Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
Желтоқсан 2011

Баптан бұрын Бақ шабатын түрі бар PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
29.12.2011 16:44

Сайлау алдындағы қарбалас

Сайлауға жарты айдай­ уақыт қалды. Қарбалас сәт. Партиясы бар, жеке кандидаты бар, үгіт-насихат­ты қыздырып жатыр. Сенімді өкілдер бәріне «сендір­гісі» келеді. Қызық та, шыжық та бар. Бүгінде мәслихат депутат­тығына түсіп жатқан кандидат­тардың кейбіреуінің саяси додаға қатысуы доп ойнағанмен бірдей сияқты.

Бұрынғыдай емес, үміт­керлер жасарып барад­ы, жаңа есімде­р де, елді елең еткізер есімде­р де кездеседі. Облыстық мәслихаттың 29 орнына түсіп жатқан­ үміткерлердің саны – 79. Ең жас үміткердің жасы – 25-те, ең үлкенінің жасы 70-ке таяған. Кандидаттардың дені – директорлар, төрағалар, зейнеткер де, жеке кәсіпкер де, жұмыссыз да, тіпті, әкім де бар. Әдеттегідей бір директордың жанында бір қызметкерінің тіркеле салуы әлі қалмап­ты. Бұл «пысықтықтың» астарында жеңіс тұрғаны айтпаса да түсінікті. Демек, халықтың сөзін сөйлейтін, бапталған азаматтардан гөрі атағы, қызметі бар жандарға «жасыл шам» жанып тұр деген сөз. Мысалмен дәйектесек, №2 «Алтықұдық» сайлау округі бойынша екі үміткердің біреуі «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ филиалының директоры болса, екіншісі осы фи­лиалдың бөлім басты­ғы. №26 «Бекежанов» сайлау округі бо­йынша да жағдай осындай. «Арғымақ» ЖШС-нің дирек­торы мен инженері бір орынға «таласып жатыр». Ондай ойындарды қайсыбір сайлау округінен де байқауға болады.

Қызық мұнымен бітпейді, үміт­керлердің арасында елді елеңдеткен Б.Еламановтың есімі болды. Жаңа­қор­ған ауданының әкімі де депутат болу­ға бел байлап, атын №8 «Төретам» сайлау округінен қосқан жайы бар. Бейресми ақпаратқа сенсек, ол алдағы сайлауда жеңіске жетіп, облыстық мәслихаттың төрағасы болатын көрінеді. Тағы бір қызық, апта басында­ №7 «Жосалы» сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына үміткер М.Нұрмахан Жаңаөзенде орын алған бейбіт мұнайшыларға қарсы оқ атқан биліктің іс-әрекет­теріне наразылық ретінде өз канди­датурасын саяси додадан алып тас­тайтынын мәлімдеді.

«Қилы-қилы» қызықтар қалалық мәслихатқа үміткерлер арасында да бар. «Көлеңке кандидаттар» мұнда да кездеседі. Қызылорда қалалық аумақтық сайлау комиссиясы таратқан қалалық мәслихат депутаттығына кан­ди­даттар тізіміне көз салып, 70-жыл­дар­дан кейінгі туылған азаматтардың сая­си додаға  көптеп түсіп жатқанын, әсіресе, жалындаған  жастардың  белсен­ділігін бағамдадық. Тіпті, №5 «Береке» сайлау  округі бойынша 1990 жылы туылға­н екі бірдей студент­ қыз өзін-өзі ұсыныпты.

Біздің пікіріміз, «халық қалаулысы» деген айбынды атқа халықтың арасынан шыққан азаматтар ие бол­ғаны жөн. Депутат, шын мәнінде, елдег­і әлеуметтік-саяси өзгерістерге орай әрекет ете алуы тиіс. Тағы бір ой­лана­тын жағдай, мәслихат депутат­тарын сайлауда рушылдық, тамыр-таны­стық орын алып, билік басын­дағылар өз «адамын» ұсынып, сөйтіп өз «командасын» жасақтауды дәстүрге айналдырып барады.

Депутат – халық өкілі. Сондықтан алдағы аламанда депутаттыққа бар­ғандар жеке өздерінің көзқарасымен емес, сайлаушылар атынан сөйлеуі, өз мүддесін емес, халықтың мүддесін ойлау­ы керек.

Н.ЕРТУҒАН

 

 


ҚОҒАЛЫКӨЛДЕГI ҚАРАЛЫ КҮН PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.12.2011 16:40

Төтенше  жағдай

Өткен жұмада Сырдария ауданының Қоғалыкөл елді мекенінен қаралы хабар жетті. «Кешкі сағат сегіз жарымдар шамасында жаңадан салынып жатқа­н ауыл клубының бу қазандығы жарылды», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық төтенше жағдайл­ар департаментінің баспасөз қызметі.

Құрылыс басында жұмыс істеп жүрген әкелі-балалы­ Торыбай және Ербол Дүйсенбаевтар, сондай-ақ Бауыржан Асанбаев, Асқар Қожаназаров сол заматта қаза тапқан. Ал ауыр жарақаттанған Іскендір Сейдалиев облыстық медициналық орталыққа жеткізілді. Дәрігерлер «қазіргі таңда оның өміріне қауіп жоқ» деп отыр. Айта кетейік, құрылыстың бас мердігері – «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС, ал қосалқы орындаушысы – «Нефтепромсервис» ЖШС. Сол күні-ақ түн ауа облыс әкім­дігінің, құрылыс басқармасының, төтенше қызмет органдарының өкілдері ауылға ат басын бұрды. Алды­н ала белгілі болғандай, жұмысшылардың қауіпсіздік талаптарын сақтамауы қайғыға душар еткен. Ертеңіне төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның шұғыл көшпелі мәжілісі өтіп, онда аймақ басшысы Б.Қуанд­ықов құзырлы органдарға жарылыстың неден­ болғанын анықтауды тапсырды. Комиссия әзірге бір тоқтамға келген жоқ.

Ал қайғыдан қара жамылған Дүйсенбаевтар әулетін­е 2,5 млн. теңгеден, Асанбаев  пен Қожа­назаровтың жанұяларына әрқайсысына 1 млн. теңге­ден қаржылай көмек көрсетілетін болды.

Н.ШАМАУ

 


ОПЫҚ ЖЕГІЗЕТІН ОТШАШУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.12.2011 16:12

Қазақтың да қашанғы әдетпен Жаңа жылды жарқырауық зат­тарсыз қарсы алған күні болған емес. Бірақ соның ойлама­ған жерден­ опық жегізуі мүмкін екенін екінің бірі біле бермейді. Жел­тоқсан айын «Шырша» опера­циясына арнаған Қызыл­орда облысының өрт сақшы­лары осы жағына жұрттың жіті назар аударуын сұрап отыр.

- Пиротехникалық заттарды пайдаланудың кесірінен биылдыққа көздері, қолдары күйген 5 жағдай тіркелді. Күні кеше ғана қалаға қарасты Белкөл қыстағында бір жас бала қолын жарақаттап, медицина орталығына жатқызылды, - деді сейсенбіде өткен баспасөз мәслихатында облыстық төтенше жағдайлар департ­аменті бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет подполковнигі Бағдат­ Данилов.

«Шырша» операциясы кезінде «Сыбаға»­, «Айтбек», «Асбол» сынды қаладағы ірі сауда қатарлары тексеріліп, халық арасында үгіт-насихат жұмыс­тары жүргізілген. Бірақ одан адамдардың, әсіресе, балалардың отшашуларға деген сұранысы артпаса, кеміген жоқ. Былтырдан бастап пиротехникалық бұйымдарды тек белгіленген орындарда сатуға тапсырма берілді. Бірақ ол қағаз күйінде қалғанға ұқсайды. Базарлардың іші-сыртында фейер­верктер, бенгал шамдары  толып тұр. Саудагерлерден оларды­ сатуға рұқсаты бар-жоғын сұрап жатқан жұрт жоқ. Осыдан кейін отшашулардан келетін қауіптің алдын алу құр әурешілік және бос шығын сияқты көрі­неді. Пиротехниканы кеденнен өткізуге тыйым салу жағын ойлас­тырса, одан да жеңіл болмас па еді?!

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ

 


ҚАСІРЕТТІҢ ҚАЙТАРЫМЫ ҚАШАН БОЛАДЫ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Тіршілік тіні
29.12.2011 16:09

Жиырмасыншы  ғасыр  адамзат  баласына  қайғы-қасірет  әкелген екі дүниежүзілік соғыспен, АҚШ пен КСРО-ның текетіресімен, жаппай қырып жоятын атомдық-термоядролық қару­ларды игеру және оны сынау, ғарышты билеу бәсекесінің зардаптарымен тарихта өшпестей орын алғаны белгілі.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүгінге дейін КСРО Қарулы Күштерінің қалқаны болға­н термоядролық қаруларды игеру, оны соғыс жағдайында қолдану және бейбіт заманда ұдайы сынақтан өткізіп отыру мақсатында Кеңестер Одағында географиялық жер көлемі жа­ғынан стратегиялық мақсаттарға ыңғайлы ядролық тіктұмсық­тармен жабдықталған зымырандарды ату, жою, сынау жатты­ғуларын өткізуге таптырмайтын полигондарды салуда Сібір тайга­сын, тундрасын немесе Қиыр Шығысты емес, қазақтың жерін таңдап алуы ұлтымыз үшін орны толмас қасіретке айналды. Бұл қасіретке біз қалай тап болдық? КСРО Министрлер Кеңесі­нің 1947 жылғы 4 қазандағы қаулысымен Қазақ ССР-iнің Батыс­ Қазақстан, Атырау және Семей облыстарының бірнеше  мыңдаған гектар жері КСРО қорға­ныс министрлігіне уақытша пайдалануға берілген болатын. Ал кейін, яғни 1952 жылғы 2 сәуір­дегі қаулысымен бұл жерлер қорғаныс министрлігінің иелігіне түпкілікті қалдырылды.

Кеңес үкіметі жеделдетіп Батыс­ Қазақстан облысының шекара­сына дүние жүзіне белгілі болған Капустин-Яр ядролық атом сынақ полигонын салуға кірісті. Аталмыш полигон Сай­қын, Жаңақала, Орда, Новая Казан­ка, т.б. аудандардың аумағын қамтыды. Осы аудандар мен Нарын құмында 29 рет ядролық жарылыс сынағы болды. Оның 19-ы – жер астында, ал 10-ы жер үстінде сыналды. Нарын құмында 24 мың ракета жарылысы болып­, әскери техникалардың 177 түрі сыналса, РСД-10, СС-20 үлгісіндегі орта және жақын­ қашықтықтағы 619 ракета жойылған. Олардың әрқайсысының салмағы – 50 тоннаға жуық. Зерттеу жүргізген ғалымдар тек осы ракеталарды жоюдың сал­дарынан Жаңақала, Орда аудандарында ауа кеңістігіне 30 мың тоннадан астам улы күл тозаңының жайылғанын дәлелдеді. Батыс Қазақстан өлкесіндегі ядролық қаруды сынаудың зардаптарын зерттеп жүрген ғалымдар (академик И.Чиснаков) тірі ағ­за­ға зиянды улы химиялық эле­менттерді, оның адамға, жан-жануар­ға әкелетін зардаптарын анықтап жариялаған. Ал «Капустин-Яр», «Азғыр» ядролық сынақ алаң­дарында зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау өз дәрежесінде емес екен­дігі айтыл­ған. Бұл күндері атом державасына­ айналған Ресейдің әлгі ядролық сынақ полигондары Қазақстанның батыс аймағындағы бірнеше аудандарды, атап айт­қанда, 3 бірдей әскери сынақ, 929 мемлекеттік ұшу сынағы 4 мемлекеттік орталық пен «Азғыр» атом аймағының қорша­уын қамтыды. Академик В.В.Киянскийдің жазуын­ша, ең соңғы ядролық сынақ Новая Казан­ка ауылының маңында 1972 жылы 20 тамызда болған. Ал Қазақстанның шығыс өлкесіндегі Семей жерінде 1949 жылдың 29 та­мызында ядролық қарудың ең ал­ғашқы сынағы өткі­зілді. Содан бері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ядролық, термоядролық сынақ жарылыстарын тоқтамға алғанына дейін 456 рет түрлі деңгейдегі жарыл­ыстар ұйымдастырылған екен. 1949-1962 жылдар аралы­ғында 30 жерүсті, 88 әуе сынағы жасал­ған. 1953 жылдың 12 тамызында бірінші термоядролық бомба, 1955 жылдың 22 қарашасында бүкіл әлем бойынша тұңғыш сутегі бомбасы жарылған. Осы жылдар ішінде әуеде – 6, жер астында 340 сынақ жүзеге асқан.

Сандар... сандар.... Бұл сандардың көлеңкесінде азапқа түскен жандар, талқыға түскен тағдырлар тұр. Ал Курчатов, Шаған, Балапан, Сарыөзен, Теңгем, Дегелең, Абыралы сынды жер, қала атаулары жойылып, «жабық жәшікке» айналып, қақпалары тас қып бекітілді. Ал осы «жабық жәшіктердің» ішін­де әскерилермен қатар әйелдер, бала-шаға да бар еді. Айдаһардың ажал алаңында балалық шағын өткізген, әкесі Курчатов қаласында әскери қызмет атқарған, «ыстық нүктелер» мен әскери қалашықтарда ядролық жарылыстар мен сынақтардың тауқыметін басынан кешірген семейлік жерлесіміз, бүгінде Ресей тұрғыны, Новосибирскідегі ядролық физика инс­титутының аға технологы Александр Курсаковтың жазған естелік­тері Семей ядролық сынақ полиго­нының жан түршігерлік тұстарын өз естелігінде былай баяндайды:

- Бомба жарылған кезде бүкіл жер-жаһанның зұлымдығы мен жамандық күштері аласұрып, еркін­дікке шығуға ұмтылғандай сезіне­тінбіз. Мүмкін бұл радиация толқынының біздің санамызға, жүйкемізге әсері шығар. Қайда қашсақ та, құтыла алмайтын үреймен қорқынышты мен ең алғаш рет сол «нүктелерде» сезінген едім. Қазір ойлап қарасам, 1961-1962 жылдардың өзінде ғана 72 термоядролық сынақ өткізілген екен. Бомбаны тастау үшін нөкерінде екі истребителі бар нән ұшақ әуеге көтерілетін. Зымыран­шы­лар әр сәтті қалт жібермей, қадағалап отыратын. Жақын жары­лыстар бізден 18 шақырым шал­ғайдағы 40-70 шақырым қашықтықта өткендіктен радиациясының мөлшері шамадан тыс көп болатын. Бірақ әскерилер үшін сәуле көрсеткішін сағатына 50 рентген деп әдейі азайтып ай­та­тын. Қазір зұлматты көрген, оған қатысқан адамдардың саны азайып барады. «Нүктелерде», ядролық сынақ полигондарында қызмет атқарған жаттығуларға қа­тыс­қан ұшқыштар, атом солдаттары, зымыраншылар (ракетшілер) бүгінде не ерекше қауіп бө­лім­дерінің тізімінде, не ядролық қарудан зардап шеккендер қатарында жоқ. Олар мүлдем ешқа­н­дай тізімге кірмеген, жоқ, сызылып өшірілген, бұған кім кінәлі?

Мысалы, менің стратегиялық мақсаттағы ракета әскерінде үш жыл ядролық тіктұмсықты тасымалдаушы, бірінші сыныптағы монтаж маманы, екінші дәрежелі жүргізуші, зымыраншы болып қызмет атқарған кезімде, 1964 жылы Капустин Ярда ядролық қаруды сынап ату, жою жаттығуы­на қатысқаным жайлы РФ ҚМОА Подольск қаласынан алынған архив­ анықтамасында жазыл­ға­нымен, аты-жөніміз, жаттығудың мақсаты мен атқарған жұмыс­тарымыз тіркелмеген және ядролық сынақ жаттығуы кезінде алын­ған рентген сәулесінің мөл­шері көрсетілмеген. Тек жаттығу­ға қанша жауынгер мен офицер қатысқаны жайлы бар. Біздер, Александр айтқандай, ядролық атом сынақ полигонындағы жаттығуларға қатысқандар, кеңестік қарулы күштердің біратар «ағаш оғы» болып басы­мызды құрбандық­қа байлаған, бірақ тізімге кірмеген, есімдері өші­ріліп тасталған атом солдаттары едік. Қазір біз­дің басымыздан өткен сол жағдайларды біліп жатқан ешкім жоқ. Тиісті құзырлы орындарға жоғарыда аталған архив анықтамасын көрсетсем, бұдан 45-50 жыл бұрын­ғы сол әскери бөлімдерді тауып, анықтап жаздырып әкелуімді талап етеді. Қаһарлы қарудың құпиясын ашпаудағы жазылмаған заңды осылар білмейді-ау деген ойға келемін.

Бұл күндері әліге дейін ядролық сынақ поли­гонындағы қызметі құпия күйінде қалып, ерлікке толы еңбектері бағаланбай келе жатқан атом солдаттарының қасіретінің қайтарымы қашан болады деген үмітпен тіршілік етіп жатқан жайымыз бар.

Рысбай КӘРІМОВ,

стратегиялық  мақсаттағы ракета әскерінің бұрынғы жауынгері, Капустин Яр ядролық сынақ   полигонындағы сынақ жаттығуына қатысушы,

еңбек ардагері,

Жалағаш кенті

 


БОРИС ГОДУНОВТЫҢ ТЕГІ ҚАЗАҚ ЕКЕНІН БІЛЕМІЗ БЕ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Ой-талқы
29.12.2011 16:08

«Қанына тартпағанның қары сынсын­» дегендей, 1597 жылы 1 тамызда Годунов Ораз-Мұхаммедті Қасым хандығының басшысы етті. Бұл жөнінде Карамзин: «Борис пожаловал Царе­вича Киргизского, Ураз-Магмета, в Цари Касымовские», - дейді (том XI, гл. I, стр. 1060).

Жеңілген Сібір ханы Көшім ханның тұтқынға түскен бала-шағасына рақымшылық жасап, қымбат киімдер кигізіп, Мәскеуде оны аса құрметпен қарсы алды. «Велели привез­ти знатных плеников в Москву и дали народу удовольствие видеть их торжественный въезд (в январь 1599 г.). Жены, дочери, невестки и сыновья Кучюмо­вы. Ехали в богатых резных санях­ Царицы и Царевны в шубах бархатн­ых атласных и камчатных, украшенных золотом, серебром и кружевом…» (том XI, гл. I, стр. 1063). Бұған дейін Годунов сияқты тұтқынға түскендерді аяған бірде-бір орыс патша­сы бол­ған жоқ. 1604 жылы қарашада Иштеректі Ноғай ордасының биі етіп тағайындады және ол Годуновқа ант берді. «Третий Ногайский Улус, именуя­сь Альтаульским, занимал степи­ в окрестностях Синнего моря, или Арала­ Ногаям­ мирно купечестововать в Астраха­ни, освобождал их от всякой пошлины»­. (Н.Карамзин, том XI, гл. I, стр. 1081). Осы сөйлемдегі Альтаульским – Алты ұл ұлысы (авт. – алты ата Әлім), үлкен Ноғай ордасы. Борис Году­новтың патшалық құрған кезінде Ноғай­ ордасы үшке бөлінгенін көреміз, Синне­го моря дегені – Шалқар көлі.

Қазіргі орыс тарихшылары Европаға «терезе» ашқан Петр І-ні аса дәріптеп, сонда оқып, өнер үйренген жастардың арқасында Ресейдің дамығанын тілге тиек етеді. Шын мәнінде жүз жыл бұрын Европаның «терезесін» де, «есігін» де ашқан – Борис Годунов.  «К гражданскому образованию Борис превзо­шел всех древнейших Венценосцев России, имев намерение завести школы и даже университеты, чтобы учить молодых Россиян языкам европейским и наукам в 1600 году он послал в Германию немца Иона Крамера, уполномочив его искать там и привести в Москву профессоров и док­торов. Царь послал 18 молодых боярских людей в Лондон, в Любек и во Францию учиться языком иноземных, и так же молодые англичане и французы ездили тогда в Москву учиться русскому. Умом естественным поняв великую истину, что народное образование есть сила государственная, и видя несомнительное в оном превосходство других евро­пейцев, он звал к себе из Англии, Голландии, Германии не только лекарей, художников, ремесленников, но и людей чиновных в службу», - деп жазады Карамзин (том XI, гл. I, стр. 1082). Орыс мемлекетінде алғаш боп ішімдікке қарсы күрес ашқан да – осы Годунов. «Хвалили его также за ревность искоренять грубые пороки народа. Несчастная страсть к крепким напиткам, более или менее свойственная всем народам Северным; Борис строго запретил сию вольную продажу, объявив, что скорее помилует вора и разбойника, нежели корчемников» (том XI, гл. I, стр. 1082).

Борис Годунов 53 жасқа толған шағында, 1605 жылы 13 сәуірде қастандықпен, у беріп өлтірілді. «Принимал знатных иноземцев, обедал с ними в Золо­той палате, едва встав из-за стола, почувствовал дурноту, кровь хлынула у него из носу, ушей и рта врачи­, столь им любимые, не могли остановить ее», - деп келтіреді тари­х зерттеушісі (том XI, гл. II, стр. 1110). Қатарынан жеті жыл (1598-1605 ж.ж.) ел бас­қарған патшаның орнын мұрагері Федор басты. Ол тақта бір жыл отырды. «Сын естественно наследовал право его, утверж­денные двукратною присягою, и как бы давал им новую силу прелестью своей невинной юности, красоты мужественной, души равно твердой и кроткой, он соеди­нял в себе ум отца с доброде­телью матери и шестнадцати лет удивлял Вельмож даром слова и сведениями необыкновенными в тогдашнее время, первым счастливым плодом европейского воспитания в России, рано узнал и науку правления, отроком заседая в Думе», - деп жазады Карамзин (том XI, гл. III, стр. 1111). Ол Лжедмитрий I-нің қолынан көз жұмды. Борис Годунов өлгенімен, А.С.Пушкинің оған арнап жазған поэмасы, композитор Модест Мусоргскийдің операсы 150 жылдан бері орыс сахнасынан түскен емес.

Борис Годуновтың шыққан тегі.

1320 жылы Иван Данилович Калита (авт. – түрік сөзі, «қалта» дегенді біл­діреді) өзін Мәскеу князінің мұрагері етіп бекітуді сұрап, Алтын Орданы билеу­ші Өзбек ханға (1311-1341 ж.ж.) келеді. Сол кездерде алым-салықты Орда бекіткен орыс князьдары жинап отырған. «Добрая слава Калиты привекла к нему людей знаменитых: из Орды выехал в Москву Татарский Мурза Чет, названный в крещении Захариею, от коего­ произошел царь Борис Феодорович Годунов», - деп келтіреді Карамзин (том V, гл. IX, стр. 370). Калитаның уақытында Мәскеу князьдігіне қыз­метке келген Алтын Орда адамдары жөнінде Гумилев былай дейді: «Ведь обязательным условием на московскую службу было добровольное крещение. Креститься необходимо было и для заклю­чения брака множество татар-ордынс­ких выходцев – женились на русских красавицах, а татарки выходили­ замуж за русских («От Руси до России», стр. 110-114). – Наследник традиций хана Берке – Узбек проявил себе как крайне жестокий правитель. Приняв ислам, он под страхом смертной казни потребовал того же всех своих подданных. Дотоле репрессии по религиозным мотивам в Орде никогда не применялись, поэтому не было ничего удивительного в том, что многие отказались принять «веру арабов». Ведь, по Ясе Чингисхана, хан не мог вмешиваться в вопросы веры, а свобода совести всегда понималась монголами как личная свобода­ человека. Узбек без колебаний отверг этот принцип все, отказавшиеся обратиться в мусульманство, в том числе­ 70 царевичей Чингизидов, были казнены. Но большому количеству татар­ (христиан и язычников), отказавшихся принять ислам, удолось уехать на Русь и при Узбеке и впоследствии». Өзбек хан Калитамен бірге өзінің сенімді бір адамын жіберуі де мүмкін. Ол адам Алтын Орданың атынан бар­ғасын Калитамен үзеңгі қағыстыратын дәрежеде, бұрынғы Шыңғыс ханға дейінгі шекті хандарының тұқымынан шыққан не ханның қасындағы шекті билерінің бірі болуы да мүмкін. Әйт­песе, ислам дінін қабылдауға қарсы болға­н шекті руынан тараған атақты адамдардың бірі. Не де болса, орыс тарих­шысының «мырза», «людей знамени­тых» деп жазуына қарағанда, тегін адам емес.

«Сказание о Чета – татарском  царевича из Золотой орды» атты кітапта былай делінеді: «В 1329 году выехал из Орды к Ивану Калите татарское мурза Чета. Кострама, Ипатьевский монастырь, Родовым монастырем и родовой усыпальницей Сабуровых и Годуновых– потомков мурзы Чета, его основав­ше­го. Мурза Чета, здесь были погребены сам основатель рода Костромской вотчин­ник (земельное владение, принадлежащие феодалу потомственно) Захария (христианское имя) его сын Александр, внук Дмитрий Зерно, правнуки Иван Годун, Федор Зернов Сабур». Орыс тарихшылары Годуновтың шыққан тегі туралы Карамзиннің жазғанын ғана қайталады. Ал С.В.Веселовский:  «... имя одного из возможных предков Годун­овых – Асан (Хасан)», - деп жазды («Ономастикон древнерусские имена, прозвища фамилий», 1974 г.). Қалай атасақ та, Борис Годуновтың Кіші жүз, алты ата Әлімнің шекті руынан шық­қа­ны тайға таңба басқандай көрініп тұр.

Қасым хандығы.

1445 жылы Суздаль қаласының маңын­да Мәскеудің ұлы князы Василий II (1415-1462 ж.ж.) «Темный» Қазан татарларының ханы Ұлығ-Мұхаммедпен (авт. – 1420-1446 жылдары Алтын Орда ханы болған) болған соғыста жеңіліп, өзі тұтқынға түсіп қалады. Аман қалу үшін 200 мың рубль төлеп, Мещерск аумағын Қазан хандығының қарамағына берген. 1452 жылы Ұлығ-Мұхаммедтің баласы Қасым бірінші болып таққа отырды, тарихқа «Қасым хандығы» деген атпен енді. Қазіргі Рязан­ь облысы Ока өзенінің бойында орналасқан, Астанасы – Қасым қаласы. Қасым хандығын 1452-1681 жылдар аралығ­ында 15 хан басқарды. Соның екеуі орыс тарихында ерекше аталады: Семеон Бекбулатов (1570-1573 ж.ж.) және Ораз-Мұхаммед (1600-1610 ж.ж.)– Тәуекел ханның інісі, Ондан сұл­танның баласы.

Қасым хандығының ханы Ораз-Мұхаммед.

Әкесі Қытайға қарсы соғыста Шығыс­ Түркістанда қаза тауып, Ораз-Мұхаммед 16 жасқа дейін әкесінің ағасы Тәуекел ханның қарамағында тәрбиеленеді. Нөкерлерімен Тобыл қаласының маңынд­а құс салып, саятшылықпен айналы­сып жүргенде, қолбасшы Данил Чулков оны арам оймен қонаққа ша­қырып, қапыда қолға түсіріп, Мәскеуге жібереді. Тұтқынға түскен 1588 жылы небәрі 16 жаста еді (авт. – орыстардың Сібірді жаулап алу туралы түсірген фильмінде осы оқиға баяндалады). Ол Қыдыр­ғали Жалайыридің тәрбиесінде өседі, өте зерек болды, Түркістанда, Сауран, Ташкент қалаларында білім алады. Тұтқынға түскенде қасында кемеңгер ғалым Қыдырғали Жалайыри бар екен. Мәскеуде Ораз-Мұхаммедті үлкен құрметпен қарсы алып, оған сый тартып, жеке үй беріп, тойда, мерекеде, жиылыста Федор патша қасына отыр­ғызады. Федор патшаға (Иван Грозныйдың баласы), кейін Борис Годуновқа қызмет етеді. Жас хан хандықты көркейтуге бар күшін жұмсайды. Хан сарайын­ тұрғызып, оны кеңес үйіне айналдырды. Сарай Қожа Ахмет Йассауи күмбезіне ұқсайды. Сондай-ақ биік мұнаралы мешіт салдырды. Ораз-Мұхаммед қырдан қазақ билерін шақырып, бірге орыс патшасына қызмет еткен. Қыдыр­ғали Жалайыри оның ордасында сол қолын – қыпшақ Ноғайбек би, арғын Шишек би, оң қолын – жалайыр Қадыр­ғали бек, Есбай, маңғыт Саманай бек басқарғанын, ағасы Тәуекел  ханмен тығыз  байланыста  болғанын  сөз  етеді.

1598 жылы Қазақ хандығы Тәуекел ханның басшылығымен Орта Азиядағы ұлы Бұқара империясын жеңеді. Карамзиннің көрсетуінше («Феодор с 1595 года объявил себя Владыкою и многолюдной Орды Киргизской;  воевал Бухар­ию), Тәуекел хан Бұхара ханды­ғына соғыс жариялаған. Егер осы шын болса, қазақ тарихындағы ақтаңдақтар қатары толыға түсері анық. Ораз-Мұхаммед ханның тұсында Қазақ хандығы мен Ресей арасында елшілік ісі күшейеді. «1 августа 1598 г. Борис пожа­ловал Царевича Киргизского, Ураз-Магамета (Ораз-Мұхаммед) в цари Касы­мовские (Карамзин, том XI, гл.            I, стр. 1062). «По древней степной тради­ции Ораз-Мухаммеда подняли на золо­той  кошме  и провозгласили  ханом,­ - деп жазады В.Вельяминов-Зернов («Исследование о Касымовских царях­ и царевичах»). – 22 мая 1597 году он (Мухаммед-кула) присутствовал на торжес­твенном приеме в Грановитой палате Кремля посла Римского императора, причем сидел справа от царя, а слева сидел Ораз-Мухаммед, племянник казахского хана Тауекеля, в то время­ Касымовский царь». 1601 жылы наурыз айында Борис Годуновпен бірге Мәскеуде поляк елшілігін, 1602 жылы Дания ханзадасы Йоганды қабылдауға қатысты. Осынау салтанатты қонақ­асыға Ораз-Мұхаммедпен бірге Едіге бидің ұрпағы Петр Урусов та шақы­рыл­ған еді.

Ораз-Мұхаммедтің өлімі.

Борис Годуновтың сенімді адамы Ораз-Мұхаммедтің абырой-беделін көре алмай жүрген орыс князьдары оны мұқият өлтірудің жоспарын жасайды. Лжедмитрий II оны өзімен бірге аң аулауға алып шығып, қапыда қастандықпен өлтіреді, денесін Ока өзеніне тастайды. «Был убит Лжедмитрием по доносу своего сына якобы за измену и брошен в Оку. Тела его потом было найден­о и передано земле по мусульманскому обычаю. Могила Ораз-Мухамм­еда была найдена на Старопосадском кладбище в Касымово в 1860 году. Надгробный памятник лежал на земле, разбитый на две куска». В.В.Вельяминов-Зернов, нашедший могилу и надгробный памятник. «За смерть своего­ друга Ораз-Мухаммеда отомстил князь Петр Урусов, выходец из старинной ногайской знати он убил Лжедмитрия II» (М.Абдиров, «Хан Кучум: извест­ный и неизвестный», Алматы, 1996 г., стр. 145, 148). Жат елде 22 жыл тұрып, оның 10 жылында Қасым хандығы­н басқарды. Оқырманды Ораз-Мұхаммедтің өмірімен, қызметімен танысты­ру – тарихшылар мен жазу­шылардың еншісіндегі шаруа.

Қасым хандығының ханы және орыс патшасы Семеон Бекболатов.

Орыс тағына отыратындай ол кім? Семеон Бекболатов – Үлкен Орда әміршісі Ахмет ханның (1465-1481 ж.ж.) немересі. Жошы әулетінің үлкен тарма­ғы Орда Еженнен тарайды (авт. – орыс ақыны Анна Ахматова осы Ахмет ханнан тарайды.  Лев Гумилев – Анна Ахматованың жалғыз ұлы). «Он родился там, где река Урал разделяет Европу и Азию, и где сегодня находятся развалины первый­ столицы Казахского ханства – город­а Сарайчика» (Кайрат Бегалин, «Мамлюки», стр. 137, Алматы, 2009 г.). «В 1558 году Иван IV пригласил татарского царевича Бек-Булата из Ногайский Орды к себе на службу. Велел Касымовскому царью, Саин-Булату, спередовою дружиною идти на Шведов к Орешку» (Карамзин, том IX, гл. III, стр. 874). Английский посол Джером Горсей описыва­ет царствование царя Семеона. Царь Иван Грозный «провозгласил новым­ государем, под именем Семеон передал ему свой титул и корону и отделы­ваясь от своих полномочий, коронов­ал его но без торжественности и без согласия своих вельмож, заставил своих подданных обращаться со своими­ делами, прошениями и тяжбами к Семео­ну, под его именем выходили указы, пожалования, заявления – все это писалось под его именем и гербом... также чеканились монеты» (К.Бегалин, «Мамлюки», стр. 141, Алматы, 2009 г.).

Н.Карамзиннің еңбегінде Грозныйдың не себепті өз орнына Шыңғыс хан тұқымын қойғанын, он бір айдан кейін неге оны қайтып алғанын ашып жазбайды. Ал Мурат Аджидің айтары мынадай: «Над Москвой висел тяжелая туча, гото­вая обернуться грозой: русскому царю мешала конкурент – Касымовский царь, соперник на ордынское насле­дства. Он ограничивал Иван Грозного. Причем соперник тот был с еще большими правами на титул…» («Без вечно­го синего неба», стр 36, Москва 2010 г.). Еңбекте «Почему молчал Карам­зин?» деген тарау бар, оқырман білгісі келсе, оқуына болады. «Так называемый царь и великий князь Тверской Семеон, женатый на сестре Боярина Федора Мстиславского, снискав милость Иоаннову (Царь Грозный) верную службою и принятием Христианского закона, имев в Твери пышный Двор и власть Наместника с какими – то правам­и Удельного Князя. ... в ссылке и казался опасным Правителю, (Царь Феодор) нося громкое имя Царское и будучи  зятем первого родового Велможи», - деп жазады Карамзин (том X, гл. III стр. 1030).

Карамзин «В старшем, любимом сыне (Иван) своем, Иоанне, Царь готовил России второго себя; вместе с ним занимаясь делами важными, присутствуя в Думе, объезжая Государство» (том IX, гл. V, стр. 925). Патша мұрагерлікке дайындап жүрген баласын ашу үстінде таяғымен ұрып өлтіргесін, ортанш­ы баласы Феодордың өзі сияқты­ қабілетінің жоқтығын сезгесін (Феодор не способен управлять Россию и не мог бы царствовать долго) Шыңғыс хан тұқымынан Семеон Бекболатовты таңдау­ үшін Түрік сұлтанымен және Қырым хандығымен соғыспау жөнінде келісімге келуі де мүмкін. Қайрат Бегалин жазады: «24 января 1570 года Иван Грозный отправил в Константинополь дворянина Ивана Петровича Новосельцева. Тот прибыл во дворец султана Селима и сообщил ему, между прочим, следующее: «Мой государь не есть враг мусульманской веры. Слуга его, Царь Саинбулат, господствует в Касымове, царевич Кайбула в Юрьеве, Ибак в Суро­жике, Князья Ногайские в Романове: все они свободно­ и торжественно славят Магомета в своих мечетях: ибо у нас всякий иноземец живет в своей вере» («Мамлюки», стр. 139, Алматы, 2009 г.). «Царь и Великий Князь вся руси» Семеон Бекбулатов 1616 жылы өмірмен қош айтысты. Мұны жазып отырғанымның себебі, ол – көпшілік біліп, зерттеуге тұрарлық кейіпкер.

(Алшы)  Ысмайыл.

Ысмайыл 1554 жылдың аяғында ағасын өлтіріп, би тағына отырды (авт. – Ноғайлы ордасы) 1555 жылы қаңтарда ақ патша (Иван Грозный) Ноғайлының жаңа басшылары би мен нұрадын, кейқуаттың елшілігін салтанатпен қабылдап, құрметпен шығарып салды. «Сенімен дос болам деп, елдің бәрінен көз жазып қалдым. Сенен айрылмаймын деп, алдымен бірге туған төрт ағамнан, Отанымның әйгілі төрт патшасының ұрпақтарынан айрылдым. Немерелерім мен өз бала­ла­рымнан да көз жаздым. Аталас ел-жұртымнан айрыл­дым. «Сен орыс болдың» деп көзімнен шұқып кетті», - деген сарындағы қайғылы хаттар жолдап, 1563 жылдың қараша айында дүниеден озды (Ә.Сарай, «Ноғайлы», 168-бет). Ысмайылдың IV Иванға (Грозный) жазған хатын жазып отырған себебім, Алшын шежіресінде: Жаманақтың үлкені Шыңғыс жол шетін­де ұйықтап жатқан 8-10 жасар баланы тауып алады. Оны Қалу (Мәку) деп атайды. Ер жеткесін отау тігіп, өз алдына шаңырақ етіп шығарады. Мәкудің айтуы бойынша, «алшы» Ысмайылдың сөзіне еріп, Айдынділдамашты садағын алып, інісін ту сыртынан атып өлтіреді. Кінәлі екенін біліп, елінен қашып кетеді. Қалу өлгесін әйелі Зеріп бір ұл туады, атын Бөлек қояды, Жаманақтың Шыңғысының бір ұрпағы болып есептеледі, Бөлектен тараған ұрпақтарды Қыр шектісі деп атайды (авт.қысқартылып жазылды) («Алшын шежіресі», Т.Үсебаев, 245, 246, 247-бет).

Ысмайылдың Иван Грозныйға жазған хатында: «...Отанымның әйгілі төрт патшасының ұрпақтарынан айрылдым, аталас ел-жұртым, балаларымнан да айрылдым», - деп жазуынан Ноғай Ордасының ішіндегі бүліктің кесірінен Ысмайылдың өзіне қарайтын, қол астындағы елі үдере көшіп, шекті Жақайым руына қосылып, Бөлек деп аталғанын байқаймыз. Сонымен қатар Ә.Қоңыратбаевтың 1985 жылы «Жұлдыз» журналына жарияланған «Ноғайлы жыры туралы» мақаласында былай жазылған: «Ағыс, Көгіс осы кезде Шектінің Жақайым деген руының ішінде». Шежіреде  Жақайым руының екі атасын Ағыс, Көгіс дейді. «Шекті көп пе, шегіртке көп пе» деген мақал осы кезде шықса керек.

Л.Гумилев: «В исторической судьбе всякого этноса­ неизбежно наступает фаза надлома. Она, как пока­зывает хронология, укладываеся в 150-160 лет. Это самый­ тяжелый период в жизни этноса, это кровополитие и развал, война всех против всех», - деп жазды. (Л. Гумилев, А.Панченко. «Чтобы свеча не погасла», Диалог, 1990г). XVI ғасырдың бірінші ширегінде, Гумил­ев жазғандай, Ноғай Ордасының басына «қара бұлт» төніп, Ноғайлы өз ішінде бөліне бастады. Естерек­ті бас қылып, бір бөлігі Еділ өзенінің төменгі бойынан Терек өзеніне қарай ойысты. Екінші бөлігі Орақ батырдың баласы – Қазыны бас қылып, Азов маңына қоныстанады. Үшінші бөлігі Арал теңізінің маңына тұрақтады (Сәкен Сейфуллин, «Қазақ тарихын­ан қысқаша мағлұмат», 6-том, 1964 ж.). Алтыұл,­ (авт. – Алты ата Әлім) мен Жетісан (авт. – Жетіру) рулары осы кезде Қазақ хандығына келіп қосылған. Сөйтіп, халық саны екі есеге көбейді.

Сөз соңы.

Тегі татар (авт. – қазақ болуы да мүмкін) Қара-мурзадан тараған, Николай Михайлович Карамзин он екі томдық «Орыс мемлекетінің тарихын» 22 жыл – 1803 жылы бастап, 1825 жылы жазып бітірген. 1818 жылы сегіз томдығы оқырман қолына тисе, соңғы он екінші томы 1829 жылы, Карамзин қайтыс болғаннан кейін жарық көрді. Карамзин жазған тарихтың әсері ме, әлде өзінің тегі орыс емес екенін білгесін бе, А.С.Пушкин Борис Годуновтан басқа атақты орыс патшалары бар бола тұра, 1835 жылы оған арнап поэма жазды. Н.Карам­зин Борис Годуновтың орыс мемлекетінің көркеюіне қосқан үлесін баса айтады: «В усердной любви к гражданскому образованию Борис превзошел­ всех древнейших Венценосцев России». Тағы бір жерін­де «Историков XVIII века не основано на известиях современников, которые единогласно хвалят мудрость Бориса в делах государственных», - деп ағынан жарылады. Карамзин бабаларының «ұлы далада­н» шыққанын әсте естен шығармайды. Годунов­ орыс мемлекетінің қалыптасуына бар күшін жұмсаса, Карамзин орыс тарихын жүйеге келтіріп, кейінгі орыс тарихшыларына үлгі бола білді. Борис Годуновтан 300 жыл бұрын өмір сүрген Египет сұлтаны, мәмлүк, Он екі ата Байұлының беріш руынан шыққан Сұлтан Бейбарысты (1225-1277 ж.ж.) жақсы білеміз. Ал бергідегі Борис Годунов туралы дерек зерттеушісі жоқ болғандықтан да сирек. Оның Алты ата Әлімнің шекті руынан шыққанын да көбі білмейді. Оның тұсында өмір сүрген Қадырғали Жалайыридің: «Бұндай қымбат сихуат падишах көргенім жоқ. Кімде-кім сенің шапа­ғаты­ңа ұшыраса, өлсе де өкінбес», - деп жазғаны шындық.

Еліміздің егемендік алғанына биыл 20 жыл толды, төбемізде көк байрағымыз желбіреп тұр, кез келген мемлекетпен тереземіз тең. Кезінде жазылмай, айтыл­май келген тарихымызды түгендеу үстіндеміз. Орыс патшасы болған Борис Годунов сол тарих бетінен орын алуға әбден лайық.

Әлібек  САБЫРБАЕВ,

инженер гидротехник,

Қызылорда қаласы

(Соңы. Басы өткен сандарда)

 


“Жаңа Сұлтан” PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
29.12.2011 16:01

- Ертең мектепке комиссия келеді.­ Бүге-шiгемізге дейін тексереді, - деп мектеп директоры сынып-сыныпты аралап, таңертең бірі қалмай­ мектеп формасымен келу керекті­гін ескертті. Артқы партада отыратын сотқар Сұлтан ыржың-ыржың етіп отырып:

- Ағай, мен ертең сабаққа келе алмай­тын едім, - дегені.

- Не үшін?

- Балыққа баратын едім. Ертеңнен қалсам, бүкіл ауыл балалары қырып кетеді.

Балалар ду күлді. Мектепке тек­серу келіп, ел-жұрт дүрлігіп жатқанда,­ Сұлтанның бұлай айтқанына дирек­тордың ызасы келді. Орнынан тұрғызып, сотқар Сұлтанды жерден алып, жерге салды. Бүлдіргі баланың қамығатын түрі жоқ. Екі езуі екі құлағына жетіп, жерден жеті қоян тапқандай мәз.

Директор қабақтай қарнын сипады да, бес-алты тал шашын тарап, есіктен­ шығып кете берді. Сұлтан болса:

- Мен  бәрібір  келмеймін  сабақ­қа, - деді де мұрнын тыржитып, күс-күс болған қолын бір-ақ сілтеді. Дирек­тордан соң сыныпқа мектеп оқушыларының арасындағы тазалық секторы Сағираш кіріп келді. Арқасындағы қос бұрымы оның жүрген жүрісіне сай олай бір, бұлай бір қи­саяды. Басындағы үлкен бантигі қоңқиып, тұрған доп секілді. Мектептің абыройы да – осы қыздың бантигі. Кіре салысымен ол да Сұлтанға оқты көзін қадап:

- Бықшиев, ертең таңертең көйле­гіңнің жағасы аппақ, қолың таза, тырнағ­ың алулы болсын. Сен үшін осы кезге дейін естіген сөгісім де бір басыма жетіп артылады. Егер айтқан­ға көнбейді екенсің, ісім сенімен болсын­, - деді.

Бықшиев былқ етер емес. Тілін шығарып, басын шайқады оған да.

- Өй, белсендісымақ. Сенің қолыңнан құр айғайдан өзге ештеңе де келмейді. Шақыр, кімді шақы­расың тағы?

Сағираштың түрі бұзылып, көзі­нен тамшылар сырғанап, аузы бұр­тиды да қалды. Оның бұл түрі Сұлтан­ға одан сайын шабыт сыйлап:

- Сенің осы бұртиған түрің маған қатты ұнайды, өзіңе керемет жара­сады, - деп қойып қалды мысқылдап. Осы сөзді күтіп тұрғандай оқушылар да жамырай күліп жіберді.

Есік жаққа беттеген Сағирашқа өзге балалар да қосыла «кәм­племент» айтты. Бәжік те қалыспай:

- Жүрісін қарасай, еліктің лағындай ғой, ә?! - деп қосыла кетті. Шыдамаған ол есікті теуіп ашып, арғы жақтан бір-ақ шықты.

- Уһ-һ-һ, - деді сот­қар Сұлтан. – Енді қайсысы келеді екен? - деп аузын жиып үлгерместен есіктен мектеп президенті Балпық кіріп келді.

- Сұлтан қайда?

Орнынан ұшып тұрды Сұлтан. Өсіп кеткен шашы үрпиіп, қара түске айналған ақ жағасы жайлауға кеткен. Көзі шүңірейіп, әбіржи қалды Балпықтың алдында.

- Ертең келмеймін депсің.

- Жо-жоқ. Менікі жай әзіл ғой. Міндетті түрде келем. Уәде, - деп майлы қасықтай жылп ете қалды.

- Жә-жә, жетер. Ертең адам құсап келерсің, - деді ол зілді дауыспен.

Сұлтан үнсіз бас шұлғыған. Бірақ, сол кеткеннен мол кетті. «Кәмиссия» келіп, кетіп қалғалы қашан. Бірақ, сотқардың сабаққа келетін түрі көрінбейді.

«Кәмиссияның» келесі сапарының алдында сарғайтып, сағын­дырған Сұлтанның қарасы көрінді. Сөйтсе, директор оның жеке шопыры­ болғанға ұқсайды. Әр күні таңертең сабаққа директордың жеке көлігімен келетін көрінеді.

Мұны естіген Бәжік те қалың ойға шомып қалды. Сірә, директордың көлігімен келу оған да ұнап қалған-ау. Бір апта өткен соң, мектепте «жаңа Сұлтан» пайда болыпты. Оның Бәжік екені сөзсіз еді...

Дәулетхан  ТӨРЕХАН

 


САЯСИ МАХАББАТ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
29.12.2011 15:53

Сайлау додасы жақындаған сайын­ партиялардың арасында жалау­ла­тып, алаулатып жорыққа шыққандармен қатар бір-біріне «үрит, үрит» деп, сырттай ит қосып, қууға жақын тұрғандар да көбейе бастады.

 

«Партия қайда болса, жеңіс сонда!» деп, жалғыз партияның айтқанымен жүріп, айдауына көнетін заман артта­ қалды. Қазіргі қоғамның бет пердесі мүлде бөлек. Бірде түлкі, бірді күлкі, бірде маймыл, бірде ... Бөрібасар. Осындай «хамелеон» ортада тіршілік етіп, нан жеп жүрген партиялардың сайлау жақындаған сайын елге, жерге­, халыққа деген махаббаттарының оянуы бір жағынан заңды да.

 

Бәрекелді! Сайлауға кімдер түседі, кімдер түсіреді, қалай түседі? Таласып-тармасып жатқандардың арасында саяси ойынның құқайын көп көргендер де, «көкелеріне» арқа сүйеп, алшаң басып жүргендер де табыла­ды. Бір көңілге медет, бәрінің сайлауға келгенде көкіректері ел-жер деп сайрап тұр, тіпті бір аудан жұр­тына, руына деген махаббаттары маз­дап­ тұр. Жаттап алған мақал-мәтелдері: «Өлі риза болмай тірі байымайды», «Ер шекіспей бекіспейді», «Сайлау қайда болса, кандидат сонда». Ұстанымдары:

«Ел деп соғар жүрегім,

Ел үшін өмір сүремін.

Руым, жұртым, жұрағат -

Сайлауда менің тірегім».

Әсіресе, руына, ел ақсақалдарына­ сүйіспеншілігін айтсайшы. Бірінші мәтел бойынша, құрбандыққа ірі қаралар шалынуы тиіс. Бас ру ақсақалына беріледі. Өліге құран бағышталады, үлкеннен бата тілейді. Екінші мәтел бойынша қарсылас кандидаттарға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жанданды­ру қолға алынады. Ол үшін өтірікті соққанда кейбір министр­лердің елді алдай салатын әңгімелерін жолда қалдырып кететін сенімді өкіл­дер іріктеледі. Олар қарсыластарының басқан іздерін аңдып, қай есікке, қай тесікке кірсе де, сығалап қарап, тыныш­тық бермеуі тиіс. Ал үшіншісі түсінікті. Белді бекем буып, Астананы аңсаған азаматтар қашан сайлаудың соңғы нүктесі қойылғанша күндіз де, түнде де тыным жоқ.

Саяси махаббаттың күші қыз-жігіт­тің өртенген сезімдерінен де күшті. Қос жүректің махаббаты әуелі шоққа, артынан күлге айналса, саяси махаббат­ иелері арасындағы отты сезім өшпейді, бықси береді. Жел қай жағынан соқса, соның ыңғайына ауып, бұрқ етеді де, ара-арасында қызыл тілді жалын жалаң­дап, артынша бықсиды. Бі­реу келіп, төбесінен су құйып «ма­хаб­ба­тын» өшірмесе, бықси береді.

О, махаббат!

Бықси бер, жана бергін!

Туысыма мен дегенде сана бергін.

Сағынғаным соншама, ауылыма

Бара бергім келеді, бара бергім!

Саяси додаларда қарсыласты

Шаң қаптырып, келеді дара  келгім.

 

О, махаббат! Көктей бер, көгере бер!

Даусыңды бер, аталар, немерелер!

Махаббат дегенді қойсайшы. Осылайша жүрекке жан бітіртеді, көкірекке ән келтіртеді. Кейбір кандидаттардың, партиялардың әнші­лікке әуес болып, сахналарда ән шырқап жүргендерінің себебі осында жатыр. Шіркін-ай, бәрінен де саяси­ махаббаттан туған сырлы саздың, әсерлі әуеннің жөні бөлек қой!

Көбегеннің  НҰРЛАНЫ

 


БАСПАСӨЗДІҢ БОЛАШАҒЫ БАР МА? PDF Print Email
Жаңалықтар - Ой-талқы
22.12.2011 12:39

Әлемді ақпарат билеген заманда дәстүрлі медиа­ның болашағы алаңдатпай қоймайды. Өйткені бүгінде қандай жаңалықты болмасын, оқырманға һәм көрерменге әп-сәтте жеткізуші электронды БАҚ-тың дәурені жүріп тұр.

Әсіресе, интернеттің алдағы 20-30 жылда газет-журнал атаулыны ақпарат­ кеңістігінен ығыстырып тастауы мүмкін. Отандық БАҚ-тың дәстүрлі форматтан мультимедиялық форматқа көшу жолындағы жанталасы осыған саятын­дай.

Байланыс және ақпарат министрлігі жанындағы мұрағат және ақпарат комитетінің төрағасы Болат Берсебаевтың: «Газеттер біртіндеп өз орнын интер­нетке беретін болады. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 7 миллиондайы күн сайын бір рет интер­нетті пайдаланады екен. Интернет барлығын қамтиды, сондықтан оның танымалдығы мен функ­ционалдығы әу бастан жоғары», - дегені бар Қазақстандағы медианарықты дамыту мәселелеріне арнал­ған ІV конференцияда. Ал ҚР Журналистер одағы­ның төрағасы Сейітқазы Матаев: «Мен еліміз­дегі қағаз ақпарат тасымалдаушылары тек алдағы 10 жыл емес, 50 жылда да болады деп есептеймін. Сондықтан ертең газеттер жоғалады екен деп ойла­мау керек. Әрқайсысының өз орны бар. Бірақ біздің барлығымыз интернетке назар аударуымыз керек. Келешек – сонда. Бүгінде Қазақстан халқының        25 пайызы – интернеттің белсенді пайдаланушылары және ол көрсеткіш жыл сайын өсе береді», - деген пікірде. Статистикаға сүйенсек, ғаламтор қолданысқа енгеннен кейінгі алғашқы 5 жыл ішінде оны 50 млн. адам қарап үлгеріпті. Радио мұндай аудиторияны 38 жылда, телевидение 13 жылда жинап­ үлгерген. Алаңдататыны – мерзімді басылымның болашағы. Күллі жұрттың көңілі интернетке ауған шақта оқырманнан айрылып қалу қаупі еселене түсті. Өркениет көшіне ілеспесе тағы болмай­ды. Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің твиттеріндегі: «Блоггерлер – мерзімді баспасөзді жерлеушілер», - деген тосын пікірі ақпаратты ғаламторға орналастырудың тиімділігін көрсететіндей. Оның үстіне, бүгінде қатары көбейген блог жүргізушілері дәстүрлі журналистердің алдын орап әкететін болды. Алайда, блог ресми БАҚ саналмайды және сенімді ақпарат көзі деуге келмейді. Әрі жаңа технология ауылдарға әлі жете қойған жоқ. Газет-журнал шығарушылардың әзірше бір үміті – осы.

Ал сіз дәстүрлі БАҚ-тың болашағын қалай елестетесіз?

 

Әнуарбек  ӘБДІМОМЫНОВ,

«Қазпочта» АҚ Қызылорда облыстық

филиалы директорының орынбасары:

- Ақпарат нарығы күн санап жаңа газет-журналдармен толыға түсуде. «Қазпочта» арқылы жазылушылар үлесі соңғы есеп бойынша 1 000 данаға шаққанда 262-ден келіп тұр. Ал республикалық көрсеткіш 200-ге де жетпейді. Жазылушылардың да саны көбейіп келеді. 2010 жылдың І жартыжыл­дығында – 166 мың болса, 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында 173 мың данаға жетті. Барлық көрсет­кіштің 45-46 пайызы – ресейлік және республикалық, ал қалғаны – жергілікті газеттер. Соның ішінде қоғамдық-саяси басылымдарға сұраныстың көптігі байқалады.

Хат-хабардың орны бөлек деп жиі айтқанымызбен, оның уақыт ағымынан қалып бара жатқанына көзіміз жетіп отыр. Интернетке төтеп беру мүмкін емес. Балаларымыз негізінен интернетке үңілсе, біз сияқты орта және аға буын өкілдері газетті парақ­тап оқығанды ұнатады. Сондықтан 20-30 жылдың көлемінде баспасөз жоғалады дегенге келіспеймін. Мерзімді басылымға жазылушылар саны күрт төмендеуі мүмкін, әрине. Газет пен хат тасымалы біздің байырғы саламыз болғандықтан, қазіргі жағда­й жұмысымызға әсер етпей қоймайды. Әр аймақт­а орналасқан байланыс бөлімшелерін жинақта­уға әкеп соқтыруы, штаттық бірлік қыс­қаруы ықтимал. Десе де, пошта сол күйі қала береді.­

 

Елібай   ЖІКІБАЕВ,

«Kyzylorda-news.kz» интернет басылымының директор­-бас редакторы:­

- Америкада жүз жыл өмір сүрген газеттер енді-енді жабылып, интернетке көшіп жатыр. Біз де бұған біртіндеп келетін шығармыз. «Kyzylorda-news.kz» интернет басылымы жұмысын мамырда бастаған болатын, осы уақыт аралығында 36 мыңдай оқырман жинадық. Апта сайын ол 4-5 мыңға көбейіп отырады. Қызылордада әзірге мұндай аудитория жинаған басылым жоқ. Интернет – жылдам хабар тарататын ақпарат көзі. Тағы бір артықшылығы, газеттегідей материал сыймай қалу деген жоқ. Журналистің жазғандарын суретпен, бейнекөрініспен айшықты етіп беретін мүмкіндігі бар. Газетті кемі бір-екі күн күтуге тура келеді. Шалғайдағы ауыл­дарға жеткенше ақпарат ескіреді. Оның үстіне, газет­ шығарудың машақаты көп және шығыны да орасан­. Қазір типография бағасы да қымбаттап кетті. Өзім отыз жыл бойы газетте еңбек еткен соң мерзімді басылымның оқырман қолында жүргенін қалаймын.

Назерке САНИЯЗОВА

 


ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ТОҢДЫРДЫ... PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
22.12.2011 12:34

Апта басында облыс орталығын жарықсыз, жылусыз және көгілдір отынсы­з қалады деп кім ойлаған?! Ұлық мерекені тойлап болған жұрт мұны күткен жоқ. Және жылу маусымына дайындықты пысықтау барысында­ қала әкімі қызылордалықтардың қыстан тоңбай шығаты­нына сендірген.

Кеше қала әкімі мен коммуналдық шаруашылық басшылары шұғыл түрде журналистерді жинап­, мән-жайды түсіндірді. Тұрғындардың ең қажетті жағдайдан қағылуына электр орталық­тарының артық жүктемемен жұмыс жасағандығы себеп көрі­не­ді. Салдарынан 20 желтоқсанда солтүс­тік-оңтүстік кернеулігі 500 кВ болат­ын «КЕГОК» АҚ-ның желілері электрден 3 рет ажырап қалған. Ол өз кезегінде «Кызыл­ординская» қосалқы стансасы мен «Қызылордажылуэлектрорталығының» жұмысын тежесе керек.

- Мұндай төтенше жағдай біздің облыста ғана емес, оңтүстік өңір­лердің бәрінде орын алды. Өйткені кеңес дәуірінен бері күнгейдегі аймақтар тұтастай энергия жүйесіне негізделген. Бүгінде мәселе шешілді. Қалаға көгілдір отын жеткізетін «Ақшабұлақ» мұнай кенiшiндегi  жағдай тұрақты қалыпқа түсті. Дегенмен, кейбір аймақтарда, оның ішінде КБИ мөлтек ауданы мен Тасбөгет кентінің кей тұстары әлі де табиғи газға қосыла қойған жоқ. Оны да жедел арада шеше­міз. Жылу түйткілі де дұрысталды. Қалаға жеткізілетін көгілдір отын мен электр жарығының жоқтығына қарамастан, жылу маусымына қам жасауымыздың арқасында 18 мың тонна мазут пайдаланылып, тұтынушыларға жылу жеткізілді. Жалпы, біздің қысқы дайындығымыз өз деңгейінде болды. Ал бұл – техникалық ақау салдары, - деді шаһар басшысы М.Жайымбетов.

Қыстың қақаған суығында қаланың қараңғылық құшағында қалуы жұртты қатты алаңдатты. Тұрғындарды сабырға шақырған М.Жайым­бетовтың сөзіне сенсек, мәселе толықтай шешіледі.

Дастанбек  САДЫҚ

 


БАСТАЛДЫ... PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
22.12.2011 12:23

Сонымен, келер жылғы 15 қаңтарда өтетін саяси додаға қатысуға құқық берілген елдегі партиялар мен мәс­лихаттар төрінен орын сайлауға ниеттіл­ердің үгіт-насихат жұмыс­тары басталды. Сайлауға бір айдай уақыт қалды. Қарбалас сәт артқа қарайлататын емес. Тек алға! Ұраны да, бағыт-бағдары да осы. Қазір сайлау­ комиссияларының тыным таппай, үміткерлердің түн ұйқысын төрт бөлетін шағы.

Дүйім жұрт ел тәуелсіздігінің жиырм­а жылдығын жаппай тойлап жатқанда, Орталық сайлау комиссия­сының «сүзгісіне» партиялық тізім­дерін ұсынып, әрі тіркетіп алған сегіз саяси партия сайлау науқанына кірісіп те кетті. Орталық сайлау комис­сиясында саяси партия атау­ларын сайлау бюллетеніне енгізу турал­ы жеребе тартылды. Елдегі көш­басшы партия – «Нұр Отанға» жеребе­ жолдас болып, тізімнің басына шықты, қай кезде де бірінші саналатын саяси ұйым партиялық тізімін де алдым­ен ұсынып, бірінші болып тір­келгені де белгілі. Одан кейін тізімді Қазақстанның Патриоттары пар­тиясы, «Руханият» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демок­ратиялық партия, Қазақстанның Коммунистік халық партиясы, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы жалғастырады. Жалпы алғанда, Ортсайлауком партиялық тізім бойынша 386 кандидатты тіркеді, 1 депутаттық мандатқа шамамен 4 адам бәсекелеседі. Тіркелген кандидаттардың арасында 12 ұлттың өкілдері бар, үміткерлер­дің орташа жасы – 54 жас, әйелдер 21 пайызды құрайды. Тіркелген канди­даттардың 13 пайызы төртінші шақырылған Парламенттің депутаттары болса, төрттен бірі - коммер­циялық құрылымдардың қызмет­керлері. Ал 12 пайызға жуығы мем­лекеттік органдар мен мекемелерде, тағы 16 пайыздайы ғылым, мәдениет және білім саласында жұмыс істейді.

Хош. Мәслихатқа түсіп жатқан кандидаттар да «міндеттеріне» кірісті. Депу­тат болуына сенімді, беделді­мін деген­ адамдар «көлең­келерімен» бірге саяси додаға қатысуғ­а бел буғанын да естіп жатырмыз­. Төрт жыл депутат болған, тіпті бірнеше шақырылымдар бойы үздіксіз депутат болып­ келе жатқан белгілі есімдер бұл сайлауда да бақ сынауды жөн көріпті. Олардың қатарында мәслихаттың «майын» ішкен депутаттар Ж.Шәрі­пов, С.Иман­досов, Ә.Жүсіпов, Н.Ерман­ов, тәжі­рибе жинап, көпке танылып қалған жас буындар Ш.Әбдікәрімов, И.Құттықожаев, Қ.Дабысов, С.Сейітханов, Ж.Сыздықов т.б. бар. Жаңа есімдер де жоқ емес, елді елең еткізерлер де табылып қалады.

Қызылорда облыстық сайлау комис­сиясының кешегі мәліметіне келсек, облыс бойынша жергілікті мәслихаттарға ұсынылған 374 кандидаттың 372-сі тіркелген. Жіктеп көрсек, облыстық мәслихаттағы 29 орынға 80 үміткер ұсынылып, оның 79-ы тіркелсе, қалалық мәслихаттағы 19 орынға құжат тапсырған 50 үміткердің барлығы, ал аудандық мәслихаттардағы 99 орынға 244 кандидат ұсынылып, оның 243-і тіркеуден өткен. Партиялардың ішінде белсендісі – «Нұр Отан», олардың үкілеген үміткерлері – ең көбі, түгелдей дерлігі десе де болады.

Иә, сайлаудың қызатын шағы енді басталды. Сайлаудың жарнамасын жалаулатып, өзгешелігі мен ерекшелігін қайта-қайта ескертіп жат­қанымен, сайлаушы сол бұрынғы – талай үміткердің уәдесіне тойған халық. Сондықтан «халық қалаулысы» атанғысы келетін кандидат әуелі халықтың жағында болу керектігін мықтап ойланғаны жөн секілді.

Н.КЕНЖЕТАЙ

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Желтоқсан 2011 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары