Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 10 Мамыр 2017

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.05.2017 09:41

Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйлеріне барып, Жеңіс күнімен құттықтады.

Қазалы қаласында тұратын соғыс ардагері Қалеп Бектұрғановқа облыс әкімінің құттықтау хатын беріп, мерекелік сыйлықтар табыс етті. Майданнан екі жерден жарақаттанып, елге оралған ардагер бүгінде 8 ұл-қызынан 22 немере мен 23 шөбере сүйіп отыр.

Аудан басшысы жеңісті жақындатуға өз үлесін қосқан қарт майдангер, Бекарыстан би ауылының тұрғыны Қабақ Смағұлдың да отбасында болды. Ардагерді Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті. 19 жасында соғысқа аттанған Қабақ ақсақал Москва бағытындағы Тула қаласының маңында неміс фашистеріне қарсы шабуылға шыққан. Ол көрсеткен батылдығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен, «Қызыл жұлдыз», I және II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30, 40, 50, 60, 65, 70 жылдығы» медальдарымен марапатталған. Соғыс және еңбек ардагері соғыстан кейін елге оралғаннан бастап есеп саласында 40 жыл еңбек етті.

Аудан әкімі Кәукей ауылында тұратын соғыс ардагері Лепес Әуесбаевтың да отбасына болды.

Айта кетейік, ортақ Отанды қорғау үшін Қазалы ауданынан 10 770 азамат майданға аттанса, 6229 жауынгер ғана аман-есен елге оралған. Олардың жыл артқан сайын қатары азайып, бүгінгі күнде 5 ардагер арамызда жүр.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.05.2017 14:05

Ұлы Жеңістің 72 жылдығы қарсаңында Арал ауданында Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеуге қатысқан, Семей полигонында әскери борышын атқарған және Чернобыль апатын қалпына келтіруге қатысқан азаматтардың құрметіне арналған ескерткіш тақта қайта жаңғыртылып, ашылды.

Cалтанатты шарада аудан әкімі М.Оразбаев аталған оқиғаларға қатысып, зардап шеккен азаматтардың өміріне тоқталып, жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие беру мақсатында ескерткіш тақтасы қойылғандығын жеткізді. Мұнан соң қоғамдық ұйымдардың төрағалары атқарылған игі іске ризашылықтарын білдіріп, ақсақалдар ақ батасын берді.

Жиналғандар  ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, құрмет жасады.

Жұмабек Табынбаев,

Арал ауданы.

 


АРАЛДА ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.05.2017 14:02

Теңіз төскейінің жұртшылығы Жеңіс мерекесін ерекше атап өтті. Осы күні «Тағзым» алаңына жиналған қауым Ұлы Отан соғысы құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына құран бағыштады. «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды». Сонау ел басына күн туған сын кезеңде Отаны үшін кеудесін оққа тосқан, елім деп жанын қиған боздақтарға арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойған әрбір адамның ойында осы ұғым тұрғаны анық.

Мерекелік шара орталық алаңда театрланған қойылыммен жалғасты. Салтанатты жиында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев айтулы мерекемен көпшілікті құттықтап, жеңісті жақындата түсуге от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлерінің де өлшеусіз үлесі бар екенін зор тебіреніспен жеткізді.

Қазіргі таңда Арал ауданында төрт Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Олардың ерлікке толы тағылымды өмір жолдары жас ұрпаққа үлгі-өнеге, зор мақтаныш екені даусыз. Мереке аудан өнерпаздарының патриоттық әндер бағытында шырқаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Жұмабек Табынбаев,

Арал ауданы.

 


Күнтізбе

< Мамыр 2017 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары