Өзекті мәселелер

  • 15.08.19

    Қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Бұған дейін мәжіліс залында ине шаншар орын болмайтын. Бұл жолы орын бос болды. Шамасы, ақжағалылар тамылжыған тамызда тынығуды жөн санаса керек. Жә, бастысы, ол емес.
    Аппарат мәжілісінде екі мәселе таразыға тартылды.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Өткен аптада Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округінде қарбыз шырынын шығаратын цех алғашқы өнімін сынақтан өткізді. «Енді Жайылмада қарбыз кластері дамиды» дейді білетіндер. Лайым солай болғай! Естеріңізге салайық, осыдан тура 6 ай бұрын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сүйінші жаңалықты Жаңақорған ауданының әкімі  Ғалым Әміреев бірінші болып жеткізген-ді. Сол кезд...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Жасыратыны жоқ, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың көп нәрсеге мүмкіндігі жоқ деген қате пікір әлі де бар. Алайда әр пенденің бұйыратын өз несібесі бар. Біреудің қолынан келмеген іс екінші адамның қолынан тууы мүмкін. Сол секілді айналадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбекпен жетіп жатқан жұмыстарына қолдау көрсетіп, шынайы баға беруді міндет санағанымыз жөн. Сондай өмірге құштар, ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Кәсіпкерлік дамыса, еліміз де өркениетке өрлейді. Жұмыссыздық азаяды. Нарық халыққа қажеттіні қамтиды. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қолдауды арттырды. Іскерлік мүмкіндігін молайтты. Солардың қатарында сырдариялық тұрғындар да мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде. Мұны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы  мен ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Сәрсенбінің сәтті күнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімовтың қатысуымен брифинг өтті. Бір ерекшелігі, Олжас Азатұлы қашанда өзімен бірге спорттың әр түрінде жеңімпаз атанып, ел намысын қорғап жүрген қызылордалық өрендерді баспасөз мәслихатына  ертіп әкеліп, БАҚ өкілдерімен бетпе-бет жүздестіреді, кері байланыс орна...

    Толығырақ...
Қараша 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДА «КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БИЗНЕС: ӘРІПТЕСТЕР СҰХБАТЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ФОРУМЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.11.2018 10:12

Шараға қатысушылар өңірге қажетті мамандарды даярлау бойынша ұсыныстарымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Қызылордада еңбек нарығына жоғары білікті мамандар даярлауда ақпараттық технологияларды қолдану мен дамытуға арналған «Кәсіптік білім беру және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты облыстық еңбек форумы өтті.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев форумда айтып өткендей, қазіргі таңда әлеуметтік-экономикалық дамудың сапалық сипаттамасы алдыңғы қатарға көтерілді. Жалпы ішкі өнім жоғары технологиялық өндірістердің – білім, денсаулық сақтау, ғылым және басқа да интеллектуалдық қызметтер есебінен артуы қажет.

«Сарапшылардың бағалауы бойынша Батыс Еуропа мемлекеттерінде жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда адами капиталдың үлесі - 30%, АҚШ-та - 40%, ал ТМД елдерінде бар болғаны 10-15%-ды құрайды. Сондықтан, экономикалық өсім мен барлық игіліктердің негізгі драйвері адам, оның білімі мен дағдысы болуы қажет. Адам жетекші күшке айналуы керек - оның білімі, шеберлігі, тәжірибесі көп жағдайда табысты істің кепілі болып табылады. Нәтижесінде жоғары сапа мен экономикалық өсу қамтамасыз етіледі»,-деді аймақ басшысы.

Бұл ретте, адами капитал, ең алдымен, білім беру саласы арқылы қалыптасатын болғандықтан, бұл сала шығынға негізделген салалар сияқты болмауы керек. Керісінше, жаңа экономикалық жағдайда экономикалық өсімнің мүмкіндігін анықтайтын инвестициялық сала ретінде қарастырылуы қажет.

«Сондықтан да, 2014 жылдан бастап аймағымыздағы мектеп бітірген түлектерді Мәскеу мен Санкт-Петербургтің ең мықты техникалық жоғары оқу орындарына жіберіп жатырмыз. Ресей Федерациясы Үкіметінің гранты негізінде оқып жатқан 452 білім алушылардың Мәскеудің болат және қорытпа институты мен Санкт-Петербургтің мемлекеттік өсімдік полимері технологиялық университетін биыл бітірген алғашқы 32 студенті оқуын аяқтап, елге оралса, 42 түлек магистратурада білімдерін жалғастыруда. Ресей жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс нәтижесінде биылғы оқу жылы тағы да 58 бала оқуға түсті»,-деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар, жыл сайын аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 100-ге жуық дарынды балалар облыс әкімінің білім беру гранты бойынша еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына оқуға түсуде. Биылғы жылы гранттар саны 2 есеге - 100-ден 205-ке дейін артты, бұл ретте гранттардың 70%-ы IT-мамандықтарға бөлінген. Айта кетейік, қызылордалық мектеп бітірушілердің 97%-ы осымен екі жыл қатарынан жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсіп отыр. Олардың 57%-ы - мемлекеттік білім гранты иегерлері. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 509-ға артты.

Білім беру саласының сапасындағы тағы бір маңызды көрсеткіші – болашақ мамандардың сұранысқа ие болуы, олардың таңдаған қызмет саласында жұмыс істеуге деген ниеті. Осы мәселелерді шешу мақсатында облыс экономикасына қажетті кадрлардың ұзақ мерзімдік болжамын анықтай отырып, 2015 жылы аймақтық еңбек ресурстары балансы дайындалды. Бұл, өз кезегінде аймаққа қажетті мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырысты анықтауға ықпал етері анық. Бітірушілердің жұмысқа орналасуына қиындық тудырмау үшін осы еңбек ресурсы балансы мектептегі кәсіби бағдарлы даярлықтың негізі болуы тиіс.

Форумның қатысушылары облыста бейінді оқытуды ұйымдастыру бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті, дарынды жастардың өндіріске енгізілетін шығармашылық жобаларымен танысты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


«УНИВЕРСАМ» САУДА ҮЙІ ЖАНЫНДАҒЫ АЛАҢ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.11.2018 10:03

Қызылорданың 200 жылдығына орай облыс орталығында "Универсам" сауда үйінің жанындағы алаң қайта жаңғыртылды. Бұл - мерейтойға орай Сырдария ауданының тартуы.

Алаңға брусчатка төселіп, бордюрлер жаңартылды және субұрқақтың айналасы абаттандырылып, көгалдандырылды, орындықтар орнатылды. Қайта жаңғырту жұмыстары демеушілердің қаражаты есебінен жүргізілді.

Сондай-ақ, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде ауданның шығармашылық ұжымдарының концерті өтті. Онда қазақтың халық әндері, ұлттық билері, әлемдік классикалық музыканың озық үлгілері орындалды.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев жаңғыртылған нысанда болып, Сырдария ауданының жұртшылығымен кездесті.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңақорған, Қармақшы, Шиелі, Арал, Қазалы және Жалағаш аудандарының шығармашылық ұжымдарының концерттері және облыс орталығындағы жаңғыртылған нысандардың таныстырылымы өткізілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА 18 ПӘТЕРЛІК АЛТЫ ТҰРҒЫНҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.11.2018 18:00

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Қазалы ауданына барды. Онда 18 пәтерлік алты тұрғын үйдің құрылыс алаңында болып, инженерлік коммуникацияларды жүргізу бойынша атқарылған істер мен жаңа автопарк жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда аудан орталығында Әйтеке би кентінде 18 пәтерлік алты үйдің құрылысы жүргізілуде.

Атап өтейік, ауданды дамытудың бас жоспарына сәйкес алдағы уақытта Әйтеке би кентін Қазалы қаласымен біріктіру жоспарлануда. Қазіргі таңда табиғи газ, ауызсу және электр энергиясын жүргізу, сондай-ақ, жалпы көлемі 500 гектар аумаққа жол салу құрылысы іске асырылуда. Инженерлік коммуникацияларды жүргізу жұмыстары 2019 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, бүгін аймақ басшысы Қазалы ауданында ағымдағы жылдың қазан айында "Сенім-Табиғат" ЖШС мен "Байқоңыр" ӘКК бірлесіп салған "Қазалы Керуен" көлік, сауда-логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның сапаржайы сағатына 250 жолаушыға қызмет көрсетеді. Нысанда автотұрақ, көлікке техникалық қызмет көрсету және сауда ойын-сауық орталығы қызмет атқарады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТ ШӘКІРАТ ДӘРМАҒАМБЕТОВТІҢ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.11.2018 15:27

Арал ауданында КСРО-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Шәкірат Дәрмағамбетовтің 90 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Арал ауданына жұмыс сапары барысында салтанатты шараға қатысып, мерейтой иесін құттықтады.

"Сыр өлкесі арғы-бергі тарихымызда шығармашылықпен айналысатын талантты ақын-жазушылардан, жыршы, қаламгерлерден кенде емес. Солардың бірі – талантты туындыларымен-ақ тұғырлы тұлғаға айналған, қаламы қарымды, ойы алымды, журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы, өшпестей ізі бар, ақпараттың абызы Шәкірат Дәрмағамбетов ағамыз. Соғыс басталғанда 12-13 жастар шамасындағы бала болса да, "Еңбек армиясына" кеткен әкесінің ау-құралына ие болып, теңізден балық аулады. Пединститутты бітіргеннен кейін мектепте, партия комитетінде және аудандық, облыстық газеттердің редакцияларында жұмыс істеді. Бүгінде ауданнан шыққан қаламгерлер, журналистер көшін тоқсанға келсе де тұғырдан түспеген Шәкірат ағамыз бастап тұр», - деді аймақ басшысы.

Аймақ журналистикасындағы көпжылдық еңбегі үшін Ш.Дәрмағамбетов ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталып, «Нива» автокөлігінің кілті табысталды.

Сондай-ақ, мерейтой иесін әріптестері мен замандастары, Қазақ ССР-нің Балық шаруашылығы министрі болған Құдайберген Саржанов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кішкене Айбосынов құттықтады.

Өз кезегінде, Ш.Дәрмағамбетұлы әріптестеріне риясыз көңілдері үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, Шәкірат Дәрмағанбетов 1950 жылы Қызылордадағы педагогикалық институттың тарих факультетін тамамдаған. Бітірген соң Оқу министрлігінен Гурьев (Атырау) облысына жұмысқа жолдама берілді. Атыраудан соң Арал ауданының Шөмішкөл, Октябрь, Қаратерең мектептерінде директор, колхозда партком хатшысы, аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы, 1960 жылдың ақпан айынан Арал аудандық «Социалистік Арал», Қазалы ауданында «Ленин туы» газеттерінде бөлім меңгерушісі және редактордың орынбасары қызметтерін атқарып, 1966 жылдың наурыз айынан бастап облыстық «Ленин жолы» газетінің Арал-Қазалы аудандарындағы меншікті тілшісі болады. Ол өз міндетін 25 жыл мінсіз атқарды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


АРАЛДА АУДАНДЫҚ АУРУХАНА мен МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.11.2018 15:24

Орталық аудандық аурухана 150 адамға, ал мектеп 300 орынға арналған.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев ауданға жұмыс сапары барысында аудандық аурухана мен мектептің ашылу рәсіміне қатысты.

150 орындық аурухананың ғимараты 3 қабат, 4 блоктан тұрады. Оның ішінде терапия, хирургия, травматология, педиатрия, гинекология, инфекциялық және дерматовенерологиялық бөлімшелер қызмет көрсетеді.

Облыс әкімі аурухана ұжымын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

«Қазіргі таңда Елбасы тапсырмасымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мемлекет пен жеке сектор арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүріп жатыр. Облыс бойынша білім, денсаулық, спорт, жалпы әлеуметтік салалар бойынша 52 нысанның жобасы әзірленіп жатыр. Өткен жылы Қазалы теміржол ауруханасының базасында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының тұрғындары үшін ауданаралық инсульттық орталық, Байқоңыр қаласынан көпсалалы аурухана ашылды. Қажетті мамандарды резидентураға дайындау мақсатында облыс әкімінің грантын бөлдік, қазір 22 маман оқып жатыр»,-деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, соңғы 2 жылда медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, барлық аудандарда ауысымына 250 келушіге арналған емханалар мен 11 медициналық бекет салынды. Өткен жылдың желтоқсанында Қазалы аудандық орталық ауруханасы пайдалануға берілді. Облыстың денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 48 дәрігерлік амбулатория, 7 фельдшерлік-акушерлік бекет, 27 медициналық бекет құрылысы жоспарлануда. Медициналық ұйымдарды арнайы техникамен қамтамасыз ету бойынша әлемнің кез келген клиникасымен байланысқа түсуге мүмкіндік беретін мобильді – ота жасайтын қондырғы орнатылды. Мұндай қондырғымен республиканың 5 клиникасы ғана жабдықталған.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелерін медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету көрсеткіші 45,19%-дан 73,4%-ға дейін өсті. Жалпы, екі жыл ішінде 3,1 млрд теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынды.

Сондай-ақ, бүгін аудан орталығында №14 мектеп-лицейінің ашылу рәсімі өтті. Мұнда дәрісханалардан басқа асхана, акт залы, кітапхана, спорт залы және мектеп ауласында спорт алаңы бар. Сонымен қатар, робототехника кабинеті, волейбол секциясы және шеберхана жұмыс істейді.

Аймақ басшысы ұстаздар мен ата-аналарды мектеп-лицейдің ашылуымен құттықтады.

"Дені сау және білімді, бәсекеге қабілетті ұрпағымызбен өркениетті 30 елдің қатарына кіруге толық мүмкіндігіміз болады. Мектептің жаңа ғимараты педагогикалық ұжымға білім беру жүйесінің алдында тұрған міндеттерді шешуге көмектеседі деп сенемін. Ал міндеттер өте ауқымды, бұл - адам капиталын дамыту. Сарапшылардың бағалауы бойынша, Батыс Еуропа елдерінде адам капиталының жалпы ішкі өнімді қалыптастыруға қосқан үлесі 30%, АҚШ-та 40%, ТМД елдерінде ол 10-15%-ды құрайды. Бүгінде әлеуметтік-экономикалық дамудың сапалық сипаттамалары алға шығуда", - деп атап өтті облыс әкімі.

Атап өтейік, өткен жылы Арал ауданында апаттық мектептердің орнына 6 жаңа білім ұясы салынған болатын. Облыста соңғы 5 жылда 45 білім ошағы, оның 37-сі апаттық мектептің орнына салынды.

Сонымен қатар, бүгін облыс әкімі Аралдағы апатты үйлердің орнына берілген 27 жеке үйдің тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар аймақ басшысына тез арада тұрғын үй мәселесін шешіп бергені үшін алғыстарын білдірді. Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында облыс әкімі тұрғындармен кездесіп, екіқабатты апатты үйлерінің орнына жаңа тұрғын үйлер салынатынын айтқан еді. Жоғарыда аталған отбасылар қыркүйек айында жаңа баспанаға ие болды. Әр үйдің аумағы 60 шаршы метр және тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған қосалқы учаскелері бар. Барлығына жарық жүргізіліп, су тартылған. Сондай-ақ, мердігер компания өз қаржысы есебінен табиғи газ жүргізіп, көгілдір отынмен жылытатын пеш орнатып, жерсеріктік телевизиясына қосып берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА КЕЛМЕНБЕТ БАТЫР САЯБАҒЫ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.11.2018 10:20

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында жаңғыртылған Келменбет батыр саябағының ашылуы мен Қармақшы ауданы шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерті өтті.

Келменбет батыр ескерткішінің айналасындағы аумақ абаттандырылды – көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, шамдары жаңартылып, брусчатка төселді және бордюрлер қойылып, орындықтар орнатылды. Жөндеу жұмыстары демеушілер көмегімен жүргізілді.

Сондай-ақ, кеше А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде ауданның шығармашылық ұжымдарының концерті өтті. Онда қазақтың халық әндері, ұлттық билері, әлемдік классикалық музыканың озық үлгілері орындалды.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып, Қармақшы ауданының қоғам қайраткерлерімен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, қала мерейтойына орай Қызылордада аудандардың шығармашылық ұжымдарының концерттері және жаңғыртылған нысандардың таныстырылымы өткізілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ОБЛЫС ӘКІМІ "ҰШҚЫН" ОҚУ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.11.2018 10:06

Бес жыл ішінде кәсіпорын облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі жүздеген адамды мамандық және тұрақты табыспен қамтамасыз етіп, өнімдер мен қызметтерін ұсынуда.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев "Ұшқын" Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны" ЖШС жұмысымен танысты.

Кәсіпорын 2013 жылы құрылған, мұнда тротуарлық плиткалар мен жолжиек тастары, пластикалық терезе, есік және витраждар, кез келген офистік және үйге арналған жиһаз өнімдері өндіріледі. Сондай-ақ, сыртқы жарнама қызметінің барлық түрлері, әртүрлі полиграфиялық өнімдерді басып шығару мен клинингтік қызметтер, компьютерлік және периферийлік құрылғыларды жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Кәсіпорында 211 адам, оның ішінде 119-ы мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 9 айында ғана ұйым 331 мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысып, 342,6 млн теңгенің тапсырысын орындады.

Кәсіпорын басшысы Бақыт Жұмашевтің айтуынша, ол ерекше қажеттіліктері бар адамдардың көпшілігіне жұмысқа орналасу қиын екенін ескеріп, олардың табыс табу және өз отбасыларын асырау үшін көмектесу мақсатында өндірістік цех ашу туралы шешім қабылдаған.

Айта кетейік, "Ұшқын" Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны" ЖШС құрамына "Қазақ соқырлар қоғамының", "Қазақ саңыраулар қоғамының" Қызылорда, Арал, Қазалы, Сырдария аудандары мен Жосалы кентіндегі филиалдары, сондай-ақ "Жігер" Қызылорда облысы мүгедектерінің ЖШС кіреді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қызылордалық диқандар «Тегін кеңес беру» қызметінің нәтижесін көруде PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.11.2018 09:58

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасы диқандардың мәселесін шешуге септігін тигізуде.

Осы көктемде, егіс науқанының қарсаңында күріш өсірумен айналысатын шаруашылықтар үшін Кәсіпкерлер палатасы «Тыңайтқыштарды тиімді пайдалану және күріш өнімділігін арттыру» тақырыбында семинарлар өткізген болатын. Аталмыш шара тың бастаманың өмірге келуіне септігін тигізді.

«Сол шараға күріш өсірудегі жаңалықтар бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласының ғалымдары, Күріш зерттеу институтының қызметкерлері, облысқа белгілі зейнеткер-агрономдар және басқа облыстардан келген минералды тыңайтқыштарды шығаратын компания өкілдері қатысып, саладағы мәселелер талқыланды. Шаруалардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Семинар жұмысының қорытындысы ретінде күріш алқаптарынан жоғары өнім алу үшін «Тегін кеңес беру қызметін» бастау туралы шешімге келдік. Өйткені кіші шаруашылықтарда тәжірибелі агрономдары және техникаға қызмет көрсететін инженер секілді мамандар жоқ», - дейді Палатаның Агроөнеркәсіп кешені бөлімінің бастығы Жасұлан Серіков.

«Тегін кеңес беру» қызметі пилоттық режимде облысқа қарасты Сырдария ауданында қолға алынды. Сырдариялық кәсіпкерлер маманның жалақысы мен отыратын орнына қажетті және өзге де шығындарды көтеруді өздерінің жауапкершілігіне алады. Кеңес беруші маман ретінде Сырдария ауданындағы зейнетке шыққан тәжірибелі агроном Кенжебек Әнапияұлы таңдалды. Күріш науқанында аудандағы диқандар аптасына екі күн агроном отыратын кеңсеге барып, сондай-ақ, маманды егіс алқабына шақыртып қажетті пайдалы нұсқама-кеңес алу мүмкіндіктеріне ие болды.

Пилоттық жоба көп күттірмей-ақ өз нәтижесін берді. Күзгі жиын-терінде Сырдария ауданының шағын шаруашылықтары өнімді әдеттегіден 10-15 центнерге артық жинады. Биыл облыс бойынша күріштің орташа өнімділігі гектарына 50-55 центнер болса, жобаға белсенді қатысқан шаруашылықтар күрішті 67 ц/га дейін жинады.

Бастаманың сәтті нәтижесінен кейін агроном-маман Кенжебек Әнапияұлына «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының алғыс хаты берілсе, аудан кәсіпкерлері бірлесе машина мінгізді.

Бүгінде Кәсіпкерлер палатасы «Тегін кеңес беру» қызметін облыстың өзге аудандарында да енгізуді жоспарлауда.

Айта кетейік, мұндай «кеңес беру қызметтері» Еуропа елдерінде жақсы жолға қойылған. Шаруашылықтар көп орналасқан өңірлерде осындай қызмет түрі ашылып, зейнет жасындағы тәжірибесі мол ауылшаруашылық мамандарды жұмысқа алып, жас шаруашылықтарға сүйемелдеу жасайды.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


БЕРЕКЕЛІ ЖЫЛДЫҢ МЕРЕКЕСІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.11.2018 15:09

Бүгін Сырдария аудандық мәдениет үйінде биылғы жылғы науқанды жұмыстардың қорытындысы бойынша «Алтын дән-2018» мерекелік шарасы өтті.

Ауыл шаруашылығы саласының жылдық көрсеткіштерін қорытындылауға арналған салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Ғ.Қазантаев аудан халқын береке мен молшылықтың бастауы болған мерекемен құттықтап, ауыл еңбеккерлерінің ел үшін еткен ерен еңбектерінің ақталғанын атап өтті.

Шара барысында ел ырысын еселеп, адал еңбегінің абыройына бөленген азаматтарға аудан әкімі лайықты марапаттауларды, бағалы сыйлықтарын табыс етті және сыр салысын күтіп-баптауда мол тәжірибесі бар, сол арқылы зор жетістікке жеткен озат шаруашылықтар марапат тұғырынан көрінді.

Осындай еңбек озаттарының құрметіне арнап аудан өнерпаздары әннен шашу шашты. Арнайы тігілген киіз үйлерде еңбек озаттарына ақ дастарқан жайылып, сый-құрмет көрсетілді.

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары