Өзекті мәселелер

  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Облыстың оңтүстігінде, қарт Қаратаудың іргесінде,  Сырдария өзенін жағалай қоныстанған, халқы – жайсаң, жері – жомарт Жаңақорған дейтін аудан бар. Батпағының өзі – бренд. Шөбі – шүйгін. Табиғи қазба байлығы талайды тамсандырған өңір. Жайылмалық жұрт жерсіндірген қарбызын алыс-жақын шетеліңіз таласып әкететіні тағы бар. Қысқасы, қазір Қаратаудың етегінде орныққан елдің бірлі...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Байқоңырлық бұқараның әлеуметтік мәселелері оң шешімін тауы­п келеді­. Бұрын «Ресейдің иелігінде» деп онша иек артпайтын аумақ еді, соңғы жылдары­ екі елдің Үкіметаралық келісімдерінің арқасында «жұлдызды қалашықта» да біраз істің беті бері қарап қалды.  Түсінікті болу үшін тақырыпты тарқатайық.

    ...
    Толығырақ...
Қараша 2018

ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ЖАҚАЕВ АУЫЛЫ «КӨГІЛДІР ОТЫНҒА» ҚОСЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.11.2018 10:12

Шиелі ауданының Ыбырай Жақаев ауылында табиғи газ жүргізілді.

Биыл Шиелі ауданының Ы.Жақаев және Бидайкөл елді мекендері көгілдір отынға қосылды. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерге газ жүргізу туралы келісімшарт жасалуда.

"Мемлекет басшысының қолдауымен басталған ірі стратегиялық маңызы бар "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралды газ құбыры Сыр еліне сәтті мүмкіндік берді. Олай дейтінім, облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры Қызылорда облысын газдандыруға жол ашты. Бұл Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданы орталықтарын және өткен жылы Байқоңыр қаласын газдандыруға мүмкіндік берді. Міне, енді кент орталығынан бөлек ауылдық елді мекендерді де газдандыру жұмыстары жүргізілуде", - деді аймақ басшысы.

Ыбырай Жақаев ауылының тұрғыны Құралбек Әуелбеков алғашқылардың бірі болып үйіне газ жүргізді.

"Біз табиғи газ жүргізілгеніне қуаныштымыз. Енді пешті қолмен жағып, отын сатып алудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, үйді газбен жылыту әр қыс сайын сатып алатын көмірге қарағанда әлдеқайда тиімді болады. Қазірдің өзінде үйіміз жылынып, жайлы көрінеді", - дейді Құралбектің жұбайы Ләззат Пәрменқұлова.

Биыл қалған 3 аудан орталығына - Жосалы, Тереңөзек және Жалағаш кенті «көгілдір отынға» қосылса, ал 2019 жылы кентішілік газ желілерінің құрылысы басталады.

Бүгінде облыс халқының 63%-ы табиғи газбен қамтамасыз етілді, 2020 жылға қарай 95 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылып отыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА 63 ОТБАСЫ ҚОНЫСТОЙЫН ТОЙЛАУДА PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.11.2018 10:07

Жаңақорған ауданында "Шалқия Цинк" АҚ мен "Стройсервис СК" ЖШС қызметкерлеріне арналған 63 пәтерлік 2 көпқабатты қызметтік тұрғын үй пайдалануға берілді.

Қос тұрғын үйдің жалпы көлемі - 3 мың м2 .

«Бүгінгі күні баспана елдегі ең өзекті мәселелердің бірі екені даусыз. Дегенмен, өңірде баспана мәселесін шешудің оңтайлы жолдары қарастырылып, түрлі байыпты бағдарламалар қолға алынып, жүзеге асуда. Мәселен, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында облыста арнайы «Орда» тұрғын үй құрылысының «Жол картасы» әзірленіп, облыстық бюджеттен жыл сайын қажетті қаржы бөлу туралы шешім қабылданды  Оны іске асыруға 3,5 млрд. теңге қарастырылды. Бұл бағдарламаның мүмкіндіктерін апатты үйлер мен жатақханаларда тұрған тұрғындар пайдаланып үлгерді. Осылайша, "Орда" бағдарламасы Елбасы бастамасының жүзеге асуының нақты көрінісі", - деді аймақ басшысы.

Қоныстой иелері де өз қуаныштарын жеткізді.

"Ең алдымен, Мемлекет басшысы мен облыс басшылығына үлкен алғысымды білдіремін. Жеке тұрғын үй алу кез келген адам үшін үлкен қуаныш деп ойлаймын. Бұған дейін біз ата-анамызбен бірге тұрдық, бүгін жаңа екі бөлмелі барлық жағдайы жасалған жайлы пәтерге ие болып отырмыз", - деді "Шалқия Цинк" АҚ қызметкері Руслан Еңсегенов.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптада Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде 42 пәтерлік 2 тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Тұрғын үйді бюджет қызметкерлері, аз қамтылған отбасылар, жетім балалар мен апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары алды.

Айта кетейік, бүгінде Қызылорда облысының аумағында 1747 пәтерлік тағы 69 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 55-і биыл іске қосылады, олардың қатарында Сырдарияның сол жағалауындағы 14 көппәтерлі тұрғын үйден құралатын тұтас шағын мөлтек ауданды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Өңірде соңғы 2 жылда мемлекеттік қаражат және жеке мердігерлердің есебінен 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Шиелі мен Жаңақорғанда МЖӘ бойынша 2 спорт кешені ашылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.11.2018 10:00

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Жаңақорған ауданының Сүттіқұдық ауылдық округінде және Шиелі ауданының Гигант ауылында жаңа спорттық-сауықтыру кешендері салынды.

Сенбі күні Жаңақорған ауданында 150 орындық спорттық-сауықтыру кешенінің ашылу рәсімі өтті. Жаңа спорт кешенінде 13 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Мұнда еркін күрес пен әйелдер күресі, тоғызқұмалақ, бокс, гандболдан жаттығулар өткізіледі.

Осы күні Шиелі ауданы Гигант ауылдық округінде "Бастау" жастар сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

"Денi сау ұрпақ - ел болашағының кепiлi. Елбасымыздың дәстүрлi Жолдауларында бұқаралық спортқа, салауатты өмiр салтын қалыптастыруға басымдық берiлiп келедi. Бұл күн барша спорт сүйер қауым үшін, оның ішінде жастар үшін ең қуанышты күннің бірі деп есептеймін. Өйткені, ауданда алғаш рет жабық жүзу бассейні ашылуда», - деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, екі жыл ішінде аймақта 16 спорт  ғимараты іске қосылды, оның 9-ы МЖӘ бойынша және 7-еуі облыстық бюджет есебінен салынды.

Бүгінде Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында құны 34 млрд. теңге болатын 75 жоба жүзеге асырылуда, олар денсаулық сақтау, спорт, білім беру, цифрландыру және тұрғын үй-коммуналдық кешенін жаңғырту саласындағы жобалар болып табылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «САМАРА-ШЫМКЕНТ» ТАСЖОЛЫНДА 2 ЖОЛАУШЫЛАР АВТОБУСЫ СОҚТЫҒЫСТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.11.2018 09:46

16 қараша күні кешкі 19.00 шамасында облыс орталығы Қызылорда қаласынан 130 шақырым жерде «Самара-Шымкент» тасжолында 2 жолаушылар автобусының соқтығысқаны туралы хабар келіп түсті.

Жол-көлік оқиғасы туралы хабар алғаннан кейін апат орнына Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов пен аудан әкімдігінің қызметкерлері, облыстық денсаулық сақтау, жұмылдыру дайындығы басқармалары мен жергілікті полиция қызметінің, сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаменті және ішкі істер департаментінің басшылары барды.

Оқиға орнында жергілікті полиция қызметінің 34 қызметкері,13 арнайы техника мен 34 төтенше жағдайлар департаментінің маманы, 130 медицина саласының қызметкері, оның ішінде 16 дәрігер жұмылдырылды. Сондай-ақ, 12 "жедел жәрдем" бригадасы жұмыс істеді.

84 жолаушыға көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Жалағаш және Қармақшы аудандарында екі аурухана және облыстық медициналық орталық зардап шеккендерге көмек көрсетуде.

«Қазалы-Қызылорда»  мен «Қызылорда-Қармақшы» бағытындағы 2 автобуста барлығы 86 адам болған. Әртүрлі дәрежедегі жарақат алған 43 жолаушы  Қармақшы аудандық ауруханасына, 6 адам Жалағаш ауданының орталық ауруханасына, 5 адам облыстық медицина орталыққа жеткізілді. Қалған 30 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емдеу шаралары тағайындалды.  Апат орнында 2 адам қайтыс болды және  ауыр жарақат салдарынан ауруханада бір бала көз жұмды»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.

Қайтыс болған жандардың отбасыларына жергілікті билік тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетін болады.

 


Рухани жаңғыру – жастар таңдауы PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.11.2018 09:43

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Рухани жаңғыру – жастар таңдауы» пікір алмасу кешін ұйымдастырды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының түп мақсаты халыққа арналғанымен, соның ішінде жастарға деген үлесі басым. Пікір алмасу кешінің мақсаты – жастардың бойында ұлттық сананы ояту, ұлттық рухты сіңіру. Мақалада кездесетін «бәсекелестік», «білім», «ғылым», «тұтастық», «ұлттық код» сынды сөздердің жастар үшін маңызын насихаттау аясында оларды алға жетелеу.

Шара барысында «Ізет» қоғамдық қорының директоры, бизнес-тренер Шыңғыс Үмбетаев әрбір қазақстандық жас осы мақаладағы көрсетілген міндеттер мен тапсырмалар негізінде жұмыс істеуі керек екендігін атап өтті. «Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасы аясына жүзеге асқан жастарға кәсіби бағдар беріп, мамандық таңдауға ықпал ететін «Профориентациялық орталықтың» негізін қалаушы, психолог-коуч Әсем Жақаева мамандық таңдауда негізгі ұстанымдарға тоқталып өтті.

Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы пікір алмасу кешінің негізгі тақырыбына айналды. Жастар белсенді пікір білдіріп, мамандардан өзекті сұрақтарына жауап алды.

 


Сыбайлас жемқорлыққа жастардың көзқарасы PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.11.2018 09:25

Осы тақырыппен елімізде бүгінге дейін жойылмай тамыр жайып отырған қауіпті кеселдің бірі болып табылатын жемқорлыққа қарсы тұруды жастарға түсіндіру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында пікір алмасу кеші ұйымдастырылды.

Аталған шараға Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінің жастар ісі жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Т.Меңдібаев қатысып, жастарға сыбайлас жемқорлық фактісін бодырмауды, жемқорларды әшкерелеу азаматтық парызымыз екенін айтты.

Шара барысында бейне-ролик көрсетіліп, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

 


Балалар жазушысы Н.Носовтың шығармалары насихатталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.11.2018 17:43

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында орыс халқының балалар жазушысы Николай Носовтың туғанына 110 жыл толуына байланысты №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептің бастауыш сынып оқушыларының арасында «Улыбка и смех-это для всех» атты әдеби подиум өткізді.

Н.Носов шығармаларының негізінде балаларды достық пен сенімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу және кітапқа деген құрметін қалыптастырып, оқуға тарту мақсатында сөз зергерінің өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Жазушының әрбір шығармасы әзіл-қалжыңға толы, басты кейіпкерлерін жақсы көріп, әзілдеседі, қалжыңдасады. Балалар оның шығармаларын ықыласпен, қызығушылықпен оқыды. Оның «Фантазеры», «Саша» және «Замазка» әңгімелері бойынша қойылым қойылды. «Незнайка» шығармасының басты кейіпкері кітаптардан дефиле жасап, өлеңдерін оқыды және «гүлденген қала» әнін орындады.

 


Байқоңырлықтар ел медицинасының игілігін көреді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.11.2018 17:42

Байқоңыр қаласындағы Қазақстан азаматтарына көрсетілетін медициналық көмекті бұдан былай мемлекетіміздің жауапкершілігіне алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

«Жалға берілген қала» халқына бұрын Ресей заңнамасына сәйкес, ресейлік медицина ұйымдары мен мамандары қызмет көрсететін. Қазақстандағыдай тегін медициналық көмек, дәрілік заттар мен осы мақсаттағы бұйымдарды тегін алу, профилактикалық дәрігерлік тексеруден өту құқығымен қамтылмаған болатын. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «2009 жылғы қарашадағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңын қабылдады. Енді осы заңнама аясында байқоңырлықтар тиісті медициналық көмекті елімізден алады.

2016 жылдың 12 тамызынан бастап Байқоңырда қазақстандық медициналық ұйым – облыстық медицина орталығының филиалы іске қосылды. Бүгінде ол қаламен қоса Төретам, Ақай елді мекендерінің, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының халқына қызмет етуде. Филиалда 60 орындық терапия бөлімі және 20 орындық күндізгі стационар жұмыс істеуде.

- 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Байқоңыр қаласындағы ОМО филиалында емхана ашылып, бүгінге дейін Ресей Федерациясының медициналық ұйымдарынан қызмет алып жүрген 21 мыңнан аса қазақстандық азаматтар тіркеліп, медициналық көмек алуда. Қазіргі күні филиалда 11 аймақ ашылып, жалпы тәжірибелік дәрігерлер толығымен қамтылған. Емхана невропатолог, отфальмолог, гинеколог, ЛОР, педиатр, терапевт, кожвенеролог, травматолог, психиатр, балалар хирургі, травматолог мамандарымен жасақталған. Амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетуге республикалық бюджеттен 188,9 миллион теңге қаржы бөлінді. Жергілікті бюджеттен 64 миллион теңгеге емханаға қажетті құрал-жабдықтар алып берілді, - деді А.Әлназарова.

Басқарма басшысының сөзінше, азаматтарға жергілікті емхана көрсете алмайтын көмекті жолдама бойынша федералдық медициналық ұйымдар қамтамасыз ететін болады. Ресей тарапынан хирургиялық, инфекциялық, туберкулез және жедел жәрдем секілді көмек түрлері көрсетілмек.

Байқоңырдағы медицина саласының деңгейін арттыру үшін алға бірқатар жоспарлар қойылған. Атап айтқанда, Ақай, Төретам халқына мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Төретам емханасы мен Ақай ауылдық ауруханасын ОМО филиалына қосу. Бүгінде ойға алған межеге сәйкес тиісті жұмыстар басталып та кетті. Алдағы жылдың қаңтар айынан бастап хирургия, кардиореабилитация бөлімдері жұмысын бастайды. Сондай-ақ, 4 санатты шақыруларға жедел қызмет көрсету үшін емханадан жедел медициналық көмек бөлімін ашу және филиалға компьютерлік томограф сатып алу көзделіп отыр.

Ж.Қойшыбекова

 


Шеберлігі шыңдалған Шайхы-Ислам PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.11.2018 14:22

Қазалы қалалық мәдениет үйінде өткен қолөнер шеберлерінің көрмесін қызыға тамашалап жүргенбіз. Облыс көлеміндегі ұлттық өнерді ұлықтаған жандардың басын қосқан айтулы шара шынымен де жоғары деңгейде ұйымдастырылған екен. Қалың шоғыр арасынан жүзінен мейір лебі төгілген жас жігіттің алдындағы ғажап жасалған бұйымдар еріксіз өзіне тартты. Соның бірі ерекше пішінді, жеп-жеңіл әрі мінсіз дайындалған мүйіз сырнай болатын. Кәсіби дағдымызбен шебер жігітпен жақынырақ танысуды ұйғарып, сөзге тарттым. Жас шебердің «Арал ауданынан келдім. Аты-жөнім – Шайхы-Ислам Мағауияұлы» деген жауабын естігенде, өзімнің бірнеше жыл бұрын мақаламның басты кейіпкері болғаны санамда жарқ ете түсті. Арада өткен жылдар ағынымен Шайхы-Ислам біршама өзгеріпті. Шеберлігі де шыңдала түскені көрген жан бір тамсанбай өтпейтіндей жасаған бұйымдарынан да анық байқалып тұр.

Осы ретте кейіпкеріміздің өмірдерегіне аз-кем тоқтала кетсек. Шайхы-Ислам Мағауия аға мен Базаркүл апаның үш перзентінің кенжесі. Шайхы-Исламның осынау өзгеше кәсіпке деген құштарлығы сонау балалық шағынан қалыптасыпты. Саздан мүсіндер жасауға құмар ойын баласының зеректігі кім-кімді де елең еткізер еді. Небәрі алты жасқа қадам басқан балғынның жасаған төрт түліктің кептірілген мүсіндері көпшіліктің таңданысын туындатты. «Адамның тағдыры, өмір жолы шыр етіп дүниеге келгенінде алдын ала маңдайына жазулы тұрады. Соған орай тағдыр жолы өрбиді» деседі көнекөз қариялар. Рас болса, Шайхы-Исламның да пешенесіне бұйырғаны кез келгенге қона бермейтін қолөнер шеберлігі шығар, кім білсін?!

Білуімізше, Шайхы-Исламның есімін әкесі Мағауия кітаптан алып қойыпты. Ұғымы «Ислам ғылымының ғұламасы» дегенді білдіреді екен. Мұның да өзіндік сыры бар. Мәкеңнің әкесі Абдулла Қосым қожаның ұрпағы, Піркен ишаннан дәріс алған білімдар адам болыпты. Кеңес өкіметінің қысастығына шыдамаған бейбіт тұрғындар бас көтерген, тарих парағына «Асандар көтерілісі» деген атпен енген қанды оқиғаға қатысқан Абдулла қуғынға ұшырып, Қарақалпақстанға көшуге мәжбүр болыпты. Меккеге қажылыққа барып парызын өтегені үшін қудаланғанмен, Алланың ақ жолына деген сенімінен ажырамаған атаның ұрпақтары да адалдықты, адамгершілікті ту көтеруде.

Бала Шайхы-Ислам ермексаздан мүсіндер жасауды меңгерді. Басқа құрдастары ойын қызығымен жүргенде, біздің кейіпкеріміздің бар уақыты осынау өзгеге қиын да қызықсыз, өзіне нағыз жанның рақатындай сезілетін шаруаның жетегінде өтетін. Арада уақыт өте атақты қолөнер шебері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Құдайберген Құлманбетовпен жүздесті. Есімі елге кеңінен мәлім зергер мұны баласынбады. Білгенін үйретуден жалықпады. Шайхы-Ислам өзіне алдынан даңғыл жол ашылғандай күй кешті. Ағаштан, мүйізден түрлі бұйымдар дайындады. Зергерліктің қыр-сырына қанықты. Күмістен алқа, сырға, сақина, білезік дайындады. Батыр бабаларының құрметіне наркескен қылыш жасады. Шебердің сол күнгі қуанышында шек болмады. Өзін әлемдегі ең бақытты жандай сезінді. Сәл уақыт бұрын ұстазы Құдайберген Құлманбетовпен бірлесе арнайы тапсырыспен шолақ жеңді сауыт жасады. Қара күмістен дайындалған, салмағы жеті келі тартатын сауыт 18 мың сақина шығыршықтан құралды. Ұстазы дайындап берген шығыршықтарды тоқуға жиырма күнге жуық уақыт жұмсалды. Осындай аса күрделі жұмысқа қаншама жігер, еңбек, төзімділік қажет екенін өзіңіз есептей беріңіз.

Шайхы-Ислам Мағауияұлы республикалық мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен конкурста «Үздік жасампаз» аталымын жеңіп алды. Аудан, облыс, республикалық көрме-конкурстарда бірнеше мәрте топ жарды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіпкерлік белсенділігін қолдауға бағытталған «Жұлдыздарға қара» қайырымдылық байқау жобасының аясында қайтарымсыз грант, облыс әкімнің «Сыр үміті» сыйлығын алу мәртебесін иеленді.

Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының басым бағыты кәсіпкерлік әлеуетін күшейту барысында заманауи үлгілерді еңгізу мақсатында ұйымдастырылған «Үздік жас кәсіпкер» байқауында I дәрежелі дипломмен марапатталды. Ағымдағы жылы «Өзіңе сене баста!» атты мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған көрме-байқауында облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының Алғыс хатын алса, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен ерекше жандардың шығармашылығына арналған VІІІ облыстық «Жүрек жылуы» өнер фестивалінде «Қолөнер» номинациясы бойынша бас жүлдені еншіледі. Алар асуың аласармасын, Шайхы-Ислам!

Жұмабек  Табынбаев,

Арал  ауданы

 


Қызылорда облысы Полиция департаментінде бөтен мүлік ұрлығының алдын алу бағытында жұмыс кездесуі өтті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.11.2018 10:55

Қызылорда облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен облыс көлемінде күзет қызметінің барлық түрімен айналысатын жеке күзет ұйымдары басшылары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және департамент басшылығының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Аталмыш басқосудың мақсаты - кәсіпкерлік субъектілерінде орын алған бөтен мүлік ұрлықтары және басқа да қылмыстар жайлы және бөтен мүлік ұрлығының алдын алу, болдырмау үшін барлық нысандардың, үй-жайлар мен пәтерлердің техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету мақсатында жаңа заманауи технологияларына сай күзет-дабыл қондырғыларын және жоғарғы үлкейту қабілеті бар бейнебақылау камераларымен, оның ішінде жасырын камералармен жабдықталуын, сондай-ақ орталықтандырылған бақылау торабымен немесе жеке күзет ұйымдарының кәсіби білікті күзетшілерімен күзету мәселелерін қарастыру.

Кездесу барысында кәсіпкерлік субъектілерінде орын алған бөтен мүлік  ұрлықтары және басқа да қылмыстар жайлы департаменттің Криминалдық полиция басқармасы бөлім бастығы, полиция подполковнигі Асқар Ізбасаров баяндама жасаса, облыс көлемінде мүліктік қылмыстарының, оның ішінде пәтер ұрлығының алдын алу мақсатында нысандарды күзетке алу, бейнебақылау камераларын орнатуда жүргізіліп отырған үгіт-насихат жұмыстарының барысы жайлы департаменттің күзет қызметін бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Салтанат Жусупова айтып өтті.

Қазақстан Республикасының «Күзет қызметі туралы» Заңында күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер мемлекеттiк органдарға заңдармен жүктелген мiндеттердi орындауда осы мемлекеттiк органдарға жәрдемдесуге мiндеттi деп көрсеткен. Сондай-ақ, нысандардың қазіргі жаңа заманауи қауіпсіздік қондырғылармен, бейнебақылау камераларымен және жеке күзет ұйымдарының күзетімен толық қамтамасыз етілмеуі басты күрделі мәселелер болып табылады.

Күн тәртібіндегі аталған мәселе бойынша қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға полиция қызметкерлерінің жеке күзет ұйымдарымен бірлесіп, іс-шаралар өткізу жайлы мәселелер талқыланып, бірқатар тиімді шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар, жиын барысында бірқатар күзет ұйымдарын  өз қызметтік міндеттерін адал орындап, күзетке алған объектілерде құқықбұзушылық пен қылмысқа жол бермегені үшін марапатталды.

Заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкін, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшін және күзет ұйымдарының қызметкерлері күнін мерекелеуге байланысты ҚР ІІМ-нің «Грамотасымен» «Сирена КZ» ЖШС марапатталса, Қызылорда облысы Полиция департаментінің «Алғыс хатымен» «Руслан-Казақстан», «МК Секьюрити КZ», «Kulan Security», «Кызылорда-Рахат», «Нур-Али секъюрити», «Шер-Улан», «Сырдария-Күзет», «ТС Секьюрити», «Батыл» Күзет агенттігі» марапатталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары