Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Жұма, 03 Наурыз 2017

Ибалы келіндер сынға түсті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.03.2017 13:51

«Пай, пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай, Көл дария секілді пейілдері-ай», - дегендей, бұл күні 16 келін сынға түсті. Көктемнің нұрлы шуағымен бірге келген шұғылалы әйелдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған мәдени шара Бекарыстан би ауылында өткізілді. Шараны ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған «Асыл аналар» ансамблі халық әнімен ашса, №24 қазақ орта мектебінің оқушыларынан құралған хор ұжымы Жұмабек Табынбаевтың сөзіне жазылған сазгер Бектұрған Жібекәлінің «Қазақстан» әнін орындады. Аталған байқауды Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Толыбай Жүсіпов ашып, келіндерге сайыста сәттілік пен табандылық тіледі. Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Жанат Қуанышқызы мен Майдакөл ауылдық округінің әкімі Өміртай Өтеп-Әлі жылы лебізін білдірді.

Жас келіндерді халыққа таныстыра отырып, оларды инабаттылыққа баулу мақсатында өткізілген байқауда келіндер бірнеше шарт бойынша сынға түсті. Ал сайыстың үшінші бөлімінде қатысушылар орындаған көрініс «Ибалы келін» байқауының мағынасын онан әрі аша түсті. Сайысқа аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Жанат Көләнова, Майдакөл ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрайымы Құралай Бекжанова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Бекзат Әжімұрат қазылық жасады.

Алғашқы кезеңнен-ақ көрермендер мен қазылардың көңілінен шыққан бекарыстандық Назгүл Жарылқасын бас жүлдені, Әйтеке би кентінен қатысқан Ақнұр Рысмамбетова бірінші, Қазалы қаласынан келген Салтанат Шайзадаева екінші орынды иеленді. Ал үшінші орынды Айгүл Құлманова (Аранды ауылы), Ұлпан Тәуекелова (Лақалы ауылы) және Қалбибі Алтыбаева (Абай ауылы)  жеңіп алды. «Көрермен көзайымы» номинациясына Бозкөл, «Инабатты келін» аталымына Бірлік ауылынан келген келіндер ие болды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен, барлық қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Жұмабек Айдарбекұлы,

Қазалы ауданы,

Бекарыстан би ауылы

 


Күнтізбе

< Наурыз 2017 >
    1 2 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары