Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 04 Қараша 2014

Қызылордалық дәрігерлерге жаңа көліктер табысталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.11.2014 09:31

Жедел және кезек күттірмейтін дәрігерлік көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында медициналық мекеме ұжымдарына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев кеше жаңа 50 санитарлық автокөліктің кілтін табыстады.

- Денсаулық сақтау саласын дамытуда өңірімізде ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Соңғы 2 жылда бұл  саланы қаржыландыру 61,5 пайызға өсті. Халқымыздың орташа өмір сүру ұзақтығы 70,2 жасқа жетті,  ана  мен бала өлімі 30 пайызға азайды. Биылдың өзінде бірнеше медициналық жаңа нысандар іске қосылып,  200 орындық «Ана мен бала» орталығы, 13 дәрігерлік амбулатория, 2 аудандық емхана ел игілігіне берілді. Бұл медициналық мекемелерге осы жаңа автокөліктер толыққанды қызмет ететін болады,- деген облыс әкімі  дәрігерлерге автокөліктердің кілтін тапсырды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта облысқа 75 автокөлік жеткізілді. Қараша айының соңына дейін  санитарлық авиацияны жандандыру мақсатында аса қымбат медициналық құрылғылармен жабдықталған жол талғамайтын көлігі және қалған 16 санавтокөліктер әкелініп, өз жұмыстарын бастамақ.

Сонымен, жылдың соңына дейін облыстық денсаулық сақтау саласы 100 пайыз медициналық автокөлікпен қамтылады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.11.2014 09:29

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.

Облыс әкімі тапсырмасына сәйкес, қыркүйек-қазан айларында облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы бірлесе отырып, мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай қолданылуына тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Тексеру барысында кейбір мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің орналасу тәртібі және түр-түсінің оңып кетуі, Елтаңба мен Тудың бір деңгейде тұрмауы, кабинеттегі мемлекеттік рәміздердің терезе алдына орналасуы сияқты бірқатар кемшіліктерге жол берілгені анықталған.

– Әрбір тәуелсіз ел мемлекеттік Туының, Елтаңбасының, Гимнінің мәртебесін көтеріп, оны кеңінен насихаттауы тиіс. Себебі, мемлекеттік рәміздер – саяси тәуелсіздіктің және егемендіктің нышаны, елдігіміздің ең басты белгісі, – деген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бұл бағыттағы жұмыстар ерекше бақылауда болып, жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы керектігін айтты. Тексеру қорытындысымен анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қараша 2014 >
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары