Өзекті мәселелер

  • 19.07.18

    Бұған дейін Бас прокурор қызметінде болғанда да адалдығымен, іске берілгендігімен көзге түскен Жақып­  Асанов бұл жолы да бұрынғы әдетінен таймады­.  Жартыжылдық   есебін  қорытындылаған бас  қазы  қолшоқпарға  айналған  судьялардың  атын атап,  түсін  түстеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 19.07.18

    Алдағы 3 жыл Ақмешіт атырабы үшін кәсіпкерлік жылы болып белгіленді. Бұл туралы кеше облыстық мәслихаттың­ кезекті 21-сессиясында облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы айтты. Алқалы басқосуда аймақ басшысына ұсынысты облыстық мәслихат депутаты Асқар Махамбетов жеткізген­ болатын. Оны бірден қабыл алған Қ.Көшербаев «халықтың қолын аузына жеткізудің бірден-бір жолы – кәсіп­керлікті дамыту» деп қадап айтты...

    Толығырақ...
  • 19.07.18

    Талант дегеніміз дала тілімен түстегенде хас тұлпар секілді. Жүйрікті баптамаса, бәйгеге қоспаса, қора тұт­қынына айналады. Ел құша­ғындағы дарабоздар ондай сыңаржақ тон пішуді пыру демейді. Бұлар әу бастан туған­ жердің бір тамшыдан нәрленер сүйрігіндей ми қайнатар аптаптың өзіне шыдас береді. Қолдан жасалатын қайшылықтардан жа­сы­май, намыс шарқайрағына жанылып, бұрынғыдан да өткірлене түседі...

    Толығырақ...
  • 19.07.18

    «Адам екі нәрседен қателеспеу керек. Бірі жар таңдаудан болса, екіншісі – мамандық таңдау­дан» деп жатамыз. Әлбетте, жар таңдау – өзге тақырып. Біздің қозғағалы отырғанымыз маманд­ық жайында. Яғни, қазіргі кезде ерлер­ қауымына сәйкес келмейтін кәсіп жайлы болмақ. Рас, мамандық түрлері өте көп. Мамандықтың бәрі жақсы дегенмен, ер-азаматтардың көпшілігі әйел адамдарға тән жұмыстармен айналысуға ...

    Толығырақ...
  • 19.07.18

    Мен «Мырза» беті үшін ер-азамат туралы өз ойымды білдіргім келеді. «Қазіргі ерлер ұсақталып кетті» деген пікір бар. Өзім ол пікірге толық қосыла алмаймын. Өйткені оларға бүгінгі нарық жағдайы, жұмыссыздық себеп болып отыр. Бірақ атам заманнан еркектің аты – еркек.

    Расы сол, әйелдерге қарағанда көп жұмыс атқаратын да, өндіріп табыс табатын да – еркек. Ал қазір үйде де, түзде де бала тәрб...

    Толығырақ...
Қараша 2014

Аймақ басшысы балалар үйінің тәрбиеленушілерін Тұңғыш Президент күнімен құттықтады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.12.2014 10:31

Сенбіде облыс әкімі Қ.Көшербаев жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Балалар үйінің тәрбиеленушілерін Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Бүлдіршіндер мерекеге орайластырып салтанатты шара ұйымдастырды.

- Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті.  Сондықтан да,  Сіздер, балалар, сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін  белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек. Соңғы жылдары балалар үйінің бітірушілері мемлекеттің қолдауымен білім гранттарын жеңіп алып білім алуда. Ал 13 түлек баспаналы болды. Облысымызда сіздер үшін жанұялық үлгідегі балалар ауылының құрылысы жүргізілуде. Осының барлығы, балалар, біздің Елбасының Сіздердің өркениетті және гүлденген қоғамда бақытты өмір сүрулеріңізге бағытталған сарабдал саясаты, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы балаларға Елбасының атынан планшет сыйға тартты. Ал балалар облыс әкіміне өздерінің дайындаған қолөнер сыйлықтарын табыстады. Салтанатты шара балалардың мерекелік ән-шашуымен жалғасты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


Өрттен бес газ баллонды сыртқа шығарып үлгерді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.12.2014 10:27

26 қараша күні Қызылорда қаласының орталығындағы екі қабатты үйлердің ауласындағы ағаштан жасалған құрылыс отқа оранды. Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер ғимараттың кіре берісінде ғана тұрған үш газ баллонын  бірден тауып үлгерді. Оларды қауіпсіз жерге апарып қойғаннан кейін, қатты үрейленген үй иелері тағы да 50 литрлік екі газды баллон отқа оранған сарайдың түпкі жағында қалып қойғанын айтты. Осы кезде баллон бұрандарының тығындамасы зақымдалғандықтан, көгілдір отын жана бастады. Кез келген секундтарда баллондар, сонымен бірге айналаның бәрі көкке ұшар еді.

Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі Жандос Рысбековтің басшылығымен өртке қарсы қызмет сержанты Абсеитов Талғат, өртке қарсы қызмет сержанты Самарханов Берен сияқты ержүрек азаматтардың шұғыл қызметтері арқасында қауіпті газ баллондары сыртқа шығарылды. Өрт сөндірушілер өз өмірлерін құрбан етумен қатар, өрттен қөрші қораларды да аман алып қалды.

Қызылорда облыстық ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі

 


Елбасының замандастары ұлықталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.12.2014 10:24

Арал аудандық мәдениет үйінде 1 желтоқсан -  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған  «Ел тірегі - Елбасы» атты салтанатты шара өтті.

Тұңғыш Президент күнін мерекелеудің басты мақсаты қоғамдағы елдің Тәуелсіздік жылдарында, қазіргі уақытта және болашақта іргетасы болып табылатын мемлекет басшысының идеясы мен саясатының айналасына бірігу болып табылады.

Мемлекет Әнұранынан басталған салтанатты жиында қатысушылардың назарына Елбасы, ҚР Президенті  туралы фильмдер көрсетілді. Аудан әкімі Абзал Мұхимов бұл күннің еліміз үшін маңызы зор екенін атап өтіп, құттықтау сөз сөйледі. Шара барысында аудандағы Елбасымыздың замандастарына, яғни 44 ардагерге аудан әкімінің Алғыс хаты және «Қайраткер ардагер» номинациясы  табыс етілді.

Сонымен қатар, аудандық Орталық мешіттің бас имамы М.Әбіштегіне су жаңа «Нива» автокөлігінің кілті табысталды. Шараның жалғасы  қиын қыстау заманда елдің еңсесін түзеуіне, ауданның дамуына елеулі үлестерін қосқан Елбасының замандастарына арнайы дастархан жайылып, ас берілді.

Арал аудандық ішкі саясат бөлімі

 


ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІН АТАП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.12.2014 10:22

28 қарашада қызылордалықтар Тұңғыш Президент күнін салтанатты түрде атап өтті. Шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты.

Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз! Елбасының елдің еңсесін тіктеуде атқарған еңбегі бейнекөрініс арқылы көрсетілді.

- Ел билеу – елден жоғары тұру емес. Халқының жолына түн ұйқысын төрт бөлуі. Қиындық көлде­нең­деген кезде өзін-өзі ұмытып, тәуекелге баруы, күйіп-жануы! Осының бәрін Ел­басы ерен еңбегімен, күш-қайратымен құрыш құйғандай күн сайын дәлелдеп жүр, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Қазақ елі тәуелсіздік жылдарында қаншалықты толымды табыстарға қол жеткізсе, оған Сыр елі де өз үлесін қосып келеді. Алаштың анасына баланған аймақ мемлекет басшысының барлық бастамалары мен жүргізіп отырған саясатын зор ықыласпен қабылдап, қолдау көрсетуде.

Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың ән-шашуымен жалғасты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 


Тұңғыш Президент атындағы аудитория ашылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.12.2014 10:19

«Болашақ» университетінде Елбасының тарихи тұлғасын, қарымды қайраткерлігін айшықтайтын және жас ұрпаққа өнегелік, тәрбиелік маңызы зор Нұрсұлтан Назарбаев аудиториясы ашылды. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және ҚР Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары қатысты.

Елбасы аудиториясы 7 көрме витринасынан тұрады. Бірінші витринада Мемлекет басшысының балалық, жасөспірім және жастық шағынан сыр шертеді. Бұл бөлім «Ұшқан ұя» деп аталады. «Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын» атты екінші витринасы мемлекеттіліктің қалыптасуына арналып, Конституция мен мемлекеттік рәміздер тарихына мән берілген. Үшінші бөлім Тұңғыш Президент күнімен байланыстырылған және «1 желтоқсан – жалпыхалықтық сайлау күні» деп аталады. Төртінші витринада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыстары көрсетілген. «Кез келген халықтың қуаты – халқында» тақырыбындағы витринада облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, білім беру, денсаулық сақтау салалары қамтылған. «Тұлға тағылымы» витринасы Тұңғыш Президент туралы жазылған еңбектермен толықтырылған. Аудиторияның 3 витринасы толықтай Астананың қалыптасуы, дамуы мен келешегі, халықаралық ынтымақтастықтағы рөліне арналған.

Оқу ордасының шәкірттері енді  Елбасы туралы барлық мәліметті осы аудиториядан ала алады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


Партия билеттері табысталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.12.2014 10:16

Тұңғыш Президент күні қарсаңында түрлі салада еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар «Нұр Отан» партиясына қабылданды. Оларға билетті облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы  Қ.Көшербаев салтанатты түрде тапсырып, енді жауапкершілік жүгінің тағы да артатындығын еске салды.

- Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр

Отан» партиясы билікті халықпен барынша жақындастыра  түсетін алтын көпірге айналуы тиіс» деген еді. Партия Лидері барлық нұротандықтарды саяси көшбасшылықты күнделікті істе дәлелдеп, қоғам өмірінің барлық бағыттарында алдыңғы орында болуымызды міндеттеген. Сіздер де осы сенімнің үдесінен толықтай шығасыздар деген үміттемін, - деді облыс әкімі.

Партия қатарына мүшелікке қабылданғандардың ішінде ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Алмас Өтешов, Жаңақорған ауданы, Талап ауылдық округінің әкімі Бахтияр Ахметов,  Шиелі ауданы, Алмалы ауылдық округінің әкімі Болат Баймағанбетов, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Сырдария ауданындағы филиал директоры Айдос Серекеев,  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, PhD докторы Гаухар Танжарықова, Қызылорда облыстық наркология орталығының дәрігері Аман Тұрсынов, Байқоныр қаласы №14 орта мектебінің мұғалімі Зәуре Қалышова, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының консультанты Салтанат Бекжанова болды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


Жолдаудан туындаған міндеттер талқыланды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.12.2014 10:04

28 қарашада Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық топ мүшелерінің қатысуымен облыс активі өтті. Жиынға аймақ басшысы Қ.Көшербаев қатысып, насихат топ өкілдерінің жұмысына сәттілік тіледі.

- Мемлекет басшысы өз Жолдауында Халықаралық валюта қоры мен Бүкіләлемдік банктің болжамы бойынша алдағы екі жылда әлемдік экономиканың даму деңгейі бәсеңдей түсетіндігін айтты. Бұл әлбетте, елдің әлеуетіне өз ықпалын тигізбей қоймайды. Осы орайда, мұнайдан және ураннан түсетін табыстың 94,6 пайызына тәуелді өңір экономикасын әртараптандыруда жүзеге асырып жатқан жобаларымыз дұрыс бағытты таңдағанымызды көрсетті. Десе де бұл, Елбасы Жолдауында айтылған дағдарыстың алдын алудағы басты шарттардың бірі болып қала береді. Ал, жаһанды шарпыған күрделі кезеңнен мемлекет басшысы айтқандай, жұдырықтай жұмыла білген бірлікті халық қана өтеді, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының басым бағыттары мен негізгі міндеттері бойынша ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Сұлтанов, «Аквалайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Ғ.Жақсылықов және Қызылорда қаласындағы № 233 орта мектептің директоры А.Мұсаева баяндама жасады. ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова өз сөзінде әлеуметтік міндеттемелерді орындауға және аз қамтылған халық топтарын қолдауға қосымша 10 триллион теңге қарастырылатындығын жеткізді.

Жалпы, баяндамашылар жеті бағыттан тұратын Жолдаудан туындаған міндеттерді саралады. Алда атқарылатын ауқымды жобалар турасында пікірлерін білдірді. Жиынға қатысушылар 5 жылға жоспарланған бағдарламаның тиянақты орындалуына жұдырықтай жұмыла жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

Сондай-ақ республикалық ақпараттық топтың құрамына енген  ҚР Парламентінің депутаттары, бірқатар салалық министрліктердің вице-министрлері, комитет төрағалары Жолдаудың негізгі ережелерін халыққа түсіндіру мақсатында бүгін аудандарға іссапарға шықты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


Қызылорда әуежайы алғашқы халықаралық рейсті қабылдады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.11.2014 09:57

Кеше «Боинг 737-400» жолаушылар тасымалдайтын «Тәжік Эйр» әуекомпаниясының ұшағы Қызылорда әуежайына қонды. 130 жолаушысы бар әуе кемесі Қорған Төбе – Қызылорда – Мәскеу бағытына қатынайды.

– Бәрі керемет. Қызылорданың мүмкіндігі біз ойлағаннан да жоғары екен. Осыған дейін Тараз қаласы арқылы ұшатынбыз. Қызылорда арқылы ұшсақ, 45 минут уақытты үнемдеуге болады. Бізге тиімдісі осы. Алда келіссөздер жүргіземіз. Барлығы сәтті өтсе, аптасына 6 рейс Қызылорда арқылы ұшатын болады, - деді ұшақтың аға пилот нұсқаушысы Юсубжан Юсубахмедов журналистерге берген сұхбатында.

Жақында Қызылорданың әуе қақпасы Үкімет қаулысымен халықаралық статус алған болатын. Қазір шетелдік және отандық компаниялармен келіссөздер жүріп жатыр. Желтоқсан айының ортасында Дубайға қызылордалық жолаушылар ұшатын болады.

«Қорқыт Ата» әуежайы АҚ бас директоры Сайлау Жаналин қазіргі уақытта AIR ASTANA, SKAT, INVESTAVIA (Қазақстан), TRANSAVIA (Ресей), PEGASUS (Түркия) және басқа да әуекомпаниялармен Бейжің, Стамбул, Мәскеу, Дубай қалаларына тікелей рейстер, сонымен қатар болашақта чартерлік халықаралық рейстер ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезекті конференциясы өтті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.11.2014 09:53

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезекті есеп-беру сайлау конференциясы өтті. Онда атқарылған жұмыстар талқыланып, партия филиалы Саяси кеңесінің, партиялық бақылау-тексеру комиссиясының құрамын сайлау мәселесі қаралды.

Жиынды облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев ашып, аталмыш конференция Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауымен үндесіп отырғанын жеткізді.

- Өздеріңізге белгілі, Жолдауда «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясаттың басталуы туралы жарияланды. Бұл саясаттың басты міндеттерінің бірі -  ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламаның орындалуы. 2015 жылғы экономиканың негізгі бағыты көлік құрылымдары, энергетикалық, индустриялық, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту мен шағын және орта бизнеске бағытталатын болады, - деген облыс әкімі оларды жүзеге асыру міндеті партияның қолдаушылары ретінде бәрімізге ортақ мақсат екенін жеткізді.

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі Қуаныш Сұлтанов партия жұмыстарының негізгі бағыттарын айқындап, Елбасы Жолдауын белсенді түрде жүзеге асыруға шақырды.

Сонан соң, 2013-2014 жылдары атқарылған партиялық жұмыстар мен  жобалар бойынша облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков есеп берді.

Конференция барысында аймақтық партиялық ұйымының Саяси кеңесі, бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамдары сайланды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


Көршінің көңілі PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
27.11.2014 11:37

Байқоңыр төңірегіндегі мәселені талқыға салып, ел-жұрттың құдайдың зарын қылғанына біраз болды. Былтыр Байқоңырға құлаған «Протон-М» зымыраны зардабының шығынын отандық сарапшылар 13,9 млрд. теңгеге бағалаған. Бұл шамамен 90 млн. долларға тең. Алайда ресейліктер «біздің есептеу әдісіміз бөлек» деп есептелген шығынды мойындарына алғысы келмеді.

Мұны Ресейдің қаржылай қолдау жасаудан тайсақтағаны ма, әлде бағаланған шығын көлеміне күмән келтіргені ме, әйтеуір ұға алмағанбыз. Зымыранның зардабын таратуды білген олардың өтемақысын төлеуге келгенде «шықбермес шығайбайлыққа» салынғаны біздікілердің ызасын тудырғаны рас. ҚР премьер-министрінің бірінші орын­басары Б.Сағынтаев та «Қазғарыштың» алқа мәжілісінде Ресейдің шығынды­ төлеуге асықпай отыр­ғандығын айтып, мәселеге бейжай қараудың жөнсіз екендігін  жеткізген еді.

«Болар іс болды, бояуы сіңді». Құлаған зымы­раннан келетін зардаптың орнын Ресей төлеген азын-аулақ қаржымен өтей қою шынымен ақылға қонымсыз­. Себебі мамандар тонналаған гептилдің зияны 50 жылдан аса уақытқа дейін сақталатындығын айтып, дабыл қаққан тұғын. Премьер-министр К.Мәсімов те Мәскеуге сапарында осы мәселенің төңірегінде сөз қозғап, екі ел арасындағы дауға жуық арада нүкте қойылады деп келісім жасады.

Билік басындағылар Байқоңыр аумағында ҚР Экологиялық кодексін қолдану проблемасын да көтерді. Айтып айтпай не керек, апта басында Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» кешеніне қатысты Қазақстан-Ресей­ үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин және Қызылорда облысы­ның әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Жиында ресейліктер «Протон-М»-нан келген зардаптың шығынын өтеуге келісім беретіндіктерін тілге тиек еткендей болды. Бірақ шығын сомасы нақты белгілі емес. Бірақ олар отандық экологтар бағалаған шығынды есебімізге аламыз деп отыр. Байқоңырда биыл екінші рет өткізілген үкіметаралық комиссия жиынындағы басты мәселелердің бірі осы өтемақы туралы­ келісім болды. Сонымен қатар екі ел өкілдігі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон» зымыран­тасығышының ұшырылымдарын азайту жөнінде келісі­мге қол қойды. Келісімнің күші қаншалықты қуатты екендігін алдағы уақыт көрсетеді. Себебі «Роскосмостың» басшысы О.Остапенконың «Байқоңырдан 2020 жылға дейін 70 мәрте зымыран ұшыруды жоспарлап отырмыз» деген сөзі бар-тын.

- Желтоқсан айының соңына дейін Бай­қоңыр территориясында ҚР Экологиялық кодекс­інің жұмыс жасауына мүмкіндік береті­н келісімге келдік. Оған желтоқсан айы­ның соңына­ дейін қол қойылатын болады­. Сондай-ақ осы төңіректегі Төретам, Ақай және Байқоңыр қаласының әлеуметтік кешенін  дамытуға байланысты қабыл­данатын шешімдерге келісімдер жасалды,- деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары  Б.Сағынтаев.

Естеріңізде болса, облыс әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспа­сөз мәслихатында Байқоңырға қатысты мәселенің мән-жайын:

- Мен облыс әкімімін, Байқоңырда ракета­ құлап жатса, халыққа зардабы тиіп жатса, менің құзырымда емес деп мен қалай немқұрайлы қараймын? “Протон” құлады, ең бірінші соның жанына барған мен және журналис­тер. Бұл жерде шығын құнын біздің мамандар 13,9 млрд. теңге деп есептеп берген. Бірақ, есептеу методикасы дұрыс көрсетілмеген екен. Себебі, біздің мамандар бір методикамен есептесе, Ресей мамандары басқа методикамен есептейді,- деп түсіндірген болатын.

Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы Байқоңырдағы қазақ тілде оқытылып жатқан мектептерді қазақстандық оқу стандарттарына көшіру мәселесінен де айналы­п өтпеді. Күн тәртібіндегі өзекті проблемалардың бірі – осы еді. Байқоңырдағы қазақ балалары Ресей білім бағдар­лама­сымен оқып келеді. Олар қазақ тіліне аударылған ресейлік оқулықтармен білім алуға мәжбүр. Мектеп түлектеріне ресей­лік үлгідегі аттестаттар табысталады. Енді 2015 жылдан бастап Байқоңырдағы алты мектеп қазақстандық оқу стандарттарына көшеді. Нақтыланған құжатқа екі ел президенттері желтоқсанда өтетін кездесу­ле­рінде қол қоймақ.

Үкіметаралық келісімдерден күтетініміз көп. Әйтеуір Үкіметке үміттене қараған елдің сенімі ақталар деп сенеміз. Ресей олқылықтың орнын толтырмаса да, «көмек қолын созамыз» деп қалды. Жабулы қазан жабулы күйінде қалғанда, қайтер едік?

Әйгерім НАЖМАДИН

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қараша 2014 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары