Өзекті мәселелер

  • 20.09.18

    Биыл облыс экономикасының бәсі жоғарылайтын, негізгі көрсет­кіштердің көбеюіне қолайлы жыл. Өндіріс ошағына айналмағанымызбен, өнім өндіру мен экспорттауда алдыңғы қатарда тұрғанымыз рас. Өңірімізде соңғы жылдары көптеген зауыттар мен өндіріс ошақтары салынуда. Солардың қатарында молибден өндіру, балық өңдеу, цемент және шыны зауыттары да бар. Әрине, бұл төртеуі де – аймақтық индустрия­ландыру ...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    КӨНЕ  ҚАЛА  мен  ЖАҢА  ҚАЛА

    Біздің дәуірімізден әрі асатын шежіре-тарихы бар Сақтар мәдениеті көм­бесінің бір бөлігі Сыр бойында жатыр. Ашық аспан астында ата-баба аманатын арқалап, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-VІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Шірік-Рабат, Бәбіш молда, Бұланды, Сығанақ тарихи-мәдени ескерткіштері бүгінде көздің қарашығындай мемле...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Ұшы-қиыры жоқ ну орман жым-жырт тыныштық құшағында мүлгіп тұр. Желмен тербелген зәулім талдар­дың жапырағынан күн көзі зорға көрінеді. Айнала өзгеше, рақат күйге бөленгендей. Табиғаттың дәл осы сәттегі ана уызына тойып маужыраған нәресте тектес кейпіне қарап маңай­да қанды қырғын соғыс жүріп жатыр десе, сенбес едіңіз. Алайда амал қан­ша?! Бірін-бірі жыртқыштан бетер жұлмалап, қыршын боздақтарды...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Тағдыр тауқыметі болар, Аяулым анасынан ерте айы­рылды. Бар-жоғы 7 жасында ең ардақтысынан көз жазып қалды. Әкесі мен әжесі шешесін жоқтатпаса да, періште көңіл ананы аңсап тұрады емес пе? Күніге кешкілік жатар алдында ақ сүтін беріп аялаған аяулысының қойнында ұйықтайтын сәттерін еске алғанда, көзіне еріксіз жас келе­тін. Бала ғой. Енді ғана мектепке­ барды өзі. Сыныптастарын аналары әкелгенде...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Леннокс Льюис, аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы:

    - Жекпе-жек тең болды деген ойда едім, бірақ Головкин мықтырақ көрінді және екі раундта басым болғандай. Екі боксшы да барлық күшін рингте сарп етті! Жеңісті екеуіне де беруге болатын раундтар болды. Тамаша жекпе-жек! Ең мықты екі боксшыны да көрдік. Екеуін де сыйл...

    Толығырақ...
Жұма, 14 Қараша 2014

Қазыналы мекеннің мерекелік мезіреті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.11.2014 15:30

Кеше Қызылорда қаласында аудандардың өнері мен мәдениеті күні Қазалы өнерпаздарының мерекелік шарасымен жалғасты. Өнерсүйер қауымға қазалылықтар «Қазыналы Қазалы» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.

Жиылған жұртшылық алдымен Ж.Тұрсынов атындағы халық театрының театрландырылған қойылымын тамашалады. Мұнан соң төкпе күй мен жауһар жыр көпке тарту етілді. Салтанатты шарада халық әндерінен бастап, бүгінгі эстрадада әуелеп жүрген әндерді шырқалды. Әсіресе, сарай толы көрерменнің көңілінен шыққаны аудандық әуез мектебі жанынан құрылған балалар хор ұжымы болды. Олар қазақтың батыр қызына арналған «Әлия», «Песенка крокодила Гены» әндерін шырқады. Шара соңы Мырза атындағы халық оркестрінің «Атамекен» әнімен аяқталды.

Ал концерттік бағдарламадан кейін көпшілік 4 бөлімнен тұратын «Тамыры терең, ғажайып мекен - Қазалы» атты кітап көрмесін тамашалады. Көрмеге Қазалы топырағынан түлеп ұшқан әншілер мен күйшілердің, ақын, жазушылардың кітаптары қойылған.

Халық-хабар

 


Күнтізбе

< Қараша 2014 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары