Өзекті мәселелер

  • 15.11.18

    Сыр елінің серпіні ерекше екенін аймақ тұрғындары да, сырт көз – сыншылар да жиі айтып жүр. Экономикалық даму тұрғысынан кей салаларда сәл шегініс болса, басым бағыттар да жеткілікті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін дәлелдеп келе жатқан қызылордалықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз шаруасын шалқытып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапы жолдауда айтылған тапсырмалар бойынша өз міндет...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

     

     

    Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызы...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдайтынын айтқан Төле бидің Данагүлді қалай жолық­тырып, баласына айт...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Қытық! Қызылы бар қызық сөз, құмары бар құнды сөз. Мұны солдан оңға қарай оқысаң да – қытық, оңнан солға  қарай  оқысаң да – қытық. Бұрын­ғы қыздардың бетінде қызарып, көз тартып­, көрініп тұрушы еді. Қазір ше? Зәру. Қат дүние. «Бүгінгі күні бүтін махаб­бат бар ма? Әй, қайдам? Сезім шіркін семіп кеткен. Ал қытық байғұс қырық жыл бұрын қайтыс болған» деп гөйітеді баз біреулер. Жо-жоқ, қытық әлі ...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Бір күні қарап отырмай жеке бизнес жасағым келді. Жұрттың бәрі байып жатыр.­ «Кедей бол» деп менің маңдайыма біреу бормен бадырайтып жазып қоймағ­ан болар. Ауладағы жазғы үйді бұзып, «шындық» сататын дүкен аштым.

    - Әй, балам көп ұзамай тақырға отыра­сың,­ - деп әкем басын шайқады.

    ...
    Толығырақ...
Дүйсенбі, 10 Қараша 2014

Қызылордада тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауыт салынады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.11.2014 17:54

Бүгін Астанада Қызылорда қаласында салынатын тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату жобасын қаржыландыру мәселесі шешімін тапты. Жобаны жүзеге асыруға байланысты Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Еуропалык қайта құру және Даму банкінің Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкман және Қызылода қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Ахатов үшжақты алдын ала келісімге қол қойды.

Аталмыш банк жобаны жүзеге асыруға 3,6 миллиард теңге (15 миллион евро баламасымен) көлемінде қаржы салады. Ал несиені қайтару мерзімі – 13 жыл (3 жыл жеңілдетілген мерзімді қосқанда).

Бастысы, жобаны жүзеге асыру кезінде Қызылорда облысының экологиялық жағдайы жақсарады. Яғни, полигонға жеткізілетін тұрмыстық қатты қалдықтар қайта өңделеді. Шикізаттан мәселе жоқ. Қарапайым күнделікті тұрғындардың «кәдеге жарамсыз» деп тастаған қоқыстары өңдеуден өтеді. Жобаны жүзеге асыру арқылы өңдеудің басқару жүйесін дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Жоба аясында қалдықтарды механикалық-биологиялық өңдеу кешенінің және жаңа санитарлық қоқыс полигонының құрылысы салынып, өндіріске қажетті құрал-жабдықтар, станоктар сатып алынады.

– Біз бұл банкпен тығыз байланысты жұмыс жасап жатырмыз. Экологиялық жағынан таза жанар-жағармаймен жүретін соңғы үлгідегі 20 автобус сатып алынды. Жақын күндері тағы 100 автобус әкелінеді. Бұған қоса, облыс орталығын су бұру және сумен қамтамасыз ету, электр және жылумен жабдықтау жұмысын қаржыландырады. Енді ЖЭО жаңғыртуға қаражат бөлу мәселесі және соңғы үлгідегі жаңа электр үнемдеу технологияларын қолдану арқылы облыс орталығын жарықтандыру жобасы әзірлену үстінде, - деді Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев

Жалпы, Қызылорда облысында Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкімен бүгінде құны шамамен 60 млрд. теңге болатын 8 жоба іске асырылып жатыр.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


«Қайсар» маусымды сәтті аяқтады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.11.2014 17:48

Футболдан ел біріншілігі аяқталды. Чемпионатта Қызылорданың намысын қорғаған «Қайсар» үздік бестікке табан тіреді. Маусымның жабылу рәсімі салтанатты түрде өтіп, жанкүйерлер командаға ризашылықтарын білдірді. Шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты.

Өткен жылы Бірінші лигада өнер көрсеткен қайсарлықтар үшін үздіктермен текетіресу оңайға соқпады. Әрбір ойында жеңіс үшін жандарын салды. Соңғы турда Қарағандының «Шахтерын» 2:1 есебімен жеңіп, ел біріншілігінде бесінші орынды иеленді. Жалпы маусымда қайсарлықтар 32 матч өткізіп, оның 10 ойынында жеңіске жетті. 13 кездесуді тең нәтижемен аяқтады. Қарсыластар қақпасына 30 гол соғып, өздері 34 гол жіберіп алды.

Аяқдопшыларды футбол маусымының аяқталуымен құттықтаған аймақ басшысы келер жылы жүлделі орыннан көрінуге тілектестігін жеткізді. Ол үшін барлық жағдай жасалатынын да айтты. Бастысы, келер жылы 3000 көрерменге арналған жабық кешенді футбол стадионынының құрылысы басталады. Сондай-ақ 15 мың жанкүйерге арналған стадион мен команда базасы салынады.

Футбол маусымын қорытындылау кешінде облыстық футбол федерациясының төрағасы Нұржан Әлібаев ойыншыларды жетістігімен құттықтап, жанкүйерлердің ыстық ықыласы мен қолдауына алғысын білдірді.

Жанкүйерлер арасында жүргізген сауалнама арқылы маусымдағы ең үздік соғылған 5 гол анықталды. Сонымен қатар, аяқдопшылар «Ең момын ойыншы», «Ең тәртіпті», «Ең байсалды», «Ең көңілді» номинациялары бойынша марапатталды. Дмитрий Огай «Ең үздік бапкер» атағына ие болды.

«Қайсар» алдағы маусымдарда да жанкүйерлерін сәтті ойындарымен қуантып, жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


Тірі адам өлілердің қатарына қалай қосылды? PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.11.2014 17:07

Қызылорда облысында адам айтса нанғысыз оқиға орын алды. 20 жастағы Серікхан Жүзеевтің Жаңақорған ауданы Қандөз ауылына қарасты Қалғансыр елді мекенінде тұратын анасы Несібелі Балтабайқызына ұлының өлімі туралы қаралы хабар жеткен. Ал бұл жөнінен оның қалада оқитын баласы мүлдем бейхабар. Айтуынша, өткен аптаның сәрсенбі күні сабақтан шыққан соң, үйіне келіп ұялы телефонына көз жүгіртеді. Сөйтсе анасы оған 28 рет қоңырау шалған екен. Жас жігіт қоңырау саны әдеттегіден тыс болғандықтан, мән-жайды білмекке анасына хабарласады.

- Алдымен Жаңақорған аудандық емханасынан Қандөз ауылдық ауруханасына мені базада өлді деп тұрғандығы туралы хабар жеткен. Содан ауылдық аурухана ұжымы біздің елді мекенге жауапты Баян атты мейірбике апайымызға осы ақпарды анама хабарлауды тапсырған. Жұқалап отырып, мейірбике екі сағат дегенде мұны анама естіртеді, - дейді Серікхан Жүзеев.

Осы жағдайды естіген соң жүрегінің ақауы бар анасының қан қысымы көтеріліп кетеді. Қызылорда қаласында оқитын Серікхан бұл жағдайдан соң алып-ұшып Жаңақорған аудандық емханасына жетеді. Емхананың №22 кабинетінде отыратын мамандар бұл жайдың растығын және көп ұзамай қайта ретке келетіндігін айтып, сендіреді. Өздерінің салғырттығын «өмір жасың ұзақ болады екен» деген сөздермен жылы жауып, шығарып салады. Жаңақорған аудандық емханасының бас дәрігері Сәулебек Ысқақовтың қабылдауында кезек көп болғандықтан, жолыға алмай кетеді.

Енді Серікхан Жүзеев өз болашағына алаңдаушылық білдіреді. Жоғарғы оқу орнын бітіретін жылы «тірілердің қатарынан табылмай, диплом ала алмай қалам ба?» деп қорқады.

Сондай-ақ Серікхан бұл олқылыққа кімнің кінәлі екендігіне жауап таппай жүр.

Г.Есімова

 


Күнтізбе

< Қараша 2014 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары