Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 30 Мамыр 2017

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ «ҚОРҚЫТ АТА» МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ МЕН «ЖЫРАУЛАР ҮЙІНДЕ» БОЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2017 09:27

30 мамырда Қызылордаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай бастаған делегация келді. Делегаттар Бірінші Арал халықаралық форумына қатысып, «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенінде және Жосалы кентіндегі «Жыраулар» үйінде, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде болып, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

«Қорқыт Ата» атындағы мемориалдық кешен мен «Байқоңыр» ғарыш айлағы Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында туристер келетін нысандардың тізіміне енген. Мәртебелі меймандар кешеннің зиярат ету орталығы мен мұражайын аралап көрді.

Қармақшы - әйгілі жыршы, жырауларымен даңқы шыққан аудан. Гүлшара Әбдіқалықова мен Дархан Мыңбай аймақтағы дәстүрлі өнер тарихымен танысып, жас жыраулардың өнерін тамашалады. Содан соң құрметті қонақтар алдында атақты жыраулар Бидас Рүстембеков пен Алмас Алматов өнер керсетті. ҚР Мемлекеттік хатшысы жергілікті өнерпаздардың өнерін жоғары бағалады.

Сондай-ақ, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы және ұлттық мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА БІРІНШІ АРАЛ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ФОРУМЫ ӨТІП ЖАТЫР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2017 15:15

Форумның мақсаты - Арал өңірінің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы кеңірек ақпараттандыру, өзекті мәселелерге әлемдік қауымдастықтың назарын аудару.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасының және Орталық Азия елдерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшылары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, халықаралық ұйым өкілдіктерінің жетекшілері, ғалымдар, сарапшылар және т.б. қатысты.

Форумның ашылуында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінде Арал теңізінің мәселесі біздің өңірге ғана емес, бүкіл әлемге қатер төндіретіндігі туралы айтқан мәлімдемесін келтіре отырып, теңіздің тартылуы салдарынан көтерілген шаң мен улы тұз қазірдің өзінде Еуропа мен Антарктидадан табылып отырғандығын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы Г.Әбдіхалықова алғысөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының Парламенті атынан, сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан мемлекеттерінің делегациялары, Біріккен Ұлтар Ұйымының, Дүниежүзілік Банк және Еуропалық экономикалық коммисияның өкілдері өз құттықтауларын жолдады.

Аралдың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселерін талқылаумен қатар, форум барысында индустриалды экология, ғаламдық климаттық өзгерістер, кешенді су тақырыбы мен аталған өзекті мәселелерді шешудің әлемдік тәжірибесі талқыланды.

Форум аясында деректі және ғылыми танымдық фильмдер көрсетіліп, Арал өңірі мен Арал туралы авторлық көркем туындылар  мен ғылыми монографиялар таныстырылады.

Сондай-ақ, Арал бассейнінің проблемасы мен Арал өңірінің мәселелеріне елеулі үлес қосқан ұйымдар мен тұлғалардың еңбектері атап өтіліп, марапатталады және ынтымақтастық туралы бірқатар хаттамаларға қол қойылды:

1) «Арал теңізінің шығыс жағалауынан «Жасыл белдеу» құру жобасы;

2)  «Жабайы жануарларды климаттың өзгеруіне жерсіндірудің Арал өңірі орталығын құру» жобасы;

3)  «Қамыстыбас» көлінің жағалауында «Арал» ғылыми – туристік орталық» құру;

4) «Қызылорда облысының Атласын дайындау және ГИС технологиясының негізінде Арал өңірінің интерактивті электронды картасын» әзірлеу және өзге де жобалар бойынша.

Шараның қорытындысы бойынша қатысушылар форумның қарарын қабылдап, Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылған күні 26 наурыз - «Арал теңізінің күні» ретінде жариялау жөніндегі  ХАҚҚ-ның Қазақстандағы Атқарушы Дирекциясының бастамасын қолдады.

Алдағы уақытта, форум Қызылорда қаласында Арал өңірі Мемлекеттері Басшыларының саммитін дайындауға ниетті.

Екінші күні форумға қатысушылар Арал теңізінің қазақстандық бөлігін тікұшақпен аралайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


АРАЛ ФОРУМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ ЗОР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2017 13:39

Қызылордада бірінші Арал халықаралық тұрақты даму форумы өтуде. Облыс әкімі Қ.Көшербаев жүргізіп отырған форумға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасының және Орталық Азия елдерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшылары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің басшылары қатысуда.

– Қазіргі таңда әлемдік ғалымдардың күн тәртібінде тұрған ауқымды мәселелердің бірі – экологиялық проблемалар екені ақиқат. Соның ішінде, Арал тағдыры да барша адамзатты алаңдатқан түйткілдердің бірі. Бүгінгі таңда жер шарының әр түкпірінде орын алған шөлейттердің мәселелері, табиғи ортаның бұзылуы және экологиялық тұрақсыздық сияқты қатерлер жаһандық қауіпсіздік үшін үлкен маңызға ие болып отыр. Бұл сын қатерлерді еңсеру үшін түбегейлі өзгерістер қажет. Осы орайда Арал халықаралық форумын ұйымдастырудың өзектілігі зор деп білемін, – деді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова өз сөзінде.

 


Күнтізбе

< Мамыр 2017 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары