Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017

МЕТАДОН: ҚАСІРЕТТЕН ҚҰТЫЛАР ЖОЛ ҚАЙСЫ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
25.05.2017 10:00

Қазақ «тілеп алған аурудың емі жоқ» дейді. Расында адамдар өзі «тілеп алған»­  нашақорлық қоғамды жайлаған дертке айналды. Бүгінде мұны қалыпты жағдай етіп қабылдайтын деңгейге жеткенбіз. Дәрігерлер асқынып, шегіне­ жеткен бұл ауру туралы қаншама шырыл­дап  жатса  да, ешкімнің, ең әуелі құрдымға кетіп бара жатқан сол нау­қастардың  құлағына  жетер  емес. Наша­қо­рлық  жайы  тек  бізде  ғана  емес, бүкіл  әлемде өткір мәселеге айналғалы қашан. Оны толыққанды емдеудің шешімі әлі күнге табылмай, әлем елдері­н алаңдатып отырғаны да рас. Осы ретте медицина мамандары ха­лықтың  назарын  метадонға  аударт­қысы  келед­і. Сонымен, метадон дегені­міз­ не? Бұл таңсық дәрі – апиынды алмаст­ыру мақсатында жасалған син­тетикалық есірткі. Қоғамдық ұйымдар осы бір өнімді есірткі қолданушыларды емдеуге қолдануға үгіттеуден танбай келеді. Неліктен? Кейбір мамандар есірткі құмарларды метадон қолдану арқылы тәуелділіктен арылтып, өмірге қайта бейімдеуге болады десе, енді бірі онымен келіспейді. «Метадон – дәрі емес, есірткі. Егер біз метадонды қолдануға рұқсат берсек, онда есірткі пайдалануды заңдастырып, оған тәуелділердің санын одан әрі арт­тырып аламыз» дегенді алға тартады. Бірақ, бұл – бір­жақты  көзқарас. Қазақстанда метад­онды тәжірибе ретінде қолданудың  пилоттық  жо­басы  2008  жылы басталған-ды. Павлодар мен Теміртау қалаларында есірткі тұтынушылар  көп бол­ғандықтан, алғашын­да метадон осы екі қаладағы орта­лыққа тара­тылған. 2009 жылы мұның бірінші сатысы нәтижелі аяқ­талып, министрлік тарапынан аталмыш дәріні кең түрде қолдануғ­а бұйрық шығар­ыл­ған. Дәрі есірткіге тәуелді нау­қастарға өте қо­лайлы. Себебі бізде героинді ине арқылы қабылдайтын науқ­астар наркол­огиялық мекем­елерге барып,­ ешқашан емделмейді. Оларды күшпен де, жылы сөзбен де алып бара алмайсыз. Сондықтан өздігі­нен айығы­п кете алмайтын, бірақ қоғамға, жалпы адамзат­қа зиян­ды әсерінен құтыл­ғысы келетін науқастарға мета­дон өте тиімді. Әрине, метадон тәуелділікті емдей алмайды, бірақ қоғамдық қауіп­ті мей­лін­ше сейілтеді. Сонымен, Қазақстанда оны қолдану керек­ пе? Жалпы, метадон біз­дің қоғамға зиянды ма, әлде тиімді ме?

Өткен аптада медициналық колледждің бас оқу ғи­маратында «Қазақстанда АИТВ  індетінің  алдын алу және есірт­кіге тәуелділікті емдеу мақсатында қолдай­тын  алмас­тырушы  терапияның ауқымын кеңейту» жобасы аясында қоғамдық тыңдау өтті. Оған облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының бас­шы­сы А.Әлназарова, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президен­ті Б.Түменова және бірқатар медицина өкілдері қатысып, баяндама оқыды.

Медициналық сауаты жоқ халық «екеуі де есірткі болса, оны пайдалан­ғаннан  не  ұтамыз?» деп  ойлауы заңды­лық. Осы тұрғыда «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бахыт Түменова бұлардың  алшақтығының бар  екендігін  алға тартты.

– Ағымдағы жылдың басында Қазақстанда АИТВ жұқпасының 28 840 жағдайы тіркелді. Оның 50%-ы – ИЕҚТ, 20%-ы – жыныстық қатынаспен жұқтырғандар, 20%-ы – гомосексуалис­тер, 5 %-ы – жезөкшелер. Мына статистикадан қауіптің қаншалықты төніп тұрғанын байқауға болады. Бізге Ауғанстан, Тәжікстан елдерінен тасымалданатын есірткі заттары Қазақстан арқылы Ресейге өтеді. Ресеймен қойын-қолтық  араласып  жатқан  елміз. Осының барлығы біздің жастарымызға әсер етпей қоймайды. 2008 жылдан бері героиннің орнына метадон қолдану әдісі енгізілді. Героинге қарағанда метадон адамды есінен адастырмайды. Мәселен, азамат таңертең келіп наркологиялық диспансерден белгіленген мөлшердегі метад­онды ішіп алып жұмысына бара береді­. Бұдан кейін есірткі іздеп әуреге түспейді. Қазір көпшілік бұл жобаны түсінбегендіктен, қарсы пікір тудырып жатыр. Метадон қабылдаған азамат біртіндеп, есірткіге деген тәуелділіктен арылады. Егер азамат тәуелділіктен арыла алмаса, соңы үлкен проблемаға айналатынын бәріміз жақсы білеміз. Мәселен, орта есеппен айына есірткі қабылдау үшін 120-180 мың теңге қажет. Олар осы ақшаны табу үшін қылмысқа барады. Ал бір күндік қабылданатын метадонның бағасы – 180 теңге. Есірткіге тәуелді болған адамды емдеу өте қиын. Сондықтан мәселені осылай біртіндеп шешкен жөн, – дейді ол.

Әлемде 14,9 млн инъекциялық есірткі тұтынушы өмір сүреді. Аз цифр емес. Олардың жылына есірткі бизнесі­не әкелетін табысын айтуға ауыз жаңылады. Мәселен, біздің елде мың нашақор жылына қылмыс әлеміне 8 млн доллар АҚШ доллары көлемінде табыс әкеледі. Хош. Қазіргі таңда метадон дамыған елдер, оның ішінде Араб мемлекеттерінде де қолданылады. Ресей мен Өзбекстаннан басқа бұрынғы Кеңес­ өкіметінің құрамындағы елдер де метадонмен емдеу әдісін жолға қойған. Жалпы, бұл әдісті әлемнің 71 мемлекеті­ қолданс­а, Еуроодақ елдерінде 600 мыңнан астам адам метадон қабылдайды. Ал инъекциялық  есірткі  тұтынатын­дардың ішінде  біздің  елімізде  тіркелегені –  16 890 адам. Соңғы жылдары метад­он қолдану нәтижелі болып, оны пайда­ланатын 182 адам жұмысқа орналасты, 66 адам отбасын құрды, 3 отбасында дені сау бала туылды. Метадон қолданғандардың ішінде 96 пайыз адамдар өздерінің отбасылық жағдайы­ның, денсаулығының жақсарып келе жатқанын алға тартады. Ем қабылдағандардың 14 пайызы есірткіден бас тарып, толыққанды жақсарған. Демек, сіз бен біз ойлаған таңсық­ дәрінің тек зиянын емес, пайдасын да ескерген жөн. Сондықтан уды у қайта­ратынын  жадымызда  ұстайық.

Қ.ВЛАДИМИРҚЫЗЫ

 


МЕТАДОН: ҚАСІРЕТТЕН ҚҰТЫЛАР ЖОЛ ҚАЙСЫ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
25.05.2017 10:00

Қазақ «тілеп алған аурудың емі жоқ» дейді. Расында адамдар өзі «тілеп алған»­  нашақорлық қоғамды жайлаған дертке айналды. Бүгінде мұны қалыпты жағдай етіп қабылдайтын деңгейге жеткенбіз. Дәрігерлер асқынып, шегіне­ жеткен бұл ауру туралы қаншама шырыл­дап  жатса  да, ешкімнің, ең әуелі құрдымға кетіп бара жатқан сол нау­қастардың  құлағына  жетер  емес. Наша­қо­рлық  жайы  тек  бізде  ғана  емес, бүкіл  әлемде өткір мәселеге айналғалы қашан.

Оны толыққанды емдеудің шешімі әлі күнге табылмай, әлем елдері­н алаңдатып отырғаны да рас. Осы ретте медицина мамандары ха­лықтың  назарын  метадонға  аударт­қысы  келед­і. Сонымен, метадон дегені­міз­ не? Бұл таңсық дәрі – апиынды алмаст­ыру мақсатында жасалған син­тетикалық есірткі. Қоғамдық ұйымдар осы бір өнімді есірткі қолданушыларды емдеуге қолдануға үгіттеуден танбай келеді. Неліктен? Кейбір мамандар есірткі құмарларды метадон қолдану арқылы тәуелділіктен арылтып, өмірге қайта бейімдеуге болады десе, енді бірі онымен келіспейді. «Метадон – дәрі емес, есірткі. Егер біз метадонды қолдануға рұқсат берсек, онда есірткі пайдалануды заңдастырып, оған тәуелділердің санын одан әрі арт­тырып аламыз» дегенді алға тартады. Бірақ, бұл – бір­жақты  көзқарас. Қазақстанда метад­онды тәжірибе ретінде қолданудың  пилоттық  жо­басы  2008  жылы басталған-ды. Павлодар мен Теміртау қалаларында есірткі тұтынушылар  көп бол­ғандықтан, алғашын­да метадон осы екі қаладағы орта­лыққа тара­тылған. 2009 жылы мұның бірінші сатысы нәтижелі аяқ­талып, министрлік тарапынан аталмыш дәріні кең түрде қолдануғ­а бұйрық шығар­ыл­ған. Дәрі есірткіге тәуелді нау­қастарға өте қо­лайлы. Себебі бізде героинді ине арқылы қабылдайтын науқ­астар наркол­огиялық мекем­елерге барып,­ ешқашан емделмейді. Оларды күшпен де, жылы сөзбен де алып бара алмайсыз. Сондықтан өздігі­нен айығы­п кете алмайтын, бірақ қоғамға, жалпы адамзат­қа зиян­ды әсерінен құтыл­ғысы келетін науқастарға мета­дон өте тиімді. Әрине, метадон тәуелділікті емдей алмайды, бірақ қоғамдық қауіп­ті мей­лін­ше сейілтеді. Сонымен, Қазақстанда оны қолдану керек­ пе? Жалпы, метадон біз­дің қоғамға зиянды ма, әлде тиімді ме?

 

Өткен аптада медициналық колледждің бас оқу ғи­маратында «Қазақстанда АИТВ  індетінің  алдын алу және есірт­кіге тәуелділікті емдеу мақсатында қолдай­тын  алмас­тырушы  терапияның ауқымын кеңейту» жобасы аясында қоғамдық тыңдау өтті. Оған облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының бас­шы­сы А.Әлназарова, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президен­ті Б.Түменова және бірқатар медицина өкілдері қатысып, баяндама оқыды.

Медициналық сауаты жоқ халық «екеуі де есірткі болса, оны пайдалан­ғаннан  не  ұтамыз?» деп  ойлауы заңды­лық. Осы тұрғыда «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бахыт Түменова бұлардың  алшақтығының бар  екендігін  алға тартты.

– Ағымдағы жылдың басында Қазақстанда АИТВ жұқпасының 28 840 жағдайы тіркелді. Оның 50%-ы – ИЕҚТ, 20%-ы – жыныстық қатынаспен жұқтырғандар, 20%-ы – гомосексуалис­тер, 5 %-ы – жезөкшелер. Мына статистикадан қауіптің қаншалықты төніп тұрғанын байқауға болады. Бізге Ауғанстан, Тәжікстан елдерінен тасымалданатын есірткі заттары Қазақстан арқылы Ресейге өтеді. Ресеймен қойын-қолтық  араласып  жатқан  елміз. Осының барлығы біздің жастарымызға әсер етпей қоймайды. 2008 жылдан бері героиннің орнына метадон қолдану әдісі енгізілді. Героинге қарағанда метадон адамды есінен адастырмайды. Мәселен, азамат таңертең келіп наркологиялық диспансерден белгіленген мөлшердегі метад­онды ішіп алып жұмысына бара береді­. Бұдан кейін есірткі іздеп әуреге түспейді. Қазір көпшілік бұл жобаны түсінбегендіктен, қарсы пікір тудырып жатыр. Метадон қабылдаған азамат біртіндеп, есірткіге деген тәуелділіктен арылады. Егер азамат тәуелділіктен арыла алмаса, соңы үлкен проблемаға айналатынын бәріміз жақсы білеміз. Мәселен, орта есеппен айына есірткі қабылдау үшін 120-180 мың теңге қажет. Олар осы ақшаны табу үшін қылмысқа барады. Ал бір күндік қабылданатын метадонның бағасы – 180 теңге. Есірткіге тәуелді болған адамды емдеу өте қиын. Сондықтан мәселені осылай біртіндеп шешкен жөн, – дейді ол.

Әлемде 14,9 млн инъекциялық есірткі тұтынушы өмір сүреді. Аз цифр емес. Олардың жылына есірткі бизнесі­не әкелетін табысын айтуға ауыз жаңылады. Мәселен, біздің елде мың нашақор жылына қылмыс әлеміне 8 млн доллар АҚШ доллары көлемінде табыс әкеледі. Хош. Қазіргі таңда метадон дамыған елдер, оның ішінде Араб мемлекеттерінде де қолданылады. Ресей мен Өзбекстаннан басқа бұрынғы Кеңес­ өкіметінің құрамындағы елдер де метадонмен емдеу әдісін жолға қойған. Жалпы, бұл әдісті әлемнің 71 мемлекеті­ қолданс­а, Еуроодақ елдерінде 600 мыңнан астам адам метадон қабылдайды. Ал инъекциялық  есірткі  тұтынатын­дардың ішінде  біздің  елімізде  тіркелегені –  16 890 адам. Соңғы жылдары метад­он қолдану нәтижелі болып, оны пайда­ланатын 182 адам жұмысқа орналасты, 66 адам отбасын құрды, 3 отбасында дені сау бала туылды. Метадон қолданғандардың ішінде 96 пайыз адамдар өздерінің отбасылық жағдайы­ның, денсаулығының жақсарып келе жатқанын алға тартады. Ем қабылдағандардың 14 пайызы есірткіден бас тарып, толыққанды жақсарған. Демек, сіз бен біз ойлаған таңсық­ дәрінің тек зиянын емес, пайдасын да ескерген жөн. Сондықтан уды у қайта­ратынын  жадымызда  ұстайық.

Қ.ВЛАДИМИРҚЫЗЫ

 


Қала және облыс тұрғындарының назарына! PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.05.2017 19:38

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылы қала тұрғындарына пайдалануға берілген болатын. Осы ретте, «Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылы мен Ш.Есенов көшелерінде автокөліктердің жүру қарқыны өсім алуда.

Осыған байланысты, Ш.Есенов көшесінің бойында жасанды кептелістерді болдырмау мақсатында Ш.Есенов көшесін бас жолға, Демесінов көшесін екінші дәрежелі жолға өзгерту үшін жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғылардың (Ш.Есенов көшесіне 2.1Бас жол», Демесінов көшесіне 2.4Жол беріңіз») орны ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Қызылорда ҚІІБ Әкімшілік полиция бөлімі

 


Мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғам назарында PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.05.2017 19:28

Ақиқаты солай. Оның дәлелі ретінде Қазалыдағы игі істі айтуға болады. Аудандағы мекемелер мен кәсіпорындарда, кәсіпкерлік нысандарында пандустардың орнатылуын бақылау мақсатында жұмысшы топ құрылған. Ағымдағы жылы 25 мекемеге бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жыл басынан бері жұмыс іздеуші ретінде тіркелген 11 мүгедектің 2-еуі тұрақты, 6 мүгедек ақылы қоғамдық жұмысқа орналасса, 1-еуіі жастар тәжірибесіне, 2-еуіі әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді. Ал тасымалдау үшін ұйымдастырылған «Инватакси» қызметіне жыл басынан бері 132 мүгедек жүгінген. Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы «Талсуат» елді мекенінде орналасқан оңалту орталығына жыл көлемінде 17 мүгедек, 2 зейнеткер барып келсе, ай сайын 281 мүгедекке гигиеналық құралдар таратылуда.

Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес оларға медициналық қорытынды бойынша көрсетілуге тиісті қызметтер де жасалады. Оған қоса жүріп-тұруы қиын 1-топтағы мүгедектерге емхана мен мәдени шараларға, т.б. қоғамдық орындарға баруы үшін жеке көмекшілер қызмет етеді. Қазалы ауданы бойынша 2752 мүгедек есепте тұрады.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы.

 


Қызылордада тамшылатып суару тәсілімен алма бағы өсірілуде PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.05.2017 19:24

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының сүйемелдеуімен өңірде алма бағы өсірілуде. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жасұлан Серіков айтып берді.

«Соңғы жылдары ауылшаруашылық саласында кәсіп жасаймын деушілердің саны күрт өсуі қуантады. Қыста Кәсіпкерлер Палатасына Сейдіғазы аға мен Клара апа келіп өз ойларымен бөлісті. Интенсивті алма бағы туралы естіп, осы жылы бастағымыз келеді деген. Кәсіпкерлер палатасында бұл кісілерге алма бағымен айналысқан жағдайда жеңілдікпен несие алу, субсидия алу жолдары туралы толық ақпарат берілді», - дейді Жасұлан Серіков.

Палатадан кеңес алғаннан кейін «Әлібаев» деген шаруа қожалығын ашады. Шиелі ауданынан жер алып, оны дайындайды. Оңтүстік Қазақстан облысынан жартылай карлик алмасының 3 түрлі ағашын  5 гектарға отырғызып, скважина қазып, үлкен су құятын бак алып орнатады.

Ендігі жерде кәсіпкерге алма бағын тамшылатып суғару жүйесіне қажетті құрал-жабдық қажет болып «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығына жобасын ұсынды. Ерлі-зайыпты Әлібаевтардың жобасын жан-жақты зерттеген Өңірлік инвестициялық орталық жобаның әлеуетін бағалай келе 6,5 млн. теңге несие беруге шешім қабылдады. Бүгінде шаруа қожалығына жобаның бірінші кезеңі үшін 3 млн. теңге несие берілді. Аталмыш қаржыға Әлібаевтар баққа қажетті жабдықтарды алып, егілген көшеттерге тамшылатып суғару тәсілімен су беруде.

Жақында Палата маманы Жасұлан Серіков шаруа қожалығының қазіргі жай-күйімен танысып келді.

«Ағаштар гүлдей бастапты. Енді кәсіпкер Өңірлік инвестициялық орталықтан берілетін қалған қаржыны күтіп отыр. Аталмыш қаржыға бақтың сыртын қоршап, шпалер, қосымша скважина орнатпақшы. Айта кететін жайт, интенсивті алма сорттары екінші жылдан бастап жеміс бере бастайды. Осындай алма бақтары көбейсе, сырттан келетін алмалардың орнын басатыны анық», - дейді Жасұлан Серіков.

«Әлібаев» шаруа қожалығына жергілікті атқарушы орган тарапынан да қолдау берілуде. Әкімдік алдағы уақытта алма бағына субсидия беру туралы шешім қабылдауда.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Қызылордада ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру басталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.05.2017 19:19

«Атамекен» ҰКП жанынан құрылған «Агробіліктілік орталығы» ЖШС Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен бірге ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында биыл да оқу семинарларын бастады.

Биыл облыс бойынша өсімдік және мал шаруашылығы бағыттары бойынша 8 базалық шаруашылықта семинарлар өткізу жоспарлануда.

Алғашқы семинар Қазалы ауданына қарасты Қожабақы ауылында құрылған «Кішкене Ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің базасында өткізілді. Өсімдік шаруашылығы саласында өткен шарада ауыл азаматары көкөніс және бақша дақылдарын өсіруде қолданылып жатқан жаңа технологиялармен таныс болды. Семинарды жүргізген «Ы.Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-нің ғылыми қызметкерлері Қанағат Бегалиев пен Жанұзақ Байманов саладағы су үнемдеуіш технологияларының ерекшеліктерін айтып берді.

Көңіл қуантарлығы, қазір ауылдағы шаруашылықпен айналысатын ағайын бірігіп іс қылғанда ғана өнімді тірлік болатынына көздері жетіп, кооперативтерге бірігуде. Жоғарыда аталған семинарға  аудан бойынша құрылған бірқатар кооператив мүшелері қатысып, жаңалықтармен бөліскені үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Айта кету керек, алдағы уақытта мұндай шаралар,

Өсімдік шаруашылығы саласында:

- «Күріш шаруашылығы» бағытында «Ы.Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС,

- «Кәсіпкерлік және ауыл шарашылығы кооперациясы» бағыты бойынша Қызылорда қаласында «Ы.Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС, Жалағаш ауданында «Байтабын» ЖШС және Шиелі ауданында «Ақмая» ШҚ семинарлар өткізіледі.

Мал шаруашылығы саласында:

- «Түйе шаруашылығы» бағытында Шиелі ауданында «Шиелі төрт түлігі» АӨК,

- «Жылқы шаруашылығы» бағытында Жаңақорған ауданында «Бақытжан» ШҚ,

- «Агробизнес негіздері» бағытында Сырдария ауданында «Ақжарма инвест» АӨК,

- Жаңақорған ауданында «Миялы» АӨК мал шаруашылығы саласындағы семинарлар өткізілу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне арналған шара туралы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Алма Пірманова: «Семинарларда шетелдік және отандық сарапшылар теориялық және практикалық дәрістер жүргізеді. Семинарларға қатысу тегін, семинар қорытындысымен ауыл шаруашылық тауарөндірушілеріне сертификаттар беріледі. Семинарларға қатысу үшін облыстық кәсіпкерлер палатасына және аудандық филиалдарға хабарласуға болады», - деді.

Жалпы ауыл шаруашылық тауарөндірушілерге мемлекеттен көрсетілетін қолдаулардың барлық түрлері туралы ақпарат беретін «Атамекен» ҰКП байланыс орталығының 8-8000808010 нөмірі іске қосылып, қоңырауларды қабылдауға дайын.

Онлайн өтініш беру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған fermers.kz веб-порталы жұмыс істейді.

Сұрақтар бойынша Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Алма Пірмановаға хабарласуға болады. 8 /7242/ 40-09-81.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «ӘКІМ САҒАТЫ» ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.05.2017 18:00

23 мамырда «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тікелей эфирінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Әкім сағаты» бағдарламасы өтті. Аймақ басшысы 2,5 сағат бойы тұрғындардың көкейкесті сауалдарына жауап берді. Тікелей эфир барысында барлығы 319 сұрақ келіп түсті. Оның 139-ы онлайн режимде, ал 180-і Call-орталыққа телефон арқылы жолданған.

Қызылордалықтарды көбіне тұрғын үймен қамтамасыз ету (90 сұрақ) және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (76 сұрақ) мәселелері мазалайды екен. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына (40 сұрақ) қатысты да сұрақтар көптеп жолданды. Облыс әкімі Қ.Көшербаев жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз етуге қатысты 25 сұраққа, білім саласы бойынша – 10, мәдениет саласы бойынша – 5 және денсаулық сақтау саласына байланысты 4 сұраққа жауап берді. Ал, жер мәселесі туралы – 13, кәсіпкерлікке қатысты 8 сұрақ қойылды. Заңдылықты және құқықтық тәртіпті сақтау саласында – 1 сұрақ. Мұнан бөлек, тікелей эфир барысында басқа да мәселелер жөнінде 47 сұрақ қойылды.

«Әкім сағаты» бағдарламасын «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі тікелей трансляция арқылы 14000-ға жуық адам қараған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.05.2017 15:49

«Тәртіпке бас иген құл болмайды». Қазалыда өткен облыстық мәслихаттың уақытша комиссиясының отырысы осындай ойға жетеледі. Онда  жергілікті полиция қызметінің басым бағыттары мен құқықтық тәртіптің жағдайы туралы талқыланды. Облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, кент, қала, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары мен тиісті мекеме басшылары қатысқан отырысқа облыстық мәслихат депутаты, «Жан-Арай» ЖШС-нің бас директоры Бағдаулет Махашов төрағалық жасады. Уақытша комиссия құрамында облыстық мәслихат аппаратының басшысы Мэлс Қосмамбет, облыстық Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Әмірбек Шаймағанбетов, облыстық ішкі істер департамент жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Қуаныш Шүкіров барын атап кеткен жөн.

Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты хабарлама жасаған Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Арман Қаржаубаев ағымдағы жылдың төрт айында аудан бойынша 219 қылмыс тіркелгенін, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,2 пайызға төмен екенін жеткізді. Сондай-ақ жергілікті полиция қызметкерлері жыл басынан бері 36 қылмысты ашқан. Олардың арасында бөтеннің мүлкін жымқыру қылмыстары, пәтер, мал ұрлықтары, алаяқтық және бұзақылық фактілері төмендеп, адам өлтіру, қарақшылық, тонау, бопсалау орын алмапты.

Ал жол қозғалысы ережелерін бұзу мен қоғамдық қауіпсіздік желісі бойынша 4 айда 2002 әкімшілік құқықбұзушылық анықталыпты. Яғни 6,1 пайызға төмендеген. Жыл басынан бері анықталған құқықбұзушылықтардың 643 дерегі бойынша салынған 5 млн 813 мың 060 теңге айыппұлдың 539-ы бойынша 4 млн 754 мың 357 теңгесі өндірілген екен.

Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақшы.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


Күнтізбе

< Мамыр 2017 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары