Өзекті мәселелер

  • 16.08.18

    2018 жылдың 2 тамызында «Халық» газетінің №30 санында жарияланған «Талдардың күйі тайып­ барады?» тақырыбындағы мақалаға орай Әйтеке би кенті әкімі аппараты төмендегі ақпаратты ұсынды.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі­нің Су ресурстары комитеті Сырдария өзеніндегі су шаруашылығы жағдайының өзгеруіне байланысты­ Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысын...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Топырағымыз құнарсыз, сор болса да, аймағымызда есірткі өсімдігін өсіру өршіп тұр. Қарапайым өсімдікке қолайсыз табиғаттың нашаға келгенде өте қолайлы болғанын қарасаңызшы! Нәтижесінде, жыл сайын есірткі түрлерін егу азаймай келеді. Соған сәйкес бұл бизнеспен айналысатын қаскөйлер де көбейіп барады. Өйткені Қызылорданың топырағында өскен есірткінің күштілігі Шудағы жабайы анашадан ...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры жақында ғана Шотландияның Эдинбург қаласында өткен “Фриндж” (“Fringe”) халықаралық өнер фестиваліне қатысып қайтты.­ Аталмыш халықаралық фестиваль 1947 жылдан бастап жыл сайын тамыз айында ұйымдастырылып келеді. Әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін өнер сайыстарының бірі. Биылғы өнер иелерінің додасына әлемнің 50 мемлекетінен 50000 ө...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Қайран дүние, көрген түс­тей, сонау балдәурен бала күнімізде еліте тыңдаған әдемі ертегідей өтті де кетті ғой мына өмір. Иә, әлгі ерте­гі демекші, қазіргі таңда қария жасына жетіп, енді немер­елеріміз оқып беріп жүрген ертегілерді естіге­ні­мізде анау ақбоз атқа мініп, бойжеткен қызға келетін ханзадаға кездесуді келешегінен нәзік үміт күткен әрбір ару аңсай арман­дайды  екен-ау. Енді бүгін өтке...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Биыл Елбасының «Әлеуметтік бес бастамасының» арқасы­нда жас түлектерге арнайы қосымша 20 мың грант бөлінді. Бұл  керемет  жаңалық­қа  бөріктерін  аспанға  лақтыр­ған ата-ана, талапкер қалмаған шығар. Хош, бұл бастаманың нәтижесіне таяу күндері 20 мыңдық грант иелерінің тізімі анықталғанда бір қуанармыз. Десе де, әңгіме басқада... Жалпы, жастардың қатары жұмыссыз жүргендердің ішінде 90 пайызды қ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 06 Ақпан 2012

СЕНАТОРЛАР ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.02.2012 16:55

Елбасы биылғы дәстүрлі Жолдауына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деп айдар тағып, жұрт назарына ұсынды. Он бағыт бойынша алдағы онжылдықта атқарылуы тиіс жұмыстар айқындалған құжат енді жүректерге жол табуы керек. Осы мақсатта ҚР Парламент Сенатының депутаттары жер-жерді аралап, Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіруде. Өткен аптада Парламент Сенатының депутаттары Қ.Баймаханов пен М.Мұхамедов облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті.
Елбасы дәстүрлі Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын әрдайым бірінші кезекке қоятындығын тілге тиек еткен М.Бақтиярұлы ел сеніміне ие болған мәслихат депутаттарының жұмысына сәттілік тіледі. Содан кейін Жолдауда жүктелген он бағыт бағыт бойынша атқарылатын жұмыстар сараланды. Жалпы, жұмыссыздық, баспана, өңірлерді дамыту, ішкі миграция күрделі мәселелердің көшін бастап тұр. Сондай-ақ тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселесі де сөз етілді. Облысымызда бүгінде 60-қа жуық халыққа мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары бар. Алдағы уақытта олардың техникалық базасын нығайту жоспарланды.
Жиын соңында халық қалаулылары аймақтың өзекті мәселелерін парламентте көтеретіндіктерін жеткізді.

 


АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН КӨГІЛДІР ОТЫНСЫЗ ҚАЛДЫРДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.02.2012 16:54

Ақпанның 4-іне қараған түні сырттан келетін электр желісі үзілуі себепті Ақшабұлақ мұнай кенішіндегі екі бірдей газ өңдеу зауытының жұмысы тоқтап, соның салдарынан сенбі күні таңертеңнен бері жеке сектордағы 17 мың абоненттің 70 пайызы көгілдір отынсыз қалды. Бұл жайында қала әкімі М.Жайымбетов басқарған жұмысшы топ шұғыл брифинг өткізіп, сол күні кешке дейін тұрғын үйлерге газ толықтай жіберілетіні айтылды. Ал қаладағы жылу беру орталықтары мен автономды қазандықтар резервтік мазут отынын пайдаланған. Айта кету керек, қыс басталғалы бері газға байланысты шектеу 136-шы рет, ал екі бірдей газ өңдеу зауыты тоқтап қалып, күрделі жағдайдың орын алуы осымен үшінші рет қайталанып отыр.

Бүкіл авариялық бригадалар шығарылып, үзілген электр желілері қалпына келтірілді. Қазір Ақшабұлақ мұнай кенішінен 47 мың шаршы метрге дейін газ берілуде. Осылайша апаттық жағдай қала тұрғындарын бір тәуліктен астам уақыт көгілдір отынсыз қалдырды.

 


Күнтізбе

< Ақпан 2012 >
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары