Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 11 Қараша 2014

«Тіл – халық жанын танудың кілті» облыстық байқауы өтті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.11.2014 12:58

7 қарашада Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді жетік меңгерген орыс жастарын анықтау және ынталандыру, Қазақстан тәуелсіздігінің нышаны ретінде мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру мақсатында орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты облыстық байқауы өтті.

Байқауға Арал, Қазалы, Сырдария, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының  мектептерінен 14-22 жас аралығындағы 11 талапкер қатысты. Байқауға қатысушыларды басқарма басшысы Ә.Жарылқағанов құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

Байқау қорытындысы бойынша Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектептің 10-сынып оқушысы Баркова Набира (Қазалы ауданы) І орынды жеңіп алса, №81 орта мектептің 8-сынып оқушысы Невзорова Надежда ІІ орынды (Арал ауданы), Ә. Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицей оқушысы  Лаврова Мария ІІІ орынды (Сырдария ауданы) иеленді. Ал, №3 аграрлы-техникалық колледжінің оқушысы Петова Лидия (Жаңақорған ауданы), көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің оқушысы Потапова Вера (Қызылорда қаласы), №198 орта мектептің 10-сынып оқушысы Тихоненко Максим ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Облыстық байқаудың жеңімпазы желтоқсан айында өтетін республикалық байқауға қатысып, облыс намысын қорғайтын болады.

Қызылорда облысының тілдерді дамыту

басқармасының баспасөз қызметі

 


«Текті сөздің төресі - терме» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.11.2014 12:56

Жақында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлытау төріндегі толғаныс» атты сұхбатында айтылған негізгі бағыттарды насихаттау мақсатында «Текті сөздің төресі - терме» атты республикалық байқауы өтті.

Байқауға еліміздің әр аймағынан 32 термеші қатысып, бақтарын сынады. Астана қаласындағы «Конгресс-Холл» сарайында өткен қорытынды кеште үздік деп танылған он термешінің термелері орындалып, жүлдегерлер марапатталды.

Республикалық байқауға Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының жолдамасымен Қармақшы ауданы, Көшеней жырау атындағы «Жыраулар Үйінің» директоры, жырау, Жиенбай жыр мектебінің өнерін насихаттаушы Серік Жақсығұлов пен облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы жыр секторының меңгерушісі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Майра Сәрсенбаева қатысып, республика бойынша үздік ондықтың қатарына енді.

Байқау қорытындысымен жерлестеріміз Серік Жақсығұлов жүлделі ІІ орынға ие болып, 750 мың теңге сыйақының иегері атанса, Майра Сәрсенбаева ынталандыру сыйлығына ие болды.

Байқауға қатысушылар алдын ала берілген «Ұлытауда туған ұлы ойлар», «Киелі мекен - Ұлытау», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл», «Ұлттың қуаты - тілінде», «Тілден артық қасиет жоқ», «Сөз - халықтың қымбат қазынасы» тақырыптары бойынша өз ойларынан шыққан термелері мен белгілі ақын-жыршылардың шығармаларын орындады.

Термешілер өнеріне ҚР Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл, өнертанушы, сыншы Әшірбек Сығай, Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері Алмас Алматов, ф.ғ.д, профессор Серік Негимов, әнші-термеші Клара Төленбаевалар қазылық жасады.

Қызылорда облысының тілдерді дамыту

басқармасының баспасөз қызметі

 


Қызылорда қаласының прокуроры тағайындалды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.11.2014 12:52

Бүгін Қызылорда қаласының жаңа прокуроры тағайындалды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 07.11.2014 жылғы №179/6 бұйрығымен әділет кеңесшісі Адай Әкім Төреханұлы Қызылорда қаласының прокуроры болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар департаментінің Бас Прокурордың аға көмекшісі қызметін атқарған.

 


Күнтізбе

< Қараша 2014 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары