Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
Дүйсенбі, 13 Ақпан 2012

ЖАМАҒАТ ЖИЫЛҒАН ЖИЫН PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.02.2012 18:16

Аптаның алғашқы күні мұсылман қауым үшін қасиетті мерекелердің бірінен саналатын «Мәуліт күні» кең көлемде аталып өтті. Дәл осы күні Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүние есігін ашқан. Мәуліт араб тілінен аударғанда, «туған күн» деген мағынаны береді екен. Мерекенің ұлығы, күндердің сұлтаны «Мәуліт» мерекесіне арналған жиынға қала жұртшылығы да бір кісідей атсалысты. Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрға жиналған халықтың көптігі қоғамның имандылыққа мықтап бетбұрғандығының дәлелі болса керек. Жиын барысында жұртшылыққа бейнесюжеттер көрсетіліп, діни әуендер орындалды.

Облыстың бас имамы Талғат қажы Сейіткәрімұлы мәуліт күнінің тарихы мен оның терең мазмұнына тоқталса, облыс әкімінің орынбасары Рзақұл Сәденұлы ислам дінінің бейбітшілікті насихаттайтынын, жақсылыққа үндейтінін жеткізіп, жиналған жамағатты мәуліт мерекесімен құттықтады. «Мәуліт мерекесін атап өтудегі басты мақсат - Пайғамбарымыздың өнегелі өмір жолын халыққа жеткізу, жастарды имандылыққа тәрбиелеу», - дейді ұйымдастырушылар.

А.ТӘЖИЕВ

 


БАҒДАРЛАМАЛАУ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ОЛИМПИАДА БАСТАЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.02.2012 18:15

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі және «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингінің мұрындық болуымен мектеп оқушылары арасында бағдарламалау бойынша Олимпиада басталғалы жатыр. Олимпиаданың негізгі мақсаты - бағдарламалауға жастардың кәсіби бейімделуі мен қызығушылығын арттыру, ақпараттық технологиялар ауқымында талантты жастарды анықтау. Олимпиада барысында қатысушы мектеп оқушылары логикалық ойлау қабілетінің мықтылығын және бағдарлаудағы жылдамдығын көрсете алуы қажет. Айта кету керек, мұндай олимпиаданы дәстүрлі түрде өткізу жолға қойылған.

Олимпиада 3 бағыт бойынша, яғни мектеп оқушылары, колледж студенттері және жоғарғы оқу орны студенттері арасында өткізіледі. Олимпиадаға тіркелу 20 ақпаннан басталады. Оған кез келген 10-11 сынып оқушысы өзін http://olymp.iitu.kz сайтында тіркеу арқылы қатыса алады. 10-11 сынып оқушылары үшін олимпиада екі турдан тұрады. Алғашқысы - іріктеу (І тур) және қорытынды тур (ІІ тур). І турға қашықтықтан тіркеуден өткен оқушы бірден жіберіледі. Ал, ІІ турға байқау қорытындысы бойынша барынша көп балл жинаған талапкерлер қатыса алады.

Ең бастысы, олимпиаданың 10 жеңімпазына Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде тегін оқу гранты ұсынылады. Оған қоса, бас жүлдеге iPad, 2 ноутбук, 3 нетбук сыйға тартылады. Үміткерлердің тізімі мен қорытынды тур нәтижелері www.zerde.gov.kz және http://olymp.iitu.kz порталдарында жарияланады.

 


ІС-ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЛАЙ РӘСІМДЕП ЖҮРМІЗ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.02.2012 17:13

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында уәкілетті органдардан келіп түскен әкімшілік құқықбұзушылық туралы құжаттардың рәсімделу және заңда көзделген мерзімде сотқа жолдану жайы талқыланған семинар өтті.

Статистика көрсеткендей, былтыр әкімшілік сотқа 8 304 іс түссе, соның 7 202-сі 7 426 адамға байланысты қаралған. 763-і өндірістен қысқартылған, арасында мерзімі өтіп кеткендері де болды. Сот төрағасы И.Сматов хаттама толтыруда заң талабының көбіне-көп сақтала бермейтінін айтады. Мысалы, әкімшілік кодекстің 635-бабында оның жазылған күнi мен орнынан бастап хаттама толтырған және үстінен іс қозғалған адам жайындағы мәліметтер толық қамтылуы тиіс. Куәгерлердің де, жәбірленушінің де аты мен-жөні, мекен-жайы көрсетіліп, олдардан міндетті түрде түсініктеме алынады. Хаттаманың дұрыс жасалмауынан, іс-құжаттардың дұрыс рәсімделмеуінен сот материалдарды уәкілетті органға кері қайтаруға мәжбүр болады. Осы ретте 1 102 әкімшілік іс кодекстің 646-бабының 1-бөлігінің 4-тармақшасына сәйкес кері қайтарылған. Құқықбұзушылықтың мән-жайы дұрыс анықталмауына және дұрыс сараланбауына байланысты қысқартуға ұшырайтын жағдайлар да кездеседі. Кодекстің 79-5, 330-баптарымен келіп түскен істер бойынша да құқықбұзушылықтың мәні барынша ашылып, нақты көрсетілмейді екен. Кейбіреулердің не жазғанын адам түсініп болмайды. Мысалы, Р.Жидебаев пен Н. Төлебаев ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігі бойынша берген жауабында «көшеде байқамай айқайлап қалдым» депті.

Семинар-кеңесте облыстық көші-қон полициясы, жол полициясы, кеден және қалалық ішкі істер басқармаларының мамандары өзара ой алмасты. Оларға әкімшілік хаттама жасалғаннан кейін қолхат арқылы көшірмесі өздеріне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға, заңды тұлғаның заңды өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге дер кезінде тапсырылуға тиіс екендігі ескертілді.

Бағила ЕСЕНГЕЛДІҚЫЗЫ

 


ӘЛЕУМЕТТІК САУАЛНАМА – ӘЛ-АУҚАТЫМЫЗДЫҢ КӨРСЕТКІШІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.02.2012 17:11

Өткен жылы Елбасы жолдауын насихаттау бойынша Қызылорда облысында ақпараттық-насихаттық топтар қызу жұмыс атқарды. Ұлтаралық достық пен ынтымақтастықты арттыру мақсатында да қолға алынған шаруа жетерлік. Ол үшін облыстық бюджеттен 7 млн. 797 мың теңге бөлініп, Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдігінің Астанадағы және облыс аудандарындағы күндері, «Мақсаттар бірлігі – рух бірлігі» атты ұлттық дәстүр фестивалі, өзге де іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл жөнінде ішкі саясат басқармасының есепті жиынында кеңінен айтылды.

Басқарма бастығы «Сыр медиа» коммуналдық кәсіпорнының жанынан құрылған ақпараттық-талдау орталығының жұмыстарын баяндады. Жыл бойында орталық мамандары 27 рет әлеуметтік сауалнама жүргізген. Зерттеулер нәтижесі аймақтағы жалпы ахуалға бақылау жасауға, туындаған өзекті мәселелер бойынша дер кезінде тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік берді.

Ал «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрайымы Д.Ақмағамбетова азаматтық сектордың даму қарқынын бағамдады. Он жыл бұрынғыға қарағанда, үкіметтік емес ұйымдар саны 4,2 есеге артып, олардың қатары 700-ге жеткен. Облыс әкімдігі, «Азаматтық альянс» және «Игілік» корпаративтік қоры аясындағы меморандумға сәйкес мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Биыл 76 млн. теңгенің 44 жобасы жүзеге асырылды. Жастар саясатын дамытуды көздейтін өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен өткен жылы 19 117 млн. теңге бөлінген. Бұл алдыңғы жылғыдан 30,8 пайызға көп. Өткен жылы «Сыр үміті» сыйлығын 40 жас иеленіп, оларға 75 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. «Дарын» продюсерлік орталығына керек-жарақтар алынды. Аудандардың арасында Қазалы, Жалағаш, Арал мен Жаңақорғанның көрсеткіші жоғары. Дегенмен, білікті де білімді мамандарды іске тартуда әлі де табандылық жетіспейді.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында 170 діни ұйым бар. Оның 144-і – исламдық, 2-еуі – провославиелік, 2-еуі – иудаизм және 22-сі – протестанттық. Былтыр дінтанушылардың және имамдардың қатысуымен бірқатар кәсіпорындарда дәстүрлі ислам дінін насихаттау жұмыстары кең ауқымда жүргізілді. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы тағы бір үлкен тетік – бұқаралық ақпарат құралдары. Қазіргі таңда тіркеуде 82 БАҚ бар. Уақыт өткен сайын Сыр бойының ақпарат кеңістігі ұлғайып келеді. Өткен жылдың өзінде жаңадан 15 газет-журнал жарыққа шықты. 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап еліміз бойынша қазақстандық сандық спутниктік теле-радио хабарлары таратыла бастады. Абоненттердің 5 мыңға жуығы – қызылордалықтар.

Бағила ӘБДІРАХМАНОВА

 


Күнтізбе

< Ақпан 2012 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары