан болуы да мүмкін, әрине католиктік христиандықты қабылдау себебінен», - деп жаңа бір тың болжамды келтіреді. Тарихи айналымда жоқ болғанымен, осы уақытқа дейін айтылмай-жазылмай келген пікір дейміз. Неге Чех ұлты ШЕКТІ руынан болмасқа, Еуропада өмір сүріп жатқан Болгарлар ДУЛАТ тайпа­сынан болса, ал Венгерлер өздерін қыпшақ тайпасының МАДИЯР ата­лығынан тарағанбыз дейді (Қазақтың құпия тарихы. Астана. 2014, 161-б).

Түмен хан* - Бумын (Бұмын) Ильхан­ (Елхан). 552 жылы Бірінші Түрік қаға­натын  құрған қаған;

Л.Гумилев: «Түріктің бірінші ханы Бумын­ Елхан лауазымын алған. Елхан лауа­зымының дәлме-дәл мәні – «халықтардың билеушісі», - деп көрсетеді және ол, «ел-иль» терминінің аудармасы туралы­ ғалымдардың арасындағы пікірталастарға тоқтала кеткен (Көне түріктер. 99-б).

Есаға Арыстан би Қарахан* (Есугей, Ес аға – өз аты, Қарахан – дәрежесі) – Л.Гумилев: «Бумынның інісі Істеми қаған», - деп жазады (Әкім Тара­зидің аудармасы және Көне түрік­тер. 32-б) ;

Қара Қабан хан* - Анахуан – Жужан ханы (Таразидың аудармасы, сонда. 27-б).

Жаңбыршы* - Янълочен - Жужан ханы Анахуаның ұлы (Сонда. 27-б).

Ғайнидин Мұсабаев пен Әкім Таразидің И.Бичуриннің «Орта Азия мекендеген...» зерттеуінің қазақ тіліне аудармасында Батыс Түрік қағанатын құрған Дулат тайпасы деген пайымдауының қате екенін, Л.Гумилевтің «Көне түрік­тер» мен И.Я.Бичуриннің «Орта Азияны мекендеген халықтардың көне заманғы тарихы», Әнес Сарайдың «Көк түріктері» атты зерттеулеріне және көне түрік дәуірінің тарихын зерттеушілердің де еңбектеріне сүйене отырып пікірімізді білдіреміз.

Л.Гумилев  «Көне  түріктер (түркіттер) тарихының  басы»  атты  тарауында             (III тарау. «Ашина руының ұлы мемлеке­тін құру». 545-581 жж.) кең көлемде тарат­а жазады. (Сонда. 25-б).

Ол «Түрік-түркіт» деп атаған халықтың пайда болуын: «Алтай мен оның бөктерлеріне тән орманды-дала ландшафты жағдайындағы этникалық араласу нәтижесінде V ғ. аяғында пайда болған.­ Келгіншілердің (авт. - Ашина атымен бас қосқан 500 шаңырақ) жергі­лікті халықпен бір туғандай ұласып кеткені сондай, арада жүз жыл өткеннен­ кейін, 546 жылы олар көне түрік немесе түркіттер деп аталатын­ тұтас бір халық болып шыға келді», - деп көне түрік­тердің қалай пайда­ болғанын жазады (Сонда, 25-б).

Біздің зерттейтін тақырыбымыздың негізгі өзегі, көне түріктердің қас жауы жужандарды жеңгеннен кейінгі тарихи оқиғаларға тоқталамыз.

Бірінші  дәлеліміз: Түріктердің Бірінші түрік қағанатын қалай құрғаны және бірінші қағаны жайында Л.Гумилев: «Бумын­ арандату әрекетін жасады. Ол жужан ханы Анауханның қызына үйленбекші болып ханға сөз салды. ...Қаһарына мінген хан оған дөрекі жауап­ қайтарды: «Әй, сен менің телмірген теміршімсің (түркіттер жужандарға темір балқытып беретін), маған мұндай көргенсіздік жасауға дәтің қалай барды?»­...

Бумын 552 жылдың қысында жорық­қа шығады да жужанжарды толығымен жеңіп шығады. Анахуан өзін-өзі өлтіреді, ал оның ұлы Яньлочен одақтасы циліктерге қашып кетеді.

Бумын Ильхан (Елхан) лауазымын алады, бірақ 552 жылдың аяғында қайтыс­ болады. Таққа оның баласы­ Қара Ыссық хан деген лауазыммен отырады. Қара Ыссық хан әкесінен жарты жылдан соң 533 жылы жұмбақ жағдайда көз жұмады,­ оның баласы Шету биліктен шеттетілген­ де, Қара Ыссық ханның інісі Кушу, Муганхан деген лауазыммен таққа отырад­ы», - деп Бірінші Түрік қағанатын құрған бірінші Бумын-қаған болған­. Орхон жазуында ол Бумын-қаған деп көрсетілген (Көне түріктер. Алматы, 1994. 27-б).

«Мемлекеттің ханнан кейінгі бірінші адамы жағбы болған. Түптеп келгенде, жағбы ханның бас уәзірі, бұл қызметке көбінесе хандық құрып тұрған әулеттің мүшесі сайланатын болған. Мәселен, Елхан Бұмынның (Бумын) кезінде жағбы шенін оның туған інісі Істеми алған. Бірақ жағбы тақтың мұрагері деп есептелінбеген. Мұрагер, атқаратын қызметіне қарамастан, «тегін» деп те аталған. Қарауында билейтін еншілі жер-суы бар тек­тес­ ханзада «шад» деп аталған, мысалы, кейін хан болған Сымо, өгей деп күдік­тенгеннен соң Шад бола алмай қалған.

Мән-маңызы төменірек шендерді Ашина тұқымына жатпайтын кісілер алған, бірақ барша қызмет мұра етіп қалдырылып отырған. Міне, осы негізге жүгінсек, түркіт (авт. - түрік) қоғамы ақсүйектер қоғамы болған деп жорамал жасаған жөн», - деп Л.Гумилев түрік қағандары және олардың туысқандары Ашина әулетінен тараған дейді (Сонда. 51, 52-бб).

Л.Гумилев жужандарды жеңгеннен кейін: «554 жылы жеке бектерден империя құрылған жыл болды. Теріскейде Цигу мемлекеті жаулап алынды. Қытайлар Цигу атынан нені түсінгенін – қырғыздарды ма, әлде чиктерді ме – о жағы көмескі», - деп Түрік қағандығының құрылуы 554 жылдан басталғанын жазады­ (Сонда. 29-б).

И.Бичурин: «Муюй-хан Кигинь еще на западе разбил Иду, на востоке прог­нал Кидань; на севере покорил Цигу, и привел в трепет все владения, лежащие за границею (т.е. от Великой стены на север)», - деп Цигу тайпаларын басып­ алғанын көрсетеді (Собрание сведений... Том 1, Алматы, 1998, стр.233).

Осы арада басын ашып алатын мәсе­ле­, түріктердің Цигу мемлекетін жаулап алғаны. Осы Цигу мемлекетін құрған түріктерді Со (сақ) тайпасынан шық­қандар дейді. Тарихшы Л.Қызласов цигуді­ – чик  тайпасы  деп біледі. Чиктер – ортаға­сырлық шекілдер, кейінгі Шекті руы. Халық арасында көне заманнан бері айтылып келе жатқан мақал «Әлім, Сақтан белгілі» деген сөздің жаны бар. Цигу мемлекеті Сібірдегі Кем өзенінің бойына қоныстанған тайпалардан құралған болуы мүмкін. Автордың «Шекті руының құпия тарихының» 1-ші кітабының (2017 ж.) «Көне түріктердің тегінің сақ тайпасынан шығуы» тарауынд­а жазылғандықтан да қайта­ламадық (23-32-бб).

Көне түріктердің қол астындағы халыққ­а ханды жариялаудың өз рәсімі болған. Л.Гумилев «Көне түріктер» зерттеуінде Қытай мәліметтеріне сүйеніп: «Бекзаттар оны ақ киізге отырғызып, күн жолының ыңғаймен қаумалаған қалың жұрттың құттықтаған айғай-қиқуы үстінде шеңберді тоғыз рет айналып шығады екен. Сосын оны ақбоз атқа мінгізіп, мойнына дереу жібек бұғау са­лып­, оны қолма-қол босаңсытып, одан: неше жыл хан болғың келеді?» - деп сұраған. Тәж-тақты мұраға қалдыру күрделі жүйе арқылы жүргізілетін болған.

Ұлы түркіт мемлекетінде тақ мұрагерін анықтау бірінші кезекте тұрды. Түріктер «Енші аймақтық-таспиқты жүйені ойлап шығарды. Еншілік-таспиық­тық жүйе тәж-тақты мұра ретін­де алу кезегін реттеп, жөнге салған. Заңға сәйкес, Муганханның* мұрагері болып баласы емес, інісі саналады, сосын­ неме­ре інілерінің үлкені ағасының  мұрагері  аталады.

Осының арқасында түркіт мемлекеті жүз жылдан аса уақыт бойы Азияда ең жоғарғы орынға ие болып, VI-VII ғғ. ұлы мемлекеттермен бәсекелесе алатын дәрежеге жетеді.

...Тақты тосатын ханзадалар басқаруға енші етіп аймақтар алатын болған. 568 ж. түркіт мемлекеті төрт еншілік аймаққ­а, ал 576 ж. сегіз еншілік аймаққа бөлінген.

Муганханның 572 ж. қайтыс болғанын біз анық білгендіктен де жаңа заңға сәйкес, таққа оның інісі Тобахан отырды. ...572 ж. Тобахан шығыстан немере інісі Шетуге, батыстан – інісіне еншіліктер бөледі де, ол ұзамай қайтыс болғасын, ол жерді Бөріхан атанған ұлына қалдырды. ...Жуырда қайтыс болған Істемидің балаларының еншіліктері болған: Қара Шұрын (сор) еншілігі, Түріксанф еншілігі Еділ мен Жайық бойында екен. Ұлы  ханның  қосыны байырғы түрік жері – Алтай өңірінде болса керек, ал қалған екі еншілік, шамасы, оның екі үлкен ұлы Әмір мен Тегіншат меншігінде  болған  секілді.

Еншіліктер жүйесін үлгі ретінде, тегі, түскей хұндарының II ғ. тақты мұралану­ тәртібі алынған сияқты, өйткені V ғ. Ашин бектерінің арғы аталары олармен қарым-қатынас жасаған ғой, бірақ оның мәні мен қолдануы басқарақ болған», - деп түрік мемлекетінің ел басқару жүйе­сін хұндардан үлгі ретінде алған деп тұжырымдайды (Көне түріктер. Алматы, 1994. 55, 56, 57-бб).

Бірінші  дәлелдемені  қорытындыласақ: Түріктер тарих сахнасында 546 жылдан бастап тұтас халық ретінде белгілі болады. Жужан хандығының қол астындағы боданы Бумын 552 жылы жужандарға қарсы соғыста жеңіп, бодандықтан­ құтылып, өз алдына Бумын Ильхан (Елхан)­ лауазымын алып Бірінші түрік қағандығын құрады, бірақ 552 жылдың аяғында  қайтыс  болады. Орнына баласы­ Қара Ыссық сайланады. Осы Қара Ыссық 553 жылы өлгеннен кейін, Түрік хандығында тәж-тақты мұра ретінде «еншілік-таспиықтық» Заң қабылдан­ған. Бұл Заңда тақ мұрагері болып баласы­ емес інісі сайланған, сосын немере інілерінің үлкені ағасының мұрагері атал­ған. Тақ мұрагерін белгілеп отыратын, арнайы Ашина әулетінен шыққан билер немесе арнайы тағайындалған (авт. - қазіргі конституциялық кеңес) ақсақалдар анықтап, белгілеп отырған дейміз. Тақ мұрагерін белгілегенде, бір ескере­тін жайт тәж-тақтың мұрагерінің анасының шыққан тегіне айрықша маңыз беріл­ген. «Мысалы, ханзада Төременді тақтан тайдырудың себебі «шешесінің шыққан тегінің төмендігі», - деп көрсетеді  Л.Гумилев (Сонда 72-б).

(Басы өткен санда. Жалғасы  бар.)

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары