Өзекті мәселелер

  • 14.02.19

    «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баспасөз брифингін өткізді. Жасыратыны жоқ, бұған дейін бас шаһардың басшысы баспасөз алаңына ат басын бұрған емес. Өйткені, облыс орталығында өңірдегі БАҚ-тың басым бөлігі орналасқан. Сондықтан мұны ақпандағы эксклюзивті кездесу десек те болады. Жыл басында журналистермен жүздесуге жақсы...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметін­ің хабарлауынша, өткен жылы республика бойынша 2,4 млрд теңге еңбекақы берешегі өндіріліпті. Соның 191 млн теңгесі біздің облысымызға тиесіл­і екен. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалау актісімен 13 мың жұмысшы алдындағы 191 млн теңге жалақы қарыз өндірілген.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Нағыз жігіттерді еркек деу дұрыс емес, еркек – адамның жынысын білдіретін атау ғана. Қазақ халқы ер адамды ерекше сыйлаған, киімін баспаған, алдын кесіп өтпеген, сөзін тыңдаған, алдындағы асқа одан бұрын қол тигізбеген, т.с.с. Десе де, бұл қазір мұндай емес дегенді білдірмейді. Әйелден бір саты жоғары тұрған ер-азаматтардың да өз биігінен түсіп кетіп жүргендері бар. Ер жігіт ретінде өте...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Әрбір  әйел  қауымы көрікті болып, бет терісіне ерекше назар аудару керек. Күтім жасап, әсем де нәзік болып жүретін бұрымдылар сырт көзді де тамсантатыны рас. Осы тұрғыда қыз-келіншектердің бет терісінің күтімі жөнінде не айта аламыз? Олардың бет терісінде жиі кездесетін мәселе қайсы? Сау әрі әдемі келбетті сақта­у  үшін  қайтпек  керек?

    Қазіргі таңда сұлулықтың құны жеңіл еместігі бесе...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Мен «Халық» газетінің 6.ХІІ.2018 жылғы санында «Тұмар  ханым» бетінде жарияланған «Өзі үшін» некесіз бала тапқысы келеді» тақырыбындағы мақаланы оқыдым. Тақырып­қа орай көңіл түкпірінде жүрген ойларды қағаз беті­не  түсіргім  келді.

    ...
    Толығырақ...
Жұма, 20 Шілде 2012

«ҚЫЗЫЛОРДАДА 600-ДЕЙ БОМЖ БАР» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.07.2012 18:00

«Полицияданбыз, балаңыз істі болып, қамауда отыр. Пәлен сом әкеп берсеңіз, босатамыз». Телефонмен аңқау елді алдап, аузын айға қаратып кететін «жалған полицейлер» көбейіп кетті. Жақында осындай бір жағдай анықталған. Сөйтсе, кездейсоқ нөмірді теріп, өтірікті судай сапырған темір тордың арғы жағындағы адам екен.

- Полиция қызметкерлері ақша талап ететін уақыттан өтіп кетті, - дейді Қызылорда қаласының прокуроры Әбдікәрім Абдуллаев.

Сонда түрмеде отырған адамның қолында «сотка» қайдан жүр? Жабық мекемеде бақылаудың жоқ болғаны да. Полиция «шекпенін жамылып», жалған сөйлеушілерден бөлек, жұмыссыздарды «жарылқаушылар» да табылады. Қала көлемінде осы алты айда 37 алаяқтық фактісі тіркелген болса, соның 11-і – «жұмысқа орналастырамын» дегендердің тірлігі. Жалпы тіркелген қылмыстар саны 2011 жылдың 6 айымен салыстырғанда 157,8 пайызға немесе 1 349-дан 3 478-ге көбейген. Ә.Абдуллаев бұл қорқынышты көрсеткіш емес екенін айтады. Өйткені 02-ге түскен хабарламалар мен азаматтардың арыз-шағымдары бірі қалмай былтырдан бастап электронды түрде есепке алынатын болды.

- Қылмыстардың 62,5 пайызын мүлік ұрлығы құрады. Облыс орталығында үй-күйсіз жүрген 600-ге жуық адам бар. Ұрлыққа баратын – негізінен осылар. Бомждар екі күннің бірінде ұрлық жасайды. Мұның әлеуметтік құбылыс екені сөзсіз. Екінші бір себеп, ойын-сауық орындарының жұмысына, дүкендерде спирттік өнімдер саудасына ешқандай тоқтам болмай отыр, - деді кеше баспасөз мәслихатында қалалық ІІБ-ның бастығы Әмірбек Шаймағамбетов.

Көпқабатты үйлердің көбі «қонақжайлығын» аңғартып, ашық-шашық жатыр. Басқа қалаларда есікке коды бар құлып орнату жаңалық болудан қалған. «Көршіңді ұры тұтпа, өз-өзіңе берік бол» деп бекер айтпаса керек. Қала прокуроры осы ретте жаңадан үй салатын кезде коды бар есікті де сметаға енгізу қажет деген ойын білдірді.

Назерке САНИЯЗОВА

 

 


Күнтізбе

< Шілде 2012 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары