Өзекті мәселелер

  • 17.05.18

    Адам тағдырының ақ-қарасын таразылау үлкен төзімділік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Бар ғұмырын сот төрелігін атқаруға арнап, ардың ауыр жүгін арқалауға бел буған әділ қазылар қашанда қадамын қате жасамауға тырысады. Судья атты қасиетті ұғымға кірбің...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Мұрат  НАСИМОВ,

    саяси  ғылымдарының  кандидаты,

    қауымдастырылған  профессор,

    Толығырақ...

  • 17.05.18

    Нәзипа – қарапайым ғана ауылдың қара торы келіншегі. Осыдан 11 жыл бұрын ата-анасының қолынан ұзатылып, өзге босағаны аттаған еді. Бүгінде жасы 36-да. Адал жары, 3 баласы бар. Екі жыл бұрын әкесі өмірден озар шағында, «осы үй мен аналарың сендерге аманат, бас-көз  болыңдар» деп қызы мен күйеубаласына табыстап кеткен. Содан бері бұлар жалдап жүрген пәтерлерін біржола тастап, осында көшіп келген....

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Статистикалық мәлі­меттер бойынша елімізде болатын қылмыстардың үштен бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан орын алады екен. Ал бұл ретте қара күштің иесі ер-азаматтардан, әсіресе, әйелдердің таяқ  жеп, зардап шегетінін ескерсек, олардың тұрақтар жерге зәру болатыны анық.

    Қаламыздағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығы дәл осындай жағдайға тап бол­ғандарға қол ұшын созады, уақытша болса да панала...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Айтыстың   абаданы  Серік ағам 60-қа келіпті. Ұлтының уызына жарығ­ан елдің еркесі Серік Ыды­рысовтың Сыр елі үшін орны бөлек. Сәкеңді өзімнің аяғым сынып, бауыр­ымнан  айырылып, қайғының уын ішіп жүрген көңілсіз күндердің, мазасыз түндердің бірінде ұялы телефо­н арқылы іздедім. 2017 жылдың 24 қыркүйегі түнгі сағат 11-ден 36 минут өткенде хабарлама жібер­дім. «Серік ағам бар ма екен кең дүниед­...

    Толығырақ...
Жұма, 24 Ақпан 2012

ПОЙЫЗ ЖОЛАУШЫСЫНАН ТАПАНША МЕН ПАТРОН ТАБЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.02.2012 17:11

Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Қызылорда станциясындағы желілік ішкі істер бөлімімен бірлескен кезекті рейд барысында күтпеген олжаға кезікті.

«Алматы-Атырау» бағытындағы №29 жолаушылар пойызына Тараздан мініп, Байқоңырға жол тартқан азамат К.Р.-дың сөмкесінен тапанша мен оқ дәрі, дыбыс шығармау үшін жасалған түтікше табылды. Сот-баллистикалық сараптама қорытындысы көрсеткендей, 1895 жылғы үлгідегі «Наган» тапаншасы, оның 7 дана патроны атуға жарамды болып шықты. Ал дыбыссыз атуға арналған түтікше қолдан жасалған және әлгі револьверге салып қолдануға дайын екен. Бар болғаны 21 жастағы жолаушының сөмкесіндегі суық қару айғақ ретінде алынды. Ал аталған әрекет бойынша желілік ішкі істер бөлімі Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғады.

Жалпы, қызылордалық кеденшілер жыл басынан бері 2 қылмыстық және 80 әкімшілік іс қозғады. 14 млн. теңгеден астам айыппұлдың жартысынан астамы жергілікті бюджетке түсті.

Б.ОРДАНОВА,

департаменттің баспасөз қызметінің бас маманы

 


ПАРА АЛУ КЕЗІНДЕ ҚҰРЫҚТАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.02.2012 16:39

21 ақпан күні қызылордалық қаржы полицейлері жедел іс-шаралар барысында облыстық құрылыс басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Д.И.-ді 3 млн. 427 мың теңге пара алу кезінде ұстады. Аталған оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311-бабының 5-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облыстық прокуратурасының

баспасөз қызметі

 


ҚҰЖАТ АЛУ ЖЕҢІЛДЕЙ ТҮСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.02.2012 16:36

Халық үшін қажетті құжаттар қолжетімді бола түсті. Ғаламторға қосылған компьютері бар адам кез келген уақытта енді «e-gov» қызметін үйінде отырып-ақ пайдалана алады.

Кеше Қызылорда облыстық халыққа қызмет көрсету орталығында бұл жаңалықпен журналистерді кеңірек таныстырды. Осы жерден өзіне тән қолтаңбаның электронды нұсқасын алғандарға әзірге жаңа қызметтің он түрі ғана ұсынылуда. Мысалы, иелігіңізде жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, оның кепілдікте тұрған-тұрмағандығы (бұл банктерден несие алу кезінде керек), зейнетақы қорына аударылатын төлемдер, заңды тұлғалардың қарызы мен тіркеуде бар-жоғы туралы анықтама алуға болады. Әкімшілік айыппұлдардың көлемін біліп, қалтаңыз көтерсе, сол заматта төлеуге мүмкіндік бар.

- Бүгінге дейін облыс бойынша 9 800-дей адамға элекронды цифрлық қолтаңба берілді, - дейді орталық директорының орынбасары Мағауия Арапов.

Солардың бірі – қала тұрғыны Нұрсұлтан Алтынбекұлы.

- Электронды кілттің көмегімен мекен-жай жөніндегі анықтаманы орталыққа келместен, үйде отырып алдым. Жол полициясына айыппұлды төледім. Өте тиімді екен, - дейді ол.

Жеке тұлғаның қолы қойылған және мөр басылған кез келген құқықтық құжаттың заңды күші болатыны сияқты «e-gov» аясында алынған құжаттың да сондай күші бар. Алдағы уақытта үкімет лицензияның барлық түрін осылай тиімді әдіске көшіруді жоспарлап отыр.

Н.САНИЯЗОВА

 


Күнтізбе

< Ақпан 2012 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 25 26
27 28 29        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары