Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 29 Мамыр 2017

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШВЕЦИЯ ЖӘНЕ ФИНЛЯНДИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2017 09:27

2017 жылдың 29 мамырында Қызылорда облысына Швеция Корольдігінің ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Христиан Камилл және Финляндия Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Илкка Райсанен жұмыс сапарымен келді. Елшілер аймақтағы бірқатар өндірістік нысандарды аралап, Қызылорда қаласының сол жақ жағалау құрылысы жобасымен танысып, аймақ басшысымен кездесті.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевпен кездесу барысында өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары туралы әңгіме болды. Қ.Көшербаев шетелдік инвесторларға ұсынылатын преференциялар мен жеңілдіктер туралы айтып берді.

-Біз әрқашанда шетелдік инвесторлармен және қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық байланыс орнатуға ынталымыз. Инвестордың қосқан үлесі нақты іс-қимылмен, атап айтқанда, өндіріс, еңбекпен қамту және жұмысшыларды әлеуметтік қорғау шаралары арқылы бағаланады,-деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар, осы күні елшілер инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жиынға қатысып, Қызылорданың көрікті жерлерін аралады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Кәсіпкерлер палатасында мектепке дейінгі ұйымдардың мәселелері талқыланды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2017 09:16

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың мәселелері талқыланды.

Шараға балабақша құрылтайшылары мен меңгерушілері, прокуратура өкілдері, қалалық білім бөлімінің басшысы мен облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшылығы қатысты.

Ең алдымен дөңгелек үстелді ашып, жүргізген Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Қазіргі таңда Палатаға жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың құрылтайшыларынан мемлекеттік органдар тарапынан тексерулер көбейгендігі туралы мәліметтер мен арыздар түсуде. Бұл мәселе жүйелі түрде қалыптасуына байланысты және мән-жайды анықтау мақсатында Палата тарапынан дөңгелек үстелді өткізіп отырмыз», - деді.

Нақтырақ айтқанда, талқылауды ұйымдастыруға білім саласында кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардан түскен арыз себепші болып отыр.

Арызда мемлекеттік аудит, қалалық білім бөлімі тарапынан жүргізілген тексерулерден кейін мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама жеткіліксіз деген желеумен айыппұлдар салынып жатқандығы, 6 жасқа толып кеткен балаларға төленген мемлекеттік тапсырысты қайта алу шарасы жүргізілуде екендігі, мемлекеттік аудит қызметкерлері тарапынан заңдық күші жоқ хабарламалар талап етіліп жатқандығы айтылған.

Дөңгелек үстел барысында «Нұр Бөбек Орда» балабақшасының құрылтайшысы Гаухар Саулебаева балабақшаның 2015 жылдан бері мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс жасап келе жатқандығын, балабақша 70 орындық екендігін айта келе, осы жылдың мамыр айында ішкі аудит маманы шақыртып, себебін түсіндірмей, ресми құжат ұсынбай, бюджетке 3 млн. 600 мың теңге қайтару туралы ауызша айтқандығын жеткізді. Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі таңда осы мәселе бойынша акт дайындалып, қол қоюын талап етіп отыр екен.

Осы жайттарды ескере келе, прокуратура өкілдері аталмыш мәселелердің жіті зерттелетіндігін жеткізді.

Мұнан өзге, отырыста кәсіпкерлермен көтерілген және бір мәселе уәкілетті орган тарапынан 6 жасқа толып кеткен балаларға мемлекеттік тапсырысты төлеуден бас тартып отырғандығы немесе төленген мемлекеттік тапсырысты қайтару туралы талап қойылып отырғандығы болды.

Бұл қадамға қалалық білім бөлімі қолданыстан шығып қалған нормативтік-құқықтық акті негізінде барғандығы белгілі болып, отырыс барысында заң бойынша мұндай шектеу қоюға негіз жоқ екендігі айтылды.

Айта кету керек, Қызылорда қалалық білім бөлімінің мәліметі бойынша қаладағы мектепке дейiнгi балалар ұйымдарының саны - 264. Оның ішінде 206-сы - жекеменшік балабақша, 32-сі - жекеменшік шағын орталық.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Қазалыдағы үздік балабақша PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.05.2017 18:10

Сүп-сүйкімді бал бөбек ән салып тұр. Кішкентай саусақтарын жүрегіне басып, әуен сазына ілесе тебірене шырқайды. Еліміздің Әнұранын жан дүниесімен беріле айтып тұр. Қатты толқыдым. Көз алдымнан шалқар дала, дарқан пейілді қазағымның марқасқа перзенттері жылжып өтіп жатты. Талайдың кеудесіне қуаныш ұялатқан ән де аяқталды. Іле-шала әсем саз тағы да шалқыды. Балғын бүлдіршіндерді ата-баба салтына адал болып, туған жерді аялауға, батырлық пен адалдыққа шақырған бұл жолғы өлең жолдары естіген жанды еріксіз елең еткізері анық еді. Біздің тыңдағанымыз «Алпамыс» балабақшасының әнұраны болып шықты. Cүйсіне түсіп, бөбектерді өнер жолына баулыған тәрбиешілердің шеберлігіне тәнтілік танытып, қиындығы да аз еместігін іштей еріксіз мойындауға тура келді.

Шара аяқталған соң «Алпамыс» балабақшасының меңгерушісі Эльмира Нұрмағанбетованы әңгімеге тарттым. Байқағаным, сымбатты өңді, байсалды мінезді қарындасымыз басшылық жасайтын іргелі ұжымның бағындырған белестері аз емес екен. Оны өзі айтпағанымен, балабақша деректеріндегі жетістіктерден аңғару қиынға соқпады.

Бүлдіршіндер жанына тағылымды тәрбие, терең білім себуді мұраттаған №21 «Алпамыс» балабақшасы Елбасымыздың «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Типтік жобадағы еңселі де көрікті ғимарат 280 орынға арналыпты. Қазіргі танда мұнда 10 топ жұмыс жасайды. Ұжымдағы қызметкерлердің басым бөлігі педагог кадрлардан құралған. Олардың арасында I-II санатты тәрбиешілер де баршылық. Оған қоса дене шынықтыру нұсқаушысы, педагог ұйымдастырушы, психолог, музыка жетекшісі, ағылшын (орыс) тілі маманымен қамтылған. Балаларға мемлекеттік тілмен бірге шет тілін (ағылшын, орыс) меңгеруге мүмкіндік жасалған. Пайдалануға берілгеннен бергі санаулы жылда балабақша ұжымының қол жеткен табыстары да қомақты көрінеді. Өнер мен білімді тел меңгерген алпамыстықтар аудандық байқауларда қатарынан бірнеше мәрте топ жарыпты. Өткен жылы аудандық «Үздік мектепке дейінгі ұйым» байқауында жеңімпаз, облыста жүлдегер атаныпты. Аудандық білім бөлімінің жыл қорытындысымен «Үздік бала бақша» бағамын иеленіпті.

«Жақсының жақсылығын айт». Жетістікке жеткен жекелеген педагог мамандарды да атап кетсек. «Қыз қылығымен көрікті» атты аудандық қыз сыны байқауында Меруерт Тәңірбергенова, «Бала бақыты – ана тілінде» сайысында Айнұр Жолмырзаева, «Үздік флипчарт сабақ» байқауының аудандық кезеңінде Ақнұр Рысмамбетова бас жүлдені жеңіп алса, Найла Сәдуақасова аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталыпты.

Осы ретте «мың қосшыға – бір басшы» қағидасы жадыңа оралады. Балабақша меңгерушісі Эльмира Жалпақбайқызының да мадақтамалары бір шоғыр екен. Оның «Абай аманаты», Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгімен, облыс, аудан әкімінің, сала басшысының алғыс хатымен марапатталып, «Жылдың үздік бала бақша меңгерушісі» аталымын жеңіп алуы еңбегінің өтеуі.

Эльмира Жалпақбайқызы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген соң Ақтау қаласындағы №11 мектеп гимназияның бастауыш сыныбына мұғалім болып қабылданады. Алғашқы тәлімгер ұстазы республикаға танымал оқытушы Салиқа Задинова ұлағатқа толы тәлімінен тәжірибе жинақтады. Кейін туған жеріне оралып, «Балдырған» балабақшасына тәрбиеші болып орналасты. Осы жерде балабақша меңгерушісі, білікті педагог Бағым Бисембаев сынды байырғы басшының тәлім тәрбиесін өзіне үлгі тұтты. Ізденуге жаны құмар жас маман көп ұзамай көптеген аудандық, облыстық сайыстарға, байқауға қатысып, жүлделі орындардан табылды. Араға жылдар салып Эльмира Ғани Мұратбаев ауылындағы «Балдәурен» балабақшасының меңгерушілігне тағайындалды. Мұнда да өзін жақсы қырынан танытты. Ауылдың тыныс-тіршілігіне етене араласты. Тағы да жылдар өтті. «Алпамыс» бөбекжай- балабақшасы жаңадан ашылғанда ел ағалары Нұрмағанбетованың кандидатурасын басшылыққа лайық көріп, сенім білдірді. Сол сенім жүгі Эльмираны алға жетелеп келеді.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 


Өмір сынағынан сүрінбегендер PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.05.2017 18:00

Олар – тағдырмен күресе білетін жандар. Олар – жоқтан бар жасаған жандар. Өмір жолы біркелкі емес. Жеңесің, жеңілесің. Асылында, сонысымен қызықты.

Бүрсігүні облыс орталығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен «Өзгерістерге ұмтылыс» атты мүгедектігі бар кәсіпкерлерге арналған І форум өтті. Аталмыш шараның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер арасында табысты кәсіпкерлікті дәріптеу және оның дамуына қолайлы жағдай жасау. Форум аясында әлеуметтік әлжуаз топқа жататын кәсіпкерлердің қолынан шыққан түрлі тауар мен өнімдерден және қызмет түрлерінен көрме ұйымдастырылды. 20-дан астам кәсіпкер өз бұйымдарын көрмеге қойды. Оған аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев пен «Даму» Қорының Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов қатысты.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсарту мақсатында 2017-2018 жылдарға арналған «Жол картасын» бекіттік. Оны іске асыруға 9 миллиард теңге бөлініп отыр. Соңғы үш жылда 2379 мүгедек жұмыспен қамтылса, ал төрт айда 201 адам жұмысқа орналасты,- деді облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы.

«Даму» Қоры кемтар жандарды қатардан еш қалдырған емес. Қайта оларға дем беріп, кәсіп бастауға қолдау көрсетіп келеді. Осы мақсатта бизнес ашуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету түріндегі «Даму-Көмек» жобасын іске асырып келеді. Бүгінде 170 мүгедек азамат осы жоба арқылы қолдау тапқан. Сонымен қатар «Даму» Қоры мен «Казкоммерцбанк» АҚ-ның «Құс жолы» корпоративті қайырымдылық қорымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге өз кәсібен бастауға 300 мың теңгеге дейін қайтарымсыз грант алуға мүмкіндік беретін «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» жобасын жүзеге асыруда.

Шара барысында кәсібін дөңгелетіп отырған жандарды облыс әкімі арнайы алғыс хаттарымен марапаттады.

Қозы  Көрпеш  Жасаралұлы

 


КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.05.2017 15:02

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 28 мамырда Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды.

Сайлау науқаны кезеңінде Қызылорда облысынан Парламент Сенатының депутаттығына барлығы 5 кандидат ұсынылды.

Осыған дейінгі өткен сайлау науқандарымен салыстырғанда: 2011 жылы 9 кандидат ұсынылса, 2014 жылы 6 кандидат сенатор болуға ниет білдірген. Осылайша, соңғы үш сайлау науқанындағы кандидаттардың Сенаттағы 1 орынға бәсекелесітігі, орта есеппен, 7 адам құрады. Ұсынылған үміткерлер Конституция мен Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарына толық сай келеді.

Кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған, мәслихаттардан кандидат ұсынылған жоқ. Ұсынылған кандидаттардың ішінде 1-і - әйел адам (20%).

Барлық кандидаттардың білімі жоғары. Мамандығы бойынша: 2-і оқытушы (1-і ғылымдар кандидаты мен докторы), 1-і дәрігер, 1-і саясаткер, 1-і инженер.

4 кандидат саяси партиялардың мүшесі болып табылады, 1 кандидат өзінің партияға мүшелігін көрсетпеген.

Барлық кандидаттардың ұлты – қазақ. Орташа жасы -55 жаста.

Қызмет түрі бойынша: 1 -і Парламент Сенатының депутаты, 2-і  мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелердің қызметкерлері, 2-і  коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері.

Барлық кандидаттар өздерін қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарын облыстық сайлау комиссиясына өткізді. Облыстық сайлау комиссиясының паспорт қызметінің мамандарымен бірігіп жүргізген қол қою парақтарындағы қолдардың растығын тексеруінің нәтижесінде рас болмай шыққан қолдар анықталмады.

Кандидаттардың барлығы тіркелу үшін таңдаушылардың өздерін қолдаған жеткілікті дауыс санына ие болды.

Сонымен қатар, Сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркелу үшін үміткерлер тиісті аумақтық сайлау комиссиясына өзінің және жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы мен сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатты тапсыруы қажет.

Бүгінгі күнге облыстық сайлау комиссиясы 3 кандидатты тіркеді.

Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі 7 маусымға дейін созылады, ал 8 маусымнан бастап барлық тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кірісе алады.

Қазіргі сәтте сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес жүріп жатыр. Облыстық сайлау комиссиясына осы сайлау науқанына қатысты өтініштер (шағымдар) келіп түскен жоқ.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

 


Қарақұмның қара нары PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.05.2017 14:56

Көтеріп көк жиектен делегейін,

Келесің ақ бауырлы кемедейін.

Мен болмасам болмайын

Қазақстан!

Сен аман бол,

Сен үшін мен өлейін!

“Бір жаным – бар қазақтың садағасы” деп өз өмірін елінің амандығынан, ұлтының тұрмыс-тіршілігінен биік қоя алмаған, десе де ұлттық намысты бәрінен жоғары санаған қарымды қаламгер, белгілі журналист Қази Данабаевтың ортамыздан кеткеніне де 10 жыл өтіпті. Осыған орай, жазушыны еске алу шараларымен қатар, облыс орталығынан көше беріліп, арнайы ескерткіш тақта ашылып, ас берілді. Арда азаматтың қазақ баспасөзінің дамуына қосқан өзіндік үлесі айтарлықтай. Сыр елі ел руханияты жолында еңбек еткен ерлерін ұрпақ жадында қалдыру, олардың ізгі істерін көпшілікке үлгі етуді дәстүрге айналдырып келеді. Жыл аяғына дейін ақын-жазушыларға, журналистерге байланысты 100-ге жуық іс-шараның жоспарланғаны осының дәлелі болса керек. Оның үстіне рухты ұмытпау, ұлықтау бүгінгінің басты парызы саналады.

Жазушыны еске алу шарасы алдымен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің “Студенттер сарайы” ғимаратында басталып, одан кейін “Болашақ” университетінде жалғасты. Қос шараға да «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы, сондай-ақ, әдебиет әлеміндегі достары, әріптестері қатысты.

- “Жалын” журналында қызмет етіп жүрген кезімде Қызылорда қаласына жолым түскен еді. Сол жолы мен Қазидың нағыз жомарт, әсіресе жүрегі жомарт жан екеніне көзім жетті. Осы кездесуден кейін біздің байланысымыз үзіліп қалды. Мен өз жұмысыммен жүре беріппін. Бір күні “Қазақ әдебиеті” газетіне оның қайтыс болғаны туралы ақпарат жетті. Тап осы сәтте төбемнен тас түскендей күй кештім. Қазидың “Тірілерден тірімін” деген концепцияны айтуының өзі батылдық еді. Мұндай сөзді айту үшін де адамға жүрек керек. Бұл сөзді өзге ешқандай қазақ баласының аузынан естіген емеспін, - деді “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы.

Еске алу кешінде Қ.Данабаевтың замандасы, ағасы Сәпен Аңсатов: “Қазидың ортамызда жоқтығы ғана емес, сөзінің жоқтығы байқалады. Ол ел үшін, халық үшін - үлгі боларлық тұлға” десе, Ж.Тәшеновтың келіні Фатима Сыздыққызы: Қ.Данабаевтың өмір жолына, кісілік келбетіне тоқталып өтті. Сондай-ақ, профессор-ғалым Б.Кәрібозов жазушы шығармасындағы ерекшеліктерді атап айтты.

- Қази Данабаев өзіндік стилі қалыптасқан, дара қолтаңбасы бар суреткер еді. Біз жазушының өзін ғана емес, шығармаларын да еске алуымыз керек. Ол тақырыбын тапқан және жан-жақты зерттеген жазушы. Бір тақырыпты бірнеше жағынан қаузай бергеннен кейін, оның тереңінен ашылатыны белгілі. Мінеки, ол осы шыңды бағындырды, - деді Б.Кәрібозов.

Келесі күні қаладағы Титов мөлтек ауданынан Қази Данабаев есімін иеленген көше пайда болды. Жаны жайсаң ағамыздың құрметіне ұйымдастырылған рәсімге ет жақын жанашырлары, әріптес достары және қала әкімінің орынбасары қатысты.

Қази Данабаев - шынайылықтың, ұлтшылдықтың үлгісін танытқан қазақы болмысты жырлаған ақын. Еңбек жолын шалғайда жатқан Қарақұм мектебінде мұғалім болып бастаса да, Фариза Оңғарсынова, Дулат Исабеков, Жұмабай Шаштайұлы, Хасен Оралтай сынды әдебиет әлемінің марқасқаларымен тығыз шығармашылық байланысы оның прозадағы қаламының ұшталып, тақырып аясының кеңеюіне ықпал болды.

Қази Данабаевтың «Шоңтөбе. Шотай. Балдаурен» повесі 1988 жылы республикалық «Жалын» журналы жариялаған жабық бәйгесінде жүлде алды. «Сағыныш екен бала кез», «Нартұлға», «Достарым менің достарым» т.б кітаптары әр кезеңдерде жарық көріп отырды. Ол публицистика жанрында экономикалық тақырыпта жергілікті мұнайшылардың жағдайын, әлеуметтік салада мұғалімдердің мұқтажын, дәрігерлер дабылын, экологияның дерт пен дауасын діндеп және оны діттеген жеріне жеткізе жазды. Сол мақалалары республикалық «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан», «Алтын Орда», «Заман-Қазақстан» газеттері арқылы жарық көрді.

Қазақта “Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін” деген сөз бар. Қази Данабаевтың баласы, жалғасы, жолын қуған Нұрлан Соңғыбайұлы бүгінде елге белгілі журналист. Әке арманының орындалғаны осы шығар. Ал екі күндік іс-шарадан түйгеніміз: “Жақсының аты өлмейді”. Тағы айта кетерлігі, журналистің қайраткерлік қыры, қазақ әдебиетіне қосқан жазушылық үлесі мен азаматтық болмысы айшықтала түскендей. Иә, өлшеулі ғұмырда өлшеусіз емес, белгілі бір дәрежеде болса да, игі іс атқарғанға не жетсін? Себебі, шын мықтыны уақыттың өзі ақтап алады...

Рыскелді  ЖАХМАН

 


Күнтізбе

< Мамыр 2017 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары