Өзекті мәселелер

  • 15.08.19

    Қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Бұған дейін мәжіліс залында ине шаншар орын болмайтын. Бұл жолы орын бос болды. Шамасы, ақжағалылар тамылжыған тамызда тынығуды жөн санаса керек. Жә, бастысы, ол емес.
    Аппарат мәжілісінде екі мәселе таразыға тартылды.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Өткен аптада Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округінде қарбыз шырынын шығаратын цех алғашқы өнімін сынақтан өткізді. «Енді Жайылмада қарбыз кластері дамиды» дейді білетіндер. Лайым солай болғай! Естеріңізге салайық, осыдан тура 6 ай бұрын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сүйінші жаңалықты Жаңақорған ауданының әкімі  Ғалым Әміреев бірінші болып жеткізген-ді. Сол кезд...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Жасыратыны жоқ, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың көп нәрсеге мүмкіндігі жоқ деген қате пікір әлі де бар. Алайда әр пенденің бұйыратын өз несібесі бар. Біреудің қолынан келмеген іс екінші адамның қолынан тууы мүмкін. Сол секілді айналадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбекпен жетіп жатқан жұмыстарына қолдау көрсетіп, шынайы баға беруді міндет санағанымыз жөн. Сондай өмірге құштар, ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Кәсіпкерлік дамыса, еліміз де өркениетке өрлейді. Жұмыссыздық азаяды. Нарық халыққа қажеттіні қамтиды. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қолдауды арттырды. Іскерлік мүмкіндігін молайтты. Солардың қатарында сырдариялық тұрғындар да мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде. Мұны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы  мен ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Сәрсенбінің сәтті күнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімовтың қатысуымен брифинг өтті. Бір ерекшелігі, Олжас Азатұлы қашанда өзімен бірге спорттың әр түрінде жеңімпаз атанып, ел намысын қорғап жүрген қызылордалық өрендерді баспасөз мәслихатына  ертіп әкеліп, БАҚ өкілдерімен бетпе-бет жүздестіреді, кері байланыс орна...

    Толығырақ...
Тамыз 2017

ҚЫЛМЫСКЕРДІ КІМ ТӘРБИЕЛЕЙДІ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
03.08.2017 15:47

 

 

 

ЖАСӨСПІРІМДЕР   АУЫР САНАТТАҒЫ  ҚЫЛМЫСТЫ КӨП  ЖАСАҒАН

Қызылорда облысы бойынша осы жылдың І жартыжылдығында жасөспірімдердің  қатысуымен  68 қылмыс жасалған. Ал 2016 жылы көрсеткіш 119-ды құраған екен. Бұл – облыс прокурорының орынбасары Жасұлан Еламанов ұсынған мәлімет. Статистика сөйлеп тұр. Сенсек, көңіл қынжылтады. Жеткіншектердің заңды белшесінен басып, бейбіт күнде бұзықтық жасауына не себеп? Бұғанасы  бекімеген жас қалай қылмыскерге айналады? Қоғам кінәлі ме, заман жазықты ма? Бәлкім, ата-аналар мен білім ордалары берген тәрбиенің «жемісі» болар? Десек те... Қай ата-ана баласын қылмыскер болсын деп өмірге әкеледі дейсіз?  Оқу орындары да оқушыларға тәртіпсіз бол демейтіні белгілі емес пе? Түйткіл.

Тарқатайық. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ақпаратына сүйенсек, онда биылғы 6 айда 25 қылмыстық іс тіркелген. Ал өткен жылдың 6 айында 15 қыл­мыстық іс түскен болатын. Салыстырар болсақ, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың артқанын көруге болады. Сот өндірісіне келген 25 қылмыстық іс 43 адамға қатысты. 2016 жылдан 1 қылмыстық іс қалдықта қалған. Қылмыстың өтеуі – жаза. Кәмелетке толмаған­дардың қылмыстық ісін зердел­еу барысында сот үкімімен жаза тағайындалыпты. Атап айт­қанда, 16 адам шартты түрде сотталып, 4 адам бас бостандығынан айырылған. Бас бостандығынан шектеу жазасын 6 адам алса, 2 азаматқа айыппұл салынса, 9 жас­өспірім қылмыстық жауапты­лықтан босатылған. Ал 1 адам мәжбүрлі түрде медициналық  емдеуге  жолданған.

Қылмысқа бар­ған жет­кін­шек­тер жасаған «ісі­нің» санаты бо­йынша да сан топқа бө­ліне­ді. Мәселен, 31 жас­өс­пірім ауыр санатта 13 қылмыстық іс, ауырлығы орташа санат­та  2  адам  2 қылмыс, 2 азамат онша ауыр емес санатта­  2  қылмыс  жасаған.

 

ҚЫЛМЫСТЫҚ   ІСТЕН  ҚЫЗЫЛОРДА   ҚАЛАСЫ

«КӨШ   БАСЫНДА»

Аталмыш құқықбұзушылықтарды аудандар бойынша жіктесек. Өткен жылдың 6 айында Қы­зыл­орда қаласы бойынша 10 қылмыстық іс, Байқоңыр  қаласынан 2 қылмыстық іс, Шиелі, Жаңақор­ған, Жалағаш аудандарының әрқайсысынан бір-бірден қыл­мыстық  іс  тіркелген.  Ал  биылғы  6 айдағы көрсеткіш не дейді? Қызылорда қаласында – 12 , Жаңа­қорған ауданында – 9, Байқоңыр қаласында – 4, Жалағаш, Қазалы аудандарында бір-бірден қылмыс­тық іс тіркелген. Қарап отырсақ, Қызылорда мен Байқоңыр қала­ларында қылмыс саны көбейген. Ал аудандар арасында Жаңақорған­ ауданы «көш бастап» тұр.

Жас өскін балалардың заң бұзғанын ешкім қолдай қоймасы анық. Сондықтан облыс көлемінде кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу үшін түрлі шаралар ұйымдастырылады. Құптарлық шаруа. Жыл сайын жоспар құрып, сан түрлі шаралар атқарылуда. Нәтиже  қандай?

 

144   БАЛА  ҚАҢҒЫБАСТЫҚҚА САЛЫНҒАН

Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Қ.Шүкіровтың ақпаратына сүйенсек, бүгінде облыс көлемінде «Балалар түнгі қалада», «Каникул» атты жедел профилактикалық шарасы, «Жұмыспен қамту» атты республикалық кең көлемді акциясы өткізілген. Осындай профилактикалық жұмыс­тардың нәтижесінде, 2017 жылдың 6 айында барлығы 2562 құқық­бұзушылық расталып отыр. Сондай-ақ, 144 бала қаңғыбастық пен кезбелікке  салынғаны  анықтал­ған. Олар жасөспірімдерді бейімдеу ортал­ығына жеткізілген. Жас буынн­ың қылмыс жасауы, оның көз үйренген көрініске айналуы елді елеңдетерлік жайт. Алайда оларды қадағалап, тәртібін тәп­тіштеп отыруға міндетті тек құзырлы орган ғана емес. Облыстық жаст­ар денсаулығы орталығының әлеуметтік психология бөлімінің меңгерушісі Жансая Насрадинқызы кәмелеттік жасқа толмаған балал­ардың тәртіп бұзуының бір­неше факторларын атап көрсетті.

- Қазір  жасөспірімдер  арасында­ қылмыс санының өсуі, мінез-құлықтарындағы өзгешеліктер, бірінші­ден, тәрбиенің аздығы деп айта аламын. Өйткені қазіргі ата-аналар балаларына көп жағдайда көңіл бөле бермейді. Заманның талабы, уақыт, қоғам деп сылтау айтуға болмайды. Баланы  өмірге әкелгеннен­ кейін баланың тәрбиесімен бірінші ата-ана айналысуы керек. Одан кейін балабақша, мектеп, жоғары оқу  орындарына  барғанда  да тәр­бие қалыс қалып жатады. Балаға көңіл бөлу өте аз. Бұл – бірінші себеп.­ Екіншіден, қазір жасөспірім­дер әрнәрсеге еліктегіш. Жаңа нәрсені  көргісі  келеді. Замандастарынан  қалғысы  келмейді. Тіпті смарт­фонның  өзін  таңдағанда  қарапа­йым телефон ұстағысы жоқ. Негізі­нде адам өзінде бар нәрсеге қанағат етуі керек. Өзінде болмағаннан  кейін, тағы да айтамын, бас­қаларды көре алмағаннан кейін сондай құқықбұзушылықтарға немесе­ ұрлыққа  барады. Біздің қазақ «Көрпеңе қарап көсіл» дейді. Балалар әу бастан жақсы тәрбие алса, өзінің қазақ екенін ұмытпаса екен. Біздің қазақтың дарқан көңілі, кеңдігі қайтып келсе деп тілеймін. Осылардың барлығы жетісіп жатса, ондай ұрлыққа да бармас еді, қылмыс та жасамас еді. Жасөс­пірім кезінде баладағы барлық нәрсе толық болуы керек. Ата-анадан баст­ап. Көп жағдайда толық емес отбасының балалары теріс қылықтарға барып жатады. Ата-аналар тек жылулығын бергені жөн. Жас­өспірімдерге жетпей жатқан нәрсе осы. Ата-анасы көп жағдайда «мен баламның сұрағанын, қажетті ақшасын бере салсам болды» деп ойлайды­. Осылайша бала көбіне үйден емес, көшенің, ортаның тәр­биесін алады. Бұрын көршінің баласы тәртіпсіздік жасаса да тыйым болатын. Қазір өз балаларына ты­йым­ сала алмай отырған ата-аналар бар. Өз баламызға жылуымызды сыйласақ, көңіл тазалығын дұрыстап себелесек, жасөспірімдердің құқықбұзушылығы болмас еді, -дейді  психолог Ж.Насрадинқызы.

Осылайша «бұзақылықтың басты­ себебі отбасында берілген тәрбиеге байланысты» дейді психолог. Жеткіншектер арасындағы жосықсыз­ жайттардың салдары кімге де болсын оңай тимесі шындық. Тұсауламаса, тәртібі нашар балан­ың есейген сайын «қылық» шығарып, қылмыс әлемінің есігінен еніп кетпесіне кім кепіл? Сонда ел болашағының кілтін кімге ұстатамыз? Әлде «әркімнің санасына берсін» деп  бейқам  жүре  береміз бе? Қылмыскерді  кім тәрбиелейді? Сіз  қалай  ойлайсыз?

Жазира  БАҒЛАН

 


БЕТІ «БЕС БАТПАН» БАҺАДҮРІМ-АЙ... PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
03.08.2017 15:45

Биыл мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласы өлге­ні­мізді тірілтіп, өшкені­мізді жандырғандай болды.­ Көзі қарақты оқырман бағдарламаның бағытын ба­ғам­дап, ай­тылған ойды айқындап алған­ шығар­ сірә?! Елбасының сөзін екі етпейтін жергілікті атқарушы орган дереу халыққа түсін­дірме жұмыс­тарына кірісті. Жер-жерде жиындар өткізіп, ауқымды шаралардың суретін әлеуметтік желілерде дүркін-дүркін жүктейтінін байқап жүрміз. Хош. Мақаланы бір шолып шықтық. Ел президенті  біздегі  «нау­қаншылық»  дейтін кесел­ді білсе керек, былай  дейді. «Жаңа тұрпатты  жаңғырудың  ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай­ білу. Онсыз жаңғыру дегені­ңіздің құр жаңғыры­ққа айналуы оп-оңай»,- деп ой түйеді.

Бұл бағдарлама та­рих­ымызды түген­деу­ге, келеш­екке ама­нат­тауға, жерімізді қорғаған батыр­лардың есімін қайта дәріптеуге мол мүм­кіндік беріп отыр. Сыр өңірі мұндай тарихи тұлғалардан кенде емес. Жанқожа мен Жалаңтөс баһа­дүрдің өзі неге тұрады?! Ерен ерлерг­е арналған еңселі ескерткі­штер бар. 2010 жылы Жалаңтөс баһадү­рдің ескерт­кіші ашылды. Әңгіме осында боп тұр. Ұмытпасам, 2011 жылы «Егемен Қазақстан» газе­тінде «Баһадүрдің бетін кім жуады?» атты мақала жарияланды. Бекерден-бекер емес-ау. Сол баяғы «науқаншылық» дейтін дерт­тің әуре­сі... Кеше ғана Жалаңтөс ескерткіші­нің жанына барып, жа­быр­қап қайт­тық. Баһа­д­үр қайта тірілсе, жергі­лікті биліктегі біраз кісі креслосымен қоштасар ма еді? Кім білсін? Жер үшін жанын қиған батырдың ескерт­кіші қараусыз қалған­ секілді. Өзі де, астындағы аты да шаң-тозаңнан көрінбейді. Оны тазарту жұмыстары көптен жүргізілмегенге ұқсайды. Мүсінге құстар саңғытып кетіпті. Ағал-жағал боп тұр. Қаланың қақ ортасында  орналасқан ескерткіштің артқы жағын­ жасыл желек­ке айналдыруға қо­лайы. Әйтсе де, ол аумақта қисық бұта да жоқ. Қызыл­орда қаласының әкімдігі мен жауапты мекем­е қайда қарап отыр? Себебі облыс әкімдігіне қарай қала билігі күніне  осы  маңнан  жүз  өтеді. «Әй бір, бұл маңда­ батыр бабамыздың ескерткіші бар еді. Барып­ қайтса­қ қайтеді?» десе де, артықтық етпейді­. Бабасы­ның беті бес батпан болып тұрып, «рухани  жаңғырамыз»  деп айту күлкілі. Оны қоя беріңіз, бұл ескертк­іш мемлекеттің қорғауы­нда. Сонымен қатар республикалық «Жалаңтөс баһад­үр» атындағ­ы қоғамдық қор да бар екен. Ал қызыл­ордалық атқамінерлердің ел үшін атқа қонған батыр бабасына көрсеткен құрметі қайда?

Айтпақшы, биыл елімізде жалпыұлттық ЭКСПО­-2017 мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр. Мың сан туристер келуде. Біз айтқан ескертк­іш   әуежайдан  келген  мейманның  көзіне бірден  түседі. Саяхатшылар  сатпақ-сатпақ еңселі ескерткішті көріп, таңданысын жасыра алмас... Тіпті, олардың  алғашқы  легі де келе бастады. Жауға жалаң  қолымен  қарсы тұрған батырд­ың сом тұлғасын жалтыратып қоюға шамамы­з  жетпеге­ніне  қайран  қалам...

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ


 

 

Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

 


АЛАЯҚТЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАНДАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
03.08.2017 15:40

«Маңғыт, аузыңа саңғыт» деп қарғаның­ аузындағыны тұмсығымен қағып алған түлкілер көзге түрпідей тиетін­  дәурен туды бүгінде. Түлкі заман­ға тазы  келсе, аңқау елдің арамза молдалар­ы  табанын  жалтыратып  тайып­  тұрады. Заң үстемдік етіп, алдан­ған  аңғал жұрттың «пәтер аламын» деген­ үміті үйді емес, үйдей пәлеге душар­ еткен­дей. Бөтеннің мүлкін иемденіп, бірнеше мәрте жұртшылықтың қалтасын қағып, аузын айға қаратып кеткен азаматша  К.С мен Қ.А. сот шешімімен өздеріне  тиесілі  жазаға кесілді.

Оңай олжаны ойлап, орға жығыл­ғандар қылмыстың соңы жаза боларын әсте ойламады да. 2015 жылы жұртшылықты мекемелерге жұмысқа тұрғызу, жоғары оқу орындарына түсіру, көп­қабатты үйлерден пәтер алып береміз деп алдап, сенімін теріс пайдалану жөнінде қылмыстық келісімге келген екеу ә дегеннен аңғал жұрттың қалтасын­ қаққан. Алдымен И.Н. есімді азаматшаның тұр­ғын үй кезегіндегі тізімнен алға жылжытып, екі бөлмелі пәтер алып беруге­ көмектесетінін білдірген С.К. 1 500 000 теңгесін қалтаға басқан. Мұнан кейін екеуі А.Б. есімді азаматшаны мектеп мұғалімі ретінде кез келген білім оша­ғын­а  жұмысқа  орналастыратынын айтып­, 300 000 теңгесін алған­. Сенімге кірген екеуі мұнан өзге де салаларға жұмысқа тұрғыза алатын зор мүмкін­дік­терін айтып, сендіріп, Ж.Ж-дан 500 000 теңге, А.Ж.-ны Қызыл­орда медицин­а­лық колледжіне оқуға түсіріп беремін деп 500 000 теңге, жаңа көп­қабатты үйлердің бірінен пәтер әпере­мін деп Р.Ө-нің 250 000 теңгесін иеленген. Олар мұнымен тоқтамастан тағы бірнеше азамат­тың қалтасын қағып, алдап, арбау­  жолдарымен  қаражаттарын  иемденіп отырған.

Сотқа шағымданған азаматтардың шағымын қарау нәтижесінде сот алая­қ­тықпен айналысып келген екеудің бірін, яғни К.С.-ны ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы  бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркіледі. Ол 3 жылға бас бостандығынан айы­рылып, жазасын  жалпы режимдегі түзеу колониясында өтемек. Дегенмен, бұл кейінге қалдырылды. Он төрт жасқа толмаған баласының болуына байла­нысты ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігіне орай жазасын өтеу бес жылға шегерілді. Алайда К.С. бұл уақытта тұрғылықты жерін, оқуын немесе жұмысын ауыс­тырған жағдайда пробация қызметіне хабарлап  тұруы  керек.

Адамнан айла артылған ба? Есепті мерзімдегі статистикалық мәліметтерге­ сүйенсек, алаяқтыққа қатысты қылмыс­тар саны өршіп тұр. Күні бүгінге дейін 60 адамға  қатысты 55 іс тіркелген. Оның ішінде 44-і – әйел  азаматшалар. Халықтың аңғал, сенгіш тобын зерттеп-зерделеп, қулығын іске асыратындардың ішінде 30 іс бойынша 32 адамға сот үкімі  қабылданды.

Табан астында қалтаңды қағып, орайы келсе ойып кетуге даяр тұратын мұндай жандар, әсіресе, банк ұйым­дарының  маңайында көп жүреді. Несие­ әперіп, несібеңді молайтамын деп, тақыр­ға отырғызып тайып тұратындар жетіп артылады. Бұл ретте халықтың да сақ болғаны абзал. Әйтпесе, төбедегіге қол созамын деп, аузындағыдан айы­ры­лып  қалып  жүргендер  қаншама?!

Жұлдыз   ЖАКЕЕВА,

Қызылорда   қаласының

№2  сотының  судьясы

 


ФЕМИНИСТІК ПИҒЫЛ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.08.2017 15:27

Еркек  болғым  келеді-ау,

еркек  болғым...

Соңғы кезде феминизм жайлы көп  айтылып  жүр. Мен де өз ойым­ды  айтып  көрейін...

Иә, бұл мәселенің осыдан бір-екі ғасыр бұрын көтеріліп, жақсы қолдау тапқаны өте дұрыс болды. Әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы рөлі өзгерді. Әсіресе, қазақ қоғамындағы әйелдердің орны мен деңгейі көтерілді. Ер-азаматтармен бірдей құқықтары бар. Мұндай жағда­й бүкіл әлемде емес болар, бірақ осы тенденция жүріп жатыр. Уақыт әйелдерді, сөз жоқ, әлемде бірдей құқылы етері анық.

Бірақ бүгінгі заманның кейбір әйелдері, атап айтқанда, феминизм идеясын қолдаушы әйелдер мұны қанағат тұтпай жүр. Олар «ер кісі­лермен бірдей болғымыз келеді, бізді ер, әйел деп бөлмеңдер» дейді. Егер жануарлар әлемінің көзі­мен қарасақ, феминист әйелдер айтады: еркек жануарлар ұрғашы жануарларға еркек жануар деп қарауы тиіс. Көзге елестетуге болар ма екен мұндай жағдайды?

***

Енді қазақстандық өмірімізден екі мысал алып, бұл мәселеге сол көзбен қарап көрелік.

2011 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзенде трагедиялық оқиға орын алды. Бастық ер кісілер өзде­рінің қарамағындағы үкімет қару берген ер кісілерге наразылық бейбіт  шеруге шыққан мұнайшы ер-азаматтарға қарсы оқ атуға бұйрық берді. Себебі мұнайшы еркек­тер жаңа жылдық шыршаны құлатты, бірнеше дүңгіршекке от қойды. Нәтижесінде жиырмаға жуық адам оққа ұшты, жараланғандар одан да көп, басқалары түрмеге жабылды. Ал егер енді сол кезде сол алаңда жүз пайыз әйелдер болса ше? Ер кісі­лер­дің істегенін қайталаған болса ше? Сонда қарулары бар ер кісілер ер-азаматтарға жасаған ату шарасын әйелдерге қолданар ма еді? Әй, қайдам.

Иә, әйелдерді жауапкершілікке тартып, әртүрлі аз мерзімді шартты шаралар қолданған болар еді, ақшалай және шартты айыптар төлетер еді. Себебі әйелдердің бала-шағасы бар, көздерінің жасын төккені, кешірім  сұрағандары  еске  алынар еді. Әй, қойшы! Әйелдің аты әйел емес пе деген сөздер кез келген еркек судья­, прокурор, сот, әскерилерден шыққан болар еді. Себебі әйел, бала-шаға, қариялар мәселесінде әскери соғыс болсын, тұтқынға алу болсын заң бойынша да, санамыздың түк­пірінде де ТЫЙЫМ салынған! Тіпті қарақшы бандиттердің өздері бұл ережені ұстанады.

***

Енді менің Жанболаттың басынан кешкендері жайлы әңгімемнен үзінді келтірейін. «Пойыздарда милицияның нарядтары әдеттегі тәртіп бо­йынша жұрттың заттарын есірткіге, т.б. тыйым заттарға тексеретіні бар. Әрине, бұл дұрыс шара, оған дау жоқ. Бірақ, Жанболаттың мысалында бұл тексерулер жұрттың бәріне жасал­майды, негізінен алғанда ер-азаматтарға жасалады. Олар әйелдермен байланысуға онша ықылассыз – айқай­-шу, жылау, сықтау... Мұндай жағдай­  ер кісінің  нәзік  психикасына өте жаман әсер етеді. Жаратқан Құдай осылай еткен...  Әйелдердің арасында еркектерге қарсы атыла­тындары, бетін тырнап­ алатындары да кездеседі. Сондықтан да полицейлер көнбіс еркек­тердің заттарын астан­-кестенін шығарып тексеруге құмар. Еркектердің тәртіпті бол­масқа амалы да жоқ, аузын ашып қарсы келсе, бөлімшеге алып кетеді­, денесін көгермейтін жер­лерінен  ұрып,  бүйрек, бауырларын құртады. Сондықтан Жанболат инстит­утта  әскери  кафедрада  алған­ запастағы офицер деген куәлігін өзімен бірге алып жүреді екен. Аға лейтенант деген жазуы бар куәлік ерекше әсер етеді!».

***

Бар болғаны екі ғана көрнекі мысал. Бүгінгі әлемдегі еркекке деген­ көзқарас. Құрметті феми­нистка әйелдер, өздеріңе осындай көзбен қарағанды ұнатасыңдар ма? «Еркек тоқты құрбандық» деп санай­тын  ер-азаматтардың  әлеміне барып, өздеріңе сондай қатынас болғанын қалайсыңдар ма?! Ойланыңдар дегім келеді. Еркектердің ортасында жүрмеулеріңнің арқасында қаншама ұнамсыз заттардан (тіпті қорқынышты деуге болар) аулақ жүргендеріңді білсеңдер етті.

Түрмелерде  еркектер  әйелдерге қарағанда он есе көп отыр. Бұл сендер­ білмейтін еркектердің әлемінің  арқасында.

Біздің ата-бабаларымыз қаншама тыйым салған тәрбиелік маңызы бар сөздер айтқан. «Қыз баланы ұрма» деп бекер айтпаған, яғни ұлды ұруға болады. Осылай ер бала­ны ел қорғауға, қатал еркектердің әлемінде шынығуға тәрбиелегені болар.

Қадірлі әйелдер, әйелдер әле­мінде әйел болып қалыңыздар. Аман боласыздар.

Сағадат  РАҚЫМЖАНҰЛЫ

 


ЖАЛАҚЫҢЫЗҒА КӨҢІЛІҢІЗ ТОЛА МА? PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
03.08.2017 15:23

Әр мамандықтың қоғамға берер әрқалай салмағы бар, соған сәйкес бағаланатыны да рас. Біздің елде адам факторына, оның еңбегіне қандай көзқарас қалыптасқан? Бұл тұрғыда ауыл еңбеккерлері азға қанағат  етіп жүрсе, оған әсте таңдануға болмайды.

 

Ендеше, Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратымен сөйлер болсақ, 2017 жылдың 2-тоқсанында ең жоғары жалақы – қаржы және сақтан­дыру қызметі саласында, ондағылар 315,3 мың теңге көлемінде айлық алады. Ал, ең төменгі жалақыға қол жеткізгендер – әдеттегідей ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мен орман және балық шаруашылығында жұмыс істейтіндер. Олар бар-жоғы 88,3 мың теңгемен­ күн көреді. 2010 жылдың  қорытынды көрсеткішімен де бұл саладағылар 40,2 мың теңгені  қанағат етіп келген екен. Демек, 7 жылдың ішінде жалақылары 2,2 есеге ғана өсіпті. Есептеп көріңіз, ең жоғары және ең төменгі айлықты­ң айырмашылығы жер мен көктей, 3,6 есе.

Енді басқа сала қызметкерлерінің де еңбекақыларын санап көрейік. Жоғары жалақы алатындардан кейінгі келесі кезекте 253,2 мың теңгені әмиянына санап салатын кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтің мамандары тұрса, ақпарат және байланыс саласы­ қызметкерлеріне 222,4 мың теңге шамасында жалақы жазылады екен. Ал, өнеркәсіп саласындағылар­ 202,3 мың, құрылыстағылар 184,9 мың теңге айлық алатын  көрінеді.

Айтпақшы, өңірлер бойынша ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында – 253,9 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе көп. Ал, Жамбыл облысында бұл көрсеткіш 103,1 мың теңген­і құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,3%-ға төмен екен.

Жалпы алғанда, есепті мерзімде еліміздегі бір қызметкердің орташа айлық көлемі 149 951 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,4 пайызды, ал нақты жалақы индексі 97,1 пайызды көрсетті. Бұл пайызға шаққандағы жалақының өскені ме, әлде дағдарыстың әсері ме, болмаса күн санап бетбақтырмай бара жатқан­ бағаның безбені ме, өзіңіз бағамдай жатарсыз. Бір қызығы, аталмыш министрлік үкіметтегілер мен депутат­тардың, квазимемлекеттік сектордағылардың жоғары жалақысын есепке алмапты. Оны айтса, жалақы­сы 100 мың теңгеге де жетпейтін ауыл еңбеккерлерінің есі кетіп, есегінен ауып қалар деп ойлайтын шығар, бәлкім...

Н.АҚПАН

 


test PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.08.2017 12:57

test

 


СҮНДЕТ МІНДЕТ ПЕ, ҚҰРМЕТ ПЕ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
03.08.2017 12:17

Бұл тақырыпты жазуға тапсырма ал­ған­да қолым бармай, бөгеліп қалғаным рас. Қызықты әрі жеңіл тақырып деп ойладым. Әуелгісі шын болғанымен, жеңіл тақырып емес екеніне керекті ақ­параттарды жинау барысында көз жет­кізгендеймін. Тіпті, ауқымды және тереңірек қозғауға тұ­рарлық екенін сез­дім. Жалпы, сүндет – ислам­ дінінде ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу  арқылы  жасалатын ғұрып екені мәлім. Ал оның қандай маңызға ие екені турасында ойланып көр­діңіз бе?

Әйел затын айтпағанда, осы жайды басынан өт­керген ер-азаматтардың да ойланғандары көп емес секілді. Негізі, Пайғамбарымыз  сүндетке отыруды адамилық бес мін­деттің бірі ретінде қараған. Ол кезде маңыз­ын білмесек те, осы күні ұғынып жүрміз. Әйтеуір ауылда дәрігердің “Енді ер жігіт болдың, мұсылман болдың” дегені ғана есім­де  қалыпты. Осы орайда біз оқырмандарға сүндет­теудің қандай түр­ле­рі бар, бұл жұмыспен кімнің айна­лысқаны жөн, сүндеттеудің пайдасы қандай, т.б. тақырыптар  турасында әңгімелемекпіз.

 

Сүндетке отырғызу дәс­түрінің тамыры тым тереңде жатыр­. Сүндеттеу медицина ғылымында “циркумцизия” (лат. Circumcisio – дөңгелете кесу) деп аталады. Сүндеттеуді біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдары ежелгі Мысыр елінде қолданған деген деректер бар. Сүндеттелген пер­ғауын бейнесі мен ересек екі бала­ны сүндетке отырғызу рәсімі көрсетілген папирус суретт­ері Каир  мұражайында сақталған. Тіпті, бұл Африка елдерінде де баланың есею нышан­ы ретінде қалыптас­қанын білдіреді. Сүндеттеу алғаш­қы  кездері  араб  хал­қында діни наным-сенім ретінд­е  жүзеге  асса, уақыт  өте  келе исла­м дінін қабылдау үшін жаса­латын дәстүрдің біріне айналды.­

Қазақ халқы баласы бес жасқ­а толысымен сүндетке отырғызатын болған. Десе де, оның арнайы бір жасы белгіленбегенге ұқсайды. Бұл – халқы­мыз үшін тек салт ғана емес, медициналық маңызы бар мәселе. Ертеректе сүндеттеу жалпы мұсылмандарға тән секілді көрінетін. Ал қазір әлемнің көптеген мемлекеттері, атап айтқанда, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Қытай, Жапония, т.б. мемлекеттерде баланы сүндетке отырғызу қалыпты үрдіске айналып келеді. Қазақ халқында сүндеттеуді бұған дейін қожа-молдалар атқарып келсе, қазір көбіне медицин­а қызметкерлері жү­зеге  асырады.

Бұрынғы кезде сүндеттелген  балаға арнап кең, әрі ұзын “сүндет жейде”, “сүндет көр­пе” тігетін болған деседі. Кейбір аймақтарда сүндет­телген баланың жататын төсек орнын да арнайы әзірлеген. Ғылыми прогрестің дамыған заманында  көкірегі ояу, көзі ашық  адамдар  бұл медицина­да­ жасалатын ота екенін жақсы түсінеді. Дей тұрғанымен, сүндетке молда отырғызуы керек,­ дәрігер  отырғызуы керек­ деген қатып қал­ған қағида жоқ секілді. Ең бастысы – отаның сәтті шыққаны, жұмыстың оң нәтижеде аяқ­талғаны. Халық арасында “бала анасынан туған­да сүн­деттеліп туыпты” деген пікір де кездеседі. Ата-бабаларымыз мұндай бала­ларының есімін “Сүндет” деп қойып, жақсылыққа  жорыған. Яғни, баланың басынан өтетін бұл жағдайды арнайы мамандар да растап отыр.  Десе  де, сүн­деттеліп туған баланы қайтадан сүндеттеу рәсімі де ел арасында кездеседі екен.

Сүндет Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) сүннеті болғандығы үшін де мұсылман ха­лықтарында  ерекше маңызға ие  болды. Сауд  Араб  елінде ер  бала­лар 3-7 жастарында сүн­детке  отырғызылды.  Сүн­детке  отырғызылатын  баланың құрметіне арналып той-думан  жаса­лып, балаға ең әдемі киім­дер кигізіп, атпен серуен­детеді. Ал Египетте ұл баланы 5-6 жасында сүндеттей­ді. Сүндетке  отырғызылатын адам  ерекше  құрметтеледі.

Уақыт өткен сайын жер бетін­дегі кейбір жұмыстар да белгілі дәрежеде өзгеріп отырады. Мұны ешкім жоққа шығар­ған емес. Сол секілді заман­ талабына сай сүндеттеу тәсілдерінің де қатары кө­бейіп, жаңаша түрлері пайда болды.

1. Еркін әдіс. Хирургтердің дәрі арқылы  жансыздандырып, арнайы аспаппен сүн­детке отырғызуы, тамырлардың тігілуі. Мұны “классикалық әдіс” деп те атауға болады.

2. Дәстүрлі әдіс. Дін мамандарының өткір ұстарамен кесіп,  жараға таза күлді кесемен төңкеріп жасайтын әдісі. Бұл – сүндеттеудің бұрыннан кең тараған түрі.

3. Наркоз бермей-ақ, жансыздандыратын укол салып, электр пышақ арқылы қанатпай жасалатын сүндеттеу әдісі. Электр құралын пайдалану шағын­  отаға  жатады.

Медициналық зерттеу жұ­мыстары сүндеттеудің пайдасы көп екенін ұқтырғандай. Мұсылмандар, оның ішінде қазақ халқы да мұның адам денсаулығына тигізер септігін ертеден білген. Қазіргі таңда әлем ғалымдары зерттеу жұмыс­тарын  жүргізіп, сүндеттеудің адам өміріндегі рөлінің жоғары  екенін  ғылыми тұр­ғы­да дәлелдеп берді. Мысалы, сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген ерлер жыныстық  қатерлі ісікке анағұрлым аз шалдығатын көрінеді. Сондай-ақ, ері сүндеттелмеген әйелдерде  жатыр  мойыншағының қатерлі ісікке шалдығу қаупі алты есе, жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары болады. Ғалымдардың ізденісі мен дәлелі мұнымен тоқтаған емес. Олар Африка құрлығынан нақты­ мысалдар келтіреді. Мәселен, Кения мен Замбияда­ ұл балалардың 10-30 пайызы ғана сүндетке отырғызылады. Ал ВИЧ инфекцияларын тасымалдаушылар саны олардың халқының  төрттен  бірін  құрайды.  Ал сол Африканың әр баланы сүндетке отырғы­затын  Камерун,  Бенин сияқты өзге елдеріндегі АҚТҚ (ВИЧ)  ауруы­ның  таралуы  алты  па­йыз­дан  аспайды.

Австриялық зерттеуші ғалымдар ЖҚТБ-ға (СПИД) шалдыққан ер кісілердің басым­ көпшілігінің сүндет­тел­мегендер екендігін дәлелдеп, тіптен үлкен жаңалық ашты. Өйткені ЖҚТБ вирусы ең әуелі жыныс мүшесінің ұш қабатын зақымдайды екен. Егер ол тұс микрозақым алса, қабыну қаупі өте тез жүреді. Адам есейгенде  жыныс мүшесінің обыры­ сынды дертке шалдыруы ықтимал. Мұны медицина мәлі­меттері де растайды. Мысалы, сүндеттелгендер арасында жыны­с  мүше обырына шалдығу  қауіптілігі  0  пайыз.  Алайда­ Қытай, Уганда және Пуэрто-Рико сияқты елдерде обыр  ауруының 12-22  пайызы жыныс мүшесінің обыры үлесін­де. Бұл – зияндылығы жағынан өте жоғары  көр­сет­кіш. Бұған қоса нәрестелердің де зәр жолының қабынуының 95 пайызы сүндет­телмеудің  салдарынан  болады. Ал, сүндеттелген балалар арасындағы зәр жолы қабыну көр­сет­кіші 5 пайыздан төмен. Демек, бүйрек жұмысының бұзылуына, қанға және денеге зиянды бактерия таралуына соқтыратын басты себеп – сүндет­телмеудің  салдары. 2000  жыл­ғы  Американың  меди­ци­на­лық ассоцациясы (Аmerican Medi­cal Association AMA) сүндет­теудің несеп қуық жолдар­ын сирек кездесетін қатерлі, жұқпалы аурулардан, инфекциядан қорғайтын­дығын мәлімдеді. Медицина ғылымында дәлелденгендей, сүн­детке  отырмағандарда  әртүрлі аурулардың пайда болат­ын­дығы  көптеп  байқа­лады.  Француз кітаптары бұл ауруларды “Affection du Prepuce” атымен  басып  жария­лаған. Ал бұлардың бірнешесі өте қауіпті. Осы себеппен Еуропа мен  Америкада  көптеген  христ­иандардың  мықты  денсаулықты  көздеп, өздерін  және балаларын сүндетке отырғ­ызып жатқанд­ықтары жөнінде дерект­ер бар. Доктор Дубайс  Рэймондтың “Сүн­детті вакцина сияқты бүкіл еркек­терге мәжбүрлеу керек” деген сөзі де осыны ай­ғақ­тайды.­

“Сүндеттеу қанша тұрады?” деген сауалға жауап іздейтін болсақ, Қазақстанның түкпір-түкпірінде бұл медициналық процедура үшін әртүрлі бағалар ұсынылады. “Еліміздің ең таңдаулы клиникаларында сүндеттеу құны 60 мың теңгені құрайды” деген ақпаратты да көзіміз шалып қалды. Ал біз­дің облыста 10-20 мың теңге көлемінде. Нақты бағаны біл­мек оймен бірнеше емханамен байланысқа түскен болатынбыз. Біз хабарласқан емхана қызметкерлері “Бұл хирургтің жұмысы, біз оны білмейміз” деген сарында жауап берді. Ауылдық жерлерде дәрігерлер өз жұмысын 5-10 мың теңге аралығында бағалайтын көрі­неді. Қалай десек те, сүндеттеу­дің сәтті шыққаны – жетістік.

Қорыта айтқанда, дені сау жас ұрпақты өмірге әкелуде сүндеттеудің алар орны ерекше. Сүндеттеудің тарихына зер салсақ, ең алғаш сүндеттеу амалын  жасаған  Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар. Ол өз-өзін сүндеттеген. Хадистегі деректер бо­йынша, сол шақта Алланың досы Ибраһим пайғамбар сексеннің сеңгіріне кірген екен. Ибраһим Пайғамбар мінәжатының жауабы ретінде Жаратқан Алла адамзаттың көбін Ибраһим нәсілінен шығарды­. Сонымен бірге, көптеген пайғамбарлар мен патшалардың  атасы етті. Сондай-ақ, ұрпағының  тәнінде бір нышан болатынын баяндады. Ол – сүндет еді.

Рыскелді   СӘРСЕНҰЛЫ

 


 

Сіз  не  дейсіз?

Бақтияр  ОСПАНОВ,  облыстық  дін мәселелерін  зерттеу  орталығының  аға маманы, дінтану  ғылымдарының магистрі:

– Жалпы, Ислам дінінде сүндеттелу өте үлкен мәнге ие. “Баланы кім сүндеттеуі керек немесе  бұрындары  кім  сүндеттеді?”  деген сауалды ортаға тастайтын болсақ, жауабы анық. Ислам діні – таза дін, сондықтан тазалықты қалайды. Баланы сүндетке адам анатомиясынан хабары бар, білікті, білімді адам отырғызуы керек. Ертеректе мол­да­лар  бәкісін  оттың  жалынына қайрап, тұзға салып, барынша зиянсыз еткеннен соң ғана жұмысына кіріскен. Өздеріңізге белгілі, қазақ халқы Пайғамбардың сүннетіне қатты қараған. Меніңше  мұнда дәстүр сабақтастығы басым, қазіргі күні сүндет той – ұлттық  тойға,  маңызы  бар  мейрамға  айналып  үлгерді.


 

Әлімжан ТӨЛЕГЕНОВ, облыстық балалар ауруханасының хирургі:

– Сүндеттеу – адамның тазалығы үшін жасалатын дәстүр. Демек, бұл жерде жеке бастың гигиенасына аса мән беріледі. Діни көзқарас та мұны қолдайды. Сүндеттеуді балалар хирургі, уролог мамандар атқарғаны  дұрыс. Өйткені, аталық жыныс мүше­сінің аурулары болуы мүмкін. Арнайы мамандар мұны  жіті  назарға  алады. Қазақ  халқы баланы 5  жасқа толғанда сүндеттеуді құп көрген. Негізі мұсыл­мандық парызды өтеу мерзімін дәрігер шешуі керек. Ата-аналар балалар емхан­асы­мен тығыз байланыста болуы тиіс. Сонда баланың денсаулығы да, сүндеттеу уақыты да дәрі­гердің  бақылауында  болады.

 


«АРҚАЗ» ТОБЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫҚ» PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
03.08.2017 10:03

Елжан   БЕРІСТЕНБАЕВ:

- Әнге деген қызығушылығыңыз қашан басталды?­

- Мектеп қабырғасында жүргеннен бастап ән айтқанды жақсы көрдім. Көптеген облыс, ауданарал­ық ән додасында жарысқа түсіп, талантым­ды  танытып  келемін. Бұл – ең алды­мен­  Алланың  берген дарыны, одан соң ата-анам  мен  бауырларымның  қолдауы.

- Қазір  қоржыныңызда  қанша  ән  бар?

- Жеке репертуарымда 15-тен аса ән бар. Барлығының мен үшін орны бөлек.

- Қай бағытта ән айту жүрегіңізге жақын?

- Эстрада бағытында. Халық әндерін, қазақтың иісі аңқитын дәстүрлі әндерді орындағанды  жақсы  көремін.

- Фонограммамен қаншалықты жиі ән шырқайсыз?­

- Фонограммамен тек тойларда ғана айтамын.­ Себебі, әр мейрамханада музы­калы­қ құрылғылар әртүрлі болады. Олардың баптаулары да бөлек. Алайда жұмыс орнында,  арнайы  концерттерде  әнді  жанды­   дауыста  орындаймын.

- Қазір  қайда  қызмет  атқарасыз?

- Қалалық  А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде әнші болып жұмыс істеймін.

- Қай өңірлерге гастрольдік сапарға шығып жүрсіз?

- Әзірге жұмыс бабымен Қызылорда облысына қарасты аудан, ауылдарға сапарлап жүрміз.

- Ұстазыңыз кім?

- Өнердегі жалғыз ұстазым – мені баптап, өнер  көгінде биікке самғауға бағыт берген Абай Бектұрғанов. Ол кісі Арал өңірінің тумасы. Ән өнеріне бейімдеген еңбегі үшін алғысым зор.

- Қазақ эстрадасына жаңа леп әкелді деп қай әншіні айтар едіңіз?

- Димаш Құдайбергенов. Кеше ғана Қытай елінде өткен «Мен – әншімін» байқауында дүйім жұртты дүр сілкіндірді.

- Әншіліктен басқа қандай өнеріңіз бар?

- Егер әнші болмасам, суретшілікпен айналысар  едім.

- Соңғы оқыған кітабыңыз қандай?

- Арнайы мына кітапты оқыдым дегенім өтірік болар. Қазір ғаламтор желісі дамыған уақыт  қой. Кітапты  қажет  болған жағдайда сол ғаламтордан қарап аламыз. Негізінен ақиық ақын Мұқағалидың шығармаларын сүйіп оқимын.

- Жаныңыздан  тастамай  оқитын  газет-журналдарыңызды   айтсаңыз...

- Әнші Мейрамбек Бесбаевтың «Өнеге» журнал­ы – жақсы көретін басылымым. Одан бөлек «Өнер жұлдыздары», «Керемет» журналын жиі оқимын.

- Сынға  қалай  қарайсыз?

- Кемшіліктерді орынды айтқан сын болса, санасуға әзірмін. Өзімді шыңдау мақсатында жақсы көзқараспен қараймын.

- Неден қорқасыз?

- Мен неден қорқамын. Мен мұсылман бола тұра тәубеге келіп, намазға жығыла алмай о дүниег­е  аттанып  кетуден  қорқамын...

- Арманыңыз?

- Болашақта үлкен сахнада ән салып, халықтың қошеметіне бөлену.

- Отбасыңыз жайлы айтсаңыз.

- 2013 жылдың тамыз айында отау құрып, шаңы­рақ  көтердім. Жұбайымның  есімі – Назгүл. Аллаға шүкір, қазір қос ұлымызды тәрбиелеп жүрміз.

- Оқырмандарға алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз.

- Өздеріңіз білетіндей, бұрын «АрҚаз» тобынд­а өнер көрсеткенмін. Белгілі бір себептермен топ жұмысы тоқтаған еді. Қазіргі сол істі қайта қолға алып, жалғастыру үшін жұмыс істеп жатырмын. Жаңа топтың сапалы әндерін сахнаға­ алып шықсақ, халықтың көзайымына айналсақ деген тілегіміз бар.

- Бастамаңызға сәттілік. Өмірлік кредоңыз қандай?­

- Өмірлік ұстанымым – адал өмір сүру, әрдайым­ шындықты айту.

- Әңгімеңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан

Жазира БАҒЛАН

 


Қызылордада бір күнде 2 автокөлікті ұрлап кеткен жас жігіт ұсталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.08.2017 09:35

2017 жылдың  14 шілдесінде сағат 11.50 шамасында Қызылорда қаласының тұрғыны үйінің ауласында тұрған «Opel Vectra» маркалы автокөлігін белгісіз біреулердің кілтті іріктеу арқылы ашып, белгісіз бағытқа айдап кеткені жайлы арызданған.

Аталған арыз негізінде жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде К.М есімді қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында аталған азамат 14 шілдеге қараған түні Қызылжарма ауылы тұрғынының автокөлігін де жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иемденгені анықталды. Әккі ұры түнгі мезгілде көлік құралының қоршалмаған үйдің ауласында қараусыз қалғанын оңтайлы пайдаланған.

Қазіргі таңда күдікті қамаққа алынды, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Егер де күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


Мал ұрлығын кәсіп еткен барымташылар құрықталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.08.2017 09:31

Қызылордада оңай жолмен пайда табу мақсатында мал ұрлығын кәсіп еткен 25 жас шамасындағы 2 азамат ұсталды.

Оқиға 2017 жылдың сәуір айының 27-сі күні орын алған. Қала тұрғыны өзінің танысымен кездесіп, оңай жолмен пайда табу мақсатында меншікке қарсы ұрлық қылмысын жасау жайлы алдын ала сөз байласып, жоспар құрады.

Екеуі ұрлық қылмысын жүзеге асыру мақсатында түскі уақытта кездесіп, Сырдария жағалауы бойында қараусыз жайылып жүрген сиырларды көріп, айналасында бөгде адамдардың жоқтығына толықтай көз жеткізіп, 5-еуін айдап алып кетеді. Нәтижесінде қала тұрғынына 400 мыңға теңгеге жуық мүліктік шығын келтіреді.

Бұл әрекеттерімен тоқтамай, 8 шілде күні сол аумақтан тағы да 5 ірі қара малын құқыққа қарсы иемденіп кетеді.

Алайда полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қылмыстары әшкере болып, ұсталып, ішкі істер басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 1, 2-тармағы негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау бағытында шаралар қабылдануда.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2017 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары