Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 126 |
![]() | Кеше | 2076 |
![]() | Осы аптада | 2202 |
![]() | Өткен аптада | 15257 |
![]() | Осы айда | 35616 |
![]() | Өткен айда | 52979 |
![]() | Бәрі | 3572636 |
ТЕПЛОВОЗДЫҢ АСТЫНА ТҮСІП... |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
03.07.2012 16:36 |
Арал ауданының Сексеуіл қыстағында 53 жастағы әйел тепловоздың астына түсіп, ажал құшты. Бұл туралы еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Қайғылы жағдайды аталмыш ведомство марқұмның абайсыздығынан орын алды деп отыр. |
«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ДА ҚАРАП ҚАЛМАДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
03.07.2012 16:34 |
Мереке мезіреті ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына және 2011 жылғы 20 қазандағы Жарғысының қосымшасына орай, 28 маусым Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні болып белгіленгені белгілі. Соған байланысты Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясы (ҚОДТ) да кәсіби мерекесін атап өтті. Алдымен дирекцияның бас директоры Сәдібек Балтабайұлы аймақтағы жетекші басылымдардың бас редакторларын қабылдап, сала жұмысымен қысқаша таныстырып өтті. ҚОДТ қызметі телекоммуникация жүйесі жұмысының сапасын жақсартуға, абоненттердің ұсыныстарына барынша жағдай жасауға, ID TV, ID Pone, ID NET сияқты жаңа қызмет түрлерін енгізу арқылы көрсетілетін қызметтердің көлемін ұлғайтуға бағытталғанын жеткізді. Баспасөз бен байланыс саласы қызметкерлерінің ортақ атап өтіліп отырған төл мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады. Одан әрі кәсіби мерекеге орай салтанатты жиын өтті. «Мен шын көңіліммен Сіздердің жігерлі еңбектеріңізге алғысымды білдіре отырып, «Қазақтелеком» алдағы уақытта да Қазақстанда байланыс саласын дамытуды және жетілдіруді қамтамасыз етіп, байланыс операторларының ішінде алдыңғы орында нық тұратындығын үлкен сеніммен айтқым келеді», - деді С.Балтабайұлы әріптестерін құттықтау сөзінде. Шара барысында байланыс саласында жеткен жетістіктері үшін дирекцияның ең үздік қызметкерлері марапатталды. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің бұйрығына сәйкес «Құрметті байланысшы» атағы ТЖПжДҚ бастығы Асия Айсаеваға берілді. Ал, телекоммуникация желілерін дамыту цехының бастығы Сейіт Бозшаев пен сату орталығының маманы Мира Шойтимова «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасының «Құрмет грамотасын» иеленді. Келесі кезекте облыс әкімінің орынбасары Е.Уәйіс байланысшыларды төл мерекемен құттықтап, телекоммуникация саласын дамытуға сіңірген еңбегі, қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарды облыс әкімінің Құрмет грамотасы және алғыс хатымен марапаттады. Олардың қатарында Жакебай Бекжанов, Юрий Драчев, Абай Ысқақ, Сембай Көшқұлов, Гүлшат Қошқаровалар бар. Сондай-ақ, бір топ қызметкерлер ҚОДТ Бас директорының алғыс хатына ие болды. Салтанатты жиын жас байланысшылар әзірлеген мерекелік концертке ұласты. |
«ДАМУ-КӨМЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ДЕМЕУШIЛIК КӨМЕК |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
03.07.2012 16:32 |
Мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсарту еліміздегі әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Тағдыр тәлкегімен «мүгедек» атанған жандардың арасында қайсар мінезі мен өр рухы арқылы қиындықты еңсеріп жүргендері де жетерлік. Осындай санаттағы жандарды қолдау мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры «Даму-Көмек» атты мүгедек-кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасын әзірлеп, іске асырып келеді. Нақты айтқанда, «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша кембағал жандарға жеке кәсіп ашуға мүмкіндік жасайды. Қор қаржылай көмек көрсетпейді. Есесіне, ынталыларды бизнестің қыр-сырына баулып, оларға демеушілер тауып береді. Жақында Қызылорда облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы аталмыш бағдарлама аясында 5 мүгедек-кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетті. Солардың бірі - Бауыржан Жұбатқанұлы, 1971 жылы туылған, 2-топтағы көз мүгедегі, Қызылорда қаласының тұрғыны, отбасында 4 бала тәрбиелеп отыр. Ағаш ұстасы болып 7 жыл жұмыс жасаған, бірақ денсаулығына байланысты қазір үйде. Қолынан ағаш бұйымдарын жасау келгендіктен, «Даму» қорына осы кәсіппен айналысуға қажетті құрал-сайман алып беру туралы өтінішімен келген болатын. Бауыржан өз өтінішінде лобзик, дрель, болгарка, ара алып беруді сұраған. Ал, Жандос Бимағанбетов 1987 жылы туылған, 3-топтағы тіл-құлағы бойынша мүгедегі болып табылады. Арал қаласында 2005 жылдан бастап жеке шаштараздық кәсіппен айналысып келеді. Келесісі - 1982 жылғы Айман Бисенова, 1-топтағы мүгедек. Арал қаласында азық-түлік дүкенін ашып, отбасымен айналысуда. Сол дүкен жанынан компьютерлік қызметтер көрсету үшін «Даму» қорына өтініш жазған болатын. Мамыр айында ол «Даму» қоры мен «Құс Жолы» қайырымдылық қорының бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Жұлдыздарға қара» жобасы бойынша 100 000 теңге көлеміндегі өз жобасын ұсынған болатын. Жоба аймақтық комиссиядан өтіп, бүгінде Алматы қаласында «Құс Жолы» қайырымдылық қорының комиссия отырысымен мақұлданды. Сондай-ақ, Бектұрсын Ақбергенов (1977 жылы туылған, 2-топтағы мүгедек) Жалағаш ауданы Шәменов ауылында компьютерлік қызмет көрсеткісі келеді. Ауылда мұғалімдерге, тұрғындарға реферат, ксерокөшірме, буклеттер шығару арқылы бір кәсіппен шұғылданбақ ойы бар. Ал, 1- топ мүгедегі, 27 жастағы Мөлдір Абдраманова өзінің екі аяғының жансыз болғанына қарамастан, кәсіпкерлік қызметпен айналысып келеді. Ол өзінің денсаулық жағдайына ыңғайлы кәсіпті таңдап, 2010 жылдан бастап үйінен комьютерлік қызмет көрсетуді бастаған. Демеушілік көмектің арқасында 5 мүмкіндігі шектеулі жан өз өтініштері бойынша қажетті құрал-жабдықтарын алды. Игі істерге ниеті ашық, жомарт жүректі жеке кәсіпкер Шамсудин Курбановқа филиал ұжымы алғысын білдіріп, алғыс хатын табыстады. - Тағдыр тауқыметін арқалай жүрсе де өзгелермен терезесі тең дәрежеде өмір сүруге талпынған осындай жандарға көрсетілетін көмек жалғасын таба бермек. Ал жаңа құралдар арқылы табысы молайып, тұрмысы түзелуіне септігі тиіп жатса, мақсатымыздың орындалғаны, - дейді «Даму» қорының Қызылорда филиалы директоры Ж.Матаев. Сонымен қатар, 29 маусым күні «Даму» қорының Қызылорда филиалымен 35 мүмкіндігі шектеулі жандардан көмек көрсету туралы өтініштері қабылданып, соның ішінде 25 мүмкіндігі шектеулі жанға қаржылай көмек көрсетілді. |