Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Қыркүйек 2019

Қызылордалық шұлық шығаратын кәсіпкерге «Аға сеньорлар» компоненті көмекке келді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.09.2019 17:45

Қызылордалық жеке кәсіпкер Айгүл Мұхамеджанова осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын өңірде шұлық шығаруды қолға алған болатын. Цехта күніне 350-400 дана шұлық шығарылады. Бағасы да көңілге қонымды, қалтаға жеңіл – 150 теңгеден.

Кәсіпкер жұмысын жүргізуде біршама қиындықтарға кезіккен соң Кәсіпкерлер палатасына жүгінеді. Палата өз кезегінде кәсіпкерге басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, құрал-жабдықтар мен персоналды оқыту мәселелері бойынша тікелей өндірісте кеңес беру үшін нәтижелі жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетел маманын шақыртуға мүмкіндік беретін «Аға сеньорлар» компонентіне қатысуды ұсынды.

Бұл компоненттің артықшылығы шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шығындар (ұшықтың және қызметтер шығыны) республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Тек келген маманның кәсіпкердің нысанында жұмыс жасау барысындағы жатын орны мен ас-суы, сондай-ақ аудармашының (қажет болған жағдайда) шығындарын кәсіпкер көтереді.

Кәсіпкер Айгүл Мұхамеджанова «Аға сеньорлар» компонентінің әлеуетін қолданып, облыстық Кәсіпкерлер палатасы арқылы түркиялық жоғары білікті маман Кенан Йылдырымды алдырды.

«Біз техникаларымызды Қытайдан алдырған болатынбыз. Кезінде қытайлық маман құрал-жабдықты құрып беру барысында мамандарға да жан-жақты түсіндіруі қажет еді. Алайда аудармашының болмауы салдарынан бізде қиындықтар туындап, ол мүмкіндікті пайдалана алмадық. Негізі бұл машинадағы инелерді алты ай сайын майлап, техниканы шашып, қайта жинап тұру керек екен. Соның бәрін Кенан мырза көрсетіп жатыр. Түркиялық маманмен сөйлесуде де аса қиналып жатқан жоқпыз. Себебі өз ұлым Сүлеймен Демирел атындағы колледждің түлегі», - дейді цех басшысы Нұрғазы Болтаев.

Түркиядан арнайы келген сарапшы Кенан Йылдырым Бурса техникалық универститетінің профессоры, инженер, тігін машинасының құрылымын меңгерген кәсіби шебер. Қызылордаға сапары барысында сарапшы маман кәсіпкердің шеберханасындағы тігін машиналарын жөндеудің қыр-сырын жұмысшыларға үйретті. Шетелдік маман 10 күннің ішінде құралдардың барлығын тазалап, тігу дизайнына да өзгерістер енгізіп берді.

«Бұл құрылғылар қолданған сайын ескіріп, жарамсыз болып қалады. Құрылғылардың арасында үнемі қозғалыста болатын бөліктері бар. Аталмыш бөліктер үнемі жұмыс жасап тұрғандықтан көтеру механизмі әбден майдың астында қалып, машина алаңсыз кірлеп қалады. Нәтижесінде құрылғы арқылы тігілген өнімдер дұрыс шықпайды. Сол үшін де тігін машиналарын 6 ай сайын жөндеуден өткізіп тұру керек. Мен осы жолғы сапарымда машиналарға жөндеу жұмыстарын жасап, білген тәжірибеммен бөлістім. Негізгі талап бойынша өндірілетін өнімнің жүзден алпысы мақтадан болуы керек. Жөндеу жұмыстарынан өзге тігу ережелерін де көрсетіп жатырмын», - дейді шетелдік маман Кенан Йылдырым.

Қаламызда бірінші болып шұлық тігу өндірісін бастаған кәсіпкерге әлі де кәсіптің қиын тұстары көп. Сондықтан да кәсіпкер түркиялық маманның көмегімен қоса, өзге өңірлердегі әріптестерімен де қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасып отыр.

Шұлықтарды халыққа тиімді бағада ұсынып отырған кәсіпкер болашақта оның ассортиментін көбейтуді мақсат тұтуда.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.09.2019 17:30

Мемлекет мерейінің биік болуы – қашанда отбасының ынтымақ-бірлігіне тікелей байланысты. Келешегіміздің жарқын болып, алға қойған мақсаттарға жетудің кепілдігі де отбасындағы өзара түсіністік пен татулық тамырының тереңге бойлауында жатыр. Өнегелі отбасы – тәрбиесі қалыптасқан қағидасы бар, береке-бірлігімен, асыл қасиеттері арқылы өзгеге өнеге болар шағын мемлекет.

Отан отбасынан басталатынын ескерер болсақ, алдымен Отанды қорғайтын отбасы мықты болуы шарт. Ол үшін отбасылық құндылықтарды мемлекеттік деңгейде жандандыру, үлгілі отбасыларды насихаттауды қолға алуы керек. Осы мақсатта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен 2013 жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып белгіленген болатын.

Міне, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде ұлт құндылықтарын жаңғырту мен отбасы мәртебесін арттыру мақсатында жыл сайын Отбасы күні дәстүрлі түрде мерекеленіп келеді.

Жуырда Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қармақшы Жастары» қоғамдық бірлестігі мен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен және «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты өнерлі отбасылардың аудандық фестивалі өтті.

Өнер фестивалін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Айдаров ашып, шараның өткізілу және оның маңыздылығына тоқталып, талапкерлерге сәттілік тілеген соң, сахна төріне шыққан Мырзабеков, Бекеев, Тұрымбетов, Аққалиев, Смайлов, Темірбаев, Балшынов, Әбдірайымов сынды өнерлі отбасы мүшелері сан қырлы өнерлерін паш етіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор мәдени шара соңында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы төрайымы Күлжауһар Раева, облыстық «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің Қармақшы ауданы бойынша филиалы төрайымы Үрзахия Махамбетова және аудандық мәдениет және тілдерді дамту бөлімінің басшысы Нұршат Наурызбаевалар фестивальге қатысушыларға өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдіріп, аудан әкімінің орынбасары Е.Меңлібаевтың атынан жазылған алғыс хаттарды табыстап, сый-құрмет көрсетті.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,

Қармақшы ауданы

 


ЖОМАРТ ЖАНДАР ЖЕТЕРЛІК PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.09.2019 11:40

Қайырымдылық жасау – адамның адамдығын танытатын қасиет. Көмекке зәру адамға қол ұшын созып, жәрдем бергеннен ешкім жаман болған емес. Керісінше ғұмырындағы оң істер қатары артып, жақсы адамдар санатына қосылуға бір елі жақындайды. Көшеде қайыр сұраған адамға 50-60 теңге тастап кетсең, кем болып қалмайсың. Ал, ол адам сенің берген тиын-тебеніңе аз уақытқа қарнын тойдырып, ас-су алып ішеді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, жақсылық ешқашан да елеусіз қалмайды. Қай күні болмасын, жақсылығың өзіңе қайтып келері анық, тек оны міндетсінбесең болғаны.

Қазіргі таңда адамдар адам атына лайықты іс істеуді қайта үйреніп келе жатқандай. Жығылғанға сүйеу болып, жылағанды жұбатуға дайын жандар арамызда аз емес. Көмекке зәру жандарға жәрдем беруге асығатын жандардың қолдауымен өтіп жүрген сауабы мол істер саны күннен-күнге артып келеді.

Қызылордалықтар жақсылық жасаудан жалыққан емес. Мұқтаж жандарға кішкене бақыт пен байлықты сыйға тартып жүрген жомарттар тағы да бір қайырымдылық шараның шымылдығын ашты. Ағымдағы жылдың 13 қыркүйек күні қаладағы Ы.Жақаев көшесінде орналасқан «Жанды арбат» бойында жақсылықты жаны сүйетін жандар ертемен жиналып, сауабы мол іс жасады.

Қызылорда қалалық әкімдігінің қолдауымен «Жомарт» қоғамдық бірлестігі «Жастар жылы» мен «Қала күні» аясында «Мен – қамқоршы жас» қайырымдылық акциясын өткізді.

Жүрегі жылу мен жомарттыққа толған жастар өзіне деген қымбат және сүйікті заттарын сыйлыққа тарту етті. Акция барысында жастар тарапынан тартылған сыйлықтар қатарынан мезгілдік киімдер, кітап, ойыншықтар мен оқу құралдары табылды. Сыйлық тарту еткен жастар жүрегіндегі жақсы істер қатарын толтырып, көңілді стикерлер мен жақсы көңіл күйдің иелері атанды. Игі іс жасауға шақырған акция арқылы болашақ жастарды жақсылық жасауға үйретіп, мұқтаж жандарға кезекті көмек беруді қолға алды.

Шараның ұйымдастырылуына қолдау білдірген қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысына алғыс білдіремін. Акцияға келіп, атсалысқан жастарға рақметімді айтамын. Қарапайым акция өткізу арқылы мұқтаж жандарға демеу болып, көмек көрсету жоспарланған іс-шара жоғары деңгейде өтуде. Осындай көмек беру арқылы елдің болашағы, жастарымыз жақсылық пен жомарттық жасауға үйренетін болады, - деді «Жомарт» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Майя Жомартқызы.

Қайырымдылық акциясына қатысушылар қатарынан жас студенттер мен оқушылар, ұстаздармен бірге, қарапайым жандар да табылып жатты. Жиналған заттардың барлығы «Жомарт» қоғамдық бірлестігінің көмегімен көпбалалы отбасыларға үлестірілетін болады.

«Кең болсаң, кем болмайсың» демекші, жақсылық жасауға асыққан жандардың көптеп табылып, көңілге жылу ұялатқаны жасырын емес. Қолындағын мұқтаж жандарға ұсынған жандардың барлығы өзгеге үлгі боларлықтай іс жасады. «Қала күніне» орай ұйымдастырылған қайырымдылық акцияның алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жүрегіне жылу толған жандар қатары көбейетініне сеніміміз мол. Қайыры болар қайырымды іс жасауға асығайық!

Аслан  Жайқонсұлы

 


АУЫЛДАРДЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.09.2019 10:05

Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков елді мекендерді аралап, тұрғындардың пікірлерін тыңдады.

Ақтөбе, ІІІ-Интернационал, Жаңажол, Иіркөл, Жосалы, Қармақшы ауылдық округтері мен Қызылтам елді мекенінде болып, әлеуметтік нысандарды арнайы барып көрді.

Сонымен бірге ауылдық округ әкімдерінің осы кезеңге дейін атқарған жұмыстарын тыңдап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Өз кезегінде тұрғындар аудан әкімі Мұса Оспанұлына ізгі-лебіздерін жеткізіп, алдағы атқарылатын шаруларға ұсыныстары мен тілектестіктерін білдірді.

Тұрғындармен кездесу алдағы уақытта Төретам кенті мен Ақай ауылдық округтерінде жалғасатын болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


АУДАН ӘКІМІ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.09.2019 09:45

Қармақшы ауданы әкімі Мұса Қалдарбеков орталықтан шалғайдағы Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай Ахун, Дауылкөл, Ақжар ауылдық округтерін аралады.

Жұмыс сапары барысында ауылдық округтерде орналасқан әлеуметтік нысандарда болып, дәрігерлік амбулатория, мектеп, балабақша, ауыл әкімінің аппаратының жұмысымен танысты.

Сала басшыларына ауыл тұрғындарымен әрқашан байланыс орнатып, халықтың өтініш-пікірлерін ескеріп отыруды тапсырды.

Аудан басшысы Мұса Оспанұлы әлеуметтік нысандарды аралау барысында тұрғындарға алдағы уақытта да атқарылатын жұмыстар қарқынды жүргізілетінін жеткізді.

 

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


«ҚАЛА КҮНІ» БІР АЙ ТОЙЛАНАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.09.2019 16:30

Биылғы жылы «қала күні» ерекше әрі жоғары деңгейде атап өтілуде. Мерекелік іс-шаралар бір ай көлемінде, яғни 11 қыркүйек пен 12 қазан аралығында тойланады. «Қала күніне» арналған іс-шаралардың ашылуы ретінде 11 қыркүйек күні “Достық үйі” ғимаратының алдында республикалық «КТА» фестивалін ашық аспан аясында ұйымдастырылу жоспарланды.

Жастар жылын атап өту мақсатында өткізілетін шараға “Көңілді тапқырлар алаңы” жобасына қатысушы республикалық үздік 11 команда бақтарын сынаған болатын. Олардың ішінде Орал қаласынан «24 сағат» пен «ҚазИИТУ», “Қарағанды құрамасы”, Жамбыл облысының «Шу-Чу» мен «Тараз 2000» құрамалары, «Арыс» (Түркістан облысы), Алматылық «Ауылдар құрамасы», «Арал-Ас», «Қармақшы» құрамалары және жергілікті «Қорқыт жастары» мен «Қорқыт» командалары додаға түсті. Республиканың үздік командалары көрерменге әсем ән мен әдемі би, астарлы әзіл мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әр апта сайын теледидардан күтетін бағдарламаны қала тұрғындары ашық аспан аясында тікелей көруге көптеп жиналған.

Фестивальді «Әзіл әлемі» театрының директоры, танымал әзіл-сықақшы Тұрсынбек Қабатов жүргізді. Республикаға танымал Нұржан Керменбаев, Дастан Оразбеков пен Қанат Әлжаппаров секілді өнерпаздар қатысып, әділ қазылар алқасының құрамынан табылды. Ал фестивальдің жалпы жүлде қоры 1 млн 950 мың теңгені құрады. Шара қорытындысымен үшінші орынды (300 мың тг) Орал қаласының «ҚазИИТУ» командасы жеңіп алса, екінші орын (500 мың тг) «Тараз-2000», қала әкімінің бас кубогін 1 миллион қаржылай сыйақыны Арал қаласынан келген «Арал-АС құрамасы жеңіп алды.

Өз сүйікті құрамаларын көріп, қазақы әзіл-қалжыңға қарық болған қала тұрғындары осылайша қала күнін тойлауды бастап кетті. Әдемі фестивальмен басталған бір айлық қала күні әлі де талай іс-шаралармен жалғасады. Негізінен, қала күніне 40-тан астам мәдени көпшілік шараларды ұйымдастыру жоспарланған.

Қала күніне арналған бір айлық мерекелік шаралар барысында әр саланың үздіктерін анықтау мақсатында:

  1. 1. 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында «Q-LOVE» фотобайқау
  2. 2. Қаладағы көпқабатты үйлер арасында «Үздік аула – 2019» #QBEST байқауы
  3. 3. «Мерекеңмен сүйікті қалам» атты #QVINE қаланың көрікті жерлерінен видеороликтер әзірлеуден байқау
  4. 4. Қаланың жас композиторлары арасында «Жастар жылына» орай «Үздік хит» ән байқауы
  5. 5. «Мен – қамқоршы жас» атты кәсіпкерлер арасында «Қоғамға жылулық тарту етейік» ұранымен қайырымдылық акция жарияланды.

Сонымен бірге қала күніне арналған 40-қа жуық көпшілік шараның тізбегі мәдени апталықтарға бөлінді:

11-14 қыркүйек – «Қызылорда – армандар орындалатын қала» жастар апталығы;

15-21 қыркүйек – «Жанұяммен мақтанамын» қайырымдылық шараларға және отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған апталық;

23-28 қыркүйек  –  «Туған жер – алтын бесік» атты білім апталығы.

30 қыркүйек - 12 қазан – «Мәдениет мәйегі – Қызылорда» атты мәдениет және руханият апталығы.

12 қазан күні «Алтын дән – 2019» облыстық Сыр еңбеккерлерінің фестиваль қорытындысы, қаланың әр мөлтек аудандарында ауылшаруашылық жәрмеңкелері.

«Қала күніне» арналған іс-шаралардың қорытынды гала-концерті, мерекелік отшашу, «Алтын дән – 2019» үздіктерін марапаттау және «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағын табыстау шаралары – Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда өткізіледі.

Аслан  Жайқонсұлы

 


ҚАРЫЗЫ КЕШІРІЛЕТІНДЕР КІМДЕР? PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.09.2019 16:17

Қазіргі таңда Президенттің Жарлығы бойынша қарыз жүктемесінің төмендеуі мен несиенің бір бөлігін жабу жүріп жатыр. Бұл хабар барша қазақстандықты қуантқаны рас. Алайда халық арасында бұл жеңілдікті кімдер пайдалана алады, қарызы кешірілетіндердің тізімінде болмаса не істеу керек деген сұрақтар туындауда. Сол себепті де бүгінгі таңда ХҚО адамдардың қарасы қалың.

Жарлық бойынша несиенің бір бөлігін жабу көпбалалы отбасыларға, асыраушысынан айырылған, мүгедек баласы бар отбасылар, 18 жастан үлкен бала кезінен мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 29 жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелет жасқа дейін ата-анасынан айырылғандарға арналған.

Несиелік рақымшылық – бір реттік. Ол Қазақстанның борыштық жүктемесін төмендетуге және Қазақстанның несие-қаржы жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Негізінде өз мәртебесін тексеру үшін ХҚО келудің қажеті жоқ. Оны enbek.gov.kz, egov.kz  сайтына кіріп, өз ЖСН жазып мәртебесін білуге болады. Немесе 111 біріыңғай нөмеріне хабарласу қажет. Ең соңынан басқа амал қалмаған жағдайда ғана ХҚКО бару қажет.

Алайда егер сіздің аты-жөніңіз тізімде болмаса және сіз онымен келіспесеңіз, онда сізге 111, 74-32-20, 75-01-79 және 75-01-78 нөмірлеріне хабарласу керек. Егер сізді тізімнен алып тастау себебімен келіспесеңіз, онда Сізге банкке немесе несие берген микрокредиттік ұйымға жүгіну қажет.

Қазіргі таңда осы науқан кезінде облыс бойынша ХҚО үзіліссіз қызмет көрсетуде. Осы уақытқа дейін ХҚО қарыз жүктемесін жабу мен несиенің бір бөлігін төлеу бойынша 15000-ға жуық халыққа қызмет көрсетті. Уақыттарыңызды әр қалай жұмсауға болады. Бірақ, біз әрқашан сіздер үшін оңтайлы шешім табуға тырысамыз және бос уақыттарңызды жақындарыңызға көбірек жұмсағандарыңызды қалаймыз.

«Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы»КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 


ЖАС АНАЛАРҒА ПРОАКТИВТІ РӘСІМДЕУ ЖОЛДАРЫН ҮЙРЕТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.09.2019 16:10

Отбасы күні мен аналар күніне орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиал қызметкерлері «Ана мен бала» орталығында болып, мереке қарсаңында дүние есігін ашқан нәрестелер мен олардың аналарын құттықтады.

Шара барысында мамандар жаңа босанған аналарға бала тууына байланысты мемлекеттік қызметтерді смс-тің көмегімен онлайн түрде проактивті рәсімдеу жолдарын үйретті.

Айта кетейік, Қазақстан осыдан 1,5 жыл бұрын ТМД мемлекеттерінің арасында алғашқы болып проактив әдісімен мемлекеттік қызметтер көрсете бастаған болатын. Бала тууына байланысты үш мемлекеттік қызметті бірден алуға мүмкіндік беретін проактив қызметі аясында жаңа босанған аналарға құттықтау хабарламасы жолданып, перзентханадан шықпай-ақ, баланың туу туралы куәлігіне тапсырыс, әлеуметтік жәрдемақының тағайындалуына өтініш беріп, балабақша кезегіне тұру ұсынылады.

Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша проактивті қызметі арқылы 6473 мың баланың туу туралы құжаты рәсімделіп, бала тууға байланысты берілетін жәрдемақы 951 балаға смс арқылы тағайындалды, 1039 бала балабақша кезегіне қойылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік корпорация атаулы күнге орай аналар арасында «Анаға цифрлық жәрдем» атты байқау жариялаған болатын. Байқау шарты бойынша құжаттар мен жәрдемақыны проактивті тәсілмен онлайн түрде рәсімдеген ата-аналар «Азаматтарға арналған үкіметтің» инстаграм желісіндегі gov4c.kz ресми парақшасына тіркелуі және өз тәжірибесімен бөлісіп, әлеуметтік желіде пост жазуы тиіс. Ең үздік деп танылған 3 жазба авторлары bebek.kz интернет-дүкенінен «Sweety» брендінің жөргектерін бір ай бойы алуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болады. Жұбаныш сыйлығы ретінде тағы бес жеңімпаз балалар азығын, ыдыс-аяғын, күтім құралдарына қосымша сертификат алады. Байқау жеңімпаздары 15 қыркүйек – Аналар күні анықталатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы»КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 


ҚАЗАЛЫДА «ҚАМҚОР PARK» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.09.2019 16:05

«Жеңіс» саябағында игілікті іс жасалды. Бұл күні саябақ аумағында «Қамқор Park» аллеясы ашылды.

Аллеяның ашылу салтанатында сөз алған Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаев қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, экологиялық ахуалды жақсарту бағытында жасыл желектің атқарар қызметі ерекшелігін, жайқалған жасыл ағаштардың табиғаттың ғажап сыйы екендігін, қазыналы Қазалы өңірінде жыл сайын көктемгі көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық айлығы кезінде аудан орталығының өзінде алты мыңнан астам көшеттер отырғызылып, бұрыннан бар талдар ретке келтірілгенін, туған жердің гүлденуіне тұрғындармен қатар, мекеме, кәсіпорын ұжымдары да ерекше үлес қосып жүргенін, әсіресе, ғасырдан астам тарихы бар теміржол мекемелерінің үлесі қомақтылығын, жуырда Диас Сүлейменов басқаратын «Қамқор Менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арнайы «Қамқор GREEN» бағдарламасын қабылдап, республика көлемінде ауқымды шараларды қолға алғанын, шағын қалалардың тұрғындары үшін салауатты және эстетикалық толыққанды табиғи ортаны құруға бағытталған «Қамқор Park» жобасынның ағаш отырғызу акциясы аясында «Жеңіс» саябағының ішінен арнайы аллея ашылғалы отырғанын жеткізді.

Шарада «Қамқор Менеджмент» ЖШС бас директорының орынбасары Руслан Шәкенов, еңбек ардагері, Кеңес Одағының «Құрметті теміржолшысы», Батыс Қазақстан теміржолының вагон шаруашылығында басшы қызметін атқарған Бисембай Майсутов, аудандық ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов тілек білдірді. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, өзге де ел ағалары «Қамқор Park»аллеясының лентасын салтанатты түрде қиып, талу егу рәсіміне қатысты.

Аллеяның ашылуына Талғат Әліпбаев басшылық жасайтын Қазалы вагон жөндеу депосы – «Қамқор вагон» филиалы ұйытқы болып, арнайы жүргінші жол салып, орындықтар орнатты. Бұл күні теміржолшылардың көмегімен аллеяға 500 түп көшет отырғызылды. Олардың арасында жыл бойы жасыл түсін сақтайтын шырша, қарағай сияқты ағаш түрлері бар. Осындай шаралар Қазалы ауданына қоса Аягөз, Шалқар және Шар секілді шағын қалаларда да ұйымдастырылып, 2000 түп қылқан жапырақты көшет егілгенін атап кетккен жөн.

Жұмабек  Табынбаев

 


ОБЛЫС ӘКІМІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІН 85 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.09.2019 13:10

Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Қазақстанның құрметті журналисті, қазақ радиосының үздігі, Қорқыт ата мұраларын насихаттаушы Ахат Жанаевты қабылдап, мерейлі 85 жасымен құттықтады.

«Кеңестік кезеңнің өктем саясатына қарамастан Қорқыт мұраларын жазып алуды алдына мақсат етіп қойған Ахат ағамызға бүгінгі және келешек ұрпақтың зор алғыс айтары сөзсіз. Ахат ағамыз ұзақ жылдар қазақ радиосының облыстағы меншікті тілшісі қызметін атқара жүріп, Сыр елінің жауһар жәдігерлерін келешек ұрпаққа жеткізуді өз мақсаты етіп қойды. Қорқыт Ата, Мұзарап, Ешнияз сал, Әлшекей, Досжан, Жалмырза, сондай-ақ, Сыр сүлейлерінің  ұмыт бола бастаған шығармалары Ахат ағамыздың табанды еңбегінің арқасында өскелең ұрпаққа жетіп, қазіргі таңда ел арасында кеңінен насихатталып жүр»,-деді аймақ басшысы.

«Қорқыт ата мұрасы: дастан, аңыз және музыка» деген атаумен ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілді. Бұл айтулы жетістікте де Ахат Жанаевтың зор үлесі бар.

Облыс әкімі мерейтой иесіне Сыр елінің мәдени-рухани дамуына қосқан ерекше үлесі үшін облыстың ең жоғарғы марапаты Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.

Сондай-ақ, бүгінгі шараға замандастары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрайымы Қаршыға Есімсейітова құттықтау сөз сөйледі.

Қазақ радиосының үздігі, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі», Жалағаш, Сырдария аудандарының «Құрметті азаматы» - Ахат Әбжаппарұлы 1934 жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтын және Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген. Қазақ радиосының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып 30 жылдай еңбек етті. 1987 жылы қалалық кеңестің депутаты болып сайланған.

Қорқыт күйлерін қайта жаңғырту арқылы халыққа танымал болды. 1975 жылы қарт қобызшы Нышан абыздан жазып алған Қорқыт Атаның 12 күйі бүгінде Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында сақтаулы тұр.

А.Жанаевтың «Арысы едің Алаштың», «Өтелген парыз», «Беркінбай әулие: аңыз бен ақиқат», «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» атты кітаптары жарық көрген.

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары