Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 20 Қараша 2014

Мұстақым Ықсановтың бюсті ашылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.11.2014 17:21

Бүгін Қызылордада №9 политехникалық колледжде мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың бюсті ашылды. Оған облыс әкімі Қ.Көшербаев және М.Ықсановтың қызы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Ықсанова және әріптестерімен, жерлестері қатысты.

Мұстақым Ықсанов Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітіріп, қатардағы қызметкерден еңбек жолын бастайды. Әр жылдары біліктілігі мен білімділігінің, ұйымдастырушылық шеберлігінің арқасында аудандық партия комитеттерін басқарды. 1960 жылдары алмағайып уақытта Қызылорда облысына басшы болды.

Бюстің ашылу салтанатында Батыс Қазақстаннан келген әріптестері мен шәкірттері М.Ықсановтың адамгершілік қасиетін сөз етті. Мұнан соң оқу ғимаратында орналасқан М.Ықсановтың мұражайымен танысты.

Ал М.Ықсановтың өмірі мен еңбек жолына арналған танымдық конференцияда тау тұлғаның қызметтік жолы турасында пікірлер айтылды.

Ол Сыр өңірін басқарған тұста қордаланған мәселелердің шешімін табуына ұйытқы болды. Әсіресе, ауыл шаруашылық саласының өркендеуіне мүмкіндік жасады. «Дала академигі» Ы.Жақаев осы жылдар ішінде күріштен рекордтық өнім алып, аты әлемге танылды. М.Ықсанов биліктің өзге салаларында жемісті еңбек етіп, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды.

Жиынға қатысқандар мұндай тумысы бөлек жан мәңгі ел жандында сақталатынын айтып тарасты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қараша 2014 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары