Өзекті мәселелер

  • 19.04.18

    ӨМІР   СОҚПАҒЫ...

    Жол – экономиканың күретамыры, тіршілік ізі. Қала ішіне қамшының өрі­міндей таралатын сол жолдардың  қазіргі  жағдайы  қандай?

    Көктем бастала салысымен Қызылорданың орталық көшелері ғана емес, шетаймақ жолдарына да жан біте­тіні бар. Қазіргі күні қала бо­йынша ұзындығы 619 шақырымды құрайтын 766 көше бар. Оның 503,2 ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Жақында үйге туыстарымыз келіп, кішкентай бүл­діршіндермен оңаша қалып, бала да болса әңгімеге тарттым. Сөйтіп «Кімге еліктейсіңдер?»  деп  сауал  тастадым. Сонда 8 жастағы інім «Бэтмен», «Өрмекші адам», «Халк», «Темір адам», «Флеш» секілді шетел мульт­фильмдерінің басты кейіпкерлерін тізбектей жөнелді. Арасында бірде-бір қазақ батырл­арының есімі жоқ. Онысымен қоймай, сол кейіпке­рлердің өзіне...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    «Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Олай болса­, сұлулықты ит те сезеді». Жазушылық жылнамасында әйел, ана тақырыбына ең көп қалам сілтеген талантты жазушы Ғабит Мүсірепов осылай депті. Иә, сұлулықты кім жақсы­ көрмейді, сұлулық кімге билік жүргізбеген десеңізші? Бота көзді, шие ерінді, үріп ауызға салғандай сұлу! Қыздардың осы сипаты қазір бар ма? Әрине, бар. Бірақ көзін линза арқылы қ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Қаржы және қоғам

    - Бұрын бәрін кадр шешкен деседі. Осы рас па, әлде өзгенің бе өсегі?

    - Иә, қазір қоғам емес кешегі, қаржы бәрін шешеді... Қысқартады, кеседі. Өшіреді, өседі... Қаржысы жоқ қасқаның маңдайда соры бес елі.

    - Сонда кадр ешнәрсе шешпей ме?

    - Жоқ, ол да аз-маз шешеді. Қаржың болса қалтаңда,...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    МЫҚ  ШЕГЕ  ҚАЙДА?

    Профессор  Темірбек

    ҚОЖАКЕЕВ  рухына Толығырақ...

Дүйсенбі, 03 Қараша 2014

Жастар мәселесі талқыланды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.11.2014 09:14

Кеше облыс әкімдігінің мәжіліс залында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен жастар саясаты жөніндегі Кеңес отырысы өтті. Онда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі, оларды кәсіпкерлікке баулу, сондай-ақ маргинал жастар мәселесі талқыланды.

–  Қызылорда облысында жастар саясатына үлкен көңіл бөлінуде. 2014 жылы барлық аудан, қала көлемінде жастарды қолдау орталығының қызметі ұйымдастырылып, жастар саясатын қаржыландыру 4 есеге  артып отыр. «Жұмыспен қамтудың Жол картасы - 2020» бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып, биылғы жылы жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейін төмендете алдық. Бұл көрсеткішті одан әрі төмендетуіміз керек,- деді облыс әкімі.

Бүгінгі күні қоғамда аландаушылық туғызып отырған маргинал жастар жағдайы да назардан тыс қалмады.  Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Нұрбаева NEET санатына жататын жастармен жұмыс жасау жөнінде облыс көлемінде 23 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, түрлі шаралар, тренингтер ұйымдастырылып жатқанын айтты.

Маргинал жастардың базасын әр тоқсанда бір рет жасап отыру, жастарды кәсіпкерлікке тарту, мүмкіндігі шектеулі жастарды жұмысқа орналастыру, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, ауыл жастарының мәселелерін шешу жөнінде бірқатар ұсыныстар жасалды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жылдық есебін берді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.11.2014 16:32

Өңірлік кәсіпкерлердің палатасының құрылғанына 1 жыл толып отыр. Осы орайда Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров облыстың бас бизнес алаңына жиналған көпшілік алдында есеп берді. Шараға ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов, Өңірлік кеңес Төрағасы Асқар Махамбетов және мемлекеттік орган басшылары, қаржы институттарының өкілдері мен облыс кәсіпкерлері, өңірлік кеңес мүшелері қатысты.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеттерінің бірі – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, олардың мүдделеріне өкілдік ету болып табылады. Осы орайда жыл басынан бері кәсіпкерлердің құқығын қорғау Кеңесінің 3 отырысы өткізілген. Кеңесте 9 сұрақ қарастырылып, жылдық қорытындысында 500,0 млн. теңгеден астам қаржы кәсіпкерлердің пайдасына шешілген»-, деді ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Нұржан Әлтаев.

Ұлттық палатамен заң шығару мәселелеріне ревизия жүргізу барысында 410-нан астам өзгерістер енгізіліп, оның 239-ы ҚР Үкіметінің рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөніндегі ведомоствааралық комиссия отырысында мақұлданды. Қадағалаушы органдардың заңсыз тексеру қызметіне жедел әрекет ету мақсатында облыстық прокуратурамен бірлескен мобильді топ құрылып, оның аясында 7 рейд ұйымдастырылды.

Өтінімдер статистикасына сәйкес, бүгінгі күнге келіп түскен өтінімдер саны 3 148, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 2 025, аудандарда 1120, оларға 6 600-ден астам кеңестер берілді, 71% (4694) облыс орталығында, 29% (1958) аудандарда. БЖК-2020 мемлекеттік бағдарламасының 4-бағытының аясында бүгінгі таңға 590 кәсіпкерге сервистік қолдау көрсетілді. Ал негізгі жылдық жоспар 300 кәсіпкер болатын. Осы орайда мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру - 2 207 кәсіпкер, қаржыландыру бойынша кеңес беру -700 кәсіпкер кеңес алған.

Палатаның негізгі жұмыстарының бірі - тегін негізде бизнес жоспарларды әзірлеу. Барлығы 1 млрд. теңгеден астам сомаға 68 бизнес-жоспар тегін әзірленді.

Бүгінгі күні Палата облыс бойынша 197,5 млрд. теңгеге бағаланған 104 инвестициялық жобалардың реестрін жүргізуде. Оның ішінен 21,0 млрд. теңгенің 12 локомотивті жобасы іріктеліп алынды. Бұл жобалар: ет және жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары, ұн тарту комбинаты, құрама жем зауыты, Арал қаласындағы балық өңдеу зауыты, ет өңдейтін кешен және басқалары.

Қазіргі уақытта барлық жобалар бойынша тұрақты түрде сүйемелдеу және іске асырылу барысына мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Палатаның бастамасымен Өңірлік кеңестің 17 отырысы өткізіліп, онда 40 мәселе қаралып, өңірлік бизнес қауымдастықтың мүддесін қорғайтын 55 ұсыныстар енгізілді. Палата отырыстарының қорытындысы бойынша шағын орта бизнесті дамыту жағдайларын жақсарту мақсатында бірқатар тереңдетілген талдау жұмыстары жүргізілді және жергілікті атқарушы органдарға тиісті ұсыныстар берілді.

Ботагөз Жүсіп,

ҚР ҰКП Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қараша 2014 >
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары