Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
Тамыз 2018

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛЫП ЖҮР? PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
30.08.2018 15:08

Тарихқа кері шегіне­тін болсақ, осыдан  23 жыл  бұрын елдік­тің бастауы болып табылатын ең не­гізгі құжат қабылданды. Ұзақ мерзімді қызу жұмыстар нә­тижесін беріп, еліміздің Ата Заңы  өмірге  келді. Адам және азамат құқықтарының қорғалуын негізге алған Конституция­мыз – бүгінде әлемдегі ең белді дегендерінің бірі. Сонау­ қыпшақ халқындағы «Кодекс Куманикус», «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағынан бастау алған бұл құжаттың тұрақтылықты нығайтып­, халықтың  әл-ауқатын  жақсартудағы  және демократияны  дамытудағы  рөлі  орасан. Алайда  бүгінгі  күні адам құқығы қаншалықты қорғалып жүр? Ашынғ­андар мен әділетсіздікке тап болғандарға Констит­уцияның  көмегі  тиюде  ме?

Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілге «құқығымыз тапталды» деген адамдардан түсетін өтініштер  мен шағымдар жыл сайын көбейіп келеді екен. Мысалы,  уәкілге 2017 жылы барлығы 1331 шағым (2013 жылы – 1097, 2014 жылы – 1087, 2015 жылы – 1090, 2016 жылы – 1070) түскен. Оның 143-і ауызша болса,­ қалғаны – жазбаша.  Ал  жалпы  арыздардың 1176-сы жеке адамдардан түсіпті. Сараптама  нәтижесі көрсеткендей, уәкілге  Астана, Алматы, Қара­ғанды және Қостанай облыстарының тұрғындары жиі шағым­данатын болып шықты. Ал арыз-шағымдардың ең  көбі  өткен  жылдардағыдай  құқық  қорғау органдарына  қатысты­ екен. Кей сарапшылар «азаматтар тер­геуші­лердің жұмысына көңілі толмай, соларға қарсы жиі арызда­нады» дейді. Күнделікті өмірде де қылмысқа қатысы  бар деп ұсталынған күдіктіні «тергеушілер қинапты, ұрыпты, қылмысты жасамаса да мойнына алғызып­ты»  деген  әңгімені  жиі  естиміз.

Жасырып не керек, мұндай жағдайлардың шын мәнісін­де болғаны да рас. Алайда соңғы уақытта ашылған «Тергеу» соты тергеу әрекет­теріне шағым біл­ді­руге мүмкіндік туғызып отыр. Қылмыстық іс бойынша оң­тайлы өзгерістің енуі елімізде құқық саласының дамып келе жатқандығын көр­сетсе керек. Қылмыс­ты қудалау, прокуратура органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары барысындағы әрекеттеріне шағым білдіре алатындығымыз – адам құқығын қор­ғауда қолға алынған жұмыстардың бірі. Қазіргі таңда осы мә­селеге қатысты шағымдармен жұмыс істеп жатқандарын айтады  адвокаттар.

Мойындағанымыз жөн, көп жағдайда құқығымыз өзіміздің сауатымыздың аздығынан, заңды жетік білмегенді­гіміздің салдарынан тапталып жатады. Мысалы, көлік тіз­гіндеп  келе  жатқанда қарапайым ғана ЖПП қызметкері тоқтатса, қызметкер­дің келуін күтуді бірі білсе, бірі білмей жата­ды. Кейбірінің, тіпті, алып-ұшып жүгіріп барып, жол сақшысына жалпақтап әлек болаты­ны да рас. Бір қарағанда, сыйластықтың белгісі деуі­ңіз мүмкін. Дегенмен көлікте күтіп отырғаныңыздың өзі заң білетініңізді көрсететінін ұмытпаған жөн. Одан қалды, ЖПП қызметкері кезекшілікке шыққанда қызметтік куәлік немесе төс ерекшелік белгісін ұсынуы тиіс. Осы бір қара­пайым ережелерді көлік тізгін­десеңіз, естен шығармаған абзал­. Одан әрі не себепті тоқтатты, куәгерлерінің бар-жоғын сұрай келе, мәселені оңай шешуге болады. Бір жағынан, ақшасыз шешілген жағдайдан кейін ЖПП қызметкерлері «пара алады екен» деген секіл­ді әңгімелер айтылып, шағымдар түспейтін болады.

Тағы бір айта кетерлік жайт, қазір басында несиесі жоқ адамды кездестіру қиын. Той жасасақ та, үйімізге жөндеу жұмыс­тарын жүргізсек те, банкке жүгініп жатамыз. Қысылғанда, көмекке келер несиенің кейін жылап қайтарын біле тұра, алмай­ қоймаймыз. Өкініштісі сол, тіпті, банк ұсынған келі­сім­шартты толығымен қарап шығуға уақыт таппаймыз не немқұ­райдылық танытамыз. Мұны мойындағанымыз жөн. Басты қателігіміз де – сол. Тек автоматты түрде қолымызды қойып, ақшаны алуға асығып жатамыз. Құдды тегін келген дүниедей. Адамдардың осындай салғырттығының соңы көбіне өздерінің опық жеп, бармақ тістеп қалатын жағдайға жеткізіп жатады. Мы­салы, еліміздегі кей банктер 2012 жыл мен 2016 жылдың 1 шілдесі аралығында өздерінен несие рәсімдеген клиенттерінен заңсыз ұстанымдар ұстап келген екен (несие па­йызынан бөлек. - ред). Адвокат­ Мейрбек Даубалаев араға бірнеше жыл салып құқық­тарының тапталғанын білген тұрғындар бүгінде сол ұстанымдарды сот арқылы қайтарып алып жатқанын айтады.

– Барлық банктер емес, санаулы банктер ғана. Солар 2012 жыл мен 2016 жылдың 1 шілдесі аралығында Ұлттық банк Ережесінде көзделмеген комиссиялық ұстанымдар жүргізген. Мұның қызығы, 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап бұл ұстанымдар заңдастырылады. Яғни осы күннен кейінгі келісімшарт­тарды сотқа берсеңіз, сіз ақшаңызды қайтарып ала алмайсыз. Оған дейінгі аралықтағы, яғни заң шықпай тұрып ұсталынған соманы қайтаруға мүмкіндік бар, - дейді ол.

Қазақ қоғамында, жалпы қай кезде болмасын атадан қалған дүние-мүлікке оның ұрпағы ие болып қалған. Алайда заманның өзгергені ме, әлде адамзаттың пиғылының  бұзылғаны ма, бүгінде сол мүлік үшін туған бауыр­лардың араздасып, соттасып жүргендері  көп. Несін  жасырамыз,  анасын да сотқа сүй­ре­гендер жетіп артылады. Әнше­йінде, тату-тәтті өмір сүріп келген ағайынның қу дүние үшін бір сәтте бір-біріне жау атанып, әрқайсысының өз құқығын алға тарта кететін кез­де­рі болып тұрады. Әрине, бес саусақ бірдей емес. Бірі бұл мәселені өзара шешсе, екін­ші­лерінің жаға жыртысып жүр­геніне кім кінәлі деп қаласың?! Тіпті, ұтылған екінші тарап соттың шешімімен келіспей, «әділетсіздік орнады» деп айта­тынын қайтерсің. Дәл осы сот шешімдеріне келіспеген арыздар саны Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілге түсетін шағымдар ішінде екін­ші орында тұр екен. Алайда заң бойынша ешкімнің судьяның жұмысына араласуына құқы жоқ. Десе де, өсиет қалдыру арқылы мәселені оң шешуге болады.

– Бізде қоғамдық санамыздың соған әлі келмегендігі болу керек, өсиет қалдыру ерсі көрі­неді. Тірі тұрған ата-анамыздың өлімін тілегендей боламыз. Бір сөзбен айтқанда, ұяламыз. Егде жасқа келген ата-әжелеріміз де осы мәселеге немқұрайды қарап жатады. Негізінде, бұл әлемдік тәжірибе бойынша ешқан­дай ұят нәрсе емес. Өмір бар жерде, өлімнің де бары рас ғой. Ешкім бұл өмірде мәңгілік емес. Сол  себептен  өсиет – өте жақсы нәрсе. Себебі ол алдағы уақытта даудың алдын алуға көп көмектеседі. Бүгінде туған ата-анасы мен балаларының да соттасып жатқанын көріп жүрміз. Сол себепті, меніңше, осындай дау туындамас үшін атындағы мүлкін өзі қайтқан жағдайда кімге тиесілі екенді­гін шешіп, өсиет қалдырғаны дұрыс. Ал егер қалдырылмай қайтыс болып кетсе, онда бұл жағдайда ҚР Азаматтық Ко­дек­сінің 1061, 1062, 1063-баптарында көзделген 1, 2, 3-ші кезек­тегі мұрагерлерге беріледі. Ол жерде 1-ші болып заң бойынша балалары алады. Оның ішінде қайтыс болғаннан кейін де тірі туған балалары саналады. Мысалы­, әйелі жүкті болып, ішінде баласы қалса деген секілді. Сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы және ата-анасы 1-ші кезектегі мұрагерлерге жатады. Бұлар мүлікті тең үлеспен алады. Егер бұл мұрагерлер жоқ болатын болса, онда 2-ші кезектегі, олар бол­маған жағдайда 3-ші кезектегі мұрагерлерге беріледі, - дейді адвокат  М.Даубалаев.

Көп заңдар халықаралық стандарттарға сәйкес болғанымен, тәжірибеде бұзылып жата­ды. Бұл – ащы ақиқат. Мысалы, қарапайым ғана Консти­туцияның 20-бабын алып қарайық. Мұнда «Сөз және шығармашылық бостандыққа кепіл беріледі. Цензураға ты­йым салынады» делінген. Ал шын мәнісінде, төртінші би­лік саналатын журналистердің де өз ойын еркін жеткізуіне көп кедергілер бары өтірік емес.

– Мәселен, журналистер Конституцияның 20-бабы «Сөз және шығармашылық бостандықты»  өзінің  кәсіби қызметін­де толыққанды пайдалануы керек­. Бірақ олар пайдаланып, сол кәсіби қызметін атқарып жүрген кезде, көптеген кедер­гі­лермен бетпе-бет келіп жатады. Кейбіреулер журналистерді үндетпеу мақсатында, неше түрлі айлаларға барады. ...Көбі­несе адамдар реніштері қанағаттандырылмаса, сотқа береді. Сондай-ақ, менен кешірім сұрасын деген мәселелерді де айтады. Негізінде, сот кешірім сұрата алмайды. Сот тек ғана терістеме шығаруға мәжбүр­лейді. Сосын екінші бір нәрсе – ренжулі, ашынған адамдар журналистерді сотқа беріп жат­қанда, олар ақшалай талап қояды, моральдық залал деп. Моральдық залалды ойдан шығарып алып талап етіп жатады. Ешнәрсесі кетпесе де, 10, 20, 100 миллион теңге өндіргісі келед­і. Біздің заң «қанша қойсаң да, өз еркіңде» деп қараса да, саналы адамның өзінің бір мөл­шері болу керек деп ойлаймын. Мәселен, мен күйзелдім, сосын дәрігерге  бардым. Невролог ма­ған­ мына дәріні жазып берді, осыны алып іштім. Сол дәріні өтейсің десе, жөн. Бізде моральдық залал деп ешқандай мөл­шерге сыймайтын, ешбір қисын­ға келмейтін, санаға кірмейтін соманы талапкерлер қойып жата­ды. «Сөз бостандығы, шығар­машылық  бостандығына кепілдік берілген, құқығы сақталады» деп Конституцияда айтылғанымен, бұзып жүрген адамдар көп. Олар журналис­тикаға, жалпы сөз бостандығына қарсы жұмыс істейді, - дейді «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының сарап­шысы Ғалия Әженова.

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты ХХІV сессиясында «Бір адамның құқығы тапталса, барша Қазақстанның құқығы тапталып жатыр­ деп есептеу қажет» деген­ болатын. Шын мәнісінде, қай құқық қорғау органына бар­саңыз  да, ашынған ана, алдан­ған жан, әділдікке қол жеткізе алмағ­ан адамды көресіз. Заңды белден басқандардың құрбаны болған халық елде әлі де болса адам құқығы қорғалмайды деп ойлайтыны сөзсіз. Десе де, әр адам заң талаптарын өзі орындап, материалдық дүниелерді бірінші орынға қоймай, бо­йындағы құнды қасиеттерінің жойылуына қарсы жұмыс істемесе, кінәні өзгеге артпауды білсе, құқығы тапталғандардың қатары азаяр еді.

Жансая   ЖҮНІСОВА

 


БАСТЫ ТАЛАП – НАҚТЫЛЫҚ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
30.08.2018 14:42

Қайратбек  СӘРСЕНБАЕВ,

Жалағаш  ауданының  әкімі:

– Қайратбек  Әубәкірұлы, Жалаға­ш ауданы әкімі қызметіне кіріскеніңізге  1 жылға жуықтады. Бұрын өндірісті өңір саналатын Шиелі ауданын басқардыңыз. Әңгімеміздің әлқиссасын қос өңірдегі ерекшеліктер жөнінен бастасақ..­.

– Өте  жақсы сұрақ. Ашығын айту керек, Шиелі ауданы жер көлемі, халқының саны, экономикалық әлеуеті  жөнінен Жалағаштан  екі еседей үлкен. Сондай-ақ, ол өңірдің тұрғындары сауда-саттыққа, кез келген кәсіпті бастауға ынталы екендігімен ерекше. Меніңш­е, бұған Түркістан облысындағы тынымсыз тірлік әсер етуі де мүмкін. Оның үстіне Шиеліде өндіріс ошақтары көп. Сәйкесінше, аталған ауданның бюджеті Жалағашқа­ қарағанда әлдеқайда жоғары.

Ал Жалағаш  ауданы ауыл шаруа­шылығы саласына бейімделген. Негізгі бағыты – күріш пен мал шаруа­шылығы. Жасыратыны жоқ, солтүстік аудандарда кәсіпкерлік саласы кенжел­еп қалған. Бірақ, уақыттың талабына сай бұған да бетбұ­рыстар басталды. Менің түсіні­гімде, елдің сенімін­ен шығу үшін халық саны маңызды емес. Алды­мен жауапкер­шілік қажет. Мейлі, халық 40 мыңға жуық болсын, мейлі  80 мыңнан  ассын.

 

– Айтыңызшы, осында  келгелі  не тындырып  үлгердіңіз?

 

– Бір жұмыстың нәтижесін көру үшін кемі 2-3 жылдай уақыт керек. Жаңа қызметке барғанда «ең бірін­ші қандай мәселелерді шешуім қажет?» деп өз-өзіңе сауал қоясың. Мәселен, бір құрылыс нысанын салу үшін бір жыл бұрын зерттеп, жоба-сметалық құжаттарын дайындайсың. Оған кемі 5-6 ай уақыт кетеді­. Мемлекеттік сараптамадан өткізесің, облысқа, сосын барып республикаға  ұсынасың.

Шыны керек, қазір біздің об­лыстағы ең нашар аурухана – Жалаға­ш ауданында. Кеңес үкіметі кезінде бұл нысанның құрылысы басталып, асар әдісімен аяқталған. Асар әдісімен аяқталған аурухананың жағдайы белгілі емес пе? Қазір аурухана құрылысының жоба-сметал­ық құжаттарын жасаттық. Мемлекеттік сараптамадан өткіз­дік. Апатты жағдайда екендігі айқын­далды. Қыруар құжаттарды жинақтап облыстық денсаулық сақтау­ басқармасының басшысымен бірге ҚР Денсаулық сақтау минист­рі Е.Біртановқа бірнеше рет бардық. Қаржы министріне де кірдік. Атқарған жұмысымыздың нәтижесінде 2019 жылы аурухананың құрылысы басталмақ. Жоба құны – 4  млрд  теңге.

Мен былтыр осы өңірге әкім боп тағайындалған кезде көмір тапшылығынан тұрғындар арасында айғай­-шу орын алған. Көмірді іргелес аудандардан тасып, біраз әуре-сарсаңға түскеніміз рас. Әу баста облы­сты газдандыру жұмысы бас­талғанда Сырдария, Қармақшы, Жалағаш аудандары енбеген екен. Оның ішінде ішкі желілерге жоба жасалғанда, Жалағаш ауданы тағы да қалып қойған. Содан облыс әкіміне ұсыныс жасадық. Қырымбек Елеуұлы ұсынысымызды қол­дады. Қазір жоба жасаушы мекемеге 1 қарашаға дейін уақыт берілді. Бұйырса, келесі жылы ауданның ішкі желілеріне газ жүргізіле бастайды. Өздеріңізге белгілі,  Жалағаш, Сырдария аудандары үшін бір АГТС орнату жұмыстары жүруде.

Үшінші мәселе, М.Шәменов ауылдық округіндегі №34 орта мектепті­ң апатты жағдайдағы ахуалы. Бұл жөнінде де тиісті министрлік­термен келістік. 2019 жылы 300 орындық  мектеп құрылысы қолға алынады. Жоба құны 900 млн теңгені құрайды. Міне, өңірге келгелі атқарып жатқан­  басты  жұмыстарымыздың  бір парасы – осы.

 

– Биыл тіректі елді мекендер тізбесіне аудан бойынша Аққұм мен Мәдениет ауылы енген. Аталмыш ауылдар тұрақты дамып отыруы қажет. Дегенмен, олардың даму динамикасы әлі де бәсеңдеу екен. Оған облыс әкімінің өзі де  сын  айтқаны  есімізде...

 

– Екі  ауыл  да  тұрғындарды кәсіп­ке бейімдеу  жағынан  ақсап тұр. Әйтсе де, атқарылған жұмыстар да жоқ емес. Айталық, Мәдениет ауы­лында спорт кешені, мәдениет үйі және балабақша тұрғызылды. Бұл –ұдайы қолдаудың нәтижесі. Аққұм ауылында «Бақдәулет-57» ШҚ мал бордақылау алаңын ұйымдастыру бағыты­нда бірқатар шаруалар жасалуда. Біз халық санына шаққан кезде облыс­та несие алу және кәсіпкерлер­дің санының өсуі жөнінде алдыңғы қатардамыз. Несие алып, кәсібін бастауға ниетті жандарға аудан әкімді­гі­нен бөлінген жетекшілер үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Солтүстік  ауданның  тұрғындарын әлі де бизнеске бейімдеу қажет. Кеше­ге дейін аудан орталығының өзінде көпші­лікке арналған монша болмаған. Биыл 50 орындық монша салынуда. Жақында пайдалануға берілмек­. Жалпы, өңірде кәсіп­керліктің  көк­жиегі  кеңейіп  келеді.

 

– Өткенде  әріптесіңіз, Сырдария ауданының  әкімі Ғ.Қазантаев шаруа­лар су тапшылығынан біраз қиындықтар көріп отыр деген болатын. Биылғы  су  тапшылығы   жалағаш­тық­  шаруаларға  қалай   әсер  етуде?

 

– Биыл біз 22 мың гектардың үстінде  күріш  ектік. Облыс бойынша негізгі дақылды ең көп еккен ауданбыз. Су тапшылығы болғаны рас. Шаруаларға біраз ауыртпашылық түсті. Бұл туралы алдын ала облыстан ескерту айтылды. Дегенмен, тұқымға байланысты 80 гектардай күріш алқабы шықпай қалды. Ал жалпылама алсақ, суды үнемдеу және тиімді ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде бұл қуаңшылықтан аман-есен шықтық  деп  айта  аламын.

– Бұйырса, күріштен  биылғы  меже  қандай? Өткен  жылы  облыс  қамбасына  құйылған  негізгі дақылдың  үштен  бірі  сіздердің  еншілеріңізде  еді...

 

– «Арық айтып, семіз шық» дейді ғой. Былтырғыдан төмен болмайды деп ойлаймын. Өнім 50-55 центнерден жоғары болады деп топшылаймыз.

 

– Аймақ басшысы сізді осы қызметк­е тағайындар алдында «Кенттің келбеті ауылдың кейпінде қалып кетті» деп пікір айтты. Өткенде өзіңізбен жолыққ­анда да кенттегі көгалдандыру жайына  ерекше  тоқталған  едіңіз. Аяқсу жеткілікті ме? Тұрғындардың  белсенділігі   қалай?

 

– Тазалыққа байланысты жылдың басында да сын айтылды. Содан біз үш айды «Тазалық айы» деп жария­ладық. Бүгінде бұл бағыттағы жұмысты күшейттік. Нәтижесінде тазалық реттелді. Көп көшелерге аяқсу келді. Дегенмен, кент ортасында мүйізді ірі қараның жүру фактілері бар. Сондықтан пада ұйымдастыру жөнінде жұмыстар­ жүргізілуде. Ашығын айтайын­, пада ұйымдастыруды «қатырдық»­ дей алмаймын.  Ал абат­танды­руға келсек, кент орталы­ғында «Жеңіс» паркі бар. Сол паркке ел үшін еңбек еткен 13 тұлғаның  бюстін  қою  жоспарланған.

 

– Ауданда  мал  ұрлығы  көбейіпті. Бұл  ненің  көрінісі?  Жұмыссыз­дық­тың  салдары   емес  пе?

 

– Ертеде қазақта барымта деген болған. Сол әдет «қазақтың қанына сіңген бе?» деп ойлаймын. Өйткені, бұған дейін бірнеше ауданда жұмыс істедім. Бәрінде де басты мәселе – осы. Ең бірінші, мал ұрлығын жа­сайтын адамдарға үйде алған тәрбие­сі әсер етсе, екінші жағынан жұмыссыздық та себеп болып тұр. Мұның бір шеті тағы да паданың жоқтығына тірелетін тәрізді. Менің құқық қорғау органдарының бұл бағыттағы жұ­мысына көңілім толмайды. Қайталап айтқым келеді. Мал ұрлығының артуы­на паданың жоқтығы, жұмыссыздық және заңдағы солқылдақтық әсер етуде. Біздің халықтың бір жаман­ әдеті біреудің сиыры жоғалса, ұрылар екі сиыр әкеліп берем дейді де, кеші­рімін алады. Меніңше, оған кешірім болмау керек. Заңды қатаңдату қажет. Себебі қазақтың күнкөрісі төрт тү­лікпен тікелей­  байланысты  емес пе?!

 

– Былтыр   Жалағаш  ауданында адамдарды­ң  суға  кету  фактілері көбейген. Оның  үстіне бірде-бір шомылуға  арналғ­ан  су  айдындары жоқ. Осы  мәселені­  шешу жолы бар  ма? Болса, нендей   шаралар  атқарылуда?

– Биыл аудан көлемінде 1 адам суға кетті. Су айдындарын салу жөнінде ұсыныс жасап жатқан азаматтар бар. Биылғы жылға кеш қалдық. Жобасын келесі жылға дайындап жатырмыз. Негізі, жоспарда тұр.

 

– Ашығын  айту  қажет, бүгінгі жастар­  мемлекеттік   қызметте істегісі  келмейді. Бұл  тұрғыда  жергілікті  жас­тарғ­а   көңіліңіз   тола  ма?

 

– Ең бірінші, мұндағы жігіттердің ұйымшылдығына ерекше тоқталғым келеді. Қарамағымда жүрген жас­тардың болашаққа деген талпынысы қуантады. Өңірімізде құрылған ау­дандық жастар ресурстық орталығы деген бар. Кешегі жастарды қолдауға байланысты  жоба бар ғой. Содан  26 жоба грант алды. Тағы бір айта кетерлі­к  жайт, кешегі ҰБТ-да Жалағаш  ауданының  орташа  балы 87,5-ті құрады. Сөйтіп, бірінші орынды иелендік. Қаладан кейін. Сонымен қатар түлектердің ЖОО-на түсуі жөнінен де бірінші орынға шықтық. Бұл ненің дәлелі? Келешекке сеніммен қарауға болады  деген  сөз.

 

– Өзіңізбен  бірге  сырттан  кадр әкелдіңіз  бе?

 

– Жоқ. Бәрі – жергілікті жердің азаматтар­ы. Бірақ облыста қызмет істеген жастар ауданға келіп еңбек етемін  десе, қарсы  емеспін.

 

– Сіздіңше   ауданда  шешілмей жатқан­  мәселелер  бар  ма?

 

– Әрине, бар. Мәселен, аудан бюджет­і төмендеу. Осыны көтеру керек­. Жол салуға қиыршық тасты емге таппайсыз. Аудандағы «Байқоңыр» әлеуметтік корпорациясына қарасты күріш өңдеу элеваторын қайтадан  іске  қосу  да  қарастырылуда.

 

– Ауданда  жыл  басынан  бері 2  сыбайлас  жемқорлық  фактісі тіркеліпті...

 

– Жақында  «Қазпочта» АҚ Жалағаш­ аудандық филиалының меңгеру­шісі және ветеринариялық стан­цияның басшысы парамен ұсталды. Күні кеше ғана осы мәселеге байланысты  жиын  өткіздім. Бүкіл ауылдың әкімдерін, балабақша меңгеру­шілерін, мектеп директорларын, ауылдық ардагерлер кеңестері төрағаларын осында шақырдық. Сол жиында барлық­ проблема түгелдей қамтылды. Ашық айтылды. Қателігін кеш түсініп, темір торда отырған адамдарды бейнежа­зба арқылы көр­сеттік. Қараңызш­ы, ел сені сый­лап­ төріне отырғызады. Қазақша айтқанда, құрметтеп басты саған тартады­. Денің сау, отбасың аман. Осының бәрі жетпей ме? Мен үнемі айтамын. «Мемлекеттік қызметтен байи алмай­сың. Байығың келсе, кәсіппен айналыс» деп. Хабарыңыз бар шығар, жоғары жақта министр­лер, генералдар тұтқындалып жатыр­ ғой. Бұған қарап, сыбайлас жемқорлықтың түбегей­лі  жоғалатынына   сенемін.

 

– Саясатта   жүргеніңізге  біраз  жыл болды.  Мемлекеттік   саясатты  жүргізу­де­  идеалыңыз  кім?

 

– Көпшіліктің ортасында қал­ғанда кейбіреулер  жүргізіліп  жатқан­ мемлекеттік саясатқа байланысты теріс әңгіме айтып жатады. Соны айтып отырған адамның өзінің өмір тарихын зерттеп қарасаң, отбасын да басқара алмай жүр. Ел үшін Елбасының еткен еңбегі ерекше. Былайынша айтқанда, өз баласындай өсіріп, осындай деңгейге дейін жеткізді. Екінші Қырымбек Елеуұлын айтуға болады. Облыстың әлеуметтік-экономи­калық дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оны ел-халықтың бәрі біледі.

 

– Халық  тарапынан  айтылған сынды  қалай  қабылдайсыз? Ол сізге  қаншалықты  жетеді?

 

– Аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы­ айтылған сын-ескертпелерді күнделікті алдырып отырамын. Сынды­ дұрыс қабылдаймын. Сын орынды болуы тиіс. Кейде ел де артық кетіп жатады. Амал жоқ, оған да көнесің. Барды жоққа шы­ғараты­н, елдің  берекесін  алатын азаматтар да бар. Алғашқы уақытта үстімізден арыз жазғандар да болды. «Анау  жоқ, мынау  жоқ.  Әкім қайда қарап отыр?» деп. Біз де ет пен сүйектен жаралған  адамбыз ғой. Ол да жүрегіңе әсер етеді. Қиналасың дегендей...

 

– Бұған дейін бұл сауалды әріптестеріңізге  де  қойғанбыз. Қайратбек  Әубәкірұлының  жұмыс  істеу  принципі  қандай?

 

– Басты талап – нақтылық. Бір бет баяндама жасасаң да, істің мәні неге тіреліп тұр, соны жеткізсе, бол­ды­. Кейде бума-бума қағазды алдыма­ әкеледі. Бәрі де бір тақырыптың айна­ласындағы дүние. Оны әкелген адам­ға қайтадан беріп жіберемін. Құжат нақты­, әрі жүйелі болуы тиіс. Сосын өтірік айтпау.­ Адалдық. Әділдік.

 

– Мемлекеттік  қызметте достарыңыз  бар  ма?

 

– Мемлекеттік қызметте де, былайғы өмірімізде де достарым көп. Бізге қойылатын талап күшейді ғой. Шындығын айтқанда, еркін-жүріп тұру азайды. Достарымыз да мұны түсінеді. Көп тойға шақыра бермейді. (күліп) Бос уақытымызда бірге болуға тырысамыз.

 

 

– Мендегі  сауалдар  тамам. Айтылмай  қалған  ойыңыз  бар  ма?

 

– Сұрақтарың өте жақсы. Тәуір сұхбат болды деп ойлаймын.

 

Сұхбаттасқан

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


БІЛІМГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БЮДЖЕТТЕ БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ БАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
30.08.2018 14:10

“Алты Алаштың баласы бас қосса...” деп келетін аталы сөзді бұған дейін де жазып жүрміз. Алаш ардақтысының осы сөзінде мән қалды ма деп те дүрліккеніміз бар. Әрине, ақпараттық дәуір ғой. Ұстаздың ұлылығына қарсы ұғым қалыптастырғандар да, солай еткісі келіп жүргендер де жетерлік. Бірақ, өзінен 10-15 жас кіші адамның мұғалімдік мәртебесін көтеріп, өле-өлгенше “ағай” деп атап өткен апаны көзіміз көрді. Әлбетте, педагогтерге деген пейіліміз ол кісімен бірге көрге кетпеген болар. Әңгіме болсын деп емес, сабақ болсын, баз біреулер сабасына түссін деп айтып жатырмыз.

Хош, сөз басына қайта оралайық. Өткен аптаның сәрсенбісінде қаладағы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Шараға шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов арнайы келді. Ал, араға күн салып білім беру қызметкерлерінің об­лысты­қ тамыз кеңесі де ұйымдастырылды. Жиын­ға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшыс­ы Арын Өрсариев, Білім және ғылым министр­лігі жанындағы ақпараттық талдау орталы­ғы президентінің міндетін атқарушы Елдос Нұрланов, “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шамшидиновалар қатысты. Қос шарад­а облыстың бас педагогі Майра Мелдеб­екова төбе көрсетіп, “төрелермен” бірге төрден табылып, ардақты орынға жайғасты. “...төрдегі орын – мұғалімдікі”.

Иә, біздің сөзбасы осы білім жол­басшыларына арналған тәмсілмен бас­талған еді. Басқосу оны дәлелдей түсті.


Н.НӘЛІБАЕВ:

ҚЫЗЫЛОРДА  БІЛІМ  МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ  ОШАҒЫ  БОЛУЫ  ТИІС!

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен тамыз кеңе­сі “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал” тақырыбында өрбіді. Жалпы, тамыз кеңесі – өткенге есеп беріп, алдағы атқа­рылатын жұмыстарды бағамдап, тың тақырыптарды талқыға салатын жауапты жиын. Кеңесті қала әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы ашып берді. Әуелі баяндамасымен облыстық мәс­лихат хатшысы Н.Байқадамов, сонан­ соң облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова білім саласының  маңыздылығы мен тың өзгеріс­теріне тоқталды. Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының робототехника үйірмесінің жетекшісі Р.Сариев “Робототехника және алғашқы  техникалық  модель­деуді қосымша білім жүйесінде үйлестіру жолдары” тақырыптарында хабарлама оқыса, қалалық білім бөлімінің басшысы А.Нұрсейітов 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылындағы алға қойылған міндеттер туралы баяндама жасады.

- Тәуелсіз елдің негізгі тірегі – білімді ұрпақ. Білімді ұрпақты тәрбиелеу үшін алдымен мұғалім мәртебесін көтеру керек­. Осы мақсатта 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңартылған білім мазмұны бойынша 1, 2, 5, 7-сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің жалақ­ысы 30%-ға өсіп, қала мектептері бойынша 4003 мұғалімнің жалақысы көбейді. Басталғалы отырған жаңа оқу жылынан бастап 3, 6, 8-сынып­тарға сабақ  беретін 1545 мұғалімнің жалақысы 30%-ға  артатын  болады, - деді қаланың  бас  педагогі.

Қызылорда қаласы бойынша 2017-2018 оқу жылында жалпы білім беретін 50 мектепті 2141 оқушы бітіріп, оның 1670-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қа­тысты. ҰБТ қорытындысында жалпы орташа балл 90,9-ды құрады. Бұл көр­сеткіш бойынша Қызылорда қа­ласы облыс көлемінде 1-орынға ие болды.­ Мемлекеттік білім грантын иелену конкурсының қорытындысы бойынша 980 мектеп бітіруші (2017 жылы – 612 грант, 44%) грант иегері атанып, өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артты. Сонымен бірге, 2017-2018 оқу жылының қорытындысымен 98 оқушы “Алтын­ белгі” иегері атанса­, 103 оқу­шы “Үздік аттестатты” иеленді.

2014 жылдан бастап аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының тікелей бастама­сымен Қызылорда қаласының түлектері Ресей Федерациясының жоғары­ оқу орындарында білім алуға мүмкіндік жасалып, бүгіннің өзінде Қызылорда қаласынан 346 студент Ресей­ Федерациясының беделді оқу орындарында білім алуда. Осы игілікті бастаманың жалғасы ретінде биылғы жылы да Қызылорда қаласы бойынша 12 түлек Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті­нің, 16 түлек Мәскеу Энергетика университетінің және 29 түлек Санкт-Петерб­ург қаласындағы беделді оқу орнының грантын жеңіп алды.

- Қызылорда қаласы бойынша қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін 54 мектепте (2018-2019 оқу жылында) биылғы жылы 59 мың 127 оқу­шы білім алады деп күтілуде. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 4 мың 125  оқушыға  көп. Бұл –  қала халқының саны  артқандығының  және өңіріміздегі демографиялық дамудың нақты көр­сеткіші, - деді қала әкімі.

2017-2018 оқу жылы бойынша жалпы­ білім беретін пәндер бойынша 8-11-сынып оқушылары арасында респуб­ликалық олимпиаданың об­лыстық кезеңіне қала мектептерінен қатысқан 32 оқушының 26-сы жүл­дегер атанып, олимпиада қорытын­дысымен Қызылорда қаласы ең үздік нәтиже  көрсетті.

Сондай-ақ, Сүлейман Демирел атындағы университетінде 450-ге жуық оқушы қатысқан “InfoMatrix Asia & Pacific” халықаралық компьютерлік жобасында (информатика) “Мұрагер” мектебінің оқушылары І, ІІ орындарға ие болды. Ресейдің Королев қаласында өткен “Адам-Жер-Ғарыш” балалар мен жастардың бүкілресейлік ғылыми-зерт­теулік және оқу-зерттеулік жобалар олимпиадасында тағы да “Мұрагер” мектебінің оқушылары ІІ, ІІІ орындарды иеленді. Әлбетте, жетіс­тікке жетіп, оқушыларына үлгі көрсетуде ұстаздар қауымы да аянып қалған жоқ. Былтыр­ғы оқу жылында №1 мектеп-гимназиясының орыс тілі пәнінің мұғалімі Сәуле­ Әлден және №144 орта мектептің ән-әуез  пәнінің  мұғалімі  Сағатбек  Қарапаев  республикада  өткен “Үздік мұға­лім-2017” байқауының жеңімпазы болып­, миллионер мұғалімдер  атанды.

Жыл сайын жаңа білім ошақтары мен балабақшалар пайдалануға бері­ліп, материалдық-техникалық базалары жаңартыл­уда және мектептер күрделі жөндеуден өткізілуде. Қалада білім саласын қамтамасыз етуге 2017 жылы 18 млрд 2 млн теңге қаржы қаралса, биылғы жылы бұл сома 21 млрд 206 млн  теңгені  құрады.

“Біз жыл сайын қала бюдже­тінің 45-50 пайызын білім саласына бағыттап келеміз. Білім беру нысандарының  саны  да  жыл санап еселеп артуда” деді қала әкімі өз  сөзінде. Біз  білімге бағытталған бюджеттің берері мол екенін  есімізге алып, одан болаша­ғы­мыз­дың  бар  екенін  байқадық.

 

Қ.КӨШЕРБАЕВ:

ТҮЛЕКТЕРДІ  ДҰРЫС  БАҒЫТТАУ – БІЗДІҢ  МІНДЕТІМІЗ

Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында облыс­ педагогтерінің дәстүрлі тамыз кеңесі қорытындыланды. Аймақ басшыс­ы Қырымбек Көшербаев алқал­ы жиында заманауи білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелерді атап өтті. Түйткілдерге тоқталған облыс әкімінің назарынан білім алушы­лардың мамандықтары мен еңбек нарығы­  сұранысының сәйкес келуі де тыс  қалмады.

- Біздің  әрдайым  назарда  ұстайтын ерекше  маңызды көрсеткішіміз – түлектердің жұмыспен қамтылуы. Мойындау  қажет, бізде бұл мәселеде келеңсіздіктер аз емес. Түлектерді бір мамандық  бойынша  даярлаймыз, ал олар мүлде басқа саладан орын табады. Олардың­  қабілеті мен нарықтағы жағдай­ды ескере отырып, түлектерді дұрыс  бағыттау – біздің   міндетіміз, - деді ол.

Сыр өңірінің білім саласында атқары­лған  жүйелі  жұмыстар жетер­лік. Атап айтқанда, бүлдіршіндер мектеп­ке дейінгі  мекемелермен  толық қамтылып отыр. Бүгінде облыста үш ауысымдағы бірде-бір мектеп жоқ. Бұл мәселе шешімін тапқалы қашан? Соңғы 5 жылда апаттық мектептер орнын­а 45 білім ошағы салынып, бұл мәселе де толықтай шешімін тапты. 2013 жылдан бастап жыл сайын 100 дарынды әрі талапты ауыл балалары, оның ішінде аз қамтылған және көп­балалы отбасынан шыққан жастарды еліміздің белді жоғарғы оқу орын­дарына облыс әкімінің грантымен  оқуға түсіру қолға алынған. Биыл оқу грантының саны 100-ден 205-ке дейін ұлғайды. Қарап отыр­саңыз, 2 есеге артқан. Айтуға оңай бол­ғаныме­н, іс жүзінде  жүзеге  асыру қиынның­  қиыны. Осылайша,  бүгінгі таңда грант иегерлерінің саны 900 адам­ға жетті. Биылғы ұлттық бірың­ғай тестілеу­дің қорытындысы бойынша облыс түлектерінің орташа көрсеткіші 85,2 балды құрағаны көпшілікке аян. Бұл  өткен жылмен  салыстырғанда   2,42 балға жоғары. Былтыр қорытын­дысы бойынша түлектердің 97 пайызы жоға­ры  және орта арнаулы оқу орын­да­рына­ түскенін мақтанышпен атап өтуге  болад­ы. Осы жетістіктерді тізбектеп айтып­ келе жатқан Қырымбек Елеуұлы­ “Ендігі нәтиже  де жақсы болады деген­ үміттеміз”  деп  сөзін  түйіндеді.

Әкімнен кейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев, Білім және ғылым министрлігі жанындағы ақпараттық талдау орталығы президентінің міндетін атқарушы Елдос Нұрланов, “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымының басқарма­ төрайымы Күләш Шамшидиновалар баяндама жасап, білім саласына қа­тысты өз ойларымен бөлісті.

Өз кезегінде “Мәскеу болат және қорытпалар институты” Ұлттық зерттеу технологиялық университетінің түлегі А.Тобжан Мәскеуден диплом алып оралған алғашқы студенттің бірі ретінде сол жақта білім алған жастардың атынан аймақ басшысына алғысын­ айтты.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықовтан соң сөз алған облыстық білім басқармасының басшысы Майра Тұрғанбайқызы бірқатар мәлімет­терден мысалдар келтірді.

- 2018-2019 оқу жылында облыстың жалпы  білім  беретін 294 мектебінде 154 559 оқушыны оқыту жоспарланып отыр. 18 942 бала бірінші сыныпқа бара­ды. Жаңа оқу жылында Қазалы және Жаңақорған аудандарында 300 орынға арналған жаңа мектептер пайдалануға берілді. 2017-2018 оқу жылында облыста Қармақшы және Жаңақорған аудандарында 3 мектеп жұмысын бастаған болатын. Бұдан басқа, жылдың соңына дейін Арал ауданында 300 орындық және Қызылорда қаласында 600 орындық мекте­п  салынады, - деді ол.

Қос тамыз кеңесіне қатысушылар үшін де арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушыларының өнер, ғылым мен білім саласында жетке­н жетістіктері таныстырылды. Көрменің басты мақсаты – енгізіліп жатқан инновациялық-ақпараттық технологияларды кеңінен таныстыру, қаланың, облыстың білім беру мекемелерінің жетістіктерін көрсету, білім беру қызметінің сапасын арттыру бойын­ша  тәжірибе  алмасу.

Алғашқы жиын соңында қала әкімі өткен оқу жылында нәтижелі жұмыстар көрсеткен 10 ұстазды алғыс хатпен марапаттап, ноутбук табыстады. Ал, білім беру ұйымдарының облыстық тамыз кеңесінде бірқатар оқытушылар “Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісіне ие болса, “Ыбырай Алтынсарин” медалімен марапатталғандары да болды­. Сондай-ақ, облыс әкімінің құрмет грамоталары және алғыс хат­тары берілді. “Үздік орта білім ұйымы” номинациясы бойынша “Мұрагер” мектебіне 17 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

Рыскелді   ЖАХМАН

 


БАЛЫҚШЫНЫҢ БІР КҮНІ... PDF Print Email
Жаңалықтар - Тіршілік тіні
30.08.2018 13:48

Бұрнағы жылы болған оқиға дейді. Қа­қаған қыс. Балық инспекциясынан «су маржандарын сүзуге уақытша тыйым салынды» деген бұйрық түсіпті. Ал Аманөткелдегі ағайынның бұған мойын бұрғысы жоқ. Қайтеді енді? Шиеттей бала-шағаның қамын жасау қажет. Резеңкі етікті киіп, ау-құралдарын  сайлап, екі ­  кісі ұрланы­п  ашық  теңізге шығыпты. Көк мұзды ойып, ауын құра­ды. Ертесіне бұйырған несібесін ала бергенде, аудан орталығынан балық инспекциясының қызметкерлері сау ете қалған. Ұрлықтың үстінен түскен ғой. Содан инспекторлар «не қылып жүрсіңдер, кімсіңдер?» деп, тергеудің астына алады. Сасқанынан әлгі балықшының бірі «Сиыр іздеп жүрміз» деген екен. Кейіннен бұл оқиға ауыл арасында тез таралып, әзілге айналып кетіпті.

Өткенде балығы тайдай тулаған, шағаласы шулаған айдынды Аралға арнайы ат басын бұрып, балықшы қауыммен тілдесіп қайттық. Ел көшіп кеткен Көне Бөгеннің (қазір 3-4 үй қалған. – Қ.Ж.) үстімен өтіп, түйеге мін­гендей теңселіп, «Тоқал» деген жерге келдік. Жолбасшымыз бұл маңның неліктен бұлай аталып кеткендігін дөп басып айта алмады. Білетіні, ертеректе осы жерде бір ауқатты кісі өмір сүріпті. Мыңғырған малы болған­ көрінеді. Күндердің күні зады момын бір қызға көзі түсіп, тоқал­дыққа алуға тырысқан десе­ді. Әлгі  бойжеткеннің  байе­кеңе көнгені, яки көнбегені белгісіз. Содан бері осы жер «Тоқал»­  аталып  кетіпті-міс. Бізді  мұнда  бастап келген – Әділ  есімді  балық­шы. Осы маңдағы кедір-бұдырдың бәрінен хабар­ы  бар  адам.


ТҮСКЕ  ДЕЙІН

Таң қылаң бере Әдекең суық сумен­ бетін шайып, көк теңізге көз жүгіртті. Іштей не ойлағанын біл­медік. Бастырманың бұрышында ілулі тұрған комбинезонын киіп, сырты матамен қапталған «кәніс­тірге»  су  құйып, анау-мынау заттарды жинақтап, негізгі шаруамызға кірістік.  Әуелі  қозыкөш  жерде жаға­ға жетпей қайырлап қалған қайықтың басын көк теңізге бұрдық. Мотор қосуға ыңғайлы тереңдеу жерге жеткенше ескек есіп, ентігіп қалдық. Сөйтіп, балықшымен бірге ашық теңізг­е аттандық. Көкте шөкім-шөкім дерліктей шарбы бұлттар болмаса, аспанымыз ашық. Тек қарсы беттен соққан аңызақ жел бізді аударып тастайтындай абыржыдық. Өйткені мотордың жылдамдығын арттырған сайын «Прогресс» қайығы қайқаң етеді. Кіші Аралда балықшымен бірге ау қарауға шығамыз деп кім ойлаған? Дегенмен, бізге – жаңалық, Әдекеңе нанпұл қажет. Шамамен, жағадан 10-15 шақырымдай ұзап кеттік. Айналамыз көкпеңбек. Ау салып­ тастаған межелі жерге жетіп­піз. Балықшы «анау жатқан якорьды суға таста» деді. Оның ұшы біздей, түбін ар­қанмен мықтап байлаған, салмағы әжептәуір «бәле» екен. Қайықтың үстінде қалбалақтап тұрып, төменге лақтыра салдым. Бұның негізгі қызметін айтайын. Әлгі якорь су астына түскен соң, салмақпен жерге қадалады. Ол қайықты көгенделген қозыдай етіп ұстап тұрады. Балықшымыз жүз метрлік ау (төрттік ау. – Қ.Ж.) құрыпты. Таңы суитын тамызда теңізде ара-тұра дауылдың болатынын да естігенбіз. Бұған қарайтын балықшы жоқ. Тол­қынмен бірге теңселіп қайығыңыз тұр. Содан аудың арқалығы («құлағы». – Қ.Ж.) мен табанынан тас қылып ұстап, ақырындап жинай бастад­ық. Әдекең іліккен балық­ты көз іліспес жылдамдықпен суырып тастауда. Інісі ескекті балықшының ыңғайына қарай есіп отырды. Бір сағаттың ішінде  құрыл­ған ауды қарап, бір тынығып алдық. Шекемізден шып-шып  тер шығып, аяқ-қолымыз мұздап сала берді. Несібемізге қарай бұйыр­ғаны түсіпті. Үсті-басымыз малмаңдай су. Қайықтың ішінде шабақтар шоршып жатыр. Ал тікені аз тістілер ауға түссе, тіршілігін  тоқтатады  екен.

Ұшы-қиыры   көрінбейтін  көк  теңіз­дің үстінде балықшылар қыздай сызылғ­ан қайықпен сырғып жүр. Соқтал­дай жігіттердің маңдайынан сорғала­п аққан тер тіршілік тінінің толас­тамайтынын тағы да бір түсіндір­гендей. Солармен ілесіп отырып жиекке жеттік. Сүзілген су маржаны самсап жатыр. Әдекең ақбалықты бір бөлек, тістіні бөлек жинап, «кеттік «приемщиктерге» деді. Екі қап балықты асынып, жағада тұрған «Газельге» беттедік. Жиекке жеткенше балықшыда үн жоқ. Құдды бөтен әлемге еніп кеткендей. Сабазың әлгі көліктің қасындағы таразыға асынған балығын аудара салды. Екі көзін таразыға қадаған. Ал жанында алақ-жұлақ етіп өзі құралыптас жігіт тұр. «Әділ қанша келі балық шығарыпты?» дегендей сауалмен. Таразыңыз тұп-тура 22 келі – тісті, 30-40 келі шабақ тартты.

Күнсіген көйлегінің жеңін түріп, терін  сүртті де:

– Біздің күнделікті тірлігіміз – осы. Несібемізге қарай, бұйырғанын алып қайтамыз. Мына теңізді бергеніне шүкір. Әйтпесе, қайтер едік? Отба­сымызды осымен асырап отырмыз,- деді  ол.

Әңгіме  арасында:

– Әдеке, сіз аулаған балық бірден экспортқ­а кететінін білесіз бе? - деп әзіл  аралас  сауал  қойдым.

– Экспорт-мекспортыңды  білмеймін, мұнда келетін «приемщиктер» аман болсын­, -  деді  ол  да  қалжыңдап.

«Балықшы батыстан жел соққанын аңсайды» деуші еді. Рас екен. Сондағы жігіттердің сөзінше, батыс беткейде жел тұрса, балықтың түсімі әлдеқайда артып­, ырыс-несібесі ұлғаятын көрі­неді. Былтыр  сондай  күндердің  бірінде «Тастүбек» деп аталатын жерден   800  келі жайын аулапты. Айтуларынша, бір күнде 480 мың теңге тапқан. Бұлар таңғы сағат бес-алтыда арыс­танның аузынан жем алғандай өлермендікпен еңбекке кіріседі. Теңіз қайбір тыншып жатады дейсің. Бірде мүйіз, бірде киіз ауа райы талай қайықты аударып­  та  тастаған­. Суға  кеткен  жан­дар  қаншама?!  Балықшымыз  қолма-қол қаражатын  алғанн­ан кейін жүзіне күлкі үйіріліп, «ізіме  ер» деді. Сағат тілі 10:00-ді  көр­сетіп  тұр.

 

ТҮС   ӘЛЕТІ

«Прогресске»  қайта отырдық. Содан­ жиекте қалған УАЗ-дың тұсына тоқтадық. Көліктің ішінен балықтың иісі мүңкіп тұр. Шын. Әбден сіңіп қалған ғой. Жолсыз жермен жүріп, бір төбенің жанына келдік. «Жігіттер, бастырмаға келдік. Түскі асты дайындау керек. Жылдамдатыңдар» деді балықшы. Екі бүктетіліп бастырманың ішіне кірдік. Қара жерді тереңдетіп қазған. Ішін пашын­мен қаптаған. Қақ ортада темір ошақ орнатып, ұзына бойы мұржа тұрғызған. Оның жанында күйеге баттасып қалған бір шәйнек, екі қазан, шолпы ілулі. Әйтсе де, бұл қо­ңыр салқын, жанға жайлы жер екен. Былайынша, аз-маз тынығып алу­ға қолайлы енді.

Үйдегідей баптың болмайтыны белгілі. Сондықтан Әдекең жаңа ауланған балықты дереу арша-паршасын шығарды да, қазанға салды. Сол сәтте Әбдіжәмілдің «Қан мен терінде» Еламанның асымдық балық үшін әлсіз мұздың бетіне шығатыны еріксіз есіме оралды. Кешегі мен бүгінгіні салыс­тыруға келмес, әйтсе де, атакәсіптен қол үзбеген жігіттердің бары қуантты. Мұн­дай тірлікке етіміз үйренбегесін бетіміз қызарып, ыстығымыз көтеріле бастады. Сондағы жігіттің бірі «Қазір балықтың сорпасын ішкесін бәрі жазылады» дейді. Бұрышта қара қазанда балық бұрқ-сарқ қайнап жатыр. Әдекең ауық-ауық барып, тұз сеуіп, дәмін байқап көреді. Сәлден кейін «ұн шайып жатырмын. Асқа дайындалыңдар» деді. Шыны керек, мұндай сорпаны қашан ішке­ні­міз есімде жоқ...

Ауқаттанып алғасын әңгімеге көш­тік. Тілшілер келді дегесін бастырмаға балықшылар тұс-тұстан бірі­нен соң бірі ағылып келіп жатыр­. Осы төңіректе болған әңгімелер лек-легімен айтылуда. Соның бірі: күздігүні күн күрт құбылады. Сол уақытта айдынды Арал буырқанып таситы­н көрінеді. Бірде балықшылар әдеттегідей жиекке «палат­ка» құрып, тынығып жатса, бүкіл керек-жарағын су шайып кетіпті. Жағаға асыққан толқын қатты келген ғой. «Теңізден мұндай долы мінез күт­педік» дейді олар. Талай рет тулаған теңіздің толқынына қарсы тұрып, жан екпінмен жағаға асыққан жайттар жиі болып­ты... Айтпақшы, «Прогресс»  қайығының  құны –400-500 мың теңге, ал моторының өзі 650 мың теңге тұрады екен. Балықшы жігіттерден әңгіме арасында естігеніміз ғой.

 

ТҮСТЕН   КЕЙІН

Түскі сағат бірден үшке дейін ау тараштадық. Ол бір төзімді талап ететін шаруа. Шимайланған шетін шығарып, оны тарқатып, арқалығы мен табанын тең ұстап отыру да ептілікті қажет етеді. Содан сағат бесте «жау киімді» қайта киіп, теңізге қарай тағы шықтық. Мойынға карта-навигаторды іліп алып. Бұл құрылғы көк теңіздің үстінде таптырмайтын дүние. Бағытыңнан алда-жалда жаңылсаң, жөн сілтейді. Қайықтың басын айдын­ға бұрып, ау құруға кет­тік. Әдекең әуелі табанын тастады. Інісі әдеттегідей ескекті оның ыңғайына қарай есіп келеді. Құрып жатқанда ау бірдеңеге ілінсе, шимайланады да қалады. Сондықтан мұқият болу керек. Әне-міне дегенше бұл жұмысты да бітіріп, ау маңын­а  қалтқы  қалдырдық.

– Інім, жылда теңізді 1 мамырда жауып, 1 шілдеде ашады. Екі ай бойы сең соққан ба­лық­тай күй кешеміз. Ұсталып қалсақ, адам басына 40 мың теңге айыппұл салады. Егер қайықта біз сияқты 3 адам болса,­ 120 мың теңге. Әңгіме болсын, «запрет» кезде сендердің Қызылордаларыңа барып, денсаулығымды тексер­ттім. «Алтын ине» алдым.­ Дәрігерлер «емдел» деген. Бір-екі күн болдым да, теңізге қарай тайып тұр­дым. Шыдай алмадым. Осы өмірімді сағынып кеттім,- дейді  балықшы.

Кешкілік бастырмаға қайта  келіп, ауқаттанып алған соң, сілеміз қатып құла­дық. Міне, балықшының бір күні осылай өтті. Осылай өте де бермек...

Жалпы, Арал теңізінің маңында Аманөткел, Бөген, Қарашалаң, Қаратерең, т.б. ауылдар орналасқан. Ондағы тұрғындардың тең жартысы атакәсіппен айналысады. Өңірдің арғы-бергі тарихына көз жүгіртсек, 1920 жылдың  25   желтоқсанында «пролетариат көсемі»  В.И.Лениннің Арал балықшыларына жазған хатына орай 1921 жылдың 5 сәуірін­де аш­тықта қалған Поволжье халқына 14 вагон балық жібергені  әлемге белгілі.

Қазір Аралдың балығына сұраныс жоғары. Оның үсті­не сыртқы нарыққа шығу бір жолға қойылған. Ол жағынан ешқандай алаңдаушылық жоқ. Сондай-ақ, келмеске кеткен теңізді қалып­қа  келтіруде қыруар шаралар қолға алынды емес пе? САРАТ­С-2 жобасы толыққанды басталды. Жақын-жуықт­а атқарылып жатқан шаруалар өз нәтижесін береріне шеткейдегі балықшының да үміті зор.

Байқағаным, бастырмада жиналған – кіл жас жігіттер. Негізінен  балық  көктем мен күзде жақсы шығады екен. Осы  уақытта  Аманөткелдегі етжеңді еркек кіндіктінің бәрі осында ағылады. Олар жұмыстың жоқтығынан емес, көңілдің тоқтығынан осында жүр. Телегей теңізден нәпақасын тауып, атадан қалған кәсіптен ажы­раған  емес.

ТҮЙІН. Өткенде ғана облыстың оңтүстігінде орналасқан Жаңақорғандағы Жайылма ауылының, қарт Қаратаудағы малшының, Шағандағы шаруаның бір күндік өмірін хал-қадірімізше  жаздық. Енді міне, теңіздің төскейінде түтінін түтетіп отырған ағайынның тыныс-тіршілігін баян еттік. Біз балықшы қауымнан «барға – қанағат» деген түсінікті санамызға сіңіріп  қайттық.

Қозы   Көрпеш   Жасаралұлы,

Бағдат  Есжанов  (сурет)

 


“БОҚҚА” БАТЫП БАРАМЫЗ... PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
30.08.2018 13:27

Білмеймін, Құдай ақырын берсін. Нұртілеу Иманғалиұлы айтқанындай, “Бай-қуатты болайық” деп барлығымыз жүрміз. Бірақ, батып барамыз, батып барамыз. Аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы бір сөзінде: “Өкімет өлтірмейді” дегенді қою керек. Ол заман өтті” деген еді. Сондықтан болар, биылғы жылды “жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы” деп жариялады. “Қара халықтың қолы аузына жетсін. Тірлік етсін, қамдансын” дегені де. Жөн-ақ. Әйтпесе, соқыр тиын ұстаса көкірегіне нан пісе кететін кедей байғұстың күні қашан да қараң. Шынында, қазақ бай болуға кежегесі кейін тартып, көткеншектеп жатыр дей алмайсыз.

Ұлт жалқау емес. Бірақ, біздің тынымсыз тыраштануымыздың өзі құр аш қалуымызға әкеліп соқтыруға жақын. Басында несиесі жоқ отбасын­ білесіз бе, олардың саны көп пе? Статистика емес, қазақы мысал – бұл. Бізде банкпен “байланысы” жоқ адам аз деп айтуға болады.­ Нені болмасын несиеге алып жүрген, “кім?” деген сұраққа жауап беретіндердің саналы түрде жасаған ісі – осы. “Банкке бар болған­ соң берешегі, бұлыңғыр баз біреудің келешегі” деп бұған дейін де жазғанбыз. Қарыз төлеп күн өткізіп жүрген қаймана қазақтың, қазақстандықтардың саны қанша екен? Мұны білмедік, біздің біл­ге­німіз қазақстандықтар банктерге жалпы  сомасы  6 триллион теңгедей қарыз көрінеді. Бұл туралы tengrinews.kz порталы Ranking.kz зерт­теуіне  сүйеніп  ақпарат  таратты.

Жеке тұлғалардың несие бо­йынша  жиынтық  қарызы  2018 жылдың маусым айының аяғында 5,6 триллион теңгені құраған. Бұл өткен айға қарағанда 2,3 пайызға жоғары. Сарапшылардың мәлі­метінше, бөлшек қарыздардың жарты­сынан  астамы – салық  салынбайтын  несиелер. Олардың  үлесі бір айда 51,3  пайыздан 51,7-ге дейін  өскен.

Бөлшек несие беру құрылымы бойынша онлайн-компаниялардың үлесі маусым бойынша 2 пайызды ғана құрады, бұл – ағымдағы жылдағы ең төменгі көрсеткіш. 2018 жылдың алғашқы жартыжылды­ғындағы ең жоғарғы көрсеткіш науры­зда (4,1 пайыз) байқалған. Жалпы, онлайн-компаниялар ға­ламтор  арқылы жедел  түрде қарыз алу үлгісін ұсынады. Кіші пайыздық мөлшерлемесі 0,25 па­йыздан 1 па­йызға дейін түрленеді. Қарыз беру уақыты – 1 айға дейін (30-31 күн). Ең  азы – 21, көбі – 365 күн.

Ел ішінде “қарызға белшесінен батқан” деген тіркес бар. Қарызды басқа деп алып, батуды тура мағынасында елестетіп көріңізші. “Тәуе­кел­, белуардан келсе де, тыныстауға, қол сермеуге, көмек сұрауға мүм­кіндік қарастырылған” дерсіз. Ал, біз батып барамыз, батып барамыз. Ойлаудың өзі қорқынышты...

 

Рыскелді   ЖАХМАН

 


«МЕРЕКЕ ДЕГЕН ОРТАЛЫҚ АЛАҢҒА ЕКІ ӘНШІ ШАҚЫРЫП, ОТ ШАШУ КӨРСЕТУ ҒАНА ЕМЕС» PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
30.08.2018 13:23

Осылай деп қала әкімі Н.Нәлібаев неге айтты? Ақмешіт шаһары егін жинау маусымына қаншалықты дайын? Дәнді дақылдардың пісіп-жетілуі неліктен кешіктірілді? Есігімізден енгелі тұрған күз мезгілі дүбірлі диқандар тойы мен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойын ұштастырып отыр. Қос мереке қарсаңындағы толғақты мәселелер қала әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде талқыға түсті.

Биыл Қызылорда қаласындағы 7686 гектар егістік жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Оның ішінде 4109 гектары дәнді дақылдар болса, 1044 гектары – малазықтық  жем-шөп, көкөніс, картоп, бақша дақылдары 2533 гектарды құрап отыр. Ал негізгі дақыл күріш  3743 гектарға егілген. Бұл туралы мәжіліс барысында қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Сейілов мәлімдеді.

- Ағымдағы жылы ораққа түсетін  3743 гектар күріш егістігінің шығымдылығын сала мамандары зерделеу барысында   2620 гектарына «жақсы», 936 гектарына «орташа», 187 гектарына «қанағаттанарлық» деген баға беріп отыр. Қазіргі таңда барлық күріш егісінің 40 пайызы гүлдену фазасында болса, оның 60 пайызы пісіп жетілуде, - деді бөлім басшысы Медет Есдәулетұлы.

Егінжай ерлерінің ала жаздайғы еңбегін жинайтын уақыт та таяды. Бүгінгі күні шаруашылық құрылымдары күріш жинауға дайындалып жатыр. Алайда дәнді дақыл 10-15 күнге кеш піседі деп болжам жасалған. Оның себебін бөлім басшысы Медет Сейілов биылғы мамыр-маусым айларында күннің салқын болуымен байланыстырып отыр. Күріш алқабының суын тарту 20 тамыздан бастап он күн бойы жүргізілсе, оны жинау жұмыстары қыркүйектің алғашқы онкүндігінде басталмақ. Бөлім басшысы жиналған күріштің көлемі былтырғыдан аз болмайды деп сендірді. Осы тұста қала әкімі одан «Егін жинау жұмыстарына дайындық өз дәрежесінде ме?» деп сұрады. Медет Есдәулетұлы қазіргі күні жанар-жағармай, техникаға байланысты ешқандай мәселе жоқ екенін алға тартып, бақылауда ұстап отырғанын айтты. Оның сөзінше, жанар-жағармай бағасына байланысты да алаңдауға негіз жоқ.

Қала күні мерекесіне орай қаланың көркіне байланысты түйткілдер де пысықталды. «Мереке деген екі әнші шақырып, ош шашу көрсету ғана емес» деді әкім өз сөзінде. Бұл ретте айтулы датаға орай қала тазалығы, шаһар сәулетінің деңгейі тілге тиек етілді. Қала орталығынан салынып жатқан ғимараттарды,  жарнама баннерлерінің уақытын да сынға алды. Бұл туралы ол жарнама баннерлері ілінгеннен кейін сонда көрсетілген мерзім аяқталған соң алынып тасталуын қатаң ескертті. Содан соң рұқсат алмай, жобасы мақұлданбаған ғимараттардың салынуы туралы талқыланды. Жиын барысында жауаптылар қаланың қақ ортасында құрылысы қаланып жатқан нысанның біреуі «үй» екенін айтты.

- Қазір үй деп отыр. Бірақ үй емес екенін көзіміз көріп отыр ғой. Үй болса, үшінші қабаттан төбесіне жаздық алаң қоймайтын шығар. Әлде қояды ма? Демек, масахана құрып жата ма оған? Архитектор, сенің кемшілігің – сол. Сол жерге барып көрулерің керек еді. Ал сендер көрмейсіңдер. Көздеріңді жұмып алып жүресіңдер, - деп қадап айтты Н.Нәлібаев.

Жауапты бөлім басшыларының жұмысына көңілі толмаған қала мэрі мәселе болғаннан кейін оны сылтауратпай, түйткілді ашық айтуды тапсырды.

- Мәселенің мән-жайын түсіндір, қалай бар, солай баянда. Әдемі сөздің керегі жоқ. Шеттеріңнен идеологсыңдар. Ұстатқыларың келмейді, былай-былай жауап беріп. Оған біз тойғанбыз. Сіздердің айтқандарыңызды мен облыстың басшысына баяндаймын. Басқа елге айтамын. Сендер –мемлекеттік қызметкерсіңдер. Мен ойлаймын, әр сөзіне, өзінің жұмысына жауап беретін шығар деп. Сендер берген ақпаратты мен барып айтамын, ертеңіне ол басқаша болып шығып жатыр. Оны қалай түсінуге болады? - деп кейістік білдірді қала әкімі.

Күн тәртібіне қойылған екі өзекті мәселені кеңінен қараған қала  әкімі аппарат мәжілісінің соңында бөлім басшыларына тапсырма жүктеп, оны хаттамаға енгізуді ұсынды.

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 


Сыр елінің абызы еді... PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
30.08.2018 13:16

«Қадірін білген ерлерге,

Ту жығылып, хан өлді.

Қадірін білмес жаманға,

Тоқсандағы шал өлді...».

Өз заманында Бақа би Әйбекұлы (1829-1913) қайтыс болғанда келіні Айжан осылай жоқтаған екен.

Міне, сондай жоқтауды кешелі бері Сыр халқы да бір дәуірді иығына өңгеріп, бұл фәниден өткен абыз ақсақалға бағыттап жатыр. Тамыз айыны­ң 26-сына қараған түні Сыр өңірінің дамуына өлшеусіз үлесін қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Сейілбек Шауха­манұлының жарық дүниедегі нәсіпті күні таусылыпты. Сексен жасқ­ан  қараған  шағында.

Иә, әр ортаның жарық жұлдызы секілді төңірегіне шұғыла шаша жанып­, жарқырап тұратын айрықша асыл тұлғалары болады. Сейілбек Шаухаманов сондай азаматтардың бірі де бірегейі еді. Қай жерде, қандай­ қызметте жүрсе де, өзіне тән көркем мінезі, салиқалы ойы, тұшымды пікі­рімен танылып, туған елдің мәртебесі мен мерейі үшін адал қызмет жасау­дың тәлімін, өнегелі өмірдің үлгісін көрсетті. Сөйлеп кетсе – шешен, көш бастаса – көсем, пара­саттылықтың, дегдарлықтың эталонындай болған ақылман ақсақал елдің қуанышы мен қайғысында әрқашан бірге болып, халықтың жаны­нан  табыла  білді.

Ол еңбек жолын қатардағы инженерден бастап, лауазымды мемлекеттік қызметтер атқарды. Облыстың бірінші басшысы дәрежесіне дейін көтерілді. Ширек ғасыр облысымыздың Шиелі, Тереңөзек, Жалағаш, Сырдария аудандарында комсомол, шаруашылық, Кеңес, партия органдарын абыроймен басқарып, адал қызмет етті. Сегіз жылдан аса Талды­қорған облыстық халық депутаттары атқару комитетінің төрағасы, Қызыл­орда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық Кеңес­тің төрағасы, облыс әкімшілігінің басшысы, облыс  әкімі болып қызмет  атқарды. Құрметті еңбек дема­лы­сына шыққаннан  кейін  облыстық ардагер­лер  кеңесінің  төрағасы болып­  сайланып, қоғам өміріне белсене атсалысты.­

«Дүйім жұрт сөзін тыңдап, пікі­ріне  құлақ асқанды абыз дейді. Ауыл-аймаққа әмірі жүретінді ақсақал» дейді халқымыз. Сейілбек Шауха­манұлы  осы абыз ақсақалдыққа үлкен өнегесімен жетті. Амал қанша, еліміздің өркендеуі жолында абыройлы қызмет еткен, еліне елеулі, халқы­на қалаулы болған арда азамат арамыздан кетті. «Бұл дүниеде тумақ бар да, қалмақ жоқ». Алайда «артыңда жақсы із қалсын, кейінгі ұрпақ, жұрағатың айта жүрер іс қалсын» деген­дей, дана қариямыздың артынан өлмейтін мұра қалды, өнегелі ісі, қасиетті сөзі қалды. Сол себептен де оның адамзат алдындағы еңсесі биік, азаматтық  тұлғасы  халықтың  жүре­гінде  сақталатынына  сенеміз.

Осы бір ауыр сәтте «Халық» газеті марқұмның отбасына, ағайын-туыстары мен жақын-жуықтарына қай­ғырып көңіл айтады.

Қош болыңыз, абыз ақсақал! Алдың­ыз жарық, иманыңыз кәміл, топырағыңыз торқа, орныңыз жұ­мақтан  болсын!

 

«Халық»  газеті

 


ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ САЛДАРЫ АРАҚҚҰМАРЛЫҚҚА АПАРАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
30.08.2018 13:12

Көп жағдайда екі қолға бір күректің табылмауы­, әсіресе, ер-азаматтарды  күйзел­тіп жібереді. Алдынан шыққан тосқауылға қасқайып тұрар сәтінде, керісінше ішімдікке салынып, уайым-қайғыны ұмытудың оңай жолын іздейді олар. Салдарынан қоғамда маскүн­емдер көбейіп, шараптан шаттық іздегендердің артатыны белгілі. Әрі наркологиялық диспансерде есепте тұрғандарды кез келген­ мекеменің жұмысқа ала қоюы екі­талай. Осы мәселеге алаңдаған мамандар өткен аптад­а дөңгелек үстел өткізді. «Наркологиялық дертке шалдыққан тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсетудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы басқосуда тиісті сала өкілдері төл­құжат дайындау, жұмысқа орналастыру мәселелеріне байланысты пікірлерін ортаға салды.­

– Бүгінде облыс бойынша наркологиялық есепте 6050 науқас тұрады. Олардың 5228-і – араққұмарлар, 812-сі – нашақорлар, 10-ы – уытқұмарлар. Ал жылына 2000-ға жуық сыр­қат емделсе, соның 91 пайызы – жұмыссыздар. Олар бір есепке алынғаннан кейін 3 жыл сол тізімнен шығарылмайтындықтан, сол уақыт аралығында жұмысқа орналаса алмай, қиналып жатады.  Мысалы, көбіне науқастарымыз 2-2,5 жыл ішінде тәп-тәуір болып емделіп, ішімдігін ішпей жүргенімен, жұмысқа орналаса  алмайды. Неге? Өйткені есептен шығуы үшін әлі жарты жылы бар. Содан кейін ғана жұмыс қарастыруына болады. Бұл олар үшін үлкен қиындық тудыруда, - дейді Қызылорда облыстық наркологиялық орталығының бас дәрігері Гүлжихан Нысанова.

Расымен де. Қай мекемеге қызметке орнала­спақ болсаңыз да, аталмыш диспан­серден анықтама алатыныңыз өтірік емес. Статистикалық деректерге сүйенсек, жоға­рыда айтып өткен маскүнемдердің 8,2 пайызының жоғары білімі бар болса, 42 пайызы – арнайы орта білім алғандар. Қалған 50 пайызы­ орта білімділер екен. Сонда елу пайыз жоғары­ және арнаулы білімі бар маскүнемдердің өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуы екіталай деген сөз. Алайда мамандар оларға берілген мүмкіндіктің де жоқ емес екендігін айтады.

– Қалалық жұмыспен қамту бөліміне өздерінің жеке куәліктерімен келсе, біз кез келгені­н  жұмыспен қамти аламыз. Әрине, тек бізге келіп түскен  сұраныстағы мамандықтар бойынша. Ол үшін ешқандай да «есепте тұрмайды» деген анықтаманың қажеті жоқ. Сондықтан оларға бізге келуге кеңес беремін,- дейді  қалалық  жұмыспен қамту орталығының  бөлім  басшысы  Гүлнар  Сексенбаева.

Дөңгелек үстелде мұнан өзге тағы бір мәселе­ көтерілді. Гүлжихан Тасеменқызының айтуынша, бұрын кез келген маскүнемдікке шалдыққан науқасты емдей беретін болса, енді жаңадан енгізілген өзгерістерге байла­нысты төлқұжаты,  яғни ЖСН  нөмірі  бар­ла­ры­ ғана жатқызылатын көрінеді. Өйткені үкімет бұдан былай тек нақты мәліметтері көрсетілген тұлғаға ғана қаражат аударатын болған. Бұрынғыдай бір науқастың бірнеше адамның аты-жөнін айтып, қайта-қайта емделетін заманы жоқ. Әрине, бұл да дұрыс. Әйтпесе, ащы суға тәуелді адамдарды емдеу үшін бюджеттен аз қаржы қарастырылып жатқа­н жоқ. Жағдайы жасалған сайын олардың да есіріп кетуі ғажап емес. Сондықтан ЖСН-ы болмаған жағдайда қайта даярлау қажеттілігі туындайды. Бұл үшін мекеме Көші-қон полициясымен тығыз байланыста жұмыс істеп  жатқандарын  жеткізді.

Жансая   ЖҮНІСОВА

 


БЕЙМӘЛІМ ТЫЛСЫММЕН БЕТПЕ-БЕТ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
30.08.2018 13:10

Тіршілік тылсымына адамзат баласы жиі жолығып отырады. Күнделікті өмір сүру дағдысына өзге бір түсініксіз тіршілік иелері әсерін тигізді дегенге кез келген адам сене бермесі рас. Себебі, барлық адамның көзіне көрініп, қолына іліге бермейтін кейбір нәрселерді дәлелдеу қиынға соғып жатады. Десе де, тылсым тақырыбында өзгелердің пікірін білгісі келетін кейіпкерлеріміз бастан кешкен жайлары туралы жариялауымызды жөн көріп отыр.

Гүлмира, 41 жаста: Осыдан 10 шақ­ты жыл бұрын болса керек, қызық бір оқиғаның куәсі болдық. Үш үй ауыл­дан алысқа барып дарияның дәл жағалауына қоныстандық. Суы мол, шөбі шүйгін жер біздегі сиыр мен жылқы малына қолайлы еді. Дарияның ортасында келесі ауылға өтетін үлкен көпір болатын. Арғы бетте біз сияқты бір малшы отбасы тұрды. Басқа жан адам жоқ. Бір күні әдеттегідей сиыр­ларымды сауып, үйге кірсем, теле­фоныма қарсы беттегі көршім қоңырау шалыпты (Ол күні әйелі мен балалары ауылға кеткен). Мен сыртта жүріп естімей қалған болуым керек. Ертеңіне сол көршімнің ұшты-күйлі жоғал­ғанын  естідік. Суға батып өлген шығар десті жұрт. Сүңгуірлерді шақырып қанша іздеткенімізбен, денесін судан таба алмады. Есіме сол күнгі оқиға түсті.

Сиырларды қораға айдай берге­німде дария жақ самаладай жарық болып кеткенін білемін. Содан кейін әлдебіреу  менің  атымды  атап көмекке шақырғандай сезіндім. Мән бермеген болатынмын. Сонда жаңағы жарық қайдан  пайда  болған?..

Бір күні балаларымды ертіп, түнде далаға  шыққанымда  50  метрдей  жерде дөңгелек бір шар секілді темір­дің 2-3 секундтай ауада қалықтап тұрып, зу еткенін байқадым. Қас  қағым сәт. Жұрт айтатын өзгеғалам­шарлықтар деген осы болды ма екен деймін. Үйге келіп отағасына айт­қанымызда, ол сенген жоқ. Десе де, іштей қайтыс болғаны әлде тірі екені белгісіз көршімді сол бөгдеғаламшар­лықтар ұрлап кеткен жоқ па деп те ойлаймын. Арада 10 жылдай уақыт өтсе де, ол кісіден хабар болмады. Ал отбасы оны өлдіге санап отыр.

Бақдәулет, 17 жаста: Қаланың тұрғыны болғаныммен, нағашымның ауылына көп барып тұратынмын. Ауылдың тұрмысы да қызық көрінеді өзіме. Осыдан бірнеше жыл бұрын жазда барғанымда далада ұйықтадық. Түн ортасы ауған. Бір кезде адам аяғының тысыры естілді. Жанымдағы аға-інілерім шырт ұйқыда. Түн ішінде үй жаққа келген кім деп ойлап жатыр­мын. Сол сәт жаңағы аяқтың тықыры біз жатқан жерге таяды. Басымды көтеріп қарасам, сол жерде малға дайындап қойған жуындыны жаңағы «кісі» төртаяқтап жата қалып, ішіп жатыр. Масаханадан анық көрмеген екенмін, саңылауын ашып қарап едім, адам деп отырғаным қап-қара, түр-тұлғасы белгісіз бірдеңе. Жүрегім тас төбеме шықты. Жанымдағы адам­дар­ды түртіп оята бергенімде, әлгі «қонақ» жоқ болып үлгерді. Аспанға ұшты ма, жердің астына түсті ме? Белгісіз. Таңертеңгі шайда осы көргенімді айтқанымда  барлығы  ішек-сілесі  қата күліп, «фантазияң ғажап екен!» деп келеке етті. «Түсіңде көргенсің ғой» деп жатқандары да болды. Алайда әлі күнге дейін ештеңеге ұқсамайтын сол мақұлықтың құпиясын біле алмай келемін...

Санжар, 25  жаста: Біздің үйде елес бар. Еш қорқынышсыз, қобалжусыз айтып отырғаныма таңғалған болар­сыз. Бірақ дәл солай, ол бізге еш кесірін тигізген емес. Қайта үйдің іші таза болмаса, заттар өз орнында жинақы тұрмаса, «ұрысады». Кейде үйге қонақ­тар келіп, ыдыстар жуылмай азанға дейін қалып қойса, түнімен үйдің ішінде ыдыстардың дыбысы естіліп шығады. Отбасы мүшелерінің барлығы оған үйренген. Есесіне, үйіміз таза (күлді). Оны кейбіреулер «үй иесі» деп те айтады екен. Білмеймін, осы күнге дейін ешкімге қиындық келтірген емес. Бірге өмір сүріп келеміз. Сонда да көңіл түкпірінде бізбен қатар өмір сүретін тіршілік иелері бар ма немесе ол қандай жаны жайсаң елес деген ойдың қылаң беретіні шындық...

Гүлім, 30 жаста: Жоғарғы оқу орнына түскенде алыс қалада туысы­мыздың үйінен қатынау қиын болған­дықтан, жатақханаға жүгімді түсір­генмін. Бесқабатты  жатақхананың  3-қабатында тұрдық. Бізге көршілес бөлмедегі студенттер жиі ауысып, көшіп кететін. Алғашында бұған мән бермесек те, кейін тағы неге көшіп жатыр деп отыратын болдық. Ешкім ештеңе айтпайды, қажетті дүниесін жинайды да тұра қашады. Бір күні жаңадан үш қыз келді. Олар біздің топта  оқитын. Сабаққа бірге дайын­далатын болдық деп мәзбіз. Бірінші келген түні ештеңе білінбеді. Екінші күні түн ауған шақта кітабымды ақтарып отыр едім, қыздардың жан дауысы шығып, шыңғырып жіберді. Жетіп  барсақ,  үшеуі  үш жақта үрпиі­сіп отыр. Жанар қалған екеуіне не болғанын  айтып  жатыр екен. Ұйық­тап жатқан уақытында аяғына жып-жылы бірдеңе оралғанын білген ол көзін ашса, үсті-басты қан, кіндігі де кесіл­меген шақалақтың аяғымен ойнап отырғанын көреді. Бұл тілі байланып қарап отырғанында сәби жылап, сол  жерден  жоқ  болып  кетіпті. Барар  жері болмаған соң қыздар осында қалуды шешті. Алайда әр түн сайын кішкене сәбидің көздеріне көрінуі олардың сабақ оқуына да кедергі  келтірген  еді.

Осы  оқиғадан  кейін  жатақхананың байырғы  тұрғындарынан  сол  бөлмеде тұрған қыздың біреуі ойнап жүріп от басқанын естідік. Босанған қыздың сәбиі өлі туылған. Оны өзі қалай, қайда жерлегені де беймәлім. Біздің құрбыларымызды мазалаған періш­тенің  аруағы  болар, бәлкім?

Сәбит, 27 жаста: Бұл әңгімені маған атам айтып берген болатын. Өзінің басынан өткен. «Түнде құдықтан су алма», «Түнде көлге шомылма» дейтін ырымдар бар ғой. Жігіт шағы. Атам ауылдағы үйдің іргесінде ағып жатқан өзенге шомылып алмақ болып жалғыз кетіп қалады. Судың жағасына жақындағанда әлдебір қыздардың сыңғырлай күлген дауысын естиді. Сөздері түсініксіз. Қараса, су перілері бір-бірін қуалап ойнап жүр екен. Өз көзіне өзі сенбеген атам қайта-қайта көзін ашып-жұмады. Бармағын тістеп алғанда барып, өңі екеніне сенген ол не де болса  оларды  жақыннан  көргісі келеді.  Денесінің  астыңғы бөлігі балық демесеңіз, түрі тура адам секілді. Әрі асқан сұлу екен. Атамды көрген бетте олардың барлығы суға сүңгіп кетіп, бір қыз ғана қалып қой­ған. Сол сәт қызық бір әуен ойнап, атам суға қалай түсіп кеткенін өзі де сезбей қалады. Сонан кейінгісі есінде жоқ. Көзін  ашса, үйінде  жатыр. Үйіне қалай  келгені  түсініксіз.  Ал  ата-анасы мен  бауырлары  болса ештеңе біл­мейтін  сияқты. Сонда түсі болғаны ма? Бір уақытта анасының «балам, өзенге  шомылып  келдің де нәр тат­пай, ұйықтап қалдың ғой, тамағыңды іш» деп  шақырғаны естілді. Ай дидарлы қыздардан қалай айырылып қалғаны есіне түсіп, біртүрлі қамығып қалыпты. Жас жігіттің ойына «су перілері өзі туралы біліп қалған адам жадының  қалаған бөлігін алып қояды» деген  сөзі түсіпті. Бұрын сенбейтін. Ал қазір...

 

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 


САЙТАН ҚЫЗ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
30.08.2018 13:08

Жолын қайта-қайта кес-кестеп қоймаған басын қара бүркеншікпен ораған әйелге атты жігіт қамшысын білеп қатты-қатты зекіп жіберді.

– Жоғал, әрмен!..  Албастыдай кісінің жолын кеспей…

– Жоқ, мен албасты емеспін…

– Онда несің?

– Ақсайтанмын.

– Не  сайтанның  да  ақ-қарасы бола ма?!  Сөзіңе  болайын. Кет ары! Кімді алдамақсың?!

– Не сенбейсің бе? Онда қара бері! - деп басындағы бүркеншікті жұлып алды.

Басы жоқ, тек екі көз ғана ауада қалықтап тұр.

– Енді сенген шығарсың!

Жүрегі тас төбесіне шыққан жігіттің қолынан тізгін сусып кетті. Қалш-қалш етіп жерге қан сиіп жіберген атты ақсайтан жетелей жөнелді.

Жігіт бетіне бүріккен суық судан тітіркеніп есін жиды. Алдында айдай көрікті ару отыр. Тек иегі жоқ. Орнынан сүйретіліп әзер тұрған жігіт:

– Мен қайдамын? - деп сұрады.

– Сен мендесің.

– Қалай?…

– Мен саған ғашықпын.

– Сен кімсің?

– Мана айтқам.

– Шынымен сайтансың ба?

– Сенбейсің бе? Онда тағы көр.

Қыз әп-сәтте қызыл түлкі болып құйрығын бұлғаңдатты да, бір шөкім буға айналып жоқ болып кетті.

Есінен қайта адаса жаздаған жігіт үңгірдің аузына қарай жүгіріп еді, ғайыптан бір дәу тас үңгірдің аузын бітеді де қалды.

–      Ешуақытта қашам деп ойлаушы болма!

– Неге?

– Мен саған үйленемін.

– Ал, мен қосылмаймын.

– Жоқ, өзің мақұлдағансың.

– Қашан?

– Бүгін таңертең.

– Өтірік, мен таңертең сені көргенім жоқ.

– Иә, мен көрінгем жоқ.

– Сонда қалай? Түсіндірші!

– Мен сені баяғыдан ұнататынмын. Саған білдірудің ретін таппай көп жүрдім. Сосын кеше кеште саған келіп едім, ұйықтап қалыпсың. Арқандаулы тұрған атыңа барып жал-құйрығын өріп кеттім. Бұл – біздің белгіміз. Тарқатып тастар деп қорықтым. Бірақ сен тарқатқан жоқсың. Сенің маған берген мақұлдауың – осы.

Жігіт сонда барып атының жал-құйрығының өрулі тұрғаны есіне түсті. Елемегеніне өкінді. Амалын тауып тарқатпақ болды.

– Атым қайда?

– Қазір алып келемін.

Үңгірге қара тер болған атты кіргізген қыз:

– Қазір мен тойға киетін көйлегімді киіп келемін, – деп шыға жөнелді.

Қыз кете сала жігіт аттың жалына жармасты. Тарқатып жатыр, тарқатып жатыр. Құйрықтағы соңғы өрімді тарқатып бола бергенде аппақ көйлек киген қыз жетіп келді. Жетіп келді де:

– Тарқатпашы, жаным?! Мен сенсіз ғұмыр кешкім келмейді, – деп аттың жалын қайта өре бастады...

 

Қ.МҮБАРАК

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары