Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1712
mod_vvisit_counterКеше2601
mod_vvisit_counterОсы аптада15983
mod_vvisit_counterӨткен аптада18090
mod_vvisit_counterОсы айда18413
mod_vvisit_counterӨткен айда58946
mod_vvisit_counterБәрі4199503


Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Қараша 2018

ӨНЕР мен ӨЛЕҢ ӨРНЕГІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
22.11.2018 11:08

Өткен аптада ақын, режис­сер-сценарист Оңталап Нұрмаханов адам өмір жолының асқар биігі алпыс жасқа толды. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге келген ақынды Сыр жұртшылығы мерейтойымен құттықтады. Сыр бойында  туып, саналы ғұмырын өнер мен мәдениетке арнаған азаматтың Н.Беке­жанов атындағы музыкалық драма театрында «Бабадан байрақ өнерім» атты шығармашылық кеші өтті. Кешке облыс әкімінің орын­басары Р.Рүстемов қатысып, аймақ басшысының ізгі тілегін жеткізді. ҚР Мәдениет министрі А.Мұхамеди­ұлының құттықтау хатын оқып берді.

Оңталап Дүйсенәліұлы Ақтөбе қаласы мәдени-ағарту училищесі және Алматы қаласы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының режисс­ер бөлімін тамамдаған. Алғаш­қы еңбек жолын 1975 жылы Арал аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб киномеханигінен бастаған ол сол аудандық мәдениет үйінің дирек­торы қызметтеріне дейін көтері­лген. Теледидардағы көзге көрінбейтін шығармашылық адам­дарының жұмысы секілді режиссер­дің де еңбегі байқала бермейді. Әйт­песе сонау 1985-1990 жылдары Арал аудандық мәдениет үйі халық театры­ның режиссері қызметін атқарып жүрген кезінде-ақ сахнаға Т.Ахтановтың «Күшік күйеу», Қ.Мұхамеджановтың «Ой, жігіттер-ай», С.Адамбековтың «Алтын табақтағы жылан», М.Мақатаевтың «Қош, махаббат!», Р.Сейсенбаевтың «Қашқын» спектакльдерін қойған. Сондықтан болар кеште сол өзі ең алғаш іргесін қалаған Арал аудандық Мәдениет үйі жаны­ндағы «Көңілашар» халық театры­ның әртістері жанынан табыла­  білді, өз  өнерлерін  көрсетіп, көрермен  ықыласына  бөленді.

Мұнан  бөлек О.Нұрмаханов 1996-2004 жылдар аралығында облыст­ық халық шығармашылығын дамыт­у және мәдени-продюсерлік орталығының көркемдік жетекшісі қызметін атқарған. Сол кездері об­лыс­т­а өткен республикалық, халық­аралық мәдени шаралар мен театрландырылған қойылымдарды да­йындауға  ат  салысқан. Мерей­то­йында ақынның  осы бір қыры арнайы лэд экран арқылы  көрсе­тілді. Онда кеш иесінің  режиссер­лік  еткен­ мерекелік шараларынан, бейнефильмдерінен үзінділер берілді.

Ал кейіннен 2003 жылдан бастап облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында режиссерлік қызмет атқарып, Р.Отар­байұлының «Қандыөзек» траге­диясын, Л.Егембердиеваның «Егіздер», С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» мелодрамаларын, Ә.Тара­зидың «Люстра» фантасмагориясын және тағы да басқа туындыларды сахнал­ап, көрермендер назарына ұсынған. Режиссер-сценаристтің бұл қырын да айшықтау үшін театр артис­тері мерейтой барысында С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» мелодрамасынан үзінді қойды. Сондай-ақ, өзі жетекшілік ететін «Жастар» театрының артистері майталман маманның көзге көріне бермейтін еңбектерін әдемі сахналап, туған күн иесіне керемет тарту жасады.

Жігітке жеті өнер де аз деп жатады. Алайда Оңталап Нұрмахановты сегіз қырлы, бір сырлы десек, артық айтпағандық болар еді. Себебі ол – режиссерліктен бөлек, ақындық қырымен де танылған жан. Оның «Көздеріңнің көркемі-ай», «Сәукеле», «Адам Ата-Хауа ана», «Астана», «Қорқыт-Қобыз», «Жер жүрегі» сынды­ 20-дан астам әнге сөз жазғанын  бірі білсе, бірі біле бермес.

Ал «Азия дауысы» халықаралық фестивалінде топ жарған «Қорқыт қобыз» әнін жас әнші Аягөз Аралбайқызы орындап, қалың көрерменнің рухын бір көтеріп тастағаны да ақынның тыңдаушысын терең иірімге тарта білетін сөздермен жазылғанынан болса керек.

Кеш  барысында ақынның «Парада­райя сақтары», «Көздерің­нің көркемі-ай», «Шабытымның шаң­қай түсі» атты кітаптарының тұсауы кесіліп, облыстық филар­мония, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі артистері және әнші­лер М.Шомбалов, Н.Сейт­мұратов, жыршы, термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Елмұра Жаңабергеновалар  өнер  көр­сетті.

 

Ж.ЖҮНІСОВА

 


ТҮПКІ МАҚСАТ – МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ мен ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН АРТТЫРУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
22.11.2018 11:01

Бақыт  ИСМАХАНБЕТОВ,

«Әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  қоры»  КЕАҚ  Қызылорда  облысы  бойынша  филиалының  директоры:

- Бақыт Торғайбайұлы, сұхбатымызды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізудің 2020 жылға дейін шегерілуінен бастасақ. Мұндай қадамға баруға қандай факторлар  әсер  етті?

- Өздеріңізге белгілі, 2016 жылы қараша­ айында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға қол қойылып, 2017 жылдың екінші жартысынан енгізілетін бол­ған. Заңға сәйкес, жалдамалы жұмыскерлері бар жұмыс берушілер жарнаны төлеуді баста­уы керек, ал жүйе осы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтарға медициналық пакеттің аясында көмек көрсетуге тиіс-тұғын. Алайда бүгінгідей әлемді, біздің елімізді шарпыған дағдарысқа байланысты жұмыс берушілердің, азаматтардың, жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлердің, жалпы азаматтардың көбінің жарнаны төлей алмау қаупі туындады. Сондықтан Елбасы бастаған, елдегі бизнес қауымдастық, Үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар тағы басқа құрылымдар осы түйт­кілдердің барлығын талқылады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатындағы азаматтар ертең міндетті әлеуметтік медициналық пакетінің сыртында қалып қоймай ма? Олар бүкіл еліміз бойынша 2 миллион 800 мыңнан­ астам адам екен. Бұл дегеніңіз – үлкен армия­. «Осындай қауіпті факторлар тұрғанда әртүрлі түсінбестік, қиын жағдайларға тап келмейміз бе?» деген сауалдарға жауап ізделінді. Келіссөздердің нәтижесінде екі жылға, яғни 2020 жылдың 1 қаңтарына шегеру­ туралы шешім қабылданды. Ол туралы­ заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, осы жақында шықты. Ендігі мәселе­, осы аралықта не істейміз? Алдымен 2 миллион 800 мыңнан астам өзін-өзі қамтыған азаматтарды өзектендіру жұмыстарын жүр­гізу. Бұл ретте тиісті тірліктер тындырымды атқарылуда. Облыс бойынша 80 мыңнан астам­ аталмыш санаттағы азаматтар бар. Оның 50 мыңға жуығы бүгінгі таңда өзектен­дірілді. Қалған 30 мыңы үшін қызу жұмыс жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін жұмысты еңсеру көзделген. Жұмыс берушілердің жағдайы есепке алынып, олардың заңда көзделген аударымдарының пайызы бұрын жоғары болса, қазір төмендетілді. Жеке кәсіпкерлер осы жылдың басынан бастап жарна төлеуден босатылды. Өйткені олар егер жалдамалы  жұмыскерлері болса, солар­ға ғана төлейді. Содан кейін азаматтық-құқықтық негізде қызмет көрсететін азаматтардың пайызы да азайды. Өзіміздің денсаулық сақтау саласын алатын болсақ, цифр­ландыру жұмыстары жүріп жатыр. Жүйе бойынша барлық көмек негізгі екі пакетке бөлінеді. Ерікті сақтандыруды қосқанда, үшеу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – бірінші пакет. Екіншісі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру пакеті. Екі пакетке өте нақты, дәл қызмет түрлерінің барлығын екі түрлі тізім жасап,­ өзектендіріп, соны екіге бөлу жұмыс­тары аяқталды. Енді ол 2020 жылдан бастап іске қосылатын болады. Онда мемлекеттің өз азаматтарына деген кепілдік берілген көлемі таза көрсетілген. Олар: жедел жәрдем, санитарлық авиация, профилактикалық егулер, әлеуметтік мәні бар аурулардың барлық көмегі, шұғыл түрде стационарға жатып емделу, амбулаторлық деңгейде тегін дәрілік заттарды азаматтар өзектендірілген тізім­дердің аясында алатын болады. Ал әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне келер болсақ, мұнда адамның өмір сүру сапасын жақсартатын, қымбат тұратын, көбіне жоспарлы, жоғары технологиялық болып келе­тін емдерді қабылдайды. Ол дәл тексерілу тәсілдері, компьютерлік, магнит-резонанс­тық томография, құны аса қымбат тұратын зертханалық тексерулер, тізбекті реакция дейміз, түрлері көп. Солар біздің қордың есебінен тегін болады. Жоғары технология­лық деңгейдегі ем қабылдау. Бұларға бауыр­ды, жүректі, т.б. ауыстырып салу, экстракорпоралды ұрықтандыру, нейрохирургиялық, травмотологиялық, артопедиялық оталар сияқты өте қымбат тұратын жоспарлы ем түрлері біздің пакетте тұратын болады. Содан­ кейін полиативті, мейірбикелік күтім, тегін берілетін дәрілік заттардың өзінің көлемі бар, бұлардың барлығы екі пакетке бөлініп қойылды. Өзінің ақпараттық жүйелері интернетке салынды. Ертең азамат қандай да бір ем түріне жүгінуге келген кезде оның қолында жеке куәлігі, ЖСН болса,­ сол арқылы азаматтардың сақтандырылғанын автоматты түрде білетін боламыз. Жиынтық төлем деген тәжірибеге енгізіліп жатыр. Өзінің жеке кәсібі, стационарлық сауда­  нүктесі, жалдамалы жұмыскерлері болмаса, ол кісілерге ерікті түрде айына егер қала тұрғыны болса, 1 айлық есептік көрсет­кіштің деңгейінде (2500 теңге), ал ауылдың тұрғыны­ болса, одан екі есе аз жиынтық салық төлей­ді. Оның ішінде жеке салық, мін­детті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жар­насы, сақтандыру қорының жарнасы бар. Олай болса, азаматтар бір оқпен қанша қоянды­ атып алады, сосын сақтандырылған болып есептеледі. Басы ауырып, балтыры сыздаған­ кезде сақтандыру пакетінің есебі­нен барлық көмек түрін алады. Бұл – мемлекетіміз ұсынып отырған өте үлкен игілік.

- Жүйені іске қосуға дайындық жүріп жатыр екен. Бүгінгі таңда сақтандыру төлемдеріне  қанша  қаражат  жиналды?

- Бүкіл республика бойынша 116 мил­лиард теңгеден асып кетті. Ал біздің Қызыл­орда облысы бойынша 3 миллиард теңгеден астам қаражат жиналды. Соның 93 пайызы – жұмыс берушілер, заңды тұлғалар. Қалған 7 пайызы – жеке тұлғалар. Жиылған қаражаттар Ұлттық банктің арнайы шотында сақтаулы тұр. Қордың ішінде құрылған резервтерге қолданылады. Ол ақша ешқайда кетпейді, басқа мақсатқа жұмсалуға заңды негізі жоқ. Тек ғана азаматтардың сақтандыру негізіндегі көрсетілген көмекке шығын­дарын өтеу үшін жұмсалады.

- Былтыр емханаларда тіркеу кезінде кемшіліктер орын алды ма? Кейбір емдеу мекемелерінің мамандары азаматтардың атынан жалған өтініш толтырған деседі. Осы  жөнінде толығырақ айтып өтсеңіз.

- Тіркеу кампаниясындағы бұзушылықтар деп айтуға келмес, кемшіліктер делік. Конституциялық құқығына қолсұғушылық мәселелері. Жеңіл қараудан келіп туындайды, ол бір дұшпандық әрекет емес ғой. Өтініштерін азаматтардың сыртынан толтырып жіберу секілді мәселелердің болғаны рас. Медицина мекемелері пациенттерді өзіне көбірек тіркеу үшін осындай қулықтарға барады. Екінші мәселе – өзінің аумағындағы емханаға тіркелгісі келмей, қаланың басқа бір түкпіріндегі емханаға тіркелуге құмар адамдар болады, көп болмаса да. Мұндай кезде мекеме ескертеді. Әрбір тұр­ғын ауыра қалған жағдайда емханасы 20 ми­нутта жететін жерде болғаны жақсы. Қазір онша ешкім жаяу жүрмейді ғой, көлікпен жүреді. Меніңше, бұл реалды нәрсе. Шынайы. Соны біз барынша түсіндіреміз, егер оған келіспейтін болса, арнайы келісімшарт­қа отырады. Тек «Кезек күттірмейтін мәселелер туындағанда біз сізге 20 минуттың ішінде  бара  алмаймыз, сол есіңізде болсын.­ Егер осыған  келіссеңіз, сізді тіркейміз» деген­ келісіммен. Үшінші  кемшілік – емхана­лардың­ қуаттылық мөлшері жетпей қалатын кездер болады. «Учаскеміз жоқ, дәрігеріміз жоқ, енді сізді тіркей алмаймыз» деп бас тартқан жағдайлар. Негізінде олай болмауы керек. Мемлекет өз халқының жағдайын жасауы тиіс. Осы үш кемшілікті арнайы атап өткім келеді.

- МӘМС-нің тұрғындарға ең  тиімді  тұсы  қайсы?

- Ең тиімді тұсы – азғантай ғана жарна төлейсіз, басыңызға күн туа қалған жағдайда медициналық көрсетілімдер бойынша бүкіл пакеттің бәрін аласыз. Екіншіден, қалтаңыздан ақша шығарып, қорға төлегеннен кейін сіздің денсаулығыңызға деген жауапкершілігіңіз арта түседі. Психологиялық, ментальдық тұрғыдағы мотивация. Құлшыныс тудырудың ерекше бір құралы. Осыған орай медициналық мекемедегі қызмет­керлердің қызмет сапасы да көтеріледі. Пациент­ті өзіне көбірек тарту үшін қызметкерлер арасында бәсекелестік туындап, барын­ша жоғары деңгейде жұмыс істеуге ұмытылады.

- Мемлекет қай санаттағы азаматтарға өз  қаржысын  төлейді?

- Қазір әлеуметтік аз құралған 14 санат­қа мемлекет өзі төлейді. Олар – балалар, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, 3 жасқа толмаған балалар тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар, бала туу немесе жаңа туған сәбиді асырап алуға байланысты, балала­ры 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс алған адамдар, мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемей­тін азаматтар, зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сот  үкімі  бойынша  қылмыстық-атқару мекемелерінде жазасын өтеп жат­қандар, тергеу изоляторында отырғандар, жұмыс істемейтін оралмандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр­  ана», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапат­талған көпбалалы аналар, мүгедек­тер, орта, кәсіптік-техникалық, орта білім­нен кейінгі  жоғары  білім беру, сондай-ақ, жоғары оқу орнына­н кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар, оқып бітіргендер, оқуды бітіргеннен кейін  күнтізбе  бо­йын­ша 3 айға дейінгі азаматтар. Осылардың барлығ­ын  мемлекет  мойнына  алып  отыр.

- Жұртшылыққа жарна төлеудің жолдары­н  айтсаңыз.

- Жарна төлеудің жолы оп-оңай. Азаматтарға арналған үкіметке барып, қандай санатқ­а жататыныңызды көрсетіп төлей аласыз­. Оның жолдары көп.

- Жекеменшік клиникалармен бірлескен жобалардың аяқ алысы қалай? Қормен келісі­мшарт жасауға ниетті жеке емханалар көп  пе?

- Осы жүйені енгізудегі мақсат – жекеменшік клиникаларды медицина нарығына көптеп тарту арқылы толыққанды бәсекелес­тік орта құру. Бәсекелестік жүрген жерде сапа өзінен-өзі болады. Түпкі мақсат – меди­циналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру. Сондықтан да жекеменшік емханалар да келешекте бәсекеге қабілетті бола түседі деген ойдамын. Қазір­дің өзінде жүйелі жұмыс істеп жатыр.

- Ашық  ақпаратыңызға  рақмет!

Сұхбаттасқан   Жазира  БАҒЛАН

 


БАҒДАРЛАМАНЫҢ ӨМІРШЕҢ БОЛУЫ ҚАЛА КӘСІПКЕРЛІГІНЕ ҮЛКЕН СЕРПІЛІС ӘКЕЛЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
22.11.2018 10:48

Жанмұрат  СЕЙІЛОВ,

Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы:

- Елбасы өз Жолдауында «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай  бағдарламасын тағы бес жылға  дейін ұзарту қажет­тігін  айтты. Осы ретте қала көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға  тоқталсаңыз.

- Бағдарламаның 2025 жылға дейін ұзартылуы біздің өңірдің кәсіпкерлігіне, оның ішінде қала кәсіпкерлігіне үлкен серпіліс  әкеледi деген ойдамыз. Өйткені  барлығы осы бағдарл­аманы негізге ала оты­рып­, жүйелі жұмыс атқарып жатыр.­ Осындай ауқымды жобаны­ң өміршең болуына шешім қа­былданып жатқанына әрине, қуанамын. Бүгінгі таңда  3,4 миллиард теңгені құрайтын 60-қа жуық жоба жүзеге асы­рылып жатыр. Жыл аяғына дейін 1,9 миллиард теңгенің көле­мінде жобаны іске асыруды көздеп отырмыз. Кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктер арқылы осы бағдарлама шеңберінде  несие алуға мүмкіндіктері бар. Бағдарламаның шартымен банктер кәсіпкерлердің алған несие көлемінің 7 пайызы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры  арқылы  субсидияланады. Шағын, орта кәсіпкерлікпен айналысып жүрген кәсіпкерлер бұл бағдарламамен жұмыс істеп жатыр. Қызылордада кәсіпкер­лікті қолдау жылының үш жыл­ға дейін ұзаруы кәсіпкерлер үшін  өте  тиімді  болмақ.

- Индустриялық-инновациялық даму аумақтық бағдарламасын жүзеге асыруға қандай жағдайлар жасалуда?

- Аталмыш бағдарлама ая­сында 2010-2015 жылдар аралығында 13 миллиард 579 мил­лион теңгені құрайтын 6 жоба іске қосылған. Іске қосылған жобалардың барлығы 90-100% жоспарлы қуаттылыққа шығып, жұмыс істеуде. «Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін Титов қыс­тағынан  индустриалдық  ай­мақ­қа 760 га  жер  телімі табыс­талып, қажетті инженерлік инфра­құрылыммен  қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда индус­триалдық аймаққа жалпы көлемі 119,2 гектарды құрайтын құны 119 млрд. 901 млн теңге болаты­н 9 жобаға жер телімдері бөлінді. Индустриялық аймақта­ шыны табақшасын шығаратын зауыт, молибден, газбетон, қабырға және тротуар мате­риалдарын өндіретін жобалар орналасқан.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Белкөл кенті аумағынан индустриялық аймаққа қо­сымша  500 гектар жер учаскесі бөлінді.

Осы  ретте,  аталған аймақтан «Кызылорда  Рефинэри»  ЖШС-нің «К4, К5 экологиялық кластағы мотор майларын өндіру» жобасына 333 гектар жер  телімі  табысталды.

Бұдан бөлек, Белкөл кенті аумағынан 2018 жылы Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген «BSK Қаратау» ЖШС-нің «Ас тұзын терең өндіру  зауыты  құрылысы»  және «Сыр  маржаны» ЖШС-нің «Ет және ет өнімдерін өндіру және сақтау» жобаларына жер учаскелері берілді.

- Қызылорда қаласында шағын­ және орта кәсіпкерлікпен айнал­ысатын  қанша нысан  бар?

- Қазіргі таңда Қызылорда қаласында 26191 шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын субъект болса, оның ішінде нақты жұмыс істеп тұрғандарының саны 20 420-ны құрап отыр. Бұл – Қызылорда облысында жұмыс істеп отырған кәсіпкерлердің 48,8 пайызы. Тағы бір айта кетерлік ақпарат, Қызыл­орда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтерінде шағын және орта бизнесті дамыту­дың басты көрсеткіш­теріне жүргізілген талдау нә­ти­жесіне сәйкес 2018 жылдың  10 айында 2951 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 45 пайызға артқандығы байқалады. Яғни, қазіргі мемлекеттік бағдарламалар халық үшін өте тиімді, кәсіпке бет бұрғандар мұны түсіне бастады. Бізде жыл басынан бері облыстық кәсіп­керлер  палатасы тарапынан қала кәсіпкерлерінің бизнес жоспарларын тегін әзірлеп беру қызметі жанданып келеді. Соған­ байланысты 648 мил­лион теңге тұратын 216 бизнес-жоспар дайындалып, оның ішінде 507 миллион 400 мың теңгені құрайтын 136 жоба жүзеге­  асырылды.

Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек нарығын дамытуға байланысты жыл басынан бері 7214 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, соның 5206-сы шағын­ және орта бизнес құрылымдарына орналастырылған. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасы бойынша да біліктілігін арттыруға ниеттенген кісілердің қарасы қалың. Жыл басынан бері «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша 211 адам оқыса, «Бизнес­ бастау» жобасы бо­йынша 80 адам оқып, сертификаттарын алып, өз ойында жүрген ауқымды идеяларына жан бітіруге ұмтылуда. Кәсіпкер болғысы келетіндерге үлкен қолдау деп айтар едім мұны. Кәсіпті бастамас бұрын ниетті кісілерге кәсіпкерлік негіздерін үйретуге тиіспіз. Соған байланысты білікті тренерлер мен ментерлерді тарта отырып, біз семинар-тренингтер өткізуде­міз. Осы ретте, қалалық бюджеттен арнайы 2 миллион 101 мың теңге бөлінген. Бөлінген қара­жатқ­а қала тұрғындары мен жастар­ды кәсіпкерлікке баулу мақсатында түрлі тақырыпта бизнес конкурсын ұйымдас­тырдық. Негізінен қала көле­мінде ғана жариялаған едік. Алайда оған республика көле­мінде қызығушылық туындап, Астана, Тараз, Қостанай, Павло­дар, Қарағанды қаласының жастар­ы да онлайн режимде өз жобаларын ұсынып, жүлделерге­ ие болды.

- «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында атқарған толымды істер деп нені айтар едіңіз?

- Бұл байыпты бастаманың игілігін кәсіпкерлер молынан көріп жатыр. Өткен жылы қала және ауылдық елді мекендерде 467 миллион теңгеге 77 жоба іске  асса, қазіргі таңда құны  645 миллион теңге болатын 149 жоба жүзеге асырылып жатыр­. Жыл соңына дейін   253 миллион теңгені құрайтын  жобаның 51-і дайын тұр. Егер қаржыландыру мәселесі оңтайлы шешіл­ген жағдайда, жоспарымыз жыл аяғына дейін дайын. Бағдарлама әсіресе, ауылдық елді мекендегі ағайынға пайдалы екенін ерекше атап өткім келед­і. Себебі бағдарламаның басты критерийі – жұмыссыз азаматтардың қатарын азайту.­

- Әңгімеңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан

Жазира  ҚОЙШЫБЕКОВА

 


«АШИНА ТҮРІКТЕРІНІҢ» ТАРИХЫНА ҚАЙТА ОРАЛУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
22.11.2018 10:43

Әлібек   САБЫРБАЕВ

Соңғы жылдары қазақтың қарға тамырлы тарихын тереңінен тартып, орыс, қазақ ғалымдары, тарих зерттеушілерінің бұған дейінгі тарихи тақырыптағы жазбаларын жаңғыртып, түркінің тінін тарқатып жүрген Әлібек Сабырбаевтың тағы бір кітабы қолымызға тиді. «Шекті руының құпия тарихының» үшінші кітабы («Арқаны игеру») дерек пен дәйекке құрылған ғылыми зерттеулерді негізге алып, тарихтың тұңғиығынан тамыр тартады. Былтыр «Шекті руының құпия тарихының» бірінші кітабы жарыққа шығып, оқырманның олжасына айналған-ды. Біз бүгін автордың аталмыш атаумен баспаға тиянақтап қойған екінші жинағынан «Ашина түріктерінің тарихына қайта оралу» атты тарауын газет оқырмандарына ұсынып отырмыз.

«Шекті руының құпия тарихының» бірінші кітабы «Ашина түрік­тері» деген атпен (2017 ж.) баспадан жарық көрген-ді. Сондағы негізгі зерт­теу тақырыбымыз түрік қағандығын құрған әулет, «ұлы ұрық» Шекті руының тарих сораптарында жүрген ізін анықтау  еді. «Ашина түріктері­нің» тарихына қайта оралудың себебі: көне түрік заманын зерттеушілердің түрік қағанатын құрған негізі ру неме­се «ұлы ұрық» Ашинаны – Дулат, Ар­ғын, Қыпшақ, Беріш, Түрік-Оғыз рула­рының бірінен шыққан деген болжамдар мен пікірлері баспа бетінде жарық көргендіктен, Шекті және жо­ғарыда айтылған рулардың аражігін ажыратып, оқырманға түсінікті болу үшін шағын болса да, әбден сығымдалған фактілер, пікірлер, болжамдар, тұжырымдар мен дәлелдемелерді талдап, сараптан өткізіп, шамамыз келгенінше осы тарау жазылды. Бұл тараудағы талдауда да белгілісінен белгісізі көп, үзік-үзік деректерді «ой елегінен» қайта өткізіп, жоқтан бар жасап, қиюын тауып қиюластыру­ оңай шаруа емес. Көне түріктер тура­лы жазылған барша зерттеуді оқып шығу мүмкін емес екенін ескере отырып, оқырмандарды ойландыратын сауалдарға жауап береміз. Ол үшін Л.Гумилевтің «Көне түріктер» атты зерттеуін негізге ала отырып, кейінгі заманда жазылған қазақ тарихшыларының бай еңбектерін қайта ой елегі­нен өткізе отырып талдаймыз. Көп­теген авторлардың әрқилы пікірлері­не, болжамдарына сілтеме жасай отырып, өз болжамымызды жасаймыз.

Ашина (Алшын) руының пайда болу төркінін «Шекті руының құпия тарихының» «Ашина түріктерінің» бірінші кітабында біршама таратып жазғанбыз. Көне түрік тарихын егжей­-тегжей зерттемейінше өткен-кеткеніміз туралы түсінігіміз шала-шарпы болып қала бермегі анық.

Қаржаубай Сартқожаұлының «Тас кітаптың құпиясы» (2017, 154-165-бб), көне түрік дәуірін зерттеп жүр­ген, осы саланың маманы, сол кітапта «Түрік, Ашна этимологиясы және Ашиде (авт. - Ашадэ) туралы аңыздар» тарауында жаңа тың деректер келтіреді. Біз Ашинаны Алшын деп қабылдап, зерттеуімізді ары қарай жалғастырамыз. Қызыққан оқырман өзі оқып алар дейміз.

Дегенмен, көне түрік дәуірін зерт­теушілердің бірі Ғайнидин Мұсабаев­ көне түріктерді қағандық әулет Дулат тайпасынан шыққан десе, Әнес Сарай­ «Көк түріктері» зерттеуінде: «Түрік қағандығын құрған қағандық топ тайпаларының – қыпшақ текті, аналық топ – сақ текті, арқа тірек аралық топ – оғыз текті», - дейді, Мира Ысқақова «Қазақ таңбалары» зерт­теуінде «қағандық әулет - Арғын руы­нан» деп жазады. Ал ең қызығы, Н.Я.Бичуриннің «Орта Азияны мекендеген халықтардың көне заманғы тарихын» (Астана 2011 ж.) қазақ тілі­не тәржімалаған белгілі жазушы Әкім Тарази көне түрік қағандығын құрған әулет Дулат тайпасы деп аударады. Бекжан Әденұлы «Қазақтың құпия тарихы» зерттеуінде қағандық әулетті Беріш руынан, академик В.В.Бартольд «қағандық әулет – түрік-оғыз тайпаларының бірі» дейді. Бұл пікір­лерді, болжамдарды еске ала отырып, төменде бұған дейін жазылған басқа да зерттеушілердің, тарихшылардың тұжырымдарын саралай (анализ) келіп, өз дәлелдемемізді, уәжімізді, тұжырымымызды нақтылап, таратып жазамыз.

VI ғасырдың ортасына жетпей (545 ж.) «Ашина түріктері» құрған қағанат, Еуразия құрлығының кең даласын бауырына басып, «ат арқасында» дүниенің төрт бұрышына, ат тұяғы жетер жерге жорық жасап, бағын­баған талай хандықтардың «шаңын» басына көтерді. «Бастының басын игізген. Тізелінің тізесін бүк­тір­ген» «Ашина түріктерінің» билігі үздік-создығымен 200 жылға созылды. VII ғасырдың ортасынан ауғанда (658 ж.) Батыс түрік қағандығы өмір сүруін тоқтатты. Ал Екінші Шығыс түрік қағандығы 747 жылдан кейін құлады. Ашина түріктерінің ұрпағының құрған мемлекеті өршіл рухани қуаты моңғол дәуіріне, яғни XIII ға­сырға дейін жетті.

200 жыл өмір сүрген «Ашина түріктері» ғайыптан бір күнде пайда болған жоқ. Кезінде «Ашина түрік­терінің» тарихтағы тамыры тереңде жатқанын, академик В.В.Бартольд­тің «Хундар империясы көне түркі мемлекеті болып табылады» деп па­йымдауы, яғни «Ашина түріктері» 24 рудан құрылған Хун (Хұн) мемлекетінің тікелей мұрагері деп айта аламыз. Атақты ақын М.Жұмабаевтың:

«Ерте күнде отты күннен Ғұн туған,

Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам.­

Жүзімді де, қысық қара көзімді,

Туа сала жалынменен мен жуғам»,- деп жырлаған.

Бүкіл адамзат тарихында дала мәдениетінің (көшпенділер) алатын орны ерекше, маңызы да зор. Адамзат­ өркениетіне білгілі бір дәрежеде бетбұрыс жасауға негіз болғандығын ғалымдар көне түрік заманын «Түрік­тердің алтын ғасыры» деп бір ауыздан­ мойындайды.

«Әлемдік ғылым өркениет шарттары деп: төл жазуы болды, қала салу мен монументті мүсін өнерін айтады.­ Түріктерде мұның бәрі болды... «Түрік сөздігі, «Құдатқу білік» сынды­ философиялық-әдеп трактатын жазды», - деп көрсетеді (Сарай Ә. Көк түріктері. Алматы, 2014, 8-б).

Талдауды бастамай тұрып, басын ашып алатын, көне түріктердің бас­қару жүйесіндегі лауазым аттарын оқырманға түсінікті болсын деп беріп отырмыз.

Қаған – «хандардың ханы» деген сөз;

Кіші қаған – ұлыстық қағандар; Мысалы: «Аба қаған», «Эрфу қаған», «Тардуш қаған». «Аба – абар-абақ ұлысының қағаны», «Эрфу – шығыс өлке қағаны», «Тардуш – батыс өлке қағаны», т.б.

Иркін – ру басыларының лауазымы, «он оқ» бірлестігіндегі 5 нушуби тайпаларының көсемдерінің лауазымы;

Чор – «Бес оқ» дуло тайпасына қарайтын, тайпа бастықтарының лауазымы;

Ябғу (Жағбу) – сыр елдерді (ұлыс) басқарушысының атағы; Істеми - «ябғу қаған» лауазымымен аталған.

Шад – өз алдына дербес әскер басқара­тын адам. Қағаннан кейін үшінші дәрежелі лауазым, қағанның ең сенімді інілерін атаған;

Тегін – қағанның таңдаулы қосынының қолбасшысы. Мысалы, Күл /тегін/, Иолығ тегін; Бұл атау «Бес оқ» нушуби тайпаларын басқарған лауазым;­

Тархан (Апа тархан) – түркі мемле­кетіне ерекше еңбегі сіңген атақты тұлғалар марапатталатын өте жоғарғы дәрежелі лауазым;

Бек /би/ - дәрежелі тұлғаларды атаған. Мысалы: «түрік бектері», «оғыз бектері»;

Елтебер - мүмкін Елтүзер деп кейін аталған тәрізді. Осы атау қазақ ру шежірелерінде қайталанады. Мысалы­ Ұлы жүзде: Сиқым–Әлібек–Есбол–Сатыбалды–Елтүзер, Бөрі;

Жаныс–Жарлықамыс–Бәйімбет (Қасқарау)–Елтүзер;

Найман–....Майрам–Байыс–Байғана–Елтүзер;

Найман–....Ергенекті–Бағаналы–Шәуешек–Қызылтаз–Елтүзер.

Ауызша шежірені түзгенде Елтебер сөзін кейін Елтүзер деп өзгерткен тәрізді.

Түрік қағанатының өмір сүрген дәуірі IX ғасырдың аяғына дейін созы­лып, қараханидтер мемлекетіне келіп жалғасқан. Ал, Қараханид мемлекеті де Көне түрік қағанатының жалғасы, олар да екіге бөлінді, Батыс және Шығыс мемлекеті болып. Қараханид мемлекеті өзінің шарықтау биігіне жеткен соң, оларды ішкі қырқысудан кейін, XIII ғасырда Шың­ғысхан Шығыс бөлігін жаулап алса, Батыс бөлігін Хорезмшахтар басып алды...

Бірінші анықтайтынымыз: Бірін­ші түрік қағандығын құрған Дулат тайпасы деген пікірдің дұрыстығын.

Ғайнидин Мұсабаев «Үйсін туралы пікірлер» («Түркі қағанаты дәуі­рі») атты көлемді мақаласында Бірін­ші түрік қағанатын құрған қағандар туралы: «Іледе (авт. - өзен) ағайынды екеуі (авт. - Тумынь = Бумин*­, Естеми* = Істеми) Батыс түрік қағанатын құрып, ағасы Бумин Іле қаған атағын алған, інісі Естеми (Естеби, Істеми) қолбасшы болып, Дулат тайпасына кіші хан болған. Сол Дулат әскерімен Арқаның кең сахарасы арқылы Орал тауына, Еділ, Дон арасындағы жазықты, Қырымды алып, Византияға дейін ауыр қолмен барған. Оны «қара жұрын түрік», біреулер Дизабул деп атаған, 576 жылы Кавказда отырып, фракия императорына түркі тілінде хат жазған.

...Солтүстік Кавказдағы Арғун (авт. - Арғын) өзені, қышылағы (авт. - ауылы) да, Азербайжан жеріндегі Қазақ ауданы да осы жорықпен байланысты деп санауға болады.

...Батыс түркі империясында жасаған Естеми – қырық жылдан астам өмірін осы жорықта өткізген ұлы қолбасшы, Бумынның інісі. Бірақ, жаугершілікте түскен олжа қыздан туғандығынан қаған (ұлы хан) бола алмай, ұлы хан болып сайланған ағасының балаларына, немерелеріне бағынып өткен кіші хан еді. Түркінің 1-ші им­пер­иясын жасаған осы Дулат қолбасшы еді. Оны «би аға» деп те атады», - деп Батыс түрік қағанатын құрған Ашина түріктерін Дулат тайпасының өкілі деп тұжырымдайды (Қазақ тарих­ынан. Алматы, 1997, 84-б).

М.Барманкулов: «Тюрко-византийские отношения в 575-576 годах обострились. После смерти Истеми-кагана Турксанф* – один из сыновей императора, недовольный переговорами, который вел Юстин II (565-578 гг.) с аварами, не только обвинил Византию в нарушении договора, но и обрушился с войсками на часть территории Византии. Турксанф захватил Боспор Киммерийский и вторгся­ в Крым. ...Тюрки прочно закрепились на равнинах Северного Кавказа и в предгорьях Дагистана вплоть до Дербента», - деп Істеми қаған өлгеннен кейін баласы Турксанфтың Визан­тия империясымен арақатынасының жақсы болмағанын Византия тарихшысы Менандрдың еңбек­теріне сүйеніп жазады (Хрустальные мечты­ тюрков... Алматы, 1999, стр. 165).

Турксанф* (Түріксанф) – «Батыста, гректер Түріксанф деп, қытайлар Таньхан деп атаған сұлтан хандық құрды. Ол Еділ мен Солтүстік Кавказдағы әскерлерге бұйрығын жүр­гіз­ді, оның қарауында, әлгі Византияға қарсы соғыс бастап, 576 ж. Босфорды­ алатын Тобоханның немере інісі Бөрі­хан қызмет атқарды», - деп Л.Гумилев­ жазады (Көне түріктер. 104-б).

Бұл арадан байқайтынымыз, түріктер Солтүстік Кавказды VI ға­сырдың ортасына жетпей өзіне бағын­дырған. Сол түрік әскері мен қазіргі қазақ тайпаларының арғы аталар­ы да Кавказда мекендеп қалған­ дейміз. Себебі, «558 ж. Қара-Сор Орал мен Еділ жорығына қатысады, бірақ жаулап алынған жерлерді оның інісі Түріксанф пен немере інісі Бөріханға енші етіп береді» (Сонда. 103-б).

Қ.Сартқожаұлы: «Алтын тауды* мекен етіп нүкүздерге* (нүнге) темір­ші болды. Алтын таудың пішіні дулы­ға­ға келіңкірейді. Олар дулығаны* өз тілінде «түрүк» деп атаған. Сондықтан бұл атау олардың халық атауы болы­п қалыптасты.

«Дулыға*» сөзін Бичурин «дулға­» деп оқып, моңғол тілінде «дуулга» (шлем) сөзі деп түсінген. Бичурин, түріктер батырлардың киетін­ темір телпегін «дулыға» деп айтатынын білмеген», - деп дулыға­ға осындай түсініктеме береді («Тас кітаптың құпиясы». Алматы, 2017, 158-б).

Автордың  ескертпесі: Алтын  тау* - Алтай тауы;

Нүкүздер* (нүнге) - Сяньбий (Сәмбилер) - Тобалар тайпасының қытайланған тобын сәнбилер деп атаған­ (Л.Гумилев).

И.Бичуриннің «Орта Азияны мекендег­ен халықтардың көне заман­ғ­ы тарихы» еңбегін қазақ тіліне аудар­ған  Әкім Таразидің өзіне сөз берейік: «...олар (авт. - Ашиналар) Алтай­ тауының қойнауындағы Еркін қонған* деген жерде өмір сүрді, олар тарих бетіне «көтерілген» кезінде өздерін «КӨКТҰРҰҚ Дулығатымыз*» деп атады.

Алғашқы кезде бұлар Сәмбеттерге*, содан кейін Жүзжандарға* ба­ғынды, солармен бірікті. Және бұлардың сол алғашқы кезінде «Сәмбеттердің теміршісі» деген аты болды. Бұлар Сәмбет жігіттеріне, әскеріне, сарбаздарына, сардарларына құрыштан дулы­ға жасап бере­тін­ еді. Б.ж.с. 450 жылы тарих бетіне­ келген Дулаттар 550 жылы тағы да Түмен деген ханның басқаруымен белгілі болды. ...Келесі 552 жылы Хей-Ди императордың кезінде Түмен хан Жүзжандарға шабуыл жасап­, оларды тағы да тас-талқан етті. ...Аяқ астынан шыққан әлдебір белгісіз ханнан жеңіліп қалғанына соншалықты ыза болған Қара Қабан* хан өзін-өзі бауыздап өлтірді. Оның ұлы Жаңбыршы* Қытайдың Ци импе­риясының қа­рауын­а қашып кетті. ...Бұл соғыстан кейін Түмен хан өзіне «Ұлы хан» (Ельхан­) деген дәреже алды. «Ган-Му» кітабында «Іле хан» дегенді «Іле өзенінің бойын­ мекендейтін хан» деген мағынада жазады.

­(Жалғасы  бар.)

 


ТҮБІМІЗДІ ТҮГЕНДЕП ЖҮРМІЗ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
22.11.2018 10:00

Жалпы, түбін түгендеу, қайдан шыққанын білу – қазақтың қанында бар қасиет. Ол – бөліну емес, тамырыңды білу. Бір ұлт болып ұйысып, қазақ елі деген ортақ шаңырақ астында өсіп-өнуді ұрпағымызға өсиет етіп келе жатқан жандардың біріміз. Осы орайда, «Халық» газеті арқылы алмағайы­п заманда бір-бірінен ажырап қалған аталарымызды іздейміз.

Ата шежіремізге қарасақ, түбіміз Төртқара, онан Сексен (Торым), бері қарай оның ұрпақтары Рыскелд­і (Қызыл), Айт, Қожас (лақап аты - Тайжер) және Кенжес болған. Біз Тайжерден тараймыз. Тайжер­ атамыздан Базар және Базаралы (Базаргелді) деген ұрпақ өрбиді де, біз осы екі әулеттің бүгінгі іздеріміз, бір қауым елге айналдық.

Алайда соңғы жылдары жарық көріп жүрген шежіре­-кітаптарға қарасақ, дәл осы Тайжерден ұрпақ жоқ деп, тұйықтап тастайды. Бұл мүмкін атадан балаға­ аңыз болып тарап келген Тайжер атамызға қатысты әңгімеден болса керек. Жоғарыда айтып өткендей Қожас (Тайжер) жас күнінде барымташылық жасайды екен. Сонан әлгі Тайжер деген лақап аты елге жайылады. Бұл абыройсыз істі қой деген ру ақсақалының ескертуіне қарамастан, Тайжер атамыз суыт жүрісін доғармапты. Сонда налыған ру ақса­қалы Тайжерге «Екі үйің бір жерде болмасын» деп теріс батасын берген деген әңгіме бар. «Ата қарғысы жеті атаға дейін» деген халық даналығы, сол рас болып­, Тайжерден тараған ұрпақ селдір, көп емес. Алайда шежіре есебі бойынша таратқанда, сегізінші және тоғызыншы атаға тарап кеткен Тайжер атаның ұрпақтары бүгінде біздер бармыз. Арал және Қазалы­, Қызылорда қаласының іргесіндегі Тасбөгет кентінде­ осы «шежіреден шеттетілген» аталық тұяқтары тұрып жатыр.

Біздің мақсат – осы аталарымыздың ізі, басқа да ұрпақтары болса, хабарласу, алмағайып, отызыншы жылдардағы аштық зобалаңында ажырап қалған бауыр­лас, қандастармен қайта қауышу. Жеті атамызды түгендеп, іргемізді бүтіндеу. Осы арқылы түбімізді танып, ата қазақ дәстүріне сай өз салтымызды, санамызды келер ұрпаққа сабақтастыру. Ізгі ниетімізді  сүйікті басылымымыз «Халық» газетінің ұжымы  ұғар  деген  ниеттеміз және осы тілегіміз басқа­ да  оқырмандарға ой салып, «жеті атасын біліп, жетелі­ болуға» үндесе, мақсатымыздың орындал­ғаны. Егер аталастар табылып жатса, газет редак­циясына немесе 87055782448 телефонына хабар­ласса, нұр үстіне нұр болар еді.

 

Жантөре  Сәтмаханов,

Едіге  Төлебаев,

Шынтемір  Әмишаұлы,

Қызылорда

 


Жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар басым PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.11.2018 09:24

АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, аурудан сақтану шараларын жұртшылыққа кеңінен насихаттау мақсатында сала басшылары БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз алған ЖИТС орталығының бас дәрігері Т.Амитов:

- ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы халықтың, оның ішінде жастардың, мінез-құлқы қатерлі топ өкілдерінің АИТВ инфекциясы жөніндегі ақпараттандыру деңгейін арттыру, жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, АИТВ-мен өмір сүруші адамдар мен олардың отбасына әлеуметтік қолдау көрсету стратегиясын күшейту, АИТВ жұқтырғандарға байланысты кемсіту, алалау, таңба басу сияқты келеңсіз әрекеттерге, гендерлік зорлық-зомбылықтарға жол бермеу сияқты мақсатты көздейді, - деді.

Орталықтың эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Салтанат Шамиқызының сөзінше, бүгінгі күні облыс бойынша АИТВ/ЖИТС оқиғасы анықталған сәттен бері 139 адам тіркелген. Оның 66 пайызы жыныстық қатынас арқылы, 24 пайызы есірткі тұтыну барысында жұқтырған. Әлеуметтік жағдайы бойынша 53 пайызы – жұмыссыздар, 26 пайызы – жұмыс істейтін азаматтар. Жыл басынан бері 16 адамнан АИТВ инфекциясы анықталған. Олардың 8-і ер адам болса, 8-і – әйел.

Республика көлемінде АИТВ жұқтырып тіркелгендер саны 32 548 адамды құрайды. Қазіргі күні медициналық түйткілдер төңірегінен де асып түскен бұл кесел экономикалық әлеуметтік проблемаға айналды. Қарсы тұру үшін саламатты өмір салтын сақтау – ең басты орында. Зиянды әдеттен аулақ болып, зина жасамау маңызды.

Ж.Қойшыбекова

 


Қызылордалық кәсіпкер «Бизнес-кеңесшіні» оқып, «ИнваСТО» ашты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.11.2018 15:57

Ебін тапқанға етер еңбек жетерлік. Қарап отырмай, бір істі қолға алып, көзін табамын десеңіз, мемлекет те демеуге әзір. Ең бастысы, ниетің мен жақсы дайындалған жоспарың болуы тиіс. Облыстық кәсіпкерлер палатасынан алған кеңесінің арқасында инновациялық байқауға өз жоспарын ұсынып, грантқа қол жеткізген Нұрсұлтан өзінің бұрыннан ойында жүрген кәсібін бастады. Ол – «Zhas project» жобасының да жеңімпазы.

Бүгінгі кейіпкеріміз – арамыздағы «ерекше» жандардың бірі Нұрсұлтан Тәжиев. Ол ақпараттық технологиялар саласының маманы болғандықтан жанына сол кәсіп иелерін жинап, инваСТО ашу жөнінде ақылдасады. Жобасына арнайы ат та қойды: «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған техникалық қызмет көрсету орталығы».

Кәсіпкерлер палатасынан «Бизнес-кеңесші» курсы бойынша оқып, біліктілігін жетілдіргеннен кейін инновациялық жобаларға арналған байқауға бизнес-жоспарын ұсынды. Нұрсұлтанның жобасының әлеуметтік маңыздылығын, сондай-ақ өміршеңдігін ескерген комиссия мүшелері қолдау білдіріп, оң қорытындысын берді. Нәтижесінде кәсіпкер грантқа қол жеткізіп, 640 мың теңге қайтарымсыз қаржы алды.

«Біз қазір шағын орталығымызда мүмкіндігі шектеулі жандардың арбасын жөндеуден өткіземіз. Сұраныс бар. Мұндай техникалық-жөндеу орталығы біздің облысымызда бірінші рет ашылып отыр. Республика көлемінде де көп емес, бізден өзге 3 өңірде ғана бар. «Ерекше» жандардың арбасы сынса, көп жағдайда жаңасын алуға мүмкіндіктері жете бермейді. Ал ескісін жөндеп беретін мамандар жоқтың қасы. Міне, біз осы олқылықтың орнын толтырғымыз келеді», - дейді кәсіпкер Нұрсұлтан Тәжиев.

Бүгінде төрт адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіп иесі, әрдайым ізденіс үстінде жүреді. Жақында ғана Астана қаласында өткен халықаралық семинарға қатысып, америкалық мамандардан мүгедектер арбасын бір адамға лайықтап жасауды үйреніп келді. Алдағы жоспары да айқын: арбаларға рөл қоюды жоспарлауда. «Бұл арба иелеріне қозғалыста айтарлықтай ыңғайлы»,- дейді кәсіпкер. Нұрсұлтан қажетті құралдың қаржысының төмен болуына да мән беріп отыр.

Айта кету керек, жыл басынан бері біздің кеңесшілеріміз 5070 азаматқа 11 994 кеңес беріп, 1881 адамға сервистік қызмет көрсетті.

Сонымен бірге, қазіргі таңда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жанынан 23 өз-өзіне қызмет көрсету аймағы іске қосылды. Бүгінгі күні оларда 19 кеңесші қызмет көрсетуде.

Мұнан өзге, services.atameken.kz онлайн жүйесі арқылы облыс бойынша кәсіпкерлерден кеңес алуға 948 онлайн өтінім жасалды.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Несиеден де салық төлеу керек пе? PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.11.2018 15:40

Кей мемлекеттік органдардың орынсыз сұранысы кейде кәсіпкерлердің уақытын текке алып, жұмысына кедергі келтіреді, тіпті өзге де кәсіпкерлердің қобалжуын тудыруы мүмкін.

Осындай жайттың бірі жақында Қызылордада орын алды. Кәсіпкерлер палатасына жеке кәсіпкер Сәкен Баймбетов кірістер органдарының қызметіне қатысты шағымданып келді. Ол 2017 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 4 млн теңге несие алып, кәсібін бастайды. Аталмыш қаржыға 16 бас мал, жем-шөбін алып, нәтижесін көрсем бе деп жүргенде күтпеген мәселеге жолығады.

Осы жылдың басында 2017 жылдың ІІ жартыжылдығында жүргізген жұмысының есебін беріп, 600 мың теңге табысы болғанын көрсетіп, тиісті салығын төлейді. Алайда тамыз айында кәсіпкерге Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан хат келеді. Хатта мемлекеттік орган оған «2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 2017 жылы 4 млн теңге шағын несие берілгендігі анықталды», - дей келе – «2017 жылы тапқан табысыңыз 600 мың емес, 3 млн. 400 мың теңге айырма шығып тұр. Салық Кодексінің талаптарын сақтап, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді толық, дұрыс және уақытылы төлеу керек», - деп, шығып тұрған айырмаға түсініктеме беруін сұрайды.

Өз кезегінде кәсіпкер кірістер органына бұл айырманың 4 млн теңге несие алғаннан туындап тұрғанын жеткізіп, мемлекеттік органның талабы қаншалықты заңды екендігін сұрап Палатаға өтінішпен келді.

Кәсіпкердің қаупі орынды да. Өңірде бұрын-соңды мұндай жайт орын алған емес, яғни кәсіпкерлік мақсатта алынған несиеге салық төлеу деген – бизнес өкілдерінің бірінші рет кездесіп отырған мәселесі. Бұл жайтқа өзге кәсіпкерлер де алаңдаушылығын білдірді.

Мәселені ушықтырмау үшін Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен түсіндірме беруін сұратып, арнайы хат жолдады. Бұл жөнінде Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Комитеттен кәсіпкердің қайтарымды несие сомалары жылдық жиынтық табысына (совокупный годовой доход) жатпайтындығы, осыған сәйкес аталған сомадан салық төленбейтіндігі туралы жауап алдық. Комитет біздің өңірдегі кірістер басқармасының кәсіпкердің атына жазған хатын қайта қайтарғандығын да хабарлады. Өз кезегінде, кәсіпкерлер назарына аталған мәселені сала отырып, салық органдары тарапынан осы сынды талаптар қойылған жағдайда Палатаға жүгінуге болатындығын жеткіземін. Өз құқығыңызды біле жүріңіз», - деп пікір білдірді.

Айта кету керек, биылғы жылдың өзінде кәсіпкерлерден Палатаға құқығын қорғауды сұраған 145 өтініш түсіп, оның 73-і (50,3%) оң шешілді. Нәтижесінде, шағын және орта бизнес өкілдерінің 995,8 млн. теңгеге қаржысы сақталды. Сондай-ақ, Палатаның сарапшылары бизнес өкілдері атынан 52 сот отырысына қатысып, қорытындысымен 41 сот отырысында жеңіп шықты. Палатаның бастамасымен кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіріп, бизнес өкілдерінің құқығын бұзған мемлекеттік органның 16 лауазымдық тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айтпақшы, кәсіпкер Сәкен Баймбетовтің жұмысына кедергі келтірген кірістер органының лауазымдық тұлғасының қызметіне баға беруді сұрап Палата Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыс бойынша департаментімен сұрау салды. Хабарын күтуде.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

 


«QYZYLORDA: ҰЛЫ МҰРАТ ЖОЛЫНДА» АТТЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.11.2018 09:00

Аймақтағы халықтың 24%-ы 14-29 жас аралығындағы жастар болып табылады.

Дәстүрлі форумға мектеп оқушылары мен студенттер, жас мамандар, белсенді басқа да санаттағы жастар қатысты.

Қазіргі таңда аймақтағы халықтың 24%-ы - жастар, олардың ішінде 190 мыңнан астамы 14-29 жас аралығында, ал экономикалық тұрғыдан белсенділері - 110 мыңнан асады. Аймақ тұрғындарының жалпы саны  700 мыңнан астам адамды құрайды.

Аймақ басшысы Қ.Көшербаев  форум қатысушыларын 2019 жылдың ресми түрде «Жастар жылы» деп жариялануымен құттықтады.

«Елбасымыз осы жылғы Жолдауында жастарды қолдауға арналған шараларды қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыруды тапсыра отырып, 2019 жылды «Жастар жылы» деп айқындауында да ерекше мән бар. Өйткені, Ұлт Көшбасшысы Мәңгілік елдің жастарын, Сіздерді ел мұраты үшін қызмет ететін Тұлға ретінде көргісі келеді. Бұл артылған сенім баршамызға зор міндет жүктейді. Ал, сенім үдесінен шығуға Сіздердің әлеуеттеріңіз де, Сіздерге көрсетілетін қолдау да жеткілікті»,-деді аймақ басшысы.

Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша,  жастарға білім беру және жұмысқа орналастыру, сондай-ақ олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда  жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Өңірде мемлекеттік жастар саясатын дамыту бойынша 2021 жылға дейінгі Жол картасы әзірленді. Құжатта жастардың өзекті мәселелері - жұмысқа орналасу, тұрғынүй, білім беру, бос уақытты тиімді пайдалану және басқа да мәселелерді шешу бойынша шаралар қарастырылған. Сонымен қатар, 60-тан астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, Қызылорда облысы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру бойынша көшбасшылардың қатарында.

Сонымен қатар, республикада   алғашқылардың бірі болып аймақта еңбек ресурстарының балансы (қоры) әзірленіп, еңбек нарығындағы сұраныстар мен қажеттіліктерге орай жыл сайын жаңартылып отыр.

Сондай-ақ, Сырдарияның сол жағалауынан мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр, нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.

Облыста  - сандық технологиялар мен инновациялық өндірістерге түлектерді оқыту басым мәнге ие. 2014 жылдан бастап Сырдың талапты да талантты мектеп түлектері үздік отандық және ресейлік жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алуда. Үстіміздегі жылы алғашқы 74 жас маман Ресейдің алдыңғы қатарлы инженерлік оқу орындарының дипломдарын алып, елге оралды. 29 маман аймақтың түрлі өнеркәсіптерінде қызметтерін бастады және 45-і магистратурада оқуларын жалғастыруда.

Биылғы жылдан бастап ауылдық жерлердегі аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан дарынды балаларға арналған облыс әкімінің білім гранттарының саны 2 есеге артты. Олардың саны 200-ге дейін жеткізілді, 70% IT-мамандығына  бөлінген. Келесі жылы 75% - ға дейін артады. Осылайша, бүгінгі таңда грант иегерлерінің саны 900-ге жуықтады.

«Осымен екі жыл қатарынан қызылордалық  мектеп бітірушілердің 97%-ы жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсіп отыр. Биылдың өзінде олардың 70%-ы жоғарғы оқу орындарына, 27%-ы орта арнаулы оқу орындарына оқуға түссе, 57%-ы  мемлекеттік білім гранты иегерлері. Міне, осы көрсеткіштермен біз мақтана аламыз!»-деді аймақ басшысы.

Форумда аймақтың белсенділері сөз сөйледі. Олар өздерінің жетістікке жету жолдарымен бөлісті. Форум қонағы ақын Мұхтар Ниязов жастарға арналған арнауын орындады.

«Өзім қалада туып өстім, оқу бітірген тұста Алматы қаласына жұмыс істеуге кетер сәтте атам маған: «балам, бай болам десең бара бер, елге қызмет етемін десең, ауылға бар» деген еді. Атамның осы айтқанын санама сақтап,  ақ батасын алып, Алматыға емес ауылға бардым.  Шиелі ауданында  жастар орталығында ерікті болып бастадым. Бүгінде Жосалы  кентінің жастар ресурстық орталығында директор  болып қызмет атқарудамын. Шиелі ауданында «Жастар театрын» құрып, жастардың өзін-өзі қаржыландыру механизімін қалыптастырған едік. Қазіргі таңда Қармақшы ауданында демеушілердің көмегімен жас агрономдарды тәрбиелеу мақсатында «Жақаев ізбасарлары» еңбек лагерін ұйымдастырдық, жоба аясында «Жастар ауылға!» еңбек-оқыту лагерлерін шаруашылықтармен бірлесе отырып жүзеге асырмақпыз»,-деді Қармақшы ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы Әділ Ибрахим.

"Мен бала кезімнен бизнеспен айналыссам, өз ісім болса деп армандадым. «Биснес-Бастау»  жобасының аясында мемлекеттен 10 млн.теңге қаржы алдым. Қазір шаруашылық қожалығымда 30 жылқы, қоян мен үй құстары және бақша  бар. Арманыма қол жеткізгеніме қуаныштымын, жеткен жетістіктермен тоқтап қалмаңыздар дегім келеді. Елімізде жұмыс істеп  және табысты болғысы келетін жастар үшін барлық жағдай жасалған",-деді жас кәсіпкер, шаруа қожалығының жетекшісі Карина Шыныбаева.

Форумда аймақтың белсенді жастары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қарашада қараша неге сусыз қалды? PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.11.2018 13:44

Өткен аптада қаладағы бірнеше мөлтек ауданда ауызсу болмай, тұрғындар абыр-сабыр күйге түскен еді. Осы түйткіл төңірегінде әлеуметтік желіде де кеңінен талқыланып, жергілікті биліктің жұмысына біраз сын да айтылды. Сенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметінде аталған мәселеге орай баспасөз брифингі өтті.

Бас шаһардағы Жібек жолы және Ә.Мүсірәлі көшелерінің қиылысындағы д-500 мм ескі ауызсу жүйесінен ақау шыққан. Анықталған деректерге сүйенсек, құбырлар осыдан 50 жыл бұрын іске қосылған. Ал құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес темір құбырлардың жер астында жату мерзімінің шыдамдылығы – 22 жыл ғана. Ақау орын алған құбырдың 20-дан астам жерінде жарықтар пайда болғанға ұқсайды.

– Ақаудың салдарынан қаладағы Сырдария және Арай-2 мөлтек аудандарында ғана ауызсу уақытша тоқтатылды. Өйткені аяқ астынан орын алған апатты қалпына келтіру үшін амалсыздан осындай қадамға бардық. Бұл құбырлар жоғары қысымды көтермейді, - деді қала әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы.

Қазіргі күні қаладағы су құбырларының 60 пайыздан астамы толық жаңғыртудан өткен. Қызылжарма жерасты су кені арқылы 98 су ұңғымасы іске қосылып, жерасты суына көшірілген.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ералыұлы «Ауызсу жүйесінің толық қарқынмен жұмыс істеуіне құбырлардың ескіріп, тозығы жетуі кедергі келтіріп отыр» деп атап өтті.

Ал ақау шыққан маңда 20-ға жуық техника, 30-дан астам адам жұмыс істеген. Негізі дәл осы аумақта биылғы жылы жаңа су құбырлары жүргізіліп, 20 қарашаға дейін ауызсу желісін жаңа жүйеге қосу жоспарланған көрінеді. Мамандардың сөзіне сенсек, құбырларды ауыстыруға қолайлы уақыт – күз мезгілі. Жаздың аптап ыстығында тіршілік нәріне сұраныстың артатыны түсінікті, ал көктемде жер босаңсуы жұмысшылар үшін қолайсыз.

Ауызсусыз қалған Сырдария және Арай-2 ықшам ауданының тұрғындарына 2 су тасу көлігі жұмылдырылған. Тіпті, әлеуметтік желілерде тұрғындардың көлікпен келген суды талап алып жатқандығы туралы суреттер тарап, біраз талқыланды да. БАҚ өкілдері жауаптылардан аталған мөлтек аудандардағы тұрғындар санын сұраған еді. Алайда олар нақты жауап бермеді. Оның орнына олар «мұндай қолайсыз жағдайлар тек біздің қаламызда ғана емес, еліміздің кез келген өңірінде орын алып жатады. Дамыған елдер мен ірі мегаполистерде де ақаулар жиі кездеседі» деп жұбатты жұртшылықты.

Халық-хабар

 

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары