Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
Жұма, 21 Қараша 2014

Сырдариялықтар сахнаны билеп-төстеген күн PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.11.2014 16:24

Кеше сырдариялықтардың өнер керуені «Арнасын ән кернеген – Сырдария» атты концерттік бағдарламасын қала тұрғындарына ұсынды. Аудан өнерпаздары таңдай қақтырарлықтай таланттарымен көпшіліктің жүрегіне жол таба білді. Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқиссасымен» түрілген сахна шымылдығы ән-жырдың көшінен қалыспай жүрген жандардың жұлдызын жаққандай болды. Қалтай Мұхамеджанов, Әбділда Тәжібаев, Хусейн Әмір-Темір, Рамазан Тайманов, Жеңіс Ысқақова, оның ар жағында Сәбира Майқанова шыққан ауданның өнер десе делебесі қозатынын айтпаса да түсінікті. Бұл ауданнан әлі де болса, талай талант түлеп ұшқалы тұр. Анау-мынау әншінің даусы жете бермейтін «Әлия» әнін нақышына келтіріп орындаған Құралай Мейрамбекқызы солардың бірі болмақ. Оннан енді ғана асқан оның жоғары ноталардың өзін емін-еркін алғанын музыкадан мықты хабары жоқ көрермен де көкейімен сезді. Одан бөлек, жанұялық «Сәдуақасовтар» ансамблі де бүтіндей бір шаңырақтың ғана емес, бүкіл бір ауданның абыройын асқақтатты. Ретро әндерге арналған «Сағындырған әндер-ай» бөліміндегі сахна көрінісі әр әннің әрін келтірді.

Ен даласының тамыры егістікпен жайқалған аудан ҚР Еңбек Ері Абзал Ералиевпен мақтанады. Күріштен тау тұрғызған оларға рекорд жаңарту шыбықтың басын сындырғанмен бірдей болып қалды. Биылғы «Алтын күзде» ауыл шаруашылығы бойынша «үздік аудан» атанған Сырдарияның өнер додасында да өз мақтаныштары жетерлік. 100-ден аса рөлді сомдаған Сырдың мақтанышы Сәбира Майқанова Сырдарияның топырағына аунап-қунаған. Сол сахна саңлағының 100 жылдық мерейтойына орай жергілікті сазгер Ермекбай Әлкеновтың «Сәбира апай» әні хормен шырқалды.

Көптің қолын еріксіз соқтырған концерт соңында облыс әкімінің ықылас гүлі табысталды.

Г.Есімова

 


Күнтізбе

< Қараша 2014 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары