Өзекті мәселелер

  • 12.07.18

    Қазақтың ұлттық болмысындағы өзіне ғана тән қасиеттердің бірі – «аманат­» қағидасы. Ұлы даланың демо­кра­тиялық принциптерінің нақты көрі­нісі болып табылатын осынау ерекше түсінік отарлық жүйенің қасаң саясатының негізінде «майдаланып» та кетке­нін жоққа шығару қиын шығар. Мұның сыртында ұлтымызды рухани мешел­дікке ұшырату мәселесі тұрғаны белгілі. Кезінде заманымыздың заңғар, данагөй қайратк...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Шығармашылықтың шыңына лезде­  шығу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні белгілі. Ал Аралдың жағасын­да  туып, анау асқаралы Алатауды бағындыру – бөлек әңгіме. Тұңғыш рет «Білім және еңбек» журналы­нда «Аралды қайтсек сақ­таймыз?» мақаласы басылды. Жұрт назары­ бірден ауған. Сонан соң «Қазақстан пионері» газетінде «Бо­з­айғыр»   әңгімесі   жарыққа  шықты. 1971 жылы республикалық жастарға арна...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Жаз айлары еліміз үшін мерекеге толы. Сол мерекелердің бірегейі – Елордамыз Астана қаласының туған күні. Ел болып атап өтетін Ел­ордаға биыл – 20 жыл. Қызыл­орда қаласының 200 жылдығымен  тұспа-тұс келген мерейтойдың  қуанышты еселей­ түскені рас. Еура­зия­ның жүрегінде бой көтерген қаланың тынымсыз еңбек пен даму жолына түскеніне де жиырма жыл. Ару қала Астананың туған күнімен құт­тықтауды Сыр...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген мақал бар. Расымен, үйдің іші сыңғырлаған бала күлкісіне толы болғанға не жетсін, шіркін! Отбасын құрудағы басты мақсат та – осы. Алайда үлкен жауапкер­шілікті талап ететін бұл ұғым ер мен әйелге өзіндік қиыншылықтар тудырады. Дүниеге бала әкелу адамның денсаулығына байланысты, бірақ оған тәуелді емес. Физикалық, психологиялық және әлеуметті...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең деп бекер айтылмаса керек. Әрбір ата-ана сәбиі дүниеге келген сәттен бастап мәпелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Бөбегінің былдырлаған тілін қызықтап жүріп, бірінші сыныпқа баратын уақытының келгенін де аңғармай қалады. Бірінші сыныпқа барған соң, оң-солын танытып, бар керегін алып беру үшін күні-түні еңбекте...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 18 Қараша 2014

Илья Ильинді жерлестері қарсы алды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.11.2014 18:41

Бүгін қызылордалықтар екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильинді үлкен қошеметпен күтіп алып, жеңісімен құттықтады. Мұнан соң толағайды облыс әкімі Қ.Көшербаев қабылдады.

– Бұл биіктен көрінуің үшін көп еңбектендің. Саған елің және Елбасы үлкен сенім артты. Оны абыроймен ақтадың. Көк байрағымыз көкте желбіреп, әнұран шырқалғанда қуанбаған жан болмады. Енді төрт жылдықтың басты бәсекесі Бразилияда өтетін Олимпиадада үшінші мәрте топ жаруыңа тілектеспін. Жалпы, Сыр өңірінде ауыр атлетикаға айрықша көңіл бөлінуде. Мәселен, келер жылы Илья Ильин атындағы спорт кешенінің құрылысы басталады. Бұл кешен барлық халықаралық талаптарға сай болады, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Төрт дүркін әлем чемпионын жеңісімен құттықтаған аймақ басшысы толағайға жол талғамайтын «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің кілтін салтанатты түрде табыс етті, бапкері Тойшан Бектемірге 10 мың АҚШ долларының сертификатын берді.

– Әрине, жеңіске жету оңай болған жоқ. Бәсекелестік жоғары болды. Қарсыластар тыңғылықты дайындықпен келген. Өз Отанымда топ жару басты мақсатым болды. Халқымның қолдауының арқасында бұл биіктікті бағындырдым. Менің міндетім додаларға қатысып, елге алтын әкелу болса, сіз де аймақты көркейту жолында аянбай еңбек етіп жатырсыз. Біз бірігіп қана үлкен жетістіктерге жетеміз. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз, - деді Илья Ильин.

Сондай-ақ, «Қазгермұнай» БК» АҚ басшылығы алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада дайындығына демеушілік жасауға ниет білдірді.

Мұнан соң, қызылордалықтар чемпионға құрмет ретінде автошеру ұйымдастырды. Илья Ильин серпе жаттығуында 242 келіні көтеріп, рекорд жаңартқан болатын. Шеруге соған орай осыншама машина қатысты. Жібек жолы көшесінен бастау алған автошеру Абай даңғылы, Желтоқсан көшелері арқылы Орталық алаңға дейін жүріп өтті. Толағайға тарту жергілікті өнерпаздардың ән шашуымен жалғасты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қазалыдағы қос қуаныш PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.11.2014 13:05

Президентіміздің Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын одан әрі қалыптастыру, халықтың әл-ауқатын көтеру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашуға басымдық берілгені мәлім. Соған орай Қазалыдағы атқарушы билік пен бизнес өкілдері арасында тиісті шаралар атқарылуда. Тек жыл көлемінде мемлекет қаржысымен ауданда бірнеше білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласында бірқатар нысандар құрылысы жаңадан пайдалануға берілуі соның айғағы. Кәсіпкерлер тарапынан да халыққа сапалы қызмет көрсету аясында түрлі кәсіпкерлік нысандары іске қосылды. Сондай сән-салтанаты келіскен нысанның бірі «Алтын орда» қонақүй кешені мен спорттық сауықтыру орталығы болатын. Нысанды танымал кәсіпкер Күлжәмила Құрақбаева жеке қаражатына салдырды. Бұл жерде он адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Нысанда 25 орынға арналған қонақүй, түрлі спорттық жаттығу құралдарымен жабдықталған орталық бар. Заманауи үлгідегі бәсекеге сай келетін кешен мәдениеттің жоғары деңгейін көрсететіні анық.

Нысанның ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап ел ішінде Қазалыны «кіші Түркістан» деп атайтынын, мұның өзі кәсіпкерлік саласының, сауда-саттықтың жолға қойылғанын аңғартатынын, жаңадан іске қосылған аталмыш ғимарат кенттің сәніне ажар қосатынын, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жастарымызға, жалпы қоғамның дамуына оң ықпал ететінін айта келе, кәсіпкер Күлжәмила Құрақбаеваға шынайы алғысын жеткізді.

Келесі кезекте «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан бүгінгі шараның Елбасы Жолдауына нақты іспен жауап екендігіне тоқталса, Алтынкүл Құрақбаева өз тілегін білдірді. Лента қиылған соң меймандар жаңа нысанның ішін аралап танысып шықты.

Қазалылықтардың қуанышы мұнымен шектелген жоқ. Оқушылар үйінде күзгі егін орағының аяқталуына арналған салтанатты жиын өткізілді. Вокзал аумағында ұйымдастырылған ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне жиналғандардың қарасы мол болды. Мұнда түрлі өнімдер қойылыпты. Жұртшылық тарапынан ет, балық өнімдері, жем-шөпке, уақ малға сұраныс көп болды. Жәрмеңкеге қатысушылармен тілдестік. Арықбалық ауылдық округінен келген бауланған шөп қас-қағымда өтіп кетті. Бауы 140 теңгеден айналған пішен жоғары сұранысқа ие болды. Сондай-ақ, Мұратбаев елді мекенінен жеткізілген дүзгін отыны да тез арада іздеушісін тапты. Түктібаевтағы «Ақмаржан» ЖШС-нің күріші де жамағат көңілінен табылды.

Салтанатты шара оқушылар үйіндегі «Қазалы өнімдері» атты жергілікті тауар өндірушілерінің көрмесіне ұласты. Бұл маңнан білім бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі, кент, қала, ауылдық округтер дайындаған түрлі бұйымдарды кездестірдік. Әдемілігі көздің жауын алады. Жеке кәсіпкер Күнсұлу Бисенәлиеваның нан өнімдеріне тоқталдық. Естуімізше қарындасымыз кәсіпкерлікті сонау 2007 жылы бастапты. Алғашқыда ұсақ-түйектен бастаған ұжымның қадамы уақыт өте құлашын кеңге жайыпты. Қазіргі таңда цехта тандыр, көмеш, асқабақ қосылған нан, басқа да нан өнімдерінің түр-түрі дайындалады. Сапасы бөтен емес. Тұтынушылар қашанда дән риза.

«Батыр бабаға бас иеміз» деген көрнекі жазу көңілімізді селт еткізді. Сөре үстінде бақша өнімдері, құрт-ірімшік, қауынқұрт, қауынқақ, өзге де өнімдер самсап тұр. Бір бұрышқа шебер тоқылған қолөнер бұйымдары қойылыпты. Нақ ортадағы әулие әрі батыр Жанқожа Нұрмұхаммедұлының өр бейнесі төңірекке нұрын шашып қарайтындай. Бұл Жанқожа батыр ауылының тұрғындары әзірлеген көрме екен. Осындағы №24 «Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі Ләйлә Жұмағалидың айтуынша ұжымның бағындырған белестері биік. Жуырда батыр бабамыздың мерейтойында ұйымдастырылған аудандық «Гүлдер жәрмеңкесі» байқауында жауқазындықтар бас жүлдені иеленіпті. Бәрекелді дестік. Округ әкімі Қайрақбай Орынбасаровтан бүгінгі жәрмеңкеге ауыл тұрғындары жақсы дайындалғанын естідік.

Ағымдағы жылы Қазалы ауданында күріш көлемі 7435 гектарға жетті. Ауа-райының дақылдың пісіп-жетілуіне, егін жинауға қолайсыз болғанына қарамастан егін жинау өз дәрежесінде жүргізілді. Әр гектардан орташа 37,6 центнерден өнім жиналды. Елбасымыздың ауылшаруашылығын әртараптандыру туралы тапсырмасына сәйкес ауқымды жұмыстар басталды. Өткен жылы облыс әкімінің қолдауымен күріштің әр гектарына төленген субсидия көлемі артты. Осылайша өңірімізде күріш өндірісін экономикалық тұрғыда ынталандыруға жағдай жасалды. Биылдан бастап күріштен басқа дақылдарды субсидиялау нормасы ұлғайтылды. Көпжылдық мал азығындық дақылдардың егіс көлеміне субсидия төлеу нормасы өсті. «Сыбаға» бағдарламасының сыйын тартып отырғандар да баршылық. Үкімет тарапынан ауылшаруашылық құрылымдарын қолдауға 522,2 млн. теңге бөлінді.

«Еңбегіне қарай зейнеті». Салтанатты жиналыста аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Мақашов құттықтау сөз сөйледі. Бір топ еңбек озаттарына Алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар тапсырылды. Мерекелік шара аудандық мәдениет үйі ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


Ауыл шаруашылық саласының қызметкерлері марапатталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.11.2014 13:02

Қараша айының үшінші жексенбісі - ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Атаулы датаға орай облыс әкімі Қ.Көшербаев ауыл шаруашылық саласында жемісті еңбек етіп жүрген қызметкерлерді қабылдап, мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Биыл Сыр диқандары күріштен мол өнім алды. Күріштің әр гектарынан 50,1 центнерден өнім алып, тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Қамбаға 396 мың тонна Сыр салысын құйды. Облыс халқының 64 пайызы ауылда тұратынын ескерсек, бұл нәтиже халықтың әл-ауқатын арттыруға септігі тигізетіні анық.

Салтанатты шара барысында аймақ басшысы осы саладан тер төгіп жүрген жандарды құттықтап, алғысын білдірді. Еңбектің ерен үлгісін көрсетіп жүргендер ҚР Ауыл шаруашылығы министрілігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі»,  «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


Қызылордада көркем сурет галереясы ашылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.11.2014 13:00

Қызылорда қаласында  бұрынғы облыстық әскери комиссариаттың шақыру пункті ғимаратына қайта жаңғырту жұмыстары жасалынып, көркем сурет галереясы мен дарынды балаларға арналған сурет үйірмесі ашылды.  Жаңадан ашылған галерея өнер адамдары мен суретшілер үшін қуанышты жаңалық болды.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев көркем сурет галереясының ашылуына қатысып, қылқалам шеберлерінің жұмыстарымен танысты.

Ғимараттың бірінші қабатында атақты Ә.Қастеев, Г.Хлудов, Г.Исмаилов, А.Ғалымбаева, С.Сенчихин, Қ.Қожықов, Ө.Мамақова және т.б. суретшілердің 260 картиналары қойылған 3 көрме залы орналасқан.  Сондай-ақ, қылқалам шеберлерінің шығармашылықпен айналысуы үшін екінші қабаттан 6 шеберхана қарастырылған.

Суретшілер облыс әкіміне шығармашылықпен айналысуға барлық жағдай жасағаны үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта жұмыстарын одан әрі жандандыратынын айтты.  Өңір басшысы мен көркем сурет шеберлері өзара пікір алмасып,  облысымыздың тарихи орындарында ашық аспан астындағы мұражай ашу туралы ұсыныс қолдау тапты.

Айта кетейік, бүгінгі күні облыс бойынша Қазақстан Суретшілер Одағында 32 жергілікті қылқалам шеберлері бар.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


Жолдаудан туындаған міндеттер талқыланды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.11.2014 12:58

Өткен жұмада Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының басым бағыттары мен негізгі міндеттері облыс активінде талқыланды. Жиынға облыс әкімі Қ.Көшербаев төрағалық етіп, қала, аудан әкімдері, құқық қорғау органдары, жергілікті және аумақтық атқарушы орган басшылары, «Нұр Отан» партиясының аудандық, қалалық филиалдары төрағаларының орынбасарлары, облыстық, қалалық  мәслихат депутаттары мен азаматтық қоғам институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар қатысты.

Жолдаудың 5 жылға есептелген және еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының екінші 5 жылдығымен тұспа-тұс келгендігін айтқан аймақ басшысы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жалпы, бұл құжатта мемлекет басшысы 7 бағытқа назар аударды. Соның бірі – кәсіпкерлік саласы. Расымен Елбасы айтқандай, барлық саланы әртараптандыруымыз қажет. Бастысы, кәсіпкерлік экономикалық үлестің тым құрығанда 50 пайызын құрауы тиіс. Бұл мақсат-міндеттерді орындауда Сыр өңірі білек сыбана іске кірісіп кетті.

– Біз мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол» атты Жолдауынан Астананың, Елбасының жүрегінен көк аспанымыз бен байрағымыздағы күннің әрбір сәулесінен кең байтақ қазақ жеріне жеткен жарқын жасампаз сәулені сезінгендей болдық. Тәуелсіздігімізді нығайтып, жаһандық дағдарыстар мен жаңа ғасырдың шақыруларына лайықты жауап беретінімізге кәміл сендік. Жаңа кезеңнің жаңа міндеттерін айқындық, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Өңірде инвестицияның басым бөлігін құраған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобан мен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ желісінің құрылысы аяқталуға жақын. Оның орнын басатын 300 миллиард теңге көлеміндегі инвестициялық жобалар әзір тұр. Жалпы, өңірге инвесторларды көбірек тарту мақсатында индустриалды аймақ жасалуда. Қажетті инфрақұрылым тартылған аймақ облыс орталығында аяқталып, 4 ауданда жұмыстар басталды. Ал қалған ауданда келер жылдың алғашқы жарты жылдығында аяқталады. Облыс әкімі Қ.Көшербаев халықаралық авто дәліздің бойында салынатын сервистік орталыққа инвесторлар тарту жұмыстарымен айналысу қажеттігін сала басшыларына тапсырды. Сондай-ақ, туристік саланы дамыту мәселесіне де басты назар аудару керектігін ескертті.

Жолдауда айтылған «Мәңгілік Ел» идеясы, Ұлы Жеңістің 70  жылдығы туралы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов өз ойымен бөлісті. Ал  Елбасы Жолдауындағы айтылған оқу орындарының материалдық-техникалық базасының жаңартылатындығы,  сондай-ақ келер жылы тойланатын Қазақ хандығының 550 жөнінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қ.Бисенов баяндады.

Мұнан бөлек, басқосуда Елбасы Жолдауы бойынша кәсіпкерлер, жастар ұйымдары бірқатар баяндамалар жасады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


Жасыл экономиканы дамыту мәселесі сөз болды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.11.2014 12:52

14 қарашада Қызылордада «Жасыл экономиканы дамыту: өзекті мәселелері, құқықтық қамтамасыз ету» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған шарада экология мәселелері, баламалы энергетиканың қуат көздері және жасыл экономикаға көшудің даму жолдары қарастырылды. Конференция жұмысына Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздің басқа аймақтарынан келген белгілі ғалымдар қатысты.

- Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясында еліміздің жасыл экономикасын дамыту жолына негізделген, тиімді және тұрақты экономика құру міндетін қойды. Біз табиғаттың байлығын тиімді пайдалана білуіміз керек. Бүгінгі күні желдің күшін, күннің сәулесін, судың қуатын қолдану – экологиялық проблемаларды шешуге, энергияны сақтауға, инновациялық технологияларды дамытуға жасалған қадам,- деген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймағымызда жасыл экономиканы дамыту барысында бірқатар инновациялық жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Өңір басшысының айтуынша, күн қуаты батареяларының кең қолданылуы Қызылорда облысын жасыл экономиканың басты өсу тетіктерінің біріне  айналдыра алады.  Бүгінде шалғай елді мекен тұрғындары өз шаруашылықтарында  күн батареяларын қолдануға қызығушылық білдіріп отыр. Мысалы, Арал ауданының Мойнақ елді мекенінде 8 тұрғын үй осындай инновациялық батареяларды қолдануға көшті.

Сондай-ақ, облыста күкірт өндіру зауыты, пайдаланылған көлік дөңгелектерін қайта өңдеу зауыты жұмысын бастады. Одан бөлек «Жасыл экономика» бағдарламасы аясында «жасыл белдеуді» құру үшін облыс орталығында газ құбыры жүйесі, сумен қамтамасыз ету, құбырларды тазалауда жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

Конференция одан әрі секциялық жұмыстармен жалғасты. Секция жұмысы барысында 100-ден астам баяндама тыңдалды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қараша 2014 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары