Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 18 Мамыр 2017

Қызылордада акция аясында тұрғындардан 264 дана атыс қаруы өтемді түрде қабылданды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.05.2017 10:21

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды алдын алу мақсатында 2017 жылғы 10 сәуірден бастап республика аумағында халықта заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өтемді түрде сатып алу акциясы жүргізіліп жатқаны белгілі.

Аталған акция қағидаларына сәйкес, атыс қаруын ерікті түрде өтемді тапсыру шығындарын қаржыландыруға республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қызылорда облысына 15 миллион теңге бөлінді.

Акция басталған уақыттан бері тұрғындардан 264 дана атыс қаруы, оның ішінде 20 дана иір ойықты, 244 тегіс ұңғылы атыс қарулары қабылданды.

Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы республика аумағында өткізіліп жатқан акцияға азаматтар өз үлестерін қосады деген сенім білдіреді!

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


«ЭКСПО-2017» көрмесін 7500 адам тамашалайды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.05.2017 10:07

Астана қаласында үш айға созылатын көрмені тамашалап қайтуға Қазалы ауданынан 7500 адам қатысады деп жоспарлануда. Бұл туралы тұрақты кеңес мәжілісінде аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ә.Әбиев хабарлады. Оның айтуынша, әлеуметтік қолдауды қажет ететін 720 оқушыны 3 күндік саяхатпен көрмеге апаруға аудандық бюджеттен 29 млн 664,0 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ, 30 мүмкіндігі шектеулі жанның көрмеге барып-қайту шығыны үшін бюджеттен 1 млн 576 мың теңге қаралған. Көрмеге қатысатындардың негізгі құрамының барып-қайтуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі жеке кәсіпкерлермен меморандумға қол қойды.

Көрме билеттері аудандық «Қазпошта» АҚ-ның 27 құрылымдық бөлімшесі арқылы сатылуда. Айта кетерлігі, 15 мамырда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Қазалы ауданынан балық және балық өнімдері Елордаға жөнелтілген болатын. Олардың қатарында «Қызылорда СПК Балық» ЖШС-нің көксерке фаршы, «Ар-М-Кон» ЖШС-нің ақтабан, мөңке, сазан, жеке кәсіпкер «Т.Игіліков» шаруашылығының сазан, шортан және балықтың төсі «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның рефрижераторлармен жабдықталған «DAF» автокөлігіне тиеліп, Арқаға жол тартты.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


ҰБТ-ға дайындық пысықталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.05.2017 10:06

Қазалыда аудан әкімі Нажмадин Шамұратовтың төрағалығымен әкімдіктің кезекті мәжілісі өтті. Онда Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы баяндама жасаған аудандық білім бөлімінің басшысы А.Қасымова мектеп бітіруші 713 оқушының 458-і ҰБТ-ға қатысатынын хабарлады. Мамыр айында алынған байқау сынағының қорытындысымен аудан бойынша орташа балл 106,2 балды құраса, 68 оқушы «Алтын белгіге», 8 шәкірт «Үздік аттестатқа» үміткерлікке ұсынылуда.

Аудандық бюджеттен бөлінген 12,5 млн теңгеге 329 оқушы «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығына жіберілген. Сондай-ақ ҰБТ-ға қатысатын оқушыларды тасымалдауға, тамақтандыруға және жатын орынмен қамту үшін аудандық бюджеттен 2,0 млн. теңге бөлінді.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Нажмадин Шамұратов сала басшысына ҰБТ тапсыруды ұйымдастыру, бітіруші түлектерді тестілеу өткізілетін пункттерге қауіпсіз жеткізу жөнінде нақты тапсырмалар берді. Оған қоса тестілеуде балалардың моральдық-психологиялық тұрғыдан дайын болуы керектігін баса айтты.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


АЙМАҚТАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.05.2017 10:02

18 мамырда ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келіп, аймақтағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралады және кәсіпкерлердің аймақтық кеңесінің отырысына қатысты.

Жиынды аша отырып, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев шағын және орта бизнесті, оның ішінде микрокәсіпкерлікті дамыту аймақ үшін басым бағыт екенін атап өтті. Мәселен, өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Микробизнес-Қызылорда» жобасы аясында жалпы сомасы 840 млн теңге болатын 132 жоба қаржыландырылып, 429 жаңа жұмыс орындары ашылды. Ал, қаржының қайтарылуы 100%-ды құрайды.

Бұдан бөлек, Қызылорда облысындағы жаппай кәсіпкерлікті дамытудың Бірыңғай жол картасы әзірленді. Жол картасын жасаудағы мақсат - кәсіпкерлікті қолдау шараларына арналған барлық бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру арқылы жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар арасында жаңа жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлер санын арттыру.

- Біз әрбір селолық округ пен аудан, қала үшін экономиканың салалары бойынша барлық индикаторларды облыс әкімдігінің ахуалдық орталығына жүктедік. Осы арқылы жаппай кәсіпкерлікті дамытуда ауыл, аудан, қала әкімдерінің, қаржы институттарының және мемлекеттік органдардың жұмысын ашық қадағалай аламыз,-деді Қ.Көшербаев.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов шағын және орта бизнесті дамытуда аймақта атқарылып жатқан жұмыстар туралы және кәсіпкерлердің қызметіне кері әсер етіп отырған әкімшілік кедергілер туралы баяндады.

«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы жиынды қорытындылай келе, Қызылорда облысындағы кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берді.

-Біздің міндет - бизнес пен билік арасында диалог орнату. Қызылорда облысында бұл жұмыстар толығымен атқарылуда, ал кәсіпкерлікті дамытуда облыс әкімдігінің жүргізіп отырған іс-шаралары республикада озық тәжірибе болып саналады,-деп атап өтті Т. Құлыбаев.

«Атамекен» ҰКП басшысы экономиканы және жеке кәсіпкерлікті  дамытуға қосқан жеке үлесі үшін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевты Палатаның «Ісіне адалдығы үшін» медалімен марапаттады.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Тимур Құлыбаев Қызылорда кәсіпкерлерімен кездесті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.05.2017 09:45

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Қызылордаға жасаған іссапары барысында бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты

«Атамекен» басшысы ең алдымен «Нұр-строй» ЖШС Қызылордадағы филалына барды. Қарқынды әрі заманауи дамып отырған кәсіпорынның негізгі жұмысы көпсалалы құрылысқа арнап темірбетонды бұйымдар мен констукцияны шығаруға бағытталған. 2012 жылы іске қосылған кәсіпорынның жылдық қуатымен 60 мың шаршы метр өнім дайындайды.

Зауытта қалыптық, арматуралы, бетон араластыратын, шикізаттық және механикалық жөндеу цехтары жұмыс істейді. Бүгінде 220 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр әрі жұмысшыларының әлеуметтік жағдайына ерекше көңіл бөледі.

Зауыт директоры Нұрлыбек Қалекеевтың айтуынша, өңірдегі құрылыстың қарқынды дамуы өнім сұранысының жоғарылығымен түсіндіріледі. Зауыт өнімі Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында кеңінен танылған.

Тимур Құлыбаев бастаған елордалық қонақтар, сонымен қатар, Қызылордада ерлер жейдесін тігетін фабриканың жұмысымен танысты.

Тігін фабрикасының жетекшесі, «DALATEX» ЖШС директоры Ділмұхамед Абизов кәсіпті қалай жолға қойғанын баяндады

«Ең басында тауарды шетелден әкеліп, жергілікті базарда саттық. Бірақ кейіннен өңірде де ерлер киімін тігумен айналысуға болатынын түсіндік», – дейді «DALATEX» басшысы

Фабрикада барлық технологиялық процеске қажетті заманауи озық жабдық қойылған. Қазіргі таңда өндіріс көлемі айына 7-9 мың жейде тігуге дейін жетті. Келешекте айына 10-12 мың өнім дайындау жоспарланып отыр. Бүгінде мұнда 40 жұмысшы еңбек етеді.

Қосымша жетілдірілген, компьютерлендірілген құрылғылар сатып алынуда. Сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін еліміздің өзге де өңірлерінен сауда қоймаларын ашу жоспарланған. Бүгінде кәсіпкер ресейлік әріптестермен ынтымақтастық орнатып отыр. Оның стратегиялық жоспарына сәйкес болашақта ТМД елдеріне арнап жейде түрлері шығарылады.

Кәсіпорындағы кездесудің соңында Төралқа Төрағасы тілек кітабына өз пірікін қалдырды.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


«Сәтті қадам» – сәтті жоба PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.05.2017 18:37

Еліміздегі ең ірі жастар ұйымдарының бірі болып табылатын «Жас Отан» жастар қанатының республика көлеміндегі жастар саясатының жүйелі жұмыс жүргізуінде әлеуеті ерекше. «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен қоғамның әртүрлі саласында әлеуметтік мәселелер көтеріліп, көптеген бастамаларға мұрындық болып келеді. Осы ұйым басшылық жасап, биыл үшінші рет жүзеге асырылғалы тұрған «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында да атқарылған жұмыстар қыруар. Алға қойған мақсаттары да айқын. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы ғимаратында өткен брифингте «Жас Отан» жастар қанатының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Абылайхан Сабанбаев айтып берді.

Адамзат баласы екі түрлі құндылықты сақтай білуі тиіс. Оның бірі – адам, екіншісі – рухани-моральдық ұмтылыс десек, «Сәтті қадам» жобасының діттегені де осылар. Адамның қадір-қасиеті мен құқығы, әлеуметтік игілікке қол жеткізуі, тең дәрежеде білім алып, денсаулығын түзеуге қабілетті болуы – жастар ұйымының алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Аталмыш ұйым жас мамандардың, жоғары оқу орындары және кәсіптік-техникалық білім беру түлектері қатарындағы жетім балалар мен мектеп түлектерінің еңбекке әлеуметтенуін көздейді. Бұл дегеніңіз, жетімін жылатпаған халықтың адами құндылықтарын сақтай отырып, қоғамдағы тұл жетімдерге жұмыс табуға, кәсіппен айналысуға өзгелермен тең мүмкіндік ашу.

– «Сәтті қадам» жобасының негізгі 3 бағыты бар. Біріншісі, ЖОО және орта кәсіптік-техникалық оқу орындарының түлектерін мемлекеттік мекемелермен және Ұлттық компаниялардың Қызылорда облыстық филиалдарында 3 айлық іс-тәжірибеден өткізу турасында. Осы мерзім ішінде жастар мекемелерде тегін іс-тәжірибеден өте алады. Осы кезеңде мекеме басшылығына, қызметкерлеріне өз білімін, біліктілігін көрсете алса, жұмысқа орналасуға мүмкіндігі болады. Екінші бағыты жоғары және арнаулы оқу орындарын бітіретін жетім түлектерге арналған. Биыл республика көлемінде 2569 жетім түлек тіркелсе, облыс бойынша 73 жетім түлек оқуын аяқтайды. Бұл түлектер – 7 аудан және қала бойынша тіркелген студенттер. Ертең студенттер оқуларын аяқтағаннан кейін, олардың дипломын қалтасына салып, жұмыссыз жүрмеуін біз басты назарымызға алып отырмыз. Қазірдің өзінде біз 10-ға жуық мекемемен меморандумға қол қойдық. Соның ішінде Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және туризм, спорт, білім, құрылыс басқармаларымен және «Қазпочта» АҚ-мен тікелей жұмыс жасайтын боламыз. Біздің көздегеніміз – жетім түлектерді бірден жұмысқа орналастыру, - дейді А.Сабанбаев.

«Сәтті қадамның» сәтті жоспарының қатарында тестілеуден бас тартқан немесе алдағы сынақта шекті балға жетпей қалған оқушыларды да толық оқумен, жұмыспен қамту бар. Ұйым мұндай түлектерді әскер қатарына шақыртуды, кешкі мектептермен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Сонымен қатар, қыздарды жұмыспен қамту орталықтарында 3 айлық тігіншілік, аспаздық пен мейірбикелік ісі бойынша, ер балаларды инженерлік-техникалық мамандықтарға тартуға, ары қарай бос жүрмеуіне жұмыс жасайды.

Былтыр облыс көлемінде 63 жетім түлек оқуын аяқтады. Бұл түлектермен де аталмыш ұйым жұмыстар жүргізді. Соның нәтижесінде 23-і тұрақты жұмысқа орналасса, 9 бала әскер қатарына шақырылды. 17 қыз бала күйеуге шығып, үй қараушысы ретінде тіркелсе, 13 бала оқуын жалғастырып, ЖОО студенті атанды.

Қ.ВЛАДИМИРҚЫЗЫ

 


Қызылордалық полицейлер ірі көлемдегі пәтер ұрлығын жасаған қылмыстық топты құрықтады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.05.2017 14:28

Полиция қызметкерлерінің орын алған пәтер ұрлықтары қылмыстарының бетін ашу, кінәлі азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Қызылорда ОІІД қызметкерлері 13 мәрте пәтер ұрлығы қылмысын жасап, қала тұрғындарына 2 миллионға жуық шығын келтірген 2 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Ұсталған қылмыстық топ мүшелерінің, яғни 1998 жылы туылған 2 азаматтың қылмыстық іс-әрекеттері толығымен дәлелденіп, айғақ заттары алынды. Тергеу жұмыстары барысында, олардың қатысуымен төмендегідей қылмыстар орын алғандығы белгілі болды.

Атап айтқанда, жоғарыда аталған азаматтар 2017 жылғы 09 ақпанда күндізгі сағат 10.00 мен 18.00 аралығында Қызылжарма ауылы тұрғынының үйіне кіріп, жатын бөлмесіндегі шифонер ішінен әйелдер шубасын, әйелдер дубленкасын және алтын-күміс бұйымдарын қолды еткен. Келтірілген шығын көлемі 221 мың теңгені құраған.

Бұл әрекеттерімен тоқтамай, 15 ақпан күні күндізгі сағат 12.00 мен 17.30 шамасында Қызылжарма ауылының 1990 жылы туылған тұрғынының үйіне кіріп, 25 000 теңге ақшасын және алтын бұйымдарын ұрлап, 250 000 теңге көлемінде шығын келтірген.

Сондай-ақ, 27 және 28 ақпан күндері Қызылжарма ауылының 2 тұрғынының үйіне ұрлыққа түсіп, бірінің «НЕАР» үлгісіндегі теледидарын және ноутбугын ұрлап кетсе, енді бірінің «Samsung» үлгісіндегі теледидарын қолды еткен. Екеуіне келтірілген жалпы шығын көлемі 350 000 теңгеге жуықтаған.

Ұсталған азаматтар барлық ұрлық әрекеттерін түнгі уақытта немесе күндізгі уақытта үй егелері жұмыста болған сәтте жүзеге асырған. Бірінің ақшасын немесе алтын бұйымдарын ұрласа, енді бірінің тұрмыстық техникаларын, тіпті аккумуляторлары мен құрылыс заттарына дейін қолды етіп отырған. Барлық ұрлық қылмысы бір жүйемен орындалған, яғни пластик терезесін бұзып кіру арқылы.

Орын алған қылмыстар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Екі күдікті азамат та Қызылорда ҚІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


ҚАРМАҚШЫДА ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.05.2017 12:53

Жосалы кентінде облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті.

Кеңес отырысында «облыс бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы» Е.Меңлібаевтың, «Байқоңыр қаласында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы» Б.Бекпановтың, «Арал ауданында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы» М. Оразбаевтың және «Қармақшы ауданында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы» аудан әкімі С.Мақашовтың есептері тыңдалды. Сондай-ақ, аймақ басшысы алдағы уақытта қолға алынуы тиіс жұмыстар бойынша тиісті мекемелер мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларына, аудан әкімдеріне нақты міндеттер жүктеп, облысымызда мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстау керектігін ескертті. Кеңес барысында ауданның жас кәсіпкерлерінің өндірген өнімдері мен талантты суретші Самат Өскелеңовтың ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне арнап салынған суреттері көрмесі тамашаланды. Айта кетейік, аудан бойынша 2017 жылғы 1 мамырға 14-29 жас аралығындағы жастар 11609 болып, аудан тұрғындарының 22,4 пайызын құраса, жүргізілген мониторинг жұмыстарының барысында аудан бойынша бүгінгі таңға NEET санатына жататын немесе маргинал жастар саны 471 адамды құрап отыр.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА ОҢАЛА МА? PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
18.05.2017 12:44

ДӘРІ-ДӘРМЕК  ҚАЙДАН  КЕЛЕДІ?

Бас ауырып, балтыр сыздай қалса, жүгінетін маманымыз – дәрігер. Ал дәрігер дәрілерге арқа сүйейді. Кейде нақт­амаға сәйкес ұсынылатын дәрі-дәрмектерді дәріханалардан қолжетімді бағада ала алмайтын кездеріміз жиі болады. Оның үсті­не қазір «жеке» деген «статус» жақсы болған. Өздеріне тиімді бағаны қойып, науқастың қалтасын «қағып» береді. Яғни, әр дәріханада бір дәрінің бағасы әртүрлі. Ал емхана жеңілдетілген баға­мен дәрі сатып алатын жолдаманы барлық нау­қасқа бірдей бере алмайды. Бұл мә­селе денсаулық сақтау минист­рін де толғандырып жүргенге  ұқ­сайды.

- Негізгі рөлді амбулаториялық дәрілік қамсыздандырудың барлық жүйесін жоспарлау мен бақылау, тіркеуді жүргізуге мүм­кіндік беретін дәрілік қамсыздандырудың ақпараттық жүйесі атқаратын болады. Аталған жүйе дәрігерлердің таға­йындауы, диагнозы мен жазылған рецепттердің саны мен сомасы бойынша сапалы талдау жүргізу мүмкіндігін береді және сатып алынған дәрілік заттардың тиімділігін анықтайды, ең бастысы, аймақтарға  қажетті  дәрі­лік заттарды толық қамтамасыз  етеді, - деді  еліміздің бас дәрігері.

Бұл туралы Парламент үйінде халықты тегін медициналық кө­мектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі­лік заттармен қамтамасыз ету және фармацевтика  саласының  жай-күйі және дамуы туралы өткен жиында кеңінен айтылды.

Бүгінде мемлекет тарапынан дәрілік заттарды шығаратын отандық өндірушілерді қолдау жұмыстары жалғасуда. Өткен 2016 жылы қа­зақстандық фармацевтикалық өнім көлемі 42,4 млрд теңгені құ­ра­ған, ол – фармацевтикалық нарықтың жалпы көлемінің 8-12 па­йызы. Мемлекеттік сатып­  алу  көлемі – 25,6 млрд теңге немесе жалпы көлемнің 60 пайызы. Рас, біздегі дәрі-дәрмектердің дені сырт­тан  тасымалданады. Яғни, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары А.Маминше айтсақ, «отандық дәрі-дәрмек өндірісін 2 есеге ұлғайту импорт­қа тәуелділікті айтарлықтай төмендетеді».

 

ДӘРІ  БАҒАСЫ  РЕТТЕЛЕДІ

 

Айта кетейік, денсаулық сақтау жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар мен 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қаржыландыру көлемін ұлғайтып, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арт­тырады. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында қазіргі күні дәрілік  заттардың  нарықтағы  бағасын заңнамалық реттеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, елдегі фармацевтикалық бизнесті дамытуға бағытталған 70 құжат бойынша жұмыс жасалынуда.­

- 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық»  бағдарламасына  сәй­кес, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді кезең-кезеңмен кеңей­ту бойынша пәрменді шаралар қабылданды. Осы тұрғыда біз Австрия, Бельгия, Финляндия, Испания, Швеция, Дания, Италия, Греция, Ирландия, Голландия, Норвегия сияқт­ы елдердің баға белгілеу жүйесін талдап, 4 негізгі жүйе белгіледік. Әр елде бір препараттың бағасын салыстыруға негізделген сыртқы референт­тік баға белгілеу ең таралған жүйе болып­ табылады. Осыны ескеріп, біз дәрі-дәрмектің экономикалық қолжетімділігі, олардың сапасын, қауіп­сіздігін және тиімді қолдануын қамтамасыз ету, жоспарлау, сатып алу жүйесін, логистиканы жетілдіру бағытын­  белгіледік, - деді ҚР Ден­сау­лық сақтау министрі Е.Біртанов Парла­мент қабырғасында өткен  жиында.

 

МИНИСТРДІҢ  ОЙЫНДА ТАҒЫ  ҚАНДАЙ

ПРОБЛЕМА  БАР?

 

Ауырсаңыз, әмияныңызда қаражат болмаса, «сиқырлы таяқшаның» көмегімен жа­зылып кету әсте мүмкін емес. Статистикаға жүгінбей-ақ, күнделікті тәжірибеден алып қарасақ, дәрігердің тағайындаған емі бойынша дәрі-дәр­мек, дәрумендерін алып, бір саты ем жүргізу үшін кем деген­де 7-8 мың теңге керек. Бұл бірінші мәселе – қымбатшылық. Екінші, сатып алған немесе тұтынып жүрген дәрілеріміз қаншалықты сапалы­? Контрафак­тілік жолмен­ әкелінетін дәрілер айналымда бар ма?! Мүм­кін. Ең өзекті мәселе, біз осы дәрілік препараттарды өз орнымен­ қолданып жүрміз бе? Яғни, көп жағдайда ем­хана дәрігеріне барып, уақыт жоғалтқаннан гөрі өз бетімізбен рецептісіз босатылатын дәрілерді пайдаланып, ау­руымыздан оңай арылғымыз келеді. Ал оның соңы апарып соқтыратын зауалдарды ескере бермейміз. Мұндай жағдайда рецептімен ғана босатылатын дәрілерді кейде этикаға сүйенбей сатып алатын өзіміз де кінәліміз. Жиын бары­сында осы тектес мәселелер де назардан тыс қалмады. Денсаулық саласына жауап­ты министр Е.Біртанов барлық дәрілік заттарға шекті баға белгілеу үшін қолданыстағы заңнамаға денсаулық сақтау­ министрлігінің бағаны реттеу құзыретін белгілеу бөлігіне өзгерістер енгізуді талап  ететіндігін айтты.

- Жұмыс істеп жатқан зертханалардың сапасы артып, өндірушіден пацие­нтке дейін дәрілердің қозғалысын бақылайтын автоматтандырыл­ған жүйе енгізіледі. Дәрілердің айналымын және нарыққа контрафактілік өнім түспеуін бақылау үшін еуропалық елдерде өндірілетін өнімнің әрбір орауына 2Д коды жүйесін мін­детті қондыру бойынша қарар қабылданды. Бұл жүйенің елімізге енгізілуі барлық дәрілік тауар айналымын есепке алуға және бақылауға мүмкіндік береді. Жүйенің жұмыс принципі – дәрілік заттың әрбір орауына бірегей код қондыру және елімізге жеткі­зілген препараттардың реестрін жүргізу, - деді Е.Біртанов.

Тағы бір айта кететін жайт, кейбір ауруларға шалдыққан жеке азамат­тардың санаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында республикалық және жер­гі­лікті бюджет есебінен тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілмекші.

Отандық дәрілерді дамыту жолымен еліміздің ұлттық қауіпсіздігін сақтау мәселесі бүгінгі күннің маңызды мәселесіне айналып отыр. Үнемдеу арқылы бюджет ауыртпалығын 20%-дан кем емес төмендету және логистика мен жоспарлау үдерісін жетілдіру, медициналық мекемелер мен тұрғындар үшін дәрілік заттарға экономикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесі мен көлемін 10%-дан кем емес кеңейту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін әрі қарай жетілдіру қажеттігі ойында жүр екен.

Айтпақшы, «бестік» одаққа мүше Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Армениядағы өндірушілер дәрі-дәрмектерді тіркеп, нарыққа шығару үшін бірыңғай ережелерді қолданады. Жаңа тәртіп нарықты қауіпті дәрілерден тазартуға жағдай жасайды. Фармацевтикалық зерттеулерге рұқсат беру, баға белгілеу, бөл­шек сауда, мемлекеттік сатып алу және медициналық жарнама салаларын экономикалық одаққа мүше елдердің әрқайсысы бұрынғыдай өздері реттейтін болады. Бүгінде Еуразиялық  одаққа  мүше елдердің фармацев­тикалық өнім бойынша өзара сауда-саттық мөлшері 400 миллион АҚШ доллары­н құрап отыр. Бұл өнімнің басқа елдерден импорты 10 млрд АҚШ долларынан асады. Бұл – тауарды­ң дені импорттық дәлізге тиесілі­  деген сөз.

Н.ҚАЗИ

 


 

Елжан  Біртанов,

ҚР  Денсаулық  сақтау  министрі:

-  Қазір тек мемлекет сатып алатын дәрілердің бағасын реттей аламыз. Жекеменшік дәріxаналардың баға саясатына араласуға құқығы­мыз жоқ. Енді арнайы заң жобасын даярладық. Егер бұл заң қабыл­данса, 2018 жылы Қазақстанның барлық аймақтарында дәрілердің бағасы  бірдей  болады.

 


БЫЛЫҒЫ БАСЫМ «БЖЗҚ» PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
18.05.2017 12:40

ШУДЫ   КІМ   ШЫҒАРДЫ?

Тағы да шу. Банктегі қаржымыз туралы сыбыс естілсе, зәре-құтымыз қалмайды. «Ойбай тағы қайсысы «жеп» қойыпты?» деген сыңай танытып. Бұл жолғы «құмалақ» зейнетақы жинағындағы қыруар қаржы Әзірбайжан халықаралық банкіне құйылып, енді қайтарымы белгісіз болып отыр. Себеп жоқ емес, қазақстандықтардың 70 миллиард теңге жинағы құйылған аталмыш банк соттан мекемені банкрот деп тану туралы өтініш берген.

Құлаққа жағымсыз естілетін бұл ақпаратты естіге­н депутаттар бірыңғай жинақтаушы зейнет­ақы­ қорының топ-менеджерлерін инвестиция­ларды дер кезінде қорғауға алмағаны үшін айып­тауда. Бір өкініштісі, оның ішінде сіздің де, біздің де «зейнетке шыққанда аламын» деп жинап отырған­ қаржымыз болуы әбден мүмкін. Қаржымызды қайтармай қойса, бізге зейнетақыны кім төлейді? Бірге ізденейік.

Экономист Рахым Ошақбаев «Басқарушы компаниялар табысты қамтамасыз  етпек  түгілі, жинақ­тың сақталуына жауап бере алмай отыр. Қаражаттың­ шамамен 20 пайызы тиімсіз инвестицияланып жатыр­» дегенді алға тартады. Ал, зейнетақы қорындағы қаражатқа қатысты бұл бірінші даулы мәселе емес, бұған дейінгі былықтары балақтарына әлі жабысып жүр. Бұл пікірімізді ҚР Мәжіліс депутаты­ А.Перуашев те қолдайтын секілді. Өйткені ол:

-          Осымен нешінші рет қаражаттың сенімсіз құнды қағаздарға құйылып жатқаны күдік тудырады. Әзірбайжан банкіне қаражат құйылар кезде-ақ оның сәтсіздікке ұшырайтыны болжанып отырған еді, - деп өз пікірін білдірді.

 

ДЕРЕКТЕР   ШЫНДЫҚҚА   ЖАНАСА   МА?

Ал «БЖЗҚ» АҚ экономист Р.Ошақбаевтың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жазбасында көрсетілген деректер­дің шындыққа жанаспайтындығын мәлімдеді.

- Экономист «БЖЗҚ» АҚ 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай­ бойынша кірістер мен шығыстар есебін оқи отырып: «...еңбекақы төлеу мен іссапар шығындары екі еседен артық өсті. Биыл олардың жалпы көлемі үш ай ішінде екі миллиар­дқа жуық теңгені (1,96 млрд теңге) құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл шығындар 959,2 млн теңге болған еді», «инвестициялық портфельді басқарушыларға­ берілетін сыйақы 930,8 млн теңгеге өсті, өткен жылы бұл сома 293,9 млн теңгені құрады», - деп жазады.

Бұл ретте әртүрлі есепті кезеңдердегі деректер өзара орынсыз салыстырылып қаралған.

2017 жылдың алғашқы тоқсанында еңбекақы төлеу мен іссапар шығындары нақты 1,96 млрд теңгені, ал 2016 жылдың алғашқы тоқсанында 2,18 млрд теңгені құрады. Көріп тұрғанымыздай, осы бапқа қатысты шығындар 2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 220 млн теңгеге (10%-ға) азайды.

2017 жылдың алғашқы үш айында инвестициялық портфел­ьді басқарушыларға берілген сыйақы 930,8 млн теңгені, 2016 жылдың алғашқы үш айында БАҚ-та көрсетілгендей 293,3 млн теңге емес, 886 млн теңгені құрады. Соманың 44,8 млн теңгеге (5%-ға) көбейгендігі зейнетақы активтерінің 0,78 млрд теңгеге немесе 13%-ға өскендігімен­ байланысты. 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнет­ақы активтері 6,84 трлн теңгені құрады. Ал 2016 жылғы салыстырмалы кезеңдегі көрсеткіш 6,06 трлн теңге болған.

Есеп ҚР Ұлттық Банкінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №41 қаулысына сәйкес әзірленген. Автор «БЖЗҚ» АҚ кірістері мен шығыстары туралы есебінің бағаналарын шатастырып алған болса керек,- деді «БЖЗҚ» АҚ мамандары.

 

ҚАРЖЫ   ҚАЙТАДЫ

Халық арасына әңгіме таралып кеткен соң ресми мекемелер де жақ ашпай отыруды ұят санағандай. «Sputniknews» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қазақстандықтардың халықаралық Әзірбайжан банкіне­  салған зейнетақы жинақтары қайтарылатын болып­ты. Мемлекет банкті құтқарып қалу туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы Әзірбайжанның адвокат­тар алқасының мүшесі Акрам Гасанов мәлім­деген. Демек, біздегі зейнетақы қорына да, халықара­лық банкке қаржы салған басқа да салымшылардың қаржысына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

-        Міндеттер қайта құрылымданған соң Халық­аралық банк таза табыспен жұмыс істейтін болады. Сондықтан енді банкте ешқандай проблема болмайды. Оларға алаңдаудың қажеті жоқ. Қазақстанда негізсіз шу шығып кетті, - дейді А.Гасанов.

Осылайша Әзірбайжанның халықаралық банкіне салынған зейнетақы қоры активтерінің 71,3 мил­лиард теңгесі қайтарылатын болды. Бұл бір шоудың сценарийі  секілді, иә?!

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Мамыр 2017 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары