Өзекті мәселелер

  • 14.02.19

    «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баспасөз брифингін өткізді. Жасыратыны жоқ, бұған дейін бас шаһардың басшысы баспасөз алаңына ат басын бұрған емес. Өйткені, облыс орталығында өңірдегі БАҚ-тың басым бөлігі орналасқан. Сондықтан мұны ақпандағы эксклюзивті кездесу десек те болады. Жыл басында журналистермен жүздесуге жақсы...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметін­ің хабарлауынша, өткен жылы республика бойынша 2,4 млрд теңге еңбекақы берешегі өндіріліпті. Соның 191 млн теңгесі біздің облысымызға тиесіл­і екен. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалау актісімен 13 мың жұмысшы алдындағы 191 млн теңге жалақы қарыз өндірілген.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Нағыз жігіттерді еркек деу дұрыс емес, еркек – адамның жынысын білдіретін атау ғана. Қазақ халқы ер адамды ерекше сыйлаған, киімін баспаған, алдын кесіп өтпеген, сөзін тыңдаған, алдындағы асқа одан бұрын қол тигізбеген, т.с.с. Десе де, бұл қазір мұндай емес дегенді білдірмейді. Әйелден бір саты жоғары тұрған ер-азаматтардың да өз биігінен түсіп кетіп жүргендері бар. Ер жігіт ретінде өте...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Әрбір  әйел  қауымы көрікті болып, бет терісіне ерекше назар аудару керек. Күтім жасап, әсем де нәзік болып жүретін бұрымдылар сырт көзді де тамсантатыны рас. Осы тұрғыда қыз-келіншектердің бет терісінің күтімі жөнінде не айта аламыз? Олардың бет терісінде жиі кездесетін мәселе қайсы? Сау әрі әдемі келбетті сақта­у  үшін  қайтпек  керек?

    Қазіргі таңда сұлулықтың құны жеңіл еместігі бесе...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Мен «Халық» газетінің 6.ХІІ.2018 жылғы санында «Тұмар  ханым» бетінде жарияланған «Өзі үшін» некесіз бала тапқысы келеді» тақырыбындағы мақаланы оқыдым. Тақырып­қа орай көңіл түкпірінде жүрген ойларды қағаз беті­не  түсіргім  келді.

    ...
    Толығырақ...
Бейсенбі, 26 Шілде 2012

СОҢҒЫ МИНУТ СИНДРОМЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
27.07.2012 10:37

Отандық футбол өрге баспай тұр. Бұған келісуден басқа амал жоқ. Кәріқұрлықтың қарамағына кіргенімізге талай жыл болды. Бірақ тәжірибе жинақтаудан әрі асқан жоқпыз. Бір таңғаларлығы, отандық футболшыларға үнемі сәтсіздік жетпей жатады. Ұлттық құрама ойыншылары азулы деген қарсыластармен де терезесі тең өнер көрсетіп, соңғы минуттарда жүрісінен жаңылады. Бұған талай куә болдық.

Арысын айтпағанда, соңғы Еуропа біріншілігіне іріктеу сынында түріктермен тоқсан минут тең ойнап, төреші белгілеген қосымша минутта гол жіберіп алдық. Әрине, бұл кездесудің біз үшін маңызы жоқ болатын. Дегенмен, түріктерді «тобықтан шалуға» шама жететін аңғардық, бірақ мақсатқа қол жеткен жоқ. Жалпы, соңғы минутқа шыдас беру отандық футболда үлкен мәселе болып тұр. Күні кешегі «Шахтер» мен «Ордабасының» қылығына қараптан-қарап күйінесің. Өкініштен өзек өртене жаздады. Амал не, «доп - домалақ» дедік.

 

Апта бұрын Либерец қаласында «Шахтер» алаң қожайынынан бір гол айырмашылығымен ұтылған. Қарымта кездесуде Жамбыл Көкеевтің голымен қос матчтағы есепті теңестірді. Екінші кездесуде кеншілердің ірі есеппен ұтатын мүмкіндігі болған. Бірақ қонақтар қақпашысы Бичиктен қарағандылықтар айласын асыра алмады. Сонымен ойын қосымша таймға жалғасты. 15 минуттық екі таймда қос команда да бір саусақтарын бүгіп ойнады. Алайда «соңғы минут синдромы» бұл кездесуде де тіркелді. Қарбалас сәтті ұтымды пайдаланған Блажек қонақтарды келесі кезеңге алып шықты.

Биыл тұңғыш рет Еуропа Лигасында бақ сынап жатқан шымкенттік «Ордабасы» тағы бір азулы Норвегияның «Русенборг» командасынан сырт алаңда бір ұпай еншілеген-ді. Норвегиялық команданы азулы дейтініміз, соңғы жылдарға дейін өз елінде қарсылас шыдатпаған. Еуро бәсекелерінде топтық кезеңге дейін тосылмай өнер көрсете алады. Тіпті бір кездері ¼ финалға дейін барған. Бір сөзбен айтқанда, тәжірибелі ұжым. Сырт алаңдағы 2:2 нәтижесі шымкенттіктерге үлкен мүмкіндік болған. Алматының орталық стадионында ине шаншар жер болмады. Ордабасылықтар «ә» дегеннен ойын тізгінін өз қолдарына алды. Тіпті бірінші болып есеп ашты. Дегенмен, екінші таймда қонақтардан көз жазып қалған алаң қожайындары бір гол жіберіп алды. Бұл нәтиже жерлестеріміздің келесі кезеңге шығуына мүмкіндік беретін. Алайда қорғанысқа ерте жамбастап жатып алған алаң қожайындары соңғы минутта гол жіберіп алды. Тағы бір күрсіндік. Соңғы минутқа шыдас бере алмауымыздың себебі не де? Бұл жауабы жоқ сауал болып тұр.

Жабырқаған көңілді ақтөбеліктер көтерді. «Ақтөбе» соңғы үмітіміз болатын. Молдовалық «Милсамиден» алғашқы ойында 4:2 есебімен ұтылған-ды. Қарымта кездесуде ақтөбеліктер 3:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Енді ақтөбеліктерге сәттілік жолдас болып, топтық кезеңге дейін тосылмай жетсе деген тілек бар.

Тәжімұрат ӘЛЖАНОВ

 


Күнтізбе

< Шілде 2012 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары