Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 11 Мамыр 2017

Арықбалық шайқасы ескерілсе екен... PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
12.05.2017 11:51

Қазалы  ауданының  әкімі

Нажмадин  Шамұратовтың  назарына

«Туған ай тураған етпен тең» деген­ бар. Дөп айтылған. Қас қағымда 2017 жылды да орталап қалдық. Әдетте бүгінгі күн ертеңгі тарих дегенд­і жиі қайталаймыз. Осы тұрғыда көңілге түйген жайтты ортаға­ салуды жөн санады­м. Исі қазаққа атағы, даңқы тарағ­ан Жанқожа Нұрмұхамедұлының есімін, батырлық жолын, елі, жері, ұрпағы үшін жанын қиған тектілігін дуалы ауызды қариялардан естіп өскен ұрпақпыз.

Оның үстіне әз бабамыз бастаған ержүрек сарбаз­дардың патша өкіметінің озбырлығына қарсы қарулы шайқасқа шыққаны, Қазалыны қоршауға алғаны, шешуш­і шайқастың Арықбалықта, яғни өзіміз туып-өскен, қазіргі таңда­ Жанқожа батырдың есімімен аталатын елді мекенінің маңында бол­ғаны, мұздай қаруланған патша жазал­аушыларына қарсы көтеріліс­шілердің асқан жанқиярлықпен соғыс­қаны, қарша бораған зеңбірек, мылтық оғының көптеген боздақ­тарды мерт қылғаны, қарапайым халық­тың талауға түсіп, елі-жерінен амалсыздан босып кеткені, адам қанының селдей аққаны нақты дерект­ерден белгілі. Бұл туралы жазу­шы Молдахмет Қаназ құрас­тырған «Жан­қожа Нұрмұхамедұлы» атты зерттеулер мен мақалалардан құралған кітаптың 59-бетінде «1857 жылы қаңтар айының 9-10-ы күндері Арықбалықта болған ұрыста батырдың қолының саны үш мыңнан астам еді. Шайқас кезінде ақ туды Жанқожа батырдың өзі көтеріп тұрды. Осы шайқаста орыстардың сапынан шығын­ болған кісі онша көп емес. Фитингофтың отрядында 300 казак-орыс, 320 жаяу әскер, 3 зеңбірек, 3 ракета қондырғысы бар еді» деп («Сырдария уәлайаты». Қазалы қ. 1894 ж. 18 ақпан. Орыс тілінен аударған Асан Досжанов. Очерктің орысшасы 1894 ж. Қазан қаласында жарық көрген) анық жазылғ­ан.

Енді осы ғылыми-танымдық басылымдағы Молдахмет Қаназ ағамның «Алексей Иванович жарылқаушы ма? Жазалаушы ма?» атты мақаласына назар аударайықшы. Аталмыш мақаладағы «1857 жылдың 5 қаңтарында зеңбіректердің әр түрінен 103 снаряд, 9 қаңтарда 205 снаряд, осы аралықта көтерілісшілерге әртүрлі оқ-қарудан 3221 (!) оқ атылды. Бұл оқтардың барлығы далаға емес, қазақтарға атыл­ған. Бейкүнә пақырлардың біразы ұрыс алаңы – Арықбалықта жан тапсырды» деген сөйлемдерді кім-кімнің де тебіренб­ей оқуы мүмкін емес. Мен осы жолдарды көз жасымды төгіп оқығанымды жасыра алмаймын.

«Өзіміз топырағына аунап өскен ауылымыздың кешегісі неткен қасіретті еді. Біздің ата-бабамыздың басынан қандай зұлмат күндер өткен. Арықбалықтағы қанды-қасапты сол шайқаста арманда кеткен арыстардың бүгінгі ұрпағы ешқашан ұмытпауға тиісті» дейсің егіліп отырып.

Ал «көтерілісшілердің ізіне түскен А.И.Бутаковтың жазалаушы отряды 9-11 қаңтар аралығында 212 ағаш үйдің шаңырақтарын талқандап, керегелерін қиратып жылынды, солдаттарға тамақ пісіру үшін отқа жақты­. Осы жолы қазақ шаруаларының 1239 малы бекініске айдап әкелінді. Оның сыртында 300 қой солдаттарға азыққа берілді, жол бастап жүрген сұлтандарға сыйға тар­тылды» дегенді білгенде бойымды ыза-кек  буды.

Биыл санада ауыр зардабы қалған сол Арықбалық шайқасына 160 жыл толды. Өкініштісі, қазақ тарихында болған кез келген көтерілістен бірде-бір кем түспейтін осынау қанды оқиға туралы ауданда аз айтылып, аз жазылды. Тек батыр баба туылған қоныс Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айзада Тасым­ның ұйымдастыруымен еске алу кеші өткізілді. Бабаларын іздеп, аруағ­ын тебіренткен Айзаданың атасын­а рақмет. Көп ұзамай «Халық» газетінде менің «Арықбалық айқасы неге ескерілмеді?» деген мақалам жарияла­нды. Оқырмандар жылы қабылдады. Біршама адам пікірлерін білдіріп, үн қосты. Іле-шала Индира Назарова басқаратын кітапханашылар бірнеше жерде еске алу кешін өткізді. №70 мектепте де осындай жиын ұйымдастырылды. Сонымен әзірге тоқталып тұр. Ал бабалар ерлігі қанша насихатталса да артық бол­масы даусыз. Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу, елді, жерді сүюге, өткен тарихымызды қастерлеуге үндеу баршаның міндеті екені анық. Осы тақырыпта Жанқожа батыр бастаған сарбаздардың ерлігі әспеттеуге толық лайықты. Батыр бабамыздың соңына ерген қалың қолдың санаулы рулардан ғана құралмағаны Қазалы, Арал, қала берді, Сыр өңірінің азаттықты аңсаған, намысы бар азаматтарын атқа қондырғаны анық. Ендеше сол жауынгер жасақта бәріміздің де аталарымыз болғаны, көпшілігінің жау оғынан қыршынынан қиылғаны жалған емес.

Қазіргі таңда батыр бабамыз Жан­қожа Нұрмұхамедұлының есімін иеленген ауыл аудан көлеміндегі ең көрікті елді мекендер қатарында. Турас­ына көшсек, кімге де болсын ұялмай көрсететін дәрежеде. Соған орай ауыл орталығындағы саябақта Арықбалық шайқасы құрбандарын еске алып ауқымды мәдени шара өткізілсе, тағы бір игілікті іс жүзеге асар еді. Мұның бірнеше себебі де бар. Ауыл жастары осы кеш арқылы өздерінің туған жерінде қандай оқиғалар өткенін, ата-бабаларының қанын төгіп қорғаған кең даласының, ең бастысы, егемендік ұғымының қадір-құнын терең ұғына түсер еді. Сондай-ақ ауылдағы мәдениет үйінің ғимараты ел ағаларының жанашырлығымен өте көрікті күйге жеткенін айта кету ләзім. Музыкалық жабдықтармен жарақталуы, сахналық безендірілуі де жақсы дәрежеде. Оған қоса ауылдағы мәдениет үйінің жанында халықтық атағы бар елді мекендер арасындағы жалғыз театр жұмыс жасай­ды. Кешті жоғары деңгейде өткізуге ауыл өнерпаздарының мүмкіндігі жеткілікті. Егер оларға аудандық мәдениет бөлімі, ішкі саясат­ бөлімі, орталық кітапхана, білім бөлімі, округ әкімдігі тарапынан қолдау­  жасалып жатса, тіпті орынды болар еді. Білуімізше мұндай тағы­лымы мол кешті өткізуге көп қаржы да кетпейді. Кетсе де бабалар төккен қанның өтеуі ешқандай дүниемен­ өлшенбейтіні әмбеге аян. Қолдау болса, тағылымы мол шарадан ұтылмасы­мыз  хақ.

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы  ауданы,

Жанқожа  батыр  ауылы.

 


Иісшіл иттердің көмегі көп PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
12.05.2017 11:42

Ит – адамның досы, жеті қазынаның бірі. Асырасаңыз, күндіз-түні үйіңізді қарауылдайтын әрі сол үшін ақы талап етпейтін таптырмас көмекші. Ал асыл тұқымдысын қолға үйретіп, жаттықтырып баптасаңыз, кинологиялық қызметке де жарамды. Бүгінде облысымызда осындай асыл тұқымды қызметтік иттер өздерінің қызметте аса қажеттігін жұмыс барысында күнделікті дәлелдеуде. Әсіресе, бір секунд иіскеген иісін 5 жылға дейін ұмытпайтын иісшіл иттердің еңбегі зор.

Сондай-ақ сезу қабілеті адаммен салыстырғанда 10 мың есе күшті бұл иттер түнгі уақытта 100 метрге дейін қоз­ғалған қыбыр-сыбырды бай­қап, 25 метрге дейін шыққан дауысты ажырата алатын қабілетке ие. Тіпті, есірткі заты бір метр тереңдікте жатса да тауып­ алады. Қызылорда ОІІД кинологиялық қызмет орталығы бүгінде облысымыздағы қылмыстардың бетін ашуда иісшіл иттердің осы қабілеттерін тиімді  пайдаланып  келеді.

ОІІД кинологиялық  қызмет орталығына қарасты 34 қызметтік іздестіру иті бар. Олардың  22-сі кинологиялық қызмет орталығында болса, қалғаны – аудандық ішкі істер бөлімдерінде. Ал жалпы осы 34 қызметтік иттің 4-еуі есірткі затын іздеу­ге арналған. Сол төртеуінің екеуі – Каскад және Лорд есімді есірткі затын іздеуге бейімделген иттер – кинологиялық орталықта. Осы қызметтік иттер­дің  көмегімен  ағымдағы жылдың 3 айында 55 қылмыс анықталған. Соның 13-і есірткі затын іздейтін  иттердің енші­сіне­ тиесілі,- дейді кинология­лық  қызмет  орталығының  бас­тығ­ы  Бейбіт  Егізбаев.

Негізінен бұл иттер ҚР ІІМ-не  қарасты  кинологиялық орталықта (Алматы қаласында) оқу жоспарына сәйкес оқытылып келеді. Кинолог маман өзіне жүктелген қызметтік итін мұнда түрлі сала бойынша­ оқытудан өткізеді. Соның ішінде есірткі затын іздеу саласы бойынша машықталатын иттерге арнайы иммитаторды (иісі есірткіге ұқ­сайтын зат) иіске­тіп үйретеді. Ха­лық арасында “иісшіл иттерге есірткі беріп үйретеді екен” деп айтылып жүргендей жасалынбайды. Оқу-жаттығу барысында кинолог­ маман иммитаторды арнайы­ құтыға салып, содан кейін қызметтік итті бір қолына  ұстап, тұмсығына құтыдағы әлгі затты иіскетеді. Содан соң, құтыдан иттің тұмсығын алып, араға көп уақыт салмай тағы қайталайды. Осылайша 3 рет иіскетеді. Иммитатордың иісін сезіп болды-ау дегенде, жаттығуға көшеді. Бұл кезде әлгі затты (иммитаторды) тығып­  қойып, оны табуға ма­шықтан­дырады. Дегенмен кез келген қызметке алынатын иісшіл иттер­дің, ең бастысы, іздеу қабілеттері  жақсы  болуы керек. Қабілеті нашар болса, жарамсыз  болып  танылады.

Осы орталықта (Алматыда­ғы) асылдандыру жұмысы да бар. Яғни иттердің асыл тұ­қымдарын  бір-бірімен ша­тыс­тырып, олардан пайда болған күшіктерді 7-9 айға толғанда әр облысқа жібереді. Ал олар 8-10 жылға дейін қызметке жарам­ды болып есептелінеді. Қаламыздағы кинологиялық орталықта бүгінде барлық қызмет­ке жарамды неміс овчаркасы, лаврадор (тек қара­уылдық қызметке жарамсыз) пародасына жататын иттер бар. Жоғарыда біз айтып өткен Каскад­ пен Лорд осы лаврадор пародасына жатады. Өйткені бұл пародадағы иттер есірткі, жарыл­ғыш­ заттарды табуда өте икем­ді. Ал бұл иттермен қызметтік тек­серу, әсіресе бекеттерде, арнай­ы бекітілген кес­теге сәй­кес жүргізіледі екен. Бекет­терде  күнделікті міндетті түрде кинолог, есірткі басқармасының мамандары, жол патрул­ьдік полиция қызметкерлері мен осы иісшіл иттер болады. Егер күдік туғызатындай жағдай болса, көліктер тоқтаты­лып, бекеттен өтпес бұрын  арнайы  тексеріледі.

Мысалы, қызметтік итпен арнайы автобус көлігіне тек­серу жүргізілетін болды делік. Бұл кезде бекетте тоқтатылған автобусқа кинолог маман итімен  бірден бас салып кірмейді. Алдымен қызметтік иісшіл итті сыртқа қойып кетеді де, іштегі жолаушыларға тексеріс болатынын ескертіп, хабарлайды. Өйткені көлік ішінде қарт кісілер, кішкене балалар не аяғы ауыр әйелдер және т.б. болулары мүмкін. Сол үшін де сақтық шаралары қажет. Осы ескертуден кейін ғана кинолог қызметтік итін автобус ішіне кіргізіп, бұйрығын береді. Мұндай иттер өзіне бекітілген маманға бауыр басып, соның айтқан тапсырмаларын орындап үйренгендіктен, берілген команда (команда сидеть, команда ищи және т.б.) бойынша бірден автоматты түрде жұмысына кіріседі. Өйткені оның психологиясы сондай. Есірткі затын іздеу керек болса, соны іздейді. Егер осындай тексеріс барысында ит есірткі затын тапса, кинолог маман оны мадақтау, жасаған ісіне алғысын білдіру мақсатында арнайы ойыншығын, яғни добын­  береді. Бұл сәтте допты аузына тістеген қызметтік ит оны алғанына қуанып, өзінше сол доппен ойнап кететін көрінеді. Ал иттер есірткі затын  тапқанын өзінің сол жерді қайта-қайта тырналауымен, үріп белгі беруімен, не болмаса­ тапқан затының қасында тапжылмай отырып алуымен білдіреді. Осы сәтте маман сол жерге барып, ары қарай өз жұмысын  атқарады.

Ұмытпасам, 2015 жыл болуы­ керек. Бізде жұмыс істей­тін Қуаныш Өтегенов есімді кинолог маман Белкөлдегі бекетте кезекшілікте тұрған болатын (ол кезде Сырдария бекеті болды). Сонда Қызылорда-Алматы бағытындағы жолаушылар автобусына тексеру жүргізеді. Тексеріс  барысында автобустың жүк салатын төменгі бага­жын тінтіген иісшіл ит бір-біріне кигізілген жаңа резеңке етікті иіскейді де, артынша артқа қарай шегініп кетеді. Қайта ешнәрсені иіскемей қояды. Мұны бақылап тұрған кинолог әлгі етікті келіп қараса, оған сірке қышқылы (уксус) құйылған екен. Ал оның иісі, айт­паса да, адамның қолқасын қабатыны рас. Бұл иісті қызметтік иттер де ұнатпайды. Осыған біздің қызметтік ит сол жерде белгі берген. Ал резеңке етікті кинолог маманымыз ашып қараған уақытта ішінен есірткі табылған. Сөйтсе есірткіні сезбесін деп оны бекеттен алып өтпек болған адам әдейі сірке суын етікке құйған екен,- деп  жұмыс  барысындағы қызықты сәттерді еске алды Бейбіт Амангелдіұлы.

Ал бұл қылмысты орталықтың Джек есімді неміс овчаркалы қызметтік иті ашқан. Бүгінде жасы 10-ға келгендіктен, мұндай қызметпен айналыспайды. Өйткені жоғарыда айтып өткеніміздей, әр қызметтік иттің қызметке жарамды уақыты – 8-10 жыл. Бүгінде есірткі затын іздеумен лаврадор пародасына жататын, жастары небәрі беске келген Каскад пен Лорд есімді иттер айналысады. Айта кетейік, екеуі­нің жас шамасы да, түстері (қара) де бірдей болғандықтан, бір-біріне қатты ұқсайды.

Ж.ЖҮНІСОВА

 


АСЫРАДІНШІЛДІК пен БАҚТАЛАСТЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Ой-талқы
12.05.2017 11:37

Жақында Елбасы Н.Назарбаевтың  бастамасымен 500-ден аса имамдар бас қосып, республикалық форум өткен болатын. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған имамдар форумының дін саласындағы жұмыстарды оңтайландырып, тиімді жүйе қалыптастырудағы маңыздылығы да ұшан-теңіз. Алғашқы басқосуда ҚМДБ-ның жұмыс бағытын айқындап, бағдарын межелеген төрт бірдей құжат қабылданды. Ұсынылған тарихи құжаттар сол форум аясында бірауыздан қабылданып, содан бері асыл дініміздің дамуына лайықты үлес қосып келеді.

Осы құжаттар негізінде еліміздегі дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігі, әдебі мен мәдениеттілігінің жаңа идеалы қалыптасып, мұсылман жамағатының жарқын бейнесі бой түзей бастады. Биылғы басқосуда екі бірдей тарихи құжат: «Үздік зияткер имам» тұжырымдамасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымын айқындайтын «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі  жолы» құжаттары жан-жақты талқыланып, оң бағасы­н алған болатын. Осы форумн­ан түйген ойларын жеткіз­у үшін өткен аптада «Ақ­мешіт-Сырдария» мешіті­нің бас имамы­ Талғат Омаров пен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Бақытжан Камалов өңірлік комму­никациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне брифинг берді.

– Дінімізде ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кербездікке жол берілмейді. Осы орайда облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан құ­рылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» жергілікті діни бірлестіктер мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, қоғамдық кеңес ұйымдарымен бірлесе отырып қоғамда кеңінен тамыр жайған ысырапшылдық жайында мынадай шараларды қолға алып отыр. Біріншіден, жаназа рәсіміндегі ысырап­шылдықтың алдын алу. Себебі, қайғылы күнде, жаназа шығару рәсімінде қазақи дәстүрге сәй­кес ас беру, тамақ беру дінге қайшы. Дінде мұндай астам­шылыққа шектеу қойылған. «Өлім бардың малын шашады, жоқтың артын ашады» деген сөз бар. Біздің мақсат – жаназада ас беру рәсімін бәсекелестікке айналдырып алмауға жұмыс жасау. Аста-төк ас беру­дің алдын алу мақсатында жергілікті халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келесі мәселе – зират салуда бәсекелестік пен бақталастықтың алдын алу, - деді Бақытжан Жарылқасынұлы.

Расында, «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген тәмсілді ескерсек, бірінен-бірі өтіп күмбезделген, аспанмен талас­қан қорымдарды салу – халық арасындағы бәсекелестік пен ысырапшылдықтың басты көрінісі екені даусыз. Сонымен қатар, жиында мамандар жаназадан кейін ас беру, садақа үшін қонақасы берудің қисынсыз екенін алға тартты. Мұның өзі ақшаны далаға шашудың, ретсіз ысырапшылдықтың көрінісі деп бағалады. Мұнымен қоса қазақ қоғамында тойдың рөлі зор, адам дүниеге келгеннен, өмірден озғанға дейін түрлі бағытта, түрлі деңгейде той жасалынады. Қазір тойдың қамы деп несие алмайтын адам кемде-кем. Ал той үшін ақша шашып, кейін оны өтей алмай отырғандар қоғамда баршылық. Мұның өзі шариғатта құп­талмаған мәселе болып табылады. Дінде рұқсат берілмеген жайт деп қарастырылады.

Соңғы уақытта жастар дінге көптеп бет бұруда. Десек те, артық қыламын деп, тыртық қылғандар  діни наным-сенім­ді  басқаша  түсініп  жүр. Асыра­­діншілдікке ұрынып жатқ­ан­дары да аз емес. Яғни өзінің ата-анасына, салт-дәс­түріне қарсы шығатын оқиға­лар да жиі орын алады. Кезекті басқосуда аталмыш мәселелер кеңінен талқыланып, жан-жақты түсінік берілді.

Ал «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы  дәстүрлі Ислам мен Алла тағалаға деген се­нім болса, кез келген адам тура жолдан  таймайтындығын  айтты.­

– Ислам  дініне  қызығушылық  артқан сайын, намазға жығылған  бауырларымыз кө­бейген  сайын­  діни  басқарма  мен орындарға  да  қойылатын талап­ күшейіп келеді. Қазір мешітке адамдар түрлі сұрақтармен бас сұғады. Біздің мешіттің өзіне жастар, өрімдей қыздар мен жігіттер келіп сұрақтарын жолдайды. Әр жұма сайын намаздан кейін біз арнайы ашық есік күнін белгілеп қойғанбыз. Негізінен, имам деп жамағатты бастап, басқарып жүретін адамды айтамыз. Мешіт имамы – сол  жердің  басшысы, мешіт­ке келген жамағат оған бағыну­ға, оны тыңдауға міндетті. Ал  XXI ғасырдың үздік зияткерлік имамы қандай болуы керек? Алдым­ен имамның Аллаға деген сенімі мен тақуалығы биік болу­ы шарт. Ол өзінің қызметін табыс көзі немесе жарнама ретінде пайда­ланбауы керек. Ол Алланың  ризалығы үшін қызмет етіп жүргенін сезінуі тиіс. Осыдан кейін білімді көзі ашық, сауатты болуы керек. Оны тыңдап, ақыл сұрай келген жамағатқа дәстүрлі  Исламды  насихаттап, Алла тағалаға деген сені­мін  арттыра білуі керек, - деді.

Қазір облыста 162, Қызыл­орда қаласында 17 мешіт бар. «Ақмешіт-Сырдария» мешіті­нің ұйымдастыруымен Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарында жыл басынан бері 5 рет семинар өткізілген. Әрбір басқосуда ысырапшылдық турасында, бәсекелестік жайында сөз қозғалып, қоғамдық пікір қалыптастыруға жұмыс жасалған. Сондай-ақ, бри­фингте алдағы уақытта жаназадан кейін қонақасы, зират салу­да, көктас орнатудағы талап­тар мен қағидалар туралы сөз  қозғалды.

Қ.ЖАҚСЫЛЫҚ

 


Ғайбат сөйлеу – іштей іріп-шіру PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
12.05.2017 11:17

– Ойбу, шайды ұмытып  кетіппін ғой,- деп ала­сұра үйіне кірген Бақыткүл апа жүгіріп келіп газға қойған шәйнегін өшірді. Бес литрлік шәйнектің түбі әлгі Әбутәліптің үйінде әңгіме айтып отыра бергенде түсуге сәл-ақ қапты. Содан ішін суға толтырды да, қайтадан қойды...

Жалпы, таңертең ерте тұратын Бақыткүл апа таңғы асын ішіп болысымен көршілерін жағалап кетеді. Зейнетке шыққалы айналысып жүрген кәсібінің түрі – “өсек айту”. Көрші үйге де сол үшін бара­ды. Балалары ертеңгілік жұмысқа кетісімен, апаны да үйден таппайсыз. Келіні болса түскеніне бір жыл толар-толмас уақыттан соң, сыйыспағандықтан үйіне кетіп тынған. Әрі енесі де күн бермеген болуы керек шамасы. Жә, келінін қойшы, Бақыткүл апаны айтамын. Күнделікті шай ішкен жерін жинамастан асығатындай, ол соншалықты қандай маңызды өсек деймін де. Бір күні бұзылған тоқ шәйнегін қолына алып, жөндету үшін әудемжердегі дүкеннің жанындағы алпысты алқымдаған Әбу­тәліптің үйіне кеткен. Бір уақытта кеш батты. Бақыткүл апа әлі жоқ. Сөйтсе, әлгі үйде көршілер жиналып қалған екен. Арасында сол көшенің бір-екі шалдары да бар көрінеді. Әңгіме қызған болуы керек. Оның үстіне өзі де өсекке біртабан жақын адам. Әлгі ортаны қимай отыра берген ғой. Сондағы бәрінің әңгіме қып айтқаны – Әлимаштың келінінің құдалығы. Әкелген дүниелерін сынап, таққан сырғаларын таза алтын емес, “қырғызстандыққа” балапты...

Қарап отырсақ, көпшілігіміз де дәл осындаймыз. Мойындауға тура келеді. Бас қоссақ болғаны, өзгені әңгімелеу әдетке айналған. Бүгінде бұл дерттен айырылған адам кемде-кем шығар. Алайда бәріміз білетіндей өсек айту, ғайбат сөйлеу – үлкен күнә. “Ғайбат – бір адамның сыртынан оған ұнамайтын сөз айтуың”, - дейді ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.). Сонда бір сахаба сұрапты: “Ал егер ол айтқаным рас болып шықса­ ше?”,- деп. Алла елшісі (с.а.у.): “Егер ол туралы айт­қаныңыз рас болса, міне, сол – ғайбат. Ал, егер өтірік болса, онда жазықсыз жала жапқа­н боласыз”, - деп жауап беріпті.

Рас, көбіне біз өсек айтқанда “ол кісіні жамандап жатқаным жоқ қой, мен оның бойындағы бар нәрсені айтып­ жатырмын” деп ақталамыз. Алайда жоғарыда келтірген дәлелге сүйенсек, айтқандарымыз рас болған күннің өзінде өзі жоқта оны сыртынан әңгімелеу ғайбат болып есеп­телінеді. Ал біз әр айтып отырған әңгімеміз арқылы өзімізге қаншама күнә жүктеп алатынымызды тіптен елемейміз де. Қасиетті Құран Кәрім­де: “Әй, мүміндер! Күмәннің көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәннің кейбірі – күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді біреу ғайбаттамасын”, - дейді (“Хужурат” сүресі, 12-аят). Яғни, білмесек те, “солай-ау, солай болу керек” деп сыртынан жала жауып та әңгіме айтаты­н  жағдайлар  жиілеп кеткен.

Мұның қаншалықты ауыр күнә екендігін Алла тағала қасиетті Құран Кәрімде: “Бір-біріңіздің сырттарыңыздан ғайбат айтуларыңыз өлген бауыр­ларыңыздың етін жегенмен тең…”, - деген. Яғни, ғайбат айтушылар бұл дүниеден өткеннен кейін, тозаққа барғанда Жаратушы оларға бір-бірінің етін жегізеді екен. Сондай-ақ, мына бір хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Қиямет күні бол­ғанда істеген істеріңіз бен жұмыс­тарыңыз жазылған амал дәптеріңіз алдыңыз­ға келер. Әлгіні оқып, пенде:­ “Я, Раббым, мен намаз оқып едім, ораза тұтып, құлшылық еткен едім. Садақа, зекет берген едім. Ол жақсылықтарымның  бәрі  қайда?”, - дейді. Сонда Алла: «Иә, сен құл­шылық етіп, көп сауап алған едің. Бірақ, адамдардың сыртынан ғайбатт­ап, өсек  айтқаның үшін бар  жақсылықтарың өшірілді. Ал сенің сауаптарыңның бәрін сол өзің ғайбат еткен жанға жаздырдым», - дейді. Мұнан түсінеріміз, сіз қаншалықты өзгені өсектеп, өзіңізді жақсы етіп көрсеткеніңіз­бен, Алла бәрібір мұны кешірмейді. Керісінше, күнәларыңыз артып, жасаған жақсылық­тарыңыз сіз ғайбаттаған адамның еншісінде кете­ді. Тіпті, кей хадистерде пайғамбарымыз (с.ғ.с): “Ғайбат – зинадан да ауыр күнә, себебі, зинаны Алла біледі. Пендесі өзі қылды, жылап тәубе етті, Алла кешіреді. Ал ғайбаттың соңы өте ауыр. Ішке  харам кетеді, адамдар арасында реніш болады, мұсылмандар  арасына  жік  түседі”, - деген.

Бүкіл мұсылман әлеміне жат қылық ғайбат сөйлеу – тілмен болаты­н ең үлкен күнә әрі іштей іріп-шіру. Сондықтан өсек айтпау­ға тырысыңыз. Табандылық танытыңыз. Қайта сізге ұнамайтын адам жайында жаныңыздағылар айтып жатса, керісінше, әңгімені өзге арнағ­а бұрып, күнәдан алыстай түскеніңіз абзал. Өсек, ғайбат айту сізге абырой әкелмейді. Адамдар сіздің  айтқандарыңызды  қызықтап тыңдауы мүмкін, бірақ сізді сыйлаудан  қалады.

Ж.ЖҮНІСОВА

 


«Бас қораздың» бейнесі (Фельетон) PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
12.05.2017 11:08

Өркен өткен қыстың бір демалыс күнінде ауылға барды. Рас, ауылдың күйбің тірлігі ешқашан біткен емес. Үй жағының жұмысына аса құлықсыз болған­дықтан, досының хал-жағдайын білмек оймен үйіне бас сұқты. Ол болса енді ғана құрал-сайманын, ас-суын түгел  дайындап, қамданып  ауылдан  20-25 шақырым жердегі көл маңынан қамыс оруға бара жатыр екен. Аяқас­ты­нан келгеніне таңғалып, не айтарын білмей  біраз  бөгеліп қалды.

- Әй, не сонша қаққан қазықтай қақиып қалдың? Қайта бір асаршым дайын деп ойлай бер, - деді тосылмастан.

Хабарласпай, хат алмаспай бара салға­нына ренжіген сыңай танытты да:

- Әп, бәлем, ұсталдың ба? Өз обалың өзіңе, қалада жүріп әбден ақсаусақ болғансың ғой, қара жұмысқа жегіп қояйын  сені, - деді.

Содан не керек, бас-аяғы 5 адам көлікке  отырып  қамысқа  тартып тұр­ды. Өркен, досы және оның нағашысы үшеуі көлік ішіне тығылысып мінді. Ал көршісі мен ағасы көлік үстіне жайғасты. Әңгімеге ылғи иығын тығып жүретін Өркен бұл жолы қалай бастарын да білмеді. Көлік тізгіні – досында. Жол болса ойқы-шойқы, ойлы-қырлы. Сондықтан досының сөйлемек түгілі, жан-жағына қарауға шамасы болмай келеді. Есесіне қасында отырған кесек денелі, қыр мұрынды, бұйра шашты оның нағашы­сы сөзшең екен. Машинаға мін­генде жатсынып жақ ашпағанымен, жар жолдан бастап, бүгінгінің бай-бағлан­дары деді, әкім-қаралары деді, әйтеуір жағы бір тынбады. «Өзіңнен зор шықса, екі көзің сонда шығады», - деген осы екен ғой деп күбірлейді өз-өзіне. Осылайша, Өркен  үнсіз  ғана керегін жа­дына  сақтап, керек  емесін  тыңдамауға тырысып  отырды.

Бірнеше  сағаттан  соң, межелі жері­не­ жетіп, іске кірісті. Өркеннің бұрыннан елден  оқшаулау  жүргенді  ұнататыны бар еді. Сол әдетіне басып бұ жолы да шеткерілеу шығып кетті. Сөйтсе артын­ан әлгі сөзуар ағасы да жетіпті. Сол-ақ екен, «әңгіме  бұзау  емізер, бұзау таяқ  жегізер»  дегендей, жұмысы жайына ­ қала берді. Сондағы досының нағашысының  айтқаны...

- Осы деймін-ау, біреу жайында жарыты­п әңгіме де айта алмай қалдық. Бірнәрсе дей қалсаң, «Үй артында кісі бар, үй артында кісі бар» дейміз де жатамыз. Кімнен, неге қорқатынымызды білмеймін? Біздің әкімдерді айтамын да, өздерін «халық қалаулы­ларымыз» дейді. Бірақ, халықтың қалағандарын орын­дамайды, орындағылары да келмейді. Бір мәселемен алдарына бара қалсаң, қанға тойып ыңқ-ыңқ етіп отырған қырғидай күтіп алады. Енді мәселеңді айтар­ болсаң, аш бүркіттей көзін қадап өзіңді елемейді, сөзіңді пысқырмайды. Осыдан кейін қалай күймейсің?, - деп күйіп-пісіп алды. Сөйтті де:

- Айтпақшы, сен солардың тырнадай арығын көріп пе едің? - деп Өркенге­ төтеннен қойып қалды.

Қапелінде не айтарын білмей қалған­ ол:

- Басында бәрі солай болады ғой, - дей салды.

- Міне, мәселе сонда жатыр. Мысалы, сен неге семірмейсің, мен неге толмаймын? Олар біле білсең, бас пайдасына келгенде дала бүркі­тіндей қырағы. Тендер десе, сұқсыр көрген қырандай қамданады. Қандай қиыншылықта болмасын, халықтың үдесінен, сенімінен шығулары тиіс.

- Шығып жүргендері де бар емес пе?

- Жоқ емес, бар. Бірақ, бәрі емес. Мысалы, қарашы, жер  бетіндегі  барлық­ ана атаулының шамалысы ғана мейі­рімді, қамқор  болса  жеткілікті ме?

- Жоқ.

- Енді не дейсің? Біткен істе білек сыбанып жүріп төбе көрсетеді де, бітуі тиіс шаруада таса-тасамен бөденедей бұғып алып жүгіруін қоймайды. Ол аздай анабір орынбасарларына обал, басшысының алдында болмағанды болды деп, бұлбұлдай сайрап, құрдай жор­ғалауды қатырады. Оны көріп тұрып екеуін­ қараптан-қарап аяйсың.

- Сіздікі құр жамандау емес пе?

- Саған солай көрінер. Рас, сырт көз­ге... Бірақ... Менде... Дұрысы, аурасы ұнамады. Ұнамады деппін ғой, ұнамайды.

Осы кезде арада шамалы уақыт тыныш­тық орнады. Өркен өз бетінше ыңылдап ән салып, жұмысын істей берді. Аяқсыз қалған әңгімені аяқтағысы келді ме, ақталғысы келді ме қайта келіп:

- Ешкімнің «Арғы атасында алты атамның, бергі атасында бес атамның» құны жоқ. Тек айту - парызым. Адам баласы болған соң, істеген істері аққу құстай кіршіксіз ақ болса ғой деп арман­даймыз. Әйтпесе, маған да «екі қойың - бір сом, түйең - ешкі». Былықпен жүргендер бәрібір бір күні біздің ауылдың «бас қоразындай» орнынан жалп етіп төмен құлайды, - деп күңі­ренді  соңында.

Осылайша, қаланың ақсаусақ баласы боп кеткен Өркен ауылда ақжаға­лылардың жайына шала-пұла болса да қанығып қайтты. Кешкілік үйге келсе, ет асып қойыпты. Қатырып жұмыс істемес­е де, қара кешке дейін жүрген соң қарны әбден ашып қалыпты. Етті шаңышқымен жеп сызылмай, қолмен асап-асап алды. Қарынға «ел қонған» соң, айтылған әңгіменің жай-жапса­рына үңілді. Расында, төрдегі төреле­ріміз халықтың мәселесіне, ұлардай шуына толымды тоқтау айтып, шынайы шешім шығарып жүр ме? Ойында қос жауап  шыр  айналып тұр.

Өркен әуелде айтқыш ағасын тіл маманы шығар деп ойлады. Бірақ, кейбір  сөздерінен  байқағаны, бұры­нырақ  әкімшілікте  әжептәуір  қыз­метте істеген сияқты. Десе де қазір істемейтіні анық. Су ішкен құдығына түкі­ріп жатыр ма, әлде жұртқа белгілі жайды­   жайып  салғысы  келді ме, анығы ол  үшін  беймәлім  күйінде қалды...

Рыскелді   ЖАХМАН

 


СӨЗ ТУРАЛЫ – СӨЗ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
12.05.2017 10:51

Жыр­ға жаста­йымнан құмар болдым. Үлкен  ағаларымның “Әдебиет хрестоматиясы” кітаптарындағы барлық өлеңдерін тауыстым. Жаттағандарымды кешке әкеме айтып беремін. Ол кісі, Нұрмахан  Алматұлы (1900-1975ж.ж) таспиғын тартып отырып үндемей тыңдайды. Соңында  “Балам, жақсы екен”- дейді  де  қоя­ды. Өлең­нің мазмұны: Пар­тия, Ленин, Октябрь, Алтын заң, т.б... Қыс айы. Бір күні  әкем:

- Балам, бүгін Олжекеңнің үйіне қо­наққа барамыз, - деді.

Ол кісі – атақты жырау Олжабай Жүргенов (1916-1973ж.ж).

“...Олжабай, Махан, Шәймардан,

Келелі жүйрік бәйге алған.

Шабысына шаң ермес,

Тұлғасы топта байқалған...» (“Жүз жүйрік”, Ә.Жұматаев) деген, ел аузындағы адам. Қуанып кеттім... Біз келгенде ол кісі кешке қарай қорадағы малына шөп салып тұр екен. Біздің әкемді көріп, айырын тастай сала қолын қарға жуып, беліндегі орамалымен құрғатып сәлем берді. Ұзын бойлы, атжақты, қияқ мұртты, қара­торы кісі еді... Сол күні кешке ауыл-үйдің ақсақалдары жи­налып, Олжекеңді жырлатып, үлкен мәжіліс болды. Жұрт тараға­н соң әкем оңаша, шәй үстінде:

- Олжеке, біздің  Алмасжанның да сөз жаттауға ынтасы бар-ау? - деді. Ол кісі қуан­ғаннан:

- Ойпырмай, Қожеке, жас балалардың өлең жаттағаны жақсы ғой! Жақсы ғой! - деп жатыр.

Одан  әрі  әкем:

- Олжеке, “Сауабы мол сөзден жаттаса”- деген ойым бар. Сізге келген “бұйым­тайым” да сол еді? - деді.

Олжекең:

- Ойпырмай, Қожеке, ондай сөздер бар ғой. Кешегі заманда­ өртеп жібердік қой, жанымыздан қорыққаннан... Ойымда қалғандарын қағазға түсіріп қойып едім, - деп, іргедегі қобдишаның ішінен 5-6 дәптер алып шықты. Одан соң:

- Қожеке, мен “қисақ” әріп­пен түсіріп едім, - деп, әкеме ұсынды.

Әкем қолына алып, дәп­терді теріс жағынан ашты. Әкеме қарап аң-таңмын. “Әкемді  көп біледі деп жүр­сем, дәптерді қалай ашуды білмейді”. Ол үйдің мектепте оқитын қыздары да дастарқан басында қарап отыр. Ұят болды...­ Әлден соң әкем:

- Өзім амалдап берермін, - деп, дәптерді маған ұсынды.

Қолыма алған дәптердің жедел бірінші бетін ашқанымда жүрегім дүрс ете қалды. Қара қаламмен маржандай тізілген араб әріптерін бірінші көруім еді... Әкеме қарасам, ол кісілер басқа әңгімеге кірісіп кеткен екен. Маған да енді ештеңе керек­ болмай қалды. Ойым мына жазу не деп жазылды екен? Тез үйге қайтуға асықтым... Сол алты дәптер әкеміз екеумізге үлкен ермек болды. Түнгі  Құтпан  намазынан кейін әкем  жастықтың  үстіне  қойып оқып  отырады. Бірінші жаз­ған сөзім:

“Ер - деме, елге зұлым еткендерді,

Бай - деме, бейсахауат өткендерді.

Дана ет деп, дәрия заңлас  дәрп етпеңдері,

Ізіне сөз тастамай кеткендерді” - деген, Тұрмағамбеттің сөзі болды... Сонымен алты дәптерді аударып та болдым, жаттап та болдым. Бұл өлеңдерді әкем мұқият тыңдайтын болды. Кей кезде көзіне үйріл­ген жасты орамалымен құр­ғатып отырады... Өзінен-өзі ұзақ үнсіздікке кететін. Содан соң барып әкеміз таспиғын тартып отырып, өзіне тән баяу қоңыр  үнімен:

- Балам, ілгергі ғұламалардың айтымында, сөз үш тапқа (тарау) бөлінеді. Олар: 1. Айту­ға  болатын - естуге болмайтын сөз. Ол, қандай сөз? Біреуді жаның  күйгеннен қарғап, балағаттап  жібердің. Біреудің сыртынан өсек айтып, ғайбат сөйледің, т.б. Дәл сондай сөз бен істі өзің біреудің аузынан естігің, көргің келмейді ме?... Балам, онда өзге пендеге де азар беруден аулақ бол! Ол - Ібілістің ойыны. Адамды Мұсылмандықтан шығаратын “әзәзіл” азғындаудың белгісі болады. 2. Естуге болатын - айтуға  болмайтын  сөз. Ол қандай сөз? “Біреу, біреуді балталап өлтіріпті”, “Біреу, біреуді атып тастапты”, т.б. сөздерді естігенде, бұрынғының үлкендері “Мал құлағы саңырау”, оны адам тұрмақ малдың құлағына естіртпеңдер деп, тыйым салып  отыратын... Жамандықты жария еткенің – жаманға көмектескенің. Жаман пиғылдағы адамға көмектескенің күнәсі, Мұсылман баласына Алла бұйыртқан жақсылықтың жолын байлағаныңмен бірдей. 3. Айтуға да, естуге де болатын сөз. Ол, Алладан аманат, “Қа­сиетті Құран” сөзі. Ғұламалар мен дана, шайырлардың үлгі-өнеге сөздері. Бұл сөздердің айтқан жанға да, тыңдаған жанғ­а да тигізер сауабы мол болад­ы. “Сауабы мол сөз” дейтініміздің себебі осылай, балам. Сондықтан, жақсы сөз, сыпайы мінез, ықылас, ілтипат, ізет, құрмет, ұят-иманның қабы дейміз. Олжекең, сондай сөздерді сақтаған кісі. Жаңағы қасиеттер ол кісінің бойында толығымен бар. Жақсының жанында болсаң, жамандықтан аулақ жүресің. Онда, алаңдамай сөзін қағазыңа аударып алып, уәделі күні аманатын қолына тапсыр, балам! - деді.

Әуелі Алла! Осылайша ол кісі біздің болашағымызға да бағдар салып кеткендей еді...

***

Бұл, сонау 1969 жылғы әңгіме. Ол кісілер айтқан “Айтуғ­а болатын - естуге болмайтын”, “Естуге болатын - айтуға болмайтын” әңгімелер бүгінгі күні ақпарат құрал­дарының жейтін наны, ішер сусы­нына  айналды. Асылында­ адам өтірік айтпайды - заман өтірік айтады. Адам – соның тұтқыны. Сондықтан “Сауабы мол сөзден” тәлім алайық.

 

Алмас  АЛМАТОВ,

Қазақ  Ұлттық  өнер университетінің  профессоры,

Қазақстанның  еңбек сіңірген  қайраткері

 


Тіл мүкістігі бар балалар көбейіп келеді PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
12.05.2017 10:40

Айбек  басқа балалардай емес, бұйығы, жасқаншақ  болып өсті. Достары да аз, ешкіммен емен-жарқын араласпайды. Тома­ға-тұйық, «сен тимесең, мен тименнің» өзі. Бала күнінен өзі құралпы балалар кекетіп, кекеш­тігін бетіне басатын. «Немене, сен әріптерді айта алмаймысың? Мүмкін ауру шығарсың!?» деп, түртпектей беретін. Ал ата-анасының мұнымен шаруасы шамалы. Баланың психологиялық жағдайына немқұрайлы қараған олар қазірдің өзінде ашылып сөйлеспейді. Жұмыста орысша сөйлеуге дағдыланып қалғандықтан болар, баласымен де үйінде тек орысша сөйлесетін. Тілі күрмеліп, әріптері бір-бірімен «соғысқан» ұлдарына қарап мәз болысатын.

Сөздерді қате айтып, тіпті кейбіреуін «жұтып» қойғанын да қалыпты жағдайға балайтын. Ал Айбек қазақ тіліндегі балабақшаға барған­дықтан тек қазақша сөй­леуге тура келді. Тәрбиешілер мен балалардың арасында тілі күрметіліп, ұқсас дыбыстарды айыра алмайтын жағдайға жетті. Ол бала кезінен «р», «ш», «с» әріптерін айта алмайтын, қазір жасөспірім жасқа келді, әлі де солай­. Ата-анасының салғырттығының салдарын, зардабын өрімдей  баласы тартып  отыр. Ол бұған көндігіп те кеткен. Өкінішке  орай бұл тек Айбектің емес, бүгінде мектеп жасына дейінгі балалардың 60-70 пайызының басында болатын жайт. Қолдан келер қайран не?

Кейінгі кезде мектеп жасына дейінгі балалар және мектеп жасын­дағы жеткіншектер арасында бізге таңсық аурулар жиі ұшырасатын  болды. Өткенде ғана балалардың жасынан көз жанарының  дұрыс көрмеуін сөз етіп, бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған еді. Енді, міне, дұрыс сөйлей алмайтын, әріптерді дұрыс айта алмайтын балаларды жиі сөз етіп жүрміз. Қоғамда мұндай балалардың саны­ның артуы логопед мамандарға сұраныстың күрт өсуіне алып келді. Тіпті ата-аналар балала­рын жетектеп, логопед мамандардың есігін жиі қағады. Кінарат неден, кінә кімнен? Нәтижесі  қандай?

– Тіл кемістігі балаларда түрлі  жағдайда орын алады, оны медицинада 8 категорияға бөледі. Оның  ішінде ақыл-ойы кем, ақыл-ойы артта қалған, даун синдромымен ауыратын, аутизммен ауыратын, орталық жүйке жүйесіне зақым келген балалар көбіне тілінде мүкістігі бар болып дүние­ге­ келеді. Баланың өсуі кезінде педиат­р-дәрігер  оның  даму саты­сын  ұдайы  бақылап  отырады. Ол былдырлай бастағаннан тілінің дамуын  жіті  тексеріп  отырады. Негізі  невропатолог дәрігерлер бала бір жасқа толғанға дейін бір буынды он сөз айту керек дейді. Бірақ қазір бұл жағдай күрделеніп кеткені соншалық, бір жасқа дейінгі балалардың арасында «мама» деген сөзді айтпайтын­дары да көп. Айта кетерлігі, 3-4 жастағы баланың «р» әрпін айтпауы қалыпты, ал егер 4,5-5 жас­тағы бала дұрыс айтпаса, мін­детті түрде арнайы логопед маман­дардың көмегіне жүгінгені абзал. Себебі осы аралықта баланың тілінің бұлшық еттері дамып­, қатая бастайды. Бала «р» әрпін айту барысында тілінде вибрация ойнайды­, ал «л» деп айтса, тілі дұрыс дамымаған, ақаумен туылған деген сөз. Бала дүниеге келгеннен кейін қанайналым жүйесінің бұзылуынан, бұлшық еттің  дұрыс қызмет атқармауы­нан осындай келеңсіз жайт­тарға душар болады. Біз күнделікті тілінде ақауы бар балалармен жұмыс жасаймыз, кей жағдайда 1-2 сеанстан кейін-ақ жұмысымыз  өз  нәтижесін берсе, кейде 15-20 сеанс, сабақтан соң ғана баланың  сөйлеуі қалыпқа түсе баст­айды, - дейді логопед-маман­  Гүлмаржан  Оспанова.

Мамандар тіл мүкістігі бар балалармен ата-аналары тікелей жұмыс жасауы керек дейді. Балан­ың сөйлеуінде ақау барын байқаса, күніне кем дегенде жарты­ сағат көңіл бөліп, әріп­тер­ді, дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау  қажет.

Балабақшада  тіл  мүкістігі бар балалармен түрлі деңгейдегі емдеу шаралары жүргізіледі. Біз тіл мүкістігі бар балалардың ата-анасымен тығыз байланыс орнатамыз. Жалпы, мамандар тіл мүкістігінің болуын алдымен – емізіктен деген пікірді айтады. Емізікті көп емген баланың таңдайы тереңдеп, икемсізденіп, артик­уляциялық қозғалысы нашарлайды. Екінші себеп – ата-ананың баласына дұрыс көңіл бөлмеуі, онымен әңгімелеспеуі. Мысалы, 1 жастағы бала 5-10 сөз айтуы тиіс, ал 2 жастағы бала 200-300 сөз білетіндей қабілетке­ жетеді. 3 жаста күрделі сөйлемдерді айтып, дауысты дыбыстарды толық меңгереді. Бізде балабақшада балалар жас мөлшерімен топтарға  бөлінген. Психологтар жас деңгейіне сай жұмыстар жасаймыз. Күнделікті тақпақ, жаңылтпаштар жаттатып, әріпті, сөзді қайта-қайта дұрыс айтқанша қайта­латқызып, үйретеміз. Негізі ата-аналарда жауапкершілік болуы­  керек. Баласын күнде сөйлетіп, айта алмай­тын әріптерін бай­қаған жағдайда арнайы маман­дарға жолығып, ертерек жұмыс жа­салуы керек. Мұның балаға бере­р пайдасы мол, - дейді Қармақшы ауданындағы №15 «Ақкөгер­шін» балабақшасының психологы Ақалтын  Қарашаева.

Негізі үш жастан баланың жалпы сөйлеу тілі дамиды және оған тікелей себепкер ата-анасы болады. Қазіргі күні көп ата-ана баласымен бір жасынан бастап сөлесе бермейді. Болса да, сирек­. Оның өзінде баланы шектен тыс еркелетіп, кәдімгі түсі­нікті тілмен емес, баланың былдырлаған тілімен сөйлеседі.

– Менің балам жасы жетіге келгенше сөйлей алмады. Ыңылдайды, сөздерді дұрыс айтпайды. Тіпті, кейде түсіну де қиын болатын. Орысша балабақшаға бер­дік. Тез дамысын деген оймен. Бірақ ол баламызға кері әсерін тигізбесе, оң нәтиже бере қоймады. Үйде қазақша, балабақшада орысша былдырлап жүріп, сөйлемейтінді шығарды. Бала күнінде құлап, алдыңғы тісінің қызыл иектеріне зақым келген болатын. Соның кесірінен баламыздың дыбыс­тарды дұрыс айту, дұрыс сөйлеуі біртіндеп семи бастады. Біз кішкентай деп дұрыс сөйле­мегеніне мән бермедік. Тек мектепке барар шағында берілген жаттауларды дұрыс айта алмайды, балаңызды мамандарға көрсету керек дегеннен кейін ғана, дәрігерге бардық. Логопед мамандарға жүгін­дік. Қазір біртіндеп сөйлеп келеді. Ерте жастан баламен жұмыс жаса­мағандықтан, зардабын  енді  көріп жатырмыз, - дейді Байқоңыр қаласының тұрғыны Нұр­жамал Сматова.

Мамандардың айтуынша, егер ата-ана баласының тілінде мүкістік барын байқаса, алдымен невропатолог дәрігерге қаралып, кейін логопед мамандардың көмегіне жүгінуі керек. Дер кезінде ем алып, мамандардың көмегіне сүйенсе, бұндай қиындықтан арылуға болады.

Түйін. Баланы  бүгінде  ата-аналар  көп нәрседен шек­теп­ қойған. Көзінен таса қылмай, жанынан бір елі ұзаса мазасызданады. Ал ғалымдар тілдің дамуына бала қолының­ ұсақ моторикалары, яғни қол бұлшық­еттері мен саусақтарындағы нүктелер әсер етеді деп дәлелдеген. Сондықтан оны күніне бір мезгіл топыра­қта ойнатқан ләзім. Ал біздің ұлттық асық ойындарымыз «Ханталапай», «Бес асық», «Шеңбер» ойындары осыған дәлел. Сондықтан бізде болмаған таңсық­  дүниені  қанымызға  сіңдіріп алмауды  ойлайық.

Қ.ЖАҚСЫЛЫҚ

 


Мерейлі мейірбике PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
12.05.2017 10:37

Дәрігер парызы, дәрігер адалдығы жайлы сөз қозғалған сайын­ Гиппократ антын еске аламыз. Қазір оны біл­мейтін сауатты адам сирек­  шығар. Себебі дәрігер қауы­мының халыққа қалтқысыз еңбек  етемін, жұмысыма адал болам­ын деп ант етуі сонау ықылым заманнан бүгінгі күнге дейін сақтал­ған. Осы орайда бүкіл саналы ғұмырын адам емдеу ісіне арнап, сол мамандықтың қыр-сырын жетік меңгерген білікті маман, мерейл­і мейірбике жайлы сөз өрбітпекпіз. Хош. Денсаулықтан қадірлі не бар дейсіз?!

Жан тәтті, бас  ауырып, балтыр сыздаса, ақ халатты абзал жан­дарға  жүгінеміз. Бір Алладан, одан  кейін дәрігерлерден үміт  күтеміз. Осындайда дертіңе ем іздеп емханаға бар­ғанда  алдыңнан жылы шыраймен қарсы алып, бәйек болатын­  мейірбикелерге риза боласың. Дертіне шипа ізде­ген­  жанның­  жағдайына алаңдап, бабын  жасайтын  ақ халаттылар, расында, қандай  құр­метке де лайық.  Осы орайда  медицина сала­сында  40 жылға жуық уақыт еңбек етіп келе жатқан облыс­тық  тері-венер­ология диспансерінің аға зертханашысы, білікті мейірбике Фануза Борис­қызымен  төл  мереке қарсаңында  арнайы  жолығып,  аз-кем тілдескен едік. Майталман маман­мен сұхбат басталғаннан-ақ оның сөз­ден гөрі істің адамы екенін аңғардық. Сөзі нақты. Өзі тия­нақты.­

Фануза Борисовнаның емін қабылдаған жандардың барлығы оны өте тәжірибелі, өз ісіне берілген еңбекқор маман деп айтып, ризашы­лықтарын білдіреді. Тіпті көпшілік оны «алғыс арқалаған мейірбике» деп құрметтейді. Өйткені  ол талай  сырқаттың  сауық­қанша  жанынан  табылып, қолынан келген көмегін аямаған жан. Жарты ғұмырын өзі сүйіп таңдаған мамандыққа арнаған Фануза Хуснутдинованың өмір, еңбек жолын­ саралар болсақ, ол 1960 жылдың  9  ақпанында Башқұртстан мемлекетінің  Благоворск  ауданына қарасты Қарғалы қыстағында  дүние келген. 6 жасында ата-анасының жұмыс бабымен Қазақ­станға, Қызылорда өңіріне көшіп келеді. Төрт баланың үлкені, өзінен кейін 2 сіңлісі мен інісі бар. 15 жа­сында Қызылордадағы медициналық училищеге оқуға түсіп, 3 жылда­ мейірбике мамандығын меңгеріп шығады. Алғашқы еңбек жолын қалалық аурухананың операциялық бөлімінде мейірбике болып бастаған ол, 1982 жылы облыстық тері-венерологиялық диспансеріне аға зертханашы болып ауысып, бүгінде осы ұжымда абыройлы қызмет атқарып келеді. Фануза Борис­қызы отбасында да аяулы ана, бақытты әже атанған жан. Бүгінде  екі қызынан  төрт  немере­сі бар. Үлкен қызы Татьяна Сыр өңіріндегі білім мен ғылымның қарашаңырағы Қорқыт ата атындағы  Қызылорда мемлекеттік уни­вер­ситетінде оқып, физика-математика пәнінің мұғалімі мамандығын меңгерген. Спортқа да қаражаяу емес, жеңіл атлетикамен тұрақты айналысады. Түрлі жарыстардың жеңімпазы да атанған.

– Отбасымда менен басқа дәрі­гер мамандығын таңдаған ешкім жоқ. Әкем бала күнімізде жиі ауыратын. Сырқаттанған кезінде үйдің үлкені болғандықтан мені жанына шақырып, «сенің дәрігер болғаныңды қалаймын, кейін бойжеткен соң дәрігерлік мамандыққа оқуға түсуің керек» деп айтып отыратын. Бала күнгі әкемнің айтқан сөздері маған үлкен қанат бітіретін. Мықты дәрігер, білікті  маман  боламын  деге­н арманмен 9 сыныпты бітіре сала, қаладағы  қазіргі  медициналық колледжге мейірбикелік ісі бөліміне  құжаттарымды тапсырдым. Бүгінде осы салада еңбек еткен­іме қырық жылға таяды, - дейді  Фануза апай.

Фануза Хуснутдинова еңбек жолында небір електен, тексерістен өтіп, мамандардың да, халықтың да сенім үдесінен шыққан жан. Оның емдеу ісіндегі еңбегі де елеусіз қалған­ жоқ. Ол атқарған қызметі мен жемісті еңбегі үшін 1999 жылы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіподағының құрмет грамотасымен марапатталған. 2005 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатына ие болған. «Ең бастысы, халықтың алғы­сына ие болсақ, соның өзі біз үшін үлкен марапат» дейді ол. Иә, қандай атаққа ие болса да, халықтың берген батасына, алғысына жетпейтіні рас. Ол кісі халықтың ризалығына бөленіп үлгерген, ал ұжымы тәжірибелі маманды қандай құрметке де лайық деп таниды. Демек,­ бұл мейірбикенің мерейінің үстем екендігінің нақты дәлелі.

Құралай  ЖАҚСЫЛЫҚ

 


ҚЫЗҒАНЫШ бұрынғы күйеуіне қайта оралтты PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
12.05.2017 10:34

Санжар мен Қаракөздің отасқандарына 12 жылдың жүзі болып қалды. Өмірге екі қыз, бір ұл алып келген әйеліне осы уақытқа дейін бірде-бір қол көтеріп көрмеген күйеуі соңғы кездері жабырқаулы күйде еді. Өйткені қанша жыл бір шаңырақ астында тұрса да, “отырса опақ, тұрса сопақ” деп күндіз-түні келініне күн бермейтін шеше­сі отбасын ойрандап біте ме деп қорқады. “Оның сөздеріне мән бермей-ақ қойшы” деп жарын қанша жұбатса да, арадағы ұрыс-керісті шеше алмай-ақ қойды.

Бір күні жұмысынан кеш оралған Қаракөз тағы да енесінің сөзіне бола жылап, бөлмесінен шықпай қойды. Өмірінде бірінші рет қымбат­ құндыз тон сатып алғаны үшін айыптаған енесіне қатты ренжіген ол “өз еңбегіммен тапқан ақшама алдым, одан ақша сұрамадым ғой” деп қапалы. Сол реніштен кешкі тамақ та әзірленбеді. Күйеуі жұмыс­тан шаршап келгенде, қабағы қатулы анасы ғана оны күтіп алды. Не тамақ жоқ, не әйелі жоқ. Түбі бірнәрсенің болғанын сезген Санжар “тамақ бар ма?” деп күндегі әдетіне салып қалжыңға баспады. Бірден бөлмеге кіріп, мән-жайды білуге асықты. Сөйтсе, жұбайы 280 мың теңгенің құндыз тонын сатып алған екен. Айлығы небәрі 50 мың бола тұра киім үшін қарызданған Қаракөз болса, өзінікін дұрыс деуден ары аспады. Ешкімді тыңдар емес. Оқығанын, өз қаржысына алғанын айтып ақталу­мен әлек. Осылайша күндер өте берді. Даудың беті қайтар ма деп еді, жоқ, олай болмады. Бұл әңгіме үйге келген әр қонаққа бір айтылып, ақыры қайынапаларының құлағына жетіп тынды.

Өмірге қыз бала келсе, алғаш болып қуанатын аналар, оның өзіне ертең өскенде жанашыр болатынын білгендіктен, ер-азаматтар секілді ренжімеген. Санжардың анасы Фатима апа да жалғыз ұлынан басқа төрт қыз туғанына еш өкінген емес. Өйткені осы күнге дейін бір-бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырған қыздары ешқашан аналарының бетіне келмеген, қажет десеңіз, бар керек-жарағымен­ толықтай қамтамасыз етіп отырған да осы қыздары. Жоғарыдағы әңгі­ме қыздарына жеткенде де Фатима апай балаларының өзін қолдайты­нын білген еді. Расында да солай болды. Аналарының жағдайын білуге­ келген қос қызы болған жайды кешкілік шай үстінде естігендерінде, келіндеріне айтпағандары жоқ. “Қартайғанда анамызға қолғабыс болып, қам­қор бола ма десек”, “бар тапқаныңды өзіңе ғана жұмсайсың, осы үйдің тамағын неше жылдан бері кім алып келді?”, “құндыз тон кию сенің не теңің” деп жүрегіне қаяу түсіретін әңгімелер айтып, ескі жара­ның орнын тағы тырналады. Басқасы басқа, қайынапаларынан ауыр сөздер естігеніне қатты ызаланған Қаракөз сол түні-ақ үлкен дорбасына киім-кешегін салып, үйіне кетіп қалды. Тұңғышы Жамал, өкінішке орай, анасымен кетпеді. Кішкентайынан әжесінің бауырында өскендіктен, Қаракөзді емес, Фатима апаны ана дейтін, соны жақын тартатын. Тек ұлы мен кіші қызы ғана шешелерімен ілесіп, өзге үйге кете барды.

Кешкілік жұмыстан оралған Санжар болған жайтты естігенде қапаланды, екі жастың ортасына апаларының түскеніне ашуланды, артынан ерген ұрпағы – ұлдарынсыз қалғанына ызаланды, сүйіп қосылған жарын бақытты ете алмағаны үшін өз-өзіне ренжіді. Алайда­ “мен еркекпін” деп кеудесін керіп, әйелінің соңынан бармай қалған­ жоқ. Ауылдағы Қаракөздің төркініне іздеп барды, қайта үйге оралуын­ өтінді, әйелін балаларын тірілей жетім етпеуге шақырды. Алғашқы күндері ашуы басылмағандықтан болар, Қаракөз қайта шаңырағына қайтпады. Алайда арада екі-үш ай өткенде, қайта келген жұбайына еріп кетуді жөн санады. Ата-анасы да ажырасып береке таппайтынын­ айтып, шаңырағының шайқалмағаны дұрыс деп қыздарына ақылын айтты.

...Осылайша күндер өте берді. Анасы қызымен, балалары әкесімен, Санжар Қаракөзбен қайта бір отбасында тұрып жатқандарына, қауышқандарына мәз. Күндердің күнінде баяғы тонның жыры қайта ушықты. Тағы да үстел басында үлкен дау туып, Қаракөздің естімегені қалмады. Ашуға берілген ол әдетінше қайта төркініне тартты. Бұл жолы ұзағынан кеткендей. Өйткені жүк көлігіне дүние-мүлкін қоса тиеп алып кетті. Шыдамады. Ескі жараның орнын­ тырнай беретіндеріне қапаланды. Бір шаңырақта енесімен бірге тұра беретін болса, береке таппайтынын түсінді.

Арада жылдар өтті. Қаракөз сол күйінше әлі төркінінде. Күйеуі де артынан қайта-қайта баруды доғарған. Бір жағынан жалынышты күйде әйелінің алдында басын ие беруге намыстанса, екінші жағы­нан апалары да қояр емес. Келін кеткелі “анамызға өзіміз-ақ қараймыз” деп осы үйден шықпай қалған олар күндіз-түні Санжарға Қаракөзді жамандап-ақ жеккөрі­нішті етіп біткен.

Екі жұптың бір-бірін іздеуі тоқтағаны сол еді, Санжардың туысқандары оны үйлендірмекке ниеттенді. Қыздары да күнделікті тіршіліктерін тастап, аналарына қараудан шаршаған. Екі жақта жүріп, келіннің қадірін түсінгендей. Кешірім сұрап баруға бет жоқ. Амал жоқ, інілеріне есік көрген болса да әйел алып бергілері келді. Туған-туыс, таныстарынан сұрастыра келе, шаңырақ­қа ыңғайлы болады-ау деген келін­шекті тапты. Көпке созбай, кішігірім той жасап, Санжарды үйлендірді. Әйелсіз еркектің әбіржіп кететіні рас. Санжар да екінші рет үйлегеніне еш өкінген жоқ, қарсы­лық та білдірмеді. Бұрынғы әйеліне деген көңілі де суып кеткен. Бір баласы болса да Жанарды құтты қолына қондырды, жар етті.

Алайда жас жұбайлардың өмірі басында тәтті болғанымен, көпке созбай қиыншылықтардан көз ашпады. Әжесінің қолында өскен Санжардың қызы анасының орнын басқан Жанарды қабылдамады, жек көрді. Істеген істерін ұнатпай, минут сайын “үйіңе кет, менің анам қайта келеді” деп тиісіп бітті. Бір сөзбен айтқанда, күн бермеді. Жанар онсызда бір отбасыны бақытты ете алмағанына іштей қапаланатын. Сондықтан да Жамалдың сөздеріне мән бермеуге, көңіліне алмауға тырысты. Ең болмаса, осы шаңырақта бақытты ғұмыр кешкісі келді.

Өкініштісі сол, Жанардың пешенесіне бұл отбасында бақытты болу жазылмапты. Жамалдың сөздерін жүрегіне жақын қабылдамағанымен, үйге қайта келген Қаракөздің “бұл шаңырақ­ менікі, сен үйіңе кет” деп күйеуінің көзінше шашын жұлып, бетін тырналағанына шыдамады. Құшағына өзгені алғанына ашуланып, қызға­нышын жасыра алмаған Қаракөзге өзін бұлай таба­лап қоюға жол бермеді. Бар ұрысты сырттай бақылап, еш қарсылық танытпаған Санжар үшін Қаракөзбен таласпады да. Бар болғаны, киімдерін түйіншегіне түйіп, төркініне кетті.

Ал Санжар алғашында Қаракөзді көкірегінен итеріп, үйден қуып шыққанымен, артынша бала­лары үшін қайта қосылғысы келді. Бұрынғы бақыт­ты шақтарын еске алып, қайта бір отбасы болуды ойлап, бар жағдайға кешіріммен қарады...

(Кейіпкерлердің есімдері өзгертілген).

СҮЙРІК

 


ӘУЛЕТ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
12.05.2017 10:26

Адамдар,  жылдар,  тағдырлар

ЖЕР  МАМАНЫ  ҚҰРМАН  АТА

Қазыналы қарт Қаратау мен айдынды Аралдың арасында кешегі теңіздің қолат-қойнауында бағзыдан Бөген елді мекені бар. Сонан әріректегі Қара­шалаң мен Тәуірдің теңіз беткейі жағалай­  орғыл-орғыл құм төбешік. Ара-арасына ит тұмсығы батпайтын иір-иір дүзгін мен жықпыл-жықпыл жыңғыл өскен құла түз. Егер бұл жерге табаның іліксе, теңіз  бақалшағынан көз тұнады. Ертеде теңіз суы осы маңайда, одан да әрі шалқып жатқан көрінеді. Сірә, «дүние – кезек» деген осы шығар.

Бұл дүниеден сөз терген (сөз қуғандардың бетін аулақ қылсын!) көсемсөзші ретінде көңілім оқта-текте­ осы маңайға ойша ойысатын да тұратын. Ондағы мақсат, әлгі Қызыл­қайыр  маңындағы «Аманбай қазған» жер атының кімге бағыштап атал­ғанын,  оның арғы-бергі тарихын білу  болатын.

Ағымдағы жылдың басында оның да сәті түсті. Бір кезде менің мектепте  бірге оқыған сыныптасым, әрі аталас туысым Нұрылла Садық баласына жоғарыдағы ойымды­  айтқанда:

– Ол жер аты менің арғы атам Аманбай  ауылнайға  байланысты қойылған, - деп одан әрі өзінің естіг­ен-білгенін төмендегіше сипат­тап  айтып  берген  еді...

Боранбай қарттың баласы Төркінбай ХVІІ ғасырларда ғұмыр кешкен. Ата жұрттары Қарашалаң, Кішітүбек елді мекен­дері. Осы Төркінбайдан Нұрпейіс, Жиеншора, Құрман және Аманбай атты төрт бала өрбиді. Құрман атамыз заманында  атқа мінген айтулы адам екен. Осы арада бүгінгі жас ұрпаққа «атқа мінген» деген сөз атауының мәнін былайша түсіндіре кетейік. Ерте замандағы қазақтар арасында «атқа мінген» деген сөз билік басындағы, соның маңайындағы адамдарға байланыстырып айтыл­ғанын  бүгінгі  жастар  біле жүрсін  дегендік  біздікі.

Жоғарыдағы  Құрман атамыз Қазалы уезд болған шекара-шебі белгіленіп, №1 форт атанып Ресейден ағылған орыс ағайындардың осы араға атбасын тіреп жатқан тұсында сол уездік кеңселердегі шенді-шекпенді адамдардың бірі атаныпты. Ұрпақтарының айтуынша, ол кісі 1826 жылы дүниеге келіпті. Қазалы хандық билік­тің құрсауынан құтылып, патшалық Ресейдің құрығына іліккенде Бекетай Қатпаұлы уезд бастығының қазақтар жөніндегі көмекшісі екен. Ауызы  жастайынан  алымды, іс-әрекеті шалымды Бекетай жөнінде сол аймақтың халқы әлі күнге дейін «Жетес тілді би, Бекетай мөрлі би» атайды. Себеб­і оның мемлекеттік қызметте  жүргендігін білдірсе керек­  бұл сөз.

Сонымен Бекетай Құрман атамыздың қызметке араласуына түрткі болады. Бұл Құрманның 42 жастағы, яғни 1868 жылдары болса керек. Тап сол жылы уезд бастығына түскен жер дауы­на байланысты арызға орай Беке­тайдың тапсырмасымен Райымның табанындағы бір ауылға іссапарға шығады. Жер өлшенгенде бір кісінің жерінің біршама бөлігі екінші кісінің үлесінде кетіп, екі жақ айтысып-тартысып, ақыры Бекетай биге жүгінген екен. Осы арыз бойынша жер өлшеуші (землемер) қызметін атқарып жүрген Құр­ман даулы жерге келсе, арыз жазған­  адамның уәжі дұрыс екен. Бірақ дауды әділ шешу мақсатында ағаш соқа салдырып жерді қайта бөлдіреді. Бірақ егіс көктеп  кеткендіктен жері қарсыласына  кетіп  қалған кісі қатты назаланыпт­ы, қазақта «кісі­нің көңілін қалдырма, назасына қаласың» деген сөз бар. Көп ұзамай Құрман ата сол жылы қалған тір­лікті Аманбай інісіне аманаттап көз  жұмған  екен.

 

АМАНБАЙ   АУЫЛНАЙ

Аманбай атамыз 1851 жылы туған­. Қазалы уезінің землемері болы­п  халық үшін қызмет атқар­ған ағасы Құрман қайтыс болғанда он жеті жастағы өрімдей жігіт екен. Алдындағы бетке ұстар ағасы қайтыс болғалы қайғыдан жатып қал­ған Аманбайға Бекетай би арнайы көңіл айтуға ат басын бұрыпты. Қоштасарда №10 ауылдың (қазіргі Бөген ауылдық округі) ауылнайы етіп  тағайындап,  қызметіне  сәтті­лік тілейді.

Ауылдастарымен ағасының аманатын қатар арқалап атқа мінген Аманбай ауылнай жеңгесі Сыпайы әжемізбен (Құрманның жесірі) бас қосып, одан әрі тіршілік түтінін түтетеді. Мемлекеттік қызметін мінсіз атқарады. Ол кездері әр төбенің баурайында отырған ауылдард­ан үкіметтің алым-салығын­ жинап, өмір өз арнасымен алға жылжи береді.

Ағасы Құрманның көзіндей болып­ артында қалған жалғыз ұлы Тұрғанбайды бетінен қақпай еркелетіп өсірген көрінеді. Ол жан досы Бекжарас батырдың баласы Сапармен өмір бойы арасынан қыл өтпес­тей дос болып өткен екен. Ал, Бекжарас батырдың Жанқожа батырдың күйеу баласы екені тарихтан белгілі. Ендеше Сапар Жанқожа батырдың жиені болып есептеледі. Бұл реті келгенде айтылып жатқан әңгіме.

Аманбай ауылнай інісі Тұрғанбайға Өмірбай байдың Несіп атты қызын құда түсіп алып беріпті. Тұрғанбай 1908 жылы 42 жасында бақилық  сапарға  аттанады.

Қазалы уезінің №10 ауылын отыз жыл бойы үздіксіз басқарған Аманбай ауылнай заманында ақ қарлы Гималай тауларынан асып, құпиясы мен жұмбағын қойнына жасырған атақты Тибет өлкесін басып­, Меккеге қажылыққа да барып­ қайтқан тақуа жан болыпты. Үлкен қызы Шынар Аймағамбет ахунның тұңғышы Тәжединнің қосағы болғанын айта кеткен жөн.

Ұлы теңіздің жағалауын жайлаған байтақ ауылды жұтқа жұтатпай, жесірін қаңғытпай, жетімін жылатпай, түтініне түтін қосып 1899 жылы 48 жасында ата-бабалар жолымен ақтық сапарға аттаныпты. Кейін ол отырған қоныс «Аманбай қазған» атанып кетіпті. Себебі, құдық қаздырып, ел-елді осы жерге қоныс­тандырған кісі екен ол.

Атақты Теке Төлеш батыр осы Аманбай  ауылнаймен ауылы аралас, қойы қоралас отырыпты. Бұл батырдың 80 жастағы кезі екен. Сонда батыр «Аманбай қазғаннан» жалаңаяқ шығып «Жойбар ата» белгісі­не жаяу барып қайтатын қарулы, қайратты  кісі  болыпты.

 

КАПИТАН  САДЫҚ

Жоғарыдағы №10 ауылды патша үкіметі уақытында 30 жыл басқар­ған Аманбай ауылнайдың тәлім-тәрбиесін көрген Тұрғанбай атаның баласы Садық әкеміз 1906 жылы жарық дүниеге келіпті. Әкесінен 2, анасынан 12 жасында тұл­дыр жетім қалған Садық пен қа­рындасы Алтынбике екеуі немере­ ағасы Есмағанбеттің тәрбиесінде болып ер жетеді, үйлі-баранды болад­ы. Бұл жер-жердегі кеңес үкіме­тінің кемеліне келген кезі еді.

1930 жылы Солтүстік Арал кеме жүйесі «Чаржау» кеме капитандары мен механик-мотористерін дайындайтын филиалды тамамдайды. Сол жылы 24 жасында «Железняк» кемесінің капитаны ашық теңізге аттанады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы­ басталғанда, онан кейін 1942 жылы әскер қатарына екі мәрте шақырылғанмен тылға керек адам есебінде елде қалдырылады.

1942 жылы «Карачаланец» кемесіне капитан болып ауыстырылған Садық қарттың мұнан былайғы тағды­ры тікелей теңізбен байла­нысты болады. Ол жайында балала­ры Көбейсінге, Баянғалиға, Нұрыллаға айтып отырады екен.

...Соғыс уақыты болса керек. Солтүстік МРС-тың (МРС - мотор жөндеу стансасы) екі кемесі Сырдарияның теңізге құяр сағасына балық­шы қайықтарын тіркеп әкеп ау салдырып тұрады. Екі кеменің арасы 2-3 мильдей (теңіздің қашықтық өлшемі) жерде тұрады. Күз айлары жел-құздары  болатыны белгілі. Бір  уақытта түнгі сағат 03-тің кезінде солтүстік бағыттан жойқын дауыл соғады. Сонан капитан Садық Тұрғанбаев кемесіне от алдырып Көкаралға, желге қарсы жүруге әмір береді. Долы дауылмен арпалыса жүзген кеме таң атар-атпас­та Көкаралдың қойнауына кіреді. Сол кезде жел де сәл ішін тартып саябырсиды. Екінші кеме – «Железняк» болса көрінбейді. Амал жоқ, капитан Садық Тұрғанбаев соны іздеуге қайта шығады. Бұл уақытта таң атып, күн көтері­ліп, айнала жап-жарық болады. Екі-үш сағат жүзіп дарияның теңізге құяр сағасына жеткен бұлар ұйыққа батқан «Железняк» кемесін көреді, әрі-бері  темір  арқан  тастап  тарт­қанымен  табаны  ұйыққа желімдей жабыс­қан «Железняк» кемесін шығар­а  алмайды. Кеме көп ұзамай ұйыққа батып кетеді...

Қатал кезеңнің қатты желі ұйтқи соғып тұрған уақытта кеме капитаны әуелі абақтының ащы дәмін татып, артынш­а айыптылар батальонының сапында­ соғысқа түседі. Сонан хабар-ошарсыз  кетеді.

Тағы бірде Садық әкеміз басқарған «Аралец» кемесі Арал қаласынан Бөген балықшылар кооперациясына азық-түлік, ұн тиеп шығады. Су тиетін ұн және басқа азық-түлікті кеменің астыңғы бөлігіне (трюм) тиеп, палубаға құрылыс  материалдарын жайғастыр­ған кеме желтоқсан айының 17-жұлдызында Арал портынан Бөгенге қарай шығады. Алдындағы мұз жарғыш кеме қалың мұзды бұзып-жарып бұларды ұлы теңізге дейін ұзатып салады.

Садық әкеміз штурвалын басқар­ған «Аралец» кемесі солтүстіктен соққан­ желмен, ақжал толқындармен алыса жүзіп сағат екілерде Бөген ауылының тұсына келіп жетеді. Капита­н осы жерге жеткенде қос зәкір тастауға бұйрық береді. Бұл кезде Бөгендегі ауыл шамдары да тегіс сөнген еді. Кеме механигі Әбсахи­ Ермағанбетов, көмекшісі Құрақбай  Досмағанбетов теңізде осы мезгілде кез келген сәтте кездесетін  тосын жайларға қарсы сақтық шараларын жасады.

Әрине, желтоқсан айының ортасынан ауа Бөген, Қарақарнау қойнауындағы мұздың қатып қалатынын білетін капитан Садық ішке кірудің біраз уақыт амалын таппай тұрды. Бірақ Бөгендегілер Қарақарнауға келіп тұрған кеменің діңгегіндегі шамды көрген болуы керек, ауыл алдынд­ағы флотқа дейін мұз жаратын кішкентай катерді жіберіпті. Ондағылар  «мұздың  қалыңдығы        25-30 см. Бізге еріп жүріңдер» деп айқай салады. Бұған кеме капитаны­ Садық «Менің кемемнің бүйірі сендер­ жарып келген мұзға ендемей­ді, сыймайды. Сондықтан жарық  түсе  кіремін ішке»  деп жауап­  бере­ді. Алайда ауылға кеткен әлгілер көп ұзамай қайтып келіп бұларға база директорының бұйрығын жеткізеді. Енді қайран қалар ештеңе  жоқ еді. Бұйрық орындалуға тиісті.

Сонан қысқы таң қызылқұлақ­танып атар-атпастан кеме қозғалып мұзжарғыш катердің соңын ала жылжи бастайды. Жан-жағындағы сең қысып қалмау үшін кеме экипажының екі адамы екі жақтан багормен келіп қалған қауіпті әрі итеріп, кеме­нің бүйірін сеңнен қорғап келе жат­қан. Бір кезде жылжып келген үлкен сең команда мүшелеріне әл бермей кеменің бүйірін тесіп жібереді.

Теңіз төсінде айтып келмес апатпен айқасқандардың бірі «Трюмге су кетті» деп жанұшыра айқай салады. Бәрі солай қарай ұмтылады. Тесіктен ішке лап берген судың көзін плащ палаткамен бітеп, оны багормен  ұстап тұрады. Капитан мұзжар­ғыш кемеге мұзды  жиекке  қарай бұзыңдар деп өзі машина бөліміндегілерге «барынша  жылдамдат» деп бұйрық береді. Бір сағаттан соң кеменің механик мүшелерінің иығынан ауыр жүк түс­кендей демдерін іштерінен алады. Аздаған ұн суға кетіп, қалғанын аман алып қалған бұларға ауыл адамдары көмекке келеді.

Арал теңізінің айдынында қырық жыл кеме басқарған ержүрек капитан Садық Тұрғанбаевтың  басынан осын­ша­ уақыт ішінде мұндай сәттердің талайы­  өткен көрінеді. «Ерлік ел есінде­ сақталады» деген осы да.

Сөз  түйіні.

Міне, біз білетін бір әулеттің үш ұрпағының әр кезеңде бастан кешкен оқиғалары. «Жапырақ талдан, адам жаннан жаралады» дегендей, ұрпақ жалғас­тығы, олардың өнегелі істері кейінге сабақ болса игі. Бұл біздің әрқайсысымыздың жадымызда жат­талып қалса, нұр үстіне нұр болатынын ұмытпайық. Өйткені, бәріміз де кешеден бүгінге, бүгіннен ертеңге сапар шеккен баба, ата, әке, баладан тараған ұрпақпыз. Осы ғұмыр жалғастығы мәңгілік  болғай!

Т.АБЫЛАЕВ

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Мамыр 2017 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары