Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 16 Шілде 2012

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰТҚАРУШЫ ҚАТ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.07.2012 16:12

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасы мен суда құтқару қызметі баспасөз мәслихатын өткізді.

Мамандардың айтуынша, жаз шыққалы «тілсіз жаудан» келетін шығын көбейген. 12 шілдеге дейінгі аралықта 24 адам судың, 9 адам қызыл жалынның құрсауында қалған. Олардың арасында оңы мен солын ажырата білмейтін балалар бар. Жаның түршігеді. Суда құтқару қызметінің бастығы А.Алмашев:

- Орыстардан үйренуіміз керек. Олар қайтеді, балаларын суға әлсін-әлсін түсіріп, дария жағасында демалады. Онда да он-он бес минуттан әріге апармайды. Ал біздің қаракөздер деп айтайық, күні бойы судан шықпауға бар. Баланы бақылау жағы кемшін, - дегенді айтады.

Өрт сөндірушілер алты ай ішінде екі баланың өмірін сақтап қала алмағандарын өкінішпен еске алады.

- Өзіміздің де аяғымыз жетпейтін жерлер бар, - дейді облыстың бас өрт сөндірушісі Ғ.Төрешов. - Шалғай жатқан елді мекендерде біздің қызмет өкілдіктеріміз қарастырылмаған. Алдағы уақытта осындай ауылдардың 16-сында өрт сөндіру бекеттері құрылады деп жоспарлап отырмыз. Қазалы ауданының Шәкен деген жерінде құтқарушылардың уақытылы жете алмауынан мектеп-интернат жатақханасының түгел жанып кеткені бар. Абырой болғанда, адам аман.

Ал Шиелі, Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарында су сақшылары атымен жоқ. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қоғамдық құтқарушыларды кеңінен жұмысқа тарту көзделуде. Алайда, айлық жалақысын азсынып келісе қоймайтын көрінеді көбі. Әзірге небәрі төрт адам ғана жұмыспен қамтылған.

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ

 


317 мемқызметшінің 22 пайызы мүлт кетті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.07.2012 16:11

Осы күні екі-үш жерде оқып, қалтасына қос-қостан диплом басқандардың қарасы өте көп. Қызылордадағы ұзын саны 3 087 мемлекеттік қызметшінің 469-ының екі не одан да көп жоғары білімі бар. Басқалары да «бір жапырақ қағаздан» кенде емес. Мектеп бітіргеннен кейін колледж не университетке мойын бұрмастан, еңбекке араласып кеткен, бүгінде аса жауапты салада дипломсыз жүрген адам облыс бойынша жалғыз екен.

- Оны жұмыстан босатудың ешқандай заңдық негізі жоқ, - дейді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылордадағы бас өкілі Ғалым Тұрсынбаев.

Орнынан қозғайтындай себеп болмаса, жалғыздың жайы түсінікті. Мемлекеттік қызметшілерді кейде «халықтың құлы» дейді. Сол айтылғандай, халықтың көңілінен шығу оңай шаруа емес. Жақпасаң, қайда барып, кімге жүгіну керектігін жақсы біледі. Көзі ашық, көкірегі ояу көптің. Тәртіптік кеңестің қарауына осы жартыжылдықта 204 арыз-шағым келіп түскен болса, оның басым бөлігі қаралған. Мемлекеттік мекемелерге дүркін-дүркін тексерістер ұйымдастырылып тұратыны тағы белгілі. Осылай жан-жақтан қаумалағанда абыройыңа - нұқсан, арыңа - сын, атыңа - кір келмеуіне ең алдымен өзің мүдделісің. Адалдық, тазалық, жауапкершілік сынды адами қасиеттер әркімнің тура жолға бастар темірқазығы болуы тиіс. Ал «Мемлекеттік қызмет», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдар мен Ар-намыс кодексін кез келгені көбейту кестесі сияқты жатқа соғуы тиіс. Алайда... Есепті мерзімде заңбұзушылықтар саны өткен жылғыдан еселеп артып отыр. Тәртіптік кеңестің тәжірибесінде соңғы уақытта қызметіне толық сәйкес емес деп тану және қызметтен босату сынды қатаң шаралар кеңінен қолданыла бастады. Мұны тырнақ астынан кір іздеу һәм біреуді тұқырту деп емес, заң талабының күшейтілгені деп түсінген игі. Тест - мектеп бітірушілермен қатар мемқызметшілердің де білім таразысына айналғалы қашан?! Жыл басынан бері аттестацияға қатысқан 317 адамның 22 пайызы сынақтың бірінші сатысында-ақ өз білімдерін дәлелдей алмай мүлт кетіпті. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері басқармасы заңға байланысты тест сұрақтарын жинақтап, республикада алғаш рет көлемді кітап пен дискіні жарыққа шығарды. Басқарма бастығы Ғ.Тұрсынбаев бұл еңбектің мемлекеттік қызметшілер үшін таптырмас көмекшіге айналарына сенімді. Айтпақшы, мемлекеттік қызметшілерді жаппай аттестациялау тәжірибесі алдағы уақытта қолданыстан шығып қалуы бек мүмкін. Тестті тек жұмыста өзін көрсете алмағандар, яғни кімнің рейтингі төмен, солар тапсырады.

Н.ИБРАШТЕГІ

 


ҚҰМКӨЛДЕН ӨРТ ШЫҚТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.07.2012 14:55

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат алтылар шамасында Құмкөл кенішінде «Торғай Петролеум» АҚ байланыс аумағына қарасты «Фрак-Джет» ЖШС химиялық реагент қоймасында (Қызылорда қаласынан 230 шақырым қашықтықта) өрт шықты. Аумағы 600 шаршы метрді құраған өрттің жалыны 23800 литр техникалық спиртті, 4270 литр сірке қышқылын, 4972 литр полповик қышқылын, 22165 литр тұзды қышқылды және басы артық бұрғы қондырғыларының бөлшектері бар 5 контейнерді шарпыған. Тілсіз жау 07 сағат 15 минут шамасында ауыздықталып, 07 сағат 50 минут шамасында толық сөндірілген. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

Тілсіз жауды ауыздықтауға «Интер-Спас» ЖШС МЕӨҚҚ (мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтен) жеке құрамынан 15 адам мен 4 бірлік техникасы қатысты.

 


ҚАТТЫ ЫСТЫҚ БОЛУЫ МҮМКІН PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.07.2012 14:53

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының мәліметінше, 2012 жылдың 15-17 шілде аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз қатты ыстық +40, +45 градус цельсия шамасында күтілетіні жөнінде хабарлаймыз.

Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар

департаментінің Баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Шілде 2012 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары