Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 04 Шілде 2012

«АЛТЫН ОРДА» МҰРАГЕРІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Ой-талқы
05.07.2012 11:51

Тарихи  таным

Христиан әулиелерінің бірі Матфей­дің туған жерінде топырақ бұйырмай Ыстықкөл жағасында жерленуі нені білді­реді? Осы жөнінде Қайрат Закирьянов жазады: «В некоторых финских изда­ниях «Евангелие от Матфея», это историческое произведение называют «Еванге­лием от Матая». По данным источников, апостол Матвей – Матай в соответствии со своим завещанием похоронен в монастыре на берегу озера Иссык-куль» («Под знаком Волка: тюркская рапсодия», стр. 48.). Соған қарағанда, Орта Азияда зароастризм, манихей, будда, христиан діні­нің тармағы несториан (авт. – Европа ғалымдарының жазуы бо­йынша) болғанын да археологиялық қазба жұмыстары кезінде шіркеулердің орнын, Алтайдан Дунайға дейінгі аралықта кө­не обалардан табылған крестердің шы­ғуын ға­лымдар дә­лелдеп отыр. Европа христиан дінін қа­был­дамай тұрып-ақ, Орта Азияда тәңір діні­нің әртүрлі тармақтары, ағымдары болғанын байқауға болады. Христиан діні­нің несториандық дінінің айқын бір дәлелі, жоғарыда айтылған әулие Матфейдің (Матай) Ыстықкөл жағасына жерленуі. Ал Матай – найман руының белді бір аталығы. Сонда Матфей түркі болып шықпай ма?

К.Каутский Англия тарихшысы Эд­уарт Гиббонның шығармасынан («История упадка и разрушения Римской империи») мысал келтіре­ді: «Уже в конце XVIII столетия­ с тоской иронией указал на пора­зительное явление, что ни один из современников Христа­ не упоминает о нем, хотя он, по-видимому, совершил так много замечательного» («Происхождение христианства», Москва, 1990 г., стр. 35).

«Апостольские правила и чины, на которых построена христианская церковь, написаны в VI веке рукою степного епископа Дионисия Малого. «Скифский аббат», как называли его в Европе, предложил ей и новое летоисчисление – «от воплощения Господа» (М.Аджи, «Тайна святого Георгия», Алматы, 1997 г., стр. 22). М.Аджидің ойын ары қарай жалғастырғандай Ақселеу Сейдімбек: «Біздің заманның 533 жылы Римде өткен бір діни жиында жыл есебін Христостың туған күнінен бастау жө­нінде пәтуаға келеді. Бұған дейін жыл санау Диоклетиан календары бойынша жүргізіле­тін. Ал Диоклетиан болса, хрис­тиан дініне қарсы адам. Жиынға қатысушылар біраз сасайын деді. Скиф даласынан шыққан, жеті жұрттың тілін білетін Диуана (римдіктер Кішкене Дионисий деп атаған) отырып: «Мен есептеп шығардым, Христостың туғанына 532 жыл болыпты», - деген. Сол жылы 532 жыл, келесі жыл 533 болып, осы ретпен күні бүгінге дейін жалғасуда.

19 саны Ай дөңгелегі деп аталады. Әрбір 19 жылда ай орағының фазалары қайталанып, айдың сол күніне келіп отырады. 28 саны Күн дөңгеле­гі деп аталады. Әрбір 28 жылда апта күндері қайталанып, ай­дың сол күніне келіп отырады. Айдың фазасы, ай мен аптаның күндері – үшеуі қатарынан қайталану үшін (19х28) 532 жыл өту керек» - деп жазады («Қазақ әлемі» , Алматы, 1997 ж., 318, 319-бет). Григориан күнтізбесі бойынша жыл санауды скиф даласынан шыққан бабамыз есептеп бергенін көшпенділерді менсінбей «варварлар» деп атаған европалықтар мойындап отыр.

Физика-математика ғылымдарының докторы А.Т.Фоменко: «Начиная с Евсевия и Иеронима (IV в.н.э.), почти все хронологи вплоть до XVI-XVII в.в. были либо верующими людьми, либо занимали официальные церковные посты (епископ Иероним, епископ Феофил, Архиепископ Джеймс Ашер, богослов И.Скалигер и т.д.). Европаның, Русьтің тарихын, шір­кеу священиктері жазғанын жалғыз Т.Фоменко емес, батыс тарихшылары да мойындап отыр. Терри Джонс, Алан Эрейраның «Варвары против Рима» деген кітабында мынадай жолдар бар: «Католическая церковь создали для нас историю. Римляне уже фальсифицировали картину завоеванного ими мира. Теперь церковь управляла историей, сохраняя одни тексты, уничтожая другие и создавая новые» (Москва, 2010, стр. 324).

«Церкви Рима, Византии заинтересованно проводили с ними активную работу по привлечению их в христианство. Предоставлялись им огромные льготы. Под строительство монастырей выделялись участки, с прихожан снимали огромные деньги» деп жазды Т.Қуанғанов («Ари-Гун», стр. 406). Л.Гумилев жазады: «Наконец, в-четвертых, но это, может быть, самое­ важное, орда не ставила своей целью разрушать храмы и демонстрировала традиционную для подобных государств веротерпимость. Православная религия всемерно поддерживалась, церковь и священ­нослужители были полностью освобождены от уплаты налогов (Л.Гумилев, «Черная легенда», Москва, 1994 г. ).

«Золотой век православия на Руси совпал с монгольским владычеством. «Яса Чингисхана» предоставляла Москве защиту и освобождение от дани и податей в обмен на обещание­ молиться за хана и его семейс­тво. В XIV веке русские выстроили у себя столько же монас­тырей, сколько их было построено в стране за четыре века, прошедшие двести с лишним монастырей. Русской церкви тогда не было в природе, она образовалась только в 1589 году, через сто с лишним лет после так называемого татаро-монгольского ига» (М.Аджи, «Европа, тюрки, Великая Степь», стр. 298, 299).

«На Киевской Руси говорили и молились на тюркском языке. Вплоть до церковного раскола в XVII веке, когда греки­ навязали Русской церкви прозападные нововведения, христианство в России берегло свои древние степные традиции» (М.Аджи, «Тайна святого Георгия», Алматы, 1997 г., стр. 22). Мурат Аджи жазады: «Молитвы в Москве и на Руси читали на тюркском языке. Все богослужение вели на нем. В XVI веке греки надоумили русских князей, как захватить Степь – через церковь. Борис Годунов, выходец из степи, прекрасно знавший тюркские традиции, избавившись от Федора, наз­вал себя «русским царем», показав качества энергичного политика. Он обратился к греческим пастырям и доверил им за «щедрые милостыни» (так записано в документе) оформить не вполне законную сделку. Четыре греческие патриарха, даже не читая бумаг (их не успе­ли перевести), поставили подписи на русском оригинале. Они признали равным себе пятое лицо-патриарха Московского. Все! Ничего другого не требовалось. Русская церковь состоялась, она вышла на международную арену и формально обрела такие же право, что и тюркская. Русь уверовала в свою роль правопреемницы Византии и владыки православного мира» («Европа, тюрки, Великая Степь», стр. 300, 301). Борис Годуновтың іскер­лігін, саясаткерлігін, орыс елінің болашағын болжай біл­генін, келешекте ұлы империя болатынын сезгенін осыдан-ақ көруге болады.

«Когда отмечали 1500-летие со дня основания Киева, извлекали из архивов монастыря старую Библию и по ней читали слова древнеправославной молитвы Киевской Руси. Речь транслировалась по телевизору и радио, ее слышали все, слова были понятны лю­бо­му человеку, знакомому с тюркс­кой речью «Ходай алдында бетен адэм ачык болсун». Дословно перевод этой фразы означает: «Пусть каждый предстанет перед богом с открытой душой (лицом). Эти материалы хранятся в архивах святых собор­ов Киева», - деп жазады Т.Қуан­ғанов. («Ари-Гун», стр. 406) Ал христиан деген аттың өзі қалай шыққаны, моңғол мемлекетінің кезінде Русь шір­кеулерінің қандай жеңілдікте болғаны жөнінде Г.Вернад­ский: «В Восточной Руси примерно с середины XIV в., сельс­ких жителей называли просто «крестьяне» (или христиане). Согласно Петру Струве, новый термин ввела церковь. И дейс­твительно, самый ранний восточнорусский документ, использующий слово «христиане» в значении «земледельцы», - грамота митрополита Кип­риана монастырю Св. Конс­тантина (1391 г.). В ней он называет так арендаторов монастырских земель, монастыри к этому времени владели значительной долей земель Восточной Руси. К 1500 г. статус монастырских крестьян приблизился к статусу крестьян других­ категорий. В средневековой Руси, как и на средневековом Западе, главную роль в духовной жизни нации играла хрис­тианская церковь.  Как Менгу – Тимур (1267- ???) выдал русс­ким церковным властям охранную грамоту... по прошес­твии времени в некоторых отношениях она стала даже сильнее, чем до монгольс­кого нашествия. Только в монгольский период сельское население Вос­точной Руси было более основательно христианизировано. Было организовано несколько новых епархий, четыре в Восточной Руси, две в западной Руси и одна в Сарае. Количес­тво церквей и монастырей пос­тоянно увеличивалось, особенно после 1350 г.» (Г.Вернадский, «Монголы и Русь», Москва, 2011 г., стр. 401, 402, 403, 404, 405). Г.Вернадский орыстардың татар-моңғол «езгісінде» болған кезін жазып отыр. Ал орыстар өз отарларына, соның ішінде қазақтарға осыншама жақсылық жасады ма екен? XVII ға­сырда орыс православиесі шір­кеулерінде реформа басталды. Орыс шіркеуі екіге бөлінді. Осы жөнінде Қ.Серікбаев: «В русском православии из-за изменения обрядов церкви и исправлений церковных книг, произошел раскол. Так появилось роскольничество (старообрядничество), которое ратовало за прежние каноны и непримиримо относилось к церковным реформам. Раскольники подверглись гонениям…», - деп жазады («Тайны тысячелетий тюркского мира», стр. 94). Испан саяхатшысы Темір мемлекетіне барғанда көрген-біл­гендерін жазған. «Тмаурбек (Темур) отдал приказ устроить пир, так как хотел принять пос­лов, прибывших из земель, граничащих с владениеми Катая (Китай) и прежде относивщихся к нему. Были они христиане, наподобие катайских, и они прислали посольство, чтобы просить (Тамурбека) дать им в правители и  повелители одного из внуков сеньора Тотамиха (Токтамыша), бывшего императора в Тарталии (Алтын Орда) и находившего принем» (Клавихо Руи Гонсалес де, «Дневник путешествия в Самарканд ко двору Тимура», «Тамерлан», Москва, 1992 г., стр. 313, 314). Көгілдір экраннан Шыңғыс хан туралы көрсеті­лімде Найман және Керей тайпалары (авт. – түркі тайпаларының көпшілігі) мойындарына крес тағып жүреді. Ал бізге хрис­тиан дінінің несториандық ағымы батыстан келді деп түсіндірілді. Батыс саяхатшысы Плано Карпини, Гильом де Рубрук, Марко Полоның жаз­ғандарын пайдаланып Лев Гумилев «Поиски вымышленного царства» атты кітап жазды. Шындығында солай болған ба? Осы жайында Қанат Серікбаев былай дейді: «Папа Римский Павел II (авт. 18.05.1920-02.04.2005 ж.ж., 2001 жылы  22 қыркүйекте Қазақстанға келді) перед смертью попросил у человечество извинения за греки Католической церкви перед людьми. Папа Римский Павел II принес официальное извинение и христианам несторианского толка, которые как и тенгрианцы поклонялись Единому Богу, не признавая Иисуса за Бога. А нам известно, что тенгрианцев некоторых тюркс­ких племен Центральной Азии ошибочно называли несторианами» («Тайны тысячелетий тюркс­кого мира», стр. 96, 98). Католик шіркеуінің істеген күнәларына, Павел II-нің 431 жылдан бастап қудалауға түс­кен христиандық діннің несториандық ағымынан, несто­риандық діндегілерден кеші­рім сұрауы, Ватиканның Тәңір дінін мойындауы. XII ғасырда көптеген түркі тайпаларының тәңір дінін ұстап, ислам дініне кірмегенін байқауға болады. Қазақстандағы көне қалалардың орнынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде шір­кеулер орны табылғаны осының айғағы. Жоғарыда Ә.Марғұлан атындағы археология инс­титутының директоры, академик Карл Байпақовтың еңбегінен («Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути») мысалдар келтір­дім, христиан дінінің несто­риандық ағымы жөніндегі оның ойлары кешегі КСРО-ның қалыптастырып кеткен көшпенділер жайындағы көз­қарасы деп түсіну керек. Қ.Серікбаев жазады: «Когда в 1735 году, Российская Академия наук решил напечатать новую «русскую летопись», то этому тогда воспротивился Святейший Синод Руси, честно признав и заявив о том, что в летописах «не малое число лжей и басен» («Тайны тысячелетий тюркского мира», стр. 266). КСРО-ның пайдаланып келген көшпенділер жайындағы концепциясы, қол астындағы халықтардың тарихты зерттейтін ғылыми институттары КСРО-ның қалыптастырған көзқарасының айналасынан шыға алмады. Сондықтан да христиан дінінің несториандық ағымы Ұлы Далаға, түркі­лерге батыстан келді дейтіні. Қазақстанның батыс өңірін­дегі қазақтар 22 науырызды 14-інен бастап қарсы алады. Олар көрі­су деп атайды. Не себепті? Себе­бі көне діннің бірі – мани­хей дінінде бабаларының болғаны, осы дінді таратушы Манидің б.з.к. 201 жылы 14 нау­рызда туған күні, сол күнді көрісу деп атайтынын екінің бірі білмейді. Ұлы Дала тәңір дінінде болды, ислам діні арабтардың Орта Азияны жаулап алуынан басталды. IX-X ғасырлардан бастап ислам дінінің қалай пайда болғаны туралы Ә.Қоңыратбаев: «Ислам дінін 965 жылы Абдал Керім Сатұқ Бұғарахан (кейінгі Қарахандар) қабылдаған десек, Оғызнама аңызын ислам рухында хатқа түсіргендер де солар еді. Сырдағы Жент сейілхандары (авт. – азербайжан) ислам дінін 956 жылы, Қашқария ұйғырлары 963 жылы қабылдады. Еділдегі пешенелер исламды 923 жылы алған еді. Сыр мен Жетісуға ислам дінінің келуі «оғыз» этносының бүлінуіне себеп болған еді. Осы кезеңде Сырда салор мен сейілхан, Еділде пешене мен солор жауласады. Сонымен оғыз одағы Жетісуда да, Сыр бойында да бекімейді» («Көне мәдениет жазбалары», 112-бет).

Алтын Орда мемлекетінің кезінде ислам дінінің етек жаюы Алтын Орда ханы Өз­бектен басталды. «Узбек был мусульманином (1313-1341 г.г.). С его восхождением на трон ислам стал официальной религией при ханском дворе и постепенно был принят большинством монгольских и тюркских подчиненных хана». «Наследник традиций хана Берке – Узбек проявил себе как крайне жестокий правитель. Приняв ислам, он под страхом смерьтной казни потребовал того же всех своих подданных. Дотоле репрессии по рели­гиозным мотивам в Орде никогда не применялись, поэтому не было ничего удивительного в том, что многие отказались принять «веру арабов». Ведь, по Ясе Чингисхана, хан не мог вмешиваться в вопросы веры, а свобода совести всегда понималась монголами как личная свобода человека. Узбек без колебаний отверг этот принцип все, отказавшиеся обратиться в мусульманство, в том числе 70 ца­ревичей Чингизидов, были казнены. Но большому количеству татар (христиан и язычников), отказавшихся принять ислам, удолось уехать на Русь и при Узбеке и впоследствии», - деп жазды Г.Вернадский («Монголы и Русь», Москва, 2011 г., стр. 214).

Ислам дінінің XIX ғасырда қазақ жерінде толық тарамағанын, олардың әлі де тәңіршіл­дікке сенетінін Шоқан Уәлиханов «Сахарадағы мұсылмандық туралы» деген жазбасында: «Мұсылмандық әзірше біздің сүйегіміз бен қанымызға сіңіп бола қойған жоқ. Ол бізге келе­шекте халықты ыдырату қаупін төндірмек. Қазақтардың арасында әлі Мұхамедтің атын білмейтіндері көп. Қасиетті Нестор заманында Русьте болғаны сияқты, енді біздің сахарада қазір қос дін дәуірі болып тұр», -  деп жазды («Таңдамалы», Алматы, 1985 ж., 197-бет). Шоқан айтқан қос діннің бірі түркілердің Тәңір діні әлі де түркілердің салт-дәстүр­лерінде кездеседі. Қ.Серік­баев: «О.Билялов, исследуя тенгрианство пишет, что казахи, истинной верой которых являет­ся тенгрианство стали манкуртами, зомби забывшие свое прош­лое, не знающие, что такое самоуважение» («Тайны тысячелетий тюркского мира», Алматы, 2011 г., стр. 55) деп жазуы өткенімізден алшақтап бара жатқанымызды көрсетпей ме?!

Қорытынды: Алтын Орданың қол астында болған Орыс мемлекеті түркінің Тәңір (православие) дінін қабылдаса, Ұлы Даланың қара шаңырағында қалған, қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, әзербайжан, татарлар бағзы заманнан бабалары пайдаланып, сеніп келген Тәңір дінін ұмытып, Ислам дінін уағыздауда. Шоқан жазғандай, ол «сүйегіміз бен қанымызға» сіңуде... Ал XVII ғасырға дейін Орыс шіркеуінде оқылған «Ходай алдында бетен адэм ачык болсун» деген сөз кез келген түркіге түсінікті емес пе? Ресей, Грекия, Болгария, Молдова, Украи­на, Белоруссия, Румыния, Сербия, Македония, Грузия, т.б. халқы негізінен православие дінін ұстанады. Ұлы Даланың қара шаңы­рағында қалған Қазақ мемлекеті егемендік алғаннан кейін әлем діндерінің Астанада бас қосуы – Ұлы Даланың Тәңір дінінде болғанының айғағы.

Әлібек  САБЫРБАЕВ,

инженер-гидротехник

(Соңы. Басы өткен сандарда.)

 


ШАЙТАНМЕН КЕЛІСІМГЕ КЕЛГЕН ӘУЛИЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
05.07.2012 11:48

Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылының жанында «Тыраңбай» қорымы орналасқан. Тыраң­бай әулие бастаған бір тайпа ел жатқан бейіттің бұл маңға шоғырлануының өзін­дік құпиясы да бар. Әке-шешеден жетім қалған әулие о дүниеге аттанар шағында ауыл жанындағы сайға жерлеуді өтінген екен. Үлкен сайдың шеңгел басқа­н төбесіне жал­ғыз өзін жерлеуді әбес көрген жұрт әбден тығырыққа тірелген көрінеді. Кейіннен Тыраңбай өзінен соң бір күнде бес кемпір жарық дүниемен қоштасатынын, оларды да жа­ны­на жер­леуді сұраған. Хәл үс­тінде жатып, соңғы демінде айтқан ақтық сөзіне орай сол маңға жерлейді. Әулиенің сөзіне сай, арада көп уақыт өтпей-ақ, ауылдан бес бірдей жаназа шығыпты. Бұл Тыраңбай әулиенің көріп­келдігі әрі бір ғана кереметі еді.

 

Жалпы, әулиенің есімі елге таңсық. Тек Ақтөбе ауылы жұрт­шылығына таныс болуы да мүм­кін. Бұл кісінің керемет оқиға­лары жөнінде менің анам айтып отыратын. Ол кісінің көзін көр­ген қарт анам бір әңгі­месінде оның «шайтанмен келі­сім» жасасқаны туралы айтып­ бергені бар-тын. Шеше­сін о дүниеге аттан­дырған Тыраңбай ескі үйінің маңында күнделікті тір­лігімен әуре болып жүргенде, аула маңындағы қалың жыныстың арасында өзін мазақ еткен сары қыздарды көреді. Ол кезде әулиенің жасы 16-18 жаста екен. Әлгі қыздардың маңына жақындаса өзін мазақ етіп, қашып кете­тін көрінеді. Ішкі жан қайғысымен әуре болып жүрген боз­бала мыналардың мазағ­ына төзе алмай­ды. Бірде әлгі қыздарды ұстап алып, сіле­сін қатыра ұрады. Тіпті, олардың сөзін ала­ды­. Сары қыздар оның басқан ізін баспайтын, жүрген жерінде жүрмейтін болып антын беред­і. Бұл жай қыздар емес-тін. Тыраңбай әулиені адас­тыруға, қанында бар әулие­ліктен шатастыруға келген Ібілістің ізбасарлары екен. Сонан кейін Тыраңбай әулие ауырған адамны­ң, дүниеге нәрестесін әкеле алмай жат­қан әйелдің жа­нына келсе, қиналғандар ауруынан ада бола­ды  екен.

Өмірінің соңына дейін әкем мен шешемнің қонағы болған Тыраңбай әулие жайлы­ қызықты әңгімелер жетерлік. Шайтанмен келісім жасау тек нағыз әулиенің қолынан келе­ді. Демек, Ты­раң­бай нағыз әулие деуге тұрарлық.

Гүлшат  ЕРМАХАНОВА

 


АТОМ БОМБАСЫ бізге дейін болған ба?! PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
05.07.2012 11:46

Адамзат баласының қайдан, қалай және қашан пайда болғаны жөніндегі сауалдарға жауап­ іздеген ғалымдар тың дәйектер тауып келеді. Күні кешеге дейін Ч.Дарвиннің іліміне сүйенген­ «маймылдан жаратылған саналы адам» принципінің ауылы алыстап барады. Соңғы үш-төрт жылдың көлемінде француздар мен НАСА ғалымдарының зерттеуі бойынша «жұмырбас­тылар маймылдың ізбасары емес» деген тұжырым жасалды. Олардың сөзіне сенсек, адамзат жерде өмір сүріп жатқан төртінші түр (расса) екен. Яғни, бізге дейінгі мәдениеттер атымен жойылып, оның орнын адамдар басқан көрінеді.

Бір жағынан ғалымдардың ойы Ли Кэрролл, Джен Тоубер­лердің қолданысымызға енгізген «индиго» кезеңі мен ежелгі дәуірлердегі мифтердің арқауы болған­ титан, атланттардың барын қуаттауда. Бұл – өзінше бір мәселе. Ғалымдар бізге дейінгілердің жойылып кетуінің себебін іздестіру барысында жер шарындағы алыптардың өліміне атом бомбасы әсер еткен деген тұжырым жасайды. Ғалымдардың тарихи оқиғалардың болу-болмауын дәлелдеу үшін әдебиетке сүйенетіні белгілі. Бұл фактіге де дәлелдер әлемнің төрт бұрышындағы халықтардың аңыздарынан алынып отыр. Африкалық пигмейлердің аңызына көз салсақ, «аспанда көтерілген алып жалын» туралы хикаялар жиі айтылады екен. Шынына келер болсақ, біздің, яғни адамдардың қолы жаппай қырып-жою қаруы­на екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жеткенін бәріміз де білеміз. Ал, атом бомбасы бізге дейін болды дегенге кім сенсін? Бірақ, ға­лымдардың пікірі бізге дейінгі алыптар мәдение­ті зұлмат жарылыстан жойылды дегеннен танбай­ отыр.

Жер бетінде бес мың жыл бұрын алып жалынды саңырауқұлақ бой көтеріп, ғаламды қырғынға ұшыратты деген пікір құлағымызға түрпідей тиеді. Шындығында француз ғалымдары Мохенджо-Даро қаласының орнынан бес мың жыл бұрын жарылған атом бомбасының қалдығын тап­қан. Үлкен кратер алыптар соғысының дәлелі болып отыр. Харапстық мәдениеттің жойылуына­ себеп болған жағдай бізге дейінгі түрлердің соғы­сынан туындаған. Бір жағынан алып қарасақ, кеше­гі қырғиқабақ соғыстың нәтижесінде адамзат баласы өмір сүруін тоқтата жаздады. Қос әлем­дік держава қолдағы бар әскери қуатын бір-біріне кезеніп, соғысқа дайын отырды. Тарихшылар мен әскери мамандардың сөздеріне ден қойсақ, алып мемлекеттерде жер шарын күл етер қару бар көрі­неді. Бізге дейінгі алыптар мәдениеті өмірін тоқтатқан Мохенджо-Даро қаласының қирандыларынан топырақ пен минералдық заттардың мыңдаған градус ыстықтан шыныға айналған қалдықтары табылған. Италия ғалымдары титандар соғысы­нда жарылған қырып-жою қаруының температурасы 1500 градусқа жеткенін айтып отыр. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары әлемнің көптеген шөлейтті далаларында зерттеу жүргізген Н.К.Рерих Гоби шөлі, Таяу Шығыс жерлерінде, өзге де шөлді аймақтардың отыз мың жыл бұрын планетамыздағы құрғақ жердің 70 пайызын шарпы­ған оттан пайда болғанын дәлелдеген.

Бұл – атом соғысының бір ғана дәлелі. Жердің пайда болуы мен тіршілігі жайында зерттеу жүргізіп жүрген ізденушілер жер бетінде Мохенджо-Даро қаласындағы радиацияның мөлшерін жер шарының өзге де аймақтарынан тапқан. Ғалымдардың көзіне шалынған жүзден астам кратерлердің дені Оңтүстік Афри­ка мен Латын Америкасында шоғырланған. Әрқайсысында 5000 Мт қуатты бомба жарылған кратерлердің диаметрі – 2-3 км көлемінде. Маялықтардың «Кодекс Рио» ескерткішінде «Жалын «үш күн және үш түн» шарпыды» делінсе, африкалық пигмейлердің аңыздарында «алып саңырауқұлақ» жайлы әңгімелер кездеседі. Ал, «Брахмалық Рамаянеде» «Жан-жаққа шашыраған алып жалынның жарығы күннен 10000 есе жарық. Түтіні жоқ от бүкіл халықты жоюға ұмтылды. Аман қалғандарының тырнағы, шашы түсіп, азық жарамсыз болып қалды» деген сөздер атом бомбасының жарылғандығын дәйектейді. Алып саңырауқұлақ жайында «Библияда», «Пуринахта», «Махабхарата» эпостарында суреттелсе, үндістердің чироки тайпасында және өзге де ұлттардың ежелгі аңыздарында бой көрсетеді. Шынында ежелгі дүние тарихы халықтардың аңыз-әңгімелерінен бастау алатыны белгілі. Әлемнің әр бұрышындағы әрі бір-бірімен байла­ныс орнатылмаған халықтардың аңыздары атом бомбасының саналы адам пайда болғанша қолданылғанын дәлелдеуде.

Сол атом бомбасының әсерінен жер бетінде мутациялану әрекеті жүрген. Алыптар кішірейіп, ұрпақтары аласа бойлыға айналған. Ғалымдардың сөзіне сенсек, алыптар соғысындағы атом бомбасының радиациясы әсерінен моңголоидттықтар пайда болыпты. Тіпті, олардың қанында бар радиация мөлшері әлі де мутациялану проце­сін жүргізуде екен. Демек, Орта Азияны мекендеуші халықтар «Титандар» соғысының әсерінен пайда болған екен. Бірақ, бұл шындық па, жалған­ ба, оны дөп басып айту – уақыттың еншісінде.

Д.САДЫҚ

 


СЫРДЫҢ СЫРШЫЛ АҚЫНЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
05.07.2012 11:34

Замандас келбеті

Біз Махмұтбай Әміреевті сол өт­кен ғасырдың 60-жылдарында Қызылорда пединс­титутында оқып жүргенде тани бастадық. Олар бізден бір курс жоғары оқыды, бірақ факуль­тетіміз бір болды (Тіл-әдебиет факультеті, қазақ тілі мен әдебиет бөлімі). Орыс бөлімі де бар бо­латын. Атабай, Алматбай, Балашбек, Мах­мұтбай, Молдарай, Мырзалы, Шаймерден – бәрі де сайдың тасындай жігіттер, бірге оқып, бірге жүретін. Өздері белсенді, өнерлі, студенттер арасында ерекшеленетін.

Біздің де олармен тобымыз, мамандығымыз бірдей, әрі тете курс болған соң ба, қатты болмаса да біршама таныстығымыз, аралас-құраласымыз болды. Оның үстіне, бізбен бірге Сардар, Жамбыл, Өтеп, Бақназар, Жақсыбай сияқты Махаңның ауылдас­тары, жерлестері оқыды.

Студенттік жылдарда-ақ Махаң – Махмұтбай, Балашбектер ақындығымен, Мыр­залы әншілігімен, Молдарай суретш­ілігімен (фото), Шаймерден – спортшы (жүйрік), ал Атабай белсенді жан-жақтылығымен көзге түсетін.

Шындығына келсек, біз Махаңмен институт бітіріп кеткен соң, әскерге (бір жылға) бірге барып, біраз уақыт бір бөлімде бірге қызмет еткен кезде тереңірек, жақынырақ араластық. Ол кезде пединститут бітіргендерді бір жылға әскерге алатын (әскери кафедрасы жоқ). Сөйтіп біздер (пед­институтты 1964-1965 жыл­дары бітірген 5-6 жігіт) әскерге­ аттанғанбыз. Әуелі бөліп-бөліп жіберді де, кейіннен бірге болдық. Сол кездегі Горький облысының Городец ау­данындағы ракеталық әскери бөлімде ефрейтор Мырзалы Есқабылов бастап офицерлік курста болғанымызды, сонда жүріп аймақтық өнер фести­валіне қатысып өнер көрсеткенімізді, т.б. қызықты оқиға­ларға кезіккенімізді Махаңмен, Нұрашпен, Ибрагиммен әр кездескен сайын еске алып, күліп жатамыз. Айтатыны жоқ, аз уақыт болса да әскердегі өмір өз алдына бір дастан десе болады (бұл жайлы Мақаң кезінде қысқа да болса жазды).

Өзі Махаң да, біздің Әсекең де (Әскербек) мұғалім­дік мамандықты мұрат тұт­пады да, сол күйі газет ісімен, журналистік қызметпен кетті де, сол саланың мамандары болып қалыптасты. Солай бола жүре, олар табиғи талант­тарымен бүкіл Сыр еліне белгілі мықты ақындар болып танылды.

Махаң көп жыл аудандық “Сырдария” газетінде бас редакт­ор болып қызмет атқарса, кейінгі жылдары облыс мұғалімдерінің “Сыр мекте­бі”, облыс ардагерлерінің “Сыр ардагері” газеттерінің бас редакторының қызметінде жемісті еңбек етіп келеді. Атал­ған қос газет салалық мазмұн­да болғанымен, облыс көлемінде нағыз сұранысқа ие, беделді басылымдар қа­тарында  келеді.

Кезінде қазақтың көрнекті ақыны, халық жазушысы Тұмағаң – Тұманбай Мол­да­ғалиев ағамыз тұсауын кескен Махаң – бүгінде бүкіл елімізге­ танымал, Сыр елінің маңдайалды ақыны, қаламы жүйрік жорналшысы. Махаңның сол Тұмағаңмен ағалы-інілік досты­ғының, сыйластығының өзін ұстазы мен шәкіртінің арасындағы ерекшелеп атауға болатын ыстық ықылас, қа­дір­лі қарым-қатынас деп білеміз, әрине.

Ақын ағаның – Махаңның ел Тәуелсіздігіне, еліміздегі үлкен де маңызды саяси оқи­ғаларға, өзекті мәселелерге байланысты, сондай-ақ Елбасының саясаткерлігін, көрегендігін паш ететін толғау-өлеңдерінің еліміздің бас газет­і “Егемен Қазақстанның” бірінші бетінде әрдайым жария­ланып жатуын біз үлкен жетістік, биік абырой деп есептеп, сырттан марқайып жүреміз.

Ақынның алғаш жарық көрген “Жүзім бағы”, “Қызыл жыңғыл” өлеңдер жинақтарынан бастап, оннан астам өлең кітаптарының өмірге келуі Махаңның көп жылғы шығармашылық еңбегінің жемісі десек­, өткен жылдары “Сырдария кітапханасы” бағдарламасы арқылы шығарылып, оқырманға жол тартқан жинағының орны, әрине, бір бөлек.

Махаңның студент кезінен тағы бір ерекшелігі сол, оның ән мәтінін жазуға сазгерлермен шығармашылық байланыс орнатуға төселген ақындардың бірі бола алғандығында десек болады. Махаң өлеңін жазған сазгерлер И.Қалауов, М.Рүстемовтің белгілі әнде­ріне (“Қызылорда вальсі”, “Шалқиды ән”, “Қимаймын”) ел-жұрт, қызылордалықтар құрметпен қарайды. Ал ұстазы Т.Қалауов ағайы екеуі бірігіп жазған (1962 ж.) “Қызылорда вальсі” әні жарты ғасыр бойы Қызылорда облыс­ының әнұранына айналып келгенін біз Тәкең мен Махаңның туған еліне деген үлкен сыйы деп білеміз.

Махаң – табиғатында таза, бала көңіл, сырбаз, жаны жаз, өзі де сұлу жан. Адамның қадір-қасиетін бағалай білетін (адамды тани білетін), дос-жа­ранмен сыйласа да, қадірлесе де білетін талғамы жоғары азамат. Махаңның Тұмағаң бастаған көптеген әріптес ақын-жазу­шылармен сыйлас-сыр­ластығынан басқа, Сыр еліндегі белгілі азаматтармен сыйласып, “сіз-біз” десіп келе жат­қанынан да хабардармыз. Облыстың бірінші басшысы болған мемлекет, қоғам қайраткері С.Шаухамановпен, осы Сырдария ауданын жиырма жылға жуық басқарған Е.Жүні­сбаев ағамызбен, Сырдың саңлақ перзенті, облыс көлемінде  басшы қызметтер­де­ болған, екі дүркін Парламент сенатының депутаттығын атқарған О.Сәпиевпен, әрі замандасы, әрі құрдасы, облыстық білім басқармасын жиырма жылға жуық басқарған марқұм Ә.Мүсілімовпен, сол сияқты ел басқарған, замандас қайнағасы, өмірсерігі Гүлекеңнің ағасы М.Исмайловпен сыйласатынын білетінбіз, көргенбіз де.

Махаңның өзі сияқты кең сарайдай үйінде талай болып, кешегі кішкентай, бүгінде ержетіп, үлкен қызметтерде жүрген інілерімізді де білеміз, Гүлекеңнің қою шайын талай рет ішкенбіз де. Сол сияқты Махаңның кезінде менің өмір, еңбек жолым жайлы облы­стық “Сыр бойы” газетіне жазған (9.ХІ.2004 ж.) “Шермағанбетов мектебі” атты жазба-толғауын мен Махаңның біз­бен көп жылғы сыйластық, жолдастық көңілінің ықылас-туындысы деп түсініп, риза болып жүремін.

Махаңның жақында жазып, баспасөзде жарияланған өмірбаяндық “Жеті белес” атты толғауын оқып, 70-ке толып­ жатқан ақынның жетпіс жылдық өмір, еңбек жолы көз алдымыздан өткендей болды.

Махаңа: “Жемісті 70 жас құтты болсын!” дей отырып, ақын досымызға мықты ден­саулық, шалқар шабыт, ұзақ та мазмұнды ғұмыр тілейміз!

Зинабдин ШЕРМҰХАММЕДҰЛЫ,

ардагер-ұстаз,

Жаңақорған ауданының

Құрметті азаматы

 


«ҚЫЗЫЛ ФУРИЯ» ҚАН ҚЫЗДЫРДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
05.07.2012 11:27

Бір айға жуық әлемді ала допқа арбалтқан Еуропа бәсекесі аяқталды. Польша мен Украинаның сегіз қаласында өткен доп додасында «Қызыл фурия» теңдесіз екендігін дәлелдеді. Испаниялықтар кәріқұрлық біріншілігінде топ жарып қана қоймай, тарихқа да өзгерту енгізді.

Шиеленіске толы ширек финалда­н кейін көпшілігі ақтық сында Испания мен Германия кездес­еді деп топшылаған. Осы уақытқа дейін үш трофейді қатарынан ешкім төбелеріне көтеріп көрмегендіктен, немістер финалда испандарды тоқтады деп тон пішілген. Бір жағынан бұл топ­шылаулар ақиқатқа жақын көрін­ген. Германия биыл топ жаруға лайықты команданың бірi еді. Жас ерекшеліктері бойынша ең жас кома­нда болды. Бұл командадағы жұлдыздарды санамалағанша, кім жұлдыз емес екендігін айту оңай. Міне, осындай қауқарлы коман­даны чемпион болады дегенге сен­бегенде­р аз болды. Бірақ жартылай финал­ға оңай шағылар жаңғақтың шықпайтыны белгілі. Жаңа ғана майын тамызып мақтаған немістер итальяндықтарды айналып өте алмады. Ақтық сын жолдамасы үшін қос команда да жанталасты. Матч сайын ойын мәнерін өзгертіп отыратын Италия 2 гол айыр­машылығымен жеңіске жетті. Ал Испания Португалияны әупірімдеп жүріп жеңді. Жексенбі күні түн ауа өткен финалдық ойын­ды барша футбол сүйер қауым асыға күтті.

Ақтық сында Испанияның асығы ал­шысынан түскенін жоғарыда тілге тиек еттік. Тарихқа көз жүгіртсек, Еуропа чемпионатын қатарынан екі рет ешкім ұтпапты. Бұл белес­ті де Испания бағындырды. «Қызыл фурия­ға» қандай мақтау айтсаң да жарасатындай. Тек көпшіліктің көкейінде «Испаия ширек және жартылай финалда неге тамаша ойын өрнегін көрсете алмады?» деген сұрақ сайрап­ тұр. Расында қос кездесуде де үлкен қиыншылықпен жеңіске жетті. Содан болар, испан­дарды көпшілігі тарихқа төңкеріс жасай­ алмайды деп топшылады. Дегенмен, бас бапкер Висенте дель Боскенің бір сау­са­ғын бүгіп жүргенін финалда байқадық. Бас айналдырарлықтай қысқа пастың шеберлері жеңіске жету үшін барын салды. Ойын басталған тұста Италия құрамасының қарқыны өте күшті көрінді. Олар салған жерден Икер Касиляс қорғаған қақпаны нысанаға алып, допты көбірек бақылады. Алайда көп ұзамай қысқа пастармен қарсыласын діңкелететін Испания құрамасы - әлемнің қазіргі уақыттағы үздігі демде түрленіп сала берді. Команданың бас бапкері Висенте дель Боске Италия­ға қарсы бәсекеде осымен екінші рет таза шабуылшыны алғашқы минуттардан алаңға шығармады. Бұл екі ұжым топтық кезеңде­ 1:1 есебімен тең тарқасқан. Шабуыл­шының міндетін жартылай қорғаушылар Давид­ Сильва, Сеск Фабрегас, Хави және Андрес­ Иньеста сынды футболшылар атқарды­. Олар ұйымдастырған шабуылдар Джанлуиджи Буффон қорғаған қақпаны мазалау­мен болды. Алғашқы гол да көп күттірген жоқ. Кездесуде есеп ойынның 14-минутында ашылды. Голдың авторы - Давид­ Сильва. Бұл гол итальяндықтарды жігерлендіре түскендей болған. Бірақ көп ұзамастан Буффон бастаған итальяндықтар жүрісінен жаңылды. Алғашқы тайм аяқталар тұста Хорди Альба есепті еселеді. Алғашқы гол кіргенде өрескел қателік жасаған Кьеллини­ жарақат алып, ойыннан шығып қалды. Ойынның екінші бөлігінде ес жияды деген Италия керісінше құрдымға кетті. Пранделли ойынға қосуға тиісті үш ойыншысын да алмастырып болғаннан соң Тиаго Мотта жарақат алып, итальяндықтарды бір ойыншы кем ойнауға мәжбүр етті. Неміс­тер­дің жүйкесін жұқартып, Нойер қақпасынан екі рет саңылау тапқан Балотеллидің екінші таймда алаңда бар-жоғы білінбеді. Есесіне, тыңнан қосылған Торрес пен Мата қанжығаларын бір-бірден майлап, гол соқты. Ақтық сында дәл мұндай ірі есеп тіркелуі сирек кездес­еді. Негізі итальяндықтардың бұлайша ойсырай ұтылуы - бас бапкер Пренделлидің қателігі. Ойын сайын түрленетін коман­да бұл жолы ашық футбол ойнағысы келді. Бұл тактика «Қызыл фурияның» мықтылы­ғын мо­йындаумен пара-пар. Себе­бі қысқа паспен мезі қылатын шеберлер шоғыры жиналған ұжым өздерінде бар мүмкіндікті толығымен пайдаланды.

Осылайша Испания футбол тарихына бірнеше өзгерістер енгізді. Испания фут­болшылары Еуропа чемпионатының тарихында екiншi рет қатарынан жеңіске жетіп отыр. Алғаш рет сонау 1964 жылы кубокты төбелеріне көтерсе, осыдан төрт жыл бұрын осы трофейді иеленгенін жанкүйерлер ұмыта қойған жоқ. Сол атағын биыл да қорғап­ қалды. 1960 жылдан бастау алатын Еуропа бәсекесінде мұндай нәтижені бірде-бір команда көрсетпеген. Испаниялықтардың ақтық сында ірі есеппен жеңіске жетуін де рекордтар қатарына кіргізуге болады. Себебі­, ең ірі есеп 1972 жылы Бельгия астанасы Брюссельде өткен Еуропа чемпионатының финалында Германия мен СССР құрамасы арасында тіркелген. Ол кездесуде немістер 3:0 есебiмен жеңіске жетті. Байқағандарыңыздай, араға қырық жыл салып испан­иялықтар нәтижені қайталап қоймай, голды артығымен соқты.

“Аdidas” компаниясы Еуропа чемпионатында ең үздiк өнер көрсетiп, мергендiгiмен танылған футболшыға “Алтын бутсы” сыйға тартуды дәстүрге айналдырған. Мәртебелi сыйлықты компания чемпионатта көп гол соққан және алаңда ең аз уақыт ойнаған футбол­шыға бередi. Жалпы, Еуропа чемпио­натында мергендігімен көзге түскен қазіргі УЕФА президенті М.Платенидің ерлігін әзірге ешкім қайталай алмайтын секілді. Ол кезінде бес кездесуде тоғыз гол соғып, тарих­қа өз атын жазды. Биыл бұл нәтиженің мұрты бұзылар деп сенгенбіз. Бірақ, шабуылшылар өз абыройын емес, команданың жеңіске жетуін­ көбірек ойлаған секілді. Сондықтан гол соғудан бұл біріншілікте қара үзіп ешкім шықпады. Негізі бұл атаққа Фернанды Торрес­, ресейлiк Алан Дзагоев, итальяндық Марио Балотелли, немiс Марио Гомес, Португа­лия құрамасының капитаны Криштиану Роналду, хорват Марио Манджукич те үмiттi болған. Аталған ойыншылардың барлығы­ның еншісінде үш голдан бар. Дегенмен­, басты тартыс Гомес пен Торрес арасында өрбiдi. Нәтижесінде испан футбол­шысының  алаңда  ойнаған  уақыты ескерілі­п,  «Алтын бутсы»  Торреске бұйырды­. «Челсидің» шабуылшысы бұл бірін­шілікте  алаңға  екінші таймда қосылып  жүргендіктен, доп теуіп жүрген уақыты аз болды.

Ақтық сында төрелік жасайтын қазылар да марапатсыз қалмайтыны белгілі. Киевте өткен финалда португалдық қазы Педру Проэнса төрелiк еттi. Ол финалдық ойында екi рет сары қағаз көрсеттi. 25-минутта Испания құрамасының қорғаушысы Пикеге, 45-минутта итальяндық Барцальиге ескерту жазды. Бір айта кететіні, Проэнса УЕФА Чемпиондар Лигасының биылғы маусымының финалындағы «Челси» мен «Бавария» кездесуiне де қазылық еткен. Бір жылда екі ақтық сында төрелік етумен ол да өз атын тарихта қалдырды. Ал Андрес Иньеста турнирдің үздік ойыншысы атанды.

 


ШАҺАРДАҒЫ ЖАРҚЫН ІСТЕР PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
05.07.2012 11:21

Пресс-тур

Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық ахуал­ы жылдан­-жылға жақсарып келеді. Облыстың бас шаһары тұрғын­дарында коммуналдық сала бойынша мәселе­ азайды. Қаланың шет аймақтарында тұратын жұртшылық көгілдір отынға қол жеткізді. Бұрын әкімшілік биліктің орталығы болып келген қала бүгінде кәсіпкерліктің де орта­лығына айналды. Елбасының бастамасымен қолға алынған­ кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарлама­ларды жергілікті билік тиімді жүзеге асыруда. Жуырда қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен облыс орталығы­ның­ әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен тұрғындарды таныстыруға бағыт­талған онкүндік пресс-тур ұйымдас­тырылды. Аталмыш шара  аясында бүгінде шаһарда­ жүзеге асып жатқан жарқын істер таныстырылды.

Кәсіпкерлікті қолдау – Елбасының атқарушы билікке міндеттеген тапсырмаларының бірі. Шағын және орта кәсіп­керліктің жұмысын жан­дан­дыру арқылы ел экономикасын арттыру көзделгені анық. Соған­ орай мемлекет басшысы бірнеше бастама жасап­, түрлі бағдарламалар жүзеге асып келеді­. Кәсіпкер­лікті дамытуға, оған деген кедергіні азайтуға бағытталған бастаманың бірі – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы. Бағдар­лама аясында тың тынысын ашқан­ компанияның бірі – «УАД» ЖШС. Қарқынды қуатын қалыптастырған се­ріктестік автомобиль жолына қажетті дайын өнімдерді шығарумен айналысады. Жуырда ашылған асфальт-битум және битум зауыттары өңірімізден өтетін «Батыс Қытай-Батыс Европа» көлік дәлізі арқылы дайын өнімді өзге облыстарға шығаруды жоспарлағанымен, әзірше аталмыш тасжол мен облыс орталығындағы жол­дарды салуға жұмсалуда. Бір сөзбен айтқанда, се­ріктестік мердігер мекемелердің құрылыс жұмыс­тарына қажетті ғана өнімді шығаруда. Қос зауыттың құрылысы 2010 жылы басталған-ды. Жалпы құны 700 млн. теңгені құраған зауыттың жұмысы қыс айларында тоқтайды. Себебі, бұл уақыттарда зауытқа шикізат жиналады. Жаз айларында қыс бойы жеткізілген шикізатты дайын өнімге айналдырады. Шикізаттың жетіспеушілігі ара-тұра болып тұрады. Көбіне гудрон шикізатының болмауы зауытқа кеде­ргісін тигізеді. Бұл өнім тек Ресейде ғана өндіріледі. Зауытқа Ресей­дің Уфа қаласынан жет­кізіліп тұратын көрінеді. Қос зауыттың қондыр­ғылары толықтай автоматтандырылған. Күніне 3000 тонна асфальт өнімін шығар­атын зауытқа мамандар еліміздегі жоғарғы оқу орындарынан алын­ған. Сондай-ақ, зауыттың қондырғылары алынған итальяндық компания қызметкерлерімен бір ай тәжірибе алмасқан.

- Бүгінде зауыт мүлтік­сіз жұмыс жасауда. Компанияның ішкі қажетті­ліктерін өтеп отыр. «Ба­тыс­ Қытай-Батыс Евро­па­» тасжолындағы Тартоғай, Бірқазан ауылдары арасындағы жолды салу­ға зауыт өнімі қолданылуда. Бұл маңдағы жұ­мыстар        80 пайызға аяқ­талған. Ал, облыс орталығындағы Жан­қожа батыр, Астана, Абай көшелеріндегі жөндеу жұ­мыстарына да зауыт өнімі қолданылды. Алдағы уа­қытта өзге облыс­тарға өнім шығармақ ойымы­з да бар, - деді зауыт дирек­торы А.Тұрсын­баев.

Бағдарламаға сай жұмысын жандандырған серіктестіктің бірі - «Aqualine»  ЖШС. Облыс халқын таза ауызсумен қамтамасыз етіп келе жатқан компанияның құрылғанына биыл сегіз жыл толып отыр. Іргетасы қаланып, алғаш таза суды өндірген шағында төрт адам жұмыс жасаса, бүгінде серіктестік қызметкерлерінің саны елуге жеткен. Серіктестік суды 428 метр тереңдіктен өндіреді және оны бес түрлі жағдайда тазартады. Тазартылған су арнай­ы иіс шығармайтын су қорын сақтайтын орындарға құйып сақталады. Сонан соң, тұтынушы сұранысына орай құтылармен жеткізіледі. Құтылар Ресейден алынады, себебі арнайы химиялық жолмен алынған ыдыстар судың мөл­дірлігін көпке дейін сақтайтын көрінеді. Отандық зауыттан алынған құтылардың сыны кетіп, ұзақ уақыт пайдалануға жарамайды. Су зауыты тәулі­гіне 18 литрлік 1600 құты суды тұтынушыға таратады. Тұтынушымен байланыс орнатылған. Сол арқылы таза ауызсу еш­қандай делдалсыз, компанияның тікелей қатынасы арқылы жеткізіледі.

- Бағдарлама аясында Назарбаев университетінде білікті­лігімді арттырып қайттым. Сол арқылы қызметкерлердің тұ­тынушымен сөйлесу мәдение­тін, өз-өзін ұстау тәртібін тексері­п, олардың да тәрбиелік тәр­тібін қадағалап отырамыз. Бүгінде зауыттан екі түрлі дайын­ өнім шығады. Алдағы уақытта бастамаға орай жұмысымызды жандандырып, дайын  өнімнің  сапасымен  қатар саны­н да  арттыруды  көздей­міз, - деді зауыт басшысы Ғ.Жақсылықұлы.

«Сұлтан-Сүйрік» ЖШС-нің тігін өнерін кәсіп еткеніне 13 жылдың жүзі болыпты. Ал­ғаш Астанада жеке кәсіпкерлік ретінде болып құ­рыл­ған кәсіп­орын 2004 жылы Сыр өңіріне келіп, жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігі болып­ қайта құрылды. Тек тұр­мысқа қажетті (көрпе-төсек, перде, т.б.) өнім­дер емес, киім тігуді де бас­таған серіктестік тұтынушыларының саны бүгін­де  14000 адам­ға жеткен. Бағ­дар­ламаға сай тынысын ашып, жұмысын жандандырған компания жуық арада өзге облыстарға өнім шығаруды жос­парлауда. Шикізатты Түркия еліне­н алатын кәсіпорында 35 қызметкер жұмыс жасайды. Бір айта кетерлік жайт, серіктестіктің арнайы сауда нүктелері жоқ. Дайы­н өнімді тұтынушылары тігін цехынан алады­ екен. Жуыр­да бастаған киім тігу ісі әлі де өріс ала қоймаған. Дегенмен, ілгерілеушілік бар. Серік­тестіктің өндіріс жөніндегі дирек­торының сөзі­не сенсек, киім саудасы енді ғана жетіліп келеді. Тұтынушыларға сапалы әрі арзан өнім керек. Соған орай жұмыс жасайтынын жеткізді.

Пресс-тур одан әрі коммуналдық салада жасалған жұ­мыстарды бағдарлаумен жал­ғасты. Қаладағы коммуналдық саланы жаңғырту жұмыстары жылдағыдан өзгеше бағытта жүруде. Биыл тәжірибе­лік бағыт­та Астана мөлтек ау­да­нында жылы су беру мақсат етіліп қойылған-ды. Шыны керек, облыс орталығы тұр­ғындары  жазда түгілі жылу маусы­мында да ыстық суды пайдаланбайды. Кеңес үкіметінде ғана жылы судың шерепетін көрген тұрғындар оның «ауылын» ұмытқалы қашан? Енді жергілікті билік жаңадан салынған аталмыш мөлтек ауданда тәжірибе жүр­гізуде. Тәжірибе ойдағыдай жүзеге асса, қаланың өзге ау­дандарының тұрғындары да жылы суға «қолын малып» оты­рат­ын болады. Астана мөлтек ауданында барлығы 13 көп­қабатты тұрғын үй болса, оның тоғызы жылы суға қосылған. Қалған 4 көпқабатты үйдің қосылмауына тұрғындардың толық қоныстанбауы себеп. Ал, өзге үйлер жылы суды №8 автономды қазандықтан алады. Бағасы да қымбат емес. Жан басына шаққанда текше метріне - 375 теңге. Сәуір айынан­  бері жылы су пайда­ланып отырған тұрғындардың қуа­нышында шек жоқ.

- Міне, жылы сумен ыдысымызды тазартып, жылы суға шайынып жүрміз. Осындай мүм­кіндік жасаған қала әкіміне алғы­сымыз шексіз. Құдай қос­қан қосағым соғыс ардагері. Пәтер алғанымызға көп бола қойған жоқ. Жергілікті билік биыл жылы суымен қуантты, - дейді Астана мөлтек ауданы №4 үйдің тұрғыны Қ.Райым­баева.

Қаланың ауызсу және кәріз жүйелерін жаңғырту жұмыс­тары да қарқынды жүргізілуде. Биылғы жоспарға сай, республикалық бюджеттен бөлінген 1818 млн. теңге игеріледі деп күтілуде. Бұл қаражаттың басым­ бөлігіне тәулігіне 22,5 мың м2 ауызсу өндіретін №1 су сүзгі станциясын, Тасбөгет кентіндегі 6,4 мың м2 су тазалайтын модульді биологиялық сүзгі алаңын, 16 көшенің су жүйесін және 8 көшенің кәріз жүйесін қайта жаңғырту жоспарланған болса, оның 100 млн. теңгесі 2013 жылы атқарылатын жұмыстарды жоспарлауға жұмсалмақ. Көшелердегі кәріз және ауызсу жүйелерін жаңғырту барысында мердігер мекеме тұрғын үйлерге ауызсу желісін жеткізіп береді. Бұл жобаға сәйкес, ақаулардың орын алмауы үшін жасалып жатқан жұмыс екені белгілі. Себебі, ақаудың дені арнайы мамандар емес, қарапайым тұрғындардың су құбыры желісін тесіп, үйіне ауызсу тартып алудан болады екен. Бұл жұмыстар осындай олқылықты болдырмау үшін алға қойылып отыр. Осы коммуналдық жұ­мыстардың барлығына «Ме­лиоратор» ЖШС мердігер деп танылған. М.Мәметова көше­сінің 1,2 км ауызсу жүйесін жаңғ­ыртудан өткізу үшін бюджеттен 30 млн. теңге қаралған. Аталмыш көше жұмыстарының 80 пайыздайы аяқталған. Учаскеде 10 адам, төрт техника жұмыс жасауда. Учаске бастығы А.Қарлықановтың сөзіне сенсек, қайта жаңғырту жұмыс­тары мерзімінде аяқталады.

- Осы кезге дейін ауызсудың қиындығын көрдік. Сыздықтап аққан әрі таттанған суды да місе тұттық. Таза ауызсуға қол жеткізген қала әкіміне алғысымыз шексіз. Енді бізге жетпей тұрғаны - аяқсу. Егер аяқсу мәселесін шешіп берсе, бізде мәселе болмайды, - дейді ардагер Б.Алтынбаев.

Еліміздегі жұмыссыздықты жоюға бағытталған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы да облыс орталығында тиімді жүзеге асуда. Бағдарламаға сәйкес қалада 388 адам жұмыс жасауда. Биыл тағы да 350 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Аталмыш бағдарлама аясында мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан жас маманның бірі - М.Дайраева. Медициналық колледжді тә­мамдаған ол бағдар­ламаның бірінші бағытына сәйкес «Мед­Арт» ЖШС-нен жұмыс тауып отыр.

- Былтырғы жылы бір жас маманды бағдарлама бойынша жұмысқа қабылдап, тәжірибе­сін шыңдаған соң, өзімізде жұ­мыста қалдырдық. Биыл да екі жас маман келіп отыр. Әрине, екеуін де клиникада жұмыста қалдырсақ деген ойымыз бар. Біліктілігі бар жас мамандар кімге де болса керек, - дейді медициналық орталықтың бастығы Б.Қалиев.

Д.САДЫҚ

 


ӨЗI ҚҰРҒАН СЦЕНАРИЙМЕН... PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.07.2012 14:33

Апыр-ай, ә!

Қызылордада ауыл әкімі өзі түсірген мультфильмнің кейіпкеріне айналды. Шенеунік кәсіпкерден жер телімін рәсімдеп беру үшін пара талап еткен.

Оны қылмысының үстінен 28 маусым күні қаржы поли­цейлері қолға түсірді. Облыстың экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департа­ментінің қызметкерлері қомақты ақшаны Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Т.Ермахановтың көлігінен тапқан.­

- 25 маусымда қала тұрғыны Александр Ли қаржы полиция­сына жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімін беру жөніндегі шешім шығару үшін 4 мың АҚШ долларын­, яғни 600 мың теңгені пара ретінде сұрағанын келтіріп, соған­ байланысты ауыл әкіміне шара қолдануды сұраған. Арыз бойынша ұйымдастырылған жедел іздестіру­ шаралары кезін­де 27 маусымда Ермахановтың азамат Лиден­ өзі сұраға­н соманың 150 мыңын алғандығы анықталды, - дейді облыстық прокуратураның басқарма бастығы­ Ерлан Қожанов.­

Ал ертеңіне кездесуге ақшаның қалған бөлігін алу үшін келген екен. Бүгінде әкімнің үстінен Қылмыстық кодекс­тің 311-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Бұл істің тергелу барысы - облыстық прокуратураның бақы­лауында. Ең қызығы, шенеунік осыдан бір-екі ай бұрын коррупциямен күрес туралы мультфильм түсірген екен.

Н.ШАМАУ

 


КЕЛТЕ ҒҰМЫРЛЫ КЕЛІСІМ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.07.2012 14:32

«Көлік сервис» мекемесі рыноктан кетеді­. Осыдан бір жыл бұрын облыс орталығын­дағы маршрут мәселесін шешіп тастайтындай құлшынып келген олар да оңдырмады. Үйіп-төгіп берген уәденің бірі де орындалған жоқ. Халыққа пайдасы тимеге­н мекемемен арадағы келісімшарттың ғұмыры келте болды.

- Біз сіздердің барлық талаптарыңызды орындадық. Бес жыл дедіңіздер, бес жыл уақыт бердік. Өз кезегінде сіздер жылда қоғамдық көліктерді 15-30 пайызға жаңартып тұруға міндеттеме алдыңыздар. Бірақ олардың бірде-бірі орындалған жоқ. Бұл халықтың наразылығын одан сайын өршітіп жіберді. Біздің бар сұрағанымыз – автобустарды жаңарту, олардың интервал сақтауын, жүргізушілердің медициналық, ал көліктердің техникалық бақылаудан өтуін қамтамасыз ету. Басқа ештеңе де емес, - деген қала әкімі Мархабат Жайымбетов бос уәдеге әбден тойған-ау шамасы, әңгімені әрі қарай созудың қажеті болмады.

«Көлік сервис» ЖШС-нің директоры жиналысқа өзінің орынбасары Асқар Пірмағамбетовті жіберіпті. Оның да әкім­нің алдында бас шұлғығаннан басқа амалы жоқ еді. Өйткені халықты алдай алмайсың. Ал «Көлік сервис» мекемесінің орнын кім басатыны шілденің онкүндігінде анық­талмақ. Көп ұзамай қала аумағында жолаушылар тасымалдау қызметін ұйымдастыруға байланысты конкурс жарияланады. Жеңім­паз мекеме шарт міндеттемелері бойынша негізгі 8 рентабельді маршрутқа үлкен сыйым­дылықтағы автобустарды әкелгенге дейін «Көлік сервис» мекемесі халыққа қызмет­ көрсете беретін болады. Осы орайда­ қала басшысы жолаушылар тасымалдайтын көлік жүргізушілері арасында жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізу және заман талабына сай рынокқа жаңа автобустардың әкеліну қажеттігін тиісті сала жетекшіле­рінің қаперіне салды. Ол бойынша арнайы жұмысшы тобы да құрылады.

Н.ШАМАУ

 


Күнтізбе

< Шілде 2012 >
            1
2 3 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары