Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Жұма, 26 Мамыр 2017

Жыл соңына дейін 120 жылыжай ашылады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.05.2017 18:01

Мемлекет басшысы кешегі өз Жолдауында «Аграрлық сектор – экономиканың жаңа негізгі тетігіне айналуы тиіс» деген болатын. Бұл ретте ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен қатар, экспорттық әлеуетті арттыру басты назарда тұр. Жаңадан қабылданған бағдарлама агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жоспары шеңберінде маңызды үш мәселені қамтиды. Біріншіден, ұсақ және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперциясына тарту. Екіншіден, ішкі нарықты молайту және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін кеңейту. Үшіншіден, мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын тиімді пайдалану. Көрсетілген негізгі міндеттер аясында Қызылорда облысында нендей жұмыстар атқарылуда? Ауыл шаруашылығы саласында қандай тың жаңалықтар бар?

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов айтты.

Ағымдағы жылы жеке және қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен барлығы 18 ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ұйымдастыру жоспарланды. Құрылған кооперативтерді қаржыландыру «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында биылғы жылы бөлінген 1 765 млн теңге және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы биылғы жылы бөлінетін 1 896,4 млн теңге қаржы есебінен жүзеге асырылады,- деді ол.

Сонымен қатар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облысындағы филиалы арқылы 15 кооператив 933,5 млн теңге қаржыға 5649 бас мүйізді ірі қара сатып алған.

Екінші міндет бойынша, ішкі нарықты молайтуға және экспорттық әлеуетті арттыруға бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, өткен жылы 2017-2020 жылдарға арналған облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Агрокартасы әзірленген. Осы жоба көлемінде Қармақшыдағы «Ақтөбе и К» ЖШС нарықта сұранысы жоғары «таром-хошими» сортын биыл 100 гектар аумаққа егіп, 60 тонна ақ күрішті экспорттау жоспарлану екен. Сонымен бірге Ресейден күріштің жаңа сорттарын әкеліп, оны орналастыру сынды жұмыстар істелуде дейді басқарма басшысы. Биыл 100 тонна сиыр етін, 25 тонна қой етін экспортқа шығару межеленіп отыр.

Өздеріңізге белгілі, Қызылорда қаласында бітпей қалған 120 жылыжай кешені бар. Оған себеп, техникалық қателіктер мен мердігер компанияның уақытылы жұмыс істемегендігі. Бүгінгі күні осы жылыжайдың жұмысын әрі қарай жалғастыруға инвесторлар тартып, келісімшартқа отырдық. Биыл тиісті жұмыстарды бастады, бұйырса, жыл соңына дейін 100 пайыз іске қосылмақ,- деді басқарма басшысы Бақыт Дүйсенұлы.

Ағымдағы жылы облыс бойынша 168,7 мың гектарға егіс егу жоспарланған. Оның ішінде дәнді дақылдар 84,5 мың га, майлы дақылдар 7,4 мың га, малазықтық дақылдар 60,1 га, картоп, көкөніс, бақша 16,7 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл күріш көлемі – 78,4 мың гектар. Соңғы мәліметтерге (24.05.2017) сүйенсек, 81973 га күріш егіліп, 74780 га суға бастырылған. Мал шаруашылығы бойынша 2017 жылдың 1 мамырында 307,2 мың бас мүйізді ірі қара, 762,9 мың бас қой мен ешкі, 118,5 мың бас жылқы, 43,0 мың бас түйе, 2,8 бас шошқа және 86,1 мың бас құс өсірілу үстінде.

«Халық» газетінің кешегі нөмірінде «Кім кімді алдап жүр?» тақырыбында мақала жарық көрген болатын. Онда «Дәмді» әлеуметтік азық-түлік дүкендеріндегі картоп бағасының қымбаттығы жөнінде қозғалды. Осы мәселеге қатысты басқарма басшысы жауап берді.

Былтырғы жылы көршілес Өзбекстанда картоптың өнімділігі өте төмен деңгейде болды. Осыған байланысты елімізден жуа да, картоп та Өзбекстанға экспортталған болатын. Мұның салдарынан баға қымбаттап кетті. «Дәмді» әлеуметтік дүкендеріндегі бағаға байланысты тоқталсам, картоптың келісі 100 теңгеден сатылуда. Бұған дейін сатушылар өздері пайда көру мақсатында азық-түлік тауарларының бағасын өсіріп сатқан. Одан кейін ол қызметкерлерді дереу жұмыстан шығардық. Сіз көтеріп отырған мәселені алдағы уақытта толық бақылауға аламыз,- деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов.

Қозы  Көрпеш  Жасаралұлы

 


Күнтізбе

< Мамыр 2017 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары