Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 23 Мамыр 2017

Жазушы-журналист Қази Данабаевты еске алу шарасы өтеді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.05.2017 09:36

Қызылордалық жазушы-журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қази Соңғыбайұлы Данабаевтың қайтыс болуының 10 жылдығына орай облыс орталығынан көше беріліп, ескерткіш тақта ашылады.

Жазушыны еске алу шарасы осы жылдың 25-26 мамырына белгіленген. 25 мамырда Қызылордада сағат 17.00-де Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетіне қарасты «Студенттер сарайы» ғимаратында шығармашылық кеш өтеді. Оған «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы, әдебиет сыншысы Құлбек Еркөбек, жырау Алмас Алматов, әнші Елена Әбдіхалықова, Елмұра Жаңабергенова, жазушы Қуаныш Жиенбаев секілді әдебиеттегі әріптестері қатысады деп жоспарланып отыр.

26 мамырда сағат 16.00-де «Болашақ» университетінің бас ғимаратында да шығармашылық кеш өткізіліп, журналистің қайраткерлік қыры, қазақ әдебиетіне қосқан жазушылық үлесі, азаматтық болмысы айшықтала түседі.

Қази Данабаевтің «Шоңтөбе. Шотай. Балдаурен» повесі 1988 жылы республикалық «Жалын» журналы жариялаған жабық бәйгесінде жүлде алған. «Сағыныш екен бала кез», «Нартұлға», «Достарым менің достарым» секілді т.б кітаптары әр кезеңдерде жарық көрді. Қази Соңғыбайұлының шығармашылығынан «Ұлан» газетіне, «Ақ желкен» журналына үзік-үзік жарияланған әңгімелер жинағы қазақ балалар әдебиетінің салмағын қомақтай түсті. Ақын Фариза Оңғарсыновамен, Хасен Оралтаймен болған шығармашылық байланысы жазушының прозадағы тінін күшейтті.

Қази Данабаев публицистика жанрында экономикалық тақырыпта   жергілікті мұнайшылардың жағдайын, әлеуметтік салада мұғалімдердің мұқтажын, дәрігерлер дабылын, экологияның дерт пен дауасын діндеп жазды. Сол мақалалары республикалық «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан», «Алтын Орда», «Заман-Қазақстан» газеттері арқылы жарық көрді. Қоғамға қозғау салып, мәселен, Қызылорда облысы тұрғындарына экологиялық үстеме қаржының сақталып қалуына тікелей себепші болды.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің баспасөз қызметі

 

 


САЛА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.05.2017 09:30

«Мәдениетсіз берілген білім - адамзаттың қас жауы». Бабаларымыздан жеткен осынау ұлағатты ғибрат қашанда мәнін жойған емес. Қандай қоғамда болмасын, осынау саланың маңызы ерекше екені анық. Соған орай мәдениет пен өнер майталмандарына жасалар сый-құрмет те жоғары болмақшы. Арал ауданында өткен салтанатты шара осыны тағы да айғақтады.

Мәдениет үйінде өткен мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өзінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен көпшіліктің жадында қалғаны хақ. Жиында сөз алған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев уақытпен санаспайтын, қашанда жақсылықтың жанынан табылатын сала қызметкерлерін құттықтай келе, жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерге марапаттар табыс етті.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Жұмабек Табынбаев,

Арал ауданы.

 


ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ! PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.05.2017 09:24

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидасының 24-тармағын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №30 бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес ауыл шаруашылығы субъектілерінен өтінімдер қабылдайды.

Субсидия алуға арналған тізбеге ену үшін 100 мал орнынан басталатын бордақылау алаңдары ереженің 3-қосымшасында көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сай болуы тиіс.

Өтінімді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарында қабылданады.

 

Қызылорда облысының кәсіпкерлер  палатасының

аудандық  филиалдарының мекенжайы

 

Арал ауданы – Арал қ., Бактыбай батыр к-сі, 46 үй, тел.:8/72433/79199

Қазалы ауданы – 1. Әйтеке би кенті – Әйтеке би к-сі, 9 «а» үй, тел.:8/72438/79243

2. Қазалы қ.,.Жалаңтөс Бахадүр к-сі, 23 үй, тел.:8/72438/79243

Қармақшы ауданы – Жосалы кенті, Көшербаев к-сі, 36 үй, тел.:8/72437/79120

Жалағаш ауданы – Жалағаш кенті, Сәрке батыр к-сі, 7 үй, 8/72431/79199

Сырдария ауданы – Сырдария кенті, Қонаев к-сі, 12 үй, 8/72436/79179

Шиелі ауданы –  Шиелі кенті, Рысқұлов к-сі, 5 үй, тел.:8/72432/79255

Жаңақорған ауданы –  Жаңақорған кенті, Иманова А. к-сі, 134 «а» үй, тел.:8/72435/79120

Қызылорда қаласы       Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28 тел.:8/7242/400981

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Қызылорда кәсіпкерлерінің айтары бар PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.05.2017 09:22

Қызылордалық кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу, жобаларды қаржыландыру және маман даярлауға қатысты ұсыныстарын берді.

«Атамекен» ҰКП басшылығының Қызылорда облысына жұмыс сапары аясындағы кәсіпкерлермен өткізілген кездесуде бірқатар ұсыныстар айтылды.

Атап айтқанда, Өңірлік кеңес мүшесі Мырзағали Ермаханов сатып алуларға қатысты кездесіп отырған қиындықты айтты.

- Бүгінгі таңда бізде сатып алулар 4 электронды алаңда жүргізіледі (мемлекеттік сатып алулар, «Самұрық-Қазынаның», жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары және Еуразиялық электронды портал). Әр порталдың жұмыс жасауда өз ережесі бар және ол өздерінің нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі. Кәсіпкер тендерге қатысу үшін әр порталда жеке-жеке тіркелуге мәжбүр және қатысуға өтінім беруде қиындықтарға кездесіп жатады. Осы мәселені шешу үшін аталмыш порталдарды біріктіру мүмкіндігін қарастыруларыңызды сұраймыз, - деді Мырзағали Ермаханов.

Аталмыш ұсынысқа қатысты «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов аталмыш мәселеден хабардар екендігін, бұл бағытта «Атамекеннің» бірнеше бағытта жұмыс жасап жатқандығын жеткізді.

- Қазір біз бұл процесті жеңілдетуге қатысты шара қабылдауға дайынбыз. Ол үшін біз екі жолды таңдадық. Біріншісі, заң аясында. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2018 жылдан бастап Қаржы министрлігінде жұмыс жасайтын сатып алудың бірыңғай порталы іске қосылатын болады. Екіншісі, жоғарыдағы заңнама шыққанға дейін жұмысты жеңілдету үшін алдағы бір айдың көлемінде келесі шараны қабылдайтын боламыз. Бұл қызмет Палата арқылы көрсетілетін болады. Палата арқылы бір IT кіру ұйымдастырылады, яғни кәсіпкер бір жерден кіру арқылы Сіз айтқан сатып алулардың сайтына кіру мүмкіндігін алады. Аталмыш механизмді толықтай іске қосу үшін қорытынды келіссөздерді жүргізудеміз, - деді Абылай Мырзахметов.

Кездесуде кәсіпкерлермен көтерілген келесі мәселе ауыл шаруашылығы саласына қатысты болды.

Бұл туралы Өңірлік кеңес мүшесі Нұрлан Имандосов: «ҚазАгро» АҚ бағдарламасында қарастырылған басым бағыттардың бірі – «Қарқынды бақтарды отырғызу» Қызылорда облысында жүзеге асырылмайды. Аталған бағыттар Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында ғана қаржыландырылады. Осы жағдайға байланысты, жергілікті ауыл шаруашылық тауар өндірушілер «ҚазАгро» АҚ қаржы институттарының желілері арқылы несие алуға қол жеткізе алмай отыр. Өңірімізде өз қаражаттарына, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітілген өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын схемасына енгізілмегендігіне қарамастан алманың ергежейлі және жартылай ергежейлі (карликовые) сорттарын отырғызып, қарқынды бақтар өсірумен айналысып жүрген бірқатар шаруа қожалықтары бар. Бүгінгі күні осы шаруашылықтар өз қаражаттарының жеткіліксіздігіне байланысты, агротехнология бойынша отырғызу жұмыстарын аяқтай алмай отыр. Қарқынды бақтарды отырғызу мақсатында «ҚазАгро» АҚ қаржы портфелінен көп қаржы талап етілмейді, әрбір шаруа қожалықтарында жоспарланған егіс көлемі 5-10 га аралығында, яғни бұл дегеніміз 7-20 млн. теңге аралығындағы қаражатты қажет етеді. Осы мәселені шешу барысына көмек көрсетуіңізді сұраймыз», - деді.

- Бұл мәселе де бізге жақсы таныс. «ҚазАгро», оған қарасты мекемелердің басын қосып бірнеше рет мәжіліс өткіздік. Осы мәселенің барлығын көтердік. Бұдан өзге, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары ауыл шаруашылығы басым аймақтар қатарына енбейді деп субсидиядан да алып тастаған. Біз қазір 8 министрліктің субсидияға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарына өзгеріс енгіздіріп жатырмыз. Мамыр айының соңында ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен селекторлық байланыста жиналыс болады. Сіздер көтеріп отырған мәселе шешілу үшін нормативтік құжаттарға өзгеріс енгізілуі тиіс. Бір ай, бір жарым айдың көлемінде шешіледі деп ойлаймыз. Бұл мәселе біздің бақылауымызда, - деді Басқарма Төрағасы.

Мұнан өзге, кәсіпкерлермен кездесу барысында Абылай Мырзахметов Қызылордадағы адами капиталды дамытуға қатысты қабылданып жатқан шараларға жоғары бағасын беріп, өңірдің кәсіпкерлік саласындағы мамандарды даярлауда жасап жатқан жұмыстары республика көлемінде үлгі екендігін жеткізді.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


БІР КҮНДЕ ЗАҢ БҰЗҒАН 450 ШЕТЕЛДІК АНЫҚТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.05.2017 09:17

Ағымдағы жылдың 22-24 мамыр аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші-2017» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Онда ОІІД қызметкерлерінен жасақталған 45 мобильді топ облыс аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

Рейдтің алғашқы күнінде ҚР ӘҚБтК-нің 517- бабын бұзған (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 450 шетелдік анықталды.

Сонымен бірге рейдте ҚР ӘҚБтК-нің 518, 519 баптарын бұзған 49 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігі (қоғамдық орында тиісу) бойынша 9 шетел азаматына шара көрілді. 204 шетелдіктің ел аумағында болу мерзімдері қысқартылды.

Өзбекстан Республикасының 14 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 393-бабы (ҚР-ның аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзбекстан Республикасының 46 азаматы әкімшілік кодекске сәйкес және  4 азамат Азаматтық тәртіппен республика аумағынан аластатылды. Жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 29 азамат ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.

Бұл жұмыстар күнделікті өз жалғасын табуда.

 


Қазалы жаңалықтары PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.05.2017 16:38

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІНЕ КӨШЕ АТЫ БЕРІЛДІ

Қазалы ауданында тәрбиелік мәні бар шаралар жиі ұйымдастырылады. Жуырда кент орталығында өткен қоғам қайраткері Теңел Жұмабаевтың атына көше атауын беру рәсімі сөзімізді жандандыра түсері анық. Шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Арман Қаржаубаев Теңел Дүзелбайұлының елдің дамуына қосқан үлесіне, ғибратты ғұмырына кеңінен тоқталып, тұрғындарды қайраткер есімін иеленген көшені таза, ұқыпты ұстауға шақырды.

Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов қоғам қайраткерінің адамгершіліг, парасат-пайымы, кісілік келбеті, замандасы Сақыбай Нармағамбетов халықтың тұрмысын ілгерілетуге қосқан үлесі жайлы тебірене әңгімеледі. Рәсім барысында Теңел ағаның баласы Ғабит Жұмабаев жүрегі ел деп соққан азаматқа жасаған құрметтері үшін аудан басшылығына алғысын білдірді. Көпшіліктің жадында сақталған азамат хақында сөз тербетсек. Теңел Дүзелбайұлы Алматы жаяу әскер училищесінде әскери борышын өтеп жүрген уақытында соғысқа аттанады. Волхов майданындағы 19-шы гвардияшыл атқыштар дивизиясының құрамында әскери қимылдарға қосылады. Кейін Ленинград майданындағы қанды шайқасқа қатысып, ауыр жарақат алады. 1944 жылы елге оралып, бейбіт өмірдегі еңбек жолын Қазалы ауданында бастайды. Баспасөз саласында қызмет жасайды. Бірнеше газетте меншікті тілші, жауапты хатшы лауазымын атқарады. болады. Ауданның мәдениет бөлімін басқарады. Қазалы аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін абыроймен атқарады.

Т.Жұмабаев «І дәрежелі Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Қажырлы еңбек үшін» медалдарымен марапатталады.


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖАСЫЛ АЛАҢДА КЕЗДЕСТІ

Қазалыда «Экспо-2017» халықаралық көрмесін насихаттауға байланысты футболдан аса қызықты турнир өткізілді. Мемлекеттік қызметшілер арасында спортты насихаттау және әріптестік қарым-қатынасты нығайту бағытындағы додаға Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының мемлекеттік қызметшілері мен облыстық Әділет департаментінің командалары қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Нажмадин Шамұратов ойынның маңыздылығына тоқталып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов, облыстық Әділет департаментінің басшысы Қ.Сапаров, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Самұрат Имандосов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов, Қазалы ауданының футбол федерациясының президенті Фердоуси Қожабергенов мұндай спорттық шаралар салауатты өмір салтын дәріптеуге, мемлекеттік қызмет жүйесінің жақсы имиджінің қалыптасуына ықпал ететіндігін жеткізді.

Алаңдағы ала доп үшін тартыс қызықты басталды. Арал және Қазалы аудандарының командалары арасындағы бәсекеде аудан әкімі Нажмадин Шамұратов бастаған қазалылық мемлекеттік қызметшілір басым түсті. Есеп 2:1. Қармақшылықтар мен Әділет департаментінің ойынында Қармақшы ауданының мемлекеттік қызметшілері ептіліктерін байқатты. Арал және Қармақшы, Қазалы мен Әділет департаменті командалары өзара кездесулерінде тең ойын көрсетті.

Турнир қорытындысында Қармақшы ауданының мемлекеттік қызметкерлерінен құрылған команда топ жарды. Қазалылық мемлекеттік қызметшілер ІІ, аралдықтар ІІІ орынды иеленді. Ал облыстық Әділет департаментінің командасы ІV орынды қанағат тұтты.


 

ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудандық мәдениет орталығында салтанатты шара өткізілді.

Жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Арман Қаржаубаев қасиетті Қазалының мәдениеті мен өнерін баршаға танытып жүрген, өнер саңлақтарының еңбектеріне кеңінен тоқтала келе бір топ озаттарға түрлі марапаттар тапсырды. Мұнан соң мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Толыбай Жүсіпов саладағы жетістіктер мен алдағы міндеттерді шолып өтті. Осы сәтте баршаны толқытқан көрініс орын алған еді. Жыл көлемінде өмірден озған әріптестері, ҚР Мәдениет қайракткерлері Жетіскен Мәкенәлиев пен Насыр Баекеевті бір минут үнсіздікпен еске алуды ұсынған Толыбай Бәлдірұлының лебізіне тебіренбеген жан қалмады.

Қазалы ауданының мәдениет саласында жетістіктер жетерлік. Саланы қаржыландыру көлемі жыл сайын ұлғаюда. Өткен жылы мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға аудандық бюджеттен 31,2 млн. теңге бөлінді. «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы аясында Қазалы қалалық мәдениет үйіне, Ақтан батыр ауылдық клубына, Жалаңтөс батыр ауылдық кітапханасына күрделі, Тасарық ауылдық клубы ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Аудандық тарихи-өлкетану музейіне қомақты қаражатқа экспонаттар, Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейіне екі дана компьютер жиынтығы, электр генераторы, проектрлы экран сатып алынды. Биыл Тасарық, Лақалы, Майдакөл, Ақсуат, Абай ауылдық клубтарына, Бозкөл ауылдық мәдениет үйіне музыкалық аппаратуралар сатып алуға аудандық бюджеттен 15 млн. теңге қаржы қаралып отыр.


 

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспары аясында ақпараттық-насихаттық топ құрылған болатын. Жуырда  АНТ мүшелері  Қазалы ауданының жұртшылығымен  жүздесті.

Кездесуде топ құрамындағы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтынкүл Есқараева, Қызылорда облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Гүлсім Денеева, Қызылорда облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасары Лиман Боранбаева,  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Жанар Дәулетбаева мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, кеңес берді.

Аудан әкімінің орынбасары Арман Қаржаубаев төрағалық жасаған мәжілісте Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының тиімділігі жөнінде жан-жақты айтылды.

«Халық өмірінің сапасын арттыру мәселесі мемлекетіміздегі әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті болып келеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды әлеуметтік бағдарламалар қабылданды. Мұның бәрі халықтың өмір сүруі жағдайын жақсарту үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет» дейді ақпараттық-насхаттық топ мүшелері.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы.

 


Күнтізбе

< Мамыр 2017 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары