Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 22 Мамыр 2017

Университеттің 33 білім беру бағдарламасы мамандандырылған аккредиттеуден өтуде PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2017 18:46

2017 жылдың 22-27 мамыры аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 33 білім беру бағдарламасы мамандандырылған аккредиттеуден өтуде. Оның ішінде бакалавриаттың – 20, магистратураның – 9, докторантураның 4 мамандығы бар.

Аккредиттеуді Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің сарапшылары (НКАОКО) жүзеге асыруда. Агенттік 2017 жылдың ақпан айынан бастап жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың (ENQA) толыққанды мүшелігіне қабылданды. Ал бұл аталған ұйымның жоғары білімнің еуропалық кеңістігіндегі халықаралық мәртебесін айқындайды.

Осы ретте университетке Қазақстандағы академиялық қоғамдастықтың өкілдерінен тұратын сарапшылар, жұмыс берушілер, студенттер мен халықаралық сарапшылар тобы келді.

ҚМУ-дың баспасөз қызметі

 


“Бізді батыс келіп жалаңаштандырды, шығыс келіп тұмшалады” PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2017 12:20

Өткен жұмада қала орталығындағы Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы облыстық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен “Дәстүрлі құндылықтар және рухани жаңғырту” атты форум өтті. Оған жазушы-этнограф, қоғам қайраткері, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов және облыстық, аудандық аналар кеңесінің мүшелері мен қала тұрғындары қатысты.

Зейнеп Асқарбекқызы – қайын атасы жайлы кітап жазған тұңғыш жазушы. Ол Б.Момышұлының соғыстан кейінгі жылдардағы өміріне арналған “Шуақты күндер” естелік және “Әзіліңді сағындық”, “Бабалар аманаты” кітаптарының авторы.

 

Бәукең жайлы бірер сөз...

Шыны керек, атасының атын атамай, басынан орамалын тастамай жүрген Зейнеп апайдың ісі қазақ қоғамындағы қыз-келіншектерге үлгі-өнеге. Форум да осы турасында өрбіді. Себебі қазақы дәстүрлерді, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген, қазақ келіндерінің көшбасшысы аталып кеткен З.Ахметованың айтары көп екен. Десе де, біз Ұлы Отан соғысында әйгілі командирлердің бірі болған, гвардия полковнигі, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған батыр Бәукеңнен аттап өте алмадық. Атасының алдын кесіп өтпеген апа да солай жасады...

Белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтың Ақиқат пен аныз атты роман-диалогын оқыған боларсыз. Онда батыл қолбасшының барлық болмысы, табиғаты, мінезі айқын баяндалады. Толып жатқан тәлім-тәрбие, тағылым, кісілік келбет. Көптеген кітаптардың жазылуына себепкер болған қаһарман жайында келіні де қалам тербеуді жөн санайды.

- Мен тым саққұлақ болдым. Атам не айтса, соны теріп жазып жүрдім. Тіпті, дәптерім асүйде де тұратын. Қолым май, су болса да айтқанын ұмытып қалмас үшін үнемі түртіп отырдым, - деп есіне алды жазушы.

 

“Бауыржан атамыздың келіні емес, қызы...”

Ең алғаш сөз алған облыс әкімінің орынбасары форум маңыздылығын атап, З.Ахметованың өмір жолына тоқталып өтті.

- Мінеки, бүгін Сыр өңірінде мәнді де мағыналы іс-шара ұйымдастырылып отыр. Шараға өмірдің сабағынан өткен, Бауыржан Момышұлының келіні емес қызындай болып кеткен Зейнеп апайымыз қатысуда. Қазақ халқында ”Қызды тәрбиелегенің - ұлтты тәрбиелегенің, Ұлды тәрбиелегенің – еркекті тәрбиелегенің” деген қанатты сөз бар. Сондықтан, қыз баланың қазақ өмірінде алар орны ерекше. Оған қызды оң босағасына, төріне отырғызғаны, жылы-жұмсағын, бар тәттісін ұсынғаны дәлел бола алады, - деді Р. Рүстемов.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Зейнеп Ахметоваға “Орамал тон болмайды, жол болады” деп, сый-сияпатын жасады.

 

Тәлім мен тәрбие

Өз кезегінде Зейнеп Ахметова ә дегеннен тәрбиелік мағынасы бар сөздерін қалың көпшілікке қарша боратты. Әуелі мақтау сөздің адамды жетістікке жетелемейтінін, қайта кері әсерін тигізетінін атап өтті. Яғни, “Батырды бәрекелді өлтіредінің” кері. Мұны өзінен бұрын сөйлеген кісілердің мадақтама сөзіне қарсы айтқан болуы керек. Десе де, ол кісінің қандай болса да құрметке, мақтауға лайық екені баршаға мәлім. Одан кейін отбасылық құндылықтар, дәстүрлі дін, ұлттық салт-дәстүр, қазақ қызына тән болмыс, қоғамның қалыптасуындағы ата-ананың рөлі турасында ой қозғаған Зейнеп Ахметованың сөзін жиналғандар әлсін-әлсін қолдап отырды.

- “Өшкеніміз жанды, іздегеніміз табылды” дей алмаймыз. Мен мұны барлық жерде айтып жүрмін. Бізді батыс келіп жалаңаштандырды, шығыс келіп тұмшалады. Ал қазақ екі ортада дүбәра күйде қалды. Қазақ халқы балаларын ұят болады, обал болады, жаман болады деп үш-ақ сөзбен тәрбиелеуге тырысқан. Не болса соған ере бермей ана тілімізде сөйлеп, ұлттық құндылықтарымызды сақтайық, - деді жазушы.

- Шара соңында ҚХА жанындағы облыстық аналар кеңесі төрайымының орынбасары Нұрсәуле Мусаева, Шиелі аудандық мәдениет үйінің қызметкері Наталия Нуштаева сөз сөйлеп, алғыстарын айтты. Сондай-ақ, жиналған қауым өзін толғандырған сауалдарды қойып, керекті жауабын алды.

Рыскелді  ЖАХМАН

 

P.S. Біздің ойымызша форум қоғамдағы көкейтесті мәселелер мен түйткілді түйіндерден бөлек, мамыр айында аталып өтілетін отбасы күніне орай ғана ұйымдастырылмаған. Өйткені бұл жерден Жеңіс күнінің де лебі есетіндей. Отан үшін от кешкен тұлғаның тәлімін көрген Зейнеп Асқарбекқызының отбасы мәселесі турасындағы ойларының батыл болуы - заңдылық! Өйткені “Отан отбасынан басталады...”

 


САДЫҚ МҰСТАФАЕВТЫ ӘРІПТЕСТЕРІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТІНЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2017 12:17

19 мамырда Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы, «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері», «Ауыр атлетика және дзюдодан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының спорт шебері», дзюдодан Халықаралық дәрежедегі төреші атақтары мен «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Садық Мұстафаевты әріптестері жаңа қызметіне шығарып салды.

Облыс әкімінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Садық Шоңмұрынұлы жақында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры болып тағайындалды.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев С.Мұстафаевты жаңа қызметімен құттықтап, ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін ризашылығын білдірді.

-Садық Шоңмұрынұлы еліміздің дене шынықтыру және спорт салаларын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап келеді. Оның тікелей бастамасымен аймақта спорт саласының материалдық-техникалық базасы едәуір нығайды. Облысымыздың көптеген спортшыларының республикалық және халықаралық деңгейде үздік болуына, олимпиада жүлдегерлері атануына, сонымен бірге, облыс көлеміндегі кәсіпқой және бұқаралық спортты дамытуға ерекше үлес қосты. Моңғолия елінің олимпиадалық спорт комитетінің шешімімен ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Моңғолияның «Алтын орденімен» марапатталуы ерен еңбегінің елде ғана емес, шет мемлекеттерде де бағалануы деп түсінеміз,-деді Қ.Көшербаев.

Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Садық Мұстафаев Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қызылордалық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясы барысында Бәйгеқұм ауылының тұрғындарымен кездесті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2017 12:12

ОІІД Жергілікті полиция қызметкерлері Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыру бағытына сәйкес және тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғамының ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастыру, ішкі істер органдарына деген халықтың сенімін арттыру, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып 2017 жылдың 19 мамырында Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылында «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.

Аталған акцияға «Нұр Отан» партиясының өкілі Мақсұт Бакиев және Қуаныш Жарекеев, «Бәйгеқұм» ауылының әкімдігі, ОІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Әшім Айтуғанов және қызметкерлері қатысты.

Акция шеңберінде мемлекет саясатын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізіліп, Жергілікті полиция қызметі, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың басшылығымен азаматтарды қабылдау жүргізілді.

Акцияға жалпы 200-ге жуық азамат қатысып, қатысушылардан түрлі мазмұндағы сауалдар келіп түсті. Қойылған сұрақтардың барлығына мамандармен жауаптар беріліп, сонымен қатар толыққанды жауаптар берілу үшін тиісті мекемелерге қатынас хаттар жолданды.

Сонымен қатар, акция барысында жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көрнекі үгіт-насихат парақшалары таратылды.

Шара барысында қатысушылар арасында полиция қызметкерлерінің қызмет атқару барысында азаматтардың құқықтарының сақталуы туралы сауалнамалар  жүргізілді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Мамыр 2017 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары