Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
Бейсенбі, 16 Ақпан 2012

ҚАЗАҚҚА ҚАЗАҚ ЖАЛЫНАТЫН ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІК PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.02.2012 10:53

Бүгінде мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, оның қолданыс аясын кеңейту бағытында үздіксіз жұмыс жасалуда. Жұмыстың жасалғаны да жөн шығар, бірақ өз елімізде өз туған тіліміздің мәртебесін жоғарылату керек деп ұрандатып, жалпақ жұртқа жалпылама түсіндірме жұмыстарын жүргізгеннің өзі ұят сықылды. Осыдан-ақ тілдің тұғыры аса биікте емес екендігі байқалып-ақ тұр. Мұны бейсенбі күні Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасы өткізген жиында тағы аңғардық.

Басқарма басшысы Р.Рүстемовтың айтуынша, өткен жылы тілдерді оқытудың өңірлік орталығы арқылы «ҚР мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» жүйесі бойынша 120, «Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту курсының» тереңдетілген деңгейі бойынша 96, одан бөлек 96 өзге ұлт өкілдері ана тілімізді үйрену курсынан өткен. Бұл жұмыстарға барлығы 8 млн. 600 мың теңге жұмсалған. Ал биыл 2 млн. 903 мың теңге қарастырылыпты. Айта кетерлігі, 2014 жылдан бастап ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сынақ тапсыру барлық мемлекеттік қызметкерлерге міндеттеліп отыр. «Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл» деген ақын М.Жұмабаевтың сөзі тура осы «жаңа қазақтарға» қарата айтылған секілді. Себебі өзіміз тіл білмей тұрып, өзгеден де талап ете алмаймыз. Ол аздай, қазаққа қазақ «қазақ тілін үйренейік» деп жалынатын деңгейге жеттік. Ұлттығымыздың осалдау тұсы да осы! Сонда біз кімбіз?

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 


БАРЫМТАШЫ – БҰРЫНҒЫ ПОЛИЦЕЙ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.02.2012 15:30

Соңғы уақытта ішкі істер қызметкерлерін ұялы телефонын жоғалтқандар мен өрістен малы қайтпағандар жиі мазалайтын болған. Ұрланды не, жоғалды не, бірі қалмай есепке алынуы тиіс. Қай-қайсысы бойынша да іс қозғалады. Ал бұл қылмысты ашуда қиындық келтіріп отырған көрінеді. Дегенмен, өткен жылы ұялы телефон ұрлығының әрбір төртіншісі бойынша атқарылған шаралар нәтижелі аяқталған. 970 түлік табылып, иелеріне қайтарылған. 31 қылмыстық топ құрықталған. «Балық басынан шіриді». Қызығы, барымташылардың арасында бұрынғы шенділер де жүр.

- Полицияның бұрынғы екі қызметкері Сырдария ауданы тұрғындарының оннан астам малын ұрлаған. Олардың бірі 2005 жылы, енді бірі 2009 жылы біздің қатарымыздан аластатылған. Қылмыстық іс аяқталды, алдағы күндері сотқа жолдаймыз, - деді кеше баспасөз конференциясында облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Әлімхан Әбжанов.

Барымтамен айналысқан тағы бір топқа бұрынғы кеден қызметкері жетекшілік етіпті. Олар Жаңақорған ауданында 20 шақты бас малға жиендік жасағаны үшін жауапқа тартылмақ.

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ

 


АРАЛДЫҢ ҰЛТАНЫ ОРМАНҒА АЙНАЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.02.2012 15:29

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2011 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Былтыр облыстық бюджеттен салаға 1,3 млрд теңге бөлінген. Бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 61,5 пайызға артық. Оған 16 канал және 34 гидроқұрылыс нысаны жөндеуден өткізілді. 12 650 қожалықтың үй іргелік жерлеріне аяқсу жеткізіліп, 20 238 га шабындықтар мен жайылымдар суғарылды. Орман мекемелерінің жұмысын жетілдіру және нормативтерге сәйкестендіру мақсатында 205 млн. теңгеге арнайы техника мен құрал-жабдықтар алынды.

- Ормандарды сақтау және республиканың орманды жерлерін көбейту жобасы аясында 30 мың га жерге сексеуіл ағашы егілді. 2013 жылға дейін 79 мың га алқап игерілетін болады. Мақсат – Арал теңізінің құрғаған ұлтанын орманға айналдыру, тозған жайылымдық жерлерді қалпына келтіру, - дейді басқарма бастығы Айтбай Көшербайұлы.

Өткен жылы ормандарда ешқандай өрт оқиғасы тіркелген жоқ. Бұл қауіпті аймақтарға аншлагтар орнатып, ескерту жұмыстарын кең көлемде жүргізгеннен болса керек. Балық шаруашылығын дамытудың 2010-2020 жылдарға дейінгі бағдарламасы аясында да көптеген бастамалар қолға алынды. 13 көлді табиғи көл санатынан тауарлы көл, яғни балық шаруашылығы санатына ауыстырудың ғылыми-биологиялық негіздемесі әзірленді. Сондай-ақ балық аулау соңғы 5 жылда 1,5 есеге артқан. Былтыр Қамыстыбас көлі мен Сырдария өзені бойына су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнатуға 18,6 млн. теңге бөлініп, ол толықтай игерілді.

Жансая ЖҮНІСОВА

 


Күнтізбе

< Ақпан 2012 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары