Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 03 Мамыр 2017

Қос ойынның қорытындысы: «ҚАЙСАРДЫҢ» ҚАРҚЫНЫ ҚАЙДА КЕТТІ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
04.05.2017 11:47

ТОҒЫЗЫНШЫ   ТУР ТОСЫЛДЫРДЫ

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ІХ кезеңінде жергі­лікті «Қайсар» өз алаңында «Астана» футбол клубын қабылдап, жеңі­лістің кермек дәмін татты. Ал астаналықтар болса, осы маусымдағы тізбек-тізбегімен жал­ғасқан  жетінші  жеңісіне­ жетіп отыр. Алдымен ойын  жайында.

 

Ойынның бірінші бө­лігінен-ақ қызылордалық команданы қайта-қайта қыспаққа алған елордалықтар алаңда өздерін қожайын сезінгендей. Өйткені допқа иелік ету де, ойындағы басымдық та солар­да болды. Мұндай еркін ойын бас қаланың аяқ­допшыларына көп күт­тірмей-ақ  нәтижесін берді. Небәрі 28-минутта Твумаси «Қайсар» қақпашысын қапы қалдырса, 34-минутта Маевский  есепті еселей түсті. Қонақтар салған қос доп­қа  қарымта қайтаруға «қасқырлардың» күші жетпеді. Кездесудің екінші бөлігіне алаң иелері жаңаша қар­қынмен шыққанымен, ойынғ­а оң өзгеріс әкеле алмады. 73-минутта «Қайсардың»  қақпашысы  допқа қарсы жүгіріп шығып, Кабананганың жолын бөгемек болған­ еді. Бөгеді, бірақ рұқсат етілм­еген әдіспен. Соның «нәтиже­сінде» керекулік бас төре­ші Алешин­ Исламқұловқа қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуды. Онымен қоймай, 11 метрлік айып соққысын белгіледі. Өз кезегін­де Роман Мұртазаев мүлт кетпеді. Есеп 0-3. Айтпақшы, Младенов осы уақытқа дейін сары майдай сақта­ған  сайыпқыранымызға  осы жолы мүмкіндік берді. Иә, көптен күткен Көкеевті де алаңнан көзіміз көрді. Одан бөлек Нәрзілдаевті Коровкинмен алмастырса, Курьор алаңдағы орнын Григоре­нкоға  амалсыздан босатып берген еді. Ойын­ның қалған уақы­тында «Қайсар» ойыншылары есеп ашуға қан­ша тырысса да, «Астана» қор­ғау­шылары оларды Мокин қор­ғаған  қақпаға жақын­дата қоймады. Осылайша, ел чемпион­дары қатарынан қарсыластарын төр­тінші рет ірі есеппен жеңіп отыр.

Қалай десек те, «Астана» футбол клубы – еліміздегі ең мықты командалардың бірі ғана емес, бірегейі. Олармен иық тірестіре ойнап, тең дәрежедегі кездесу өткізсе де қуанар едік. Өз жерінде ірі есеппен жеңілгені жанкүйерлердің  көңілін қалдырып, жанына  батқаны  шындық.

«Қайсар» – «Астана» – 0:3

Голдар: Твумаси, 28. Маевский, 34. Мұртазаев, 76-пенальтиден

Ескертулер: Николич, 30 – Аничич, 48. Бейсебеков, 61. Қы­зыл қағаз: Исламқұлов, 73.

«Қайсар»: Исламқұлов, Чуреев, Ламанж, Граф, Евстигнеев, Нәр­зіл­даев (Коробкин, 46), Кама­р­а, Курьор­ (Григоренко 75), Аржанов (Кө­кеев, 59), Байжанов (к), Николич.

Қосалқы  құрам: Алтаев, Алтынбеков, Әмірсейітов, Мулдаров, Сақалб­аев,  Жақаев

«Астана»: Мокин, Шитов, Пост­ников, Аничич (Логвиненко, 80), Шомко (к), Бейсебеков, Маевск­ий, Жалмұқан (Ллуллаку, 65), Мұрта­заев (Граховац, 82), Твума­си, Кабананга.

Қосалқы  құрам: Подымский

Төрешілер: Алешин (Павлодар), Васют­ин (Алматы), Бельский (Тараз)

Қызылорда. Ғ.Мұратбаев атындағы стадион. 5 000 көрермен.

 

КЕЗЕКТІ  ЖЕҢІЛІС...

Бүрсiгүнi «Қайсар» Премьер-лиганың X кезеңінде «Атырау» футбол клубына қонаққа барды. Өкінішке орай, жерлестеріміз бұл ойында да жеңіск­е жете алмады. Шынын айту керек, біз маусым басындағы «Қайсарды» жоғалтып алғандай болдық. Турнир кесте­сінің соңына жайғас­қан батыстық ұжымнан жеңілуі соның бірден-бір  дәлелі.

Жалпы, Атырау жеріндегі ойын бір сарында, баяу әрі ішпыстырарлық деңгейде өтті. Ойынның 49-минутында оқ бойы оза шығып, қақпаға қауіп төндірмекші болған Максимовичке «Қайсар» қақпашысы Григоренко тосқа­уыл болған-ды. Мұнда да «Аста­на­мен» болған ойындағы жағдай қайта­ланды. Бас төреші қақпашыға сары қағаз көрсетіп, қақпаға 11 метр­лік айып соққысын белгіледі. Өз кезе­гінде Максимович қонақтарды есепте алға шығарды. Бұл кездесу тағдырын шешкен жалғыз доп еді. Айтпақшы, «Қайсардың» жаңа қақпашысы соңғы екі ойынға қатысып, екі доп жіберді. Бір қызығы, екеуі де 11 метр­лік соққыдан салынды.

Осылайша, Қазақстан Премьер-лигасының X кезеңі артта қалды. Бұл ретте біраз командалар турнир кес­тесіндегі жағдайын реттеп алды. Ал «қасқырлар» көш басындағы орнында табандап тұруды ойламай, төмен қарай сырғып келеді. Яғни, қызыл­ордалық клуб 12 ұпаймен 7-орында келеді.

«Қайсар» келесі ойынын «Ақтөбеге» қарсы 6 мамыр күні 16:00-де Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионның  қосалқы  алаңында өткізе­тін болады. Жергілікті командамызды қолдап, жанкүйер болуға шақырамыз!

 


Қызылордада «Аға сеньорлар»-ға құжат қабылдануда PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.05.2017 11:45

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай Бағдарламасы аясында Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында және облыстың аудандық орталықтарының Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында «Аға сеньорлар» компонентіне құжаттар қабылдау жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.

«Аға сеньорлар» компоненті қатысушыларға басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, құрал-жабдықтар мен персоналды оқыту мәселелері бойынша тікелей өндірісте кеңес беру үшін нәтижелі жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетел мамандарын тартуға бағытталған.

«Басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, құрал-жабдықтар мен персоналды оқыту мәселелері бойынша жоғары білікті шетел мамандарын тарту (аға сеньорлар)» компонентін жүзеге асыру шартттары:

1. Компонентке Бағдарлама аясында экономиканың басым секторларында өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері қатыса алады;

2. «Аға сеньорлар» компоненті бойынша шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шығындар республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады;

3. Шетелдік сарапшылардың ұшақпен келу және қызметтеріне ақы төлеу шығындары республикалық бюджет есебінен өтеледі;

4. Сарапшының Қазақстанда болуымен байланысты шығындарын, атап айтқанда, жүріп-тұруы, тұрғын үй жалдауы, тәуліктік ақылары, аудармашы қызметтері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жеке есептерінен жүзеге асырылады.

Сұрақтар бойынша Палатаға және облыстың барлық аудандарында орналасқан Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына хабарласа аласыз.

Анықтама үшін телефон: 40-08-74, 40-02-02

Сall-Center – 1432.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ҚАЗАҚСТАННЫҢ 10 АЙМАҒЫНАН КЕЛГЕН СУРЕТШІЛЕР ҚЫЗЫЛОРДА КӨРІНІСТЕРІНЕН ШАБЫТ АЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.05.2017 09:06

Сыр өңірінде бір апта бойы қаланың 200 жылдығына арналған «Жайнай бер, Қызылорда» атты республикалық суретшілер симпозиумы өтті. Қазақстанның 10 аймағынан келген қылқалам шеберлері облыстың тарихи орындарын аралап, көркем жерлерді туындыларына  арқау етті.

3 мамыр күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев симпозиумға қатысушылардың көрмесін тамашалап, оларға аймақ тарихына қызығушылық танытқандары үшін алғысын білдірді.

-Сырдың қасиетті де қастерлі топырағы көркемөнер саласында атағы көпке жайылған таланттарды дүниеге әкелді. Қазақтың тұңғыш ұлттық драма театрының сахна көркемдеушісі болған халық шебері Ләтипа Хожықовадан бастап, ағайынды Қожахмет және Құлахмет Хожықовтар, Сахи Романов пен Салихитдин Айтбаевтар қазақ бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосып, қайталанбас өнер өрнегімен айрықша із қалдырды. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы арқылы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды.  Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің көрінісі. Осы орайда, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына қалдырған қолтаңбаларыңыз үшін Сіздерге алғысымды білдіремін,- деді облыс әкімі.

Сонымен қатар симпозиумда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Өсербай Шоранов сөз сөйледі. Содан соң келушілер симпозиум қатысушыларының көрмесін аралады. Алдағы уақытта бұл туындылар Қызылорда көркемсурет галереясындағы экспонаттар қатарын толықтырмақ

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛҒАШҚЫ ТОҚСАННЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.05.2017 08:42

3 мамыр күні Қызылордада ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысы өтті.

Облыстың алғашқы үш айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов баяндады.

- 2017 жылдың қаңтар-наурызында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 173,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Нақты көлем индексі 95,4 пайыз. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де өсу байқалуда. Тамақ өнімдері және басқалай металл емес минералдық өнімдердің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 9,6 пайызға жетті,- деді Қ.Ысқақов.

Жалпы, облыс экономикасының маңызды бағыттарында өсім бар. Мысалы, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 26,6 млрд. теңгені құрады (өсім – 4,6%), құрылыс жұмыстарының көлемі – 5,7 млрд. теңге (өсім – 6,1%). 137,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім – 37,1%). Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,9 млрд.теңгені құрады (өсім – 2,4%). Мемлекеттік бюджетке 24 387,5 млн. теңге салық және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға сәйкес 110,0%. Оның ішінде республикалық бюджетке  14 551 млн. теңге  (болжамға сәйкес 102,6%), жергілікті бюджетке 9 836,5 млн. теңге (болжамға сәйкес 123,2 %) түсті.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Аманжол Алдажаров, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндама жасады.

Кеңейтілген мәжілісті  қорытындылаған  облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жылдың алғашқы тоқсанында жақсы нәтижелерге қол жеткенін және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін жұмыстарды одан ары жалғастыруды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Ұрлық жасап ұсталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.05.2017 19:15

Былтырғы 5 қыркүйек күні кешке М. есімді азамат өзінің танысы Н-ның иелігіндегі “ВАЗ” автокөлігін алып, сапарға шығады. Діттеген бағытына аттанар алдында көліктің иесіне “Мен жұмыс барысымен жолға шығамын, сол үшін маған ақша қажет, ауыл сыртындағы жайылымдық жерде жүрген бір малым бар, соны алып қайтуға жәрдемдесші” деп өтінген. Н. ұсынысын қабыл алғаннан кейін екеуі ауылдан 500 метр жерде орналасқан жайылымдық жерді бетке алады. Ондағы жайылып жүрген 1 бас баспақты көрген күдікті М. ол ірі қараны “өзімдікі” деп жалған айтып, жүк салғышына тиеп алады. Сонан соң ол жерден ізім-қайым жоғалған. Нәтижесінде жәбірленуші Б.-ға 80 000 теңге көлемінде мүліктік шығын әкеліп, зиян келтіреді.

Осылайша күдікті М. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігінде көрсетілген ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру санатындағы қылмыстық құқықбұзушылық жасаған.

Мұнымен тоқтамаған күдікті М. дәл сол күні түнгі екілер шамасында танысы Н-мен бірге өзінің меншігіндегі автокөлігімен Түгіскен ауылының тұсына аялдайды. Мұның себебі де жоқ емес-тін. Күдікті М. көптен бері танысы С-ның үйіндегі суық қаруды ұнатып, бақылап жүрген еді. Арам пиғылын іске асыруды ойлаған ол дәл сол мезетте үй айналасында адам жоқ екенін, үй тұрғындарының ұйқыда жатқан сәтін пайдаланып жымысқы ойын іске асырады. Үйдің ішіне терезеден кіріп, “АТА ARMS” үлгісіндегі бір ұңғылы 12-калибрлі аңшы мылтығын жасырын жымқырады. Алайда бұл уақытта М-ның бұл әрекетінен бейхабар Н. көліктің ішінде оны күтіп отырған болатын. Арам ойын сәтті жүзеге асырған М. мылтықтың иесі С.-ға 260 000 теңге көлемінде мүліктік шығын келтірген.

Қаруды ұрлап алғаны үшін күдікті М. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 291-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған.

Күдікті М-ның әрекеттерін Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімі аталмыш заңдар бойынша саралады. Сондай-ақ, Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесі бастығының былтырғы 3 желтоқсандағы қаулысымен күдікті М-ға іздеу жарияланған. Тергеу, іздестіру жұмыстарының қорытындысымен күдікті 2017 жылдың 20 сәуірінде қолға түсіп, аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылған.

Жаңақорған аудандық сотының 2017 жылғы 21 сәуірдегі қаулысы бойынша Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылының тұрғыны, күдікті М-ға 2 ай мерзімге “Күзетпен ұстау” бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Б.Налибаева,

Жаңақорған аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі

 


Суретшілер Сыр сұлулығын бейнеледі PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.05.2017 16:40

Қызылорда облысы әкімдігі мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 27 сәуір мен 3 мамыр аралығ­ында Сыр елінде «Жайнай бер, Қызыл­орда!» атты республикалық суретшілер симпозиумы  өтті.

Симпозиумның мақсаты – Елбасының сая­са­ты негізінде халқымыз ерекше қастерлеген та­рихи құндылықтарымызды сақтау, оларды бүгінгі жас буын өкілдеріне таныстыру, халық өмірімен біте қайнасып келе жат­қан өнер байлығын көр­сету және бейнелеу өне­рінің дамуына үлес қосу болып табылады. Сондай-ақ, Қызылорда облысы аумағының өзіндік ерекшеліктерін және облыс орталығындағы көз­тартарлық орындарды бейнелеп, шығармаға арқау ету.

Аталмыш симпозиумның ашылу салтанаты Көркемсурет галереясында өтті. Көрмені ашу құрметі облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлына берілді.

- Суретші дегеніміз  көзі­мен көргенін, кө­ңілімен түйгенін қайтадан қия­лымен жаңғыртып, шарықтатып, қылқаламына арқау ететін жан. Сондықтан да, суретші­лікті ерекше, қайталанбас өнердің түрі десек болады. Бұл - өміршең өнер. Жалпы, қазақтың бейнелеу өнерінде Қызылорда суретшілерінің алар орны бар. Оған осы топырақта туып-өскен республикаға танымал суретшілер мысал­ бола алады, - деді Р.Рүстемұлы.

Республикалық симпозиумға Астана, Алматы, Ақтөбе, Тараз, Шымкент, Өскемен, Орал, Қызылорда қалаларынан 25 суретші қатысты. Олардың ішінде ҚР Суретшілер одағының мү­шелері, академик Ғани Баянов, Өмірбек Жұбаниязов, Өсербай Шоранов, Мәлік Хайдаров, Бақытнұр Бүрдесбеков, Мәжит Бәйтенов, Жамбыл Нәтбаев, Динара Нүргер,  Лилия Беликова, сонымен  бірге  жергі­лікті суретшілеріміз Иассауи Ағытаев, Амангелді Кененбаев, Қуа­ныш Ембер­генов, Рахым Ше­геба­ев, Шәкірбек Саме­нов, Бе­рік Бөкешов сынды Қазақстанға та­нымал қылқалам шеберлерімен қатар Аққали Заки­ров, Дулат Айтбаев, Айнұр Сейткерімова секілді талантты жас суретш­ілеріміз де бар. Шығармашылық топ өкілдері өздерінің пленэрлік жұмыстарын Қорқыт Ата кешенінде бастап, одан әрі Қаратау жоталарында жалғастырды.

- Мінеки, бүгін Сыр топырағы республиканың түкпір-түкпіріндегі суретшілердің басын қосып, ауқымды іс-шараның өтуіне­ мұрындық болып отыр. Сыр жеріндегі бұл симпозиум көп жылдар бойына өтпей кеткен болатын. Осындай кемші­ліктердің алдын алып, бейнелеу өнеріне, жалпы өнерге жасалып жатқан қамқорлыққа алғыс айтамыз, - деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Сурет­шілер одағының төрағасы  Өмірбек Жұбаниязов.

Бірнеше күнге созылған симпозиумның қо­рытындысы қос ғасырлық тарихы бар Көркемсурет галереясында өтті. Суретшілердің еңбегімен танысуға және сал­ған туындыларын тамашалауға облыс әкімі Қы­рымбек Көшербаев та арнайы келді. Еліміздің әр аймағынан келген суретшілер Ұлы даланың қанық бояу­ланын танытып, Сыр елінің көркем келбетін бейнелеп, картинаның құдіретін сез­дірді деп айтуға әбден болады.

Рыскелді  СӘРСЕНҰЛЫ

 


Алаң мәселесі алаңдатпайтын болады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.05.2017 16:39

Соңғы жылдардағы Сыр спортына деген қолдауды көрмеу, айтпау яки жазбау айып секілді. Себебі, атқарыл­ып жатқан жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай. Бір ғана мысал, бір-бірінен соң бой көтеріп жатқан спорт нысандары. Әрине, жөндеуді қажет ететін ғимараттар да жоқ емес. Әсіресе Сыр жұртшылығына стадион мәселесі түйткілді тақырыптардың бірі болып табылады. Жалпы, алаң жайы «Астана» мен «Қайрат» футбол клубтарынан өзге барлық командалардың бас ауруы десек те болады. Байқауымызша, алаң мәселесі енді қызылордалықтарды да алаңдатпайтын болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар­ қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

- Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионның және «Локомотив» стадионының жарамсыздығы туралы ақпараттар біраздан бері айтылып жүр. Десе де, осыған­ дейін түйіні тарқатылмаған мәселе көп ұзатпай шешімін таппақ. Облыс әкімінің  қолдауымен, орталық стадионның қосалқы алаңын салу мәселесі қаралған болатын­. Қосалқы алаң федерацияның талабына, еуропа­лық стандартқа да сай болмақ, - деді облыстық дене­шынықтыру және спорт басқармасының бас­шысы, облы­стық  футбол  федерациясының президенті  Садық  Шоңмұрынұлы.

Негізі 1000 орындығы бар алаңға ҚР Премьер-лига ойындарын, бірінші, екінші лига ойындарын өткізуге­ рұқсат етілген. Бірақ, қазір Қызылордадағы ойын­дарға 3000-5000 аралығында көрермендер жиналуда. Облыс әкімі осы мәселені шешу үшін 60 млн теңге қаражат бөлуге тапсырма берген. Бұл алаңның оңтүстік, шығыс­ жақ бөлігіне орындықтар орнатуға жұмсалмақ. Демек, сыйымдылығы 2500 адамды қамтиды.

Қазіргі таңда интернет желісі бойынша ҚФФ-ның «PFLK» каналы барлық ойындарды тікелей эфирде көрсетуде. Ал қала орталығынан шалғай жатқан ауыл-аймақтардың жағдайын кім ескермек? Осы орайда, жергілікті «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасымен келісім­шарт жасалып, тікелей көрсетілім жасалатыны турасында сөз болды. Негізі «Қайсар» футбол клубын­ың биылғы маусымдағы межесі алғашқы алтылық­та тұрақтау болып табылады. Ал ғайыптан тайып 3-4-орынға ие болып жатса, облыс әкімінің арнайы 50 млн көлеміндегі сыйақысын иеленеді.

«Қызылорда стадионының сапасы сын көтермей­ді» деген пікірді бірнеше футбол маманы айтқан болат­ын. «Астана» футбол клубының бас бапкері Станими­р Стойлов: «Қызылорда алаңының сын көтермейтіндігін білетінбіз, ал адам шошырлық «бақ­шан­ы» өз көзімізбен көргенде жанымыз түршікті. Көртышқандар ін қазып тастағандай ой-шұқыры және жасыл желексіз тақыр жерлері көп», - деп шүйлігеді. Өз кезегінде Сыр еліне ат басын бұрған «Ертістің» бас бапкері Димитар Димитров: «Менің ешкімді ренжіткім келмейді, бірақ мұндай алаңда ойнау футбол­ды өлтіреді», - деген болатын. Осыған ұқсас пікірлерді барлық бапкерлер, көрермендер, футбол мамандары айтуда. Бірақ, алдағы уақытта мұндай жағым­сыз  пікірлер  бізге  бағытталып айтылмайды деп сенеміз...

 


«Алтын белбеу» иегері анықталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.05.2017 16:38

«Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті. Биыл сегізінші мәрте ұйым­дастырылған бәсірелі бәсеке жан­күйерлер  қауымының  қызыға тамаша­лайтын спортына  айналып үлгерді.

Айта кетейік, жарыстың іріктеу кезеңі әр ауылдық аймақтарда наурыз айында басталған болатын. Алғашқыда талапкер ретінде 5401 спортшы қатысса, екінші кезеңде 1521 спортшы бақ сынады. Ал ақтық сайысқа 270 балуан ғана жолдама алып, төл өнерімізді дамытуға  атсалысты. Бозкілемдегі балуандар үш кезең бо­йынша төрт жас деңге­йінде сынға түсті. Түйе балуа­н сайы­сына 14 спортшы қа­тыс­ты. Олардың арасында қызылордалық Мақсат Исағабылов «Сыр Барысы» атанды. Оған «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 300 мың теңгенің сертификаты табысталды. «Сыр Арланы» атағын иеленген аралдық Нұрым Сәлімгереев 700 мың теңгенің сертификатын иеленсе, «Сыр Сұңқары» қармақшылық Марат Баймахановқа 400 мың теңгенің сертификаты табысталды.

2 шілде күні Астана қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирін­де Қызылорда облысының намысын Мақсат Исағабылов пен Нұрым Сәлімгереев  қорғайтын  болады.

 

Жарыс  жеңімпаздары:

1998-99 ж.т. жастар:

55 келі: Бекжан Төлепов (Шиелі)

60 келі: Арман Жалғасбекұлы (Қызылорда)

66 келі: Ринат Елеуліұлы (Арал)

74 келі: Дәулет Хабибуллаев (Сырдария)

82 келі: Рамазан Бисенбай (Қызыл­орда)

90 келі: Жұмағали Аманов (Сыр­дария)

100 келі: Шынтас Қайырбек (Қызылорда)

+100 келі: Ертөре Ағыбай (Шиелі)

Ересектер арасында:

55 келі: Бауыржан Райсов (Қармақшы)

60 келі: Дархан Сержанов (Байқоңыр)

66 келі: Рахманберді Әбдірашит (Қызылорда)

74 келі: Ғалымжан Абдрахманов (Қармақшы)

82 келі: Ержан Абдуллаев (Қызыл­орда)

90 келі: Нұрым Сәлімгереев (Арал)

100 келі: Мақсат Исағабылов (Қызылорда)

+100 келі: Марат Баймаханов (Қармақш­ы)

 


Электронды қызмет сыбайлас жемқорлықтың алдын алады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.05.2017 16:32

Елбасы Н.Назарбаев “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бағытында мемлекеттік кіріс­тер ко­митетіне бірнеше тапсырмалар берген болатын. Биылғы Жол­дауында да салық, кеден саясатын дамыту және оңтайландыру бо­йынша бірқатар реформаларды міндеттеген еді. Сондықтан да бюджеттің кіріс бөлі­гін қамтамасыз ететін, әрбір өңірде өндірілетін, әкеліне­тін тауарлар қозғалысына, салық және кеден заңдылығының орындалуына бақы­лауды жүзеге асыратын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін бір­тіндеп электронды түрге өткі­зуде. Кірістер органдары тарап­ынан салық төлеушілерге бүгінде 50 қызмет түрі көрсетіледі. Оның ішінде са­лық­ саласы бойынша 31 қызметтің 24-і, кеден саласы бо­йын­ша 19 нысанның  9-ы  электронды түрде көрсетіледі.

Қызылорда облысы бо­йынша  мемлекеттік  кірістер департаментімен 2017 жылдың 1 тоқсанында барлығы 160092  мемлекеттік  қызмет көрсе­тілді. Оның 141472-сі (88,4 пайыз) – электронды түрде, ал 18620-сы (11,6 па­йыз)  қағаз жүзінде орындал­ған. Өткен жылдың сәйкес кезе­ңімен салыс­тырғанда, электронды көрсе­тілген қызмет­ саны 38829-ға немесе 32  пайызға артты. Сондай-ақ осы алғашқы тоқсанда салық  төлеушілердің 99 пайы­зы электронды түрде салық есептілігін тапсырды,- деді депар­тамент басшысының салық бағыты бойынша орынбасары Мұса Қалдарбеков БАҚ өкілдеріне арнал­ған баспасөз туры  барысында.

Электронды қызметтің тиім­ділігі көп. Біріншіден, бұл адами­ фактордың, яғни сыбайлас жемқорлықтың орын алуын болдырмаса, екін­шіден, қызмет алушылардың уақыт шығыны­н да азайтады. Сондай-ақ бүгінде бір қызмет алушыға регламентке сәйкес, 20 минуттан аспайтын уақытта қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар салық­тар мен төлемдердің тө­ленуін жедел түрде растау мақсатында екінші деңгейлі банктерден мемлекеттік кірістер органдарына электрондық үкіметтің электрондық шлюзі арқылы мәлімет беріледі. “Құрасбаева” ЖК-нің бухгалтері  Жеміскүл  Андақұлова  да 35 жыл тәжірибесіндегі бүгінгі электронды нұсқа тиімділігінің зор екенін, уақытты үнемдей­тінін  айтады. Сондай-ақ ол кей қызметтерді үйде отырып-ақ, ғаламтор арқылы орындай алаты­нына қуанышты. Алайда үйіңізде ғаламтор желісіне­ қосылған компьютер болмаса, онда тұрған еш қиындық жоқ. Осында, департамент жанында орналасқан ғаламтор желісіне қосылған кабинеттегі компьютерлер арқылы өзіңізге қажетті электронды қызметтерді ала аласыз.

Шынын айту керек, халық арасында “құжатың дұрыс болса да кеденнен тек ақша беріп қана өте аласың” деген әңгіме айтылып жатады. Сондықтан кедендік әкімші­лендіруді жетіл­діру мақсатында тауарларға арналғ­ан декларацияны ұсыну кезінд­е адам факторын болдырмауға мүмкіндік беретін элек­тронды  декларациялау  енгізілуде. Бұл арқылы құжатыңыз дұрыс болса, сізден ешкім ақша талап­ ете алмайды. Қызыл­орда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен осы жылдың алғашқы тоқсанында 411 тауар декларациясы рәсімделген. Оның ішінде импорт  бойынша – 294 ТД,  ал  экс­порт  бойынша –117 ТД. Соны­мен қатар мемлекет қазынасына 1 млрд 393 млн теңге кедендік тө­лемдер мен салықтар өндіріл­ген. Ал облысымызда тауар­ларға кедендік тазарту жүргізу бо­йынша орташа уақыт ішкі тұтыну үшін 1 сағат 4 минут болса, экспорт бойынша 4 минутты құ­райды. Бұл – мемлекеттік қызметті көр­сету уақы­ты бо­йынша рес­публи­кадағы алдың­ғы қатарлы көрсеткіштердің  бірі.

Бүгінде электронды декларациялау жүйесін жүзеге асыру бойынша “АСТАНА-1” ақпараттық жүйесі жасалынып отыр. Бұл жүйе Бүкіл­әлемдік сауда ұйымының нормал­арына және халықаралық стандарттарға сәйкес, 90-нан астам елдерде белсенді қолданылатын ASYCUDA бағдарламасы негізінде жасал­ған. 2016 жылдың шілдесінен бастап Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті базасында жаңа жүйенің  пилоттық  нұсқасының бірінші  кезеңі іске  қосыл­ған. Ал 2017 жылдың 15 ақпанынан  бастап  Қызылорда  облы­сы  бо­йынша  қолданылуда.  Енді  ағымдағы  жылдың  1 шілдесінен осы жүйенің өндіріске толықтай енгізілуі қарастырылып жатыр,- деді департамент басшысы орынбасарының міндетін атқар­ушы  Әли  Майхиев.

Қарап отырсақ, көрсетіле­тін мемлекеттік қызметтер бірден электронды түрге өтпесе де, біртіндеп осы жүйеге ауысып келеді. Жоғарыда айтып өткені­міздей, бұл, бір жағынан, уақыт үнемдеу болса­, ең бастысы – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жасалынған дүние. Бұлай айтуға да негіз жоқ  емес.

2015-2016 жылдары депар­тамент қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық санатындағы пара алу және біздің қызметкерге пара беру фактілері орын алды. Пара алу дерегінің бірі – салық төлеу бо­йынша департаменттің бас маманы, енді бірі осы салық бас­қармасы басшысының орынбасары тарапынан болды. Оларға сот үкімімен айыппұлдар салынды. Және де ішкі қауіпсіздік басқармасының алға қойған мақсаттарының бірі – қызметкерлерге пара беру фактілерін анықтау. Осындай жедел жұ­мыс­тар жүргізу барысында біздің қызметкерге арақ өнімдерін сату үшін арнайы лицензиясы жоқ қаладағы жеке кәсіпкерлердің бірі мәселені оңтайлы шешу үшін пара ұсынған. Ол қызметкер бізге мәлімдеме беріп, біз жедел іздестіру жұмыс­тарын жүргіздік. Жеке кәсіпкер пара беру барысында ұсталды. Оған сот үкімімен айыппұл салынды. Сондай-ақ 2017 жылдың І тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро және біздің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп жұмыс істеу барысында департамент қызметкері заңсыз ойын бизнесіне қамқорлық көрсету үшін пара алу барысында ұсталды. Оған сот үкімімен 6 млн теңге айыппұл салынған болатын,- деді департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасының бас маманы Мақсат Абдыкамалов.

Айта кетейік, департамент қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері бойынша жыл басынан бері қауіпсіздік басқарма­сымен 8 қызметтік тергеу жүр­гі­зіліп, нәтижесінде 4 қызметкер әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ департамент қызметкерлері тарап­ынан қандай да бір құ­қықбұзушылықтарды байқаған болсаңыздар, ішкі қауіп­сіз­дік басқармасындағы “23-81-91” сенім телефонына хабарласу­ларыңызға  болады.

Ж.ЖҮНІСОВА

 


«Қазақстан барысына» қатысады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.05.2017 15:47

Қызылордадағы «Еуразия» спорт кешенінде 29-30 сәуір аралағында қазақ күресінен өткен VIII облыстық «Алтын белбеу» жарысында аралдық балуандар жүлделі орындарды олжалады.

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған қазақ күресінен 1998-1999 жылдары туылған жастар арасында өткізілген VІІІ облыстық «Алтын белбеу» жарысында өз салмақтарында Ренат Елеуліұлы І орын, Ғалымбек Әлкебаев Ғалымбек ІІорынды иеленді.Ал жасөспірімдер арасында Сырбай Шынболатов топ жарды.

Сондай-ақ ересектер арасында Нұрым Сәлімгереев жеңімпаз атанды. «Оған қоса Нұрым «Түйе балуан» атағы үшін сынға түсіп, жүлдегерлер қатарынан табылды. Осылайша ол «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін» қазақ күресінен өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің жолдамасын еншіледі. «Аралдық балуан дүбірлі додаға «Сыр Арланы» лақап атымен қатысатын болады» дейді біз тілдескендер.

Жұмабек Табынбаев,

Арал ауданы

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Мамыр 2017 >
1 2 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары