Өзекті мәселелер

  • 19.04.18

    ӨМІР   СОҚПАҒЫ...

    Жол – экономиканың күретамыры, тіршілік ізі. Қала ішіне қамшының өрі­міндей таралатын сол жолдардың  қазіргі  жағдайы  қандай?

    Көктем бастала салысымен Қызылорданың орталық көшелері ғана емес, шетаймақ жолдарына да жан біте­тіні бар. Қазіргі күні қала бо­йынша ұзындығы 619 шақырымды құрайтын 766 көше бар. Оның 503,2 ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Жақында үйге туыстарымыз келіп, кішкентай бүл­діршіндермен оңаша қалып, бала да болса әңгімеге тарттым. Сөйтіп «Кімге еліктейсіңдер?»  деп  сауал  тастадым. Сонда 8 жастағы інім «Бэтмен», «Өрмекші адам», «Халк», «Темір адам», «Флеш» секілді шетел мульт­фильмдерінің басты кейіпкерлерін тізбектей жөнелді. Арасында бірде-бір қазақ батырл­арының есімі жоқ. Онысымен қоймай, сол кейіпке­рлердің өзіне...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    «Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Олай болса­, сұлулықты ит те сезеді». Жазушылық жылнамасында әйел, ана тақырыбына ең көп қалам сілтеген талантты жазушы Ғабит Мүсірепов осылай депті. Иә, сұлулықты кім жақсы­ көрмейді, сұлулық кімге билік жүргізбеген десеңізші? Бота көзді, шие ерінді, үріп ауызға салғандай сұлу! Қыздардың осы сипаты қазір бар ма? Әрине, бар. Бірақ көзін линза арқылы қ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Қаржы және қоғам

    - Бұрын бәрін кадр шешкен деседі. Осы рас па, әлде өзгенің бе өсегі?

    - Иә, қазір қоғам емес кешегі, қаржы бәрін шешеді... Қысқартады, кеседі. Өшіреді, өседі... Қаржысы жоқ қасқаның маңдайда соры бес елі.

    - Сонда кадр ешнәрсе шешпей ме?

    - Жоқ, ол да аз-маз шешеді. Қаржың болса қалтаңда,...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    МЫҚ  ШЕГЕ  ҚАЙДА?

    Профессор  Темірбек

    ҚОЖАКЕЕВ  рухына Толығырақ...

Қараша 2011

ПАРТИЯЛАРҒА ЖАН БІТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
25.11.2011 09:26

Әншейінде қоғамда орын алып жатқан келеңсіз жәйттерге, ұлттық, мемлекеттік мүддеге бас ауырта бермейтін (ал заңды болсын­, заңсыз болсын, билік партиясы – «Нұр Отанның» қай істе де әсіредемократтығы өз алдына)­ саяси партиялардың үлкен доданың дүбірі естілісімен-ақ «атқа қонғаны» қайран қалдырады. Қазір сайлау алдындағы қарбалас қатты, сәуірдегі  сайлаудағыдай бұл жолы да әбігерге түскен әр партия ұпай жинаудың ұтымды жолдарын қарастыруда.

 

Сайлаушылардың көпшілік дауысына иелік ету үшін қай-қайсысы да аянып қалмақ емес. Әйтсе де бір нәрсе анық, көш жердегіні күні бұрын сезетін «Нұр Отанға» қай жағынан да «жасыл шам» жанып тұр. Ал сайлау болатынын аяқ астынан білген өзге партиялар етек-жеңін жинап үлгермей бір қалса, ертең үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде оларды аяқтан шалып, «көреген көздер» етектен екі тарта­ры сөзсіз. Бір қызығы, елдегі­ оппозиция бірін-бірін енді түгендей бастады. Апта басынд­а тіркелмеген «Алға» партиясының бастамасымен демократ­иялық күштердің жиыны­ өтті. Парламент сай­лауына қатысу жайын қаузады. Қазір елдегі тіркелген жалғыз оппози­циялық партия – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) екені белгілі. Демек, оппозициялық ұйымдарға осы партияның ая­сына біріккеннен басқа амал­дары жоқ. «Азат» ЖСДП тең төрағаларының  бірі Б.Әбілов бұл мүмкіндіктен  құр қалмай, алдағы сайлауға бірігіп қатысу керектігін айтса, тіркелмеген «Алға» пар­тиясының жетекшісі В.Козлов та көмек беруден кетәрі емес. Есесі­не қай кезде де бүйректен сирақ шығарып жүретін Ж.Қуаныш­әлин бұл сайлауды да заңсыз деп санайды. Оның бар ойы – бойкот­. Қазақстан коммунистік партиясы сот шешімімен жұ­мысы алты айға тоқтатылғанына қарамастан, сайлауға қатысуға өтініш жазатын болды. Ал «Нұр Отан» партиясының төрағасы, президент Н.Назарбаев 25 қарашада партияның XIV съезін шақыру туралы қаулыға қол қойса, жуықта төрағасы ауысқан «Ақ жол» партиясының президиумы 27 қарашада Алматыда сайлауалды съезін өткізетінін хабарлады.

Адамнан айла артылған ба? Мерзімінен бұрын өтетін Мәжіліс сайлауында кейбір партиялар қатарлары­н елге танымал тұлғалармен толықтырып, саяси ұпай жинауға көшкен. Алғашқы тосын саяси жүрісті «Руханият» жасады, партия қатарын азулы ақын М.Шаханов пен Президент сайлауында тіл сынағынан сүрінген оппозициялық саясаткер У.Қайсармен толықтырды. Ұлтының болашағы үшін шырылдап жүрген ақын өзі құрған «Халық рухы» партиясын билік тіркемеген соң, «Руханият­қа» өтуге мәжбүр болдым» дейді. У.Қайсар да «партияның жарғысын» қолдағанын айтады. «Қазақтың Жириновскийі» деген атаққа ие болған генерал Ғ.Қасымовтың «Патриоттары» бұл жолы да қолдан келгеннің бәрін жасауға әзір. «Әділеттің» жетекшісі М.Нәрікбаев та қарсыластарынан қалыспақ­ емес, «Қаражорғаны» билеп беріп, ұпай жинайтын түрі бар. Коммунистер де (ҚХКП) тас-түйін дайындалып жатыр. Қарсыластарын шаң қаптыру­ үшін каратэден қара белбеудің иесі Ж.Ахметбек­товті алға қоймақ. Күтпеген жерден билік партиясынан шығып, «Ақ жолдың» тізгінін қолға алған А.Перуашевтің жұмысы қауырт қазір. «Ақ жол» партиясы бөлек, жұлдыздардың партиясы­ емес. Қатарлы адамдардан құралған халықтың партиясы. Әрине, белгілі адамдар болуы мүмкін, бірақ атақ іздеп жүрген адамдар емес»,- дейді ол. Бұл – оның «арзан ұпай жинамаймын» дегендегісі. Есесіне, «Нұр Отан» да құрамын жұлдыздармен толықт­ырып жатыр. Оны қайбір күні билік партиясы­ның  құрамына  Б.Төлегенова  бастаған бір  топ  әнші, әртістердің  мүшелікке  қабылдан­ғанынан  байқауға  болады.

Айтпақшы, аталған партиялардың облыстардағы бөлімшелері де қарбаласып жатыр. Етек-жеңін жинап­, жан-жағын түгендеп, жергілікті мәслихаттардан орын алып қалудың қамына кіріскен. Соныме­н, 15 қаңтарда өтетін саяси додаға дайындық қыза түсті. Бір-бірімен жайлы орынтаққа таласқанда­рдың еншісінде әлі екі айдай уақыт бар. Бірақ, қызықтың көкесі сайлауалды үгіт-насихат кезінде басталуы мүмкін. Сайлаудың «болғанынан» «боладысы» қызық деген де – осы.

Н.КЕНЖЕТАЙ

 


КЕЛЕДI, КЕТЕДI... PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
25.11.2011 09:13

Қазір түсініп болмайсың. Ауыс-түйістерді айтамыз­ да. Әкім де, басшы да, басқа да орнында бір жыл да отырмай орын ауыстыратын болған. Жаңа ортаға, жаңа жұмыс ыңғайына енді-енді етене араласып, қарамағындағы қызметкерлер де жаңа басшыға ептеп-септеп үйренісіп келе жатқанында, жылы орнынан жылжып жатады.  Біз мұны неге айтып­ отырмыз? Мәселе мынада, жаңа орынға отырған әкім де, басқарма басшысы да бұрынғы басшы­ның бастап, бірақ аяқтамай тастап кеткен шала жұ­мысына жолығады. Бұл – бір. Оның үстіне сол бұ­рынғы басшының командасының орнына өз командасын құрып, өз идеясын, өз жоспарын жүзеге асыруы­ тағы бар. Осы жұмыстарды ой елегінен өткізіп, енді іске кірістім деген сәтте орнынан босаты­лып, басқа қызметке кетеді. Сайып келгенде, қызметкерлердің сапырылысына, жыл аяғында қаржының игерілмей қалу жағдайына килігіп жатад­ы. Әрине, басшылар жылға толмай ауысқандықтан алдыңғы басшы кезін­дегі бюджеттің игеріл­мей қалуына да, басқа кемшіліктерге де жаңа басшының еш қатысы болмайды. Бұрынғы басшының да жауапкершілігі азая­ды, әрі ол артында қалған шикі тірліктеріне жауап бергісі келмейді. Оның үстіне басшының жұмыстан босау себебі де ешкімге­ белгісіз жағдайда қала береді.

Расы сол, облыста соңғы айлар­да ауыс-түйіс жиілеп кетті. Соңғы жұма да жаңа қызметке келген басшылардың бірі-бірінің қолын алысқан күн ретінде есте қалды. Соның ішінде облыста «сақа» кадрлар сапындағы Биғали­ Қаюповтың келісі де, кетісі де қызық. Б.Әбдікерұлының Қармақшы ауданында «қол­таң­басын» қалдырып, қоңсы қонған Жалағаш ауданына әкім болғаны кеше ғана сияқты­ еді. Арада алты ай өткенде «аттан ауып түсті», яғни басқа жұмысқа ауысуы­на байланысты өз өтініші бо­йынша қыз­метінен босатылды. Ал, Жалағаш ауданының әкімі болып Серік Сағитжанұлы Сермағам­бетов тағайындалды. Ол бұған дейін облыстық кәсіпкерлік және өнер­кәсіп басқармасының бастығы қызметін атқарды. «Бір кісі атқа мінсе, қырық кісі тақымы­н қысады» демекші, босаған басшылық орыннан үміт­кердің де көп болатыны бесенеден белгілі. Бірақ таңдау­ (облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқар­масының басты­ғы қыз­метіне) Ғизат Әбілтайға түсті, жастығына қарамастан биліктің түрлі сатысы­нан өткен Ғ.Май­дан­ұлы 2008 жылы облыс­ әкімі аппар­аты басшысының орын­басары, соңғы үш жыл бойы «Бушра» ЖШС директ­орының орынбасары болған.

Айтпақшы, бізде бір орында ұзақ жыл отырған да басшы бар болатын. Ол – Әмірқұл Романқұл­ұлы Жылқа­йдаров, 2005 жылдан бері облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авария­лар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығ­ы болды. Енді жеті жыл дегенд­е жылы орнын қиып, облыс­тық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бас­қар­ма­сына барды. Былтырғы ақпан айынан бері осы басқар­маның тізгінін ұстап келе жатқа­н Өмірбек Мөрәліұлы Шәменов облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығ­ы  болып  тағайындалды. Ал, Жылқайдаровтың орнын­а облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақыл­ауы басқар­масының бастығы қызметінен Сержан Нәметша келді. Жаңа басқармаға басшы болған С.Қасқырұлының бұған дейінгі қызметінде бел жазы­п отырғанына бес айдың да жүзі болмаған. Бір қарағанда, тәжірибелі басшыларды жыл аралаты­п бір жерден екінші жерге­  апарғанның  да пайдасы бар шығар, алайда «қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен, қосындының өзгермейтіні» де тағы бар. Ең бастысы, қолға алған­ тір­ліктерін орта жолдан үзіп, басқа­ лауазымның тізгінін ұстап кете беруден кім ұтылып, кім ұтады?

 

Н.ЕРТУҒАН

 


«ҚҰРЫШ ҚАЗАҚҚА» КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ ОСЫ МА? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
25.11.2011 08:56

Аймағымызда мәдени ескерткіштер турасында шешілмей тұрған түйткілді мәселелер аз емес. Тек облыс көлемінде ғана емес, тіпті есiмi әлемге әйгілі ардақты азаматтарға мүсін орнатамыз да, оны кейде қараусыз­, қалтарыста қалдырамыз. Оларды қалыпқа келтіру ойдан шығып кетеді. Қараусыз қалған сондай ескерткіштердің бірі – бала жасынан мүгедектіктің кесапатын тартқан, ақын-жазушы Зейнолла Шүкіровтің бюсті. Бүгінде оның шағын мүсіні өзінің есімі берілген көшеде, «МиГ ХХI» ЖШС орналасқ­ан ғимараттың ауласында жанашырлық күйде тұр. Мәдени ескертк­іштің халі адам шошырлықтай. Мүсіннің сыртқы бояуы қабыршақтанып, бюст тұғырының кафельдері түсіп, сиықсыз күйге енген.

Зейнолла Шүкіровті келешек ұрпаққа тағылым ету мақсатында бюст орнатуға кезінде «Бірлік» автопаркінің директоры Құр­манғазы Шәмшиев көп тер төкті. Өзінің жеке қаржысына мүсінді жасатып, оны алдымен З.Шүкі­ров атындағы көшенің басына, кейін өз мекемесінің алдына орнат­ыпты. Қ.Шәмшиев өмір­ден өткен соң бұл ескерткіш қараусыз қалды. Мән-жайды білмек болған біз тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесіне арнайы барған едік. Бірақ ол жақтан тұщымды жауап ала алмадық. Тарих және археология бөлімінің меңгерушісі Г.Исмағұлова болса, З.Шүкіров­тiң мүсіні қайда орналасқанын білмей, дүдәмал күй кешті. Жөн сұрастыра келе бюсттің орналасқан жерін білген соң, оның мемлекет қамқорлығында екенін ұғынды. Бірақ мәдени ескерт­кіштің халінен хабарсыз болып шықты. Мәдени ескерткішке жанашырлығы басым азаматтардың аталмыш бюстті жұртшылық көзінен таса жерден жарыққа шығарып, яғни Универсам аумағындағы АТФ банкінің жанына, жұрт жиі жүретін жерге қоюды айтқаны бар-ды. Біз мекеме маманына осы уәжді жеткіздік. Оның айтуынш­а, мүсіннің орнын ауыстыру­  үшін  жоғарғы  жақтың шешімі керек екен. Бұл меке­меден тұщымды жауап таппаған соң, «МиГ ХХI» ЖШС басшы­лығынан сұрадық. Серіктестік директоры Е.Қарекенов сөй­лесуден жалтарып, әрнені сылтау­ратқан соң,  қызметкерлерін сөзге тартуға тырыстық. Жақында ғана ғимаратын күрделі жөн­деуден өткізген серіктестік басшылығы З.Шүкіровтің мүсініне де өзінше өзгерту енгізіпті. Өзгерту болғанда, бюстте­гі жазушы­ның сынған көзілдірігін қалпына келтіріпті. Мұның қаншалықты заңды екенін білмек боп, ҚР тарихи­-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы­ заңын парақтадық. Бұл заңның 7-тарауының («Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану тәр­тібі») 33-бабына сәйкес «жеке және заңды тұл­ғалар өздеріне пайдалануға берілге­н жерлерде тұрған тарих және мәдениет ескерт­кіштерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті» екен. Ал «МиГ ХХI» ЖШС мүсіннің халін мүшкіл күйде қалдырып, тек көзілдірігін қалпына кел­тіріпті. Сондай-ақ, осы заңның 34-бабында «Тарих және мәде­ниет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жеке және заңды тұлғалар лицензия негізінде жүзеге асы­рады» делінген. Ал аталмыш серік­тестіктің бюстті қалпына кел­тіру жұмысына лицен­зия алмағ­аны айдан анық.

Дұрыс-ақ, құзырлы мекеме еліне еңбегі сіңген ардақты ұлдың мүсінін қараусыз қалдырғанымен, жеке мекеменің заңды бұзып жатқанын біле ме екен? Олар мәдени ескерткіштердің бұзылмауын және сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Ал тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі З.Шүкіровтің мүсініне реставрация жасамақ түгілі, оның қайда орналасқанынан да хабарсыз. Сонда мұны қалай түсіндік?..

Д.САДЫҚ

 


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ 2014 ЖЫЛДАН БАСТАП ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТЕТІН БОЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.11.2011 17:27

«Қазақстан Республикасының 2014-2015 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Ұлттық тестілеу 2014-2015 жылдары бастауыш, негізгі және бейінді мектепті бітіргеннен кейін өткізілетін болады», - деп хабарлайды Қазақстан Жаңалықтары Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпараты бойынша, бастауыш мектепте ұлттық тестілеу оқушының жетістіктеріне мониторинг жүргізу мақсатында таңдаумен жүргізіледі. Негізгі мектепте (10 сыныптан кейін) оқу жолын ары қарай анықтау мақсатында, бейінді мектепте - алынған білім мен тәжірибе деңгейін бағалау мақсатында жүргізілетін болады.

 

- 2015 жылға қарай жазбаша тапсырмаларды қосу арқылы оқушылар құзіреттлігін қалыптастыру деңгейін анықтауға бағытталған тест тапсырмаларының базасы құрылатын болады, - делінген ведомство хабарламасында.

Әлемнің көптеген мемлекеттерінде (Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Чехия, Польша) және кеңестік кеңістік елдерінің қатарында (Ресей, Қырғызстан, Украина, Беларусь, Әзербайжан, Литва, Латвия) жалпы орта білім беру сапасын бағалау үшін ұлттық емтихандар формасында тәуелсіз сыртқы бақылау жүзеге асырылады. Бұл ретте әрбір елде оларды өткізу түрлерінің өз ерекшеліктері бар.

Жыл өткен сайын оқушылардың білімін сыртқы бағалау механизмі ретінде тестілеуді пайдаланатын елдер саны өсіп келеді. 1975 жылдан бастап Білім беру сапасын бағалау бойынша Халықаралық Қауымдастық өз қызметін іске асыруда, 2007 жылы Қазақстан Республикасы оның қатысушы-мүшесі болды.

Осы ұйым жұмысының негізгі мақсаты академиялық білім беруді бағалаумен, конференциялар мен жарияланымдар арқылы тәжірибе алмасу жолымен, сондай-ақ бағалау технологиясын жақсарту бойынша іс-шараларға қатысуға және оларды қатысушы елдердің білім беру құрылымдарына енгізумен айналысатын ұйымдар арасындағы байланыстарды жақсарту болып табылады.

 


«ПРОТОН-М» ЗЫМЫРАНЫ БАЙҚОҢЫРДЫҢ МӘРЕ КЕШЕНІНЕ ШЫҒАРЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.11.2011 17:03

«Қытайдың «Asiasat-7» байланыс жер серігі бар «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңырдың мәре кешеніне шығарылды», - делінген Роскосмостың сайтындағы хабарламада.

Екпін беруші «Бриз-М» және Asiasat-7 жер серігі бар «Протон-М» зымыранын ұшыру 25 қарашаға мәскеу уақытымен сағат 23.10-ға жоспарланған.

 


Басылым тарихы PDF Print Email
Сайттың разделы - Сайт категориясы
18.11.2011 15:15

Басылым тарихы

 


Күнтізбе

< Қараша 2011 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары