Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 16 Мамыр 2017

Қалаға қарасты ауылдық округ әкімдері тағайындалды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.05.2017 08:56

Ақсуат ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған Нұрсейітов Ақарыс Дүйсенбайұлы басқа қызметке ауысуына байланысты, жаңадан ауыл әкімінің сайлауы тағайындалған болатын.

Осыған сәйкес, Ақсуат ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі таңдаушылар (қалалық мәслихат депутаттары) отырысы 2017 жылғы 15 мамыр күні өткізілді.

Өткізілген сайлау қорытындысымен басым дауысқа ие болған Ақмырзаев Мәмбетәлі Сейтжаппарұлының кандидатурасы қолдау тауып, Ақсуат ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.

Ақмырзаев Мәмбетәлі Сейтжаппарұлы 1978 жылдың 13 қарашасында Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Жоғары білімді.

2004 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының аға бақылаушысы ретінде бастаған.

2005-2010 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы, бас маманы;

2010-2013 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы;

2013-2016 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы;

2016 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін абыроймен атқарып келді.

***

Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған Арысбаев Бауыржан Мыңжасарұлы басқа қызметке ауысуына байланысты, жаңадан ауыл әкімінің сайлауы тағайындалған болатын.

Осыған сәйкес, Қосшыңырау ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі таңдаушылар (қалалық мәслихат депутаттары) отырысы 2017 жылғы 15 мамыр күні өткізілді.

Өткізілген сайлау қорытындысымен басым дауысқа ие болған Таубай Дулат Раушанбекұлының кандидатурасы қолдау тауып, Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.

Таубай Дулат Раушанбекұлы 1962 жылдың 14 маусымында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.

Жоғары білімді.

1983 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педогогика институтын «Математика пәнінің мұғалімі», 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Заңгер», 2004 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1983-1988 жылдары Қармақшы ауданы, №186 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі;

1988-1990 жылдары Қызылорда қаласы, №43 орта мектепте мұғалім;

1990-1993 жылдары №1, №70 орта мектептерде директордың орынбасары;

1993-1996 жылдары №70 және №253 орта мектептерінің директоры;

1999-2002 жылдары «Сырдария» сауықтыру-тынығу лагерінің директоры;

2002-2006 жылдары №189 орта мектеп директоры;

2006-2013 жылдары Белкөл кентінің әкімі;

2014-2015 жылдары қала әкімінің кеңесшісі;

2015-2017 жылдары қалалық ішкі саясат, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшысы қызметтерін атқарды.

Отбасылы, 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.

Қала әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.05.2017 08:50

16 мамыр күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесіп, шығармашылық өкілдерін алда келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады

- Жаһандық дамуда өз үлесімізді ала отырып, өткен тарихымыз бен дәстүрлеріміздің асыл құндылықтарын қайта жаңғыртып, ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалу – Елбасының көреген шешімі. Осы орайда, Ұлт Көшбасшысы ауқымы кеңейіп, «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Бабалардан қалған «Туған жерге туың тік» деген асыл сөз бар. Осы ретте, әрбір қазақ, іскер азаматтар, ғалымдар мен өнер қайраткерлері туған топыраққа қызмет етіп жатса, келер ұрпақ үшін тағылымды өнеге жолы ғана емес, әрбір азаматтың перзенттік парызы екені анық. Бұл ретте, қалың қазақтың қаймағы бұзылмаған мекені, барша түркі мәдениетінің алтын көмбесі - Сыр өңірі өзгелерге үлгі, эталон болуы тиіс,-деді облыс әкімі.

Атап өтетін жайт, Сыр елінің мәдениет саласында ауыз толтырып айтарлық жетістіктер жетерлік. Саланы қаржыландыру көлемі жыл сайын ұлғаюда. Сәйкесінше, жаңадан ашылған мәдени нысандар саны да артып келеді.

Мәселен, 2013-2016 жылдары аймақта 23 типтік клуб, 4 музей және кітапханалар ашылып, 62 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстық тарихи-өлкетану музейі толықтай қайта қалпына келтіріліп, жаңа залдар жабдықталды.

Облыс әкімі сала қызметкерлерін марапаттады: 2 адамға Қызылорда облысының Құрмет Грамотасы,10 адамға алғыс хаттар, сондай-ақ, 2 адамға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілері және 3 адамға Құрмет Грамоталары табыс етілді.

Сондай-ақ, Тұрмағамбет атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің бас дирижері Кеулімжай Ботабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші әрі ақын Қайырбай Зәкіров, Бұқарбай батыр ауылындағы кітапхананың кітапханашысы Шара Қазиева, жыршы Шолпан Бимбетова және т.б шығармашылық өкілдері әріптестерін төл мерекелерімен құттықтады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАЗАҚСТАНДА КАЛЬЦИЙ ҚОСЫЛҒАН СОДА ӨНДІРЕТІН АЛҒАШҚЫ ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.05.2017 08:49

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде «Аралтұз» АҚ (директорлар кеңесінің төрағасы Д.Мұқашев) және қытайлық «QinghaiDeshengSodaAshIndustrialCo. Ltd» компаниясы Кальций қосылған сода өндірушілері қауымдастығының төрағасы (ҚХР) Динг Чаоран мырзаның төрағалығымен «Қызылорда облысында жылдық қуаттылығы 300 мың тонна болатын кальций қосылған сода өндіру зауытының құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру мақсатында жарғылық капиталы 17,5 млрд теңгеден асатын Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойды. Жобадағы жалпы инвестиция көлемі 87,5 млрд теңгеден асады.

Кальций қосылған сода органикалық емес синтездегі маңызды өнімдердің бірі, натрий хлоридін (ас тұзы) және кальций карбонатын (әктас) алуда негізгі шикізат ретінде саналады. Кальций қосылған соданың ірі тұтынушылары шыны, химия, металлургия және өнеркәсіптің басқа да салалары болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының кальций қосылған содаға сұранысы жылына 400 мың тоннаны құрайды және ел аумағында өзіндік өндіріс болмағандықтан Ресей Федерациясынан келетін импорт есебінен толықтырылып отыр.

Қазақстанда кальций қосылған сода өндіретін тұңғыш зауыттың құрылысын салудағы мақсат - Қазақстан Республикасының ішкі нарығын әлемдік озық технологияларды пайдалану арқылы жергілікті жерде өндірілген, экология және өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сай келетін жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз ету арқылы импортқа тәуелділікті азайту.

Сода зауытының құрылысы 700-ден астам жұмыс орнын ашуға, жергілікті бюджетке салық түсімдерін көбейтуге, тек Арал аймағы ғана емес  тұтас еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді.

Аталған жоба экономиканың басым секторларының тізіміне кіреді және «Казақстанның индустрияландыру картасы», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының барлық талаптарына сәйкес келеді: «Өнімділік 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы», «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы».

Айта кетейік, «Аралтұз»АҚ ас және техникалық тұз өндіруде Қазақстан Республикасы мен жақын шет елдерде көшбасшы саналады. Кәсіпорын нарықтың сұранысын толық қанағаттандыратын өнімнің кең ауқымды түрлерін шығарады, атап айтқанда: жұмсақ және қатты қаптамадағы ас тұзы, жемдік тұз, техникалық қажеттіліктерге арналған тұз, т.б. 1200-ден астам қызметкері бар компания Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


ІІ Халықаралық интернет-форум өтеді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.05.2017 08:44

Қызылорда облысының әкімдігі 2017 жылғы 18 мамырда сағат 15.00-де «Байқоңырда бизнес мүмкін бе?» атты ІІ халықаралық интернет форумын өткізуді жоспарлауда.

Интернет-форумның мақсаты отандық және шетелдік мамандарға Байқоңыр қаласында бизнесті дамыту мүмкіндігін талқылау және шешу жолдарын қарастыру үшін диалог алаңын ұйымдастыру болып табылады.

Форумға ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Құлыбаев Тимур Асқарұлы, «Ресей Федерациясы жер үсті ғарыштық инфрақұрылым нысандарын пайдалану орталығының» өкілі, сондай-ақ, ҚХР, Тәжікстан,Түркіменстан, Беларусь, Молдова, Өзбекстан, Израиль, Ресей, Ұлыбритания, Нидерланды сияқты әлемнің 10 елінен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан халықаралық компаниялар қатысады.

Интернет-форумның тікелей трансляциясын Facebook және Youtobe әлеуметтік желілері арқылы көруге болады.

Интернет-форумның сәтті өтуі өңірге инвестиция тартуда және Байқоңыр қаласында бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өту қажет.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.05.2017 12:57

16 мамырда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев шахматтан оқушылар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы Әсел Серікбай және күміс жүлдегері Назерке Нұрғалимен кездесті. Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Румынияның Яссы қаласында шахматтан оқушылар арасында өткен Әлем чемпионатына әлемнің 45 елінен 570 спортшы қатысты, Қазақстан құрама командасынан 33 спортшы бақ сынады. 9 турдан 8,5 ұпай жинаған Әсел Серікбай Әлем чемпионы атанып, Тәуелсіз еліміздің Көк Туын көкте желбіретіп, Әнұранымызды асқақтатты. Ал, Назерке Нұрғали 7,5 ұпай жинап, күміс жүлдені иеленді.

- Шахмат ойыны - жоғары интеллектуалдық спорт түрі. Шахмат - адамның ақыл-ойының дамуына ықпал ететін білім. Шахмат ойыны - балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Әсел, Назерке, міне осындай интеллектуалды додадағы сіздердің жеңістеріңіз мыңдаған жастың шахматқа деген құлшынысын арттыра түскеніне сенімдімін. Егер әрбір жас осылай өз мақсатына ұмтылатын болса, онда Қазақстан міндетті түрде алдыңғы қатарлы елге айналады. Алдағы уақыттарда Уругвайда жасөспірімдер арасында, Италияда жастар арасында өтетін Әлем чемпионаттарында және Әсел Үндістанда болатын жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын қолдан бермей, абыройымызды тағы да асқақтатады деп сенеміз,- деген облыс әкімі  спортшыларға сәттілік тіледі.

Әсел Серікбай, Назерке Нұрғали және олардың бапкері Василий Шимелков аймақ басшысына және барлық жанкүйерлеріне алғыстарын білдірді.

Облыс әкімі Әсел Серікбайға 500 мың теңгенің, Назерке Нұрғалиға 300 мың теңгенің, ал жаттықтырушысына 200 мың теңгенің сертификаттарын табыс етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Мамыр 2017 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары