Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 02 Мамыр 2017

ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР БІРЛІК КҮНІН АТАП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.05.2017 14:14

«Бірлігі бекем ел озады». Осынау қағиданы тұтынған қазалылықтар Бірлік күнін ұйымшылдықпен атап өтті. Аталмыш мереке аясында аудан тұрғындары түрлі ұлт өкілдері ұйымдастырған концерттік шараны тамашалап, көптеген игі істерге куә болды.

Жұртшылықты мерекемен құттықтаған аудан әкімі Нажмадин Шамұратов: «Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді» дейді халық даналығы. Елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. 130-дан аса ұлт өкілдері ынтымағы жарасқан Қазақ жерінде тату-тәтті өмір сүріп, ана тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін жаңғыртуда. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін зор мүмкіндіктерге жол ашып берді. Жоба атажұртын, кіндік қаны тамған жерін сүйетін әр азаматтың көңілін жылылыққа толтырады», - деді тебіреніспен.

Мұнан соң Қазалы аспанын шарықтата салған әсем ән, күмбірлете төгілген күй кернеді. Достығы жарасқан сан ұлт өкілдерінің ұлтық тағамдары дайындалып, билері биленді. Бейбітшілік жаршысындай көгершіндер мен тілектер жазылған шарлар көкке ұшырылды.

Айта кетерлігі, Қазалы ауданында 13 түрлі этнос өкілдері өмір сүреді. Олар түрлі салада еңбек етіп, елдің өркендеуіне сүбелі үлестерін қосып жүр. Мереке Қазалы қаласында да кең тұрғыда ұйымдастырылды.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


Күнтізбе

< Мамыр 2017 >
1 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары