Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 333 |
![]() | Кеше | 2056 |
![]() | Осы аптада | 7035 |
![]() | Өткен аптада | 15302 |
![]() | Осы айда | 42525 |
![]() | Өткен айда | 52979 |
![]() | Бәрі | 3579545 |
ЖҮРГІЗУШІЛЕР МЕН КАССИРЛЕР арнайы киім үлгісімен қызмет көрсетпек |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
23.02.2012 12:38 |
Алдағы уақытта халыққа қызмет көрсететін қоғамдық көлік жүргізушілері мен кассирлері бірыңғай форма киетін болды. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Ә.Мырзабай мәлімдеді. Бастапқыда мұндай киім түрін 200-ге тарта жүргізуші киеді. Содан соң арнайы киім үлгісін кию барлық бағыттағы тасымалдаушыларға міндеттелмек. Ал форма тіктіру қаржысы жолаушылар тасымалдаумен айналысатын мекеменің есебінен төленеді. Қалаішілік маршрут қызметкерлері көктем мезгілінен бастап-ақ бірыңғай формамен жалпы жұртқа қызмет көрсетпекші. Бұл жұмыстың орындалуына «Көлік-қызмет» ЖШС жауапты. Жалпы алғанда облыс көлемінде 212 елді мекеннің арасын байланыстыратын 246 автобус бар. Олардың 71-і аудандарға қатынайды. |
ОҚУШЫ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСЫ БАР ТАҒЫ БІР КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
23.02.2012 12:36 |
Естеріңізде болса, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында оқушылар арасында болған түсініспеушілік салдарынан тоғызыншы сынып оқушысы М.Жасымбай көз жұмған болатын. Мәселе жоғары сынып оқушыларының ақша талап етуінен бастау алған. Алайда бұл талапқа көнбеген оқушыны бос тұрған ғимаратқа апарып соққыға жыққан. Ұрып-соғу оқиғасына қатысқан 8 баланың 1-еуі ғана қолға түскен еді. Сараптама нәтижесі оның жүрек тұсына тиген қатты соққыдан көз жұмғанын дәлелдеп отыр. Жуырда қылмысқа қатысы бар деген айыппен тағы бір бала қолға түсті. Бүгінде іс аудандық сотқа жолданған. |